Ф 1 3-2016-06-02-05-02 Пәннің пререквизиттері: «Педагогикалық мамандыққа кіріспе»



бет57/92
Дата26.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#45528
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   92
Байланысты:
Ф 1 3-2016-06-02-05-02 П нні пререквизиттері «Педагогикалы ма

Негізгі сұрақтар:
1.Кәсіптік оқыту бағдарламасы құрылымының ғылыми негіздері. Кәсіптік білім беру мемлекеттік жалпыға бірдей стандарты.
2. Кәсіптік оқыту мазмұнын жасаудың жалпы әдістері.
3. Оқыту мазмұнын макро- және микро- деңгейде құрастыру.

Әдіснамалық нұсқау
Сабаққа дайындалуда кәсіптік оқыту бағдарламасы құрылымының ғылыми негіздерін түсініп алу қажет. Кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандарты соңғы жылдар ағымындағы кәсіптік білім берудің жұмыс істеуі мен дамуын анықтайды. ҚР «Білім туралы» Заңында мемлекеттік міндетті стандарты кемінде үш жылды құрайды деп түсіндіріледі: негізгі білім беру бағдарламалар мазмұнының міндетті мини­мумы, оқушылардың оқу жүктемесінің максималды көлемі және талап етілген бітірушілерді даярлау деңгейі. Стандарт - бұл мемлекеттік деңгейде кәсіптік білім сапасын басқаратын негізгі құжат.
Тақырыппен жұмыс істеуде бастауыш кәсіптік білім мамандықтар тізіміне ерекше назар аудару қажет, кәсіби топтар реестрі, оған кіретін мамандықтар, оларды даярлау, бастауыш кәсіптік білім ұйымдарында жүзеге асырылады және мемлекеттік деңгейде ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес реттеледі.
Аталған тақырып оқу жоспары үлгісі - бастауыш кәсіптік білім мазмұнының негізгі инвариантты құрылымдық компоненттерді көрінетін құжат туралы ұғым қалыптастыруға көмегін тигізеді. Кәсіптік оқыту мазмұнын таңдаудың жалпы әдістері. Оқытудың артықшылығы – әр сатыдағы оқу пәндерін оқытуда қажетті байланыстарды орнату мен өзара құрамды бөліктеріне дұрыс қатынас жасау. Оқыту мазмұнын жобалау.
Сабаққа арналған тапсырмаларды орындауда ҚР «Білім туралы» Заңымен, Кәсіптік білім берудің жалпыға бірдей мемлекеттік стандартымен танысу қажет.

САБАҚҚА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
1-тапсырма.
Баспада жарияланғанды төменгі мәселелерге зер салып оқып, қазіргі кезеңдегі тәрбиелеу мен оқыту жүйесі дамуының өзгешеліктері мен ерекшеліктері қандай, оның ролі, қызметтері, білім беру жүйесінің әрі қарай іске асуына қалай бағытталған, жарлықтар мен ережелердің жүзеге асуындағы кәсіптік оқыту оқытушысынң нақты міндеттерін анықтаңыз. Оқыту және тәрбиелеудің педагогикалық мәселелер тізімін құрыңыз және дәлелдеңіз.
2-тапсырма.
Оқытушы, оқытушылар іс-әрекетін, білім беру мекемелері мен білімді басқару органдары реттейтін басты нормативтік құжаттарды оқыңыз:

  • ҚР «Білім туралы» Заңы,

  • «Білім беру» Мемлекеттік бағдарлама,

  • Орта білім беруді дамыту тұжырымдамасы,

  • Бастауыш және орта арнаулы білім берудің жалпыға бірдей мемлекеттік стандарты.

Әрі қарай оқыту мазмұнының мәні қандай сұрағын қарастыңыз. Білім беру мазмұнын қалыптастыру теориясын атаңыз және сипаттаңыз.

3-тапсырма.
ҚР «Білім туралы» Заңы, Мемлекеттік білім беру жалпыға бірдей стандартын түсіндіру.
Стандартқа қойылатын жалпы талапты атаңыз.
Қазақстан Республикасының бастауыш білім беру мемлекеттік стандарты.
4-тапсырма.
Кәсіптік оқыту мазмұнын таңдаудың жалпы әдістерін анықтаңыз.
Кәсіптік оқу мекемелерінде кәсіби даярлау деңгейін бағалау нені сипаттайды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет