Емтихан сұРАҚтары «5В060900-«География»


Дала және орманды дала биомы



бет106/172
Дата12.05.2022
өлшемі5,83 Mb.
#34063
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   172
Байланысты:
Өсімдік географиясы ответ

Дала және орманды дала биомы.

Дала (қоңыржай  белдеудің дәнді өсімдіктер даласы) -ұзақ ыстық жаз және суық қыс жағдайында қалыптасқан биомның түрі. Бұл құрғақшылық пен төмен қысқы температураға төзімді  көп жылдық шөптесін өсімдіктердің қоғамдастығынан құралған Еуразияда- далалар, Солтүстік Америкада - прериялар, Оңтүстік Америкада – пампастар деп аталады .  Дала үшін аз жауын-шашын мөлшері бар континенттік климат тән: жылдық жауын-шашын мөлшері орташа 200-ден 550 мм-ге дейін (батыс және солтүстік аудандарына қарағанда Оңтүстік және шығыс аудандарында аз) болады. Температураның үлкен жылдық амплитудасы байқалады. Далалар Еуразиядағы ауқымды алаңдарды алып жатыр,сонымен қатар тауларда биік белдеуді құрайды. Дала   аймағының жалпы климаттық жағдайлары ағаш өсімдіктерінің дамуы үшін қолайлы болса да, дала аймағы ормансыз, бұл жазда топырақта ылғалдың жетіспеуіне байланысты. Типтік негізгі топырақ - қара және қоңыр топырақ. Топырақта карбонаттар, ал оңтүстік далада гипс, сульфаттар және хлоридтер жиналады. Органикалық қалдықтардың минералдануы құрғақ болғандықтан баяулайды, топырақта қарашірік көп жиналады. 

Дала өсімдіктеріне флуктуация-тербелістер ерекше тән: құрғақ жылдары ксерофильді өсімдік түрлері жақсы дамиды, эфемерлер мен эфемероидтардың үлесі азаяды; ылғалды жылдары құрғақшылыққа төзімді түрлер басым болады. Дала жамылғысын құрайтын- шөпті дәнді дақылдар және қосжарнақты өсімдіктердің көптеген ксерофильді өкілдері - дала шөптесін өсімдіктері(степное разнотравье) деп аталады. Дала қауымдастықтарының құрамында, әсіресе құрғақ жерлерде, вегетатациясы қысқа өсімдіктер - біржылдық (эфемерлер) және көпжылдық (эфемероидтар) таралған. Дала өсімдіктерінің құрамында бұталар, кейде топтасып өсетін бұталар кездеседі. Бұталар: спирея, дала шиесі, арша түрлері; Моңғолия далаларында ерекше бұталы даланы құрайтын қарағана түрлерінің рөлі зор. Көптеген дала өсімдіктерінде тамыр жүйелері тереңге еніп, қалың тармақталған, топырақтан ылғалды тиімді сіңіреді; дала биоценоздарында жер асты фитомассасының қоры үлкен мөлшерге жетеді.

Дала биомдарының кең ауқымындағы ылғалдану шарттары біркелкі емес, сондықтан шөп жамылғысының биіктігі, фитомассасы және әртүрлі тіршілік формаларының арақатынасы өзгереді. Ылғалдандыру градиенті бойынша солтүстіктен оңтүстікке қарай Еуразия далалары: шалғынды далалар( дала шалғындары), нағыз дала және шөл далалар болып бөлінеді. Шалғынды даланың өсімдік жамылғысында дала қауымдастықтары табиғи түрде кішкентай ормандармен біріктіріледі, сол жерлерде тағы бір субзонның көрінісі- орманды дала. Ресейдің еуропалық бөлігінің орманды даласында дала қауымдастықтары өзенаралық жазықтарда (емен ормандары) басым, Батыс Сібірде орман биоценоздары (қайың шоқтары деп аталады).

Оңтүстікке қарай құрғақшылық артып, дала климаты жылы болады. Орманды даланың солтүстік шекарасында ашық су бетінен жауын-шашын мен буланудың қатынасы теңестіріледі, ал шөлді дала жолағында булану жауын-шашыннан едәуір асады. Солтүстіктен оңтүстікке қарай алуантүрлілік байлығы азаяды, шөптесін өсімдіктердің саны азаяды, нақты оңтүстік бөлігінде, әсіресе шөлді далаларда, ксерофит - бұталардың үлесі, соның ішінде жусан түрлері көбейеді, шөп жамылғысы биіктігі мен биомасса қорлары азаяды.

Өсімдіктер қауымдастығында келесі тұқымдастарға жататын көпжылдық ксерофильді шөптер тән: бозы (Stipa), бетеге (Festuca), қоңырбас(Koeleria), қоңырот(Pod) және басқалары. Солтүстік Американың алқаптарында бозшалғын туысы түрлеріне (Andropogori) және Еуразияда кең таралмаған кейбір басқа түрлерге де маңызды рөл атқарады. Жерасты тамырларында өсінділері бар тамырсабақты дәнді дақылдар да тән, олар құрғақшылыққа аз төзімді, сондықтан дала аймақтарының ылғалды бөліктерінде кең таралған (арпабас түрлері, бидайық шөптері және т.б.). Солтүстік Американың алқаптарында жауын-шашынның азаюы шығыстан батысқа қарай жүреді, бұл келесі подзондардың немесе жолақтардың субмеридиональды кеңеюін анықтайды: орманды дала, онда ормандардың бөліктері кезектеседі -негізінен гикой және еменнің кейбір түрлері; биік шөпті прерий шөптесін жамылғысы биік дәнді дақылдардың алуан көп түрлері құраған (негізінен бозы түрлері,бозшалғын түрлері, бетеге түрлері); төмен шөпті прерий негізінен дәнді дақылдардың төмен өсетін екі түрлерінен құралған- грам шөптері (Boutelona gracilis) және бизон шөптері (Buchloe dactyloides),мұнда шөптер алуантүрлері аз, көбінде жусанның түрлері . Температура мен ылғалдылықтың өзгеруі әр түрлі бағытта жүретіндіктен, субмеридиональды жолақтардың әрқайсысының өсімдіктерінде солтүстіктен оңтүстікке қарай айтарлықтай айырмашылықтар байқалады. Қазіргі уақытта дала мен прерийдің көп бөлігі жыртылып, ауылшаруашылық дақылдарымен егілген (бұл әсіресе Еуразияның шалғынды, шөпті-бетегелі-қауырсынды далаларына, орманды далаға, Солтүстік Американың биік таулы және аралас алқаптарына қатысты). Егіншілік қауіпті құрғақ белдеулерде жайылымдық мал шаруашылығы дамыған.

Оңтүстік жарты шарда Оңтүстік Американың оңтүстік-шығысында, негізінен субтропикалық аймақта дала пампа (Пампас) деп аталады. Пампаның өсімдік дамуы аймақтарының гидротермиялық режимінің айырмашылығы-теріс температура мен қар жамылғысы бар кезеңнің болмауы. Бұл қауымдастықтардың құрамы мен құрылымына, әсіресе олардың ырғағына айтарлықтай әсер етеді. Мұнда жылбойы үзілмейтін вегетация тән және астықтұқдастардың түптеніп өсуі.

Дала, прерий және пампалар жануарлары қатал гидротермиялық режимге бейімделеді. Көптеген жануарлар белсенділікті негізінен көктемде және аз дәрежеде күзгі кезеңдерде шектеуге мәжбүр. Суық қыста олар анабиозға түседі, ал жазғы құрғақшылық кезінде олар белсенділікті төмендетеді, жартылай тыныш күйде болады. Кішкентай омыртқалы жануарлар - кесірткелер, жыландар, кейбір кеміргіштер-қыста ұйықтайды, ірі сүтқоректілер қысы жұмсақ оңтүстік аймақтарға қоныс аударады, ал құстардың көпшілігі маусымдық миграция жасайды. Ағаш-бұта деңгейінің болмауы жануарлар популяциясының вертикальды құрылымының қарапайымдылығын анықтайды. Жер үстінде бір деңгейлік қоныс ерекшеленеді, бірақ жануарлардың топырақ горизонттарына енуі күшейеді; ашық ландшафт баспана іздеуді қажет етеді, ал көптеген кеміргіштер күрделі және терең ін қазу қабілетімен сипатталады.

Ксерофильді шөп қауымдастықтарындағы биомассаның жалпы қоры шөптің биіктігі мен тығыздығына байланысты: биік шөпті прерийде 150 т/га-дан,ал құрғақ дала мен төмен шөпті прерийде 10 т/га-ға дейін өзгереді. Бұл қауымдастықтардағы орташа қорлар әдетте шамамен 50 т/га құрайды, өнімдер сәйкесінше жылына 30 - дан 5 т/га-ға дейін өзгереді және жылдық биомасса қорларының 20-50% құрайды.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   172




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет