Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Сейіт Қасқабасов



жүктеу 4.57 Mb.

бет17/32
Дата22.12.2016
өлшемі4.57 Mb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32

«Қазақ әдебиеті» газеті. 2009. 3-16 шілде. 2-б.

289

ЗАМАН жӘНе РУХАНияТ

Адам  баласы  ес  біліп,  қауым  құрып,  саналы  ғұмыр  кеше 

бастағаннан бері тек күнкөріс үшін ғана қорек іздеп, тамақ табу-

мен шектелмеген. ол өзінің жұпыны тіршілігін рухани жағынан 

да көріктендіру мақсатын көздеген, сөйтіп өз түсінік-пайымына 

сәйкес өнер, әдебиет жасаған, алуан түрлі ғұрыптар мен наным-

сенімдер туғызып, тұрмыста қолданған. Ежелгі замандағы тасқа 

салынған суреттер мен қашалып жазылған мәтіндер, қилы-қилы 

мифтер  мен  әпсаналар,  қыш  пен  қолжазба  түріндегі  кітаптар, 

т.б. – бұлардың бәрі адамзат тарихының әр дәуірлеріндегі руха-

ният екені белгілі. Өмірде қандай өзгерістер, небір төңкерістер, 

қырғын соғыстар, сұрапыл апаттар болса да мұндай жәдігерліктер 

үшті-күйлі жоғалып кеткен емес. оларды бірінен кейін бірі ауы-

сып отырған ұрпақ та, қоғам да мемлекет те жинап-теріп, зерде-

леп, өз қажетіне жаратып отырған. осындай істерді біздің арғы 

бабаларымыз  да,  түркілер  заманындағы,  одан  кейінгі  аталары-

мыз да назардан тыс қалдырмай, шама-шарқынша атқара білген. 

Бұған біз әдебиет пен өнер тарихын зерттеу арқылы көз жеткізе 

аламыз.

Кеңес  өкіметі  тұсында  қазақ  халқының  жазуы,  әдебиеті 



болмаған,  тек  октябрь  революциясынан  кейін  туып,  дамыған, 

сол  себепті  қазақ  әдебиеті  «младописьменная  литература»  деп 

бағаланып келгені баршаға аян. «Жоқ, олай емес, бізде ежелден 

әдебиет, мәдениет болған» деп, қазақ фольклорын, әдебиет тари-

хын, өнерін зерттеген оқымыстылар қуғын-сүргінге ұшырағаны 

да елге мәлім. осындай жағдайдан кейін «младописьменная лите-

ратура» деген анықтамаға намыстанып жүрсек те, іштен тынып, 

«жуасыған» күй кешкеніміз де жасырын емес. Құдай жарылқап, 

ата-бабаларымыздың,  бәріміздің  тілегіміз  қабыл  болып,  аңсаған 

тәуелсіздікке  қол  жетті.  Енді  бұрын  тұмшаланып  келген,  айта 

алмай  жүрген  ойларымыз  бен  проблемаларымызды  қолға  алып, 

іске  асыру  мүмкіндігі  туды.  Ә-дегенннен  Елбасы  бастап,  бүкіл 

зиялы қауым қостап, Алаш ардақтыларын ақтау, тарихымыздағы 

ақтаңдақтарды  жою,  ұлттық  құндылықтарымызды  зерттеу 

жұмыстарына  аянбай  кіріскенімізді  жұртшылық  біледі.  Еліміз 

үшін  аса  маңызды  бұл  шаруаларды  тындыруда  М.о.  Әуезов 

атындағы Әдебиет және өнер институты қыруар жұмыс атқарды. 

Шәкәрім  Құдайбердиевтің,  Ахмет  Байтұрсыновтың,  Мағжан 



290

Жұмабаевтың, Жүсіпбек Аймауытовтың, Міржақып дулатовтың, 

т.б.  арыстарымыздың  Қазақстанда  жоғалып-жойылып  кеткен 

шығармаларын  Москва,  ленинград,  Қазан,  ташкент,  орын-

бор  мұрағаттарынан,  жекелеген  адамдардан  іздестіріп,  жинап, 

жүйелеп,  жариялау,  содан  соң  ғылыми  талдап-зерттеу  істері  – 

тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ойдағыдай орындалды.

Бұдан кейін кезек күттірмейтін нәрсе – қазақ әдебиеті мен 

өнерінің  тарихын  жазу  еді.  Біріншіден,  бізді  қорлайтын  «мла-

дописьменный»  деген  тұжырымға  тойтарыс  беру  қажет  бол-

ды.  Екіншіден,  біздің  көне  мәдениетіміз  болғанын  көрсетіп, 

халқымыздың  еңсесін  көтеру  және  жас  ұрпаққа  өз  ұлты  үшін 

мақтаныш  сезімін  ұялату,  сөйтіп  отансүйгіштік,  патриоттық 

тәрбие  ісіне  нақты  үлес  қосу  екені  актуалды  еді.  Үшіншіден, 

әдебиетіміз  бен  өнеріміздің  тарихын  тәуелсіздік  тұрғысынан 

жазып, ақтаңдақты толтырып, бұрын кеткен қателіктерді түзеп, 

болған  үрдістерді  сипаттап,  шынайы  баяндау  қажеттігі  туды. 

төртіншіден,  ХХІ  ғасырға  дейінгі  әдебиет  пен  өнердің  жеткен 

жетістіктерін  қорытып,  кемшіліктерін  анықтап,  жаңа  дәуірдегі 

әдебиет пен өнерді зерттеуге жол ашу керек болды. осы себеп-

терге  байланысты  М.о.  Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер 

институты  2003–2005  жылдары  10  томнан  тұратын  «Қазақ 

әдебиетінің  тарихын»,  3  томнан  тұратын  «Қазақ  өнерінің  тари-

хын» жазып бітіріп, 2008 жылы бәрін жарыққа шығарды. Сөйтіп, 

қазақ руханиятының тамыры өте тереңде жатқаны, фольклоры-

мыз  бен  әдебиетіміздің,  өнеріміздің  ондаған  ғасыр  тарихы  бар 

екені дәлелденіп, халыққа ұсынылды.

Бұл міндетті атқарған соң Институт ғалымдары «тәуелсіздік 

кезеңіндегі  әдебиет  пен  өнердің  дамуы»  атты  үлкен  бағдарлама 

бойынша  2006–2008  жылдары  зерттеу  жұмыстарын  жүргізді. 

Бағдарлама  бірнеше  тақырыпты  қамтыды.  Зерттеулердің 

нәтижесінде  оннан  астам  ұжымдық  монография  дайындалып, 

оның бесеуі жарық көрді. Атап айтар болсақ, «Абай дәстүрі және 

қазіргі  қазақ  әдебиеті»,  «Мұхтар  Әуезов  дәстүрі  және  қазіргі 

қазақ  әдебиеті»,  «тәуелсіздік  кезеңіндегі  қазақ  әдебиетінің 

халықаралық  байланысы»  (орыс  тілінде),  «Қазақстанның 

тәуелсіздік 

жылдарындағы 

музыка 

өнері», 


«тәуелсіздік 

жылдарындағы  бейнелеу  өнері»  (орыс  тілінде).  Бұлардан  басқа 

дайындалып  жатқан  еңбектер  қатарында  «Қазіргі  қазақ  рома-

ны:  өткені  мен  бүгіні»,  «Бүгінгі  поэзиядағы  жыраулар  дәстүрі», 



291

«Қазіргі  әдебиет  және  фольклор»,  «тәуелсіздік  кезеңіндегі 

әдебиеттану тарихы», «Қазіргі таңдағы текстология мәселелері», 

«Сахна  өнері  тәуелсіздік  кезеңінде»  атты  кітаптар  бар.  Аталған 

зерттеулерде қазақ әдебиеті мен өнерінің тәуелсіздік жылдардағы 

жай-күйі, олардағы бағыттар мен тенденциялар, бұрынғы көркем 

дәстүрдің  игерілуі  жолдары  мен  тәсілдері,  жаңа  дәуір  туғызған 

проблемалардың көрініс табуы жан-жақты сөз болады. Мәселен, 

қазіргі  әдебиетте  поэзия  жанрының  алға  шығуы,  өлеңдер  мен 

толғауларда  бүгінгі  өмірдің  қайшылықтары,  адам  сезімдерінің 

толқындары,  қоғамды  толғандырып  жатқан  мәселелер  поэзияға 

тән ұшқырлықпен, ойшылдықпен, ежелгі және соны көркем тә-

сілдерді ұштастыра жырланатыны анықталды. Ал, прозада бүгінгі 

тіршілік, нарық адамы, адамдардың ара-қатынасы, капиталистің 

психологиясы,  буржуазиялық  ұғым-түсініктер,  либералдық 

құндылықтар  туралы  көлемді  шығармалар  әлі  көріне  қойған 

жоқ.  Есесіне  тарихи  тақырып  және  Кеңес  дәуіріндегі  шындық 

–  жазушылардың  негізгі  объектісі.  Мұндай  шығармалардың 

жаңалығы ретінде таптық қайшылықты негізге алудың жоқтығы, 

әсіресе, тарихи шығармаларда ұлттық мүдде тұрғысынан сурет-

теу басым екенін айтуға болады. Прозада көркемдік ізденістер де 

баршылық, кейбір роман, повестерде ұлттық фольклорды, мифо-

логияны жаңаша пайдалану тәжірибесі, сондай-ақ постмодерндік 

стильде  жазу  үлгісі  де  кездеседі.  драмтургия  саласында  тари-

хи ғана емес, қазіргі заман тақырыбына арналған дүниелер бар. 

Бүгінгі  ауыл  мен  адамдар  санасында  болып  жатқан  өзгерістер, 

қоғамда  уақыт  тудырған  келеңсіз  жағдайлар  –  пьесалардың 

көтеріп жүрген мәселелері.

тәуелсіздік  жылдары  едәуір  дамыған  өнердің  саласы  – 

сәулет  (архитектура),  скульптура  және  кескіндеме  (живопись). 

Бейнелеу  өнерінің  қайраткерлері  тарихи  тұлғаларға  арнап 

дәстүрлі  классикалық  та,  модерндік  те  формада  ескерткіштер 

орнатып,  елге  танымдық  мәні  бар  істерді  атқарғанын,  сондай-

ақ  сәулетшілер  қалаларда  әр  стильде  ғимараттар  мен  үйлер 

тұрғызып,  шаһарларымыздың  көркін  өсіргенін  айтпасқа  бол-

майды.  Кескінші  суретшілердің  полотнолары  бүгінгі  өнерде  өз 

орнын алып, көпшіліктің эстетикалық талап-талғамын арттыруға 

үлес  қосып  жүргені  де  аян.  Бүгінгі  музыкалық  өмірімізде 

күрделі  процесс  жүріп  жатқаны  белгілі.  Жаһандану  үдерісінің 

ықпалымен бізге келіп жатқан шетелдік жеңіл музыканың әсері 



292

айтарлықтай.  Жастарымыздың  біразы  соған  еліктеуде.  Шы-

нын айтқанда өзіміздің төл музыкамыз бен келімсек музыканың 

арасында  күрес  жүріп  жатыр.  Міне,  осы  жағдайдағы  ұлттық 

музыка  өнеріміздің  жай-күйі,  даму  барысы  зерттелді.  Қазіргі 

таңда  дәстүрлі  ән-күймен  бірге  жаңа  эстрада  музыкасы  туып, 

қолданысқа  енді,  жаңа  түр,  жаңа  жанрлар,  жаңа  әндер  дүниеге 

келуде.  Ал,  классикалық  музыка  саласы  әзірге  кенже  қалып 

отырғанын  айтпасқа  болмайды.  осы  үрдістің  бәрі  Институт 

қызметкерлерінің  еңбектерінде  айқындалып,  сипатталған,  зер-

деленген. Әлбетте, тәуелсіздік жылдарындағы әдебиет пен өнер 

туралы  зерттеулер  бұл  айтқандармен  шектелмейді.  Бұл  жұмыс 

әртүрлі аспектіде ары қарай жалғаса бермек. Соның айғағы – Ин-

ститут  ұжымы  2009–2011  жылдарға  жоспарланған  «тәуелсіздік 

идеясының әдебиет пен өнерде көркем бейнеленуі» атты кешенді 

бағдарламаны  орындауға  кірісті.  Аталмыш  жоба  бойынша  да 

бірнеше тақырып зерттелінеді.

Әдебиет  пен  өнердегі  тәуелсіздік  идеясы  деген  мәселе  – 

түптеп келгенде қазақ халқының арғы-бергі заманда тәуелсіздік 

үшін  жүргізген  күресінің  ұлттық  фольклорда,  орта  ғасыр  мен 

жаңа  дәуірдің  поэзиясы  мен  прозасында,  әні  мен  күйінде,  про-

фессионалды музыкасында, сахна төрінде қалай бейнеленгенін, 

қаншалықты  көркем  суреттелгенін,  сондай-ақ  тарихи  шындық 

пен  көркем  шындықтың  ара-қатынасына  қатысты  қай  оқиға 

нақты, қайсысы шарттылық деген проблемалар қарастырылады.

тәуелсіздік  деген  –  кең  ұғым.  Бұған  –  ру-тайпаның  өзін 

қорғауы,  мемлекеттің  өз  егемендігін  сақтау  үшін  шайқасуы, 

ұлттың  тәуелсіздік  үшін  күресі,  тіпті  жеке  адамның  бас 

бостандығы,  сезім  еркіндігі  үшін  және  қайраткерлердің  ой  мен 

сананың, ар мен ұжданның азаттығы үшін күресі жатады. Біздің 

фольклорлық  шығармаларымыз  да,  әдеби  туындыларымыз  да, 

өнер  саласындағы  дүниелеріміз  де  осы  аспектілер  тұрғысынан 

талданып,  зерделенеді.  Соның  арқасында  қазақ  халқының 

тәуелсіздікке жету деген арманы мен күресі сонау ру-тайпалық 

кезеңнен кешегі Кеңес дәуіріне ұласқаны, оның ұзақ уақыт бойы 

әдебиетте,  өнерде,  фольклорда  көрініс  тапқаны,  демек,  қазіргі 

тәуелсіздігіміз  –  оңай  келмеген  бақыт  екені  дәлелденеді.  Бұл 

бағыттағы зерттеулеріміз – тәуелсіздіктің жиырма жылдығына 

орай он шақты кітап болып шығады деп жоспарлап отырмыз.

Институттың ғалымдары Президентіміз нұрсұлтан Әбішұлы 

назарбаевтың сыни ескерпелерін басшылыққа алып, келешектегі 


293

зерттеулерімізді бұрынғыдан да гөрі бүгінгі өмірдің талап-тілегіне 

жақындата  түсуді  мақсат  етіп,  2012-2020  жылдарға  арналған 

перспективалық тұжырымдама жасап, мынадай бағыттар бойын-

ша зерттеулер жүргізбек.

Солардың  бастысы  –  Бүгінгі  шындықтың  көркем  әдебиет 

пен  өнерде  бейнеленуін  қарастыру.  Бұл  топтағы  зерттеулердің 

міндеті  –  тәуелсіздік  алғаннан  бергі  уақытта  елімізде  болған 

саяси-экономикалық  реформалардың  нәтижесінде  орныққан 

нарықтық  қатынастың  ел  тіршілігіне,  тұрмысына,  мінез-

құлқына  әсері,  адамдардың  санасындағы,  қоғамдағы  өзгерістер, 

капиталистік өмірдің күнгейлі, көлеңкелі жақтары, Қазақстанның 

халықаралық байланыстарының рөлі, т.с.с. – қазіргі болмыстың 

әр саласындағы жағдай қаншалықты көркем шешімін тапқанын, 

жазушылар осы күнгі өмірді қандай дәрежеде игергенін анықтау, 

талдау.


Екінші  бағытымыз  –  Қазақстанда  тұратын  ұлт  диаспора-

ларының әдебиеті мен өнерін және шетелдегі қазақ әдебиетін зер-

делеу. Біз 10 томдық әдебиет тарихына Қытай мен Моңғолиядағы 

қазақ  әдебиеті  туралы  тараулар  енгізгенбіз.  Алайда,  онда  соңғы 

уақытта шыққан шығармалар қамтылмай қалды. Сонымен бірге 

Еуропада  отан  соғысы  кезінде  туған  бірталай  дүние  бар  екені 

белгілі. Соларды да жинастырып, зерттейтін мезгіл жетті деп са-

наймыз. 


Бүгінгі таңдағы Қазақстанда бірнеше ұлттың өкілдері тұрып 

жатқаны  аян.  тағдыр  айдап  Қазақстанға  келген  ұлт  өкілдері 

өздерінің фольклорын, мәдениеті мен өнерін тұрмыста қолданып 

келгені  мәлім.  Қазіргі  жағдайда  олардың  дәстүрлі  мәдениеті, 

Қазақстанда  пайда  болған  әдебиеті  бар.  Қазақ  халқымен  бірге 

өмір  сүріп  отырғандықтан  оларға  біздің  әсеріміз,  ал  кей  жер-

лерде  олардың  бізге  де  әсері  болмай  жатқан  жоқ.  Қазіргі  кезде 

диспоралардың  өнерін,  фольклорын  және  әдебиетін  зерттеу  – 

Қазақстан мәдениетінің, әдебиетінің көп түрлі екенін айқындап 

қана  қоймай,  еліміздегі  этносаралық  татулықты  нығайта  түсері 

анық.  осыдан  бірер  жыл  бұрын  орыс  әдебиеті,  ұйғыр  әдебиеті, 

неміс,  кәріс  әдебиеті  біршама  зерттеліп,  «литература  народов 

Казахстана»  деген  кітап  шыққан  болатын.  Ендігі  мақсат  –  аз 

ұлттардың фольклоры мен өнерін қарастыру.

Ендігі бір бағыт – Әдебиеттану мен өнертану ғылымдарының 

тәуелсіздік кезеңдегі дамуы мен өзекті мәселелері бойынша зерт-



294

теу жүргізу. Біз әдебиет пен өнердің, әдебиеттанудың ХХІ-ғасырға 

дейінгі  тарихын  жаздық,  тәуелсіздік  жылдардағы  әдебиет  пен 

өнердің  жай-күйін  зерттедік.  Енді  ХХІ-ғасырдың  алғашқы  20-25 

жылдарында әдебиет пен өнер туралы ғылымдардың алған асула-

рын анықтап, даму жолдарын зерттеу және олардың келешектегі 

бағыт-бағдарын  айқындау  мен  теориялық  мәселелерін  зерттеу 

қажет. Соның арқасында аталмыш ғылым салаларының ары қарай 

өркендеуіне  негіз  жасалып,  жаңа  ізденістерге,  тұжырымдарға, 

ағымдарға жол ашылады деп ойлаймыз.

Жаңа  концепциямызда  «Еуропаға  жол»  бағдарламасына 

сәйкес өз салаларымыз бойынша халықаралық байланысты жан-

дандыра  түсу  де  қарастырылған.  Қазірдің  өзінде  біз  бірнеше 

Еуропалық  елдердің  ғалымдарымен  бірлескен  жұмыстар 

атқардық.  Мәселен,  Румыния,  Болгария,  Ресей,  Беларусь,  Мол-

дова  сияқты  мемлекеттердің  белгілі  зерттеушілері  Институт 

жүзеге асырып жатқан жобаларға қатысуда. Сонымен бірге Ан-

глия, Франция, Германия, Чехия, украина, түркия, Қытай, Иран, 

Пакистан, Индия оқымыстыларымен байланыс жасалып, қазіргі 

әлем  әдебиетінің  даму  тенденциялары  қарастырылды.  Сөйтіп, 

«очерки по мировой литературе рубежа ХХ–ХХІ столетий» атты 

ұжымдық монография мен халықаралық әдеби байланыс туралы 

баяндайтын бірнеше кітап дүниеге келді. осы тараптағы жұмыс 

ары қарай жалғаса бермек.

М.о.  Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер  институтының 

«Мәдени  мұра»  бағдарламасы  бойынша  атқарылып  жатқан 

істері  баршаға  аян.  «Бабалар  сөзінің»  55-ші  томы  баспаға  кетті. 

«Музыка  антологиясының»  6-шы  томы  дайындалып  бітті, 

«Әдеби жәдігерлердің» 7, 8-ші томдары жарық көрді. М. Әуезов 

шығармаларының 40-шы томы баспада жатыр. Жалпы, соңғы үш 

жылда біздің Институт 44 монография, 31 ғылыми жинақ, 4 оқу 

құралын,  13  конференция  материалдарын,  5  библиографиялық 

көрсеткіш жариялапты.

Бұлардың  сыртында  Институт  ғалымдары  «Ұлттық  идея 

–  Қазақстанның  тұрақты  дамуының  негізі»  атты  қолданбалы 

бағдарлама  аясында  6  жобаны  орындауда.  Бұл  –  кешенді 

бағдарлама,  ол  бойынша  гуманитарлық  Институттардың  бәрі 

жұмыс  істеуде.  Бағдарлама  қолданбалы  болғандықтан  біздің 

орындап жатқан жұмыстарымыз да таза практикалық мақсатты 

көздейді, яғни қазақ әдебиеті мен өнерін джайджест түрінде орыс 



295

тілді оқырмандарға таныстыру. Мәселен, «Сто казахских эпосов», 

«Сто  шедевров  изобразительного  искусства  Казахстана»,  «Сто 

мастеров художественного слова», «выдающиеся мастера казах-

ской сцены» деген кітаптар жазылуда, олар 2010 жылы жарыққа 

шығады.


Әрине,  Институттың  жұмысы  мұнымен  бітпейді.  Қыз-

меткерлердің  біразы  Жазушылар  одағының,  Журналистер 

одағының, Композиторлар одағының мүшесі ретінде алуан түрлі 

мәдени-шығармашылық іс-шараларға қатысады, баяндамалар жа-

сайды.  дегенмен,  ғалымдарымыздың  ағымдағы  саяси-қоғамдық 

процестерге  араласуы  бәсең  екенін  айтпасқа  болмайды.  Бұл 

тұрғыда  Президент  айтқан  сын  өте  орынды.  Қоғамда  болып 

жатқан оңды өзгерістер мен маңызды оқиғалар оқымыстылар на-

зарынан  тыс  қалмауы  керек,  олар  ұлттық  құндылықтарымызды 

зерттеумен бірге жалпыадамзаттық құндылықтарды да насихат-

тап, жастардың жан-жақты тұлға болуына үлес қосуға тиіс екені 

даусыз.


«Егемен Қазақстан» газеті. 2009. 21 қазан. 6-б.

296

РУХАНи игіЛіКТеРіМіЗ МОЛАя ТүСПеК

Рухани-мәдени  қазынамызды  әрі  қастерлеп,  әрі  игілігімізге 

жарату жолында әдебиет пен өнер институты талғам мен танымды 

қатар қойып, жұмыс істеуде. Елбасымыз нұрсұлтан Әбішұлы атап 

айтқандай,  алдағы  уақытта  осынау  жинақталған  тарихи-мәдени 

мұраны сақтау және игі істі әрі қарай жалғастыру үшін қолайлы 

жағдай туғызудың маңызы зор. Мәдениет және ақпарат министрі 

М. Құл-Мұхаммед жобаның бірінші кезеңін қорытындылаған ба-

яндамасында: «... Мұның сыртында, жалпы 230, оның ішінде өткен 

жылы  79  аталым  кітап  шығарылған.  100  томдық  «Бабалар  сөзі» 

топтамасының бай ауыз әдебиетімізді жинақтауға мүмкіндік бер-

ген 50-ге жуық кітабы, әлем әдебиеті кітапханасының 10 томдығы, 

қазақ халқының күллі философиялық мұрасының 20 томы, күні 

кеше ғана газетімізде «олжа салған 10 томдық!» деп сүйіншілеп 

көрсеткен  «Қазақ  әдебиетінің  тарихы»,  сондай-ақ,  «Қазақ 

өнерінің тарихы» және «Қазақ музыкасының антологиясы», т.б. 

осының  ішінде»  деп  атап  көрсеткеніндей,  әлемдік  өркениетке 

қосқан  біздің  халқымыздың,  зор  үлесі  осы  еңбектер  арқылы 

танылмақшы.  «Бабалар  сөзі»  100  томдығында  Қарасай,  Қази, 

Қамбар,  Ер  тарғын,  Шора,  төрехан,  Бөген  батырлар,  Бозұғлан, 

Көрұғлы, Қырымның қырық батыры, Архаикалық жырлар секілді 

жауһарлар бар.

«Бабалар сөзінен» кейінгі ең үлкен де, маңызды жоба «Қазақ 

әдебиетінің  тарихы»  болатын.  оның  10  томы  түгел  жарыққа 

шықты.  он  томның  құрамына  «Қазақ  фольклорының  тарихы», 

«Ежелгі  дәуір  және  орта  ғасыр  әде биеті»,  «Алтын  орда  дәуірі 

мен Қазақ хандығы тұсындағы әдебиет», т.б. томдар кіреді. Басқа 

жобалар  бойынша  да  өткен  жылға  жоспарланған  жұмыстар 

аяқталып, кітаптар жарыққа шығып жатыр. Атап айтар болсақ, 3- 

томдық «Қазақ өнерінің тарихының» 1-кітабы шықты.

«Мировая  фольклористика»  мен  «Мировое  литературо-

ведениенің»  екі  томы  жарық  көрді.  оқулыққа  сусап  отырған 

жоғары  оқу  орнының  студенттері  үшін  бұл  зор  сый  дер  едік. 

«Қазақ  музыкасының  антологиясының»  6-томы  да  дайындалып, 

биыл оқырман қолына тимекші.

Әдеби  қауым  мен  ұлтымыз  үшін  ұлы  игілік  –  «Әдеби 

жәдігерлер»  сериясы  бойынша  шыққан  кітаптар.  Ахмет 

Иассауидың  «даналық  кітабы»,  Ахмет  Йүгенекидің  «Ақиқат 



297

сыйы», Сүлеймен Бақырғанидың «Ақырзаман» кітаптары – атал-

мыш сериялар тартуы.

Екінші  кезеңде  «Бабалар  сөзі»  сериясының  53-54  томдары 

жарық көреді. «Бабалар сөзінің» кезекті томдарын дайындау қиын 

боп барады» деп әр кез айтулы жиындарда ескертіп жүргендей, 

баспахана шығыны мен қағаз мәселесі қазір күн тәртібінде тұр. 

Бірақ,  тәуелсіз  ел  –  саналы  оқырман,  көзқарақты  халық  сана-

тында тұрып, мұндай кедергілерді қалай да жеңеміз.

Жоба  бойынша,  үстіміздегі  жылы  да  белсенді  жұмыс,  сапа-

лы да сындарлы еңбектер шығару ісі күтіп тұр. Мәселен, жарық 

көретін  «Қыз  Жібек»  эпосына  Мұсабай,  Жүсіпбек  қожа,  Ша-

пай т.б. жыршы, ақындардың шығармашылығындағы нұсқалары  

енеді. Жырдың сюжеті махаббат тақырыбына құрылған. «Қозы 

Көрпеш  –  Баян  Сұлу»  жырының  да  басқа  нұсқалары  әртүрлі 

томдарға  біріктірілген.  Ал,  XVI–XVIII  ғасырда  өткен  тарихи 

оқиғаларға  байланысты  шығармалар  томына  «Еңсегей  бой-

лы  Ер  Есім»,  «Есім  хан»,  «Сәтбек  батыр»,  «олжас  батыр»  т.б. 

шығармалар  жоспарланып  отыр.  Сюжеті  ел  қорғау,  батырлық 

жорық  тақырыбына  құрылған  «олжабай  батыр»,  «Көкжарлы 

Барақ  батыр»,  «табын  Барақ  батыр»,  «Мырқы  батыр»,  «Базар 

батыр»,  «Бердіқожа  батыр»  жырлары  да  бір  томды  құрайды. 

Абылайдың  қалмаққа,  қырғызға  қарсы  әскери  жорықтарын 

қамтыған  «Абылай  ханға  байланысты  тарихи  жырлар»  да  бір 

томға, яғни, 58-ші томға енгізілмекші.

59-шы  томға  енетін  «наурызбай-Ханшайым»,  «Ағыбай  ба-

тыр», «Жанқожа батыр», «Арқалық, батыр», «Бекет батыр» секілді 

шығармалардың  сюжеті  Ресей  және  Қоқан  отаршылдығына 

қарсы бағытталған тарихи оқиғаларға негізделген.

60-шы  томға  «Мырзаш  батыр»,  «досан  ба тыр»,  «Балуани-

яз»,  «Ер  Қармыс»,  «төлеп  батыр»  т.  б.  реальді  тарихи  жырлар 

енді. Қазақ ертегілерінің көлемді жанры – «Хайуанаттар туралы 

ертегілер»  мен  «Қиял-ғажайып  ертегілер»  де  екі  томның  басын 

құрайды.


2010–2011 жылдардағы еңбегімізге келер уақыт төреші. оны 

да кезінде жария етіп, оқырманның қолына дер кезінде тиіп жат-

са, бұл – біздің бақытымыз!

«Ақиқат» журналы. 2009. № 4. 18–20-бб.


298

ҚАЗіРгі ӘДеБи ПРОЦеСТіҢ СиПАТЫ

Жаңа  дәуір  басталды.  Кеңес  өкіметі  кезінде  біздің  әдебиет 

жақсы  дамыды,  оны  мойындау  керек.  Бірақ  біржақты  бол-

ды.  Қанша  айтқанмен  біздің  жазушыларымыз,  ақындарымыз, 

драматургтеріміз  цензураның  кесірінен,  сосын  саясаттың 

ықпалынан  кейде  ойындағысын  ашық  айта  алмай,  жоғарыдан 

қойылған талапты ескеріп, кейде жасырын түрде, аллегориялық 

формада  айтуға  тырысып  жатты.  Сөйтіп,  халықтың  рухани 

сұранысын  өтеуге  барын  салды.  Бұл  өте  жақсы  нәтиже  берді. 

Біздің әдебиетіміз тарихы мол әдебиет, бірақ оны түгелдей жеке 

дәуірлерге бөліп қарағанда, әр кезеңде әр жанр, әрбір түрі өзінше 

дамыған. Айталық, орта ғасырларда қолжазба түріндегі әдебиет-

тер  пайда  болды.  Бірақ  олар,  әрине,  біздің  қазіргі  түсінігімізде 

көркем әдебиеттің талабына сай болмауы да мүмкін. олар тарихи 

шығарма ретінде, болмаса Шығыстың бір сюжеттеріне құрылған, 

яки болмаса бұрынғы ақындар жырлап кеткен тақырыпты қайта 

жырлап, өзінің жанынан шығарды. Бірақ қазіргі ұғымымыздағы, 

мына әлемдік деңгейдегі үлкен, көркем ой тұрғысынан қарағанда 

оның ерекшелігі басқаша болды. Ал енді біздің қазіргі әдебиетіміз 

–  ол  жаңа  дәуірде  пайда  болған  жаңа  әдебиет.  он  сегізінші 

ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап  жаңаша  дамыды,  оның 

күшті дамыған кезеңі – Кеңес дәуірі. Біздің әдебиетіміз ол кезде 

көп тармақты, көп жанрлы болып дамыды. Кеңес кезінде біздің 

әдебиетіміз  басынан  өте  қиын,  қайшылықты  жағдайды  кешірді. 

Бір жағынан, қыспақта отырса да көркем ойды дамытты. Екінші 

жағынан,  өкіметтің  қамшысының  астында  жүріп,  біраз  ақын-

жазушыларымыз өкіметті, партияны, саясатты қолдаушылардың 

бірі болды. яғни біздің әдебиетіміз сол кезде саяси идеологияның, 

ресми идеологияның бір бөлігі боп кетті. Бұл жолда Партия мен 

Үкімет жазушыларға, драматургтерге, әртістерге, өнер адамдары-

на барынша жағдай жасады. Біздің әдебиеттің сол кезде күрт өсіп 

кетуінің себептерінің бірі осыдан еді. 

Ал  жаңа  дәуірде  бұрынғы  идеологиядан  кеттік.  Бұрынғы 

қыспақ,  цензура  жоқ,  еркіндік  алдық.  Бірақ  еркіндік  алғаннан 

бастап  өмірдің  қиыншылықтары,  экономикалық  қиындықтар, 

одан  туындаған  рухани  жүдеушілік,  жадаушылық  әсер  еткен 

уақыт  келді.  Енді  біздің  әдебиетіміз  қандай  бағытта  дамуы  ке-

рек? Қазақ халқының алдында қандай міндеттер тұр? Өзіміздің 



299

мемлекетімізді жаңадан құру керек болды. осы кезде біздің ру-

хани  жағымыз  қалай  болады  деген  мәселеде,  жазушыларымыз 

да,  ғалымдар  да  үлкен  ойға  қалғаны  рас,  әдебиетіміз  алғашқы 

кезде  біраз  тоқырады  да.  Жазушыларымыз,  ақындарымыз  өз 

шығармаларын жазып жатты, бірақ олар ә-дегенде өзгерістің өзін 

түсінбей, ә-дегенде өзгеріске ілесе алмай, ә-дегенде өзгерістің өзін 

ішіне  сіңіре  алмай,  тұрақтап  қалған  кездері  болды.  Рас,  шынын 

айту керек, тоқсаныншы жылдардың екінші жартысынан, әсіресе, 

соңында, жақсы-жақсы шығармалар дүниеге келіп жатты. 

Ең  алдымен,  халыққа  өзінің  тарихын,  бұрынғы  өткен 

мұрасын білдіруге, тарихи жадын қайтаруға қатты көңіл бөлінді. 

Мемлекетті  қайта  құру  үшін  өзіміздің  рухымызды  қайта  бір 

жаңғыртып  алуымыз  керек  еді,  біз  қанша  айтқанмен,  үш  жүз 

жыл отарда болдық қой. Санамыз да жасыған-ды. Содан халықты 

серпілту, сендіру керек еді, бұл салада әдебиетімізде жақсы-жақсы 

тарихи шығармалар жазылды. тарихи романдар Кеңес кезінде де 

жазылды,  бірақ  тарихи  тақырыпқа  барған  жазушыларымыздың 

көбісі, біріншіден – советтік өмірді суреттеуден қашса, екіншіден 

– халыққа сусындап отырған қажетін тауып берді. Кеңес кезінде 

тарихи-әдеби романдар, тарихи шығармалар біздің санамыздың 

өсуіне қатты әсер етті. Әуезовтың «Абай жолы», Есенберлиннің 

«Көшпенділері», Cәбит, Ғабит, Ғабиденнің шығармалары, кейінгі 

шыққан  нұрпейісовтың  «Қан  мен  тері»,  Мағауиннің  «Аласа-

пыраны»,  Кекілбаевтың  «Үркері»  мен  «Елең-алаңы»,  Софы 

Сматаевтың «Елімайы», бұлар халықтың тарихи санасын, жадын 

сілкіндіруге  көп  әсер  етті.  Сексен  алтыншы  жылғы  көтерілістің 

өзі шындап келгенде тұрмысымыздың өзгергенін ғана емес, сана-

мызда да үлкен өзгерістер болғанын көрсетеді. Сол тұстағы жа-

стар тарихи романдарды оқып келіп, алаңға өзінің басқа ұлтпен 

тең екенін сезініп шықты. (одан бұрынғы ұрпақтар шыға алма-

ды).  осыдан  кейінгі  ұрпақтың  санасы  өскендігі  анық  көрінді. 

оны  өсірген  әдебиет  пен  өнер.  Сол  дәстүр  қазір  де  жалғасып 

келеді. тіпті күні бүгінге дейін сол тарихи санамызды, рухымыз-

ды көтерумен жүрміз.

Қазір  шығып  жатқан  біздің  тарихи  шығармалардың  бәрі  де 

кезеңдік. Бұл – өмір-бақи тарихи шығармаға бара береді деген 

сөз емес. Мысалы, Абылай хан, Қабанбай батыр туралы жазылған 

жаңа тарихи романдар да кезеңдік дүние. Енді бір он бес, жиыр-

ма жылдан кейін ондай шығармалар жазылмайды. неге? Өйткені 



300

өмірдің  талабы  басқа  болады.  Ал,  жаңағыдай  туындылар  біздің 

тәуелсіздік алғаннан соңғы жылдардың талабына орай жазылған 

болатын. Енді жаңа дүниелер тууға тиіс. негізінен, шынын айту 

керек,  жазушыларымыз  бүгінгі  нарықтық  өмірді  біле  бермейді. 

Қаламгерлеріміз  нарықтық  өмірге  енді-енді  бейімделіп,  оның 

болмысын  жаңа-жаңа  түсініп  келеді.  Сондықтан  нарықтық 

өмірді  суреттеу  үшін  ішінде  жүріп  көру  керек,  білу  керек. 

Айталық,  банкирді  кескіндеу  үшін,  оның  бүкіл  тіршілігін  әбден 

зерттеген дұрыс. я болмаса, үлкен бір кәсіпкердің, бизнесменнің 

тіршілігін суреттеу үшін, оның бүкіл өзгерістерін, ойын сезу ке-

рек. Күйзеліс кезінде өзін қалай сезінеді, қандай іс-қимылға бара-

ды, рэкет дегендер қайдан шыққан? осындай мәселелерді біздің 

жазушылар әлі де бойына толық сіңіре алған жоқ. Бұл кезең жас 

жазушылардың өз заманы болса да, оны тануға кіріге алмай жа-

тыр. Сондықтан қазіргі заманға керек, қазіргі тұсты суреттейтін 

қомақты  шығармалар  жоқ.  Азды-көпті  шағын  әңгімелер  туып 

жатыр, олардың бәрі қирап, қараусыз қалған ауылды сипаттаған 

алғашқы  қарлығаштар.  Мысалы,  Әлібек  Асқаровтың  «Социа-

лизм  хикаяты»  деген  кітабында  ауылдың  күйрегені,  халықтың 

санасының  өзгергені,  тұрмыстың  басқа  сипат  ала  бастағаны 

көрініс  тапқан.  Сондай-ақ  адамның  ішкі  психологиясындағы 

шиеленістерді  көрсеткен  әңгімелер  ара-тұра  болса  да  шығып 

жатыр.  Бұл  –  бір.  Екінші,  қазіргі  біздің  жазушыларымыздың 

арасында  әлемдік  әдебиеттен  алмасқан  дүниелерді  оқып,  зерт-

теп, жақсысын алып, үйреніп жатқандары да бар. Әлем әдебиеті 

орыс тілі арқылы келіп жатыр. Сондағы модернистік ағымдарға 

еліктеушілік  те  кездеседі.  Постмодернизмге  тәу  ететіндер  де 

жетерлік.  Шынтуайтына  келгенде  модернизм  дегеннің  өзі  – 

жаңа  деген  сөз.  Кеңес  одағы  құрылғанда  да  жаңа  әдебиет  ба-

сталды. Мысалы, Мағжанның «Шолпанның күнәсі», Мұхтардың 

«Қаралы сұлуы», «Қараш-қарашы», «Қорғансыздың күні», «Қыр 

суреттері», Жүсіпбектің «Ақбілегі», бұлардың бәрі де сол тұстағы 

жаңа дүниелер. тіпті Бейімбет Майлиннің ауыл өмірін көрсеткен 

әңгімелері шындап келгенде сол кездегі модерн.

Ал, постмодернизм – өндірісі қатты дамыған постиндустри-

ялы  елдерде  кең  таралған.  Өйткені,  олар  бұрынғы  классикалық 

әдебиеттен  қол  үзіп  кеткен.  Біз  болсақ,  классикалық  реализм-

нен,  классикалық  әдебиеттен  қол  үзгеніміз  жоқ.  одан  қол  үзе 

алмайтын себебіміз, бізде әлі постиндустриялық қоғам құрылған 



301

жоқ.  ол  үшін  өндіріс  өте  мықты  дамып,  капитализмнің  ең  биік 

шыңына  жетіп,  бүкіл  өмірдің  бәрі  индустриялануы  керек, 

қалалық ұлт болып қалыптасуымыз керек. Сосын бүкіл қалалық 

өмір мен далалық өмір араласып, құжынап жатуы тиіс. Бірақ біз 

оған  жеткен  жоқпыз.  Сондықтан  постиндустриялық  қоғам  бол-

май тұрып, постиндустриялық қоғамның өмірін суреттей алмай-

мыз. Алайда, постмодернистік тәсілді пайдаланып жүрген жазу-

шылар бар, бірақ олардың ісі – сыртқы көрініс қана. Кейіпкердің 

сандырақтауы, елес көруі, болмаса кейіпкердің басқа бір нәрсені 

ойлап, басқа бір әлемге шарлауы, осының бәрі шындап келгенде, 

өзге  әдебиеттердің  әсерінен  шыққан  нәрсе,  өзіміздің  ішімізден 

туып жатқан жоқ.

Постмодернизмнің сыртқы көрінісі қандай деген сауалға жа-

уап беретін болсақ, ол – өмірдің бейнесінен алыстап кету, ойда 

жоқ нәрсені айту. я болмаса, елес қуып, адамның екіге бөлінуі, екі 

ойлы болуы, сандырақтап бір нәрсені айтуы. ол бізде бұрыннан 

бар. 


Жалпы, әдебиетті біржақты түсінбеуіміз керек. Өмірдің өзін 

суреттейтін әдебиет реалистік болумен қатар, сондай-ақ, адамның 

қиялын  да  суреттеуі  керек.  Өмірде  жоқ  нәрсе  көрсетуімен  де 

әдебиет  –  өнер.  Егер  де  біз  тек  қана  өмірді  алайық  десек,  онда 

большевиктер идеологиясы сияқты біржақты болып кетеді. онда 

реализмді тым қарапайым түсінеміз.

Ал, енді қазіргі әдебиетшіге қандай талап қою керек дегенге 

келсек,  біз  қазір  капиталистік  қоғамды  құрып  жатырмыз.  Бізде 

қазір  әр  түрлі  әлеуметтік  топтар  пайда  болды.  Кедей  топ  бар, 

одан сәл тәуірірек топ бар, орташа топ бар, сәл бай топ бар, бай-

ып  кеткен  топ  бар.  осылардың  әрқайсысының  өз  эстетикалық 

талғамы  бар.  Кеңес  кезінде  жалпыға  бірдей,  біртұтас  ортақ 

мәдениет  дейтінбіз,  өйткені  ол  кезде  адамдардың  бәрі  орташа 

күн көрді. Бай да жоқ, бишара кедейі де жоқ. Ал, қазір әр түрлі 

әлеуметтік топ әр түрлі талап қояды. Сондықтан жазушы да, дра-

матург  та,  кинорежиссер  де  өз  шығармасын  жұртшылық  қалай 

бағалайтынын,  қалай  қабылдайтынын  білуі  керек.  Әйтпесе,  ол 

шығарма халықтың арасына таралмайды. Мысалы, Абай атындағы 

опера  және  балет  театрында  шетелдік  өнерпаздардың  туынды-

лары, тіпті өзіміздің опералар қойылып жатады. оған елдің бәрі 

бармайды ғой. Біреуі түсініп, бірі түсінбейді. Ал, енді әзіл-сықақ 

театрлары қойылым қойса немесе айтыс болса көпшілік барады. 



302

осыдан-ақ,  мына  жақтағы  талғам  басқа,  ана  талғам  басқа  екені 

көрініп тұр. Кинода да сол. демек, әрбір автор өзінің көрерменін, 

өзінің  оқырманын  біліп,  соған  арнап  жазса  шығармасы  өтімді 

болады. Мысалы, бір кезде жазылған Сафуан Шаймерденовтың 

«Инеш»,  Әзілхан  нұршайықовтың  «Махаббат,  қызық  мол  жыл-

дар»  романдарын  алайық.  осылардан  кейін  студенттердің 

өмірін  суреттеген  үлкен  шығарма  жоқ.  Қазіргі  студенттердің 

тіршілігін бейнелеген шығарма жазылса, жас өскін оқырманның, 

көрерменнің қатары көбейе түсер еді. Сондай-ақ, әскери боры-

шын  өтеген  жауынгерлердің  талабы  бөлек.  түрмедегінің  де  та-

лабы  өзгеше.  Базар  жағалаған  аналарымыз  бен  жігіттердің  де 

сұранысы, талғамы басқа. Сондықтан бізде жазылған кереметтей 

үлкен шығармаларды осы топ өкілдері қабылдай ма, қабылдамай 

ма?  Сол  маңызды.  Бір  кезде  «халық  түсінуі  керек,  халыққа 

жетуі  керек»  деген  ұран  болды,  енді  қазір  «өнер  мен  әдебиет 

түсінікті  болуымен  қатар,  оларды  түсіне  де  білу  керек»  деген 

шартты ұстанғанымыз жөн. ол үшін не істегеніміз дұрыс? Әрбір 

топтың сұранысын, талғамын біліп отыруымыз керек. Мәселен, 

Еркеғали  Рахмадиевтың  «Алпамыс»  операсына,  болмаса  «Абы-

лай хан» операларына жоғарғы өнерді түсінетін адам ғана бара-

ды.  Басқа  қарапайым  қазақ  бармайды.  демек,  біздің  әлеуметтік 

топтарымыздың  бөлініп  кеткені  соншалық,  біздің  мәдениетіміз 

қазіргі  шақта  біртұтас,  біркелкі  емес.  Әр  топтың  өз  мәдениеті 

бар.  Әдебиетіміз  де  бірте-бірте  соған  келеді.  тарихи  романнан 

жеріп,  жаңа  үрдістегі  туындыларға  ден  қоярымыз  анық.  ондай 

шығармалар жазылып та жатыр. тек дұрыс түсіне білуіміз керек.

Біздің әдебиетке деген көзқарасымыз әлі бұрынғы. Әдебиетке 

«түсінікті  болсын»  деп  шарт  қоймауымыз  керек.  Мысалы, 

Мұхтар  Мағауиннің  «Жармақ»  деген  романын  біреу  түсінді, 

біреу  түсінген  жоқ.  Бір  кейіпкер  екіге  бөлініп  кеткен.  Біреуі  – 

Мұрат, біреуі – Марат. Екеуі біріне-бірі қарама-қайшы. Адамның 

ішінде екі адам бар ғой. Бірі – бір ой айтса, екіншісі –басқасын 

ұсынады.  Кереғар  ойлар.  Міне,  осыны  ашып  көрсете  білу  – 

көркем әдебиет талабы. оны дайындығы бар кісі жақсы түсінеді. 

Күнделікті  өмірдің  илеуінде  жүрген  қарапайым  талғамды  адам 

оны керек қылмайды. Сондықтан бұрынғыдай жүз мың дана, елу 

мың  дана  таралыммен  кітап  шығару  керек  болмай  қалды.  Бізде 

қазір  тоқырау  емес,  өмірді  жаңаша  түсіну,  жаңаша  пайымдау, 

жаңаша  түйсіну  процесі  жүріп  жатыр.  Сондықтан  әдебиеттің, 



303

мәдениеттің,  өнердің  міндеті,  мақсаты  өзгеріп  барады.  Енді  бір 

он,  он  бес  жылдан  кейін  біздің  жазушыларымыз  тарихи  ро-

маннан гөрі мына өмірдің ішіне кіреді. Бізде әлем әдебиетіндегі 

шығармалардың ешқайсысынан кем емес классикалық туынды-

лар баршылық. Мәселен, Мағжанның поэмаларын, лирикаларын, 

Жүсіпбектің  «Ақбілегін»,  Мұхтардың  әңгімелерін  айтар  едім. 

Кейінгі  буын  қаламгерлеріміздің  де  жап-жақсы  дүниелері  бар. 

Бұлардың бәрі де көркемдік жағынан, сюжеті құрылымы жағынан 

әлемдік әдебиеттен ешқандай кем емес. Бірақ біз әлі күнге дейін, 

біріншіден  –  тіл  білмегендіктен,  екіншіден  –  аудармаға  көңіл 

бөлмегендіктен  өзімізді,  асыл  дүниелерімізді  таныта  алмай 

келеміз. осы өкінішті. 


304



1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал