Ф 1 3-2016-06-02-05-02 Пәннің пререквизиттері: «Педагогикалық мамандыққа кіріспе»


Кәсіптік педагогиканың міндеттері мен құрылымы



бет8/92
Дата26.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#45528
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   92
Байланысты:
Ф 1 3-2016-06-02-05-02 П нні пререквизиттері «Педагогикалы ма

Кәсіптік педагогиканың міндеттері мен құрылымы

Кәсіптік педагогиканың міндеті –жеке тұлғаға кәсіп пен кәсіптік біліктілікті қалыптастырудың заңдылықтарын зерттеу. Осы мәселені шешуге кәсіптік лицей мен колледждер сияқты жаңа типті кәсіби оқыту мен тәрбиелеу мекемелері көмектесу керек. Осылайша, қазіргі кәсіптік педагогиканың ең басты міндеті –осы мекемелерде білім беру мазмұнын іске асыру. Осы мақсатты сапалы түрде шешу, білім беру мазмұнының философиялық және теориялық-әдістемелік негізін қалыптастыруды қажет етеді. Бұл қазіргі және болашақ кәсіптік білім беру орындарында маңызды ғылыми мәселе болып отыр.


Мұнда мәселе тек қана белгілі теориялық білім, практикалық біліктілік, кәсіби дағдыны игеру ғана емес, сонымен қатар жалпы адамның маңызды кәсіби қасиеттері, тұлғалық қабілеті, еңбек іс-әрекеті процесінде өндірістік ортаға тез бейімделуі, жаңа техника мен технологияны меңгеруі, мамандығын динамикалық өзгертуіне мүмкіндік беретін жүйені дамыту көзделеді. Сондықтан кәсіптік білім беру жүйесінде түлектерді сапалы дайындау мәселесі екіге бөлінеді.
Бірінші мәселе –түлектердің икемі мен дағдысын және білім деңгейін жоғарылату. Бастауыш және орта кәсіптік білім беру мекемесінде білім беру мақсаты болып, соған сәйкес кәсіптік іс-әрекеттің жаңа әдістерін құру болып табылады.
Екінші мәселе –кәсіптік оқыту мекеме түлектерінің кәсіби маңызды және тұлғалық әлеуметтік мәнді қасиеттерімен сапасын дамыту.
Кәсіптік педагогика ғылыми білім мен жалпы педагогиканың саласы ретінде төмендегі міндеттерді шешеді:
1. Кәсіби білім берудің теориялық-әдіснамалық негіздерін жасау және кәсіптік педагогикадағы зерттеулерді жүргізу әдістемесі;
2. Кәсіптік білім беру мәнін, аспектілері мен функцияларын негіздеу;
3. Кәсіптік білім берудің даму тарихы мен педагогикалық ойды оқыту;
4. Өз еліміз бен шет елде кәсіптік білім беруді дамытуды қазіргі жағдайы мен болжауда талдау жасау;
5. Тұлғаны кәсіби оқыту, тәрбиелеу және дамыту заңдылықтарын айқындау;
6. Кәсіптік білім берудің міндетті стандарттары мен мазмұнын негіздеу;
7. Кәсіптік білім берудің жаңа технология, құралдары, формалары, жүйелері мен технологияларын жасау;
8. Кәсіби педагогикалық жүйені басқару қағидалары, әдістері мен амалдарын анықтауда кәсіби білім беру үрдісінің мониторингы және білім алушылардың кәсіби дамуы;

Кәсіптік педагогиканың құрылымы мына сұлбада көрсетілген:



Кәсіптік педагогика

Бастауыш кәсіптік білім педагогикасы



Орта кәсіптік білім педагогикасы




Жоғары мектеп педагогикасы



Жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білім педагогикасы послевузовского профессионального образования





Өндірістік педагогика

Кәсіптік педагогиканың әр саласында нысаны мен пәні болады. Кестеде кәсіптік педагогиканың әр түрлі салаларының нысаны мен пәні топтастырылған.




Кәсіптік педагогика саласы

Нысан

Пән

Бастауыш кәсіптік білім педагогикасы



Бастауыш кәсіптік білім беру жүйесі

Бастауыш кәсіптік білімі бар мамандардың оқыту, тәрбиелеу және дамыту үрдісі

Орта кәсіптік білім педагогикасы



Орта кәсіптік білім беру жүйесі



Орта кәсіптік білімі бар мамандардың оқыту, тәрбиелеу және дамыту үрдісі

Жоғары мектеп педагогикасы



Жоғары кәсіптік білім беру жүйесі

Жоғары кәсіптік білімі бар мамандардың оқыту, тәрбиелеу және дамыту үрдісі

Жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білім педагогикасы

Жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білім беру жүйесі

Жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білімі бар мамандардың оқыту, тәрбиелеу және дамыту үрдісі

Өндірістік педагогика



Өндірістік педагогика
жүйесі

Өндірістегі жұмысшыларды даярлау үрдісі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет