Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет227/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   379
Қатты сырлар. Бұл ассортимент жағынан кең сыр тобы. Қатты сырларға жоғары ылғалдылық (44%) және салыстырмалы қатты консистенция тән. Қатты сырларға Швейцар типті, Голланд типті, Чеддер типті, Латвиялық типті, Таулы үгілмелі және унифицирленген сырлар жатады.

Швейцар типті сырлар. Екінші рет қыздыруда жоғары температура

(58С) қолданып өндіріледі. Жетілуі ұзақ – 4-6 айға дейін жүреді, бұл кезде сүт қышқылды және пропион қышқылды ашу жүреді. Сырлар татымдықты, сәл тәтті дәмді, нәзік ароматты, пластикалық қамырлы, ірі суретті болады. Бұл сырларда май мөлшері – 50%, ылғал – 42%, тұз –1,5-2,5%. Бұл типке Швейцар сыры, Алтай сыры, т.б. жатады.



Голланд типті сырлар екінші рет қыздыруда төмен температура (4143С) қолданып өндіріледі. Бұл жетілу мерзімі 2-2,5 ай болатын престелген сырлар. Бұл топ сырларға кішігірім масса (шамамен 5-6 кг), майда сурет, пластикалық консистенция, сәл сынғыш қамыр. өткір, сәл қышқыл дәм мен иіс тән. Бұл сыр құрамында 45% май, 44% ылғал, 1,5-3,5% тұз бар. Бұл топқа Голланд (домалақ, ірі бөлшек, кішкентай бөлшек), Костромдық, Эстондық, Пошехондық, Минсктік және т.б. жатады.

Чеддер типті сыр екінші рет қыздыруда төмен температура (40-41С) қолданып өндіріледі. Сыр массасын чеддерлеу, яғни сыр массасын пішіндеуге дейін 30-32С температурада тұрғызу қышқылдылығын арттыру үшін жүргізіледі. Сыр массасы жұмсақ болады да қыздыру кезінде балқиды. Сырда айқын қышқыл, сәл татымдықты дәм, пластикалы, сәл тұтқыр консистенциялы суретсіз қамыры болады. Оның құрамында 50% май, 44% ылғал, 1,5-2,5% тұз болады. Бұл топқа Чеддер, Таулы Алтай, Ресейлік сырлар жатады.

Латвиялық типті сырларды сыр дәндерін төмен температурада өңдеп алады. Бұл өздігінен престелетін сырлар; жетілу сыр бетіндегі шырыш қатысында жүреді. Бұл сырлар өткір, сәл аммиакты дәм мен ароматты, нәзік пластикалы консистенциялы, майда суретті болады. Латвиялық сырда 45 Сыр дәндерін төмен температурада өңдеп алады. Латвиялық сырда 45% май, 48% ылғал, 2-3,5% тұз болады. Бұл типке Латвиялық, Пикантный жатады.

Унифицирленген цилиндр пішінді сырлар ағынды желілерде өндіріледі. Олар биік цилиндр пішінді болады; биіктігі диаметрінен 3,5 есе көп болады. Оның құрамында 50% май, 42-43% ылғал болады. Бұл типке мына сырлар жатады: Ярославтық (У), Кубандық, Краснодарлық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет