Тақырыбы: Кәсіптік білім берудегі инновациялық технологиялар.
Мақсаты: студенттердің оқытудағы тұлғалық-бағытталған және жеке- дифференцияланған тәсілдердің мәні туралы түсінігін қалыптастыру; оларды қазіргі педагогикалық жаңалықпен таныстыру; инновациялық білім беру мекемелеріндегі гумандық білімді құрудың негізгі жолдарын ашу.
Негізгі сұрақтар: 1.Педагогикалық технологияны жобалау әдіснамасы. Оқыту технологиясын ұйымдастырудың инновациялық амалдары.
2.Педагогикалық технологияның жіктелуі. Педагогикалық технологияны жобалау .
3.Оқытудағы қазіргі ақпараттық және коммуникативті технологиялар. Оқу үрдісін компьютерлендіру.
4.Кәсіптік білім берудегі модульдік технология
Тақырыппен жұмыс істеген кезде, қазіргі уақытта «педагогикалық технология» ұғымы әр-түрлі дәлелденетінін түсіну қажет. В.В.Беспальконың ұсынған анықтамасы кең таралған: педагогикалық технология бұл білім беру мақсаттарын табысты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәрбиелеу мен оқыту үрдісінің теориялық негіздемесін қайта жаңғыртуда құралдар мен әдістердің жиынтығы.
Педагогикалық технологияның басқа да анықтамалары бар: бұл оқыту үрдісін жүзеге асырудың мазмұндық техникасы. (В.П.Беспалько), жоспарланған оқыту нәтижелеріне жету үрдісін баяндау (И.П.Волков), жобалау бойынша бірлескен педагогикалық қызмет үлгісі, оқу үрдісін ұйымдастыру және жүргізу(В.М.Монахов).
«Педагогикалық инновация» және «оқытудағы жеке-дифференцияланған амал» ұғымдарының мәніне назар аударыңыз.
Сіздің ойыңызша қазіргі Қазақстанда ҚР «Білім туралы» заң ережелері практикада қаншалықты жүзеге асырылады?
Орындалған тапсырмаларды талдау, оқытудағы инновацияны белсенді қолдану – оқытушының жаңа қаруы екендігін ұғынуға көмектеседі. Инновация оқытушы ойлауын өзгертеді, оқытушы және студенттердің практикалық қызметінің философиясын құрайды.