Үзік сөз сөз алладан шықҚан бу (Шаһкәрім)



бет19/69
Дата01.11.2023
өлшемі1,55 Mb.
#121245
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   69
Байланысты:
Абай поэтика

Білем сені, сүйем сені
Сырдың суы қарт анам,
Сенсің мені әлдилеген,
Туған сенен мен балаң.
Сүйсе Гейне анам десе
Сүйген суы Рейнесін,
Сырдың суы туған ол да
Өз ақынын - Гейнесін.
Жазса Тарас Днепрді,
Жазса Пушкин Еділді,
Неге маған жырламасқа
Сырда туған елімді.
Ел анасы менің анам
Сырдың сұлу өзені.
Қуан, ана! Ақыныңның,
Келді жырлар кезегі.
Келдім бүгін көрдім сені,
Сүйсең міні маңдайым:
Құшағыңда отырмын мен
Көріп көзбен ел жайын.
Жасарыпсың қадірлі ана
Ақ түспепті шашыңа.
Емшегіңнен сүт кетпепті,
Жетсең дағы жасыңа.
Қарт Днепр, ескі достың
Көремісін айбатын.
Электрі мың моторлы,
Асқан алып қайратын.
Сен де маған, жаным ана,
Днепрдей жарық бер.
Қол жетпеген көк жұлдызын,
Құшағыма алып бер.
Сол кезде де, жаным ана,
Өзіңменен тең болам.
Сырда туған Сырдың ұлы,
Жаңа Гейне мен болам.
1936 ж.
Бұл ақынның 27 жасында жазған өлеңі. Өлеңнің мәні өзгені де, өзін де бағалай алуында, салыстыра бағалауында. Гейне Рейнесін қалай сүйсе, Еділін Пушкин қалай жазса, Тарас Днепрін қалай суреттесе, сұлу Сырын ақын неге жырламасқа?! «Жерден жердің кемі жоқ, елден елдің кемі жоқ, ерден ердің кемі жоқ» демей ме қазақ даналығы. Сырды өзге өзендерден кем емес деп танудан елін сүйген, жерін сүйген, суын сүйген ақын неге қаймықсын?! Бұл ақынның мықтылығы, өйткені ол бағалатудың шыңына шығып алған Пушкин, Шевченко, Гейне сынды жүйріктермен өзін қатар қоя алды, өзін-өзі бағалауға ақындық шалқар шабыт жеткізді ме, жүректің батылдығы жеткізді де, болмаса туған топырақтың қасиеті ме, су ананың айбаты шабыттандырды ма, кім білсін, әйтеуір ақынның бағалауы мен бағалатуы орынды. Сырдың суын Тәжібаев айтып мақтанса, орынды. Біз үшін бұл мәтіндегі маңызды мән – ақындық бағалау мен өзін бағалатуы. «Біреудің қаңсығы біреуге таңсық» көрініп, өзінің қолындағы алтынды қадірлемей, біреудің қаңсығына талықсығаннан гөр, тым биік те, асқақ сезім бұл. Сыр өзінше ерекше, өзінше сұлу. Ол өзімізге сұлу!
Демек...
Демек, Абай ұстанған жол мен Абай тағылымы, ең алдымен, иісі қазақ баласына арналған жол, айтылған тағылым. Қолдағы барды бағалау арқылы, өзіңдегіні өзгелермен теңестіру арқылы, өзің де теңесесің, бағаланасың. Осы ретте, Абай тағылымын танумен өзгені таңғалдыруға болады, Абайды аударудан бұрын Абайды танытатын туындылар туғызып, немесе Абайды тануға арналған шығармаларды аудару арқылы ұлы ақынды таныту орынды болар. Бағалау туралы әфсаналар қазақ көркем дүниетанымында бұрыннан бар. Тек көре, тани, бағалай білу керек. Мәселенки, «Қыз Жібек» жырында Жібекті көруге келген Төлегеннің алдынан көште тізілген қырық қыздың сұлулығы жырланады. Бір-бірінен өткен сұлулық. Бірақ бірі де Жібек болмай шығады. Неге? Жібектің сұлулығын таныту үшін, бағалату үшін берілген қырық қыздың ғажайып әлемі бұл:
Базарбайдың Төлеген
Талай көштен өтеді.
Көш алдына қараса,
Бір қыз кетіп барады;
Шытырма көйлек етінде,
Нұр сәулесі бетінде,
Бұралып кетіп барады,
Перінің қызы секілді.
Осы екен деп Қыз Жібек,
Жетіп келді қасына –
Базарбайдың Төлеген.
Артынан келіп Қаршыға,
Жібек емес деген соң,
Онан өтіп жөнеген.
Енді онан өтеді,
Және бір көшке жетеді.
Көш алдына қараса,
Бір қыз кетіп барады;
Таң мезгілі болғанда,
Шолпанның туған жұлдызы,
Кигені алтын, құндызы,
Бейіштен шығып келмесе,
Бұл жалғанда хор қызы.
Осы екен деп Қыз Жібек,
Жетіп келді қасына –


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет