Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010



Pdf көрінісі
бет24/71
Дата03.03.2017
өлшемі5,22 Mb.
#7048
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   71

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Иманбекова Н.Н. Қарауылбек Қазиевтің адам образын жасаудағы шеберлігі

 

 



  

 

167 


Адам  бейнесін  көркем  мүсіндеу,  оны  құдірет  иесі  –  адамға  тән  алуан 

қырларымен  жан-жақты  даралап,  тірі  бейне  етіп  көрсету  –  таланттың  ғана 

үлесі.  Атақты  сыншы  Н.А.Добролюбов  дәл  айтқандай,  «жазушы  талантына 

екі  түрлі  өлшем  бар: бірі  –  өмірді кең қамтып суреттей  білу,  екіншісі  – көп 

қырлы  да  өміршең  образ  жасау».  Бұл  екі  өлшемнің  бірінсіз  бірі  таныла 

алмайтындығын, көркемдік деген құпиясы мен кілтипаны көп көрікті әлемнің 

бұл талаптарсыз ұғынылмайтынын тәптіштеп жату артық та болар. 

Көркем  әдебиеттің  ғылымнан  айырмашылығы  оның  образдық 

сипатында. Әдебиеттану ғылымының анықтауы бойынша, ғылым белгілі өмір 

құбылыстарының  сырларын  дәлелдеу,  баяндау,  хабарлау  арқылы  танытатын 

болса,  көркем  әдебиет  оның  бірін  де  істемейді,  ол  өмір  құбылыстарын 

бейнелейді,  суреттейді,  образ  арқылы  көзге  көрсетеді.  Көркем  әдебиетте 

образ жасаудың жолдары көп. Ал, Қарауылбек Қазиев – образ жасауға шебер 

жазушы. 


Суреткердің «Олар екеу, мен жалғыз...» шығармасында: «Мен Гүлзаттың 

бейнесін  көз  алдыма  әкелдім.  Ұшы  сүйірлеу  қырлы  мұрны,  мұңға  бейімдеу 

ұялы көздері, желкесіне түюлі жүретін қара шаштары қасымнан көрінгендей 

болды» - деп,  Гүлзаттың бейнесін сомдайды [1.49]. 

Кейіпкер  бейнесін  дәлме-дәл,  ұтымды  түрде  суреттеу  жазушының  сөз 

қолданыс шеберлігін, өзіне тән өзгешелігін білдіреді. Оқиғаны немесе белгілі 

бір адамға қатысты жағдайларды сөз еткенде ондағы қатысушы кісінің киген 

киімі,  жүріс-тұрысы,  әдеттері  толықтай  қамтылатындығы  да  белгілі.  Демек, 

кейіпкер  бейнесін  берудегі  жазушы  шеберлігі  оның  өзіне  тән  стильдік 

ерекшелігін  әрі  көркем  шығарманың  өзегін  айқындайды.  Бұл  пікірге  дәлел 

ретінде  тіл  зерттеуші  ғалымдар  К.Еңсебаева,  Г.Сәрсекенің  еңбектерін 

алуымызға  болады.  К.Еңсебаева  көркем  әдебиеттегі  тілдік  ерекшелікке  баса 

назар  аударып,  жазушының  стильдік  даралығына  бағалау  береді:  «Кейіпкер 

сөзі  жазушының  жеке–дара  баяндау  стилінің  ерекшелігін  ғана  айқындап 

қоймайды.  Ол  –  кейіпкердің  мінез-құлық  қырларын,  көзқарасын, 

психологиясын  ашатын  бірден-бір  көркемдік  амал.  Персонаж  сөзі  – 

кейіпкердің жан әлемін ашатын шығарманың көркемдік кестесінің ажырамас 

бөлігі» [2.68].  

Қ.  Қазиев  шығармаларында  кейіпкер  бейнесін  сомдауда  жиі  кездесетін 

ерекшелік – кейіпкердің сыртқы  киімін суреттеу арқылы киім киіспен қабат 

кейіпкер  мінез-құлқын  да  қамти  кететіндігі.  Бұл  автордың  өзіндік 

шеберлігінің бір қыры болса керек. 

Жазушы  кейіпкер  бейнесін  көрсетуде  суреттеу  тәсілін  көп  қолданған. 

Суреттеу тәсілін тіл зерттеушілері портрет деген атаумен қолданып жүр. Ал 

портреттің  кейіпкер  бейнесін  сомдаудағы  қызметі  екі  түрге  бөлініп 

қарастырылғаны  әдебиет  теориясында  талқыланған  [3.32].  Портреттің  әдеби 

теориядағы түрлері ситуациялық және жалпы портрет болып бөлінеді.  

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Иманбекова Н.Н. Қарауылбек Қазиевтің адам образын жасаудағы шеберлігі

 

 



  

 

168 


Жалпы  портретте  сомдалған  бейненің  сыртқы  көрінісі,  өзіндік  сипаты 

суреттелсе,  авторлық  ситуациялық  портрет  арқылы  кейіпкердің  ішкі  жан-

дүниесін  ашады.  Жазушы  шығармашылығындағы  портреттің  озық  үлгісі 

төмендегі  жолдардан  көрініс  табады.  «Қадиша»  әңгімесінде  Қадишаның  

ситуациялық  портретін  келесі  жолдармен  шебер  суреттейді:  «Тегінде 

Қадишада  жаттық  деген  болмаушы  еді.  Бәрімізге  ашық,  жарқын  қабақпен 

қарап, жаңа ашылған балапан гүлдей таза күлкісін аямай-ақ үлестіріп жүрді. 

Соның өзін  көңілімізге шырақ көріп, әлденеге ынтығып, Қадиша маңайынан 

шықпайтынбыз.  «Қай  жігіттің  жұлдызысың»  деген    жазуды  әр  үміткердің 

жанарынан оқуға болар еді» [4.42]. 

Ал  төмендегі  жолдарда  Қадишаның  жалпы  портреті  суреттеледі:  «Орта 

бойлы,  қара  торы  жүзінде  үзілмей  келіп  тұратын  қуаныш  иірімі  тәріздес 

ілтипатты  жарқырау  бар.  Бетіндегі  жұқа  қызылы  нәзік  биязылықтың  лебін 

ескендей білінбей үлпілдеп, бар ажарын жайнатып тұрады. Күлкісі де өзгеше:  

уақ  тістері  көрініп,  бір  түрлі  іштартқандай  болушы  еді.  Шымқай  қоңыр 

көздері ішінде жас бар сияқтанып, мейіріммен  мөлдірейді» [4.41]. 

Қ.Қазиев  қаламынан  туған  шығармалар  өзінің  сыршылдығымен, 

шұрайлы  тілімен,  әдемі  айшықты  өрнегімен  көңілге  қонып,  көкірекке 

ұялайды.  Қарапайым  адамдардың  бейнесі,  солардың  күйініш-сүйініші, 

адамшылық келбеті – жазушы қаламынан туған шынайы әңгімелердің негізгі 

арқауы. 

 

Жалпы, Қарауылбек Қазиевтің шығармашылығында, оның ішінде әңгіме-



повестерінде  диалог  көптеп  кездеседі.  Автор  өмір  оқиғасын,  кейіпкерлердің 

іс-әрекет,  бейнелерін  айқындай  түсуде,  ең  негізгісі  қаламгер  қолтаңбасын 

танып түстеуде көп көмегі бар. Демек, диалогтың көркем туындыда орны да, 

қызметі де зор. 

Тілші  ғалым  Х.Кәрімов  диалогтың  түрлерін,  көркемдік  қызметін  жан-

жақты ашады: «Көркем шығармаларда кездесетін диалогтың басты қызметі – 

адам  образын  жасау.  Өйткені,  диалог  адам  арасында  өмірде,  тұрмыс-

тіршілікте 

кездесетін 

сан-қилы 

іс-әрекетті 

бейнелеп, 

кейіпкерлер 

репликалары  арқылы  бір-біріне  ықпал  етіп,  адам  мінезінің  нақты  түрде, 

нанымды түрде ашылуына көмектеседі»-десе [5.41]. Ал, К.Еңсебаева «Диалог 

– образ жасауда шешуші фактор. Кейіпкерлерді есте қаларлықтай етіп беру – 

сәтті  диалогтың  жемісі»-дейді  [2.41].

 

М.Бахтиннің  «жанрлар  мен  көркем 



шығарманың ішкі диалогтік сипатының арасындағы байланыс» [6.90] 

 

туралы 



теориясы  бойынша  «жанр  –  жазушы  мен  оқырман  арасында  дәнекерлік» 

қызмет атқарады десек, повесте басқа жанрларға қарағанда автор – оқырман 

арасында  диалог  жүреді  деп  айтуға  болады.  Бұл  жерде  мәселе  автордың 

кейіпкерлер  арқылы,  олардың  тағдыры,  өмірлік  ұстанымдары  арқылы  өз 

идеяларын  оқырманға  жеткізуінде  емес,  оқырманның  диалогқа 

қатысуында, 

яғни  повесть  жанрында  жазған  жазушы  оқырманнан  аналитикалық,  сыни 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Иманбекова Н.Н. Қарауылбек Қазиевтің адам образын жасаудағы шеберлігі

 

 



  

 

169 


көзқарасты, өзіндік ойлау жүйесін қажет етіп, көтерген мәселелерін шешуде 

белгілі  бір  дәрежеде  ынтымақтастықты  тілейді.  Бұны,  біріншіден, 

оқырмандарды  кейіпкерлер  тағдырына  ортақтастыратын  тәсіл  болса, 

екіншіден,  оқырманды  ойға  бөлеп,  белгілі  бір  мәселеге  көзқарасын 

қалыптастырады. Романмен салыстырғанда повеске жанды диалог тән болып 

келеді. 


Қаламгер  толыққанды  тұлға  жасау  үшін  тек  мінездеу,  кейіптеу, 

баяндаумен  шектеліп  қоймайды.  Онда  ішкі  монолог  та,  диалог  та,  тіпті 

пейзаждың өзі де образ ашуда көп міндет атқарады. Қаламгер - диалог құруға 

шебер.  Шеберлік  –  шексіз.  Жазушы  образ  жасау  жолында  үнемі  ізденісте 

болуы  керек.  Шеберліктің  түйіні  суреткердің  өз  жан  дүниесіндегі  сезім  мен 

сырды  өзгенің  ой-санасына  мейлінше  әсерлі,  сұлу  жеткізу,  ұтымды  әрі  дәл 

дарыту болып табылады. 

«Ақ  бантик»  әңгімесінде  диалог  құру  арқылы  кейіпкерлердің  образын 

шынайы  суреттегеніне  көзімізді    жеткіземіз.  Мұнда    он  жыл  білім  нәрімен 

сусындаған  екі  жасөспірімнің  мектеп  қабырғасындағы  соңғы  түні 

суреттеледі:  «Жігіт  қолындағы  кесек  тасын  қою  ағынға  лақтырып  жіберді. 

Майша созылып, тұтас аққан өзен суы «шолп» ете түсіп, кілегей тыныштық 

дір-дір  етті.  Қыз  бейқам  отырғандықтан  оқыс  дауыстан  сескеніп,  жігіт 

білегінен ұстай алды: 

-

 

Қорқытпағын мені! 



-

 

Сен батыр емес пе едің қазір? 



-

 

Мен қорқақпын...  



Қыз жігіт құшағына тығыла түсті...». Осы бір шағын үзіндінің өзінен-ақ

 

үлкен  өмір  табалдырығынан  енді-енді  аттағалы  тұрған  жастар  бейнесі 



суреттеледі.  Олар  әлі  де  тым  жас,  тым  ұяң,  аузын  ашса  көмейі  көрініп 

тұратын ақпейіл, жүректері әлі де қалам ізіне түспеген аққағаздай. Тірліктің 

соқпақ-сүрлеулері  әлі  мұнда  әжімін  түсіре  қоймаған.  Екі  жасөспірімнің 

өздеріне ғана тән наз-қылық кімнің болмасын жүрегін дір-р еткізе түседі.  

Автор өз әңгімесін мына жолдармен аяқтайды: «Ұйқылы ауылдың әрбір 

жерін тескілеп түнгі қораз да айқайлады, күн күркірінің даусы естіліп, бірте-

бірте жақындай түсті.  

-

 



Ағаш түбінен бір нәрсе қарадың ба? 

-

 



Еш нәрсе қарағам жоқ. 

-

 



Ал анау, ағарған не? 

-

 



Ол менің бантигім, әдейі қалдырдым..! 

Қыз  көзіндегі  моншақ  жастарды  жолдасы  байқаған  жоқ.  О  жер  тиіп, 

сирек  тамшылаған  түн  жаңбыры  себелей  бастады.  Найзағай  жазулары  тіпті 

жақыннан  жылтылдап,  ирек-ирек  ұшқын  ойнатты.  Қыз  алысқа  шығып, 

орнына  қарады.  Қараңғыда  ағараңдап,  көмескі  жұлдыздай  ақшылданып 

көрінген   ақ   бантигі әлсін-әлсін   алыстай  берді...».  Бұл   жолдардан   кейін  



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Иманбекова Н.Н. Қарауылбек Қазиевтің адам образын жасаудағы шеберлігі

 

 



  

 

170 


«Қарауылбек Қазиев суреттеген кейіпкерлерінің кейінгі өмір жолдары қалай 

болды  екен?»  -  деген  сұрақ  туады.  Бұл  сұрақ  орынды  да.  Жалпы,  кәнігі 

суреткер,  шын  жазушы  сұраққа  жауап  іздемейді.  Егер  жауап  іздесе,  оны 

тауып оқушыға ұсынып жатса, ондай шығарманың көркемдік құны төмендеп, 

оқушы  үшін  қызықсыз  боп  қалар  еді.  Жазушы  дәрі-дәрмек  жасайтын 

провизор,  не  фармацевт  емес.  Оның  міндеті  –  сұрақ  қоя  білу,  оқушыны 

ойлануға,  өз  ішіне  үңілуге  итермелеу.  Өзінің  әйгілі  қара  сөздерін  жазғанда 

ұлы  Абай  нақты  жауап  беру  үшін  емес,  мәнсіз,  мағынасыз  тіршіліктің 

басыбайлы  құлы  болып  бара  жатқан,  тек  қазақ  қана  емес,  бүкіл  адамзаттың 

алдына  «қалай,  неге»  деген  сауал  тастайды.  Ал  адамзат  сол  сауалдардың 

бәріне әлі күнге дейін жауап іздеуде. 

Кейіпкерлердің өзін сөйлету, сол арқылы оның жан әлеміне еніп, мақсат-

мұратын  айқындау,  нақтылай  түсу  –  образ  жасауда,  дәлірек  айтқанда  мінез 

даралауда айрықша мәнге ие тәсілдің бірі. Монолог (гр. монос – бір, логос – 

сөз)  –  бір  адамның  сөзі,  толғанысы.  Қ.Қазиев  өз  шығармасында  Қалау 

образын  ашу  мақсатында  кейіпкерін  сөйлетеді.  Мысалы:  «Ең  алдымен, 

осындағы  өзім  онжылдықты  бітірген  мектепке  баруды  жөн  көрдім.  Тал 

жапырағындай  жыбырласқан  күнәсіз  балалықтың  көмескі  шуылы  еріксіз 

жетеледі.  Қызыл  кірпіштен  өрілген,  темір  шатырлы  тапал  үй  сол  қалпында 

екен. Аз ғана еңкіш тартып, пәстене түскендей. Бұрынғы биік, асқақ тұлғасы 

қайтқан секілді. Жүрекке аз кем лүпіл қосылды. Қабырғасына келіп, бетімді 

бастым.  Бұрынғы  жылдары  бұдан  үлкен  жәй  некен-саяқ-ты.  Қазіргі 

келбетінде  басқа  да  биік  үйлердің  бауырына  кіріп,  басыңқы  тартқан  кейіп 

бар.  Ақырын  аймалап,  терезе  жақтауына  таяндым...  Ашық  әйнектен 

желпінген таныс леп бойымды шымырлатты» [7.130]. 

Есейіп,  ат  жалын  тартып  мінген  кезінде  де  шынайы  сезім,  балауса 

қылықтарын сақтай алған кейіпкер қандай бақытты еді. Повесті оқи отырып 

сенің ойыңа да туған ауыл түтіні, ұшқан ұя-мектебің оралады. Сен де бір сәт 

сол кезіңе оттай ыстық мекеннің таныс қабырғаларына бетіңді басып, ақырын 

аймалай, терезе жақтауына жақындағайсың. Сен де бір сәт мына үрпек шаш 

сары баланың қасына отыра қалып, «Тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттерін» 

қайталап оқуға барсың. Сенің де есіңе өзіңмен бір кезде бірге оқыған, «тура 

сен адам болсаң, мен мына мұрнымды шұнтитып кесіп берейінді» мұғаліміне 

талай айтқызған, «осы қызыл көзден құтылар күн туса ғой!»-деп өзіңді де сан 

рет әбігер ойға батырған Ғалымжан тектес қияңқы бала түсер еді.  

Алғашқы  махаббат  сезімдердің  бүршік  жарған,  сол  бір  қиял  ұшында 

сағымдай  бұлдыраған  балауса  көзіңді,  сол  кезеңдердегі  өзіңді,  өзіңнің 

бейкүнә болмысыңды аңсап, сағыныш құшағында тербелерің анық.  

Повесте  қысқа  сюжетті  бірнеше  оқиғалар  авторлық  шеберлікпен  астаса 

қиюласып,      шығармаға     динамизм  

   

дарытқан


.      

Бастауыш    сыныптағы  

қылықтарын, айналасына, өмірге деген көзқарасын жоғары сынып оқушысы,  

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2010 

 

Иманбекова Н.Н. Қарауылбек Қазиевтің адам образын жасаудағы шеберлігі

 

 



  

 

171 


Зина  деген  парталас  қызға  ғашық  «жігіт»  Қалау  шығарма  жазу  үстінде  еске 

алады.  Төменгі  сынып  оқушысымен  жоғарғы  сынып  «бозбаласының» 

арасындағы  психологиялық  алшақтықтың  аса  байқалмайтындығынан  болар, 

оқушының  шығарма-естелігі  соншалықты  шынайы.  Ондағы  оқиғаға 

араласатын әрбір «кішкентай» кейіпкердің есте қалар өзіндік мінездері бар.  

Көркем  әдебиет  дегеніміз  –  К.Маркс  айтқандай,  типтік  жағдайда 

бейнелер  жасау.  Сайып  келгенде,  әдебиетте  адамдар  шынайы  көрінуі  керек. 

Адам  мінез-құлқымен,  іс-әрекетімен,  өмір  сүріп  отырған  табиғи,  әлеуметтік 

ортасымен нанымды түрде бейнеленуі қажет. Көркем шығармада оқушысын 

нандыру  үшін  түрлі  көркемдік  тәсілдер  қолданылады.  Бұл  мақсатына  жете 

алмаған  туынды  шын  мәніндегі  әдебиет  емес.  Бұл  жөнінде  Ғабиден 

Мұстафиннің пікіріне тоқталсақ: «Материал байлығымен де шығарма көркем 

бола  бермейді.  Материалды  жазушы  билеуі  керек.  Жазушыны  материал 

билесе  ой-өрісі  тарылады...  Өмірді  көрсетемін  деп  кейде  технологияны 

көрсетеміз.  Жұмысшылар  машиналардың  арасынан,  малшылар  малдың 

арасынан  көрінбей  қалып  жүр.  Көркем  әдебиет  адамдар  жайында  және 

адамдар  үшін.  Адам  неғұрлым  айқын  көрінсе,  шығарма  солғұрлым  айқын. 

Адам  неғұрлым  солғын  көрінсе,  шығарма  соғұрлым  солғын.  Сондықтан 

бүгінгі  өмірді  көрсет  деген  сөз,  алдымен  оның  жасаушыларын  көрсет  деген 

сөз». 


Кейіпкерлерінің бәрі дерлік жан дүниелері жалын атқан, өмірге құштар, 

тіршілікке  құмар,  тұмса  табиғатпен  тумалас,  арманшыл  бозбалалар  мен 

бойжеткендер,  жігерлі  жастар  болып  келетін.  Кейіпкерлерінің  көбісі  әлі 

кәмелетке  жетіп,  толысып  болмаған,  алды  –  мектепте  тәлім  алса,  соңы  – 

үлкен  өмірге  енді  ғана  жолдама  алып,  қиял  құшағына  беріліп,  қияға  қанат 

қағып  жүр.  Жан  дүниелері  періштедей  пәк,  таза  мөлдір,  жасөспірімдер 

жанына  тән  жарасымды  жайларға  толы  нәзіктік,  албырттық,  арманшылдық 

бар.  Бұл  жағынан  «Олар  екеу,  мен  жалғыздағы»    Қайрат,  «Біз  абитуриент 

едіктегі»  Қаржау,«Иманжапырақтағы»  Қалау  қандай  рухани  туыс  болса, 

олардағы  өзіндік  дара  мінез-құлықпен  көрінетін  қыздар  (Гүлзат,  Тұнық, 

Мақпал, Табиға, т.б.) да жаратылысымен сондай етбауыр жақын, кәдімгідей 

тәтті 


қамығып, 

шат-шадыман 

күй 

кешіп, 


тарау-тарау 

тағдыр 


жолайрықтарында кездесіп, айырылып жатады. 

Әрине,  қай  туындыда  да  қаһармандардың  таңдау  алдында  әлде  бір 

азаматтық  болмыста  көрініп  танылуы  ғанибет.  Олар  ғажап  ерлік  жасап 

жүрген жоқ. Сөйтсе де, өз қуанышымен, ренішімен ешкімді жатырқатпайды. 

Әркім  өз  жүрек  қалауын  білдіріп,  ізденгіш  мұратына,  кездейсоқ  тұтанған 

махаббат  отына  сендіреді.  Және  олар  жадау  да  жұтаң  көрінбей,  табиғат 

аясында бейне-бітімі биіктей түседі. 

Кейіпкерлері  де  қарапайым  –  уайымсыз,  қайғысыз,  өмірге  енді  көзін 

ашқан бала,  шаруа  баққан  еңбеккер, жатса да, тұрса да алдағы күннің бейбіт  

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2010 

 

Иманбекова Н.Н. Қарауылбек Қазиевтің адам образын жасаудағы шеберлігі

 

 



  

 

172 


тірлігін тілеген аңғал шал, ақ жаулықты ана... 

Шынында да  мектебі мен үйінен қашып, айдаладағы жалғыз үйлі аңшы 

шалға  барып  паналайтын  Қалмаш  («Қашқын»),  каникулда  Назыкенді 

сағынып,  таудағы  пішеншілерге  жетуге  асығатын  Әскер  («Үркер»), 

сыныптасы  Асылтастың  құрмет  тақтасындағы  суретін  ұрлайтын  Қайыржан 

(«Бәйшешекті жыл»), оқушы қыздар Гүлзат пен Тұнық екеуіне бірдей ғашық 

Қайрош, ақ бантикті Табиғаның қылығына таңдануға тоймайтын Ербол («Ақ 

бантик»),  емтиханынан  құлап,  Мақпалға  ілесіп  Ресей  аспақ  болған  Қаржау 

(«Иманжапырақ»)  бәрі  де  есімдері  әр  түрлі  болғанымен,  балалықтан 

азаматтыққа  дейін  жеткен  –  ортақ  бейне  сияқты  емес  пе?  Ал  аталған 

шығармалар тұтас бір романның біртіндеп өрбіген тараулары деуге келер еді. 

Қарауылбек  Қазиевпен  бірге  өскен  қыз-жігіттер  –  автордың  әңгіме-

повестерінің кейіпкерлері. Автор өз басынан тікелей өткен немесе өзі көріп, 

білген  өмір  құбылыстары  туралы  жазған  шығармаларының  бәрінде  де  өзіне 

тән  мінезімен,  өзіне  тән  ойлауымен,  дүниетанымымен,  шығармашылық 

тұрғысынан көрініп тұрады. Өмірде болған оқиғалар қаламгерді мансұқ еткен 

идеясына қызмет етіп, өзгеріске түсіп кетеді, белгілі адамдар басқаша мінез-

құлыққа 


ие 

болады. 


Қарауылбек 

Қазиевтің 

шығармаларындағы 

кейіпкерлердің қай-қайсысы да өмірде бар, өзін сан мәрте көрген, істеген ісі 

мен  сөйлеген  сөзіне  дейін  өзіңіз  жақсы  білетін  адам  тәрізді.  Неге?  Өйткені, 

біздің ойымызша, Қарауылбек Қазиев – үлкен суреткер, шеберліктің шыңына 

шыққан  жазушы.  Ол  жасаған  образдардың  да  шыншыл  болатыны  осыдан. 

Бұл шын – шебердің қолынан шыққан шынайы образдың шындығы, қаламгер 

құдіреті.  «Шынайы  образ  жасау  –  тек  дарындыларға  ғана  тән  әрекет»  деп 

бекер айтылмаса керек. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Қазиев Қ. Іңкәр дүние. Алматы: Рауан, 1992. 

2.

 



Еңсебаева К.  Қазіргі  көркем  әдебиеттегі  кейіпкер  тілінің  стильдік  қызметі.  Фил.ғыл.канд.дисс.  

Алматы, 1995. 

3.

 

Майтанов Б. Екі томдық шығармалар. Алматы, Жазушы. 1978. 



4.

 

Қазиев Қ. Көктемгі күн күркірі. Алматы: Раритет, 2003. 

5.

 

Кәрімов Х. Қанатты тіл. Алматы,  Санат, 1995. 



6.

 

Бахтин М. Вопросы литературы и эстетики. Москва: Художественная литература, 1975. 

7.

 

Қазиев Қ. Иманжапырақ. Алматы: Жазушы, 1975. 



 

 

 



 

 

 



 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

 

Р.ЖАЗДЫҚБАЕВА 

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ізденушісі 



 

173 


 

 

Б.КЕНЖЕБАЕВТЫҢ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНА ҚОСҚАН  

 

ҮЛЕСІ ЖӘНЕ СЫНИ КӨЗҚАРАСТАР 

 

 



В  этой  статье  говорится  об  отношении  лирического  сказания  "Зар"  ученого,  критика, 

тюрколога Б.Кенжебаева о казахском языке к актуальным вопросам сегодняшнего дня. 

 

This article deals with the relation of “Зар” lyrical story to the Kazakh language of the scientist and 

critic B.Kenzhebayev.  The article reveals the author’s opinion to contemporary current problems as well.  

 

 

Қазақ  әдебиеттануын  зерттеуде  адал  еңбек  еткен,  сол  саланы  барынша 



тереңдетуге  атсалысқан  ғалымдарымыз  аз  емес.  Бірақ,  Б.Кенжебаев  солардың 

бірі ғана емес, бірегейі. Ғалым қазақ әдебиеті үшін үлкен еңбек етті десек, ғалым 

шығармашылығы  да  көптеп  зерттеліп,  еңбегінің  жемісінде  болған  түрлі 

зерттеулер  әдебиеттануымызға  қосылу  үстінде.  Н.Төреқұловтың  «Профессор 

Бейсембай  Кенжебаевтың  творчестволық  өмірі»  деп  аталатын  еңбегінен 

басталатын  бұл  қатарда,  Т.Кәкішевтің  «Б.Кенжебаев  тарихи  мектептің  негізін 

салушы»  дейтін  көлемді  зерттеуі,  З.Бисенғалиевтың  «Іргетас  сәулетшісі»  деп 

аталатын еңбегі мен Қ.Ергөбектің «Қайырымсыз уақыттың қайсар ұланы немесе 

профессор  Бейсембай  Кенжебайұлының  ерліктері  жайлы  хикая»  дейтін  эссе-

зерттеуі  ерекше  аталса,  жас  ғалымдар  тарапынан  жасалған  бірнеше  ғылыми 

жұмыс  барысында  Б.Кенжебаев  шығармашылығы  көптеген  қырынан  зерттелді 

десек,  осынау  ғалымдардың  ішінен  Қ.Ергөбек  есімін  ерекше  атаймыз.  Өйткені, 

Қ.Ергөбектің Бейсембайтанудағы жан-жақты еңбектері дәрежесіндегі дүние өзге 

авторлар  тарапынан  әлі  жазылған  жоқ,  екіншіден,    Қ.Ергөбек  ғалым  туралы 

нақты ғылыми тұжырым да жасады, жүрек елжіретер әдемі естеліктер де жазды, 

түрлі  сұхбаттар  да  берді.  Тіпті  ғалымның  кітапханасы  мен  музейін  ашуға  да 

мұрындық  болып,  Б.  Кенжебаев  тақырыбының  дара  белсендісі  болып  келеді. 

Сондықтан да біз Қ.Ергөбекті ұлы ғалымның үлкен рухани мұрагері тұрғысынан 

танимыз.  

Құлбек  Ергөбектің  Бейсембай  Кенжебаев  жөнінде  ерекше  тоқталған, 

тәпсірлеген  тақырыбының  бірі  –  ғалымның  «Зар»  деп  аталатын  туындысы.  Бұл 

шығарманың  осы  заман  талабымен,  құрылымымен,  психологиясымен 

үндесетіндіктен  ерекше  атаудамыз.  Бұл  шығарма  формалық  жағынан  очерк 

үлгісіне  келіңкірейді.  Ойы  өткір  де,  құнарлы  дүние.  Бұл  –  қазақтың  қамын 

ойлауға, қазақ ұлтының ұлт болып тарих бетіне қалуына жасалған жанашырлық 

пікір жүйесі деуге болатын шығарма. 

Б.Кенжебаевтың  бұл  көркемсөзін  Абайдың  қарасөздерімен  сабақтастықта 

қарастыруға  да  болады.  Атап  көрсетсек,  ғұлама  мен  ғалымның  ұлт  қамы 

жолында  күйіне  сөз  саптауы,  ұлттың  жақсы  жағын  дамыту  үшін  орын  алып 

отырған түрлі жаман әдеттерін бетке басу секілді көптеген ұқсастық  тарапы бар. 

Бұл    қарасөздің    екінші    бір    маңызы    Абай    қарасөздері  секілді  осы  күннің 

поэтикалық  ағысымен  үндесіп,  уақыт  шеңберіне  бағынбай  тұрғандығында. 

Кешегі  қоғамның  да,  бүгінгі  қоғамның  да  бет-бейнесін  тани  алатын  шығармада 

Б.Кенжебаев  былай  деп   сөйлейді: «Осы   заманғы   қазақ   азаматтары,   бүгінгі     




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет