А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Жақсылықбаева Р.С. Құқықтық журналистика әдебі: зерттеу мен сараптау
Әл-Фарабидің әлеуметтік-этикалық көзқарастарын білдіретін зерттеулері де
баршылық. Олар: «Бақыт жолын сілтеу», «Азаматтық саясат», «Мемлекеттік
қайраткерлердің нақыл сөздері», «Бақытқа жету жолында», «Никомаха этикасы»
деп аталатын ғылыми еңбектері. Әл-Фараби өз зерттеулерінде этика, мораль
мәселелеріне ерекше назар аударып отырған. Этиканың зерттеу объектісі –
мораль, мінез-құлық, әдептілік нормалары екенін жан-жақты дәлелдеген. Әл-
Фарабидің айтуы бойынша, этиканың ең жоғары категориясы бақыт болып
табылады. Сондай-ақ ол адам бойындағы ақыл-парасатты этикалық-адамгершілік
қасиеттерден бөліп қарауға болмайды дегендей пікір айтады. Этиканы ол, ең
алдымен, жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп
қарады. Сондықтан оның этика жөніндегі тұжырымдамаларында жақсылық,
мейірбандық категориясы басты орын алады.
Журналист этикасы – қоғамда, әлеуметтік ортада бұқаралық ақпарат
құралдары өкілінің ұстанымымен, қызметімен, сондай-ақ, белгілі тұлғалар,
ұжымдық
топтармен
арадағы
қарым-қатынастармен
тікелей
байланысатындықтан, оның кәсіби шеберлігіне де ықпал етуші негізгі фактор
бола алады. Өз міндеті мен жауапкершілігін терең сезіне білу, іскерлікті,
кішіпейілділікті, мәдениеттілікті қастерлеу – журналистің кәсібіне, күнделікті
қызметіне әбден сіңісті болған этикалық қасиет болып табылады. Жеке бастың
мүддесін көздеп, өзінің қарақан басының қамы үшін баспасөз мінберін
пайдалануға әрекеттену БАҚ қызметкерлері арасында кездесіп жатады. Мұны
этикалық, моральдық жағынан азғындау деп таныған жөн.
Адал әрі әділ болу – журналист этикасының ең бір игі қасиеті. Өмірдің
объективтік шындығын көпке жеткізуші, сол арқылы қоғамдық пікірді
қалыптастырушы, төртінші билік иелерінің ешқашан да өтірік айтуға, жалған
ақпарат таратуға қақысы жоқ. Бұл екінші жағынан журналист этикасының да
қастерлі қасиеті болып табылады.
Журналистік мамандықтың бір ерекшелігі, әртүрлі көзқарастағы, сан қилы
мінез-құлықты көптеген адамдармен күнделікті жолығып, сөйлесіп, жақын
сырласудың арқасында ғана шығармашылық туындыларын жасайды. Сондықтан
адамдармен тіл табыса білетін, ақылды, байсалды, мінезі жайлы болғаны дұрыс.
Сонда ғана адамдардың сеніміне кіре алады, ой-пікірлерін айтқызады, өзіне
қажетті ақпараттарды табады. Мұндай қабілеттерді игеру үшін де этикалық
үлкен жауапкершілік, тәлім-тәрбие керек. Ешкімге тіс жарып айтпаған, жақын-
жуық туыстарына ашпаған сырларын адамдар журналистке ғана сеніп
жеткізетіндей ахуалды қалыптастыру – журналистің шеберлігі мен
дарындылығының сыртында оның этикалық деңгейіне, қарым-қатынасының биік
мәдениетіне тікелей байланысты. Ол үшін өзі де біреуге сене алатын, сол арқылы
өзгенің де сенімін ақтай білетін этикалық қастерлі қасиетті игерген болуы абзал.
Егер журналистің қылығынан білгірсу, мақтаншақтық, кеудемсоқтық секілді
жағымсыз әрекеттер байқалып жатса, онда оның моральдық жағынан азғындай
бастағанының белгісі және оның салқыны әзірленген теле-радио бағдарламасын
да, жариялатқан шығармасына да тиері заңдылық.
Сонымен қатар, мұндай кері
235
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Жақсылықбаева Р.С. Құқықтық журналистика әдебі: зерттеу мен сараптау
мінез журналистің дарынын да тежейтіні сөзсіз. Нағыз ақылды әрі білімді және
этикалық тәрбиелі журналист сапалы жақсы жарияланымдар жасаған сайын
сабырлы салмақты кейпін сақтай біледі, одан да артық туынды жасауға
талаптанып, іздене түседі.
Журналист кәсіби этиканы қашан да құрметтеуге, оны аяқ асты етпеуге тиіс.
Жазған жарияланымдары қаншалықты сәтті шығып, ел ықыласына бөленген
сайын ол соншалық кішіпейіл, елгезек, адал бола түсуі керек. Себебі, журналист
мамандығының бір ерекшелігі, ол үнемі елдің көзінде, халықтың бақылауында
болатындығында. Оқырман журналистің жазған әрбір мақаласына баға беріп
отырады. Оның жазған дүниелерінен менменсіген, мақтанған сыңай байқалса,
автордың өзінен бұрын оқырман дереу сезіп қояды. Біреу болмаса да біреулер
сырттай бақылап отыр дегенді журналист естен шығармауы керек. Сондықтан,
журналист адам өзінің жеке басының мүддесін ешқашан да қоғамдық, халықтық
ортақ мұраттан жоғары қоймайды.
Этика мәселесі – журналистердің басты назарында болатын мәңгілік
өлмейтін тақырыптардың бірі. Бұл бұрын да солай болып келген, адамзат қоғамы
тірі организм ретінде бар кезде алда да тұрақты көтеріліп, көптің талқылауынан
өте берері сөзсіз. Этикалық, моральдық процестердің дұрыс-терісін, ақ-қарасын
халық қана әділдікпен айырып бере алады. Сондықтан этикалық нормалар
жөнінде БАҚ құрғақ уағыздан гөрі нақты дерек пен оқиғаларды көбірек жарыққа
шығарса қоғамдық пікірдің дұрыс қалыптасуына, имандылықтың орын алуына
көмектескен болар еді.
Қазақстанда журналистік этика мәселесі «Бұқаралық ақпарат құралдары»
Заңында мазмұндалған. Аталған заңда этикамен бірге БАҚ-тың жұмыс істеу
міндеттері мен журналистердің құқықтары бірнеше бапта белгіленген. Сондай-
ақ, республикамызда «Ұлтаралық қатынастарды жазып көрсетудегі этика
кодескі» қабылданған. Мұнда БАҚ-тың, журналистің осынау мақсаттағы алар
орны мен рөлі айқындалған. Ал, Қазақстан Конституциясы мен басқа да кейбір
заң актілерінде БАҚ пен журналистикаға қатысты мәселелер қамтылған.
Журналист – баспасөз ісіндегі негізгі тұлға. Онсыз қандай баспасөз болса да
талапқа сай дайындалып, халықтың рухани талғамын қанағаттандыра алмайтыны
түсінікті. Сондықтан, ең алдымен журналист кәсіби тұрғыда толыққанды маман
ретінде еңбек етіп, танылуы керек. Ол өз қызметінде тек қана шындықты жазып,
барлық мәселені, объективті түрде қарау керек. Нағыз журналист өмірде осылай
еңбек етуге, осылай өмір сүруге тиіс. Бұл – журналист алдында тұрған үлкен
борыштардың бірі.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Гусейнов А.А., Апресян Р.Г. Этика. –М.: Гардарки, 1999. -С.9.
2.
Аристотель. Соч., в 4 т. –М.: 1983. -Т. 4. -С. 357.
236
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Г.ӨЗБЕКОВА
филология ғылымдарының кандидаты,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің доценті
«ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» ГАЗЕТІНІҢ ӨТКЕНІ МЕН БҮГІНІ
Автор в этой статье рассказывает о проблемах газеты «Қазақ әдебиеті».
The author of the article presents some problems of the «Қазақ әдебиеті» newspaper.
Қай елдің де өзіне қымбат көрінетін, мақтаныш етіп жоғары бағалайтын,
ұлттық байлығы саналатын рухани қазыналары болады. Біздер үшін сондай
қазыналардың бірі – «Қазақ әдебиеті» газеті болса керек. Егер дүниеде
«Қазақ әдебиеті» газеті болмаса қазақ елінің рухани өмірінде үлкен
олқылықтың, жүдеуліктің орны сезіліп-ақ тұрар еді. «Қазақ әдебиетінің»
біздің күнделікті тірлігімізге тереңдеп енгені соншалық, әр апта сайын жұма
күні осы газеттің келуін асыға күтеміз.
Біздің қым-қуыт оқиғаларға толы өткен XX ғасыр үшін 1934 жылдан
қазіргі уақытқа дейін сақталып қалу дегенің ұзақ ғұмыр, ауыр жол екені рас.
Ал «Қазақ әдебиеті» газетінің өзіндік ерекше тарихы, тағдыры бар,
басқаларға ұқсай да қоймайтын, орны бөлек басылым екені де рас.
Нендей дүние болсын қажеттіліктен туады. XX ғасырдың басында қазақ
халқының рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақ» газетін шығарды.
Алдына үлкен мақсат қойды – туған халқын ояту, әрі көш бастау қажет
болды. Сол кезде елдің ой-тілегін осы газет білдіріп, жол сілтеп отырды.
«Қазақ» газеті жабылғаннан кейін тура он жеті жылдан соң қайта жарық
көрді. «Қазақ әдебиетін» «Қазақ» газетінің тікелей мұрагері деуге болатын
сияқты. «Қазақ әдебиеті» газеті де сол бір кезеңде аса бір қажеттіліктен
дүниеге келіп, осыдан 74 жыл бұрын алғашқы саны жарық көрді. Осының
алдында аз ғана жылдың ішінде қазақ елі небір зобалаңға ұшырап, ауыр
күйзелісті, орны толмас қайғы-қасіретті басынан кешіріп, ес жия алмай,
есеңгіреп қалды. Ашаршылықтан халқының тең жарымы қырылды. Әлихан
Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов сияқты көсемдері, ұлттың ақыл-ойының аса
көрнекті қайраткерлерінің үлкен бір тобы қудаланып, қамалып, қуғынға
түсті. Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаевтай ұлы
адамдардың үні өшті. Онсыз да жоғалтқаны көп, сергелдеңі мол қазақ елі
ұлтының ұлы тіреулерінен, кемеңгерлерінен айырылып, ақыл-ой жағынан
өлшеусіз ойсырап қалды. Егер солар аман боп, халқына әлі де қызмет еткенде
біздің қазақ елі бүгіндері қандай биіктерден көрінер еді. Бұл, әрине, орны
толмас өкініш әрі арман. Сол бір өкініш пен өксікке толы ауыр кезеңде әбден
арып-ашып, еңсесі түсіп, жүдеп-жадаған елдің рухын көтеру, есін жиғызып
серпілту, әрбірден соң, басын біріктіріп, қайтадан елдікке бастау қажет
болды. Еңсе көтеріп, ел болу үшін қайта ояну, жаңғыру кезеңінде «Қазақ
әдебиеті» газеті қажет болды.
237
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Өзбекова Г. «Қазақ әдебиеті» газетінің өткені мен бүгіні
Дәл осы кезде қалың өрттен кейін қаулап өскен көктей көркем әдебиет,
көркемөнер мәселелері жедел қолға алынып бір жылдың ішінде қазақ
университеті ашылды, көркем әдебиет баспасы ашылды, опера және балет
театрының іргесі қаланды. Әдебиетке, өнерге жаңа таланттар келіп қосылды.
1934 жыл – біздің әдебиет, мәдениет тарихымызда ерекше есте қалатын ояну,
өрлеу жылы болды.
Газеттің алғашқы санында «Қазақ әдебиеті» - ұлт мәдениетін көтеруде үлкен
орын алсын» деген сөз беташар ретінде үлкен әріптермен теріліп еді. Алғашқы
санынан-ақ газеттің мақсаты осылайша айқындалды. Мақсат барда оның жүзеге
асып, орындалуы бар. Осы орайда «Қазақ әдебиеті» талай тар жол тайғақ
кешуден өтті. Ойлағанын орындай алмаған, көксегенін айта алмаған кездері де аз
болмады. Ол үшін газет емес, сол кездегі «қызыл саясат» кінәлі. Қалай десек те,
газет өзінің түпкілікті бағыт-бағдарынан, көздеген нысанасынан ауытқып көрген
емес. «Қазақ әдебиеті» - бізге сол қасиеті үшін де қымбат.
Газет өзінің алғашқы санынан бастап-ақ әдебиетіміздің ең таңдаулы
өкілдерін өз маңына топтастыра білді. Осы жөнінде кезінде Ғабит Мүсірепов
былай деп жазған еді: «Біраз уақыт әдебиет газетінде жауапты редактор табуға
кетті. Біздің ішімізде нағыз журналист Би ағаң болатын. Ол қашанғы әдеті
бойынша басқару жұмысына жолағысы келмейді. Сәбит оқуда. Аяқтап келгенде
мен жегілетін болдым. Редколлегияға Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс
Жансүгіров, Ілияс Қабылов, Әйтеке Мусин, Мұхаметжан Қаратаев және мен
кірдім. Мұхаметжан жауапты хатшы, мен редактор болып тағайындалдым». Бұл
«Қазақ әдебиетінің» алғашқы бас редакторы Ғабит Мүсіреповтің сөзі. Жоғарыда
аталған редколлегия құрамына ой жүгіртіп көрелікші. Кез келген жазықсыз жапа
шегіп, қызыл саясаттың құрбаны болған ұлылар легінен кейінгі алыптар тобы еді
бұлар. Бірақ, өкінішке орай, бұлардың да ғұмыры ұзаққа бармады. Ғұмырының
қысқа боларын сезгендей-ақ олар осы жылдары ерекше өнімді еңбек етті. Барлық
жанрда қалам сілтеп, әдебиетті көркейтті. Бірақ, аз уақыттың ішінде, небәрі 3-4
жылда, «Қазақ әдебиеті» сол алыптардың күшімен бірталай игілікті істер
атқарып, әдебиеттің, мәдениеттің қайнар көзін ашып та үлгеріпті. Олар «Қазақ
әдебиетіне» аянбай қызмет атқарды. Бейімбет Майлин жарты жылдан соң
газеттің жауапты редакторы болды. 1935 жылы Москвадағы қызыл профессура
институтын бітіріп келгеннен кейін Сәбит Мұқанов «Қазақ әдебиетінің» жауапты
редакторы болып бір жыл шамасында жұмыс істейді. Кейін ол Қазақстан
Жазушылары ұйымына бастық болып тағайындалған соң «Қызыл жалау»
романын жазуға Қарағандыға кеткен Бейімбет Майлин «Қазақ әдебиетіне»
жауапты редактор болып қайта оралады. Бейімбет Майлиннің соңғы рет қол
қойған газеттің саны 1937 жылы 30-шілдеде шыққан. Содан кейін екі ай
шамасында С.Сейфуллин, І.Жансүгіров,
Б.Майлин бірінен соң бірі ұсталып
қамауға алынды. Ел басына қайтадан қара түн туып, тағы да сол қудалау,
қуғын-сүргін басталады. Осындай аласапыран үрейлі кезеңде бірін-бірі жау
ғып көрсету, басқаларға жала жабу өршіді. Баспасөзде «халық жауларын»
әшкерелеп, жан түршігерлік айыпқа тағылып, қаралайтын мақалалар
238
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Өзбекова Г. «Қазақ әдебиеті» газетінің өткені мен бүгіні
басылып жатты. Бұл жылдары «Қазақ әдебиеті» газеті де ауыр хал кешіп,
шырқырыған шындықты айта алмады. Ақыры, 1940 жылы жабылып тынды.
1955 жылдың 14 қаңтарында араға 15 жыл салып, «Қазақ әдебиеті» газеті
қайтадан жарық көрді. Газеттің бас радакторы болып Сырбай Мәуленов
тағайындалды.
Әдебиеттің асқан асуларын, көтерілген биігін, оның ірі тұлғалары мен
таңдаулы шығармаларын бүгіндері ешкім жоққа шығара алмайды. Асыра
мақтаған, өлтіре сынаған да, әділін айтқан, орынсыз ғибаттаған кездері де болған
шығар. Әсіресе Жазушылар Одағында әр кезде топқа қосылмай, жікшілдікке
бұрылмай әділдік жолында тура бағыт ұстану кімге болсын оңай емес екені де
белгілі. «Қазақ әдебиеті» газетіне бас редактор шыдамаған кездері де болған.
Бірақ, азаттығы жоқ ел өз тағдырына қатысты толғақты ой, өзекті
мәселелерді ашық айта алмайтын. Айтқан күннің өзінде сол үшін тиісті жазасын
тартып, қудалауға түсетін. Көптеген бас редактордың орнынан тез түсіп
қалуының үлкен бір себебі осында жатыр. Тәуекелшіл, турашыл боламын, елдің
сөзін сөйлеймін деп жоғары жаққа жақпады. Саясатқа қайшы келді. Бұл – жалғыз
бас редактордың ғана емес, жалпы, «Қазақ әдебиеті» газетінің мінезі еді. «Қазақ
әдебиеті» газетінде қызмет істеу қашанда, кімге болсын үлкен абырой саналады.
«Егер газет тігінділерін ақтарып, жылдар көшіне көз салсақ «Қазақ
әдебиетінің» өрлеген жұлдызды жылдары да, серпіле алмай, қанатын жаза алмай,
өрісі тарылып, бауырлап қалған кездері де болған. Тәуілсіздік алған бүгінгі күн
биігінен қарағанда бізге түсінікті және әдеттегі нәрсе боп көрінетін жағдайлар ол
кезде айтуға да, жазуға қиямет қиын болатын. Коммунистік идиология үстемдік
еткен кезеңде біздің қайсымыз болсын нені айтып, нені айтуға болмайтынын
жақсы меңгерген едік. Қандай мақаланың басылмайтынын, қай тақырыптың
өтпейтінін де білетінбіз. Жазылғанның бәрі дұрыс екенін біле тұра қатты айтқан
жерін жұмсартып, сөз келеді деген тұстарын қысқартып, жалтақтыққа үйрендік.
Әттең, ойыңдағыны ашық айта алмай сырты бүтін, іші түтін болу – қандай ауыр.
Ойың бір түрлі, айтар сөзің де бір түрлі - өмір шындығынан гөрі саясатқа бағыну
– бұл да бір азап. Осы отырған бәріміз де осындай хәлді бастан кешіріп,
жалтақтап, жалған сөйлеген де шығармыз» дейді. 1993 шілде – 1997 қараша
аралығында бас редактор Ахат Жақсыбаев. Кешегі коммунистік насихаттың
құралы болудан «Қазақ әдебиеті» де қашып құтыла алмай, өктемдіктің,
кіріптарлықтың ырқына көнуге мәжбүр болды.
Қазір қазақ елінің дамуында аса жауапты әрі күрделі кезеңде тұрмыз. Елдің
өз алдында жеке дамуында, әлеуметтік-экономикалық өмірде, әдеби, мәдени
салада қаншама қыруар істер бар. Осының бәрі салмақпен, сабырмен шешетін,
көп болып қауымдасып атқарар жұмыстар. Көбіне, «түбі жақсы болар» деген
үмітпен өмір сүріп жатырмыз. Қазір газеттің арқалаған жүгі де ауырлады,
тақырып ауқымы кеңейді. Біраз жұмыстар істеліп те жатыр. «Қазақ әдебиеті» -
абыройлы, беделді газет деп отырмыз. Сол беделді газеттің ел өміріндегі осы бір
жауапты кезеңде белсенділік көрсететін кезі келген секілді. Ал «Қазақ әдебиеті»
- ең алдымен, жазушылардың газеті. Сол себепті жазушылардың ой-пікірін, айтар
239
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Өзбекова Г. «Қазақ әдебиеті» газетінің өткені мен бүгіні
сөзін елге жеткізу, солардың ашық трибунасы болу – «Қазақ әдебиетінің» міндеті
[1]. Жасыратыны жоқ, қазіргі тұрмыстың ауырлығы, кітап шығарудың қиындығы
жазушыларға жеңіл тиіп отырған жоқ. Дегенмен, ең алдыңғы қатарлы зиялылар
тобына жататын жазушы қауымның қазіргідей жауапты кезеңде үндемей
қалуына болмайды ғой. Қазіргі уақытта біздің жазушылар үлкен ой үстінде.
Өйткені, санада болсын, көңіл мен сезімде болсын, беріш боп қатып қалған,
әбден сіңісті болған бағыныштылы белгілері жетіп жатыр. Яғни сырттан еріксіз
телінген нәрселерден арылу оңай емес.
Содан соң біз қазір қиын әрі қымбатшылық заманда өмір сүріп жатырмыз.
Әрбірден соң кімді кінәлап, кімге тисеріңді де білмейсің. Іске жауапты деген
адамдарыңның өзі жағдай айтсаң «ақша жоқ» деп алдыңды орайды. «90-шы
жылдары «Қазақ әдебиетін» қатты алаңдатты. «Ақшасы төленбеді» деп, наурыз
айында баспахана «Қазақ әдебиетін» бөгеп қойып, қарыздан құтылған соң, төрт
санын бірақ шығарды. Сонда «Қазақ әдебиетін» іздеп, оқырман қауым қатты
дүрлікті. Ал елді басқарып отырған жоғарғы жақтан «бұл қалай?» деп селт еткен
жоқтаушының табылмағаны қалай?! Елдің иесі емес пе?! Егер біз «Қазақ
әдебиетін» қорғай алмасақ, қолдамасақ қалың елге, оқырман қауымға не дейміз.
Қандай қысылшаң, қиын заман десек те біз «Қазақ әдебиетінің» бағасын білуіміз
керек», - дейді сол кездегі «Қазақ әдебиетінің» бас редакторы Ахат Жақсыбаев
[2]. Бүгіндері не көп газет көп. Бірақ, «Қазақ әдебиеті» - өз ретінде орны бөлек,
бірден-бір ұлттың үні, жалғыз басылым. Оны көп газетердің қатарына жатқызып,
елеусіз етуге болмайды. «Не болсаң ол бол, өз күніңді өзің көре біл» деген
принцип дәл «Қазақ әдебиеті» газетіне жүрмейтін секілді.
«Қазақ әдебиеті» газеті аты көрсетіп тұрғандай мемлекетіміздегі бірден-бір
әдеби басылым. Мыңға тарта ақын-жазушылардың тікелей мінбері. Газет
қоғамдық, саяси, әлеуметтік мәселелерді көтерген кезде қазақтың мүддесі
арқылы өрбітеді. Мұнда халқымыздың таңдаулы ғалымдары, ойшылдары, түрлі
сала мамандары сөйлейді. Көбіне ұлттық болмысымыздың бүгінгі таңдағы
өзгеріс құбылыстарына үңілу басым. «Қазақ әдебиеті» бұл – бір жағынан алып
қарасаң көп дауысты газет. Бұнда ұлттың болашағына алаңдап қана қоймай,
қайткенде де қазақ болып қалудың жолдарын қарастырып, болашағына батыл
қадамдар жасалады және оған Қазақстандағы интеллектуалдық күштер молынан
тартылған» дейді қазіргі таңдағы «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы
Жұмабай Шаштайұлы.
Осылайша «Қазақ әдебиеті» газеті ұзақ жылдар бойына «қазақ» деген сөзге
де, «әдебиет» деген сөзге де әр уақыт лайық боп келеді.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Оразалин Н. Рух пен арды ту еткен // Қазақ әдебиеті. – 2006, 1 қаңтар.
2.
Жақсыбаев А. Сол бір кезде...// Қазақ әдебиеті. – 2006, 1 қаңтар, № 3000. – 3 бет.
240
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
ТАРИХ, АРХЕОЛОГИЯ
Ш.ВАХИДОВ
тарих ғылымдарының докторы, профессор
А.Р.Беруни атындағы ТМШИ
С.ЕЛШИБАЕВ
«Сырдария» университетінің аға оқытушысы
XVIII ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫНДАҒЫ «АНЖУМ АТ-ТАВОРИХ»
ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ТАШКЕНТ ҚАЗАҚТАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
В данной работе рассматриваются сведения, полученные из произведения «Анжум ат-
таворих», вопросы, связанные c жизнью казахов XVIII века, проживавших на территории Ташкента
и их социально-экономические взаимоотношения с местными ханствами.
The authors of the article present some information received from the “Anzhum At-Tavorikh” work,
some matters, connected with life of Kazakhs lived on the territory of Tashkent in the 18-th century and
their social and economic inter-relations with local khans.
«Анжум ат–таворих» шығармасының авторы Қоқан ханы Худоёрхонның
ұлы болып есептеледі. Оның аты шығарманың бірде-бір жерінде тілге
алынбаған, бірақ зерттеушілер осы шығарманың авторы Худоёрхонның
ұлдарынан Мухаммадамин Ибн Ямин болуы мүмкін деп жорамалдайды.
Ташкенттегі гимназияда білім алған Ибн Яминнің кейбір шығармалары сол
кездегі газеттерде жарияланған.
Ибн Ямин – осы шығарманың авторы. Яғни архив мәліметтеріне
сүйенсек Ибн Аминбек (орыс тіліндегі архив құжаттарда Ибн Аминбек) деп
жазылған. Шешесі Мабишим Худоёрхонның үшінші әйелі болған [1]. Автор
1881 жылы 12 жаста болған, кітап 1900-1901 жылдары жазыла бастаған
болуы мүмкін. Демек, Ибн Аминбек кітапты 32 жасында жазған. Егер де
Мухаммадаминбек (шешесі Подшах Бак, Худоёрхонның бірінші әйелі болған
[1]) және Қоқан хандары тұсында мақалаларының жарияланғанын есепке
алсақ, осы кітапты 1881 жылы 26 жасында жазуы мүмкін еді, яғни 1901 жылы
ол 46 жасқа толған болады.
Қолжазбаның түпнұсқасының авторы кім екенін анық айту үшін
Мухаммадаминбек және Ибн Яминдердің қолжазбасынан тауып, оларды
«Анжум ат– таворихтың» шығармасының мәтінімен салыстырып көру қажет.
Осы «Анжум ат-товорих» (Тарих (тар) жұлдыздары) туралы қысқа
мәліметті Р.Н.Набиев өзінің «Из истории Кокандского ханства (Феодальное
хозяйство Худайархана» (Ташкент, 1973.–б. 13-15) атты шығармасында
келтірген. Рашид Набиев осы шығармаларында өз кітапханасында болған
«Анжум ат-таворих» шығармасының нұсқасын елге тарту еткені, оның Қоқан
тарихшылар мектебінде үлкен мәні бар екені айтылған.
Автор қаламына тиісті нұсқа тәжік тілінде, орыс контора дәптерінен
алынған парақтарда, қарапайым қарындаш және қызыл сиямен жазылған.
241
Достарыңызбен бөлісу: |