Ф 1 3-2016-06-02-05-02 Пәннің пререквизиттері: «Педагогикалық мамандыққа кіріспе»



бет68/92
Дата26.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#45528
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   92
Әдіснамалық нұсқау
Екі адамның өнер табысы ең күрделі деп есептеуге болады: басқару және тәрбиелеу өнері.
И. Кант.
«Кәсіптік білім берудегі педагогикалық менеджмент» тақырыбы – бұл кәсіптік педагогиканың күрделі тақырыптарының бірі, мұнда өзара байланысқан үрдістердің заңдары мен заңдылықтарының басты білімі және жеке басқарудың білім заңдылықтарын талап етеді.
Осыған байланысты сұрақтың шығу тарихына мақсатты назар аударсақ. «Manadgement» ағылшын термині (лат.тіл manus - қол) қазақ тілінде баламасы жоқ, бірақта жиі «басқару» және «еңбекті ғылыми ұйымдастыру» ұғымдарының синонимі ретінде қолданады.
Ғылыми зерттеудің пәні ретінде қоғамдық құбылыс және адам тәжірибесін басқару ортасы ретінде пайда болды. Адамдарға бірлескен жұмыс қабілеті мен қажеттілігі тән, ал бұл олардың қызметінің үйлесімділігі, келісімділігі, кооперациялығын, яғни бірлескен қызметті басқаруды талап етеді.
Сабаққа дайындалуда «педагогикалық менеджмент» ұғымының басқару әрекетінің түрлі аспектілерін сипаттайтын мәнділік қатары бар; олар:
-білім беру мекемелерін басқару теориясы;
- стратегиялық және жедел шешімдерді қабылдауда, олардың дамуы, ізденіс жолдарын қажеттіліктерімен байланысты білім беру мекемелерін басқару жүйесі;
- тиімділікті жоғарылатуға, оларды оларды жұмыс істеуге және дамытуға бағытталған педагогикалық жүйелерді басқарудың ұстанымдар, әдістер, ұйымдастыру формалары мен технологиялық тәсілдер жиынтығы;
Педагогикалық менеджмент – бұл бастауыш кәсіптік білім мамандарын даярлаудың қоғамдағы әлеуметтік тапсырысын орындауды қамтамасыз ететін білім алушылардың педагог-менеджермен өзара әрекетінде білім, біліктілік және дағдыны меңгеруге бағытталған, кәсіби даярлық үрдісін басқарудың қозғалыс жүйесі.
Педагогикалық менеджменттің өзіндік ерекшелігі бар, өйткені, ол адамның шығармашылық әрекетімен байланысты. В.П. Симоновтың еңбегінде «Педагогикалық менеджмент: 50 ноу-хау білім беру үрдісін басқару саласы» педагогикалық менеджментбілім беру үрдісін басқару тиімділігінің теориясы, әдістемесі мен технологиясы ретінде сипатталады. Менеджмент басшының басқа адамдардың мінезіндегі еңбегін, интеллектісі мен түрткісін қолдана отырып, адамдар мен қоғамдық үрдістерді басқаруда ғылым және өнер ағымы ретінде қойылған мақсаттарға жете алуы.
Білім беру үрдісін жобалауда, педагогикалық менеджмент – бұл білім беру үрдісінің тиімділігін жоғарылатуға бағытталған ұстанымдар, әдістер, ұйымдастыру формаларының жиынтығы мен басқарудың технологиялық тәсілдері.
Жоғарыдағы анықтама аясында негізінен кез келген оқытушы (оларды басқару субъектісі ретінде) оқу-танымдық үрдістің, ал КЛ басшысы – тұтас оқу-тәрбиелік үрдістің менеджері болып табылатынын ерекше атауға болады.
Әрі қарай педагогикалық менеджмент өзінің ерекшеліктері мен оған тән заңдылықтары бар екендігін түсіну маңызды. Бұл ерекшелік менеджердің еңбек пәні, өнімі, құралы және нәтижесінің өзгешелігімен анықталады.
Білім беру үрдісіндегі менеджер еңбегінің пәні басқару субъектісінің қызметі болып табылады, еңбек өнімділігі - ақпарат, еңбек құралы - тіл, сөз, сөйлеу. Оқу-тәрбиелік үрдістегі менеджер еңбегінің нәтижесі білім алушылар менеджмент нысанының оқуы, тәрбиелік және дамыту деңгейі болып табылады.
Сұрақтарды талқылауда кез келген әдіс нақты жағдайларды ескеріліп, басқа әсер ету тәсілдері мен құралдарына сәйкес басқару нысандарының ерекшеліктерімен қолданғанда тиімді болады. Теориядағы басқару әдістерін жасау барлық деңгейдегі басқаруға өзекті болады.
Ұсынылған тапсырмалар мен сұрақтар педагогикалық менеджмент қызығушылығының дамуына, ұжым және жеке қызметкерлерге әсер ету жолдарының дұрыс үйлесімділігін қолдану мен таңдауға бағытталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет