Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



Pdf көрінісі
бет28/71
Дата03.03.2017
өлшемі5,22 Mb.
#7048
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   71

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

ЖУРНАЛИСТИКА 

  

 


 

195 


Б.К.СЕРДӘЛІ 

филология  ғылымдарының кандидаты 

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің профессоры 

 

ГАЗЕТ ЖӘНЕ ДИЗАЙН 



 

 

В статье описываются пути создания эффективного дизайна печатного издания. 

 

 

The article deals with the effective ways of forming design of printing the newspaper. 

 

Осыдан  бірнеше  ондаған  жылдар  бұрын  адамдар  газет  оқудан  ләззат 

алатын.  Басылымды  сатып  алу  үшін  сатушыға  соңғы  тиынына  дейін  санап 

беруге  даяр  тұратын.  Ол  кезде  газеттің  форматы  басқаша  еді.  Ұзын-сонар 

бағаналардан көз сүрінетін. Сөйтсе де басылым беттеріндегі жаңалықтардың 

көптігіне көпшілік ерекше қызығатын.  

Қазір  оқырманның  көңілін  табу  оңай  емес.  Түрлі-түсті  теледидар, 

компьютер,  әрқилы  CD-DVD  ойнатқыштар,  ғарыштық  шетелдік  арналар 

оқырманды  өздеріне  баурап,  газет-журналдың  бәсекелес  болуға  шамасын 

келтірмей  отыр.  Десе  де,  газет-журнал  редакциялары  бәсекелестікке 

ұмтылып,  оқырманның  қажетіне  жарау  үшін  түрлі  жолдарды  қарастыруда. 

Әрине, оның ішінде басылымды тартымды етіп безендірудің өзіндік орны бар 

екендігі  даусыз.  Сол  себепті,  газет  пен  журнал  дизайнының  құрылымына 

арнайы тоқталудың артық етпесі анық. 

Басылымды  безендіру  туралы  сөз  қозғалғанда,  алдымен  кәсіпқой 

беттеушілер  жайлы  сөз  болады.  «Мен  өскенде  дизайншы  боламын»  деп 

армандамайтын  бала  кемде-кем.  Бірақ,  сурет,  киім,  интерьер,  экстерьер 

дизайнына құмартқанымен, жоғарғы оқу орнына оқуға түскен студенттердің 

арасынан  беттеуші  болуды  мақсат  еткендерді  кездестіру  қиын.  Бұл 

қажеттіліктен  туатын  дүние  сияқты.  Беттеушілікке  мойын  бұратындардың 

басым  көпшілігі  –  журналистер.  Газетті  баспаға  дайындаудың  қажеттілігі 

туындағанда журналистер біртіндеп беттеушіге айнала бастайды. Компьютер 

басында күнұзақ отырғаныңызды байқаған редактор күндердің күнінде сізге: 

«Жаңа  қызметің  құтты  болсын!  Енді  сен  редактордың  көмекшісі  боласың! 

Газет  беттеуді  біледі  екенсің»,  –  деуі  әбден  мүмкін.  Басшы  қолқа  салғанда 

мұндай «жаңа қызметтен» бас тарту мүмкін бе? Беттеуші қызметінің алғашқы 

қадамдары осылай басталып кете барады. 

Әдетте,  журналистика  мамандығында  оқитын  студенттерге  дизайн 

жайлы  жалпылама  түсіндіріледі.  Мысал  ретінде  үлкен  бір  басылымды 

көрсетуі мүмкін. Ал енді тақырып пен мәтінді, сурет пен диаграмманы қалай 

сәйкестендіру  керектігіне  студенттің,  болашақ  беттеушінің  өздігінше  бас 

қатыруына тура келеді.  

Мұнда  біз  газет  пен  журнал  дизайны  және  ондағы  беттеушінің  қызметі 

туралы  қағидаларды  ұсынып  отырмыз.  Сондай-ақ,  беттеушіге  қажетті 

компьютерлік  бағдарламалармен  жұмыс  істеу  түрлері  де  айтылады. Оның  

 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 



 

Сердәлі Б.К. Газет және дизайн

 

 


 

196 


 

баспасөз  мысалдарынан  алынған  беттеушіге  арнаған  материалдар  негізінде 

пысықталады.    

Тарих  еншісінде  қалған  сарғайған  газеттер  мен  қазіргі  басылымдардың 

арасында үлкен айырмашылық бар. Қазіргі газеттерді жанды деуге әбден болады. 

Әрине, оған компьютерлік цифрлық техниканың дамуы өзіндік үлесін қосып келе 

жатқанын да мойындау керек.  

Таза  әрі  тиянақты,  ұқыпты  жасалған  жақсы  дизайн  газеттің  экономикалық 

жағдайына  да  жақсы әсер етеді.  Сол  арқылы  ол  бәсекелестерінен  оқ  бойы озық 

шығып, оқырманды да, жарнама берушіні де жаулап алады. Кез келген басылым 

осындай деңгейге жетуді армандайды деп толық сеніммен айта аламыз. 

Газет  пен  журнал  –  мерзімді  басылымның  екі  түрі  ғана  емес,  ақпаратты 

әрқилы  жеткізудің,  оқырманға  әр  түрлі  әсер  етудің  ыңғайлы  жолы.  Күн  сайын 

жарық  көріп,  ізі  суымаған  ақпараттарды  жариялайтын  газет  –қоғамдық  пікір 

тудыру құралы ғана емес, оқырманға үгіт-насихат жүргізудің де ең тиімді жолы. 

Көптеген  ақпараттық  бәсекелестерімен  салыстыра  келе,  газет-журналды 

бейнелі  түрде  динозаврға теңеуге  болатындай.  Өзі сондай  жайбасар  және  тиісті 

жеріне  байыппен  өте  баяу  жетеді.  Осындай  «кемшіліктеріне»  қарамастан 

қаншама жылдар бойы жойылып кетпей, өзінің абыройлы атын сақтап қалуы да 

қызығарлық  жағдай.  Әйтсе  де,  таяу  уақытта  газет-журнал  басылымдарының 

үлкен өзгерісті бастан кешуі ғажап емес.  

Бірінші  болжам,  газет  мүлдем  жоғалып  кетуі  мүмкін.  Кезінде  бұқаралық 

ақпарат құралының атасы – телеграф аңызға айналып барады емес пе? 

Екінші болжам, заманның талабына сай қайта түлеп, виртуалды газет немесе 

бейнегазет  секілді  атауларға  ие  болып  шығуы  әбден  мүмкін.  Мәселен, 

бейнегазеттің Интернеттегі бір нұсқасы жобамен мынадай болуы мүмкін: 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

1-сурет. 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Сердәлі Б.К. Газет және дизайн

 

 

 



№ 1 

3.05.2010 

Бұл ұяшықтарда 

оқырманнның

 

талғамы 



бойынша түрлі 

айдарлар 

Бұл ұяшықтарда 

оқырманнның

 

талғамы 


бойынша түрлі 

айдарлар 

Бұл ұяшықтарда 

оқырманнның талғамы

 

бойынша түрлі



 

айдарлар 

Бұл ұяшықтарда 

оқырманнның

 

талғамы 


бойынша түрлі 

айдарлар 

Бұл ұяшықта газет иесінің табысы 

туралы мәліметтер

 

беріледі.



 

Оқырман осы бөлім арқылы 

басылым табысының артып немес 

кеміп жатқанынан хабардар 

болады. Одан бөлек, табыс табу 

жайлы кеңестер де 

 

Бұл ұяшықта газет иесінің табысы туралы мәліметтер



 

беріледі. Оқырман осы бөлім арқылы басылым 

табысының

 

артып немес кеміп



 жатқанынан 

хабардар болады. Одан бөлек, 

табыс табу жайлы кеңестер де 

 



Сілтемедегі  мақаланы  түгел  оқудың  да  қажеті 

болмай  қалады.  Тек  нүктені  түртіп  қалсаңыз 

болғаны,  бейнематериал  мақала  туралы  толық 

мағлұматты өзі-ақ баяндап береді. 

 



 



Сілтемедегі  мақаланы  түгел  оқудың  да  қажеті 

болмай  қалады.  Тек  нүктені  түртіп  қалсаңыз 

болғаны,  бейнематериал  мақала  туралы  толық 

мағлұматты өзі-ақ баяндап береді. 

 



 



Сілтемедегі  мақаланы  түгел 

оқудың  да  қажеті  болмай 

қалады.  Тек  нүктені  түртіп 

қалсаңыз 

болғаны, 

бейнематериал 

мақала 

туралы . 













 

197 


1.

 

Көріп 

отырғаныңыздай, 

мұндай 

электронды 

басылымдар 

оқырманның  барлық  сұранысын  қанағаттандыру  үшін  жарыққа  шығатын 

болады.  Бірінші  нүкте  арқылы  оқырман  өзін  қызықтырған  барлық 

тақырыпты немесе бөлімді оңай таба алады.  

2.

 

Сілтемедегі  мақаланы  түгел  оқудың  да  қажеті  болмай  қалады.  Тек 

нүктені  түртіп  қалсаңыз  болғаны,  бейнематериал  мақала  туралы  толық 

мағлұматты өзі-ақ баяндап береді. 

3.

 

Бұл  ұяшықтарда  оқырманнның  талғамы  бойынша  түрлі  айдарлар 

орнатылған.  Нүктені  басу  арқылы  спорттық  жарыстар,  кинофильмдер, 

мультфильмдер  мен  деректі  фильмдер  туралы  мәліметтерді  немесе 

бейнекөріністің өзін толық тамашалай аласыз. Жалпы, бұл бөлімді кішігірім 

бейнекітапхана десе де болады. 

4.

 

Газет әрбір оқырманның талабын қанағаттандыру үшін жасалады. 

Сол себепті төменде газет иесінің жоспары, күнтізбесі көрсетіледі. 

5.

 

Бұл  ұяшықта  газет  иесінің  табысы  туралы  мәліметтер  беріледі. 

Оқырман  осы  бөлім  арқылы  басылым  табысының  артып  немес  кеміп 

жатқанынан хабардар болады. Одан бөлек, табыс табу жайлы кеңестер де 

ұсынылады. 

Әйтсе  де,  бұл  күндерге  жету  үшін  көп  уақыт  керек.    Қазіргі  заманның 

талабы  басқа.  Сондықтан  әзірге  қара  бояу  мен  ақ  қағазды,  түрлі  қаріп  пен 

суреттерді  біз  барынша  қажетімізге  жарата  беретін  боламыз.  Басылым 

өніміміз оқырманның қолына әдемі түрде тиюі үшін беттеуші-дизайнердің әлі 

де үлкен рөл атқаратынына күмән келтірмеуіміз керек.  

Әрине, сіз де күнделікті газет оқыдыңыз. Бірақ, «суреті неге мұнда тұр? 

Тақырыбы  неге  жоғарыға  қойылған?  Неге  алты  бағана  емес,  бес  бағана 

еткен?»  деген  сұрақтар  сізді  мазалап  көрген  емес.  Ал  біздің  мақсатымыз  – 

беттеушінің  қызметі  мен  оған  қажетті  материалдарды  пайдаланудың 

жолдарын үйрету.  

Әуелі  тақырыпты,  мәтін  мен  суреттерді  қалай  орналастыру  керектігіне 

тоқталмас бұрын, газет дизайнының тарихына қысқаша шолу жасап көрелік. 

Әрі қарай беттеушіге қажет тәртіптермен, элементтермен, бағдарламалармен 

жақынырақ танысатын боламыз.  

«Паблик Оккаренсез» - алғашқы американдық басылым, осыдан 300 жыл 

бұрын  жарыққа  шыққан  (1-суретте).  Бірақ,  ол  барлық  отарлаушы  елдердің 

басылымдары  сияқты  үнпараққа  немесе  жарнама  парақшасына  көбірек 

ұқсаған. Көлемі де үлкен емес, А-5 форматындағы кітап парағымен шамалас 

болған.  Мұндай  басылымдардағы  материалдар  бірінен  соң  бірі  тізбектеліп 

орналаса берген. Тақырыбы жоқ, суреті де аз.  

ХІХ ғасырда жарық көрген газеттердің көпшілігі бір-біріне ұқсас. Мәтін 

ұзын сонар бағанға орналасып, кейде безендіру үшін картаның суреті немесе 

өрнек қойылады.  



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Сердәлі Б.К. Газет және дизайн

 

 

                                                                                                                                                       



 

198 


Газеттегі  алғашқы  фотосурет  1880  жылы  жарық  көрді.  Алайда, 

ақпараттарды суреттермен безендіру 1900 жылдарға дейін дами қойған жоқ.  

Ал  1900  жылдарға  таяу  газет  ақырындап  мерзімді  басылымға  ұқсай 

бастады. Үлкен тақырыптар қойылып, ол бірден көзге түсу үшін қою бояумен 

берілетін  болды.  Газетті  безендіру  жолдары  түрленді.  Ақпараттар  бөлімі  де 

сол кездерде тәжірибеге енді.  

1920  жылы  кіші  пішіндегі  қысқа  мәтіндер  жариялайтын  газеттер  пайда 

болды.  Мұнда  суреттерге  көп  орын  бөлінді.  Жыл  өткен  сайын  газет  беттері 

«жанданып»,  фотосуреттер,  мақалалар,  хабарландырулар  көбейді.  Десе  де, 

қазіргі стандарттармен салыстырарғанда, біздер үшін бұл басылымдардың өзі 

тартымсыз, шолақ дүние секілді көрінетіні анық.  

Өткеннің  еншісінде  қалған  газет  пен  қазіргі  басылымдардың  арасында 

үлкен  айырмашылық  бар.  Мысалы,  бұрын  редакция  секретариаты 

төмендегідей етіп беттеушіге газеттің жобасын жасап беретін. 

Компьютердің  көмегіне  жүгінетін  беттеушіге  қазір  оның  да  қажеті 

болмай қалды. 

Бетке  жоба  (макет)  жасау  барысында  басты  төрт  элементті  қолдану 

арқылы беттің қандай болатынын алдын ала болжам жасай аласыз: 1) сурет; 

2) суреттегі бейне жайлы ақпарат; 3) мақала тақырыбы; 4) мақала мәтіні 

[2]


Бүгінгі  күннің  редакторлары  оқырманның  «сары  басылымдардың» 

астында  қалғанын  жақсы  біледі.  Сол  себепті  бәсекелестердің  алдына  шығу 

үшін  олар  басылымды  оқырманның  сұранысына  сай  етіп  шығаруға  кірісті. 

Бұған  кейінгі  бірер  жылда  пайда  болған  «Айқын»,  «Алаш  айнасы», 

«Жұлдыздар  отбасы»,  «Керемет»  сияқты  газет-журналдарды  мысал  етсек  те 

жеткілікті. Мерзімді басылымдарға сыртқы безендірілуіне қарап баға беретін 

оқырман аз емес. Сол себепті қазіргі сұранысқа сай болып көріну үшін газет-

журналға мына талаптар қажет: 

1)  Түс.  Көптеген  газеттердің  беташар  беттерінің  түрлі-түсті  болып 

келетіні  содан.  Ішкі  беттердегі  кейбір  айшықтауға  тұратын  жарнамаларды, 

хабарландыруларды  түрлі-түсті 

етіп  беріп  жүрген  басылымдар 

да бар. Қара түстен өзге бояуды 

көп пайдаланбайтын газеттер де 

аз емес.  

2) 

Ақпараттық  кескін. 

Газет  ақпараттарды  хабарлап 

қана  қоймайды,  сонымен  қатар, 

оны  оқырмандарға  суретпен 

безендіріп 

жеткізеді. 

Кесте, 

карта,  диаграмма,  мәтіннен 



сөзбе-сөз  алған  үзіндіні  және 

дәлелдерді     ұсыну     арқылы

  

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Сердәлі Б.К. Газет және дизайн

 

 

 



 

199 


оқырманға жеңіл әрі түсінікті етіп ұсынуға тырысады.  

3) Тартымдылығы. Бүгінгі шыдамсыз оқырманның қолы босайтын кезі аз. 

Сондықтан  редакторлар  басылымның  тартымдылығына  және  ыңғайлылығына 

көбірек  көңіл  бөледі.  Жеңіл  оқылатын  әрі  қызықты  мақалаларды  алғашқы 

беттерге  шығаруға  тырысады.  Және  газеттегі  ең  тартымды  деген  мақалаларды 

оңай табу үшін аңдатпа (анонс) арқылы ішкі беттерге сілтеме жасайды.  

Бүгінгі  таңда  газеттің  бірінші  ашпа  беті  –  журналистика  мен  маркетингтің 

бірлескен  дүниесіне  айналып  барады.  Яғни,  олар  көп  жағдайда  «оқырманды  не 

қызықтырады?»  деген  сауалдың  жауабын  іздейді.    Ал  ол  сауалдың  жауабы 

қандай?  Расында,  оқырманды  не  қызықтырады?  Тақырыптардың  үлкендігі  ме, 

көлемді фотосуреттер ме? Әлде, қызықты оқиғалар ма? Бәлкім, түрлі-түсті беттер 

шығар?  Немесе  оқырман  өткен  күндердің  ең  маңызды  оқиғаларына  қатысты 

қорытындыны қалар ма екен?  

Бұл сұрақтардың нақты жауабын ешкім де тап басып айта алмайды. Себебі, 

қомақты қаржы жұмсап, сауалнама жүргізген алпауыт басылымдардың өзі газет 

сатылымының неге төмен екенін анықтай алған жоқ. Сондықтан да редакторлар 

көбінесе бірінші бетті төмендегі 3 бағыт бойынша беттеуге тырысады: 

1)  Дәстүрлі  беттеу.  Елең  еткізерлік  дүниемен  әуестенбей,  тек  басты 

жаңалықтарға  орын  береді.  Редакторлар  суреттер  мен  мәтіндердің  рет-ретімен, 

салмақты орналасуын талап етеді.  

2)  Мұқабалы  беттеу.  Мұндай  бетте  орналасқан  мақаланың  санына  емес, 

сапасына  мән  беріледі.  Басылымдағы  ең  басты  мақала  бетті  тұтастай  алуы  да 

мүмкін.  Негізгі  материалды  ішкі  беттерге  сілтеме  жасау  арқылы  береді.  Әдетте 

тартымды  үлкен  фотосуреттер  осындайда  қолданады.  Ішкі  беттердегі 

мақалаларға  аңдатпа  ретінде  бір  бағанға  орын  берілуі  мүмкін,  болмаса,  оған да 

орын қалмауы ғажап емес. 

3)  Ақпараттық  беттеу.  Мұнда  көлем  мен  көптүрлілікке  ерекше  маңыз 

беріледі.  Графика,  фото,  аңдатпа,  қысқа  мәліметтерді  араластыру  арқылы 

басылымның  бар  мазмұнын  алғашқы  бетке  шығаруға  тырысады.  Негізгі 

мақалаларға  аңдатпа  жасаушы  мұндай  ашпа  беттер  «газет  мәзіріне»  көбірек 

ұқсайды [2].  

Әрине,  ашпа  беттердің  түр-сипаты  мұнымен  шектеліп  қалмайды.  Кей 

газеттер  алғашқы  бетке  үздік  мақаласын  шығарса,  тағы  бірі  ащы  әзіл-әжуа 

арқылы  ой  тастайтын  коллаждарға  орын  бергенді  жөн  көреді.  Енді  бірі  алдағы 

күндері болатын іс-шаралардың күнтізбесін ұсынуы мүмкін. Тіпті, алғашқы бетте 

жарнаманың  «айқайлап»  тұруы  да  оғаш  емес.  Әйтеуір,  оқырман  қабылдайтын 

дүниенің  барлығын  алғашқы  беттен  табуға  болады.  Қалай  болғанда  да, 

редакторлар  дизайнның  барлық  түрлерін  қолданып  көруге  бар.  Әрине,  оны 

оқырман қабылдайтын болса. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Evans H. Pictures on a Page. London: William Heinemann, 1978. 

2.

 



Evans H. Newspaper Design. London: William Heinemann, 1984. 

 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 



 

 

Ә.Б.ТӘШІМОВА 

 

200 


 А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқытушысы 

 

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАН АҚПАРАТ КЕҢІСТІГІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

В  статье  рассматриваются  вопросы  казахстанского  информационного  пространства, 

программы  государства  в  усилении  конкурентоспособности  и  медиапространства  Казахстана, 

проблемы медиарынка страны.  

 

This  article  deals  with  some  problems  of  information  space  of  Kazakhstan,  state  programmes  in 

strengthening competetiveness and mediaspacе and problems of mediamarket of the country. 

 

Баспасөз бостандығы болмаған  қоғамда  даму болмайтындығын өмір өзі 

дәлелдеді.  Қазақстанда  баспасөз  бостандығы  бар  ма?  Бар  болса,  ол  қай 

деңгейде? Жалпы қазіргі Қазақстан ақпарат кеңістігінің хал-күйі қалай?  

Қазақ  халқы  –  әуел  бастан  еркіндік  сүйгіш,  азат  пікірлі  далалық 

демократиясы  қалыптасқан    халық.  «Бас  кеспек  болса  да  тіл  кеспек  жоқ» 

деген,  айтарын  бүкпесіз  айтқан,  әділ  сөз,  тура  пікірге  тоқтай  білген  ата-

бабамыздың мінез-құлқы, менталитеті – көшпелі жұрттың  жариялылығының  

айғағы. Бұдан шығатын түйін – сөз бостандығы  тек  тәуелсіздіктің,  әкімшіл-

әміршіл  жүйенің  ыдырау  процесімен  ғана  түсіндірілмейді.  Яғни,  оның  түп-

тамыры   көшпелі қазақ  халқының  далалық  демократиясында,  ежелден берік 

қалыптасқан  менталитетінде жатыр деуге болады.  

 Соңғы  уақытта  қоғамда  журналистиканы    әркім  өз  дегеніне    қарай 

пайдаланғысы  келетін  теріс  тенденция  бел  алып  келеді.  Яғни,  қоғамда 

ақпараттық  қолдау  тапқандардың  тәуір  имиджі  қалыптасып,  қолдау 

таппағандарға қара күйе жаға салу да әп-сәтте.  Еліміздегі БАҚ-тардың, оның 

ішінде  қазақ  тілді  ақпарат  құралдарына  тән  ортақ  сипат:  мәселені  бетінен 

қалқып,  ашық  емес,  бұлыңғырлау  жеткізу  тән.  Бұл  әлбетте,  біздің  БАҚ-

тардың    көбіне  құрылтайшыға,  белгілі  бір  қаржы-өнеркәсіп  топтарға 

тәуелділігінен болса керек. Сөз бостандығының ондаған критерийлерінің бірі 

және  ең  негізгісі  –  экономикалық  дербестік  емес  пе?  Қазақстан  ақпарат 

кеңістігінде  әсіресе  қазақ  тілді  БАҚ-тардың  таза  өз  қаражатымен  күн  көріп 

отарғандары  өкінішке  орай  көп  емес.  Бір  сөзбен  айтқанда,  біздің  қоғамда 

ақпараттың  монополиялануы  байқалып  қалғандай.  Егер  БАҚ  тек  биліктің 

немесе  белгілі  бір  мүдделі  күштің    сойылын  соғып,  оның  қолшоқпарына 

айналса – адасқаны. Ақпарат монополияланған жерде  сөз бостандығы, пікір 

еркіндігі сақталмайды.  

Қазіргі кезде журналистиканың теориясын зерттеп жүрген ғалымдардың 

БАҚ-тың жұмысының жүйесі  туралы пікірі екі түрлі:  

1.БАҚ қоғамдық процестерден алшақ тұрып, яғни оған баға бермей, тек 

шұғыл ақпарат таратумен  айналысу керек. 

2.БАҚ-тың идеологиялық функциясына көбірек мән берілуі керек. Яғни, 

БАҚ  қоғамдағы  процестерге  талдау  жасап,  баға  беріп,  қоғамдық  пікірді 

қалыптастыруға,   қоғамды   тәрбиелеуге    атсалысуы    керек.   Осы    орайда  



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Тәшімова Ә.Б.  Қазіргі Қазақстан  ақпарат кеңістігінің мәселелері

 

 

 



 

201 


профессор  Н.Омашұлы:  «Өркениетті  елдерде,  дамыған  мемлекеттерде    – 

мемлекеттік  тұтастық,  ұлттық  қауіпсіздік,  бірлік  секілді  ауқымды 

мәселелерге  мән  берілмейді,  көбіне  шұғыл  ақпарат  сенсациялы  т.б. 

материалдарға  мән  беріледі.  Ал,  бізде  қалай?  Біздегі  жағдай  мүлде  бөлек. 

Себебі,  жас  мемлекетіміздің  аяқтан  тұру  процесі  жүріп  жатыр.  Геосаяси 

жағдай,  ішкі  тұрақтылық,  ұлтаралық  татулық    сияқты  нәзік  мәселелер  тағы 

бар.  Демек,  біздің қоғамда  БАҚ-тың  идеологиялық  сипатына  да  мән  берілуі 

керек»  [1]  -  дейді.  Бұл  пікір  осыдан  біраз  жыл  бұрын  айтылса  да  мәнін 

жойған  жоқ.  Меніңше,  бұл  пікірді  қолдау  қажет.  Себебі,  қазақ 

журналистикасы 

Тәуелсіз 

еліміздің 

саясатын 

жүргізуге, 

елдік 

мұраттарымыздың жүзеге асуына  қызмет етуі тиіс.   



Қазіргі  таңда  әлемнің    дамыған  елдерінің  барлығы  дерлік  ақпараттық 

қоғам  құру  және  оны  дамыту  жөнінде  өз  саясатын  айқындаған.    Мәселен, 

1993  жылы  қабылданған    «АҚШ  әкімшілігінің  Ұлттық  инфрақұрылым 

саласындағы    іс  жоспары»  –  Б.Клинтон-А.Гор  әкімшілігінің  маңызды 

бастамасы болды.  

1994 жылы Еуроодақтың атқарушы органы Еуропалық комиссия бірнеше 

тұғырлы  құжаттар  қабылдады.  Солардың  бірі  және  маңыздысы  «Бангаменн 

баянадамасы»  деп  аталды.  Осы  құжаттың  негізінде  бірқатар  Еуропа  елдері 

Ақпараттық қоғамға өту жоспарын бекітті. Ұзамай Еуропа елдері ақпараттық 

қоғам құру жөнінде бағдарлама жасауға кірісті.  

1995  жылы    Финляндия  

«Ақпараттық  қоғамға  бастайтын  фин  жол»  деп  аталатын  ұлттық 

бағдарламасын  жасады.  1995  жылы  Ұлыбританияда  «Білім  берудің  супер 

магистралі – алға бастайтын жол», 1997 жылы ГФР «Ақпараттық қоғамдағы 

Германия  жолы»  атты  бағдарламаларын  бекітті.  Осылайша  өткен  ғасырдың 

90-жылдарында  мұндай  бағдарламалар  барлық  дамыған  және  дамушы 

елдерде қабылданды. 

Осы  бастамаларды  кең  ауқымда  жалғастыру  мақсатында  «Үлкен 

сегіздік» елдері 2000 жылы 22 шілдеде  Әлемдік ақпараттық қоғам орнатудың 

«Окинава хартиясын» бекітті.  

Өз  кезегінде  Қазақстан  да    замануи  ақпараттық  қоғам  құруды  көздеп 

отыр.  


2004  жылғы    10  қаршадағы  ҚР  Президенті  №1471  Жарлығымен 

бекітілген 

«Қазақстан 

Республикасында 

Электронды 

үкімет» 


қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік   бағдарламасы 

жасалды.  Ал,  2006  жылы  ел  Президентінің    Қазақстан  Республикасы 

ақпараттық  кеңістігінің  бәсекеге  қабілеттілігін  дамытудың  2006-2009 

жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді [2]. 

Қоғамда  «ақпараттық  қоғам»,  «ақпараттық  кеңістік»  деген  ұғымдар  зор 

мәнге  ие  болып  отыр.  Ақпарат  кеңістігі:  өңірлік  (өңірлік  –  ішкі,  өңірлік  –

сыртқы), ұлттық, ғаламдық нарық өлшемдерімен айқындалады.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет