Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


В этой статье рассматриваются научные исследования М.Ауезова по истории литературы



Pdf көрінісі
бет23/71
Дата03.03.2017
өлшемі5,22 Mb.
#7048
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   71

 

В этой статье рассматриваются научные исследования М.Ауезова по истории литературы. 

 

 

This article deals with Auesov’s research work in History of Literature. 

 

М.Әуезовтің 



жиырмасыншы 

жылдардың 

аяғында 

Смағұл  


Сәдуақасовтың    алты  сұрағына    жауап  ретінде    жазған    «Өз  жайымнан 

мағлұмат»  деп  аталатын    өмірбаянында:  «...орыс  жазушыларында  анық 

сүйетінім  Лев  Толстой,    Федор  Достоевский.  Адам  жанын  соларша    қойма 

ақтарғандай    ақтармаған  соң    жазушылықтың    мәні  де  жоқ.    Прозаға 

психологизм  араласпаса, оның  бәрі  сылдыр су жабайының  тақ-тақ жолы. 

Мына  екеуіне  қарағанда    өзің  де  ұяласың,  жан  құдайының  алып  жұртын 

көргендей болып  кішірейіп,  тапталып ұяласың. Жазушылықтың асқары деп  

сүйемін»-  деген    ойларынан    оның  өз  міндетін    ерте  ұғынып,    озық  ойлы  

жазушылардан  үйренетіндігі  мегзеледі.  Ол  жиырмасыншы  жылдарда  

алғашқы мақала, алғашқы әңгіме, алғашқы пьесаларын  жазғанда-ақ  ешкімге 

ұқсағысыз даралығымен, көреген  білімпаздығымен  танылып,  кейде ғылым, 

тарих  халық тұрмысының  қайшылықтарын  жетік білген  ғұлама, данышпан 

ұстаз,  көркем сөздің асқан  зергері  сипатында  бүгінгі дүниедегі ең таңдаулы 

суреткерлер  қатарынан  танылды. «Сондай  білікті, дана, ғалым болып  қалай 

қалыптасты?»  деген сұраққа  жауап іздеп, қазір ғылыми-мәдени  орталыққа  

айналған    «Әуезов  үйінің»    аса  бай  мұрағаты    мен    жеке  кітапханасына  

жүгіндік.                                                                                                                                                

Қай заманда да ақыл-ойдың дамуында кітаптың алатын орны  айрықша.  

Ерекше ақыл, ой иелері қашан  да  кітапқа,  өз кітапханасына  айрықша мән 

берген.    Сол  сияқты  М.  Әуезовтің    кітапханасы  түгелдей    бір  бөлмені  алып  

тұр.    Әуезов  те    Ұлықбек,  Дидро,  Шекспир,  Вольтер,  Толстой    сияқты  ой 

алыптарындай    кітапты    көп  оқып,  кітапхана  жасауға  көп  мән  бергендігі 

сезіледі. Осы «Әуезов үйінің»  шырақшысындай болған Талатбек  Әкімовтың 

айтуына  қарағанда,  мұндағы  Әуезовтің  кітаптары  түгел    сақталмаған.    1930 

жылы    Ташкентте    түрмеге  отырғызу  үшін  ұсталғанда    кітаптары  мен  

шығармаларының    қолжазбалары  қоса    тәркіленген  де,  соңынан    солардың  

бір  де  біреуі  орнына  қайтып    келмеді.  Ғылыми-мәдени  орталығында    оның 

кітаптары  кезінде    қазіргісінен    әлдеқайда    көп  болыпты,  текшелерде    екі 

қатардан  тығыз    тұрған  кітаптардың    көбі    ыстық-суықта    бүлінген  cоң, 

қатардан алынып тасталыпты. Солардың ішінде сөз жоқ құндылары да болды.                                                                                                                                                                                       

Қазақ әдебиетінің тарихы жайлы жазуға М.Әуезовті не  итермеледі десек, 

оның өз елінің әдебиет  тарихы  жазылмаған  еді.  Сонымен   бірге  осы 



 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Арынбаева Р. М. Әуезов әдебиет тарихы жайлы

 


 

160 


 

  

кезеңде    ашылған  жоғары    оқу  орындарында    әдебиет  жайлы    мағлұмат 



беруде    оның  тарихын    қозғап    өту  қажет-ақ  болды.    Ол  кезде  орыс 

әдебиетінің    тарихы  зерттеліп,  оқулықтар  болғандығы  белгілі.    1920 

жылдарда    жарық  көрген  «История  русской    литературы»  атты  орыс 

әдебиетінің    тарихы  жайлы  оқулық    оның  қолында,  яғни    қазіргі  Мұхтар 

Әуезовтің    музей-үйіндегі    кітапханасында    болғандығы  жайлы  Талапбек 

Әкімовтің  «Даналық мәйегі» (М. Әуезов  туралы  деректер)  атты кітабында  

айтылған.  «Кітапханасындағы  кітаптар  өз    қалауынша  оңнан    солға  қарай 

орналасқан  ...Бұлардың  арасында    ХІХ    ғасыр  мен    ХХ  ғасыр    басында  

Петербург, Москва, Қазан, Ташкент қалаларында  басылып шыққан  кітаптар 

саны  да  едәуір  дерлік.  Өткен  ғасыр  басылымдарына  Л.Толстой, 

Ф.Достоевский,  В.Белинский, Кольцов, И.Гончаровтың  таңдамалары, толық 

жинақтары  Шопэнгауэр,  Муравьев,  Катанов,  академик  Граттың    кітаптары 

мен    «Записки  восточного  отделения»,  «История  русской  литературы», 

«Древне-славянская  рукопись»,  «Игорь  князь Северский», «Седая  старина  

Москвы», «Сцены  из частной  и  общественной  жизни  животных» сияқты 

жекелеген кітаптар кіреді» [1.9]. ХІХ ғасырдың ортасында орыс әдебиетінің 

тарихын  Д.Д.Благой,  И.П.  Щевлыкин,  Волков,  Кайев,  Кусков    сияқты 

зерттеушілер  қарастырып,  еңбектерді жазса, ХІХ ғасырдың басында  да  П. 

Полевой, Е. Шерр,  Резанов, Бюцев, Р.Б.Брокковой, А.Н. Пыпин  сияқты орыс  

ғалымдары орыс  әдебиетін ғылым  ретінде зерттеп  дамытты. М. Әуезовтің 

оқулығы    шықпай  тұрып,    орыс  әдебиетінің    тарихын  зерттеуде  қандай  

тәжірибелер    болды,    ол  кезде  не  бар  еді?    Деген  сұрақтарға  жауап  іздеу  

барысында    М.Әуезовтің  мұрағатына    үңілуге    тура  келді.  М.Әуезов    қиял 

ойының  шексіз тереңдігін меңзейтін  мол дерек көздері мұрағатында  жатыр,  

егер  жазбаларында  осы  жайларға  көз  салар  болсақ,  онда  оны  оқып  – 

ізденулерінің  қырлары одан әрі   ашыла түседі.   

М.Әуезовтің 

кітапханасында 

әдебиет 

тарихы 


мен 

теориясы, 

фольклорына  қатысты    кітаптардың  қатарында    белгілі  ақын  жазушылар  

өмірі  мен  шығармашылығы    туралы  монографиялар,  зерттеу  еңбектері  де  

мол жинақталған.  

Бұл еңбектерді оқығанда  шығарманың өзіне әсер еткен, көңілін ерекше 

аударған    жерлерге  белгі  соғып  қойған  кітаптарды  да    кездестіруге  болады.  

Ол көбіне сөйлемдер мен  абзацтардың  астын  және сол тұстағы  бос жиегін  

тігінен  сызып, «М»  деген белгі қалдырып отырған. 

М.Әуезов философия, тарих, тіл білімі, драматургия, театр, әдебиеттану, 

фольклор  тағы  да  басқа  ғылымдарға    байланысты    кітаптарды  бір  емес  

әлденеше  реттен   оқыған тұстары жиі кездеседі. Оны бір беттің  өзінен үш 

төрт    түсті  қалам    іздерінің  кездесетіндігін    көрсетеді.  Бұлардың  бір  мезгіл, 

бір  уақыттың  сызулары  еместігін,  әртүрлі  уақытта  қайта  қарап,  есіне 

түсіретіндігі сызу-белгілері  екендігін  байқауға болады. Мұнда  оның  негізгі,    

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Арынбаева Р. М. Әуезов әдебиет тарихы жайлы

 

 



 

161 


  

түйінді сөйлемдердің  мәніне терең үңіліп,  халықтың  салт-сана, әдет-ғұрып  

өзгерістеріне    аса  мән  берудегі    іс-әрекетке    машықтанғанын    аңғаруға 

болады.  

Жалпы  Әуезов   кітапты тек   оқып қана  қоймайды,  қажет жерін ерінбей  

конспекті  түрінде    жазып  отырған.  Оның  қойын    дәптері    мен  жеке-  жеке  

қағаздарындағы жалпы әдебиет, өнер мен ғылым, тарих туралы көзқарастары 

ойдан ойға жетелеп отырады.  

М.Әуезов өмірбаянынан оның Ленинград   университетінде  1923 жылы  

оқығандығын білеміз. Осы жылдарды  М.Әуезов  «Светлая  вершина  русской  

литературы»  атты мақаласында  былай есіне алады:  

«Как человек, для которого  русский  язык  являлся не родным, я еще  в 

пору  обучения  в  русской  школе  страстно  тянулся к  русской  языковой 

культуре.  Я  стал    постигать    богатство    литературы,  языка,    на  котором  

творили  классики, и  воспринял  их как  свою академию. Обучаясь в русском  

университете  в Ленинграде, я с огромным  увлечением  и радостью  открыл  

для  себя  сокровищницу русской  художественной  литературы» [2.306]. 

Осы жолдардан орыс  тіліне  жетік  М. Әуезовтің  орыс әдебиетін қалай  

оқып    білгені,  ол  үшін    академияның  қандай    әсері  болғандығын    байқауға 

болады.  «Әдебиет  тарихы»  еңбегі    М.  Әуезовтің    осы    Ленинградтағы  

университетте    жүріп  еңбек    еткен    зерттеулері    сол  жылдар    жемісі  екені 

белгілі.  1924  жылдан    бұрын  шыққан    орыс  әдебиетінің    тарихы    жөніндегі  

кітаптардың  әрқайсысы  да    ол    үшін    үлгі  боларлықтай    еңбектер  еді. 

Талатбек  Әкімовтің  «Даналық  мәйегі»  [1]  атты  еңбегінде    көрсетілгендей, 

М.Әуезов    әрине,  орыс  әдебиетінің    тарихы    жөніндегі  оқулықтар    мен  

кітаптарды  көбірек    оқып,    ол  жайына  әбден  қаныққан    еді.  Алматыдағы  

Ұлттық  кітапханадағы    орыс  әдебиетінің  тарихы  жайлы  еңбектерді 

қарастырғанымызда  Пыпиннің  «История  русской  литературы»  [3]  атты 

кітабы  қолымызға түсті.  

Сондықтан  1920    жылдарда    орыс  әдебиетінің    тарихы    жөнінде  

жазылған  еңбектер    қандай  үлгіде  жазылады?  Не  мәселе  көтеріледі?    Деген  

сұрақтарға    осы  еңбекті    парақтай  отырып  жауап  табуға  боларлықтай  

материалға  кезіктік.  Сонымен  бірге    орыс  әдебиетінің    тарихын  жазған  

Пыпин  еңбегі    мен    Әуезов  еңбегінде    ұқсастық  та,  айырмашылықтар  да  

баршылық.  

Аталған  еңбегінде    А.Н.Пыпин  орыс  әдебиеті    тарихының    пәні    оның 

қамтитын  материалдары,  әдебиеттің  көркемөнерге  жататындығы,  ол 

халықтық    психологияны      көрсететіндігі    жайында    алдымен  кіріспе    жаза 

отырып,    орыс  әдебиетін  түрлі  кезеңдерге  бөле  қарастырады.  І  бөлімде 

орыстардың  халықтық  дамуының  тарихи  жағдайларына  тоқтала  отырып,  

Мәскеу бірлестігі  мен оның  Батыс елдермен  мәдени байланыстары  

жөнінде 


де көптеген мәліметтер  жазылған. ІІ бөлімді «ежелгі орыс жазуларының үлгілері

 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 



 

Арынбаева Р. М. Әуезов әдебиет тарихы жайлы

 

 



 

162 


  

деп»  атай  отырып,    мұнда  халықтың    орта  жағдайы,    тайпалық  қарым-

қатынас, тілдік қарым-қатынас  жайында,  дінді қабылдау  мен  халықаралық  

қатынастар  жайын да қамтып жазады.  М.Әуезов те  қазақ әдебиеті  тарихын  

пән  ретінде  ала  отырып,  оның  мақсат-міндеттерін    айқындап  алған    соң, 

тайпалық    өмірінен    бастап    сипаттап  жазады.  Бұл  жағынан    алғанда    екі 

кітаптағы  жалпы үлгі  ұқсастықтарын  байқауға болады.  

«В  общей    сложности    вопросов    выступала  наконец    существенная  

сторона  всякого  литературного  развития, - особенность  племенная, и опять  

в  связи    с  широко  поставленными    историческими    интересами,    наука,    с  

новыми    точками  зрения,  обратилась    более    настойчиво,  чем    когда–либо 

прежде, к исследованию литературе  национальных» [3]. 

Пыпин    қайсыбір  елдің  тарихы    тайпалық  кезеңімен    байланысты   

алынатынын  көрсете    отырып,    халықтық  және  қоғамдық  өмірді    әдеби-

тарихи    зерттеулерге  бұрынғыдан  да    көп  мәселелердің    кіретінін  ескеріп, 

Вильгельм    Гумбольдттың    филологияны  халық  өмірінің    рухани  тарихы 

деген    кең  мағынада    түсінетіндігін    айтады.    Кезінде  неміс  ғалымы    Паул  

1889  жылдары    бүкіл    ғалым  атаулылардың    басын  қосар    германдық  

филология деген мағынаны  түсіндіргендігін  айта отырып, әдебиет  тарихы 

осы    жалпы  ғылымның    бір  саласы    екендігін  көрсетеді.    М.Әуезовтің  

«Әдебиет    тарихы»    оқулығында  көрсетілген    әдебиет    тарихының    міндеті  

мен  қолданылатын    жолы    туралы  ойлары    неміс  ғалымы    Паул  ойларынан  

туындаған    өзара  сабақтастығы    сезіледі.    Паул    біртектес    герман    тобына  

жататын  тілдер  бір тайпалық  кезеңнен  бастау алып тарағандықтан,  оларды 

өзара  байланысты  етіп зерттеуді  ұсынса, Әуезов оның  сөзін қайталамайды, 

бірақ  ол жөнінде былай  дейді: «Кейінгі  Жәнібек, Керей, Қасым, Хақназар 

хандардың  тұсында қазақ бірігіп  жасаған рулар, ескі уақытта, әлгідей қазақ 

хандығы, ноғайлы,  өзбек бірлігінің  бәріне де кірісіп, бірталай өмір  жасасып 

шыққан.  Осы кітаптың ішінде тексерілетін батырлар  әңгімелерінің  барлығы  

жаңағы айтылған пікірге ел әдебиетінің берген дәлелі, белгісі сияқты болады.  

Бұл сөздер – біздің елдің  жалпы тарихына  жанасатын  сөздер» [4.17]. 

М.Әуезов  ақын  өмірін,  соны    туғызған  елінің    өмірімен  қоса 

қарастырады.  «Ақын өмірін жалғыз  ғана туғызған  елін алмай,  барлық  сал 

мен    ақынды  түгел  туғызып    отырған  ұлтымен    алып  қарастырады»  -деген  

ойларымен    жоғарыдағы    пікірді  жетілдіре    түседі.    Ақынның  айшықты  

сөздері оның  әдебиетін  туғызған  ұлтымен  одан әрірек  барғанда  өзі тектес  

бір тұқымдас  халықтың таптық  өмірінен  бастау  алатынын терең  түсінген.  

«Әдебиет    тарихы»    кітабының    «Сөз  басы»    аталатын    бөлімде    тағылық 

тұсындағы      отаршылдық    дәуір;  ана  қожалығы    жүрген    дәуір,  ата    ру 

қожалығы    жүрген    дәуір;  мемлекет  негізі  құрылған    дәуір  деген    атаумен  

халқымыздың  тайпалық  кезеңін  дәуір–дәуірімен   қамтып,  сауда  мен  өнер 

артқан  кәсіптің  қалай шыққанын  айта кетеді.  



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Арынбаева Р. М. Әуезов әдебиет тарихы жайлы

 

 



 

163 


  

Осы  кітаптың    «Қазақ    ескілігінен    аз  мағлұмат»  атты    бөлімінде   

М.Әуезов  қазақ ескілігінің  жазу күйінде сақталып қалған белгісі жоқ  екенін 

айта  отырып,    қазақ  елінің  ішкі    өмірінен екі  үлкен    дәуірге  бөледі.    Бұның 

біреуі  –  ісләм    діні  кірген    соңғы    мезгіл.    Екіншісі  –  содан  арғы    дәуір  

екендігін айтып, осы  дәуір жайында  мәлімет те аз, себебі мұсылманшылық  

одан  бұрынғы    сенім-нанымға    қарсы    алысуда,  сондықтан  жылдан-жылға  

ескілікті    еске  түсіретін    нәрселер  жоғалып    баратынын  ескертеді.    «Қазақ  

тарихы,  әдебиет    тарихы    сияқтыларды    тізу  қиын.    Әуелден  алыс  жерден   

бастауға  болмайды.    Әуелі  өзімізге    таныс  бері  заманнан    бастау  керек.  

Ізденушілер    көбейіп,  табылған  ескіліктің  жұрнақтары  көбейген  соң,    сол 

бұйымдардан құрап қолға таяқ алып, ескілікті ерте заманға қарай  тереңдетіп, 

жылжи беру керек» [4.20]. 

Ал  Пыпин  өз еңбегінің  «Начатки  древне-русской  письменности» атты  

екінші  бөлімін орыс  халқының христиан  дінін қабылдау  кезеңіне арнайды.  

Сол  кездегі    Византияның    әсерін    айта  отырып,  христиандық    ағарту 

саласындағы  Владимир мен  Ярослав князьдарының  еңбегі мен  мектеп және 

ежелгі  жазба ескерткіштер:  діни  және  діни емес  әдебиеттерге  тоқталады. 

Мұнда жазу мен  әдебиет  дінмен  тығыз байланысты дамып отырғандығын  

аңғаруға  болады.  М.Әуезовтің  әдебиет  тарихын  халық  тарихымен  

байланысты қарау  үшін  дінді  әңгімелеу себебін  осыдан  түсінуге болады.  

Бірақ  М.Әуезов    орыс  әдебиетінің    тарихын  тек  үлгі  ретінде    ұстанып,    өз 

шешімдері  мен    ойларын  еркін  баяндаған.    Пыпин    бұл  еңбегінде    орыс 

халқының    ІХ    ғасырдан  бергі    өмірі  жайында      әңгімелей  отырып,  әр 

ғасырдағы жылнамаларға  егжей-тегжей  талдау береді.  

Осы  еңбегінің    үшінші  бөлімінде    Оңтүстік  орыстар    өмірі,    олардың 

тұрмыстық  жағдайлары  және    Киев  Русі    туралы  сол  кездегі    көзқарастар 

жайлы  ой қозғайды.  

Жалпы    бұл  еңбекте  халықтық  поэзияның    ежелгі    жұрнақтары  жайлы  

айтылып,  «Слово  Христолюбца»,  «Слово    о  полку    Игореве»  атты 

ескерткіштер    туралы    да,  Алеша  Попович  батырлар    жайлы  да  пікірлер 

қарастырылады.    Эпос  батырларының    аттары:    Владимир,  Илья,  Добрын, 

Алеша  Попович    Киев  ежелгі    ескерткіштерінде    де,    жылнамаларда  да  

кездесіп отырады. ХІV ғасыр жазбаларында «Слово Хистолюбца» айтылады, 

демек оның  одан да  бұрын жазылған  ескерткіш екендігіне күмән жоқтығын  

Пыпин  дәлелдеп  береді.    Сонымен  бірге    батырлар    жыры  циклі    бір  оқиға 

емес  арасы  алшақ    бірнеше    оқиғаларды,  тіпті  сол  ғасырларда    болған 

оқиғалардың  бәрін де қамтығанын  айта отырып,  елі мен  жерін  қорғаған 

Владимир    батыр  жыры    циклінің    осылай  жинақталғанын    айтады.  

Жылнамаларда  айтылған    князь    Владимир  онымен    байланысты    екенін, 

батырлардың 

жиналған  орталығы да бола алған  осы князь екенін  де ескертеді.

 

Ал  ежелгі  эпикалық   формасын   жоғалтқан   кейбірі   батыр  туралы   халық 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Арынбаева Р. М. Әуезов әдебиет тарихы жайлы

 

 



 

164 


  

сүйетін  ертегіге айналады. Сөйтіп мифологиялық мектептен  өткен ертегіде  

Илья  Муромецтің  қиялдан туған бейнесі  жасалады деген. Миллер ойына  да 

Пыпин баса назар аударады.  

 Одан  әрі  бұл  жөнінде    салыстырмалы  тарихи  зерттеу    жүргізген    Всев. 

Миллер    қорытынды  жасады.    «Народный  эпос    всякого    исторического  

народа  есть  по  необходимости  международный» [3. 172].  

Бұл  жөнінде  Пыпин    де    өз  пікірін  айтты:  «Киевском  эпосе    именно  

слышиться    соприкосновение    эпохи  оседлого  поселения    с    эпикой  

кочевников,  вполне отвечавшее  историческим  и географическим  условиям,  

среди которых  развивалась древняя  былина. Если, по народному  понятию,  

песня  есть  быль, то это  былое  прожил  русский  народ  в течение  многих  

веков  бок о бок  с  тюркскими племенами,  в теснейших  сношениях военных  

и мирных»[ 3.172].  

 Мұнда ол  бұл  шығармалар  алдымен  Русьте  туындап,  сосын ағайын 

казахтарға    тарады  деген    болжау    айтады.    Дегенмен    Илья  Муромецтің  

Иранның    ең  алғашқы    батыры    Рүстемге    ұқсастығы    туралы    Миллер  

айтқанда   қайсысы алғашқы  екендігі  беймәлім.  

Міне,    осы  ойлардан    славян    тайпаларының    көшпенді  тайпалармен  

ежелден–ақ    көршілес  болғандығы    айқындалады.    Біздің  қазақ  ауыз  

әдебиетімізде  бар жанрлардың  орыс халық әдебиетінен  табыла  кетуі оны  

дәлелдей  түседі.  Қазақтың  ежелгі    батырлар  жырында    оларды    «кәпірлер» 

деп  атаса,  орыс  батырлар  жырында    бізді    көшпенділер  (кочевники)    деп 

көрсеткен екен.  

Қорыта келгенде, Пыпин бұрын қалыптасқан орыс әдебиетінің  тарихын  

жазып,  бір жүйеге келтіру  мақсатында  жұмыс істесе, М.Әуезовтің алдында  

халқының  бұрын    қалыптаспаған    әдебиетінің    тарихын  жасау    мақсаты  

тұрды.  Ол өз мақсатын  орындау үшін  барын салып әрекеттенді.  Сондықтан 

М.Әуезовке    қазақ  әдебиетінің    тарихын  қалыптастырушы    ретінде  

қарағанымыз  орынды.  

М.Әуезовтің  мына ойлары  толғандырады:  

«На    жизненном    пути  человека  есть  перевалы,    с  которых    глубже  и 

прониковеннее    познается    окружающий    мир,  красота  и  поэзия,  любовь  и 

вера    в    человеке.  Для    меня    таким    перевалом    явилось  сердечное,  круто  

изменившее  всю  мою  жизнь  знакомство  с русской  литературой» [2.306].  

Көрсетілген  еңбектерден    үлгі  алған    М.Әуезов    қазақ  әдебиетінің 

тарихын  зерттеу үшін  оны жинаушы, әрі  ол жөнінде  алғаш болып  пікірін  

айтып,  қазақ әдебиеті тарихын  жасаушы да,  оның бас-аяғын  жинастырып 

қиыстырушы  да өзі болды. Жекелеген  еңбектерде  М.Әуезовтен кейін  30-

жылдарда    әдебиет  тарихы    жайында    мәліметтер  бар.    Дегенмен,    әдебиет 

тарихының  қажеттігі   қазақта  жасалмағанын   алғаш    байқаған    М.Әуезов 

осы 


соны жолды жасау   қиыншылығын  да өз мойнымен  көтерді. Ғалымдардың,

   


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2010 

 

Арынбаева Р. М. Әуезов әдебиет тарихы жайлы

 

 



 

165 


  

әдебиетшілердің    30  жылдарда    бұл  соны    жолды  қолдап,  әдебиет  тарихын 

зерттеуге бармағандығын М.Әуезов көрген  қиыншылықтарымен  түсіндіруге  

болады.    С.Сейфуллин,  С.Мұқанов    кітаптарынан    әдебиет  тарихының  

зерттеу  жолы байқалады. Бірақ  олар  белгілі бір  ғасырлар  жайында  ғана 

ойларын  білдіреді.  Тұтастай қазақ  әдебиетінің  тарихы деп атаудан  аулақ 

болады.    Себебі,    бұл  соны    жол-    қазақтың  басынан    өткен  қиыншылығын  

қозғайтын,  тарих  шындығын    айқындайтын  тақырып.  Оны  айналып  өтіп, 

жанамасын  ғана    оқып    білгеніміз    өкінішті-ақ  .  Тарихты  да  осыншама  

бұрмалауға,    бүкіл  халық    көзін  байлауға    болатыны    таң қалдырады.   Отар 

елдің  халқы  түгіл  тарихы да осылай  бұрмаланғандығын  өзге елдерден де  

байқауға болады.   

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Әкімов Т. Даналық мәйегі (М.Әуезов туралы деректер). Алматы: Ана тілі, 1997. 189 б. 

2.

 



 Әуезов М. 20 томдық шығармалар жинағы. 20-том. Алматы: Жазушы, 1985. 495 б. 

3.

 



Пыпин А.Н. История русской литературы. 4-е изд. 1-том. Древняя  писменность. 1911. 

4.

 



Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы: Ана тілі, 1991. 240 б. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 



 

 

Н.Н.ИМАНБЕКОВА 

 

166 


А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің  ізденушісі 

 

ҚАРАУЫЛБЕК ҚАЗИЕВТІҢ АДАМ ОБРАЗЫН 

 ЖАСАУДАҒЫ ШЕБЕРЛІГІ 

 

 



Статья  посвящена  о  мастерстве  создания  человеческого  образа  в  произведениях 

Карауылбека Казиева.  

 

The article is devoted to creation skill of a human character in Karauylbek Kaziev's work. 

 

Әрбір  ақынның  немесе  жазушының  оқырман  алдындағы  беделінің 

үстем болмағы оның көп жасағандығына не көп жазғандығына, яки көп кітап 

шығарғандығына  байланысты  емес,  өз  оқырмандары  ләззат  аларлық,  оқи 

отырып, өзі де түлеп өсерлік құнарлы да құнды шығарма бере алғандығында. 

Көркем  сөзді  сүйіп,  қадірлейтін  көпшілік  қауымның  құрметіне  бөленген, 

өзінің осынау бір қысқа ғұмырында аз жазған, аз  жазса да, саз жазған аяулы 

қаламгер жазушыларымыздың бірі – Қарауылбек Қазиев. 

Қарауылбек  Қазиевтің  әңгімелері  тез  оқылады,  тез  әсер  етеді. 

Кейіпкерлері  бір-біріне  ұқсамайды.  Сөйлеген  сөздерімен,  іс-әрекеттерімен 

жадыңда  бірден  қалып  қояды.  Әңгімелерін  оқып  отырып  автордың  ауыл 

адамдарының психологиясын, ауыл өмірін жетік білетінін аңғарасыз. 

Жазушы  көтерген  мәселе  –  тақырып  қаншама  толғағы  жеткен 

өзекжарды,  соншалықты  қоғамдық,  адами  тұрғыдан  мәнді,  маңызды 

болғанымен, ең бастысы – туындыда белгілі бір әлеуметтік орта, уақыт, заман 

шындығына  сай  адам  тұлғасы  (мінезі,  іс-әрекеті,  ой-толғаныстары, 

өзгелермен қарым-қатынасы) айқын танылмаған жағдайда тақырып та өзінің 

толық  көркемдік  шешімін  таба  алмайды.  Өйткені  «адам  бар  жерде  өмір 

бар»деп  Белинский  бекер  айтпаған.  «Әдебиет  –  адамтану  ғылымы»  деп 

М.Горький  айтқандай,  көркем  туындылардан  алдымен  іздейтініміз  адам 

болмысы,  адамға  тән  қуаныш,  мұң...  Тіпті  бұдан  да  кеңірек  қарасақ, 

В.Кожинов  айтқандай,  шынында  да  «көркем  шығармашылық  дегеніміз  – 

образдармен ойлану». Бұл – сөз өнері, жалпы көркемөнер үшін де дәлелдеуді 

қажет етпейтін ақиқат. 

В.Г.Плехановтың  «Публицистің  ойын  логикалық  қорытындылардың 

көмегімен дәлелдейтіні  секілді  суреткер  де  өзінің  идеясын  образдар  арқылы 

бейнелеп танытады» - деп айтқаны өте орынды. Шығармадағы адам тұлғасы, 

яғни  кейіпкер,  демек,  қаламгердің  идеялық-эстетикалық  мұратын  көркем 

танытушы. 

Шығармада  өмір  –  болмыстың  қайталанбас  әрі  естен  кетпес 

көріністерінің  көркем  танылуы,  оқырмандарға  жасар  эстетикалық  әсер-

ықпалы  алдымен  сол  туындыдағы  адам  тұлғасының  суреттелу  шеберлігіне 

тікелей қатысты. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет