Тақырып:Кәсіптік оқыту үрдісі.
Мақсаты:студенттердің кәсіптік оқыту үрдісі, оның құрылымы туралы түсінігін қалыптастыру,білім алушылардың оқу мотиві және танымдық әрекеттерін белсендіру тәсілдері туралы ұғымын дамыту; кәсіптік оқыту ұстанымдары мен жүйелерінің мәнін ұғыну.
Негізгі сұрақтар:
1.Педагогикалық үрдістердің мәні, құрылымы мен жоспарлануы.
2.Кәсіптік оқыту ұстанымдары, олардың құрылымы, өзара әсері және оқу-тәрбие үрдісінде жүзеге асыру ерекшеліктері.
3. Кәсіптік оқыту жүйесі және оның құрамдас бөліктері туралы түсінік.
4. Кәсіптік оқыту білім алушыларының негізгі жүйелеріне сипаттама.
Әдіснамалық нұсқау
Білімге деген қатынастың сараңдылығы – ең жаман жаза және күнә.
Аль -Бируни , 973-1048ж.ж.
«Кәсіптік оқыту үрдісі» тақырыбы - бұл кәсіптік педагогикадағы күрделі тақырыптардың бірі. Осы тақырыппен жұмыс істеуде, кез келген адам әрекетіндегі пәндік аймақ білім жүйесінде бейнеленетіндігіне ерекше назар аудару қажет. Сананың тұтас нысандарын дұрыс құрмай, субъект әрекеті табысты болуы мүмкін емес. Кәсіптік колледждегі педагогикалық үрдісте оқытушы мен білім алушы іс-әрекет субъектісі, ал оқытушының іс-әрекет объектісі білім алушы емес, педагогикалық үрдіс болады.
Педагогикалық үрдіс білім беру мақсаттары мен оның жиынтықтарының өзара әрекеті: мазмұны, оқыту, үйрету, тәрбиелеу.
Аталған тақырыптың өзінің ерекшелігі бар, кәсіптік білім беру ұстанымдары туралы ұғымды құруға септігін тигізеді.
Тапсырмалар осы сұрақтарға қысқаша шолудан тұрады және студенттерге ғылыми-педагогикалық әдебиеттер мен басқа да деректерге бағыттауға септігін тигізеді.
САБАҚҚА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
1-тапсырма.
«Педагогикалық үрдіс» ұғымының мазмұны дамуына хронологиялық кесте құрыңыз. Неге педагогикалық үрдіс оқытушы іс-әрекетінің объектісі болып табылады?
2-тапсырма.
Педагогикалық үрдісті ұйымдастыру ұстанымдарына оқытушы бағыттылығына өздігінен талдау жасау сұлбасын құрыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |