Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011



Pdf көрінісі
бет8/32
Дата09.03.2017
өлшемі4,08 Mb.
#8610
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
Абдукеримова Т.
 
Абай поэзиясындағы анатомиялық атаулардың лексикалық мағынасы  
 
 
Мысалы: Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, 
        Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы [1.114]. 
 
Жүректің ақыл-сауаты  [1.266] 
Көңілім әнді ұғады,  
Жүрегім бойды жылытып [1.271]. 
            
Жүрегіңнің түбіне терең бойла  
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла [1.275]. 
 
Жүрегім менің қырық жамау. [1.281] 
 
Кімді  сүйсе  бұл  жүрек,  (281бет),  Қан  жүректі  қайғылы-ау  (281  бет). 
Жүрегім, ойбай соқпа енді (197 бет), Сорлы жүрек тым ауыр ((197). Жүрек –
теңіз,  қызықтың бәрі  –  асыл  тас,  жүректен  қызу-қызба кете қалса  (299  бет). 
Жүрегімді  байқасам,  инедейін  таза  емес  (302  бет).  Өз  жүрегім  толғансын, 
жүрегіңмен  тыңдамай  (73  бет).  Көздің  жасы,  жүректің  қанымен  (243  бет). 
Жүрекке  мұз  боп  ерімес  (243  бет).  Қылт  етпеген  көңілдің  кешуі  жоқ, 
жүрегінде  жатады,  өкпе  сызы,  досы  асықтың  болмайды  бөтендігі,  қосылған 
босаспайды  жүрек  жігі.  Жүректің  сөзін  сөйле  тіл,  жаманы  жоқ  бояма.  Қаза 
көрген  жүрегі  жаралы-ол  (117  бет).  Жүрек  балқып  игенде  (152  бет),  Асау 
жүрек алқынып, жүректің отын сөндірме, жүрегі жұмсақ білген құл. Жай таба 
алмай жүрек жасыған соң сүйек. Толды қайғы кеудеге жас жүрегім. Ғаділетті 
жүректің әділетін бұзыппын (302 бет). 
Бір «жүрек» қаншама ішкі дүниені, сезімді білдіріп, өзінің ой-қиялының 
тереңдігімен аз сөзге көп мағына беріп айта білуінде шек жоқ.  
Көз - адамның, жан-жануардың көру мүшесі.  
 
Көзімнің қарасы 
Көңілімнің санасы   [1.18].  
 
Қыр мұрын, қыпша бел,  
Көр, көзім, бір кенеп  [1]. 
 
Ғашықтық сезімді білдірсе, 
Көзге сынық,  
Жаның шашып  [1]. 
Қаза көрген жүрегі жаралы ол, 
Көзінің жасын тыймай жылып жүріп. 

84 
 
Сөзді ұғар көкірегі болса көзді 
Наданның көңілін құйтып көзін ашпақ. 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
Абдукеримова Т.
 
Абай поэзиясындағы анатомиялық атаулардың лексикалық мағынасы  
 
 
Көз  сөзінің  тіркесті  жолдары  түрлі  ойды  білдіріп,  мағынасы  бір-біріне 
ұқсамайды.  
Біреудің  кісісі  дүниеден  өтіп,  ағыл-тегіл  жылауын  білдірсе,  көкірегі 
болса көзді деп сана сезімнің ой-өрісінің, қабілетінің кең болуын армандаса, 
көзін  ашпақ  тіркесінде  санасын  оятып,  өмірді  біліп  тануын,  сауаттануды, 
білім алуды меңзейді.  
Ата-анаға көз қуаныш, 
Көкірегінде көп жұбаныш [1.80].  
 
Көзінен басқа ойы жоқ, 
Қыран құс көзі көріп самғағанда. 
Қанды көз қайқаң қағып шықса аспанға, 
Қызыл арай сары алтын шатырына  
Күннің кешке кіргенін көрді көзім. 
Әрбір  өлең  қатарындағы  «көз»  сөзі  өзіндік  мағынаға  ие  болып  көп 
мағыналы сөзді білдіреді.  
Көңілінің көзі ашық, сергек үшін   [1.145],  
Көзі ашық мағынасында қолданып тұр. 
Екі көзі төңкеріп, қылықты болуын айтады.  
 «Көз» 
сөзінің  бірнеше  контексте  жұмсала  жүріп,  ақырында 
полисемияға айналатындары болады, Абай өлеңдерінде көптеп кездеседі. 
 
1.
 
Басқаға көзі түспеуі:  Көзім жатқа қарамас. А.Қ. 
2.
 
Сұлу қыздың бейнесі: Аласы аз қара көзі айнадайын, 
                     Жүрекке ыстық тиіп салған сайын. 
3.
 
Жылау мағынасында: Жыласын көзден жас ақсын 
                 Омырауы боялсын. А.Қ. 
4.
 
Қайтыс болу:    Жиырма жеті жасында 
                 Абдрахман көз жұмды. А.Қ. 
5.
 
Белгілі бір бағыттағы көзқарас:  
       Көзіңді салдың тұрғыға 
       Бейнетін көрмедің [1.255].  
6.
 
Сенімменен, сенімсіздік:        
        Көзің қайдан жетеді  
        Достық пенен қастыққа [1.292]. 
   7. Сұрау: Дұғай салем жазамын Күйісбайға,  
     Бермек болған айғырдың көзі қайда. 
Тіл  –  жан-жануар  мен  дәм  сезетін,  үн  шығаратын,  адамның  сөйлейтін 
ауыз қуысындағы негізгі мүшесі. 

85 
 
«Тіл» сөзі де Абай өлеңдерінде түрлі мағынаға толы.  
 
1.
 
Еркін сөйлей білу, сайрай бер, тілім [1.24]. 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
Абдукеримова Т.
 
Абай поэзиясындағы анатомиялық атаулардың лексикалық мағынасы  
 
 
2.
 
Ойын жеткізіп, женілдеу:  Іштегі дертті жоярсын, 
                      Сайра да зарла қызыл тіл.  
3.
 
Тыңдамау: құлағын салмас, тіліңді алмас. (А.Қ. ) 
4.
 
Шындықты аңсау:  Тілде сүйек, ерінде жиек бар ма?  
                            Шымылдық боп көрсетпес  
                            шынның жүзін [1.273]. 
  5. Тәуір достықты аңсау:     Бір тәуір дос 
                        Тым-ақ керек 
                        Ойы мен тілі бөлінбес. (А.Қ.) 
     Абай жүйрік аттың сырын былайша суреттейді: 
     Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ,  
     Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ, 
     Аузы омыртқа шығыңқы, майда жалды, 
     Ой желкелі, үңірейген болса сағақ. 
     Теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті 
     Қабырғалы, жоталы болса күшті.  
     Ойынды еті бөп-бөлек, омыраулы, 
     Тояттаған бүркіттей салқы төсті [2]. 
 
Кекіл, құлақ, мойын, жақ, қабақ, ауыз, омыртқа, жал, желке, мұрын, ерін, 
тіс,  қабырға,  омырау,  төс  сөздерін  тіркестіріп  асқан  тапқырлықпен 
хайуандарға тән ерекшелікті дене бітімдерімен теңестіре суреттейді.  
Абай  үшін  өмір  сәулетінің  гүлі  де,  көркемдік  көркі  де  поэзия.  Сол 
поэзиямен  Абай:  «Туғанда  дүние  есігін  ашады  өлең»-деп  тіршіліктің 
қайығына мініп, өмір кеңістігін аралайды, өмір толқынымен тербеліп, талай-
талай жырлар төгеді-дейді белгілі жазушы М.Әуезов. Міне, өлең жолдарынан 
өмірдің  қайшылығын,  табиғаттың  сыр-сымбатын,  достық  пен  махаббатты, 
жақсылық  пен  жамандықты,  сұлулық  келбетін,  ішкі-сыртқы  жан  дүниесін 
дене мүше атауларымен байланыстыра отырып толғайды, тіл қатқызады [3]. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Әуезов М. Абай өлеңдерінің жинағы. Көркем әдебиет баспасы. Алматы: Жазушы. 1964. 
2.
 
Қалиев Т., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы: Дәуір. 
2003.  
3.
 
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. А.: Дайк-Пресс, 1999. 
 
 
 
 
 

86 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
 
Г.Ш.ЯКИЯЕВА 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы 
 
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ 
ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТУДА КРЕАТИВТІ ЖАЗУҒА ҮЙРЕТУ 
 
В  этой  статье  рассматривается  инновационный    метод  обучения  студентов  креативному 
письму в учебном процессе с целью расскрытия внутренних качеств личности.              
This paper touches upon some of the methods of teaching creative writing in the English classroom. 
Some of the tasks and their implications for curriculum design have been reported as well.  
 
Қазақстан Республикасының халықаралық аренаға шығуы, елімізде білім 
жүйесінің  әлемдік  білім  кеңістігіне  енуі  жоғары  оқу  орнына  жаңа  талап 
қойып  отыр.  Бүгінгі  Қазақстанға  қалыптан  тыс  ойлай  алатын,  шұғыл 
шешімдер  қабылдай  білетін,  белсенді,  шығармашыл  тұлға  қажет.  Сол 
себептен ЖОО-ның басты мақсаты – сапалы білім беру, болашақ мамандарды 
шетел  тілін  жетік  меңгерген,  кәсіби  іскерлігі  қалыптасқан,  креативті  іс-
әрекеттерді бойына сіңірген, қазіргі заман сұраныстарына сай даярлау болып 
отыр.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  2011 
жылғы 28-қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауында «...Сапалы білім беру 
Қазақстанның  индустрияландырылуының  және  инновациялық  дамуының 
негізіне айналуы тиіс» - делінген. «...Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын 
тілін  білетін  тұрғындар  саны  кемінде  20  пайызды  құрауы  тиіс  деп 
есептеймін»  деп  көрсетті  [1].  Осы  міндеттердің  нәтижесінде,  оқыту 
барысында инновациялық тәжірибелерді дамыту көзделіп отыр. Шетел тілін 
оқытуда бағдарлама талабы бойынша студент бойында коммуникативті және 
кәсіптік  біліктілігін  қалыптастыру  қарастырылған.  Дегенмен,  бұл 
бағдарламаларда  жазуға  үйретудің  соңғы  жаңа  технологиялары  кеңінен 
көрсетілмеген.  Біз  көп  жағдайда  сөйлеу  дағдысын  дамытуға  көбірек  көңіл 
бөлеміз де, жазу біліктілігі көлеңкеде қалып қояды. 
Жазу  ғасырлар  бойы  адамзат  білімі  мен  жинақтаған  тәжірибелер 
қоймасы, сондай-ақ әрбір елдің мәдениеті мен салт-дәстүрінің айнасы ретінде 
қызмет  атқарып  келеді.  Жазу  қашықтан  қатынас  жасау  формасы  болып 
табылады, олай дейтініміз автор мен оқырман қағаз бетінде тілдік қатынасқа 
түседі.  Сондықтан  мәтін  жинақы,  жүйелі,  нақты  және  лексикалық 
грамматикалық  дұрыс  таңдалған  қордан  туындау  қажет.  Қарым-қатынас 
жасаудың  бұл  түрінде  ым-ишара,  бет-әлпет  қозғалыстары  орнына  қажетті 
тыныс белгілері мен тілдік құралдарды дұрыс пайдалануды талап етеді (леп 
белгісі, көп нүкте, сұрақ белгісі т.с.с.) [2]. 
Жоғары  оқу  орнында  студенттерді  жазуға  үйрету,  әдетте,  дайындық 
жаттығуларынан  басталады.  Дайындық  жаттығулардың  негізінде  жазу 
дағдысы мен шеберлігіне үйрету жатыр, яғни сөйлемдерді өзгерту, қысқарту 

87 
 
немесе  толықтыру,  топтастыру,  баламасымен  ауыстыру  (лексикалық  немесе 
грамматикалық),  сұрақ-жауап,  аудару, т.с.с. [3].  Жазу – бұл шығармашылық  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
Якияева Г.Ш. Ағылшын тілі сабағында студенттердің тұлғалық қасиеттерін дамытуда креативті... 
 
 
процесс және өз ойыңды оқырманға жеткізе білу. Бұл көп тәжірибені қажет 
етеді.  Жоғарыда  аталған  жаттығу  түрлері  студенттерді  шығармашылықтан 
бұрын  тапсырманы  ұқыпты,  дұрыс  орындауына  көбірек  үйретеді.  Соңғы 
кезде  ғылымның  кез-келген  саласында  «креатив»  сөзі  жиі  қолданыста  жүр. 
Ол ағылшын тілінен аударғанда «creative» - «make something new, having the 
ability to create, artistic skill, etc.», «жаңа бір дүние жасау, қабілеті болу» деген 
мағына  береді  [4].  Инновациялық  креативті  білім  беру  –  қазіргі  оқу 
орындарында  оқытудың  шығармашылық  қызметі  саласын  анықтайтын, 
жаңаны тану мен жасауға бейімделу арқылы танылатын әрбір жеке тұлғаны 
қалыптастыруға бағыттайтын интеллектуалдық процесс. Ал креативті жазуға 
үйрету, бір жағынан студенттердің шығармашылық қабілетін дамытса, екінші 
жағынан  дәстүрлі  жаттығуларды  толықтырып  отырады.  Егерде  ұсынылған 
жазу тапсырмалар қызықты болса, онда білімгерлер де ынталана түсері хақ. 
Сондықтан  бұл  мақалада  білімгерлерді  креативті  жазуға  үйретуге  бірнеше 
тапсырмалар  ұсынылып  отыр.  Қысқа  әңгіме  жазу  (writing  short  narratives). 
Біріншіден,  бұл  қысқа  топтасып  әңгіме  құрастыру  жұмысы  бір  сабаққа 
жоспарланған  жөн.  Бұл  тапсырманы  дайындау  үшін  әр  студенке  бір  парақ 
алып  оның  жоғарғы  жағына  алғашқы  түрлі  дәстүрлі  бастау  сөйлемін 
жазамын. Мысалы, «Once upon a time an old man and an old woman were living 
together» немесе ерекше қызықты әңгімені былай бастасақ та жақсы, мәселен, 
«Julie  was  the  loneliest  carrot  in  the  vegetable  garden».  Алғашқы  сөйлеміңіз 
әңгімені жалғастырып жазып әкетуіне оңай болуы тиіс. Содан соң ол қағазды 
әрқайсысына таратып , оны оқып және әңгімені жалғастыруды сұраймын. Бір 
студент  бір  сөйлем  жазып  екінші  студентке  өз  ойын  толықтыруға  береді. 
Осылайша  олар  жұмыстарын  аяқтаған  соң  қағазды  алып  тексереміз,  келесі 
сабақта ол әңгімені дауыстап оқимыз. Олар өздерінің не жазғанын тыңдауға 
әрдайым ынталы.  
Келесі  тапсырма  суретте  берілген  адамдарға  әңгіме  құрастыру.  Әңгіме 
жазу  үшін  суреттер  таптырмас  құрал.  Жиі  қолданатын  әдістің  бірі, 
жиырмадай  түрлі  жастағы  адамдардың  суреттерін  әртүрлі  журналдардан 
жинаймыз,  оларды  тақтаға  іліп,  ішінен  бірін  таңдап,  сосын  сол  адамның 
атынан  әңгіме  жазады.  Олар  бірінші  жақта  сол  кейіпкердің  орнында  болып 
жұмысы, қызығушылығы, жанұя, балалары туралы әңгіме жазады. Бірақ бұл 
тапсырмада  білімгерлер  кейіпкердің  сыртқы  келбетін  көрсетпегені  жөн. 
Себебі,  бір  студент  өзі  туралы  әңгімені  тақтаға  шығып  оқығанда  басқалары 
қайсы  кейіпкер  екенін  ілінген  суреттердің  арасынан  табуы  қажет.  Сыртқы 
келбетін  суреттемегендіктен  олар  кім  екенін  анықтау  үшін  әңгімені  мұқият 
тыңдауы  керек.  Ал  бірінші  жақта  сөйлеу  автордың  табиғи  және  сенімді 

88 
 
болуына көмектеседі. Бұл тапсырма жазудың маңыздылығын коммуникация 
ретінде  нақтылай  түседі,  себебі  тыңдаушы  «сөйлеушіні»  дұрыс   түсінбесе  
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
Якияева Г.Ш. Ағылшын тілі сабағында студенттердің тұлғалық қасиеттерін дамытуда креативті... 
 
 
оның кім екенін табу қиынға соғады. Яғни, бұл тапсырма әрі жазу, әрі тыңдау 
дағдысын бір мезгілде дамытады. 
Тағы да бір креативті жазу шеберлігін арттыруға бағытталған тапсырма 
«spontanous»  яғни  «аяқ  астынан  жазылған  өлең»  [5].  Өлең  жазу 
тапсырмасына  кіріспес  бұрын  көмек  ретінде  бірнеше  сөздерді  ұсынуға 
болады.  Ұсынылған  сөздерді  тақтаға  жазып  қоямыз  да,  дыбыс  үндестігі 
сәйкес сөздерді табамыз. Мысалы: 
 
arms 
 
 
forever      mend 
 
rain 
 
bad 
 
 
friend       miss  
sad 
 
broken hard 
 
hair 
     moon 
 
talks 
 
end 
 
 
hold 
     never 
 
tears 
 
eyes 
 
 
June 
     pain  
tell 
 
face 
 
 
kiss 
     part   
together 
 
fair 
 
 
leave       place 
 
walks 
 
fears 
 
 
lies 
     pretend 
 
weather  
Берілген  сөздердің  ішінен  үйлесімділігін  тауып,  ұнататын  адамға  өлең 
жазуын сұраймыз. Ескертетін бір мәселе, ол адам бұл жөнінде білмеуі тиіс, ал 
сіздің өлеңіңіз сезіміңізді жеткізуге көмектеседі. Осы тапсырманы орындаған 
бір-екі студенттің шағын ұйқас өлеңдері төменде берілді: 
           I want to kiss you 
           And often miss you 
           Let’s walk together 
           What a fine weather! 
           I like your eyes 
           They are so kind  
           Stay with me forever 
           Never say- never. 
            
Өлең  –  сөздің  патшасы  демекші,  өлең  жазу  алғашқыда  білімгерлерге 
қиын  болып  көрінуі  мүмкін.  Өлең  құрылымындағы  сөз  ырғағы,  құрылысы, 
ұйқасы, буыны көп ізденісті қажет етеді. Кейбір студенттер өлең жазуды тым 
«сезімге» берілгендік деп түсінеді. Мейлі, солай-ақ болсын, осылайша олар өз 
ішкі  сезімдерін,  талаптарын  сыртқа  шығаруға  мүмкіндік  алады.  Бәлкім  өз 
араларында  ана  тілінде  өлең  жазатындары  да  бар  шығар.  Бұл  әдіс-тәсіл 
білімгерлердің  бір-бірін  жіте  тануына,  бағалауына  көмектеседі.  Тақырыпты 
анықтап алып, еркін ырғақта (яғни ұйқасына, құрылымына қарамастан) өлең 
жазуды сұранамыз, әйтеуір өлеңнің формасына келсе болғаны. Ол кез-келген 
тақырыпта  болуы  мүмкін.  Жұмысыңыз  әрі  қарай  жақсы  жалғасын  тапсын 

89 
 
десеңіз,  өзіңіздің  бір  өлеңіңізді  оқып  берсеңіз  болады,  ол  бір-екі  қатардан 
тұрса  болғаны,  жетіп  жатыр.  Осылайша  студенттердің  көңілін  көтеріп  және 
өлең  жазу  дегеніміз  аса  қиын  дүние  емес екендігін өзіңіз дәлелдеп бересіз,  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
Якияева Г.Ш. Ағылшын тілі сабағында студенттердің тұлғалық қасиеттерін дамытуда креативті... 
 
 
бірақ  олардан  ешқандай  грамматикалық  сауаттылықты  талап  етудің  қажеті 
жоқ. Төменде бір-екі студенттің жазған өлеңдерін ұсынамын: 
                     Life of mosquito 
                  Sky is big and I’m small 
                  People hate me    
                    Why? 
                      I’m the wind 
                   I’m the wind 
                   I take your thoughts away 
                   I’m the wind  
                   I don’t know where is my way. 
 
Тапсырманы  орындауда  алдын-ала  өлең  үлгілерін  берудің  қажеті  жоқ 
деп  ойлаймын.  Себебі,  олар  тым  жоғары  деңгейде  жазылғандықтан 
студенттер оған еліктеймін деп ауыр тиюі мүмкін. Бұл тұста студент ешкімге 
еліктемей, өзіндік жеке шығармашылық жасап шығуына жол ашады. 
Бұл  мақалада  креативті  жазуға  үйретудің  бір-екі  жолдары  ғана 
ұсынылып  отыр,  бірақ  байқағанымыздай,  білімгер  тұлғасы  орталыққа 
айналып,  олардың  шығармашылық  іс-әрекетке  деген  ынта-ықыласы  оянып, 
көптеген  тұлғалық  қасиеттерін  ашуға  мүмкіндік  береді.  Демек,  креативті 
жазудың нәтижесі – тек қана белгілі құрылымды қайталап қана қоймай, жаңа 
білімді жасау, тапсырманы орындауда жаңа жолдарды ашу. Бұл - әр адамның 
өзін-өзі  жасампаздықпен  қайта  құра  алуы,  айналаны  өзгертуге  қатыса  алуы. 
Креативті білім арқылы білімгерлердің интеллектуалдық, рухани күші артып, 
жеке  тұлғасы  қалыптасады.  Жоғарыда  ұсынылған  тапсырма  түрлері 
студенттердің  барлық  қабілеттерін  дамытып,  олардың  өшуіне  жол  бермей, 
өзін-өзі тануына көмектеседі.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы // Егемен 
Қазақстан, 2011, қаңтар. 
2.
 
Teaching English Forum, volume 36, 1998. 
3.
 
Webster’s Concise Dictionary, Trident Press International 
4.
 
Гальская Н.Д. Теория обучения иностранным языкам, 2006. 
5.
 
Liz & John Soars Headway, student’s book, pre- intermediate. 
 
 
 
 
 
 

90 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
 
М.С.ОШТАНОВА 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы 
 
ПІКІР ТАЛАСТЫРУ ӨНЕРІ – ПОЛЕМИКА 
 
В  данной  статье  автор  рассматривает  полемику,  существующую  с  древнейших  времен,  как 
искусство ведения спора. 
The article deals with the polemics, existed from the ancient times, as the art or practice of argument. 
Сөйлесудің  ең  байырғы  формаларының  бірі  пікір  таластыру.  Пікір 
таластыру  дегеніміз  сөз  жарыстыру,  белгілі  бір  мәселе  бойынша  әр  түрлі 
көзқарасты  талқылау,  әр  жақ  өзінің  дұрыстығын  көрсету  үшін  дәлелдемелер 
келтіріп және қарсыластың дәлелдемесін сынау. Пікір таластырудың бірнеше 
түрлері  бар:  талқылау,  полемика,  пікір-талас.  Талқылау-көпшілік  ғылыми 
немесе  саяси  пікір  таластыру,  әр  түрлі  көзқарастарды  салыстыру  арқылы 
мәселенің  дұрыс  шешімін  табуды  көздейді.  Полемикада  қатысушылар 
қарсыластың  пікірін  жоққа  шығару  арқылы  өз  дұрыстығын  дәлелдеуге 
тырысады, жеңіске жетуді көздейтін көпшілік сөз талас. Пікір-талас қоғамдық 
маңызы бар қандай да бір мәселені алдын ала дайындалған формада көпшілік 
талқылау [1]. 
Пікір  таластыру  өте  ертеден  келе жатқан  полемика  өнері ретінде  ежелгі 
Үндістаннан,  Грециядан  бастау  алады.  Үнді  философиясы  мен  логикасын 
зерттеушілер  ежелгі  үнділердің  өмір  сүру  қалпы  мен  әлемдік 
көзқарастарының ерекшілігін, ондағы көптеген діни-философиялық мектептер 
мен  ағымдарды  зерттей  келе,  олардың  өкілдері  үнемі  өзара  полемика 
жүргізгенін анықтаған. 
Полемика көпшілік алдында пікір таластыру формасы, өз ойын дәлелдеу, 
қарсыластың  пікірін  сынаумен  қатар,  табыс  табу  көзі  болып  та  келген. 
Көпшілік  алдында  сөз  таластыруға  бай,  қолында  билігі  барлар  қаржы  бөліп 
отырған.  Негізінен  діни-философиялық  саланы  қамтыған  бұндай  сөз 
жарыстар, бастапқыда полемика ретінде практикалық мақсатта жүргені анық, 
ал  оның  пайда  болуы  мен  жетілдірілуі  әлеуметтік  шарт  болған.  Уақыт  өте 
келе бұл тенденция сақталып қана қоймай, беки түскен. Аргументация,
 
яғни 
дәлелдеме беру полемика жүргізудің практикалық құралы. 
Барлық  уақытта  дәлелдеу  практикалық,  әлеуметтік  анықталған  тақырып 
болып  келген.  Оның  логикадан  ерекшелігі  де  осында.  Әрине  логикада 
қоғамдық процесстерден жырақ дамып, жетіледі деуге келмес. Бірақ дәлелдеу 
үшін  полемика  жүргізудің  практикалық  өнері  ретінде  әлеуметтік-мәдени 
доминант  біршама  маңыздырақ.  Дәлелдеудің  барлық  тарихы  қоғамдық 
өмірдің айнасы [2].  
Ежелгі  Греция  да  дәлелдеме  келтіру  арқылы  сөз  таластырудың  (сонымен 
қатар логиканың) пайда болған отаны. Бастапқы да дәлелдеу Грецияда екі бағытта 
дамыған.  Бұл  бағыттар  оның  теориясы  мен  болашақта  қолдануының
 

91 
 
қалыптасуына  көп  әсерін  тигізген.  Осы  бағыттың  бірі,  сендіру  өнері  ретінде 
диалектиканың   қалыптасуымен  байланысты.  Диалектикалық   сөз таластың  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
Оштанова М.С.
 
Пікір таластыру өнері – полемика
 
 
 
шеберлері  Сократ  пен  Платон  болған.  Дәлелдеудің  бұл  бағытының  дамуына 
Аристотель ауқымды үлес қосқан. Аристотельдің шығармаларында («Топик», «О 
софистических  опровержениях»,  «Риторика»)  дәлелдеудің  логикалық  негіздерін, 
диалектикалық  полемиканың  негіздерін  анықтап,  диалектикалық  полемиканың 
мақсаты – шындық іздеу, істің мән-жайын ашу деп көрсеткен [3]. 
Шындыққа  жету  жолы  таласта.  Әңгімелесу  мен  таласта  әрдайым  келісімге  келе 
бермеуі мүмкін. Әр адам өзінше ойлайды. Шындыққа жету үшін интеллектуалды 
қадамдар  жасайды.  Сөз  талас  –  екі  қарама-қарсы  пікірдің  тайталасы.  Кейде 
елеусіз  мәселе  үшін  де  талас  туатындықтан,  талқылау  мен  полемиканы  сөз 
таластырудың  ерекше  түрі  десе  де  болады.  Сөз  талас,  мәселені  талқылау, 
полемика  бір-біріне  ұқсас,  диалог  немесе  монологтың  түрлері.  Әртүрлі 
көзқарастардың жинақталуы мен бетпе-бет келуі арқылы интеллектуалды қарым-
қатынас жасалады, оның мақсаты шындыққа жету, ескіні, кемшіліктерді анықтау 
және  жою,  белсенді  өмірлік  позицияларды  қалыптастыру.  Интеллектуалды 
диалогтардың әрқайсысының ерекшеліктері бар. Қандай да бір тақырыпта диалог, 
талқылау  немесе  полемика  жүргізу  көптеген  өмірлік  шынайы  жағдайларға 
байланысты. Талқылау коммуникацияның маңызды формаларының бірі, таласты 
мәселелерді  шешу  әдісі,  ерекше  таным  жолы,  анық  емес,  сенімді  негіздемесіз 
нәрсені  жақсырақ  түсіну.  Талқылау  нәтижесінде  қатысушылар  бір  шешімге 
келмесе де, олар өзара жақсы түсіністікке жететіні белгілі. Жеке адамды, не топты 
сендіру  арқылы  ортақ  қолдауға,  белгілі  бір  негіздемеге  қол  жетеді.  Талқылау 
кезінде  бірнеше  адам  кезекпен  бір  тақырыпқа  байланысты  өз  ойларын 
таныстырады. Бұл сөйлесудегі қажетті өзара байланысқа жетелейді. Талқылаудың 
мақсаты  қатысушылардың  белгілі  тақырыпта  бәріне  ортақ  әдіспен  келісімге 
жетуі. Қатысушылардың талқыланып жатқан мәселеге орай белгілі көзқарастары 
бар. Осы көзқарастарға негізделген, жеке біреудің пікірі ғана емес, ортақ барлығы 
қолдайтын бір шешімге жету көзделеді.  
  Полемика,  көп  жағынан  талқылау  сияқты  мақсаты  мен  қолданатын  құралы 
жағынан  біршама  ерекше.  Полемиканың  мақсаты  келісімге  жету  емес,  екінші 
жақты  жеңу  арқылы  өз  көзқарасын  бекіту.  Полемикада  қолданылатын  құрал 
барлық  қатысушылар  келісетіндей  бейтарап бола  бермейді.  Олардың  әрқайсысы 
жеңіске  жетуге  қажетті  жолдарды  өзінше  пайдаланып,  таласта  қолданылатын 
әдістер  жайлы  басқа  қатысушылардың  ойларына  сәйкес  келе  бермейді. 
Полемиканы әскери ойынмен салыстыруға болады, онда «қарсылас» өзіне қарсы 
қолданылатын құрал  күштермен  келіседі деп күтілмейді. Ал  талқылауда  екі  жақ 
бірдей 
танитын әдістерді пайдалану көзделген. 
  Шындыққа  жетудің  ұжымдық  әдісі  ретінде,  ежелден  қолданылып  келе 
жатқан сөз таластарудың үш түрі бар екенін Аристотель көрсеткен: 
1.
 
Диалектика – шындыққа жету мақсатында сөз таластыру өнері. 
2.
 
Эристика – таласта қайтсе де дұрыстығын сақтап қалу өнері. 

92 
 
3.
 
Софистика  –  шындыққа  жанаспайтын  тұжырымдарды  қасақана 
қолдану арқылы таласта жеңуге күш салу [4].  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет