Ф 1 3-2016-06-02-05-02 Пәннің пререквизиттері: «Педагогикалық мамандыққа кіріспе»


-Дәріс. КӘСІПТІК ПЕДАГОГИКАҒА КІРІСПЕ. КӘСІПТІК ПЕДАГОГИКАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ



бет7/92
Дата26.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#45528
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   92
Байланысты:
Ф 1 3-2016-06-02-05-02 П нні пререквизиттері «Педагогикалы ма

1-Дәріс. КӘСІПТІК ПЕДАГОГИКАҒА КІРІСПЕ. КӘСІПТІК ПЕДАГОГИКАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ

Дәрістің мақсаты: кәсіптік білім беру жүйесіндегі білім алушыларды кәсіби даярлығының мазмұны мен мәні, кәсіптік білім беру теориясының дамуындағы негізгі жолдарымен, кәсіптік педагогиканың негізгі категорияларымен таныстыру;
Негізгі ұғымдар:кәсіптік білім беру,кәсіптікөзін-өзі анықтау, кәсіби бағыттылық, кәсіби құрылым, кәсіби мәдениет, кәсіби тәрбие, кәсіби даму.
Мазмұны:
1. Кәсіптік білім беру педагогикасының философиялық-әдіснамалық негіздері. Кәсіптік педагогиканы нысаны, пәні және функциялары.
2. Кәсіптік педагогиканың міндеттері мен құрылымы.
3. Кәсіптік педагогиканың негізгі категориялары.

Кәсіптік білім беру педагогикасының философиялық-әдіснамалық негіздері. Кәсіптік педагогиканы нысаны, пәні және функциялары

Кәсіптік педагогикаадамның мамандықты оқытуда заңдылықтарын үйрететін және қызметкерлердің тұлға ретінде кәсіби-нақты және әлеуметтік маңызды сапаларын қалыптастыратын, педагогика ғылымының саласы.Осы жағдай ғылымның жалпы жүйесінде кәсіптік педагогиканың рөлі мен орнын жаңаша бағалата алады. Кәсіби маманды қалыптастыру үрдісі оның қорытынды кезеңінде жүзеге асырылады, ал кәсіптік педагогика туралы тұрмыстық ұғымды білімнің терең саласы ретінде игеруі қажет. Осыған байланысты кәсіптік педагогиканың философиялық-әдіснамалық негіздеріне назар аудару керек. Соңғы жылдары білім беруде философияның дамуына– интегративті, ғылыми білімнің өзара тәртіпті саласына, мәні және сипат туралы тұтас түсінік беретін жалпы білім беру мәселесінеерекше назар аударуда. Болжам ретінде кәсіптік білім беру саласы ертелі кеш философиялық-білім беру тұжырымдамасының құрамына кіреді. Ең алдымен бұл жолда мән (осы және басқа да педагогикалық жағдаятта қандай әрекет жасау керек) және жалпылау (білім берудің теориясы мен практикасында қандай нәтижелі жетістікке жетуге болады) туралы жинақталған білімнің синтезі болуы мүмкін. Мұндай синтез тек мақсатқа бағытталған философиялық-әдіснамалық білімді қалыптастыру ретінде болады.


Кәсіптік педагогиканың нысаны тек адамды еңбекке кәсіби дайындаудың шағын ортасы ғана емес, сондай-ақ кәсіби білім берудің барлық жүйесі.
Кәсіби педагогиканың пән ретінде зерттеу нысандары мынадай:
1. Кәсіптік мектептердегі тәрбиенің мақсаты мен өзіндік ерекшеліктері жалпы педагогика арасында сабақтаса жүргізілуі тиіс.
2. Кәсіптік білім мазмұны қоғамдық және ғылым-техникалық прогресс сұранымына сай анықтап отырады;
3. Жеке тұлғаға ғылыми–техникалық білім мен кәсіби біліктілік дағдыларын қалыптастыру өзіндік ерекшеліктерін меңгеру;
4. Кәсіптік білім беретін оқу орындарында оқу–тәрбие үрдісін басқару негіздерін жоғарыдағы аталған мәселелерді тұжырымдай келе кәсіби педагогика саласын сипаттайтын мынадай анықтама беруге болады
Кәсіптік педагогика – жеке тұлғаға кәсіп пен кәсіби біліктілікті қалыптастыратын заңдылықтарды зерттейтін, әлеуметтік сұранысты қанағаттандыратын педагогика ғылымының негізгі саласының бірі.
Кәсіптік білім беру жүйесіне жататындар: кәсіптік білім беру бағдарламалары мен стандарттар жиынтығы, әр түрлі кәсіби білім беру ұйымдары, кәсіби білім беруді басқару органдары. Педагогикалық жүйе мен педагогикалық үрдіс бір-бірімен тығыз байланысты. Бір жағынан педагогикалық үрдіс педагогикалық жүйеде жүзеге асады. Екінші жағынан, педагогикалық үрдістің мақсат, міндет және мазмұнына педагогикалық жүйе себепші болады.
Кәсіптік педагогика пәні – екі аспектілі, екі жақты сипатта болады. Кәсіптік педагогика пәні - тұлғаның кәсіби маңызды сапаларын қалыптастыруда осы және басқада деңгей мен саладағы кәсіптік білім берудің арнаулы ерекшеліктері есебінен, сондай-ақ мақсат, мазмұн және мұндай қалыптасудағы жеке процессуалды компоненттерді анықтайтын педагогикалық жүйе болып табылады. Бұл жүйеде оқу жоспарлары, бағдарламалар, әр деңгейдегі білім беру мақсаттары, оның мазмұны, міндетті әдістері, құралдары мен ұйымдастыру формалары, әдістемелік материалдар көрсетілген.
Кәсіби даярлаудың негізгі қызметтері:теориялық функция: кәсіптік білім берудің алдыңғы тәжірибесін оқыту, (жазбаша деңгей), кәсіптік білім беру жағдайын айқындау; (диагностикалық деңгей); эксперименталды зерттеулерді ұйымдастыру(болжамдық деңгей);технологиялық функция: әдістемелік материалдар, жоспарлар, бағдарламалар, кәсіптік білім беру бойынша оқу құралдары (жобалау деңгейі);педагогикалық практикаға ғылым жетістіктерін енгізу; (қайта өңдеу деңгейі), ғылыми зерттеулер нәтижесінің анализі; (рефлексивті).
Кәсіптік білім беру педагогы жоғарғы оқу орнының түлегіне сабақ бермес бұрын таңдап алған педагогикалық мамандығына деген қатынасын, қызығушылығын алдын ала анықтап алған жөн.
Адамның тұлғалық-әрекеттік негізіндегі түсінікке арқа сүйей отырып, педагогтың тұлғалық құрылымын жобалауға болады, бұл үшін тұлғаның құрылымы мен оның әрекеті, кәсіптік-педагогикалық әрекеті есепке алынады (А.Н.Леонтьев).
Бағыттылық, кәсіптік жан-жақтылық, қабілеттілік өзара тығыз байланысты және өзара ықпал етеді. Бағыттылық –бұл психологиялық түсінік. Бағыттылық түсінігін («Richtungsdispositionen») психологияға Б.Штерн енгізіп, оны белгілі бір әрекетке бейімділік ретінде қарастырады. Э.Бенек те «бағыттылық» және «бейімділік» түсініктерін өзара байланыстырады: бағыттылық ең алдымен бейімділік негізінде дамиды; соңғысының даму деңгейі, оның басқа білім деңгейіне байланысты болады.
Бағыттылықты, жан-жақтылықты және қабілеттілікті оқытушының кәсіптік маңызды қасиеттері ретінде білім алуы, басым жағдайда кәсіптік-педагогикалық спецификасына негізделеді. Педагогтың бойында осы қасиеттердің болуы, психологтардың пікірінше, педагог өзінің бәсекеге қабілеттілігін, кәсіптік жинақтылығын, кәсіптік-педагогикалық әрекетінің жоғары нәтижелілігі мен өнімділігін қамтамасыз етеді. Біз бөліп алған қасиеттердің дамуының жоғары деңгейі көп жағдайда кәсіби жоғарлауға, кәсіби карьерасының дамуына ықпал етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет