Ғылыми жоба тақырыбы: Қазақ батырлар жырындағЫ Әулие-әнбиелер бейнесі мазмұНЫ: Кіріспе



бет11/13
Дата08.11.2022
өлшемі75,49 Kb.
#48431
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Қазақ батырлары жыры әулие әнбие көрінісі

Хызыр, Қыдыр баба - көптеген шығыс халықтарының, сондай-ақ қазақтардың да мифтерінде, фольклорында, діни аңыздарында жиі кездесетін, аты аңызға айналған архаикалық образ. Оның генезисі, тұлғалық сипаты өте күрделі, әлі толық зерттеліп айқындалмаған. Бір ғалымдар Хызыр бейнесін көне архаикалық түсінік көзқарастармен байланыстырып зерттесе, кейбір ғалымдар тек ислам ықпалымен пайда болған деп түсіндіреді. Хызыр туралы әрбір халықтың ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан түсінігі бар. Қазақ фольклорында Хызыр баба [Қыдыр] - ел аралап жүрген ақ киімді, ақсақал кейпіндегі әулие, адамға қамқоршы, бақыт, дәулет беруші, әр түрлі қиындықтардан қорғаушы.
Бабай түкті Шашты Әзіз
Білсеңіздер бұл еді [41, 195].
Жабыла тілеп жалындық,
Жарылқап берді Жаппар Хақ [41, 197].
Жаппар - Алла Тағаланың қасиетті есімдерінің бірі.
Осы үш жырдың әрбір нұсқасын оқып, талдау барысында Батырлар жырының өн-бойы оншалықты өзгеріске түспейтіндігі байқалды.
Енді «Қобыланды батыр» жырындағы әулие-әнбиелер бейнесіне тоқталып өтейік.
«Қобыланды батыр» шынайы тарихи тұлға. Ерліктің символына айналған тарихи қайраткер. Қазақ халқының қаһармандық жырындағы ең танымал батыр, қазақ эпосына кейіпкер болған адам.
«Қобыланды батыр» жырында да дәстүрлі ислам діні, оның ішінде түркі топырағында өркен жайған сопылық ілімнің элементтері көптеп кездеседі. Оны жырдың өзін оқығанда көз жеткіземіз.
Қорыта келгенде, батырлар жырындағы әулие-әнбиелер бейнесі, діни наным-сенімдер мен салт-дәстүрлер арқылы адамзат қоғамы ілгерілейді. Батырлар жырын оқып отырған әрбір адам рухани кемелденеді. Батыр тұлғасының қандай өлшемдермен өлшенетініне жыр арқылы қанығады. Өздерін сол батырлардай болсам, ұқсасам деген алға ұмтылушылық пайда болады. Ал небір әулие-әнбиелер бейнесінің батырлар жырында кездесуі тарихи оқиғалармен де байланысты болғасын, нақты деректер арқылы білеміз.
ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында: «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасының аясында бізге «Дала фольклорының антологиясын» жасау керек. Мұнда Ұлы дала мұрагерлерінің өткен мыңжылдықтағы халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері – ертегілері, аңыз-әпсаналары, қиссалары мен эпостары жинақталады. ... Біздің мәдениетіміздің негізгі сюжеттерінде, кейіпкерлері мен сарындарында шегара болмайды, сол себепті оны жүйелі зерттеп, бүкіл Орталық Еуразия кеңістігі мен барша әлемге дәріптеуге тиіспіз, [48] - деп айтқан болатын.
Кез-келген халық өткенін білмей, болашаққа көз жүгірте алмайтынын ескерсек, батырлар жыры – ұлттық рухымыздың кәусәр бұлағы болып мәңгілікке қала бермек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет