Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет320/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   316   317   318   319   320   321   322   323   ...   379
Кемиектің (нерка) орташа салмағы 2–3,5 кг, кемиек қабыршағы құныс балық қабыршағына қарағанда ірілеу. Майлылығы – 8–11%. Уылдырық шашатын кезде балық түсі қызыл болады. Теңізде ауланған нерка еті ашық қызыл түсті болады.

Кичуж жуан басты, құйрығының қанаты кең болады. Орташа салмағы – шамамен 3,5 кг, ал етінің майлылығы – 6–9%.

Таймень – құнды балық. Еті майлы және өте дәмді. Таймень ірі балық (салмағы 10 килограмнан 100 килограмға дейін), ал майқан тайменьге қарағанда ұсақ (салмағы 2–4 кг), денесінде үлкен теңбілі бар.

Голец етті, майлы (8–12%) болады. Қабыршағы өте майда. Салмағы –

0,3–1,5 кг.



Бахтах (форель) – тұщы ағын суда өседі. Олардың формасы мен үлкенкішілігі әр түрлі болып келеді. Салмағы 70 грамнан 300 грамға дейін, севан мен басқа көлдерде өсетіндерінің салмағы 150 грамнан 1 килограмға дейін болады. Бахтахтың еті жұмсақ, дәмді, қызғылт түсті, одан кулинариялық түрлі тағам әзірленеді.

Кунджа мен мальма (Тынық мұхит голеці) онша үлкен емес, салмағы 0,4 килограмнан 4 килограмға дейін. Етінің сапасы басқа албырт-лососьтарға қарағанда төмен. Каспий албырты негізінен Каспий теңізінің батыс және оңтүстік жағалауындағы өзендерден ауланады. Салмағы 8–13 кг. Каспий албыртының шала тұздалған еті сирек кездесетін тағам болып табылады. Кунджа оны семгамен бірге Баренц, Ақ және Балтық теңіздері бассейндерінен аулайды. Салмағы – 1–5 кг.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   316   317   318   319   320   321   322   323   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет