Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011



Pdf көрінісі
бет29/44
Дата08.01.2017
өлшемі3,67 Mb.
#1421
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
ЖУРНАЛИСТИКА 
  
 
Г.ӨЗБЕКОВА 
филология ғылымдарының кандидаты 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті  
 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАСПА ІСІ ЖӘНЕ «ҚАЗАҚ ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ» 
БАСПАСЫНЫҢ ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ 
 
В статье рассматриваются вопросы издательского дела в Казахстане и роль редакции «Қазақ 
энциклопедиясы» в развитии казахской литературной печати. 
 
The  article  deals  with  some  matters  of  the  publishing  trade  in  Kazakhstan  and  with  the  role  of 
“Kazakh Encyclopedia” editorship in the development of Kazakh literary press. 
 
Баспа дегеніміз – кітап, газет, журнал, плакат және т.б. баспа өнімдерін 
шығаратын  кәсіпорын.  Ол  шығаратын  өнім  түрлеріне  қарай  кітап  баспасы 
және  газет-журнал  баспасы,  сипаты  мен  бағытына  қарай  ғылыми  баспа, 
бұқаралық  баспа,  балалар  баспасы  болып  жіктеледі.  Көпшілікке  арналған 
алғашқы  баспа  өнімдері  (діни  уағыздар,  қолжазба  кітаптар)  ағаш  қабығына, 
теріге,  кейіннен  қағазға қолмен  көшіріліп  жазылған.  Ірі  қалаларда  қолжазба 
кітапты мәнерлеу өнерімен шұғылданатын арнайы мамандар – көшірмешілер, 
түптеушілер,  миниатюрші  суретшілерді  топтастырған  орталықтар  жұмыс 
істеген. Біртекті мәтінді көп данамен тарататын баспа тарихы Қытайда кітап 
көбейтудің  жаңа  әдісі  –  ксилографияның  (ағаштан  ойылған  қалыппен  басу) 
пайда  болуынан  басталады  (8-9  ғасырлар).  Осы  әдіспен  ең  алғаш  будда 
дінінің «Жақұт сутра» (868) деген қасиетті кітабы басылды. 1040  – 48 ж. Би 
Шен  жылжымалы  қаріптерді,  құйма  әріптермен  теру  процесін  ойлап  тапты 
(Еуропаға  бұл  жаңалық  4  ғасырдан  кейін  келді). 14  ғасырда  Қытайда  түрлі-
түсті баспа пайда болды. 1340 ж. «Сутранның түсініктемелері» деген кітап 2 
түрлі  бояумен  басылып  шықты.  Еуропада  1445  ж.  неміс  өнертапқышы 
Иоганн  Гутенберг  кітап  басуға  алғаш  рет  жылжымалы  құйма  әріптерді 
пайдаланды. Ал, Ресейде 1564 ж. Иван Федоров пен Петр Мстиславец орыс 
тіліндегі  тұңғыш  кітап  «Апостолды»  басып  шығарды.  16-17  ғасырларда 
баспаханаларды  ірілендіру,  шығаратын  өнім  көлемін  ұлғайту  және  оны 
сатуды  жүйелі  жолға  қоюдың  қажеттілігіне  қарай  жекелеген  баспагерлер 
көптеп шықты. Бұлардың қатарында Мануция Альда (Венеция), К.Плантена 
(Антверпен),  Элзевировтар  отбасы  (Нидерландия),  Этьенков  және  Дидо 
(Франция)  секілді  баспагерлерді  ерекше  атауға  болады.  18-19  ғасырларда 
баспа  саны  әлемнің  алдыңғы  қатарлы  елдерінде  шапшаң  өсті.  19-ғасырдың 
соңы  мен  20  ғасырдың  басында  баспалар  акционерлік  қоғам  түрінде 
құрылып,  өз  ішінен  кітап,  газет-журнал  баспаларына  жіктеле  бастады.  Бұл 
кезеңде баспа мен баспахана екеуі біртұтас болды. Кітаптар баспаханасының 
өзінде  дайындалып,  басылып  шықты.  Қазақ  тілінде  кітап 
шығару 
 
ісінің 
тарихы 1800 ж.
 
Қазан қаласында ашылған бірінші Азиялық
  

228 
 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Өзбекова Г. Қазақстандағы баспа ісі және «Қазақ энциклопедиясы» баспасының қазақ баспасөзін...  
 
 
баспаханадан  басталады.  1809  ж.  Қазан  университетінде  баспа  ашылды.  19 
ғасырда  Қазан  қаласында  Орта  Азия  және  Қазақстан  халықтарының  мәдени-
ғылыми мұраларын жинап, зерттейтін, жарыққа шығаратын орталыққа айналды. 
Сонымен  қатар  19-ғасырдың  2-жартысында  Орынбор,  Уфа,  Ташкент,  Санкт-
Петербург,  Троицк,  Астрахан  қалаларында  да  қазақша  кітаптар  шығаратын 
баспалар  құрылды.  Бұлардың  ішінде  "Ағайынды  Каримовтар",  "Шарқ", 
"Тұрмыш", "Умид", "Урнәк", т.б. баспалардың рөлі ерекше болды. Қазақ тіліндегі 
тұңғыш  кітап  –  "Қазан"  гимназиясы  баспаханасы  шығарған  "Сейфүл-мәлік" 
қиссасы  (1807).  1851  ж.  Қадырғали  Жалаиридің  "Джами-ат-тауарих", 
Ы.Алтынсариннің  "Қырғыз  хрестоматиясы"  (1879),  "Қамбар  туралы  поэма" 
(1882),  "Мухаммед  Ханафия"  (1882),  "Қыз  Жібек"  (1894),  "Қозы  Көрпеш 
хиссасы"  (1890),  20  ғасырдың  басында  "Хисса  Біржан  сал  мен  Сара  қыздың 
айтысқаны"  (1900),  "Хисса  Алпамыш"  (1901),  1909  ж.  А.Кұнанбаевтың өлеңдер 
жинағы, "Қазақтың айнасы" (1910), "Қазақша әліппе" (1910), С.Көбеевтің "Қалың 
малы"  (1913),  т.б.  кітаптар  осы  баспалардан  шыққан.  1917  жылға  дейін  қазақ 
тілінде 700-ге жуық кітап басылды. 
Қазан  төңкерісінен  кейін  кітап  басу  ici  бірден  мемлекет  иелігіне  алынды. 
"Мемлекеттік  баспа  туралы"  қабылданған  декрет  (29.12.1917)  бойынша  -  баспа 
ісін  қайта  құруға  қажет  материалдық-техникалық  база  мен  кітап  қорлары 
мемлекет  пен  халық  меншігіне  берілді.  1917  жылдың  аяғында  БОАК-тың 
(Бүкілресейлік  Орталық  Атқару  Комитетінің),  Санкт-Петербург,  Мәскеу 
кеңестерінің  жанынан  баспа  бөлімдері  ашылды.  Ұлт  icтepi  жөніндегі  Халық 
комиссариаты  (Ұлт  халкомы)  құрылды.  Оны  И.В.Сталин  басқарды.  Қазақ 
халқының  аса  көрнекті  саяси-қайраткері  Т.Рысқұлов  орынбасары  болды.  1918–
1919 ж. баспа
 
жұмысын Оқу халқкомы мен Ұлт халкомы құрған Мұсылман icтepi 
жөніндегі комиссариат басқарды. Ұлт халкомында 11 бөлім мен комиссариаттар 
жұмыс істеді. 1918 ж. 12 мамырда бұларға Қырғыз (Қазақ) бөлімі қосылды. 1918 
ж.  қараша  айында  өткен  мұсылман  коммунистердің  Бүкілресейлік  I  съезінде 
мұсылмандық  ұйымдардың  Орталық  бюросы  сайланды.  Бюро  құрамына 
Қазақстаннан  Сейтқали  Меңдешев  енгізілді.  Бюро  Орта  Азия  мен  Қазақстан 
халықтарының  тілдерінде  әдебиеттер  шығаруды  қолға  алды.  Ол  1919  ж. 
күншығыс  халықтары  тілдерінде  жеті  млн.  жаңа  газет,  кітапша  және  бетшелер 
басып таратты. 1924 жылға дейін Ұлт халкомы жанында екі баспа – Батыс және 
Шығыс  баспалары  жұмыс  істеп  келген-ді.  Шығыс  баспасын  Н.Төреқұлов 
басқарды,  ал  осы  баспадағы  қазақ  тіліндегі  әдебиеттер  бөлімінің  меңгерушісі 
Э.Байділдин болды. 1924 ж. мамырда жоғарыдағы екі баспаның негізінде КСРО 
халықтарының  Орталық  баспасы  (Ортбас)  ұйымдастырылды.  1924  ж.  13 
маусымда  "КСРО  халықтарының  Орталық  баспасы  туралы  Ереже"  бекітілді. 
Орталық  баспамен  қатар  Түркістан  мемлекеттік  баспасы  (Түркмембас) да  қазақ 
тілінде  кітаптар  шығарып  отырды.  Ол  1920  ж.  наурыз  айында  Ташкентте 
құрылған болатын. "Түркмембас" Орта Азиядағы тұңғыш кітап баспасы еді. 1921 
ж. осы баспадан қазақ тілінде 680570 дана, өзбек тілінде 2147850 дана, түрікмен, 
тәжік тілдерінде 233800 дана кітап басылып шықты. Қазақстанда алғашқы кітап  

229 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Өзбекова Г. Қазақстандағы баспа ісі және «қазақ энциклопедиясы» баспасының қазақ баспасөзін .. 
 
 
1918  ж.  басылып  шықты.  1918  ж.  қараша  айында  Ордада  баспа  және  аударма 
бөлімдері  ашылды.  Бұл  бөлімдер  "В.И.Лениннің  Америка  жұмысшыларына 
хатын",  "РСФСР  Конституциясын  (Негізгі  заңын)",  сол  жылы  Верныйда 
(Алматыда) РСДРП(б) Жарғысы мен партия бағдарламасын шығарды. 1920 ж. 3 
қарашада  Қырғыз  (Қазақ)  АКСР  OAK-i  "Қазақ  мемлекеттік  баспасы  туралы 
декрет"  қабылдады.  Сол  жылғы  24  қарашада  оның  ережесі  бекітілді.  1921  ж. 
тамызға  дейін  бұл  баспа  OAK  қарамағында  болды.  1921  ж.  9  тамызда  Оқу 
халкомы  құрамында  Мемлекеттік  баспаны  басқаратын  Бас  басқарма  құрылды. 
Бұған  қоса,  осы  халкомда  арнаулы  ғылыми  бөлім  –  Академиялық  орталық 
ұйымдастырылды.  Орталықтың  құрамында  ғылыми-әдеби  кеңес  болды,  ол 
оқулықтар жасаумен, саяси әдебиеттерді тәржімалаумен айналысты. 1921 – 22 ж. 
Қазақстанда  29  баспахана,  бip  литография  жұмыс  істеді.  Бip  жылдың  ішінде 
Мемлекеттік  баспа  (Госиздат)  тиражы  27  мың  дана  20  кітап  шығарды. 
"Қазақстанда  баспа  iciн  қайта  құру  туралы"  Қазақ  өлкелік  партия  комитетінің 
қаулысынан кейін (22 қазан, 1931) аталған баспа "Қазақстан баспасы" (Казиздат) 
болып  қайта  құрылды.  Осы  жылдары  өз  алдына  Қазақ  техникалық  баспасы 
ұйымдастырылды. 1930 жылдан Ресей Біріккен мемлекеттік баспасының (ОГИЗ-
дің) Өлкелік бөлімшесі жұмыс істей бастады. Қазақстан баспаларының саны 4-ке 
жетті:  "Қазақстан  баспасынан"  Қазақ  партиялық  баспасы,  Қазақ  мемлекеттік 
көркем  әдебиет  баспасы,  Комсомол-жастар  баспасы  бөлініп  шықты.  Қазақ 
техникалық 
баспасы 
"Қазақстан" 
баспасының 
құрамына 
кірді. 
Мамандандырылған Қазақфото баспасы жұмыс істеді. Сол жылдары Полиграфия 
және  баспа  Бас  басқармасы  ұйымдастырылды.  1941  жылдың  басында 
республикадағы барлық баспалар қосылып, Қазақ біріккен мемлекеттік баспасы 
аталды (Каз ОГИЗ). Соғыстан кейін баспалар қайтадан даралана бастады. Кейбірі 
жаңадан  ашылды. Соның бipi  Қазақстан  FA-ның  "Ғылым"  (1945)  баспасы. 1947 
ж.  КазОГИЗ-ден  Қазақ  оқу-педагогика баспасы  (кейінгі  "Рауан"),  1950  ж. Қазақ 
мемлекеттік  көркем  әдебиет  баспасы  (кейін  "Жазушы")  бөлініп  шықты.  Сол 
жылы  Қазақ  біріккен  мемлекеттік  баспасы  өзінің  алғашқы  атын  қайта  алып, 
Қазақ  мемлекеттік  баспасы  болды.  Ол  1962  ж.  "Қазақстан"  аталды.  1962  ж.  1 
наурызда  Қазақ  мемлекеттік  ауыл-шаруашылық  әдебиеті  баспасы  (кейін 
"Қайнар")  жұмысқа  кipicтi.  1968  ж.  "Қазақ  энциклопедиясы"  бас  редакциясы 
аталатын  аса  ipi  баспа  дүниеге  келді.  Өндірістік  қуаты  өте  зор  "Дәуір"  газет-
журнал баспасының да жұмыс қарқыны арта түсті. 
Қазақстан  тәуелсіздік  алып,  нарықтық  экономикаға  көшуімен  байланысты 
республикадағы баспалар қызметі мен баспа ісінің жай-күйі түбірлі өзгертулерге 
ұшырады.  Бұрынғы  мемлекеттік  баспалардың  орнына  жекеменшік  баспалар 
пайда  болды.  Баспа,  полиграфия  және  кітап  саудасы  сияқты  бұрын  бip 
орталықтан  жоспарлы  түрде  басқарылып,  мемлекеттік  жоспармен  бірыңғай,  бip 
бағытта  жұмыс  істейтін  күрделі  сала  заман  талабына  сай  өзгерді.  Бұрынғы 
"Қазақстан", "Жазушы", "Жалын", "Рауан", "Өнер", "Қайнар", "Ғылым", "Білім", 
"Санат",  "Балауса",  "Ана  тілі",  "Қазақ  энциклопедиясы",  "Дәуір",  "Сарыарқа" 
баспаларымен бipгe "Жеті жарғы", "Жібек жолы", "Атамұра", "Өлке", "Ел", "ЕР- 

230 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Өзбекова Г. Қазақстандағы баспа ісі және «қазақ энциклопедиясы» баспасының қазақ баспасөзін...  
 
 
Дәулет",  т.б.  ондаған  жекеменшік  баспалар  пайда  болды.  Қазақстан 
Президентінің  "Мемлекеттік  билік  органдарының  бұқаралық  ақпарат 
құралдарын,  мемлекеттік  кітап  шығару  iciн  нарықтық  қатынастарға  көшу 
кезеңінде  қорғаудың  шұғыл  шаралары  туралы"  Жарлығы  елдегі  баспа  ісінің 
дамуына бағыт-бағдар берді. 
«Қазақ энциклопедиясы» - ғылыми-анықтамалық баспа мекемесі. Әмбебап 
және  тақырыптық  (пәндік)  энциклопедиялар,  анықтамалықтар,  сөздіктер, 
тілашарлар,  т.б.  шығарумен,  көне  қолжазбаларды,  басылымдарды,  ұлы 
ғұламалардың  еңбектерін  қайта  басумен,  күрделі  ғылыми  зерттеулер 
жариялаумен  айналысады.  Қазақстан  Компартиясы  ОК  мен  Қазақ  КСР 
Министрлер  Кеңесінің  1967  ж.  13  қыркүйектегі  қаулысына  сәйкес  1968  ж.  1 
қаңтарда  Қазақ  КСР  FA  жанынан  Қазақ  Совет  энциклопедиясының  Бас 
редакциясы  болып  құрылған.  130  адамнан  тұратын  бұл  үлкен  ұжымның 
шығармашылық күші 11 ғылыми редакцияға топтастырылды. Қазақтың тұңғыш 
энциклопедиясы Бас редакциясының жанынан барлық ғылым салалары бойынша 
29 ғылыми-салалық алқалар мен кеңесшілер тобы ұйымдастырылып, оларға 313 
ғалым  мен  маман  тартылды.  Олардың  ішінде  Қазақ  КСР  FA-ның  27  академигі 
мен корреспондент мүшесі, 84 ғылым докторы, 189 ғылым кандидаты болды. Бас 
редакция  қызметтік  құрылымы  мен  ғылыми  мекеме  мәртебесін  сақтай  отырып, 
1975  ж.  Қазақ  КСР  Баспа,  полиграфия  және  кітап  саудасы  icтepi  жөніндегі 
мемлекеттік  комитетінің  жүйесіне  қосылды.  Еліміз  егемендік  алғаннан  кейін, 
1993  ж.  Қазақ  энциклопедиясының  Бас  редакциясы  болып  өзгерді.  2001  ж.  2 
қарашада  жабық  акционерлік  қоғам  болып  құрылғаннан  бepi  "Қазақ 
энциклопедиясы"  аталады.  "Қазақ  энциклопедиясы"  ұжымы  өзінің  алғашқы 
күрделі  жұмысы  12  томдық  "Қазақ  совет  энциклопедиясын"  1972–78  ж. 
аралығында  әзірлеп,  баспадан  шығарды  [1].  1982  ж.  осы  тұңғыш 
энциклопедияның  әліппелі  пән-eciм  көрсеткіші  жеке  кітап  болып  шықты  [2]. 
Бұған жалғаса, "Қазақ Советтік Социалистік Республикасы" деген анықтамалық 
(қазақ,  орыс  тілдерінде  1980–81)  жарық  көріп,  15  томдық  топтама  шығару 
жемісті  аяқталды  [3].  Бас  редакция  ұжымының  ең  сүбелі  еңбектерінің  бipi  – 
әрқайсысы  төрт  томнан қазақ  және  орыс  тілдерінде  жарық  көрген  "Қазақ  ССР" 
атты  қысқаша  энциклопедия  [4].  Бұл  анықтамалықтың  басты  ерекшелігі  –  онда 
негізінен  қазақ  елінің  тарихына,  әлеуметтік  тұрмыс-тіршілігіне,  экономикасы 
мен  табиғатына,  қазба  байлықтары  мен  жер-су,  қоныстарына  байланысты 
материалдар енгізілді. Елдегі саяси-әміршілдік жағдайларға орай бұрын аталмай 
келген  халқымыздың  асыл  азаматтары  туралы  әділ  бағасын  берген  мақалалар 
жарияланды. Еліміз  егемендік  алып,  қазақ  тіліне  мемлекеттік  мәртебе  берілуіне 
байланысты  бірнеше  тілашар  мен  сөздік  шығарылды.  Жас  оқырмандарға 
арналған: "Ол кім, бұл не?" (үш томдық 1985–87), "Негеш" (1995), "Әлемде талай 
қызық бар" (екі тілде, 1986 – 90) кітаптары жарық көрді. "Қазақ энциклопедиясы" 
еліміздің ұлы адамдарының өмірі мен шығармашылық қызметіне байланысты да 
бipaз  жұмыстар  атқарды.  Ш.Уәлиханов  шығармаларының  академиялық  бес 
томдығын (орыс тілінде, 1984–85), М.Әуезовтің таңдамалы 
мақалалар жинағын
  

231 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Өзбекова Г. Қазақстандағы баспа ісі және «қазақ энциклопедиясы» баспасының қазақ баспасөзін...  
 
 
(қазақ,  орыс  тілдерінде  аралас,  1997),  "Құрманғазы"  (1998),  "Қорқыт"  (1999), 
"Ә.Бөкейхан. Таңдамалы" (қазақ, орыс тілдерінде аралас, 1995) кітаптарын қайта 
басып, оқырмандарды 20 ғасырдың
 
басында шығып тұрған "Қазақ" газеті (1998) 
мен  "Айқап"  журналын  (1995)  кітап  етіп  шығарды.  Ал  қазақтың  ұлы  ойшыл-
ақыны Абай Құнанбаевтың бүкіл дүние жүзі елдері атап өткен 150 жылдық тойы 
қарсаңында  "Абай"  энциклопедиясын  (1995)  әзірлеп,  баспадан  шығарды.  Ақын 
өмірі  мен  шығармаларына  арналған  бұл  соны  еңбек  ҚР-ның  Мемлекеттік 
сыйлығымен  жоғары  бағаланды.  "Хирургтің  анықтамалығы"  (акад.  М.Әлиев, 
1997),  "Қазақстанда  инженерлік  істің  дамуы"  (екеуі  де  орыс  тілінде  2001  ж. 
жарық  көрді)  көлемді  анықтамалықтары  да  мамандар  мен  оқырмандардың 
қажетін өтеген маңызды басылымдар болды. Бас редакция облыстар мен қалалар 
тарихына  да  көңіл  бөліп,  "Алматы"  (1983,  1996),  "Қарағанды"  (1990),  "Ақмола" 
(1995) энциклопедияларын шығарды. Еліміздің тарихындағы айтулы мекемелер де 
ұжым  қызметінен  тыс  қалған  жоқ.  Халықаралық  "Түркістан"  энциклопедиясы 
(2001) 
оқырмандарды 
еліміздің 
тарихымен, 
ғылым, 
әдебиет, 
өнер 
қайраткерлерінің өмір жолымен, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен, кәсібімен, 
мәдениетімен, бүгінгі егеменді елдің өскелең экономикасымен таныстырды. 
"Қазақ  энциклопедиясы"  ІІ  дүниежүзілік  соғыстағы  кеңес  халықтары 
жеңісінің  50  жылдығы  құрметіне  орай  "Отан  қорғау  жолында  құрбан  болған 
боздақтарға ескерткіш-кітап" деген айдармен әр облыстан 2–7 кітаптан тұратын 
"Боздақтар"  деп  аталатын  көптомдықты  қазақ,  орыс  тілдерінде  жарыққа 
шығарып,  ұлы  шайқаста  мерт  болған  азаматтардың  аруақтарын  мәңгіге 
қалдырды [5]. Баспа 1996 жылдан "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясын шығара 
бастады  (1-том  1998  ж.  шықты)  [6].  «Қазақ  энциклопедиясының»  Бас 
редакциясын М.Қ.Қаратаев (1968–79), М.Қ.Қозыбаев (1980 - 86), Р.Н.Нұрғалиев 
(1986-97),  Ә.Нысанбаев  (1997-2003),  (2003-2008)  Б.Ғ.Аяған  басқарды.  2008 
жылдан Б.Ө.Жақып басқарып келеді.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Қазақ совет энциклопедиясы. 12 томдық / Бас ред. М.Қаратаев. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы Бас 
редакциясы, 1972-1978 ж. 
2.
 
Алфавитті пән есім көрсеткіші / Бас ред. М.Қозыбаев. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы Бас 
редакциясы, 1982 ж.– 540 б. 
3.
 
Қазақ Советтік Социалистік Республикасы. Энциклопедиялық анықтама. - Алматы: Қазақ 
энциклопедиясы Бас редакциясы, 1980 ж. – 535 б. 
4.
 
Қазақ ССР. Қысқаша энциклопедия / Бас ред. М.Қозыбаев. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы Бас 
редакциясы, 1984. Т.1. – 592 б. 
5.
 
Боздақтар. көптомдық / Бас ред. Р.Нұрғалиев. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы Бас редакциясы, 
1994 ж.  
6.
 
Қазақстан. Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ә.Нысанбаев. 1 том. -Алматы: Қазақ энциклопедиясы Бас 
редакциясы, 1998 ж. -720 б. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

232 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
 
Р.С.ЖАҚСЫЛЫҚБАЕВА 
филология ғылымдарының кандидаты 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің доценті 
 
ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА ӘДЕБІ: ЗЕРТТЕУ МЕН САРАПТАУ 
 
Автор  в  статье  рассматривает  средства  и  методы  освещения  в  СМИ  проблем  права  и 
ответственности журналиста во взаимосвязи с нормами профессиональной этики. 
 
The  author  presents  some  ways  and  methods  of  mass  media  coverage  of  problems  of  rights  and 
responsibility of journalists in relation with the norms of professional ethics. 
 
Журналист – ашық қоғамның, әділеттіктің салтанат құруының тілеулесі 
әрі халық мүддесінің жанашыры. Сондықтан да олар қоғамдық ортада ерекше 
ілтипат  пен  зор  құрметке  қашанда  лайық.  Публицистің  абырой-атағын 
жоғары  ұстау,  оған  кір  келтірмеу  әрбір  журналистің  кәсіби  парызы  және 
этикалық нормасы болуы тиіс. 
Журналист  сөзімен  де,  өзімен  өзгеге  үлгі  боларлықтай  ғылыми-
теориялық  білімі  терең,  батыл  да  принципшіл,  кішіпейіл  әрі  ашық  мінезді 
иманды  адам  болуы  міндетті.  Сонымен  қатар  оған  жазу  мәдениетін  толық 
игерген жоғары сауаттылық пен тума таланттылық, асқан дарындылық та өте 
қажет.  Осы  қасиеттер  арқылы  белгілі  бір  журналистің  қоғамдық-саяси 
ахуалға  деген  ұстанымы  мен  көзқарасы,  моральдық-этикалық  тәлім-
тәрбиесінің деңгейі анықталады. 
Этика  –  адамгершілік  пен  мораль  туралы  теориялық  заңдар  мен 
тәжірибелік талап-тілектерді зерттеп, қалыптастыратын ғылым саласы. Яғни, 
адамдардың  қоғамдағы  өмір  сүру  нормалары  мен  бір-бірімен  қарым-
қатынасы  жайлы  ұғымды  танытады.  Еңбек  сүйгіштік,  адалдық,  достық, 
сыйластық, сыпайылық, өзіңді-өзің дұрыс ұстай білу, жақсы мінез – осының 
бәрі  этика  қағидаларын  анықтайды.  Сөйтіп,  этика  жалпы  алғанда 
адамгершілік  міндеттерге  бағынады.  Этика  саналы  адам  болуды  қалайды. 
Демек,  журналист  те  осындай  қасиеттерге  ие  болу  керек  екені  түсінікті. 
Өйткені  журналистің  кәсіби  мамандығы  мұндай  қасиеттерсіз  табысқа  жетуі 
қиын.  Этикалық  нормалалардың  заңда  жасалмаған  тұстарын  журналист  өз 
ақылымен,  сана-сезіммен  ұғып,  білуге  тиіс.  Ол  адамгершілік  идеал  мен 
азаматтық парыздан туындайды. 
Этика  термині  ежелгі  гректің  ethos  (этос)  деген  сөзден  пайда  болған. 
Алғашқыда бұл сөз мекен ету орта, үй, жануарлар апаны, құс ұяшығы деген 
мағынаны  білдіреді.  Кейіннен  бұл  сөз  әдет-ғұрып,  салт-сананы,  мінез-
құлықты  білдіретін  сөзге  айналды.  Бұл  «этос»  сөзінен  ұлы  Аристотель 
«этикалық»  деген  түбірге  қосымша  енгізіп,  адамзаттың  ерекше  қасиеттерін 
анықтайды.  Білім алудың ерекше  түрі ретінде Аристотель  ғылымға «этика»  
 
 
 
 
 

233 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Жақсылықбаева Р.С. Құқықтық журналистика әдебі: зерттеу мен сараптау 
 
 
саласын  енгізді.  Этикалық  қасиетті  кейде  рухани  қасиетке  жатқызады. 
Адамдарда рухани және этикалық қасиеттерде айырмашылықтар бар [1.9].  
 Аристотельдің  этикасына  Цицерон  moralis  (моральдық)  деп  анықтама 
береді. Оның айтуынша, бұл сөз латыннан аударғанда мінез-құлық, сән, салт-
дәстүр  деген  мағынаны  білдіреді.  Яғни  Цицеронның  моральдық 
философиясы  Аристотельдің  этикасымен  дәлме-дәл  сәйкес  келеді.  Сонымен 
IV ғ. б.з.д. латын тілінде болған «moralitаs» «мораль» термині гректің «этика» 
сөзімен бірдей мағынада қолданылады екен [1.10].  
Кейбір  зерттеуші  ғалымдар  этика  және  мораль  терминдерінің  тарихын 
неміс  тілінің  «Sittlichkeit»  терминімен  (Sittе»  «мінез»,  «slichkeit»  «өнегелі») 
қарастырады  [1.11].  «Этика»,  «мораль»,  «адамгершілік»  –  бастапқы  мәнде 
әртүрлі  сөздер  болғанымен,  бір  терминдік  ұғымдар.  Уақыт  өте  келе  бәрі 
өзгерді, мәдениет дамыды. Этика – білім, ғылым саласының басты тармағы, 
мораль – сол салаларды оқытатын пән болып табылады.  
Мораль  мен  адамгершілік  ұғымдары  уақыт  өте  келе  көп  өзгерістерге 
ұшырады.  Мәселен,  Гегель  моральды  адамгершілік  іс-әрекет  тұрғысында 
қарастырады. [1.12]. Ал, Аристотель моральды адам жанының маңызды рөлі 
ретінде анықтайды [2].  
Ежелгі  грек  философы  Сократ  этикалық  ұғымдарды  (айбындылық, 
әділеттілік)  анықтаумен  жалпыландырудың  үлгісін  жасады.  Ұғымды 
анықтаудан  бұрын  әңгімеге  жол  берілуі  керек,  соның  барысында  бірнеше 
сұрақтардың 
көмегімен 
әңгімелеушінің 
сөздеріндегі 
қайшылықтар 
анықталмақ.  Бұл  орайда  Сократ  майевтика  (сөйлесу  өнері)  әдісін  ұсынады. 
Сократтың  этикасы  рационалды:  жаңсақ  әрекеттер  білместіктен  жасалады, 
ешкім  де  өз  еркімен  зұлым  болмайды.  Адам  өзіне  үңілген  сайын,  өзінің 
білімсіздігін  аңғармақ.  Сократқа  жүгінсек  «Менің  білетінім  ештеңе 
білмейтіндігім» қағидасының мәні ашыла түспек. 
Ал,  Сократтың  шәкірті,  ежелгі  грек  философы,  Платонның  пікірінше, 
сезімдік  танымның  ақиқатты  тану  жолында  ешқандай  маңызы  жоқ,  себебі 
түйсіктер  арқылы  алған  мәліметтер  заттардың  өзіндегі  құбылыстар  туралы 
білім  емес,  тек  адамдардың  пікірінде  ғана  қалыптасқан  ұғымдар.  Ал 
заттардың көзге көрінбейтін шын мәнін тек ақыл-ойдың күші арқылы білуге 
болады. Сондықтан шын ақиқатты түсініп білу үшін ақыл-ой заттар әлемінен 
аластатылып, жанның идеялар әлемінде көргендерін есіне түсіруге мүмкіндік 
алуы керек.  
Ежелгі грек философы, энциклопедист-ғалым Аристотель адамның ақыл-
парасатының  қабілетін  этикадағы  ең  жоғарғы  қозғаушы  күш  деп  тапты. 
Аристотельдің  моральдық  үлгісі  –  Құдай,  яғни  «өзін  ойлайтын  ой»  –  нағыз 
кемелденген  философ.  Аристотель:  «Рақымшылдыққа  ең  алдымен  дұрыс 
бағытталған ақыл қызмет етеді» [2.357]. Демек, адам баласының сезімі дұрыс 
бағытталса, онда ақыл-ойы да соған орай іс-әрекетке барады.  

234 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет