Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010



Pdf көрінісі
бет44/71
Дата03.03.2017
өлшемі5,22 Mb.
#7048
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   71

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Мелдебекова Ү.И. Қазақ музыка өнерінің алғашқы туындылары

 

 

 



 

313 


Бөтен  жұртқа  жаңа  түскен  жас  келінге,  оның  бетін  ашушы  «бетіңді, 

келін, ашқаным, жаңа жұртқа қосқаным...» деп, өзінің міндетімен қоса келген 

жеріне  таныстыра  отырып,  келінге  осы  ортамен  араласып,  «сіңісіп»  кетуі 

үшін осы сөздер айтылады.  

Егер «Сыңсудың» әуені сызылған, назға толы мұңмен астарласса, «Жар-

жар»  көңілді  сергітетін,  жылжамдата,  үдете  айтылатын  –  тығыз  ырғақты, 

қысқа-қысқа  қайырымдар  мен  әуезді,  сазды,  речитатив  (сөзді  әндетіп  айту) 

түріндегі  әуенмен  көмкерілген.  Қисынды  да  ұйқасты  сөзбен  әуен  қосылып, 

айтылған ақыл-кеңестердің есте сақталуына ықпал етеді.  

Қазақтың  әдет-ғұрып  әндері  өзінің  құрамы  мен  образдық  құрылысына 

қарай  тұрмыстық,  өндірістік  болып  бөлінеді.  Оларда  халықтың  қоғамдық  – 

еңбек әрекеттері бейнеленген.  

Еңбек  жылындағы  айтулы  сәттерді  атап  өтетін  «Наурыз  әндер»  жаңа 

жылды  қарсы  алатын  күндері  (мұсылман  күнтізбегі  бойынша  22  наурызда) 

орындалған. Әдет-ғұрыптар арқылы халық өзінің табиғатқа, айнала қоршаған 

дүниеге  көзқарасын,  қарым-қатынасын  білдіріп  отырған.  Әнмен,  ойынмен, 

бимен,  көңілді  мейрамдармен  қат-қабат  жүретін  алуан  түрлі  күнтізбелік 

әдеттер  мен  ғұрыптар  және  оларға  байланысты  сенімді  өте  көне  заманда, 

адам  баласы  қарабайыр  аңшылықтан  жер  өңдеушілікке  және  мал  өсірумен 

айналыса  бастаған  кезде,  яғни  біздің  дәуірімізге  дейінгі  V-ІV 

мыңжылдықтарда,  кейбір  жерлерде  одан  да  кейін  ІІІ-ІІ  мыңжылдықтарда 

пайда болған.  

Қазақтың әдет-ғұрып мәдениетінде жарапазан, жарамазан тәрізді өзгеше 

құттықтау  әндері  өздеріне  назар  аудартады,  тыңдаушының  ынта-ықыласын 

тудырары хақ. Бұл әндер көне заманнан бері Орта Азия халықтары арасында 

орындалып  келген,  жарапазан  мұсылман  мерекесі  –  Рамазан  уақытында 

орындалатын  болған.  Бір  топ  жас  жарапазан  айтып  үй-үйді  аралаған,  үй 

иелерін  құттықтаған,  олардан  сыйлық  алған.  Әнді  орындаушыларды 

жарапазаншылар,  жарамазаншылар  деп  атаған.  «Жарапазан»  әндерінде  үй 

иелеріне  аман-саулық,  оты  мол  жайылым,  мал-жанның  көп  болуы  және  т.б. 

тілеген. 

Малшылардың  бәдік  тәрізді  әдет-ғұрып  әндерінде  де  алуан  түрлі 

тақырыптар  бар.  Солардың  бірі  –  «бәдік»  деп  аталатын  әндер.  Қазіргі  кезде 

қазақ  халқының  тұрмыс-салтынан  мұндай  әндерді  кездестіру  қиын.  Арбау-

байлау әндерінің ішінде «Бәдік», «Күләпсан» сияқты әндер кездеседі. «Бәдік» 

малдан ауру-сырқатты қашыру үшін айтылатын болған.  

«Күләпсан» дейтін ән арбау-байлау әндерінің, емдеу әндерінің қатарына 

жатады. Бұл әндерді айту арқылы магиялық–сиқырлық жолмен мал мен адам 

денесінен  ауруды,  сырқатты,  кінәратты  қууға  болады,  жазуға  болады  деп 

есептеген. Қазақ халқы өлеңмен, әнмен, арбау, бәдік айту, жырлау жолымен 

табиғаттың  дүлей  күшін  бағындыруға,  сиқырлауға  болады,  құрғақшылық 

кезінде жауын жаудыруға, апаттан құтылуға болады деп сенген.  



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Мелдебекова Ү.И. Қазақ музыка өнерінің алғашқы туындылары

 

 

 



 

314 


Қазақ  халқының  тұрмыс-салт  жырларының  ішіндегі  қалың  да  шұрайлы 

қабаттардың  тағы  бірі  –  той  және  өлік  шығару,  жоқтау,  көңіл  айту,  естірту 

өлеңдері.  Бұл  өлеңдер  белгілі  бір  жүйемен  топтасқан.  Олардағы  әрбір  «ұя» 

әдет-ғұрып,  дәстүр,  дағды  ережелері  мен  заңдарының  тұтас  кешенін 

байланыстырушы  буын  ретінде  бой  көрсетіп  тұрады.  Тойбастар,  жар-жар, 

сыңсу,  қоштасу–көрісу  сияқты  той  өлеңдері  барынша  икемді  де  әсерлі 

көріністерге  ие.  Қоштасу  мен  көрісу  сыңсу  әніне  ұқсас,  тек  бұл  өлеңді 

қалыңдықтың  жақын  туыстары  ғана  айтқан.  Қыз  ұзату  тойы  әндерінің 

бірнеше  мақсаты  болған.  Біріншіден,  ол  қыздың  өз  туыстарымен  қоштасу 

кезіндегі  зарын  білдірсе,  екіншіден,  сарын  тойдағы  импровизациялық  ән 

қайым  бейнесінде  жырланған.  Ш.Уәлиханов  қайым  туралы  қыз  ұзату  тойы 

әндерінің бір жанры деп жазған.  

Жоқтау,  жырлау  сияқты  өлеңдер  жақын,  туыс  адамға  қайтыс  болғанда 

айтылған.  Жоқтау-жылау  өлеңдері  жүрек  толқытарлық  сезімдер  мен  көңіл-

күйдің  тұтас  та  терең  дүниесі  деуге  болады.  Жылау  өлеңдерінің  қатарына 

естірту, көңіл айту өлеңдері жатады. Мысалы:  

Жылау өлеңдерінің қатарына мағына–мазмұндары жағынан жақын, әдет-

ғұрып өлеңдерінің зар, зар-мұң, қайғы-қасірет, күйініш әндер сияқты бір топ 

түрлерін де жатқызуға болады.  

Тұрмыс-салт  өлең-әндерінің  ішінде  қазақ  халқының  бесік  жырлары, 

балалар  ермегі  дейтін  ән-жырлар  ерекше  тартымды.  Бұл  әндер  ерекше  өмір 

қуанышына қайталанбас образдарға толы, жарқын да ойнақы.  

Қазақ халқының тұрмыс-салт әндерінің ішіндегі тақырыбы жағынан сан-

салаларының  тағы  бірі  –  шытырман  оқиғалы  сюжеті  бар,  бояуы  қанық 

бейнелі  ән  –  ертегілер,  сондай-ақ  ойнақы,  көңіл  сергітетін,  ойды  өрбітетін 

«Жұмбақ өлең», «Жіптер өлең» сияқты ойын-сауық ән-жырлары.  

Қазақтың  әдет-ғұрып,  тұрмыс-салт  ән-жырлары  көптеген  әдет-

ғұрыптармен,  салт-дәстүрлермен  шектеліп  тұжырымдалған,  реттелген, 

сөйтіп,  ұлттық  образда  әрі  музыкалық  ойлауда  көрініс  тапқан  иерархиялық 

өзара қарым-қатынастардың тұтас бір дүниесін бейнелеп көрсетеді.  

Әдет-ғұрып  әндерінің  қатарына  жататын  қыз  ұзату,  үйлену  тойындағы 

әндер де кеңінен әрі сан-салалы келтірілген. Олар тойбастар, жар-жар, аужар 

түрінде  топтастырылған.  Сондай-ақ  сипаты  жағынан  жар-жарға,  түрі 

жағынан үйлену тойындағы айтыс өлең-жырларына ұқсас қайым әндеріне де 

кең  орын  берілген;  қыз  сыңсуы,  той  үстіндегі  айтыс  әндері  сарын,  көрісу, 

қоштасу,  яғни  қалыңдықтың  ұзатыларда  ата-анасымен,  туған-туыстарымен 

қоштасу  әндері  де  бар,  бұл  әндерді  қалыңдықтың  өзі  ғана  емес,  туған-

туыстары да орындайтын болған [2.45].  

Қыз  ұзату,  үйлену  тойында  айтылатын  жар-жарға  тоқталсақ,  «Жар-

жарды»  жеке-жеке  айтқаннан  кейін  жастар  оны  көңілді  де  ойнақы  әуезбен 

кезек-кезек – біресе жігіт, біресе  қыз  айтқан,  ал жар-жардың  қайырмасын

  бәрі 


 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Мелдебекова Ү.И. Қазақ музыка өнерінің алғашқы туындылары

 

 

 



 

315 


бірігіп  шырқаған.  Ән  айтысқа  ұласқан.  Жігіт  әзіліне  қыз  да  тапқырлықпен 

жауап қайтарған. Жиналған қонақтарды одан әрі көңілдендіріп, күлдіре түсу 

мақсатымен  ділмәр  жігіттердің  бірі  әйелше  киініп  алған  немесе  басына 

орамал байлап алатын болған. Ол әнші жігіт пен қызға күйеу жігіттің туған-

туыстары  туралы  көңілге  онша  ауыр  тимейтін  өлең  мәтіндерін  сыбырлап 

айтып  тұрған.  Кейде  бұл  айтыс  күйеу  жігіт  пен  қалыңдық  арасындағы  әзіл-

оспақ диалогқа да айналып келетін болған.  

Кең тараған халық әндері мен күйлері адамдарға қатты әсер етіп, олардыі 

өмір  ауыртпалығын  бір  сәт  естен  шығаруға  мәжбүр  етеді,  өйткені  олардың 

бойына  мейірім  шуағын  ұялатып,  қуаныш  сезімін  тудырады.  Оның  үстіне 

қазақ  халқының  музыкалық  шығармашылығында  жастарға  бағышталған 

өнеге-тәлім жатады. Олардан тәрбие идеясын көреміз. Мысалы, 1723 жылдар 

қазақ-қалмақ  соғысының  нәтижесінде  «Ақтабан  шұбырынды,  алқакөл 

сұлама»  өткен  тарихылық  қайғысы,  мұңы,  зары  қазақтың  музыкалық 

шығармашылығында  ұмытылмас  өрнегін  қалдырды.  Бұған  дарынды  өнер 

иесі, қобыздың атасы Қорқыт атамыздың қалдырған күйлері, Әбу Насыр Әл-

Фараби  ғалымымыздың  зерттеген  «Музыкалық  трактаттары»,  Құрманғазы, 

Дина  күйлері  мен  Жамбыл,  Кененнің  жыры,  толғауы,  термесі,  айтыстары 

дәлел емес пе? 

Күй  мен  тілдің  табиғи  құрылысы  бір  болғандықтан,  тіліміздің  ең  сұлу 

сыр-сипаты  күйдің  бойында  сақталған.  Ұлы  күйшілер  сол  кездегі 

заманымыздың  қоғамдық-әлеуметтік  қайшылықтарға,  зорлық-зомбылыққа 

қарсы, еркіндікті аңсаған ел мен ерлік бейнесін, адамның жабырқаған көңілін, 

жан дүниесін, ішкі сезімін, табиғат құрылысын айқын суреттеп берген.  

Музыка өнері – әр ұлттың ертеден келе жатқан мәдени толғамының бір 

арнаға құйылып, әрбір асқақты күйімен дамып отыратын көптеген ғасырлық 

үнінің  жемісі.  Жалпы  өмірдің,  бүкіл  дүниенің  қимыл,  іс-әрекетін  нақты 

бейнелейтін,  диалектикалық  құбылыстарды  адами  сезіммен  қабыстырып, 

өмір  қайшылықтарын  әсерлі  дыбыстардың  ұйқаса  үндесуінің  әуезді 

жиынтығы.  Әлемде  тіршілік  ететін  адамзаттың  не  адамдар  игілігіне  қызмет 

жасайтын  бүкіл  өмір  мен  оның  құбылыстарының  өзара  қарым-қатынаста 

сырласа  үндесуін  сезімге  жеткізіп  отыратын  құрал.  Ол  –  адам  қоғамымен 

бірге дамып, қоғамдық формацияларды басынан кешіріп келе жатқан тарихи 

құбылысының бірі, адамзаттың рухани азығы, жан серігі және тілмен жеткізе 

алмайтын  ұшқыр  қиялы,  нәзік  сезімі.  Эстетикалық  тәрбие  беру 

құралдарының  бірі.  Өмірдің  басқа  түрлері  сияқты  ол  да  өмірдегі  әсемдікті, 

табиғат сұлулығын бағалауға және адамдар арасындағы жағдайларды түсініп 

білуге үйретеді.  

Адамзат  дамуының  философиялық,  эстетикалық  заңдылықтарына 

сүйенсек,  жеке  тұлғаның  рухани  дамуына  көркемөнер  мен  мәдениеттің 

ықпалы  туралы  мағлұматтар  сонау  ерте  заманнан  бастау  алады.  Қазақ

  

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 



 

Мелдебекова Ү.И. Қазақ музыка өнерінің алғашқы туындылары

 

 

 



 

316 


даласындағы  ұлы  ғұламалар  (Әл-Фараби,  Ибн-Сина,  Дәруіш  Әли,  т.б.) 

музыка  өнерінің  теориялық  және  тәжірибелік  негіздерін  дамытуда  маңызды 

еңбектер қалдырған.   

Қазақстанның музыка өнері ғажап әрі көп жанрлы. Өз еліміз бен шетел 

тыңдаушыларының құрметі мен ықыласына бөленген керемет сазгерлері мен 

орындаушыларын  халық  лайықты  мақтан  етеді.  Осы  жетістіктер  ғасырлар 

бойы  сақталып,  қазақ  халқының  ұрпақтан  ұрпаққа  жеткізген  бай  рухани 

мұрасының нәтижесінде келген еді.  

Қазақтың  дәстүрлі  музыка  өнерінің  негізінде  тәрбиеленген  жас 

жеткіншектің жүрегінде имандылық сезімі ұялап, ұлтына, еліне, туған жеріне, 

табиғатқа  деген  сүйіспеншілігі  арта  түседі,  музыканың  көркемдік  жағын 

түсіне 


отырып, 

танымдылығы, 

талғамдылығы, 

орындаушылық, 

шығармашылық  қабілеттілігі  дами  түседі,  халқымыздың  салт-дәстүрлеріне 

байланысты  ән-күйді  салыстырып,  олардың  музыкамен  өзара  байланысы, 

шығу  тарихы  жайлы  білімі  артады,  халық  музыкасы  мен  сазгерлердің 

шығармаларын  ажырата  алатын  қабілеті  дамиды,  ұлтымыздың  басынан 

кешкен ауыр  кезеңдерді естен шығармауға  баулиды.  Сондай-ақ  жыр-дастан, 

термелер  арқылы  ақыл-ой  дамып,  шешендік  шеберлігі  жетіле  түседі, 

әсемдікті, сұлулықты сезініп, түсініп, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелейді. 

Ең бастысы, ата-бабаларымыз келешек ұрпаққа қалдырып кеткен бай рухани 

мұрасын құрметтеп қастерлеуге, отаншыл, таза болып өсуіне жетелейді және 

сұлулыққа  деген  көзқарасы  дамып,  эстетикалық  талғамының  бай  көзқарасы 

дамып, эстетикалық талғамның жоғары болуына тәрбиелейді.  

Бүгінгі  таңда  қазақ  халқының  жаңа  салт-дәстүрі  өмірге  келіп,  даму 

үстінде.  Мұнда  достық  тұрғысындағы  музыкалық  сайыс  түрінде  халықтың 

өмірі  мен  тарихындағы  дәуірлік  оқиғалар  айтылып,  батырлар  мадақталады, 

еңбек  ерлігімен  қол  жеткен  табыстарға  музыкалық  тарту  жасалады,  әнмен, 

музыкамен  жастардың  үйлену  тойларын,  өмірге  келген  нәрестелерді  тіркеу 

қуанышы,  төлқұжаттарды  салтанатты  түрде  тапсыру,  әскер  қатарына 

шығарып салу, т.б. мерекелер өткізіледі.  

Оқушылар  өз  халқының  музыкалық  мұрасын  тереңірек  үйренсе,  онда 

оларда музыка мәдениетінің іргетасы табысты қаланады. Ұлттық музыканың 

түрлі жанрлары соның айғағы болып табылады.  

Ата-бабаларымыздың  өмірден  екшеп  қалдырған  халықтық  жоғары 

қасиет  болып  табылатын  бауырмалдық,  қайырымдылық,  үлкеннің  алдынан 

кесе  өтпейтін  әдептілік,  елге,  жерге  деген  сүйіспеншілікті  жастарымыз 

күнделікті  тұрмыс-тіршілікте  үйреніп,  бойына  сіңіріп  өсуі  керек.  Мұнда 

ұлттық музыканың ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі аса зор.   

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Қазақтың тәлімдік ойлары антологиясы. Алматы: Ғылым, 1998. 

2.

 



Қазақ халқының әдет-ғұрып әндері. Алматы: Рауан, 2002. 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

 

С.А.МАХМУТОВ 

кандидат технических наук 



 

317 


Казахский государственный женский педагогический университет 

 

ОБ ЭФФЕКТИВНОСТИ ВНЕДРЕНИЯ ИНФОРМАЦИОННОЙ СИСТЕМЫ 



УПРАВЛЕНИЯ «ОФИС РЕГИСТРАТОРА» В ОРГАНИЗАЦИЯХ ВЫСШЕГО 

ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ ПРИ КРЕДИТНОЙ 

 СИСТЕМЕ ОБУЧЕНИЯ 

 

 

«Офис-тіркеуші»  ақпараттық  басқару  жүйесі  жоғары  кәсіби  білім  беруді  ұйымдастыруда 

оқыту үдерісін кредиттік/сызықтық емес оқыту жүйесінде «Офис-тіркеуші» деңгейіндегі басқаруды 

ақпараттық  қамтамасыз  етуге  арналған,  ол  «Офис-тіркеуші»  жұмысының  негізгі  кезеңдерін 

толықтай және бөлшектеп автоматтандыруды қамтамасыз етеді, оның пәндік аясы – оқыту үдерісі 

болып табылады.  

 

 

 The  information  control  system  «Office  -  registrar»  is  devoted  to  informational    supply  of 

controlling  at    level  in  high  professional  educational    organization  of  teaching  credit 

system. 

 

Современная парадигма высшего профессионального образования (ВПО) 



состоит  в  переходе  от  образования  «знаниевого»  к  деятельному,  личностно-

ориентированному, предполагает обеспечение выпускника организации ВПО 

не  столько  суммой  знаний,  сколько  набором  компетенцией,  позволяющих 

мобильно  адаптироваться  обучающемуся  в  динамично  изменяющихся 

социально-экономических  условиях.  Этому  способствует  реализация    в 

организациях  ВПО  кредитной  системы  обучения  посредством  внедрения,  в 

первую очередь, информационной системы управления «Офис регистратора». 

Кредитная  система  обучения  (КСО)  является  нелинейной  системой 

организации  учебного  процесса.  Отличительной  особенностью  нелинейной 

от линейной системы обучения (ЛСО), до последнего времени традиционной 

в  организациях  ВПО  стран  СНГ,  является  способ  организации  учебного 

процесса,  устанавливающий,  что  обучающиеся  в  определенных  границах 

имеют  возможность  индивидуально  планировать  последовательность 

собственной образовательной траектории [1]. 

Информационная  система  управления  –  совокупность  информации, 

экономико-математических методов и моделей, технических, программных и 

других  технологических  средств  и  специалистов,  предназначенная  для 

обработки информации и принятия управленческих решений.  

Информационные системы управления (ИСУ) позволяют:  

-  повысить  степень  обоснованности  принимаемых  решений  за  счет 

оперативного сбора, передачи и обработки информации;  

- обеспечить своевременность принятия решений;  

-  повысить  эффективность  управления  за  счет  своевременного 

представления  необходимой  информации  руководителям  всех  уровней 

управления из единого информационного фонда;  

 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 



 

Махмутов С.А. Об эффективности внедрения информационной системы управления...  

 

 



 

318 


-

 

согласовывать  решения,  принимаемые  на  различных  уровнях 



управления,  в различных структурных подразделениях. 

ИСУ  «Офис  регистратора»  предназначена  для  информационного 

обеспечения управлением учебным процессом на уровне офис регистратора в 

организации ВПО при кредитной/нелинейной системе обучения [2].   

Данная  система  обеспечивает  полную  или  частичную  автоматизацию 

основных  этапов  работы  офис  регистратора:  заполнение  личного  дела 

студента,  учебной  карты  (зачетной  книжки)  студента,  ведение  сессии, 

государственных экзаменов, учебных планов и т.д. 

Предметной  областью  ИСУ  «Офис  регистратора»  является  учебный 

процесс,  управление  которым  осуществляется  в  офисах  регистраторов  и 

учебно-методическом  объединении  организации  ВПО.  Непосредственными 

участниками учебного процесса являются кафедры и студенты.   

При  нелинейной/кредитной  системе  обучения  пиковые  нагрузки  на 

службы офис регистраторов организации ВПО, которые приходятся на конец 

семестра  при  линейной  системе  обучения,  не  наблюдаются.  Это  связано  с 

тем, что контроль (текущий и рубежный) учебного процесса осуществляется 

непрерывно в процессе обучения по всем заданным дисциплинам. При таком 

режиме контроля учебного процесса нагрузка на службы офис регистраторов 

относительно  равномерна  и  связана  с  повышенной  ответственностью  в 

течение  всего  семестра.  Для  снятия  непрерывной  повышенной  нагрузки  на 

службы  офис  регистраторов  целесообразно  использовать  информационную 

систему управления. 

Необходимость внедрения в эксплуатацию ИСУ «Офис регистратора» в 

организациях ВПО обосновывается тем, что при значительном объеме работ, 

операции,  которые  необходимо  выполнять  на  уровне  офис  регистраторов, 

относительно просты и однообразны.  

Еще  одна  особенность  офис  регистраторов  –  обработка  широкого 

спектра  информации,  такой,  как  личные  дела  студентов,  сведения  о 

преподавателях, успеваемость, учебные планы, данные о платных студентах 

и  т.п.  Объем  информации  каждого  вида  не  слишком  велик,  но  ее 

разнообразие вызывает трудности.  

ИСУ  «Офис  регистратора»  имеет  большую  базу  данных,  содержащую 

сведения  о  студентах,  специальностях  института,  учебных  планах  каждой 

специальности,  дисциплинах  по  каждой  специальности,  сведения  о 

преподавателях, сведения об успеваемости студентов и т.д.  

Одной  из  задач  в  работе  всех  офис  регистраторов  является  обработка 

документов,  а  также  составление  приказов  и  распоряжений,  следовательно, 

необходимо создать развитую систему электронного документооборота. Там, 

где  возможно,  система  может  взять  на  себя  значительную  часть  работы  по 

документообороту,  оставив  за  пользователем  только  функции,  связанные  с 

инициированием создания тех или иных документов.  

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Махмутов С.А. Об эффективности внедрения информационной системы управления...  

 

 



 

319 


Так  как  информационная  система  предназначена  и  для  офис 

регистраторов,  и  для  преподавателей,  и  для  студентов,  необходимо 

обеспечить:  

- разграничение прав доступа к данным в соответствии с должностными 

инструкциями пользователей;  

-  разграничение  прав  доступа  к  функциям  системы  в  соответствии  с 

должностными инструкциями пользователей;  

- защиту данных от несанкционированного доступа и непреднамеренного 

разрушения;  

- безопасность данных при внештатных ситуациях. 

Основными задачами  работы ИСУ «Офис регистратора» являются:  

-

 



обеспечение 

единого 


информационного 

пространства 

для 

непосредственных участников учебного процесса (студентов и профессорско-



преподавательского состава); 

-

 



 создание  унифицированного  комплекса  технологических  средств, 

обеспечивающего автоматизацию специфических функций; 

-

 

 обеспечение 



эффективного 

взаимодействия 

с 

внешними 



организациями и информационными системами

-

 



 внедрения  унифицированных  механизмов  доступа  и  актуализации 

информации,  позволяющих  обеспечить  руководство  и  каждого  сотрудника 

полной и достоверной информацией, необходимой им для принятия решений 

и выполнения должностных обязанностей; 

-

 

 предоставления  информационных  услуг  руководству  и  каждому 



сотруднику на его рабочем месте. 

Приведем список функций ИСУ «Офис регистратора»: 

 

  Редактирование данных студента. Включает в себя работу не только с 



личными  данными  студента,  но  и  с  историей  его  обучения:  повторное 

обучение,  академические  отпуска,  и  т.д.  Для  удобства  предусмотрены 

массовые  действия  со  студентами,  такие,  как  зачисление,  перевод  на 

следующий курс и т.д. 

 

  Работа со студентами, состоящими на платном обучении. 



 

  Редактирование  учебного  плана.  Для  каждой  совокупности  учебного 



года и семестра существует свой учебный план. 

 



  Ввод  и  контроль  успеваемости.  Система  обеспечивает  работу  с 

общепринятым  понятием  ведомости,  а  также  дает  инструменты  просмотра 

успеваемости студентов.  

 



  Редактирование  данных  о  преподавателе.  Включает  в  себя  работу  с 

личными данными. 

 

  Автоматическое заполнение зачетной книжки. 



 

  Автоматическое составление вкладыша в диплом. 



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет