Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011



Pdf көрінісі
бет28/44
Дата08.01.2017
өлшемі3,67 Mb.
#1421
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   44

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Байболов М.Б. Мұхтар Шаханов шығармашылығындағы ұлттық негіздер 
 
 
сұхбаттарының  бірінде:  «Шыңғыс  ханды  жау  көруім  –  мен  сол  қиратқан 
Отырардың  перзентімін!»-деп,  осы  тұрғыдағы  пікірін  шегелей  түсті. 
Анығында  дауға  айналған  ақынның  «Жазагер  жады  космоформуласы» 
(Шыңғыс ханның пенделік құпиясы) атты романы болатын. Бұл ретте арқалы 
ақынның  көзқарасын  айқындайтын  туындылары  көп,  соның  бірі  «Жеңілген 
жеңімпаз  хақындағы  Отырар  дастаны  немесе  Шыңғыс  ханның  қателігі» 
поэмасы.  
Қиратқыш  күшке  қарсы  пайым  мен  адамзат  өркениетіне  ізгілікті 
көзқарас  Мұхаңда  сонау  балғын  кезеңде  әкесінің  аузынан  естіген  хикаяттар 
негізінде  қалыптасқан  деп  қорытынды  жасай  аламыз.  Ақиқатында  біздің 
мақсат Шыңғыс ханның зұлымдығын болмаса адамгершілігін анықтау емес, 
жалпы  адамзаттық  трагедияларға  ақын  жүрегінің  сыздауы  және  сананы  ізгі 
сәулелермен нұрландыруына баса назар аудару болып табылады. 
«Бұл  тақырыпқа  байланысты  ойымызды  тұжырымдай  келе  сұранып 
тұрған  мына  бір  пікірді  айтпақпыз.  Ш.Айтматов  пен  М.Шаханов,  жалпы 
алғанда,  әрине,  Шыңғыс  хан  тұлғасына  қарсы  емес.  Олар  адамзаттың  ізгі 
мақсат-мұраттарымен үйлеспейтін агрессивті ұстанымға, қатыгездікке, соғыс 
өртіне қарсы. Жазушының міндеті адам жанына өшпенділік отынан арылуға 
көмектесу» - деген тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Қойгелдінің 
пікірі біздің ойымызды тиянақтай түспек [2.510]. 
Естелікке  жүгінсек,  ақынның  ата-анасы  мейлінше  жомарт  адамдар 
болыпты. Әкесі үйіне бас сұққан кісі шәй ішпей аттанса, зайыбына ренжиді 
екен. Бір жолы Шахан атамыздың үйіне күш атасы Қажымұхан келеді. Даңқы 
жер  жарған  балуанның  келісіне  қуанған  атамыз  ұлына  сүтін  сауып  беріп 
отырған жалғыз ешкісін сойып, құтты қонағына қонақасы береді.  
Анасы  болса,  Атыраудан  әкелінген  бекіре  балықтың  уылдырығын 
көршілеріне  таратып  жібереді.  Қалтасын  тәттіге  толтырып,  көршілердің 
балаларына тарату да сүйікті ісі болса керек.  
«Шекарасыз  жомарттық  немесе  Қалекеш  Қарағұловты  іздеу»  деп 
аталатын  достыққа  ескерткіш  сипатында  жазылған  жырында  адамдар 
арасындағы  айнымас  достық  пен  шекарасыз  жомарттықты  биік  дәрежеде 
дәріптейді.  Жалпы  алғанда  ақынның  өміріне  өзек  болып  келе  жатқан 
жомарттық пен оның сарындарының шығармашылығында көрініс табуының 
тамыры  –  ата-ана  тәрбиесінің  негізі  салмақты,  мағынасы  мәнді  болуында 
жатса керек-ті.  
«Қазақтың  бас  бұлшық  еті»,  «Бөдене  таланттар  мен  Қажымұхандар» 
аталатын  ақын  жырларының  өзегінде  жоғарыда  келтіргендей,  шаңырағына 
келген  алып  адамға  деген  сәби  сезіммен  таңқалыс  пен  сүйсініс  жатыр. 
Аталмыш  жырлардан  кез-келген  балуанның  рухани  зердесі  кемел  болмаған 
жағдайда  ол  тек  қана  қара  күш  иесіне  айналып,  қуатын  зұлымдыққа 
бағыштайтынын түйсінеміз.  

220 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Байболов М.Б. Мұхтар Шаханов шығармашылығындағы ұлттық негіздер 
 
 
Адам  өмірінің  ізгілікті  арнасының  бірі  –  махаббат.  Бұл  ретте  де  Мұхтар 
Шахановтың  еңсесі  өзгелерден  биік.  Тіршілік  иесінің  жанын  нұрлы  ететін  пәк 
махаббат, тұнық та іңкәр сезімді жырлауда қаламгер көш басында келеді.  
Махаббатты  жырлай  отырып,  ақын  сүюдің  қабатында  сатқындық  та  бой 
тасалап,  бұғып  жататынын  аңғартып,  одан  сақтануға  үндейді.  Мысалы,  жыр 
майталманының «Шың басындағы оқиға» аталатын өлеңін зерделейік. 
Қосылуға еркі жоқ, әкенің қатал үкімі мәңгі айыруға мәжбүр еткен екі жас 
шың  басында  тығырыққа  тіреліп  тұрады.  Шегінерге  жол  жоқ,  қуғыншылардың 
дыбысы естілгенде о дүниеде жолығыспаққа серттесіп, әуелі жігіт құздан секіріп 
кетеді.  Сүйгенінің  соңынан  тірліктен  баз  кешуге  тиісті  қыз  болса  қанша 
оқталғанымен  тәтті  тірлікті  қия  алмайды.  Соңдарынан  қуып  жеткен  әкесі  мен 
ағасы болған жайтқа қаныққанда, әсіресе, ағасы қатты күйінеді: 
...Tipшiлiктe ез адамға көп өлiм, 
Heгe ғана қуғыншы боп кеп едiм?! 
Жiгiтiңдi сүйгендiгiң шын болса, 
Әкеме ара түсейiншi деп едiм. 
Қайран жiгiт жүрегiне нұр тұна, 
Өлiп кеттi сенi тастап жұртына. 
Кебек толы құмыраның келiстi 
Iшiн көрмей, 
Ғашық болып сыртына.  
Тек ол өлiм – өнегелi өр өлiм.  
Өр өлiмнен шын ғашықтың құдiретiн көремiн... [3.133]. 
Осы  бір  қыз  ағасының  сөзімен  берілген  жыр  жолдарында  үлкен 
философиялық астарлы ой айтылады. Яғни өзіне жар таңдаған кез келген жастың 
тереңге тамыр жібере ойлануы қажеттігін, сүйгеніне сеніп өмірін қиған жігіттің 
аяғын  құшып,  іші  кебекке  толы  құмыраның  сыртына  ғана  құмартқандай  сан 
соғып қалмауды поэзиялық тілмен көркем кестелеп, әсем әдіптейді.  
«...Бастысы – сұлу жұбайың 
Өзіңе  ертең  кім  болмақ?»  -  деп,  «Жетінші  түйсік»  аталатын  жырында  да 
салмақты сауал тастайтын ақын әрбір жас өркенді сезімнің шырғалаңымен аяғын 
шалыс басудан сақтандырады [3.79].  
«Сыртқы  түр  перде,  ішін  айт,  пиғылын  айт»  -  дейтін  Ахмет  атамыздың 
өсиетімен  сабақтас  келетін  ақынның  махаббат  турасындағы  туындыларын  жас 
буын бойтұмар етуі қажет деп білеміз.  
Мұхтар Шаханов – шығармаларына ЮНЕСКО екі дүркін зер залып, арнайы 
талқылау  өткізген  айтулы  шығармашылық  иесі.  Бұрын-соңды  көзі  тірі  ешбір 
қаламгер  мұндай  бақытқа  кенелмеген  болса,  ақын  ағамыз  көтерген  жалпы 
адамзатқа  ортақ  мәселелердің  атан  түйенің  белін  қайыстырардай  қаншалықты 
салмақты екендігін бағамдай беруге болады.  
Ақынның  «Өркениеттің  адасуы»  атты  романы  ғаламдық  поэзиядағы  жаңа 
құбылыс  ретінде  бағаланды.  Өлеңмен  жазылған  романды  неміс  халқының 
даңқты қаламгері 
Фридрих Хитцер «Еуропа
 
үстіндегі найзағай» деп бағалаған
  

221 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Байболов М.Б. Мұхтар Шаханов шығармашылығындағы ұлттық негіздер 
 
 
болатын.  Шығарманың  тұсаукесері  1999  жылы  ЮНЕСКО-ның  арнайы 
шешімімен халықаралық ұйымның Париждегі штаб-үйінде өтті. Рәсім барысында 
туындыны әлемнің барлық басты тілдеріне аударуға ұсыныс жасалды.  
Екіншілей,  2002  жылы  ақынның  «Жазагер  жады  космоформуласы» 
(Шыңғыс ханның пенделік құпиясы) атты екінші романы бойынша да ЮНЕСКО 
«Жібек жолындағы ғылым мен руханият» халықаралық конференциясы аясында 
«Тарихи-адамгершілік  жадыны  жоғалту  қаупі  және  рухани  тазару  проблемасы» 
деген тақырыпта ауқымды дөңгелек үстел өткізді.  
Адамзат дамудың шыңына жетіп, өркениет биігінде тіршілік етсе де, ғылым 
мен  техника  соншама  дамып,  қарыштаса  да  қайтіп  адам  қалпымызда  қаламыз 
деген  сауал  ділгір  де  өткір  күйінде  қалып  отыр.  Осы  жайтқа  бас  ауыртқан 
ғалымдар мен білімдарлар романдағы қуатты ойлардан жауап тапқандай болды.  
«Өркениеттің адасуы» романында жарияланған әрі қоғамда ерекше сілкініс 
тудырған  жырлардың  бірі  –  «Компьютербасты  жарты  адамдар»  (Рухсыз  күш 
формуласы). Туындыда адамның рухани саязданып, жан сарайы жартыкештеніп 
бара жатқаны баяндалып, одан төнер қауіптің себеп-салдары шебер суреттеледі.  
Ойымыз ұғынықты болуы үшін жырдың маңызды тұсын келтірелік: 
   «Елге ұстаздық еткен қарттан алғыр, құйма құлақты, 
Қонақтары сұрапты:  
– Аға, неше балаңыз бар соңыңыздан самғаған? 
– Бір жарым! – деп тіл қатыпты әлгі адам. – 
Ал, дәл айтсам, үш ұлым бар зерек әрі білімді, 
Үшеуі де ғылым қуып назарға ерте ілінді. 
Сол үш ұлдың бірі ғана қайсар, ұшқыр арманын, 
Техникалық санаты мен ғылыми өр талғамын 
Өз ұлтының рухани байлығына жалғады, 
Содан шуақ, қуат алып, ғаламдық ой толғады. 
Екі ұлымның тағдырында ол өзгеріс болмады, 
Екеуі де жалаң білім шеңберінде сорлады. 
Рухы, жаны аласаның зорлық жатар парқында, 
Сондықтан қос перзентімді санаймын мен жарты ұлға. 
Мейлі, мейлі, екі ұлымды қақса да уақыт арқадан 
Нағыз ұлым біреу ғана, ана екеуі жарты адам! 
Иә, бізді қайда апармақ мына заман ақпалы? 
Ұлан-байтақ жерімізді жарты адамдар қаптады. 
Қайда барсаң көз алдыңда өнеге боп жарқылдар, 
Жарты бастық, 
 
 
 
жарты ұстаздар, 
 
 
 
 
 
жарты қыздар, 
 
 
 
 
 
 
 
жарты ұлдар... » [3.58]. 
 
 
 
 
 
 

222 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Байболов М.Б. Мұхтар Шаханов шығармашылығындағы ұлттық негіздер 
 
 
Жырдан  үзінді  келтіруіміздегі  мән,  ақының  өлеңінен  мысал  келтірмей, 
ондағы философиялық ойдың сипатын толыққанды келтіру мүмкін емес.  
Техниканың тілін меңгеруде әлемде бәйгенің басын бермей келе жатқан 
жапон  ғалымдарының  өздері  «Өркениеттің  адасуындағы»  ақын  көтерген 
мәселелерге  айрықша  көңіл  бөлді.  Жапон  жұртының  атақты  ақыны  әрі 
философ-ғалымы Дайсаку Икэданың М.Шахановқа арнап  поэма жазуы және 
де  2001  жылы  ақын  ағамызға  күншығыс  елінің  астанасы  Токио  қаласында 
Соко  Гаккай  университетінің  Құрметті  профессоры  атағының  берілуі 
талғамы  күшті  жапон  елінің  қаламгеріміз  бен  оның  шығармашылығына 
қаншалықты құрметпен қарайтындығын аңғартады.  
Жапон  жұрағатын  толғантқан  мәселелер  бізден  де  сырт  емес.  Біздің 
қоғамның да дертінің бірі – рухани мешеу адамдардың молаюы десек артық 
айтқандық  болмас.  Ізгіліктен  жұрдай  адамдардың  мейірімсіз  роботқа 
айналып  бара  жатуы,  ұлтсыздық  ұйығы  тереңіне  тартып,  космополитизмнің 
өріс кеңейтуі кез келген саналы адамды ойлантады. 
Баршамыз  бала  күнімізде  қызыға  тамашалаған  «Терминатор»  аталатын 
көркем фильмдегі жағдай ақиқатқа айналып келе жатқандай.  
Бұл  тұрғыда  Мұхтар  Шаханұлы  «Компьютербасты  жарты  адамдарды» 
былайша тұжырым жасап, қорытындылайды: 
«........................................... 
Дөңбекшиді көңіл-ғалам, 
Бүгін өлу жеңіл маған, 
Осы рухсыз жеңістердің ертеңіне сенгенше…» [3.61].  
Қорыта 
айтқанда, 
ақынның 
асқақ 
жырлары, 
философиялық 
толғаныстары мен қуатты тұжырымдары елімізді рухсыздық шабуылдарынан 
қорғап, әрдайым сапта тұра беретіні сөзсіз.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Момышұлы Б. Ұшқан ұя. Шығармалар. Алматы: «Жазушы», 1975. 
2.
 
Айтматов  Ш.,  Шаханов  М.  Ғасыр  айрығындағы  сырласу  (Құз  басындағы  аңшының  зары). 
Алматы: «Полиграфкомбинат» ЖШС, 2008. 
3.
 
Шаханов  М.  Мәңгүрттенбеу  марсельезасы:  Өлеңдер,  балладалар,  поэмалар,  әндер.  Алматы: 
«Рух-Дария», 2008. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

223 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
 
Л.АДИЕВА 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты 
 
РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ДІНИ ТАНЫМЫНА 
ҚАРСЫ ЖҮРГІЗГЕН ДІНИ-ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТЫ 
 
В  этой  статье  рассматриваются  проблемы  религиозно-идеологической  политики  Российской 
империи в казахской степи. 
 
The article deals with some  matters of religious and ideological policy of the Russian Empire in the 
Kazakh Steppe. 
 
Жалпы қазақ халқын діни тіршілік тұрғысынан қарастырар болсақ, ислам 
дініне дейінгі, ислам дінінен кейінгі, Қазақ хандығы, Ресей патшалығы дәуірі 
және  Кеңес  өкіметі  кезеңі  деп  бөлуге  болады.  Әрине,  бұл  қазақ  елі 
тәуелсіздігін алғанға дейін болған процесс. Қазақ, түрік, өзбек және басқа да 
түрік  тектес  халықтарының  атаулары  тарих  сахнасына  шықпай  тұрып,  олар 
түркі  халықтары  деген  жалпы  бір  атаумен  аталған.  Әрбір  тайпа,  әрбір 
ұлыстың  өз  сенімі,  яғни  өзіне  тән  өмір  сүру  формасы  болған.  Арабтардың 
жаулап  алып,  ислам  дінін  тарату  әрекеттері  Орта  Азияның  дәстүрлі 
танымына,  сеніміне  әсер  еткенімен,  жергілікті  халықтың  салт-дәстүрі,  әдет-
ғұрыптарымен біте қайнасып, олармен толық үндесе білді. Нәтижесінде Орта 
Азия  халықтарының  этникалық  ерекшеліктеріне  қаныққан  өзіндік  діни 
түсінік  қалыптасты.  Оның  қалыптасуына  А.Иасауи  мен  оның  шәкірттерінің 
ролі үлкен болды. Ислам діні мен түркілердің рухани мұрасын ұштастырып 
өре білген Қожа Ахмет Иасауи салған жолы түркі мәдениетінің одан кейінгі 
ғасырлардағы басты сақтаушысына айналды.  
Бұл  мақала  шеңберінде  Ресей  империясының  қазақтың  дәстүрлі  діни 
танымына қарсы жүргізген діни-идеологиялық саясатын қарастырамыз. 
Ресей  империясының  қазақтарды  отарлау  саясатын  жүзеге  асыру  үшін 
және  де  осы  халыққа  өз  үстемдіктерін  жүргізу  үшін  көптеген  амал- 
айлаларын  қарастырып,  өз  әрекеттерін  басқа  бір  қырынан  сынап  көрмекке 
бел буды. Әрине, бұл рухани құндылықтар жүйесінен екендігі баршаға мәлім. 
Дін  –  кез-келген  халықтың  рухани  дүниесі  мен  мәдениетінің  өзегі. 
Халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрі сол діннің ыңғайына қарай жасалады. Дін 
өзгерсе, олар да өзгереді. Діннен тыс мәдениет те, салт-дәстүр де болмайды. 
Керек  десе,  бір  діннің  ішіндегі  әр  түрлі  ағымдар  арасындағы 
айырмашылықтың  халықтың  этникалық  бет-бейнесін  өзгертуін  күші  жетеді. 
Оған дәлелді ұзақтан іздеп қажеті жоқ. Түркі халықтарының соңғы мың жыл 
ішінде жүріп өткен жолы оған дәлел бола алады [1].  
Ресей империясына тәуелді түркі тектес халықтардың ішінде қазақ халқы 
халық  саны жағынан  да, жер  көлемі  жағынан  да  бірінші  орында  тұрған  еді. 
Мұны біліп, көріп отырған Ресей миссионерлері  қалайда  осы кең байтақ  

224 
 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Адиева Л.
 
Ресей империясының қазақтың дәстүрлі діни танымына қарсы жүргізген
 
діни-...  
 
 
өлкені идеологиялық жағынан да, басқа қырынан да толық жаулап, өздеріне                                                                                                           
бағынышты етудің болашақта зор саяси мәні бар екендігін түсінді.   
Қазақ  даласында  XVIII  ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап,  Ресей 
империясының  отаршылдық  саясаты  белең  алып,  ел  өміріне  айтарлықтай 
әсерін  тигізе  бастайды.  Енді  Ресей  империясының  ұйғарымымен 
Қазақстанның кең байтақ өлкесіне арнайы жіберілген шоқындырушылар мен 
арнайы  дайындықпен  келе  жатқан  миссионерлер  де  қазақ  халқының 
экономикалық,  идеологиялық  жағын  толық  бақылап,  әлсіз  тұстарын  қалт 
жібермей  тауып,  өздерінің  дәстүрлі  діндерінің  мәртебесін  барынша  көкке 
көтеруге күш алып, діндерін жақсы жағынан көрсетуге тырысып бағады.  
Ресей  империясының  мұсылмандыққа  байланысты  идеологиялық 
саясаты белгілі тарихи жағдайларға байланысты өзгеріп, сыннан өткен саяси 
әдістер  іс-жүзінде  жетілдіре  түсті.  Ислам  дініне  байланысты  Ресей 
империясының Қазақ даласындағы идеологиялық саясатын екі кезеңге бөліп 
қарастыруға  болады.  Бірінші  кезеңде  -  Қазақтың  дәстүрлі  діни  танымына 
қарсы  ислам  дінінің  шариғаты  арқылы  қазақ  халқын  дәстүрлі  дінінен 
ажыратуға  күш  салған.  Екінші  кезеңде  -  Ресей  империясының  ислам  дінін 
тарату  саясатынан  бас  тартып,  бұратана  халықты  бірте-бірте  өз  діндеріне 
тарту  арқылы  жаппай  шоқындыру  саясатына  көшуін  қамтиды.  Ресей 
империясы Қазақ жерін басып алған соң оны идеологиялық жағынан да игеру 
мақсатында  арнайы  муфтилік  ашып  қазақ  даласына  арнайы  дайындықтан 
өткен  татар  молдаларын  жібергені  тарихтан  белгілі.  Бірақ  осы  «заказной 
молдаларды»  қазақ  халқы  қарсы  ала  қойған  жоқ.  Оларға  қарсы  қазақтар 
арасында  қарсылықтар  болғаны,  оларды  дінді  бұздың  деп,  ауылдардан 
қуғаны  Құрбанғали  Халид  еңбектерінде  жазылған.  Қазақ  халқы  Ресей 
империясына  муфтиліктен  шығару  туралы  арыз  жазған.  Ресей  империясы 
қазақ  халқының  осы  арызын  пайдаланып,  қазақ  халқын  христиан  дініне 
өткізуге әрекет жасайды. Бұл турасында белгілі тарихшы Зікірия Жандарбек 
өзінің «Иасауи жолы және қазақ қоғамы» атты кітабында былай деп жазды: 
«Өйткені,  патша  қолындағы  Бас  Архиерейін  жіберіпті.  Архиерей  уездік 
начальник Канауалов дегеннің үйіне түсіп, 1200 қазақты шіркеу түбіне жинап 
қойып,  Купрян  деген  орысты  тілмаш  қылып,  алтындай  жарқыраған  киімін 
киіп  шығып:  «Қазақ  халқын  мұсылман  деп  муфтиге  қаратқан  әуелгі  жақсы 
басшыларыңыз  аға  сұлтан  өздеріңіздің  сәбеттеріңіз  бойынша:  «Бізге 
муфтидің керегі жоқ. Біз әдет заңымен тұрамыз» деп бізге арыз берген. Сол 
тілек  бойынша  сіздерді  муфтиден  шығарған.  Осы  күнде  сіздер  дінсіз 
тұрсыздар!  Сол  себепті  сіздерді  ақ  патшаңыз  жақсы,  анық  дінге  салуға 
жіберді. Өйткені, мемлекет сіздерге дін тауып беруге міндетті. Енді сіздердің 
дін туралы ұлықтарыңыз – мен. Өз тілдеріңмен жаздырып, алтын дін кітабын 
алып  келдім».
 
Осы  мақалада
  
айтылған татар молдаларына қарсы шығуға
  
 

225 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Адиева Л.
 
Ресей империясының қазақтың дәстүрлі діни танымына қарсы жүргізген
 
діни-...  
 
 
себеп  болып  жүрген  «әдет  заңы»  қазақ  халқының  діни  дүниетанымының  өзегі 
болған Иасауи жолы болатын [2]. 
Осындай  озбыр  саясаттың  көрінісін  1887-1888  жылдардағы  даланың 
генерал-губернаторлары  берген  есебінен  үзінді  келтіре  кетейік:  "Қазіргі  кезде 
қазақтардың ескі әдет-ғұрпы, салт-санасы босаңқы, ал жаңасы әлі құрыла қойған 
жоқ. Ал, мұндайда босаңсыған халық өзіне діннен тіреу іздейді. Қазақтар өздерін 
мұсылманбыз  дейді,  бірақ  көпшілігінің  сол  дін  туралы  түсінігі  жоқ.  Бұлардың 
арасына  Магомет  /ислам/  дінін  насихаттап,  таратып  жүрген  саудагер  татарлар, 
бұхарлықтар.  Сондықтан,  оларға  кедергі  жасай  отырып,  мынандай  босаңсып 
тұрған қолайлы кезеңді пайдалана отырып, қазақтарды христиан дініне қабылдау 
керек",  [3]  -  деп  бұратана  халықтың  осындай  әлсіз  тұсын  пайдаланып,  өз 
мақсаттарына пайдалану керектігін ашық түрде білдірген. 
Сондай-ақ,  1869  жылы  27  қарашада  «Консистория»  қазақ  сахарасында 
патшалық  Ресейдің  үстемдігін  орнатқан  үстіне  орната  беру  үшін,  өз 
мақсаттарына тезірек жету үшін мынадай қаулы қабылдайды: 
-
 
Қазақтар  үшін  христиан  дінінің  миссияларын  тарататын  кітапшаларды 
тез арада көбейту
-
 
Епархия  басшыларының  христиан  дінін  таратуда  баяу  жұмыс  жүргізіп 
отырғандығы, сондықтан, жұмысты жақсарту шараларын қарастыру; 
-
 
Елдерді  аралау  үшін  көлікпен  қамтамасыз  ету  үшін  облыстық 
губернияларға тапсырма беру; 
-
 
Христиан дінін қабылдауды алдымен ру басшыларынан, билерден бастау 
керек  екендігі,  сонда  барып  қалған  қазақтар  солардың  арттарынан  еретіндігі 
айтылады [4].  
1860-шы  жылдары  Ресей  империясының  жергілікті  халықтарға  деген 
саясаты  өзгерісімен  енді  Орыс  православие  шіркеуіне  Орталық  Азияға  елшілер 
жіберуіне  қолдау  жасады,  сонымен  қатар  орыс  саудагерлері  мен  жаңа  жерді 
игеруге шаруа келімсектеріне шұрайлы жерлерге қоныстануына көмектесті.  
Православие  діни  қызметкері  отбасынан  шыққан,  Қазан  теологиялық 
академиясында  тәлім  берген,  көптеген  шығыс  халықтарының  тілін,  мәдениетін 
үйренген, зерттеген Ильминский сол академияда исламды зерттеп, ХІХ ғасырдың 
ортасында  Орынбордан  басқаратын  Қазақ  кіші  орда  ісі  өкімет  үйі  -  Өлкелік 
комиссиясының мүшесі ретінде қазақ даласына келіп, бірден тілді меңгеріп және 
өзінің тәлімгері Григорьевтің ойымен санасып, қазақтарды татар молдаларының 
ықпалынан шығарып, қалғандарын біртіндеп орыс православиесіне келтіре алуға 
болатынын түсінді [5].  
Осындай  қазақтардың  осалдығын  пайдаланып,  православие  дінінің 
миссионерлері кішкентай ауылдарға келіп, дәрігерлік көмек көрсетіп, өз діндерін 
насихаттап,  ислам  дінін  жамандап,  болашақта  жақсылықты  тек  православие 
дінінен көресіз деп кешке дейін қарапайым халықтың арасында өз насихаттарын 
жүргізіп отырса, онымен қоса, бала-шағаларын орыс мектептеріне беруге үгіттеп 
отырса, жақсылықтарын аямай істеп отырса, сөзсіз халық христиан дініне кіреді. 
Әрине, бұл жерде
 
барлығы бірдей  кірді деп айта алмаймыз. 
Бұдан көретініміз, 

226 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Адиева Л.
 
Ресей империясының қазақтың дәстүрлі діни танымына қарсы жүргізген
 
діни-...  
 
 
Ресей  империясының  миссионерлері  қазақ  даласының  қай  жерінде  ислам  қалай 
дамығандығы,  өз  әрекеттерін  қай  жерде  кең  жүргізуге  болатындығын 
келімсектер алдын-ала зерттеп, біліп отырған еді.  
Бұл  жайында  Архив  құжатының  бірінде  былай  дейді:  "Киргизы  в  общей 
массе хотя считаются магометанами, но понятия их этой религии мало развиты, 
особенно в Северной части степи... Киргизи находятся в не дальнем расстоянии 
от  казачьих  линий,  более  или  менее  успели  познакомиться  с  бытом  русского 
народа: почему некоторые из таких киргиз проживая в услужений у казаков, по 
собственному  побуждению  обращаются  в  православие,  однако  и  здесь  главное 
препятсвие  к  тому  можно  полагать  в  сословии  киргиз  более  образованных  и 
богатых,  воспитанных  большею  частью  татарскими  муллами  в  правилах 
магометанства"  [6].  Бұдан  орыс  миссионерлерінің  қазақ  халқын  ислам  дінінен 
алшақтатып, ислам дінінің орнына православие дінін ендіруге әрекет еткендігін 
көреміз.  Олар  қазақ  ауылдарына  қоңсы  бола  отырып,  қазақтарға  қоқан-лоққы 
ғана  көрсетіп  қойған  жоқ,  қазақтарға  орыс  тілін,  әдет-ғұрпын,  дінін  үйретіп, 
насихаттап отырды [7].  
Патша  өкіметі  тұрғысынан  жүргізіліп  отырған  шоқындыру  мен  ислам 
дінінен  алыстатудың  комплексті  шараларын  өз  көзімен  көрген  Жүсіпбек 
Аймауытов:  "...Қазақтың  жерін  тілгілеп,  келімсек  мұжықтарға  аударып  бере 
бастады,  тілін  бұзуға,  дінін  бұзуға  аулный  школ,  миссионерлер  таратты,  әдет-
ғұрпын,  салт-санасын  өзгертіп,  орысқа  бас  игізуге  жаңа  закон,  мировой  судья, 
крестьянский  начальниктер  шығарды.  Қазақты  ішінен  тоздыруға  сайлау,  штат 
деген  шырға  тастап,  өзді-өзін  жұлыстырып,  қырқыстырды",  -  деп  көрсетуі 
арқылы-ақ  халықтың  мойнына  түскен  тауқыметтің  түп  төркінін  дәл  көрсетіп 
берді [8]. 
Осындай  отаршылдық  кезеңінен өтіп,  өз  тәуелсіздігімізді  алып,  арқамызды 
кеңге  жайғанымызбен,  бүгінгі  күнге  дейін  қазақ  жерінен  миссионерлердің  аяғы 
арылмай, олар өз әрекеттерін әлі жалғастыруда. Дегенмен қазіргі таңда өзіміздің 
дәстүрлі  дініміз  ислам  діні  кеңге  қанат  жайып,  дініміздің  мәртебесі  күн  санап 
көтерілуде.  Ата-бабадан  қалған  асыл  дінімізді  келер  ұрпаққа  таза  күйінде 
жеткізіп, аманат ету бізге парыз.  
 
 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
yasawi.kz 
2.
 
Жандарбек З. Иасауи жолы және қазақ қоғамы. Алматы: «Ел-шежіре», 2006. 36 -б. 
3.
 
ҚРОМА, 64-қор, 1-тізбе, 436-іс, 9-10-парақтар. 
4.
 
ҚРОМА, 64-қор, 1-тізбек, 595-іс, 38-парақ. 
5.
 
Манарбек Байеке. Орталық Азия мен Қазақстанның мәсіхшілік тарихы. Алматы: Литера-м 
2006. -302-307-бб 
6.
 
РМТА, 1574-қор, 1-тізбе, 4-іс, 8-парақ. 
7.
 
Прошлое  Казахстана  в  источниках  и  материалах.  Сборник  второй.  Под  ред. 
С.Асфандиярова. Алма-Ата, 1936, с.108   
8.
 
Мырзахметов М. Қазақ қалай орыстандырылды? Алматы: Атамекен, 1993, 13б 
 

227 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет