АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультеті
Кәсіптік оқыту және қоғамдық ғылымдар кафедрасы
Дәрістер тезистері
Кәсітпік педагогика
«5В012000 – Кәсіптік оқыту» мамандығы үшін
Алматы, 2016 ж.
Дәрістік кешен құрылымы:
Алғы сөз
«Кәсіптік педагогика» оқу құралының мазмұнына Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің нормативті құжаттары, педагогика ғылым заңдылықтары туралы тұжырымдамалар мен ережелер енгізілген. Оқыту, тәрбиелеу және кәсіби даярлық мәселелері бойынша жеке педагогтардың алдыңғы қатарлы тәжірибе жұмыстарын дәйектейтін материалдар қолданылған. Кәсіптік педагогика тек жалпы педагогиканың аясында жалпы білім беретін мектептермен шектеліп қана қоймай, оның мазмұны кәсіптік-техникалық және жоғары мектептер, ғылым және техникамен байланысты.
«Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті жоғарғы кәсіптік білім беру стандартына сәйкес, болашақ маман төмендегі білімді, біліктілікті және дағдыларды меңгеруі тиіс:
Кәсіптік мектептердегі педагогикалық үрдістер мәні, құрамы, құрылымы, қозғаушы күші, дамудың негізгі бағыттарын;
Педагогикалық үрдістерді ұйымдастыру мен жүзеге асырудың мақсаты, принциптері, мазмұны, әдістері, құралдары мен формаларын;
Кәсіптік оқытудағы қазіргі педагогикалық инновациялық технологияларды;
Оқу үрдісінің педагогикалық жобалау негіздерін;
Қазіргі жағдайдағы тәрбиелеу мен білім берудің өзекті мәселелерін;
Кәсіптік оқыту педагогы іс-әрекетінің жеке стилін;
Кәсіптік оқыту педагогы кәсіби қалыптасуының педагогикалық негіздерін;
«Кәсіптік педагогика» пәнін оқыту үрдісінде болашақ кәсіптік білім беру оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің білім, біліктілік, дағды жүйесі мен құзыреттілігі, тұлғаның кәсіби маңызды қасиеттері және кәсіби көзқарастары қалыптасады.
КІРІСПЕ
Еліміздің білім беру саясатын айқындайтын Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы және басқа да құжаттарындағы білім беру жүйесін дамыту талаптары интеллектуалды ұлтты қалыптастыру туралы нақты міндеттерінен туындап отыр. Олар төмендегі бағыттарды қамтиды: біріншіден, интеллектуалды еңбектің мәртебесін көтеріп, жастардың білімділікке, парасаттылыққа, Отан мен халыққа қызмет етуге деген қарым-қатынасын өзгерту, екіншіден, ұлттық интеллектінің діңгегін құру, ол үшін халықаралық деңгейде бәсекеге түсе алатын білімді, жаңаша ойлайтын, қабілеті мол азаматтар қалыптастыру, үшіншіден, білім, ғылым және инновациядағы серпілісті қамтамасыз ету. Бұлардың барлығы да жаһандық әлемдегі білім беруді дамытудың негізгі факторы адами капитал рөлін арттыру, адами ресурстарға деген жаһандық бәсекелестіктің өсуі және жаңа технологиялық толқын талаптарына жауап беруді қамтамасыз ету мақсаттарын көздейді.
Сондықтан, қазіргі кезде Қазақстанның экономикалық жағдайы, оның қаншалықты нарық жағдайына бейімделуіне білікті жұмысшы мамандарына деген сұранысты қанағаттандыру мәселесіне тікелей байланысты. Қазақстан елінің ресурстық байлығын игеретін білікті жұмысшыларды дайындау қажеттілігі туындайды. Олай болса, білікті жұмысшыларды дайындау кәсіптік білім беретін оқу орындарындажүзеге асырылады. Кәсіптік білім беретін оқу орындарының білім алушыларына кәсіптік білім беруді меңгертудің алғашқы кезеңі кәсіптік педагогика курсын оқып-үйренуден басталады. Кәсіптік педагогика – адамның кәсіби бағыттылығын барлық жүйелеріне таралғанғылыми танымныңтеориялық және практикалық негіздерін, оның жас ерекшелігіне, болашақ білім беру деңгейі, еңбек және кәсіби іс-әрекетінің сипаты мен саласына байланысты. Бұл тұжырым жеке тұлғаны кәсіби даярлаудағы рөлі мен орнын анықтауға тиіс.
Кәсіптік педагогиканың «философиялық-әдіснамалық негізі» деген ұғымда мынаны есте ұстауымыз керек. Білім берудің теориялық және практикалық нәтижелеріне жетуде қандай әдіс–тәсілдерді тиімді пайдалану мәселелері сөз болуға тиіс. Әрине, педагогикаға, оның ішінде әсіресе, кәсіптік педагогикаға түпкі нәтижелі нормативті білімге жету, ерекше мәнге ие, өйткені ол терминологиялық, практикалық бағдар беруі әдістемелік қондырғылар арқылы ұйымдастырылған білім беру үрдісімен тікелей байланысты. Сондықтан да, соңғы уақытта ғалымдар білім беру философиясын, біртұтас жалпы білім беретін мәселелердің мәні мен сипатын білдіретін интеграциялы, пәнаралық ғылымдар мен байланыстырып зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Әр адамға ертелі кеш өзінің мамандығы мен кәсібін анықтау қажет. Қазiргi еңбекпен бөлiсу мыңдаған мамандықтар бойынша болашақ мамандарды даярлау және өз ерекшелiгi болатын мамандықтарға әділдікті талап етеді. Тұлғаның кәсіби қалыптасуының барлық кезеңдерінде білім алушылардың оқыту, тәрбиелеу және дамытуда ғылыми талдап қорытудың мәселелерін күрделендіреді. Бұл оқу құралының мақсаты - тек «Кәсіптік педагогика» пән мазмұнының сұрақтары бойынша теориялық ақпарат беріп қоймай, сондай-ақ болашақ кәсіби-педагогикалық қызметкерлері мен жоғары кәсіби-педагогикалық білімі бар өндірістік оқыту шеберлерін даярлауда, осы алған білімін қолдануға мүмкіндік береді.
«Кәсіптік педагогика» оқу құралы он бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлім кәсіптік педагогика құрылымына арналған. Онда кәсіптік білім беру педагогикасының философиялық-әдіснамалық негіздері, кәсіптік педагогиканың нысаны, пәні мен функциялары көрсетілген, кәсіптік педагогиканың негізгі категориялары талданған.
Екінші бөлімде кәсіптік педагогиканың ғылыми-теориялық негіздері қарастырылып, кәсіптік білім беру жүйелерінің негізгі даму бағыттары, кәсіптік педагогикадағы зерттеу әдістері көрсетілген. «Әдіснама», «әдіс», «әдістеме» және «технология» сөздерінің қатынасын қарастырылады.
Үшінші бөлім «Кәсіптік оқыту үрдісі» педагогикалық үрдіске сипаттама беріліп, кәсіптік білім беру мен кәсіптік оқытудың қағидалары қарастырылған.
Төртінші бөлімде «Кәсіптік оқытудың мазмұны» кәсіптік білім берудің Мемлекеттік стандартына сипаттама беріліп, кәсіптік оқыту мазмұнын іріктеуге жалпы тәсілдеме қарастырылады.
Бесінші бөлімде кәсіптік оқыту әдістері, оқытудың мақсаты мен мазмұнына байланысты кәсіптік оқыту әдістерін таңдау дәйектелген.
Алтыншы бөлімде кәсіптік оқыту формалары, олардың жіктелуі, олардың оқу-тәрбие үрдісінде жүзеге асырылған өзара байланысы мен ерекшеліктері қарастырылған, оқытуды ұйымдастыруда сынып-сабақ жүйесіне сипаттама берлген.
Жетінші бөлімде кәсіптік білім берудегі инновациялық технологиялары қарастырылған, оқытудағы қазіргі ақпараттық және коммуникативтік технологияларды, кәсіптік білім берудегі модульдік және жеке-тұлғалық технологияларды талдайды.
Сегізінші бөлімде кәсіптік білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент мақсаттары мен міндеттері ашылып, білім беру ортасындағы менеджер іс-әрекетінің стилі келтірілген.
Тоғызыншы бөлімде «Кәсіптік білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмысының теориясы мен практикасы»тұлғалық-бағытталған тәрбиеге сипаттама берілген, кәсіптік оқу мекемелеріндегі тәрбие үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктері қарастырылған.
Оныншы бөлімде кәсіптік оқыту мұғалімінің әдістемелік және арнайы дайындығына талаптар қарастырылған, қазіргі оқу-тәрбие үрдісінде кәсіптік оқыту оқытушысының қызметтік міндеттері мен құқықтары сипатталған, кәсіптік колледжлердегі әдістемелік жұмыс жүйесі көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |