А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Жаздықбаева Р. Б.Кенжебаевтың әдебиеттану ғылымына қосқан
үлесі және сыни көзқарастар
174
қазақ ұрпақтары қазақтың халықтық қасиеттерін, қазақтың мінез-құлығын, әдет-
салтын, тілін, мәдениетін, тарихын қадірлемейді, сақтамайды, қолданбайды. Көбі
оларды ұмытты, білмейді. Білсе, қазір кейбіреуі еміс-еміс, шала-бұла ғана біледі.
Ұзамай әбден ұмытады, мүлде білмейтін болады;
- Бүгінгі қазақ өз бала-шағасына үй ішінде қазақ тілін үйретуге ерінеді,
жалқау. Тіпті бала-шағасының ана тілін білуі қажет деп ұқпайды; баланың ана
тілін білуі мақтаныш екенін білмейді, тек орыс тілін білсе болады деп қарайды.
Халықтың болашағы саналатын ана тілін білмеуді жастардың өздері де, ата-
аналары да ұят, намыс көрмейді;
- Халықтық қасиет, ұлттық игіліктерді ілгері дамытатын жазушылар мен
ғалымдар. Олар өз шығармалары мен еңбектерін көбіне орыс тілінде жазады,
қолынан келгенінше орысша жазуға тырысады. Қазақ тілінде жазған күнде
орысша ойлап қазақша жазады, орысша қазақша шүлдірлейді. Қазақ тілінің сөз
тәртібі бұзылды, сөз қоры жойылып барады.
- Қазақтың қазіргі бірқатар жазушылары мен ғалымдары шығармамды,
еңбегімді қазақ тілінде жазсам, атым шықпайды, орыс тілінде жазсам, атым жер
жүзіне мәлім болады деп ойлайды. Яғни олар мәдениетін өркендетіп, халық атын
шығаруды ойламай өз атын шығаруды ойлайды, халық аты шықсын демейді, өз
атым шықсын дейді Атаққұмар:
- Халықтың ар-намысын, құқығын жақтайтын, халықтың халықтығын,
тілін, мәдениетін, тарихын қорғайтын, уағыздайтын газеттер, журналдар, баспа
орындары. Олар халықтың халықтығын, тілін, мәдениетін, тарихын насихаттау
ескілікті дәріптеу, ұлтшылдық болады деп қарайды. Және қазақ азаматтары бірін
бірі солай айыптайды, қудалайды. Оның ескіні дәріптеу, ұлтшылдық емей,
халықтың халықтығын сақтау, халықтың мәдениетін өркендету жолында қызмет
ету екенін бірі білмейді, білгісі келмейді, бәрі бейшара, қырт» [1.139-140.] - деп
тап бүгінгі күн проблемасымен тыныстап тұрған мәселені айтады.
Бұл турасында Құлбек ағамыз былай таратып айтады: «Империялық саясат
өңін өзгертіп Кеңестік кезеңге келді. Тағы да алдау. Тағы да алдану. Біреу
сыртымен коммунист, біреу ішімен коммунист. Асыл ойлы азаматтарды атты,
асты, айдады. Бассыз, басшысыз халық коммунистік партияның айтқанын істеді,
айдауына жүрді, алдағанына сенді. Қазақтың орыстануы, дінін, тілін, ділін беруі
Абай дәуірінен аспаса кемімеді. Тұманды күні жолға шығып адасқандай хал
кешті халық. Бірақ адастық деп сірә да ойламады. Ойлы, парасатты
көшбасшылар адастық деп айта алмайды халыққа. Өйткені қалтада – партиялық
билет, құйрықта – мансап орындығы, алдыда ішім-жем…» [1.140].
Айтса, айтқандай-ақ, Кеңестік кеңістік тұсында билік мейлінше әділетті
болды деп сол кездегі халыққа жиі үнделгенмен, оның неше түрлі былықтары
бүгінде ашылып жатыр. Соның бірі осы – ұлттардың тарихи санасынан айыру
мәселесі еді. Б.Кенжебаевтың «Зары» осы мәселені ашық айтты. Сондықтан да,
бұл ешбір басылым бетінде жарияланбады. Бұлар да ғалымға жасалған үлкен
соққы еді. Бұл турасында біз Құлбек ағамыздың еңбегінен ғана оқыдық.
«Бейсембай Кенжебайұлының бұл «Зарын» қалай түсінуге болады? Бұл –
ұрпағым өшпесе, ұлтым өссе, өркендесе деген ұлы мұрат. Сол жолда жастарды
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Жаздықбаева Р. Б.Кенжебаевтың әдебиеттану ғылымына қосқан
үлесі және сыни көзқарастар
175
қамшылау, азаматтарға ой тастау, тұтас халыққа үндеу! Әрбір үй Аяз бидің
тымағы секілді үйінің маңдайшасына көшіріп, ойып жазып қойса жарасатын сөз!
1966 жылғы 3 маусымда жазылған бұл «Зарды» кезінде баспасөзге
ұсыныпты. Баспасөз бұйдасын ұстап отырған жандар баспаған. Бәлкім «қоқыс
қопарып, архив ақтарған, әруақтармен сырласқан» шалды алжыған, жынданған
болар деді-ау. «Зарды» жариялау орнына аяулы ғалымды мазақтайтын пародия
жариялады баспасөз» – деп мұраттас, ниеттес шәкірті күйіне сөз саптайды
[1.140].
Өзі сыншы болғандықтан ба, Қ.Ергөбектің бұл салада көп тоқталған
тақырыбы Б.Кенжебаевтың сыншылдығы мен сыналуы хақында. Бұл тақырып
біздің ғылыми жұмысымызда кеңінен сөз болды және бұл тақырыпта бірнеше
мақала да жарияладық. Және де осының бәрін де ғалым-сыншы Қ.Ергөбек
еңбектеріне сүйене отырып жаздық. Бұл Б.Кенжебаев тақырыбының барлық
қыры Қ.Ергөбек зерттеулерінде сөз болғанын көрсетеді. Б.Кенжебаевқа арналып
жазылған сын мақалалардың баршасы да негізсіз болды деп айтуға толық
қақымыз бар. Өйткені, ғалым еңбектерін сол кездегі және осы кездегі
көзқараспен қарасақ, ақиқаты мен шындығын танимыз, ғалымға айтылған
сынның мүлдем негізсіздігіне көз жеткіземіз. Аталмыш сындар турасында
Қ.Ергөбек өз еңбегінде былай деп жазды:
«Б.Кенжебайұлы кандидаттық диссертациясы қолжазбадан жыртылды,
Қазақстан КП Орталық Комитеті 1947 жылғы «Қазақ ССР Ғылым
академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел
қателіктер туралы» қаулы қабылдады. Республика басшысы «Идеология
майданындағы қызметкерлердің айбынды міндеттері» аталатын баяндамасында
сынады.
Орысша жазғыш солақай сыншы Ж.Сәрсекеев, үлкен ақынымыз
Қ.Бекхожин, білімді сыншы Б.Сахариев, Орталық Комитеттің философсымақ
хатшысы Н.Жанділдин… құдай-ау, адалын айтқан Бейсекеңді кім сынамады,
десеңізші?! Пікірлерге ден қойсақ, Б.Кенжебайұлы «ұлтшыл», «буржуазияшыл-
ұлтшыл ақынның (Сұлтанмахмұт) адвокаты», «Талмуд-қарилық көзқарастағы
адам».
Б.Кенжебаевқа қатысты әріптес ғалымдардың сынын екі мақсатпен түсіндіре
аламыз. Біріншісі – Кеңес одағының қатаң да, көзсіз билігінің қысымына
байланысты айтылды. Өйткені, сол кезеңде ұлтымыздың өткені туралы айту ең
бір қиын мәселе еді. Екіншісі, өздерінің өмір бойы жасап келе жатқан еңбегін
жоққа шығарып, шын мәніндегі ақиқат-арға жүгініп, қатардағы ғалымның біріне
жол беру олар үшін қиын болды ма дейміз.
Байқасақ, бұл сыни мақаланың баршасында ғалымның сағын сындыру
мақсатында жазылып отырған секілді. Бұл сындар шын мәнісінде ғалымның
ізденісін тоқтатып, қаламын тартып алуға бағытталған болатын. Сондықтан да
арада біршама уақыт өткенде осы сыни пікірлердің жиынтығындай болып,
«Социалистік
Қазақстан»
газетінің
бетінде
«Б.Кенжебайұлының
творчествосындағы қателіктер» деп аталатын мақала жарық көрді. Мұнда
«Б.Кенжебайұлы өзінің бұл ұлтшылдық бағыттағы өрескел қателері талай рет
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Жаздықбаева Р. Б.Кенжебаевтың әдебиеттану ғылымына қосқан
үлесі және сыни көзқарастар
176
қайталанып көрсетілсе де, ол баспасөз бетіндегі мұндай пікірлерге күні бүгінге
дейін құлақ аспай, қателерін түзеуге тырыспай келеді. Тіпті қателіктерін
мойындауды да қажетсінбейді. Бірақ, оның мұндай орынсыз «қайсарлығына»
совет жұртшылығы төзе бермейді» -деп жазды [2].
Ғалым Құлбек Ергөбек өзінің «Қайырымсыз уақыттың қайсар ұланы немесе
профессор Бейсембай Кенжебайұлының рухани ерліктері жайлы хикая» деп
аталатын зерттеуінде Бейсембай Кенжебаев шығармашылығының он бес қырын
сөз етеді. Мұны ғалым он бес ерлік тұрғысында түсіндіреді. Біз мұны
бейсамбайтанудың он бес концепциясы деп таныдық. Он бестің баршасы да-
үлкен белестер. Оның біреуінің өзі бір адамның өмір бойы атқарарлық
жұмысымен пара-пар. Б.Кенжебаевтың барлық шығармашылығы он бес тараппен
жазылып, жетілді десек, бұлардың барлығы да зиялы орта мен биліктен сын
естіп, әдеби теперіш көріп, сол кездегі әділетсіз уақыт пен әділетсіз қоғамның
талқысына түсіп аяусыз сыналып еді.
Ғылымның қара нарындай болып, толғайға тән күшпен іс бітірген
Б.Кенжебаев еңбегін зерттеушілер қарасы күн өткен сайын көбейгенімен, барлық
дүниесін екшеп, бұлай бөліп қарастырған еңбек жоқ еді. «Қайырымсыз уақыттың
қайсар ұланы» еңбегі осынысымен де құнды.
Олар «Бірінші ерлік, әйтпесе Абай биігі», «Ар алдындағы тайталас немесе
екінші ерлік», «Үшінші ерлік немесе Шәкәрім хикаясы», «Төртінші ерлік немесе
«Едіге батыр» туралы», «Бесінші ерлік немесе ханды арашалаған қара»,
«Алтыншы ерлік немесе Сұлтанмахмұт үшін сор кешкен», «Жетінші ерлік:
«Абай» романы жарыққа қалай шыққан? «Сегізінші ерлік, тағдыры бір,
тағылымы ортақ тарландар-ай...», «Бұғауда босауға тиісті еңбек (тоғызыншы
ерлік)», «Дала уалаятының газеті» жарыққа қалай шықты (оныншы ерлік)», «Он
бірінші ерлік – тереңнен тамыр тартқан», «Ояну дәуірінің әдебиеті – ойлы ғалым
зерттеулерінде», «Сыр сандықты ашып қарағанда... (он үшінші ерлік)», «Естелік
– рухани ескерткіш (он төртінші ерлік)», «Он бесінші ерлік немесе зауал
алдындағы «Зар»,- деп аталады.
Бұлардың баршасынан да Б. Кенжебаевтың адамдық және шығармашылық
алып тұлғасын көреміз.
Қ.Ергөбек – шығармаларын ғылыми қасаң тіл, ғылыми тақ-тұқ сөз саптауға
салып жазбай, қазақтың бай тілін алдына өңгеріп, әдемілікпен, сезіммен кестелеп
жеткізе білетін ғалым. Сондықтан да, бұл зерттеуде көңіл толқытарлық тұстар
аса мол. Қалай десек те, ғалым осы еңбегі арқылы өзінің ұлы ұстазына, қазақ
әдебиеттануындағы Ахаңнан кейінгі екінші орынды иеленген Бейсембей
Кенжебаевқа аса көрнекті де, еңселі әдеби ескерткіш жасағандай танылады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Ергөбек Қ. Арыстар мен ағыстар: Әдебиеттану, сын әлемі. Алматы: Қазығұрт. 2003. 336 б.
2.
Б. Кенжебаевтың творчествосындағы қателіктер //Социалистік Қазақстан. 25 наурыз, 1952 ж.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Ж.СӘРСЕН
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистрі
177
Б.КЕНЖЕБАЙҰЛЫ КҮНДЕЛІКТЕРІНДЕГІ ШЫҒАРМАШЫЛ
ТҰЛҒАЛАРДЫҢ БЕЙНЕЛЕНУІ
В статье рассматривается отображение проблем казахской литературы советского периода в
мемуарах Б.Кенжебайулы.
This article deals with representation of some problems in Kazakh Literature of Soviet Period in
B.Kenzhebayev’s memoirs
Күнделік – әлемдік әдебиеттану ғылымында мемуарлық жанрлар
құрамында қарастырылып келеді. Күнделік жазбалары қазақ әдебиеті
тарихында көне дәуірлерден қалыптасқандығы белгілі. Күнделіктердің тууы
мен қалыптасуы шығармашылық процеске қатысы, белгілі бір әдеби жанр
ретінде көлемді шығармаларға ойысуы өз алдына өзектілік танытатын
мәселе. Ежелгі түркі дәуірлерінде-ақ күнделік пішінінде жаратылып,
мемуарлық туындыларға айналған «Бабырнама»-ның өзі бұл тақырыптың
тарихи тамыры тым тереңде жатқандығын көрсетеді. Әдебиет тарихында
Ш.Уәлихановтың күнделіктер жүргізуі бұл жанрды әлемдік әдеби үлгілер
қатарына көтеріп кеткендігі мәлім. Бұл үрдіс кеңестік дәуір тұсында да
жалғасын тауып отырды. Эпистолярлық жанр үлгілерін мемуарлық
шығармаларға ұлғайтқан С.Мұқановтан бастап кеңестік ақын-жазушылардың
шығармашылық лабораториясының бір тініне айналған осы күнделіктер.
Күнделікті жазудың өзіндік шығармашылық, әрі ғылыми, әрі мақсатты
тағдыры да болады. Жалпы күнделіктердің мақсатты жолда туындайтынын
айқындайтын және бұл жанрға қатысты өзекті мәселелер шешімін өтейтін
зерттеулер жазылуы керек-ақ.
Бұл проблемаларды кеңірек сөз ету мақсатына байланысты кейінгі
мақалалар еншісіне қалдыра отырып, мемуарлық үлгінің шығармашылық
тұлғалардың бейнелерін тарихи сәттер арқылы баяндаудағы маңыздылығына
тоқталайық. Бұл орайда, қазақ халқының қаһарманы (Б.Кенжебайұлына
Б.Момышұлының берген атағы – С.Ж.) қоғам қайраткері, ұлы ғалым
Б.Кенжебайұлының жүргізген күнделік жазбаларының ролі ерекше екендігін
атап өтуге тиіспіз. Ғалым, ұстаз Б.Кенжебайұлы күнделіктері бір рет
басылым көрді. Ғалымның жарияланымға енбеген бірнеше баспа табақтық
күнделік жазбалары бұл күнде шәкірті әдебиеттанушы профессор
Қ.Ергөбектің жеке архивінде сақтаулы. Біз Б.Кенжебайұлы күнделіктерінің
зерттеуге қатысты тұстарын ғалым Қ.Ергөбектің архивінен пайдаланып
отырдық. Қазақ әдебиеттануында шығармашылық шеберхананы тұңғыш
ғылыми жүйелі зерттеуші Қ.Ергөбектің С.Мұқанов романдарының
лабораториясындағы хаттар, күнделіктердің процеске септесуін ашатын
тұстары бар. Зерттеуші Қ.Ергөбек С.Мұқанов шығармаларындағы
эпистолярлық жанрдың үлкен мемуарлық туындылар тудыру процесіндегі
орнын дәйектеген.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Сәрсен Ж. Б.Кенжебайұлы күнделіктеріндегі шығармашыл тұлғалардың
бейнеленуі
178
Ғалым Қ.Ергөбектің Б.Кенжебайұлы күнделіктерінің дүниеге келуі
жайлы: «...Көрсетпей күнделік жазып отыратын, жарықтық. Еркелеп,
еркіндеп барып оқиын десем, көрсетпей жаба қоятын. «Мені жамандап жазып
отырсың ғой», - деймін бұртиып, өтірік өкпелеп.
«Жо-жоқ, жоқ-дейді ол, - Саған қалады. Мен өлген соң оқисың. Қайтесің
қазір оқып».
Кейін тізімдеп, жүйелегенде қарадым ғой. Бейсекең менің күнделігімді
жүргізіпті. Ал, мен оның күнделігін жүргіздім. Өмірдегі елеулі, елеусіз
жайлардың түйірін қалдырмай қағазға түсіріп ала беріппін. 10-15 дәптер
толған. Талғамай, талдамай жазбаспын. Қалай дегенде де үлкен қазына деп
ойлаймын.
Тіпті кейде шағын-шағын этюд те жазыппын [1.10] дейтін естелік
баянынан мемуарлық үлгінің адам жанының психологиялық күйімен
дүниетанымдық сырларын терең танытатын қырларын көруге болады.
Күнделік-күнделік жазбасы иегерінің дәуіріндегі әлеуметтік, қоғамдық даму
тарихын бүгінге шыншыл суреттеуімен де маңызды. Күнделік-күнделік
арқылы шығармашылық жандардың қарым-қатынасы, өмірлік, азаматтық
позициясы, тіпті жазушы тұлғасының беймәлім сырларын ұғынамыз.
Күнделік-күнделік арқылы шығармашылық процестің кейбір тарихи
дәйектерін аңғаруға болады. Б.Кенжебайұлы күнделіктері жайлы алғаш
ғылыми анықтама жасаған да ғалым Қ.Ергөбек. Ғалым күнделіктерінде тарих,
археология, этнография, лингвистика, әдебиет мәселелерімен қатар ұстаздық
тағдыр толғамдары сөйлейді.
Күнделік тақырыптары автордың азаматтық болмысын танытады.
Б.Кенжебаев күнделіктері ғылым ойшылының жан сырын ашады. Қолдағы
күнделік жазбаларында шығармашыл тұлғалар ғұмырбаянына қатысты
деректер молынан келтірілген. Мұнда Ғани Мұратбаев, Өтебай Тұрманжанов,
Жүсіпбек Арыстанов, Ілияс Қабылов, Ерғали Алдоңғаров, Сәкен Сейфуллин,
Ғаббас Тоғжанов, Смағұл Садуақасов, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин,
Ғабит Мүсірепов, Сұлтан Лепесов, Жұмабай Орманбаев, Ілияс Жансүгіров,
Есмағамбет Ысмайылов т.б. азаматтар өмірінің автор тағдырымен
тоқайласқан сәттерінен терең сыр шертіледі. Осы мемуарлық үлгі ішіндегі
М.Әуезов секілді жазушылар өмірлерін, бүгінгі оқырманға жақын
таныстыратын сәттерді баяндайтын тұстарды бөле-жара айтқымыз келеді.
«Қырқыншы жылдары мен Сұлтанмахмұттың ақындығы деген тақырыпта
кандидаттық диссертация жазып жүрдім. Мұхаң менің ғылыми жетекшім
іспетті болды.
Тақырыбыма байланысты мен «Абай» (1918) журналының номерлерін
қарап шықтым. Ондағы «Екеу» жазған «Абайдың өнері һәм қызметі»,
«Абайдан соңғы ақындар» атты мақалалар көз тартты, көңіл аударды.
Бір күні үйіне барып, Мұхаңмен осы мақалалары жайында сөйлестім.
Сөз арасында:
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Сәрсен Ж. Б.Кенжебайұлы күнделіктеріндегі шығармашыл тұлғалардың
бейнеленуі
179
- Мұха, Екеу кімдердің лақабы?-деп сұрадым.
Ол жеке адамға табынушылық кезі еді. Содан Мұхаң маған, осы қай
оймен сұрап отыр дегендей, күдікті пішінмен қарады.
- Сеніңше қалай: Екеудің мақалалары дұрыс па?- деді.
- Дұрыс, өте мәнді. Кезінде күшті жазылған...
- Ендеше Екеудің бірі мен.
- Ал, сыңарыңыз кім? Сұлтанмахмұт болмаса игі еді?
- Жоқ. Сұлтанмахмұтпен бірігіп мақала жазуға тура келмеді. Ол өзін
менен ересек санайтын еді.
- Сонда кім?
- Оның не қажеті бар?
- О не дегеніңіз. Мұха, өте қажет...
- Екеудің екіншісі Жүсіпбек Аймауытов болатын. Ол екеуміз гимназияда
оқып жүрген кезімізде өте дос болатын едік. Екеуміз осы лақаппен кейін де
бірер мақала жаздық...»(Күнделік материалдары Қ.Ергөбектің жеке архивінен
алынды). Бұл күнделік жазбадан «Екеу» дейтін бүркеншік атқа байланысты
айтылып келген түрлі көзқарастардың ақиқаты танылса, сонымен қатар
М.Әуезовтің Сұлтанмахмұт және Жүсіпбек Аймауытовпен шығармашылық
қарым-қатынасы зерделенеді. Сұлтанмахмұттың 50 жылдық жиынында оны
Блок тәрізді ірі жанды, ұшқыр талантты, күрделі ақын еді (Күнделік
материалдары Қ.Ергөбектің жеке архивінен алынды)-деп бағалауының
негізінде М.Әуезовтің өлеңтанушылық қарымы мен мұндалайды.
М.Әуезовтің Мұхаметжан Сералинге қарсы шығып сынауы, кейіннен
күнделік жазба иегеріне қарап, жаңылысын мойындауы оның азаматтық
болмысын, кісілік дара келбетін көрсетеді. Күнделік парақтарының енді
бірінде М.Әуезовтің және сол кездегі зиялы қауымның думанды кештерді
өткізулерінің мәдени ірі үлгісі сипатталады. М.Әуезовтің өмірдегі қарапайым
болмысы, мінезі, көңіл-күй әуені бүгінгі ұрпақ, бүгінгі оқырман санасында
кәдімгі қарапайым адамдық кейпімен етене қабысады. Осы күнделік
мәтінінде диалогтік формада келетін М.Әуезовтің өз сөзінен оның
публицистік, жазушылық шеберханасының бір кілті ашыла түсердей әсер
береді. Біз мәтіннен үзінді беріп ойымызды дәлелге жүгінтуіміз үшін әуелі
академик Р.Нұрғалидың М.Әуезовтің мақалаларына берген бағалы пікірлерін
алдыға тартқымыз келеді: «...Алғашқы мақаласы «Адамдық негізі - әйелді»
жиырма жасында жазған Мұхтар «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» очеркіне
дейін негізінен өсу үстінде көрінеді. Бұл эволюцияны ойдың тереңдеуінен,
пікірдің өткірленуінен, білімнің молаюынан, стильдің айқындалуынан
байқаймыз. Мақалаларда айтылған жайлардың бірталайы кейін көркем
шығармаларға азық болады, жаңаша пайымдау табады, өзгереді,
публицистикадағы көп тақырыптылық, проблемалық тереңдік Мұхтардың –
зерттеулеріне, әңгімелеріне пьесаларына, повестеріне, романдарына ауысады.
Қысқасы,
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Сәрсен Ж. Б.Кенжебайұлы күнделіктеріндегі шығармашыл тұлғалардың
бейнеленуі
180
қаламгерлік сапардың алғашқы кезеңіндегі айтылмыш туындылар – Мұхтар
Әуезовтің аса күрделі жолының беташары» [2.256]. Академик Р.Нұрғали
көзқарасынан М.Әуезов публицистикасы жазушылық тәжірибелік кезең
көрсеткіші және ол қаламгерлік табиғатымен ұштасатындығын сезінеміз.
Ғалымның мұндай бағалауы М.Әуезовтің өнердегі мен өмірдегі бейнесінің де
тұтастығын, дәлірек айтқанда, «нағыз әдебиет дегеніміз – азаматтық
позицияның көркемдік формаға айналуы»[3.149]. Бұл жерде М.Әуезовтің
өмірдегі адамдық концепциясы мен азаматтық позициясы өнерде де тұтастық,
бірлік тудыратынын айтқымыз келіп отыр. Күнделік мәтініндегі мына жолдар
– «Әмина, адамгершілік негізі, әдептіліктің, сыпайылықтың әрі жоқшысы, әрі
ақылшысы – әйел ғой» - соның айғағы. М.Әуезов аузынан шыққан осы
жолдар зиялы қауым бас қосқан көңілді бір кеште айтылғанымен, осындағы
ойлардың жазушы шығармашылығымен сабақтастығы жоқ деп кім айта
алады. М.Әуезовтің «Адамдық негізі – әйел» мақаласы мен «Қорғансыздың
күні», «Қаралы сұлу» т.б. шығармаларындағы авторлық позициясымен,
азаматтық концепциясымен ұштасып жатыр емес пе? Б.Кенжебайұлы
күнделіктерінің бірінде М.Әуезов шығармашылығына қатысты сұрақтар
қойылғандығы, оған жазушының берген жауаптары жазылады. Бұл күнделік
жазбасынан М.Әуезовтің жазушылық лабораториясының шығармашылық
процесті жүзеге асыруындағы өзіне тән мәнер ерекшеліктерін табамыз. Оқып
көрелік. «Қадірлі Мұхтар аға! Уақытыңыз болса, осы анкетаға жауап
беруіңізді өтінеміз»,-деді. Мұхаң жауап берді. Ол сұраулар мен жауаптар
мынадай еді:
- Сіздің алғаш жазған шығармаларыңыздың аты не, оның тағдыры
қандай болды?
- «Еңлік-Кебек», «Бәйбіше-тоқал». Соңғы пьеса жақында шығатын
жинағымда басылады.
- Сіз қойын дәптерін жүргізесіз бе, жүргізсеңіз оған не жазасыз?
- Жолда жүргенде дәптерім болады. Оған тек фактілер ғана емес, жолай
туған ойларды да, табиғат суреттерін де жаза жүрем.
- Сіз шығарма жазу үстінде отырғанда қандай жағдайды ұнатасыз?
- Алаңсыз көңіл – ең үлкен шартым дер ем.
- Сіздің ерекше шабытпен, құштарлықпен жазған кезіңіз шығарманың
басы ма, ортасы ма, аяғы ма?
- Ақындық сезімді қозғар жердің «бас-аяғы» дейтін айырмасы жоқ деп
білем.
- Шығарма жазу үшін алдын ала жоспар жасауға қалай қарайсыз?
- Ол қажет, бәріне қажет. Мен үшін ең ұзақ «пісу, қайнау» шақтары сол.
- Сіз шығармаңызды жазу үстінде өңдейсіз бе, әлде әбден жазылып
біткен соң біржолата редакциялайсыз ба?
- Бөлім-бөліммен үзіп-үзіп түзеп отырамын.
Достарыңызбен бөлісу: |