3-тапсырма. Қазіргі педагогикалық технологиялардың жіктелу сұлбасын толтырыңыз.
4-тапсырма. Педагогикалық технология дәстүрлі түсініктен қалай ажыратылады? Ғалым педагог Г.М.Кусаинованың пікіріне сынға алыңыз: «бұл оқыту мен тәрбиедегі оқытушының жоспарлаған мақсаттары мен нәтижелерін үйрету және жету үрдісі емес, кәсіби педагог жетекшілерімен оқушыларды өзара оқыту, яғни оқу жоспары мен бағдарламаларында қарастырылған олармен жұмыстың әр кезеңінде жүргізілетін білім беру мазмұны мен іс-әрекет түрлерін меңгеру бойынша өзгерістер мен қайта құру үрдісі».
Жеке оқу қызметіне рефлексия жүргізіңіз. (әр кезеңдегі тапсырмаларды орындау және оның нәтижесінің тиімділігін талдаңыз), осы сабақта алынған кәсіби біліктілік түрлерін анықтаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер: Беспалько Т.А. Педагогикалық технология // Қазіргі кезеңдегі буржуаздық педагогика / ред.басқ. З.А.Малькова, Б.Л.Вульфсон. М., 1984.
Батышев С.Я. және т.б. Кәсіптік педагогика. – М.: «Кәсіптік білім» ассоциациясы, 1999.
Кусаинов Г.М. Жаңа педагогикалық технология: методология, теория және практика. Усть-Каменогорск, 1977.
Педагогикалық технология / Сост. И.Н.Баженова. М., 1988.
Селевко Г.И. Қазіргі білім беру технологиялары: Оқу құралы. М., 1998.
Смирнов С. Білім берудегі технологиялары // Ресейдегі жоғарғы білім 1999, № 1.
Тақырып:Кәсіптік білім берудегі педагогикалық менеджмент
Мақсаты: кәсіптік білім берудегі педагогикалық менеджменттің негізгі мақсаттары мен міндеттерімен таныстыру; кәсіптік колледж директорының қызметі педагогикалық менеджер ретінде ерекшелігі, білім беру мекемелерінде жетекшінің кәсіби сапалар жиынтығы, кәсіптік колледжлердің нарықтық мүмкіншіліктері; студенттердің өзінің кәсіби қызметінде біліктілігін өз бетінше құруға және колледж ұжымын басқару ұстанымдарын бейімдеуді қалыптастыру және білім беру мекемелеріндегі қазіргі жетекші бейнесін құру;
Жоспар: 1. Кәсіптік білім берудегі педагогикалық менеджменттің негізгі мақсаттары мен міндеттері.
2. Педагогикалық менеджер қызметінің стилі.