Ф 1 3-2016-06-02-05-02 Пәннің пререквизиттері: «Педагогикалық мамандыққа кіріспе»



бет5/92
Дата26.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#45528
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92
Байланысты:
Ф 1 3-2016-06-02-05-02 П нні пререквизиттері «Педагогикалы ма

Бақылау түрі

Апталар

Қорыт.
балл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16-17




1

Сабаққа қатысу және белсенділік

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*


10

2

Қысқаша тестілер




*

*

*

*

*

*




*

*

*

*

*

*

*




10

3

СӨЖ: Үй тапсырмалары







*







*







*







*







*




15

4

Топтық жоба жәнепрезентация

*







*







*







*







*







*

15

5

Межелік бақылау






















*



















*




10

6

Қорытынды емтихан














































*

40




Барлығы

















































100



Келтірілген білім бағалау туралы ақпарат кестесі және жұмыс орындау мен тапсыру графигі тек қана мысал болып табылады. Әр оқытушы өз пәні ерекшілігіне байланысты дербес түрде жұмыс түрлерін және білім бағалау мәндерін анықтайды.


Баға қою саясаты
Семестрлік жұмысты бағалау өлшемдері: өз бетінше есеп шығару машықтары, мазмұнның толықтығы, баяндау логикасы, уақытында тапсыру.
Межелік жазбаша жұмыстарын бағалау өлшемдері: өткен материалдарды меңгеру және қайталау, есеп шығару қабілеті.
Емтихан бағасын қою өлшемдері: жауаптардың дұрыстығы мен толықтығы, баяндама стилі және логикасы.
Қорытынды баға қою өлшемдері: семестрдің соңында жалпы қорытынды баға қойылады, ол семестр бойы білім алушының жиынтықты көрсеткіші болып табылады.
Қорытынды бағаға шағымдану (апелляциялау) ережесі:
Емтихан нәтижесімен келіспеген білім алушы апелляциялық комиссияға емтихан өткеннен кейін келесі күннің сағат 13.00-ге дейін өтініш беруге құқығы бар. Өтінішті (Ф 8.2.4-2016-06-02-01-06) апелляцияға қатысты пәннің (ауызша, жазбаша, матрицалық және шығармашылық нысанда) апелляциялық комиссия төрағасының атына жазып, өз факультет деканының/ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру басқармасы бастығының қолын қойғызады. Апелляцияға берген өтініштер деканатта/ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру басқармасында арнайы журналға тіркеледі.
Компьютерлік тестілеу нәтижелері жарияланған кейін апелляция «Platonus» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (ААЖ) қарастырылады, егер:

  • тест тапсырмаларының тұжырымдамасы жаңылыс түрінде берілген;

  • тест тапсырмаларында дұрыс жауабы жоқ;

  • тест тапсырмаларында бірнеше дұрыс жауаптары бар;

  • тест тапсырмалары пәннің оқу-әдістемелік кешенінде келтірілген оқу бағдарламасынан тыс жағдайларда.

«Platonus» ААЖ-де білім алушы тест сұрақтарының кемінде 3-іне ғана апелляция беруге құқығы бар. Компьютерлік тестілеу нәтижесімен келіспеген білім алушы нақты сұрақтар мен жауаптарды белгілеп, ауызша түрде апелляцияға өтініш беруге құқылы. Апелляция кезінде емтихан өту рейтинг бағасын көтеруге рұқсат берілмейді.
Этика, академиялық тәртіп және курс саясаты
Курс саясаты
Сабаққа кешікпеу және сабақтан қалмау; оқытушы ұсынған оқу тәртібіне белсенді түрде қатысып, мұқият болу; аудиторияда ұялы телефонды өшіріп қою; дәлелді себептермен келмей қалған сабақтарды өтеу (деканаттың рұқсатымен); өз бетінше кітапханада, үйде жұмыс жасау.
Этика және академиялық тәртіп саясаты
Бөгде пікірді сыйлау, қарсылығыңызды сыпайы түрде жеткізу. Барлық семестрлік тапсырмаларды өз бетінше орындау. Плагиат және адалсыз орындалған жұмыс жарамсыз. Қолданған электрондық және баспа материалдарға, басқа авторлардың пікірлеріне, дәйексөздеріне сілтемелер болмаса, жұмыс плагиат деп есептеледі. Емтихан барысында көшіруге және бір-біріне көмектесуге болмайды. Курстың кез келген ақпаратын бұрмалаған білім алушы «F» деген қорытынды баға алады.
Дәлелсіз себептермен қатыспаған сабақтардың көлемі 20% дан асып кеткен жағдайда, білім алушыға«F» деген баға қойылады.

КОжҚҒ кафедрасы мәжілісінде бекітілген


«06» маусым 2017ж., № 13 хаттама

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультеті
Кәсіптік оқыту және қоғамдық ғылымдар кафедрасы

Кәсітпік педагогика пәнінен глоссарий

«5В012000 – Кәсіптік оқыту» мамандығы үшін

Алматы, 2016
ГЛОССАРИЙ
Кәсіптік оқыту – бұл оқушы мен кәсіптік оқыту педагогтың кәсіп бойынша ғылыми–техникалық ілімді игеру мен кәсіби білік, дағды қалыптастыруда бірлескен іс-әрекеті.
Кәсіби тәрбие – оқушы мен педагогтың белгілі бір кәсіптік ортада жеке тұлғаның өзін-өзі алып жүру ережелері мен нормаларының жиынтығы, әлеуметтік қалыптасуы.
Кәсіп – қоғамдық еңбек бөлінісінде жалпы адамзаттық мораль нормаларымен келісілген еңбек түрі және адамзат үшін материалды игіліктер бастамасы.
Мамандық – белгілі бір кәсіп саласы бойынша шағын ауқымды еңбек түрін қамтиды. Кейбір кәсіп саласының қызметіне орай мамандандыру процесі жүргізіледі.
Біліктілік – бұл белгілі бір кәсіптік қызмет саласын атқаруға тиісті дайындық деңгейі бар адам. Яғни, біліктілік дегеніміз – кәсіпті тиісті дәрежеде игеру дағдысы.
Білім беру ақпараты – белгілібір кәсіп саласы не мамандық бойынша оқушыларға ғылыми–техникалық білім, практикалық дағды беріп, кәсіби шеберлікке баулу. Кәсіби әлеуметтік ортаның ережелері мен нормаларын орындауға үйрету.
Педагогикалық коммуникация тәсілдері – оқушыларға кәсіптік оқыту мен тәрбиелеуде құрал жабдықтар қолданылатын оқытудың әдістері мен түрлері.
Кәсіптік мектептердегі оқыту құралдарына – жалпы білім беретін орта мектептегіден басқа оқу құрал жабдықтары (машиналар, механизмдер, құралдар мен жабдықтар, аспаптар т.б.) нақты заттық бөлшектері, кескіндер, макеттер сондай–ақ практикалық дағды қалыптастыратын түрлі оқу тренажерлері де жатады.
Кәсіптік мектеп педагогы – бұл кәсіптік оқыту мен тәрбиелеудің негізін меңгерген өз пәні бойынша білім, білік және дағдылық дайындығын толық меңгерген педагог.
Бастауыш кәсіптік білім – кәсіптік мектептер мен лицейлерде негізгі жалпы білім базасында орта білім берумен бірге белгілі бір кәсіп саласы бойынша жұмысшы қызметкерлер даярлайды.
Орта кәсіптік білім – колледждер мен кәсіптік мектептер орта білім базасында кәсіби бағдар бойынша конкурстық негізде беріледі.
Басқару – басқарушы жүйелердің басқарылатындарға, олардың қызметіне әсер ету арқылы түпкі нәтижеге жету үшін тиімді басшылық жасау екенін аңғарамыз.
Басшылық – басқару ісінде жеке субъектінің өзін-өзі басқару жүйесіне әсерін көрсетеді, яғни мақсатқа жету жолындағы жеке тұлғаның біліктік іс-әрекеті.
Басқару қызыметі деп еңбек бөлінісін анықтау мен басшылық аясын мамандандыруда ерекше мәртебеге ие қызмет.
Жоспарлау – белгілібір мақсатқа жету жолында қойылатын міндеттер.
Ұйымдастыру - қайсыбір басшылық шешімдерді іске асыруда жүйелер элементтерінің өзара байланысын ұйымдастырып, басқару процесін ретке келтіруге бағытталады.
Реттеу – жүйе бөліктері арасындағы сәйкессіздік пен үйлесімділік қамтамасыз етуге арналған. Ол тиісті сәйкессіздіктер туралы бақылау нәтижесінде алынған мәліметтер ақпарынан соң жүзеге асырылады.
Бақылау – процестердің жоспар, нұсқау және шешімдерді нақты жүзеге қалай асып жатқандығы жөніндегі сәйкестікті тексереді.
Есеп – басқару процесі негізінде нәтижеге қол жеткізу үшін алынатын сандық жеке сапалық баға көрсеткіші.
Талдау - басқару жүйесін жетілдіруде кейбір бөлім қызметеріне объективті баға береді, ұсынысын білдіреді.
Оптация – адамның психофизиологиялық ерекшеліктеріне қарай кәсіп таңдауын қалыптастыру.
Кәсіптік білім - жеке тұлғаның кәсіби білім, білік және дағдыларын типтік үлгідегі әлеуметтік және кәсіби мәні бар қасиеттеріне қарай бағыттау.
Кәсіби бейімделу - өз бетінше кәсіби бағдар айқындауда игеруі тиіс әлеуметтік жаңа бағыт, яғни кәсіби қызмет дағдыларын үйренуге өз бетінше тәжірибе жинақтау.
Кәсібилену - кәсіби ұстанымды қалыптастыру, маңызды кәсіби қасиеттер мен дағдыларды ұштастыра білу, кәсіби қызметті жоғары біліктілікпен атқара алу.
Кәсіби шеберлік – жеке тұлғаның кәсіби қызметін жоғары шеберлік деңгейіне жеткізіп, шығармашылықпен жұмыс істей алу қабілетімен ұштастыруы, автролық қызмет жүйесіне енуі.
Профессиограмма - белгілі бір кәсіпке жан–жақты сипаттама бере келе, оның адамға қоятын талаптарын, ол қызметті атқару үшін қажетті жеке тұлғалық, моралдық қасиеттер сапасын, ойлау қабілетінің ерекшеліктерін сол арқылы білім, білік және дағдылық әрекеттерді іске қосатын жүйе болып табылады.
Акмеология - кәсіби шеберлік шыңына жетудің жолдары оның заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Бұл адам тану саласында жаңадан дамып келе жатқан жас ғылым саласы. Ол «акме» деген латын сөзінен алынған «шың» деген мағынаны білдіреді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет