Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



Pdf көрінісі
бет32/44
Дата08.01.2017
өлшемі3,67 Mb.
#1421
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   44

10
  Қаңлы  –  түрік  халықтар  құрамындағы  бір  топтағы  тайпаның  жалпы 
аты.  Қаңлылар  өзбектердің  92-шы  руының  құрамында  да  кездеседі. 
Шыңғысхан  дәуірінен  алдын  қаңлылар  Орал  тауының  батысында  Омбы 
және  Орал  өзенінің  орталығында  орналасқан.  Олар  бірнеше  руларға 
бөлінген: Сары  

248 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Вахидов Ш.,
 
Елшибаев С. XVIII ғасырдың соңындағы «Анжум ат-таворих»
 
шығармасындағы ...  
 
 
қаңлы, қара қаңлы, қызыл қаңлы, баба қаңлы, алпыс қаңлы, бөке қаңлы және 
басқалар. 
11
  Шанышқылы  -  түркі  тайпаларының  аты.  Өзбек  және  қазақ 
халықтарының құрамына кірген этник тайпа. 
12
 Қият – ежелгі түрік тайпаларының бірі. Оғыздар құрамына кірген. VII-X 
ғасырларда  Дешті  қыпшақ  даласында  жасаған,  шаруашылықпен 
айналысқан.  Оғыздар  мемлекеті  ыдырағаннан  соң  XI  ғасырда  қияттар  да 
бөлініп кеткен. Олардың үлкен бөлігі Түркіменстан аймағындағы жергілікті 
халқына,  басқа  бір  бөлігі  болса  Балқан  халқының  құрамына  сіңіп  кеткен. 
Дешті қыпшақ шөлдерінде қалған қазақтар қарақалпақ халқының бір бөлігі 
болып қалған. Қарақалпақ құрамындағы қияттар үшке бөлінген 3 таңбалы, 
тарақты, балғалы. Қашқадарияның жоғарғы ағысында Хорезм және Бұхара 
қалаларының  арасында,  сондай-ақ,  Заравшанның  орта  ағысында  қияттар 
диханшылық және шаруашылықпен айналысқан. 
13
  Дулат  –  қырғыздарда  манақ  руына  кірген  бір  тармағы.  Қазақ,  өзбек, 
түркімен және басқа түркі халықтары құрамына кірген тайпа. 
14
 Фаркент – қазіргі Паркент ауданы және аудан орталығы. 
15
 Піскент – Ташкент облысы аудан орталығы. 
16
  Киров  және  Тилев  –  Киров  құрама  мүліктің  орталығы  болған.  Ташкент 
облысы  Піскент  ауданындағы  ауыл.  «Гүлстан»  ұжымшарының  құрамы. 
Тилев Охангаран ауданындағы ауыл. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Исторический военный архив РФ. Ф.400, оп.1, ед.хр. 718, л. 30. 
2.
 
ЦГА РУ з, ф. И-47, оп. 1, д. 1148, л. 150. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

249 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
 
Э.Ө.ЗҰЛПЫХАРОВА 
тарих ғылымдарының кандидаты, доцент 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ 
 
Ж.И.САБИРОВА 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты 
 
1967 ЖЫЛҒЫ «АЛТЫ КҮНДІК СОҒЫС» 
 
В статье дается критический анализ причин и последствий конфликта на Ближнем Востоке и 
политики  международного  сообщества  по  урегулированию  конфликта  «Международная  борьба  на 
пути конфликтов». 
 
The article deals with the critical analyses of reasons and results of the conflict in the Middle East and 
with the policy of the international community of this conflict regulation. 
 
«Алты  күндік  соғыс»  араб-израиль  қақтығысындағы  араб  және  Израиль 
басшыларының  шынайы  мүдделерінің  үйлеспеушілігі,  египеттік  амбиция, 
Сирия  радикализмі,  Израиль  басшылығының  айлакерлігі  арабтық  өзара 
араздық, американдықтарды вьетнамдық мәселелердің қобалжытуы, кеңестік 
қауіптену  сияқты  тізбектелген  реакциялар  нәтижесі  болды.  «Алты  күндік 
соғыс»  өткен  араб  елдерінің  1967  жылғы  Хартум  конференциясы  «еврей 
мемлекетімен  бейбітшілікке  келмеу,  қарым-қатынас  орнатпау  және  еврей 
мемлекетін танымау» туралы шешім қабылдады. 
Осылайша  «алты  күндік  соғыс»  араб  елдері  мен  Израильдің  арасында 
осы күнге дейін жалғасып келе жатқан бітпес жанжалға айналды. Ол Израиль 
мемлекетінің соғыста басып алған араб мемлекеттерінің жерлерін қайтармау 
мен Иерусалимнің мәртебесіне байланысты болды.  
Таяу Шығыс шиеленісінің пайда болуы, тууы, дамуы сияқты мәселелері– 
әлемдік  тарихта  кеңінен  зерттеліп  жүргенімен,  қазақстандық  зерттеулерден 
шеттетіліп  қалған  тың  дүние.  Таяу  Шығыс  шиеленісі  тарихындағы  араб-
израиль  соғыстарының  ішіндегі  ең  күрделі,  осы  күнге  дейін  соғыс 
салдарынан  зардап  шегуші  тараптар  талаптарының  жүзеге  асырылмай 
отырғандығымен  ерекшеленіп  отырған  маусым  соғысы  тарихын  зерттеудің 
маңыздылығы  әлі  күнге  зерттеушілердің  назарынан  түскен  жоқ.  Араб-
израиль  қақтығыстарының  осы  уақытқа  дейін  толастамауы,  Таяу  Шығыс 
жанжалының  реттестірілмеуі  бұл  шиеленістің  халықаралық  бейбітшілікті 
дағдарыстык  деңгейге  жеткізіп,  мұсылман  елдеріндегі  ахуал  мен  әлемдік 
экономикалық  жүйеге  әсер  етті.  XX  ғ.  50-ші  жылдары  ортасынан 
қалыптасқан әлемдегі биполярлық жүйе АҚШ пен КСРО үстемдік еткен екі 
әскери  саяси  топқа  (НАТО  және  Варшава  шарты)  бөлінуімен,  қырғи-қабақ 
соғыс рухындағы қақтығыстар мен әлемдік саясаттағы дағдарыстарды әскери 
саяси тәсілмен шешу басымдылығымен сипатталады. 
1956-1965 
жж. 
аралығын 
салыстырмалы 
түрде 
араб-израиль 
қақтығысындағы  тыныштық кезеңдері деп саналғанымен, араб әлеміндегі
 

250 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Зұлпыхарова Э.Ө., Сабирова Ж.И.
 
1967 жылғы «алты күндік соғыс»
 
 
 
жағдай тұрақсыз болып қала берді.  
Суэц дағдарысынан кейінгі араб мемлекеттері мен Израиль арасындағы 
қатынастар ретсіздігі Таяу Шығыстағы барлық саяси ахуалға ықпал етті.  
1960-шы  жылдар  ортасында  араб-израиль  қақтығысы  дағдарыстық 
шегіне  жетті.  Қырғи-қабақ  соғыстың  шарттары  мен  толассыз  кеңес 
американдық кақтығыстар аймақтағы жағдайды одан әрі күрделендіре түсті. 
Таяу Шығыста түпкілікті орнығуда Кеңес Одағы араб одақтастарына әскери, 
саяси, дипломатиялық қолдау көрсету арқылы оларды тірек етті.  
АҚШ та өз одақтасы Израильге қатысты осындай саясат ұстанды. Алты 
күндік  соғыс  екі  қарама-қайшылықты  саяси  және  стратегиялық  қадамдар 
күресі  ғана  емес,  екі  ұлы  державаның  қырғи-қабақ  қатынасының  «сенімді» 
жақтастары арқылы қақтығысы тұрғысында қарастырылады. 
 Бірақ,  «сенімді  жақтастарының»  өздерінің  жеке  мүдделері  мен 
мақсаттары  да  болғаны  анық.  Таяу  Шығыстағы  Кеңес  саясатының 
қалыптасуына  кеңестік  идеологияның  халықаралық  қатынастарға  таптық 
тұрғыдағы  қатынасы  да  зор  ықпал  етті.  Осы  тұрғыда  Таяу  Шығыс 
қайшылығы  империализм  мен  араб  ұлт-азаттық  қозғалысы  арасындағы 
кақтығыс көрінісі ретінде бағаланып, Израиль империализм қолындағы қару 
деп танылды [5.163]. 
Израиль  американдық  мүддемен  санасқанымен,  өз  мақсат-мүдделеріне 
қарай  әрекет  етті.  Дегенмен  олар  толық  тәуелсіз  күш  бола  алмады.  Өзінің 
өмір  сүруінің  алғашқы  жылдарында-ақ  Израиль  билеушілерінің  «батыстық 
бағытқа» сүйенуі оларды араб елдерінің тәуелсіздігі жолындағы күрестеріне 
қарсы тұрды.  
Таяу  Шығыстағы  батыстық  аванпостыға  айналдыруға  мүмкіндік  берді. 
Сонымен  қатар,  Израиль  экономикасы  ірі  сионистік  ұйымдардың  қаржылай 
көмегіне  тәуелді  болды.  Израиль  Сирия  мен  Египетке  жасалар  агрессия 
Батыс  тарапынан  моральдық,  саяси  және  экономикалық  қолдау  табатынына 
сенімді болды және олар қателеспеді.  
Ақ  Үй  және  Пентагон  американдық  мүддеге  қайшы  келер  араб 
тәртіптеріне өздерінің жеке себептеріне байланысты қарсы шығушы елдерді 
бағалай білді [2.395-400]. 
Араб  жетекшілерінің  империализмге  қарсы  бағыт  ұстанулары,  олардың 
«империализмнің  тіміскі  әрекеттерімен»  ашық  күрес  жариялауына  Кеңес 
Одағының  АҚШ-қа  қарсы  күресі  мен  Таяу  Шығыс  аймағында  өзіне 
одақтастарды іріктеп таңдау бағытында жүргізген саясаты әсер етті.  
Бұл  ретте  сол  кездегі  партиялық  және  мемлекеттік  басшылар 
жоспарында  әсіресе,  барлық  Таяу  Шығыс  аймағына  социализм  идеясын 
таратуы мүмкін насырлық Египетке үлкен үміт артылды [4.46-48]. 
Екі  жүйе  күресі  шеңберіндегі  өзінің  сыртқы  саясатында  Кеңес  Одағы 
басты  қарсыласы 
АҚШ-қа  саяси  соққылар беру үшін барлық күш-жігерін
  

251 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Зұлпыхарова Э.Ө., Сабирова Ж.И.
 
1967 жылғы «алты күндік соғыс»
 
 
 
жұмсады.  Сонымен  қатар,  кеңес  басшылығының  АҚШ-ты  Вьетнам  соғысы 
сияқты  тағы  бір қақтығысқа қатыстыратындай Таяу  Шығыста  соғыс  өртінің 
тұтануына  мүдделі  болғандығын  жоққа  шығаруға  болмайды.  Араб 
жетекшілері  мен  Кеңес  басшыларына  осы  кездегі  АҚШ-тың  Вьетнам 
соғысында  тұйыққа  тірелуі  мен  халықаралық  жағдайлар  да  қолайлы  болып 
көрінді.  
Халықаралық  саяси  жағдайды  бұлай  қабылдау  қателікке  ұрындырды. 
Біріншіден,  Кеңес  басшылары  Израильді  АҚШ-тың  қолшоқпары  деп  біліп, 
оны  дербес  ойыншы  ретінде  санамады.  Екіншіден,  болуы  мүмкін  соғыстың 
барлық  ауыртпалығын  Израильге  жүктеді.  Сонымен  қатар  КСРО  соғыстың 
болуына  аса  мүдделі  болмағанымен  де  оны  әскери  қарымта  қайтаруды 
аңсаған  араб  одақтастары  итермеледі.  Араб  одақтастарына  дипломатиялық 
көмек көрсете отырып, Кеңес Одағы араб елдерінің Израильмен қақтығысын 
қолдады [1.213]. 
Египет  басшылығының  соғысты  бірінші  болып  бастауына  Кеңес  Одағы 
қарсылық  білдірді.  Нәтижесінде  Израильдің  тұтқиылдан  жасалған  шабуылы 
арабтарды осы соғыста жеңіліске әкелген болатын. 
 Израиль  Қарулы  Күштерінің  мүмкіншіліктеріне  шек  келтірген  КСРО 
Қорғаныс министрлігі Египет Израильді талқандамаған күнде де өзінің және 
Кеңестік қарудың күшін көрсетеді, ал бұл Кеңес Одағының Таяу Шығыстағы 
беделі мен ықпалын нығайтады деп есептеді. 
 Египет президенті Гамал Абд Насырдың Синайдан БҰҰ әскерін шығару
Тиран  бұғазын  жабу  әрекеттері  де  себеп  болды.  Таяу  Шығыстағы  үшінші 
араб-израиль  соғысы  1967  ж.  5  маусымда  Израильдің  Египет  әскери 
әуежайларын  тұтқиылдан  шабуылдауымен  басталды.  Египет  әскери  әуе 
күштері  қатардан  шыққаннан  кейін  Израиль  әскері  Синай  шөліне  қарай 
жылжыды.  
Египеттің  танктері  мен  жаяу  әскері  әуеден  қорғалмағандықтан 
Израильдің  әуе  күштеріне  оңай  нысанаға  айналды.  Израильдіктердің  әскери 
күшінің  соғыстың  алғашқы  күндерінде-ақ  басымдылыққа  жетуі  Египет 
әскери әуе күштерінің дұрыс басқарылмауынан болды. 
 Арабтардың  әскері  шаруалардан,  яғни  заманға  сай  техниканы  толық 
пайдалана  білмейтін  жауынгерлерден  тұрды.  Таза  әскери  тұрғыда  Израиль 
мен БАР-ды салыстырғанда Египет әскері күрделі техникамен жұмыс істеді. 
Египет  әуе  күштерінің  талқандалуына  қарамастан  арабтық  майдан  шебінде 
Египет әскерлерінің жеңісі туралы жалған ақпарат таратылды. Бұл хабарлар 
Сирия,  Иордания,  Ирак  әскерлерінің  соғысқа  араласып,  көп  қателіктерге 
ұрынуларына  себеп  болған.  Соғыс  нәтижесінде  Израиль  Египеттің  Синай 
түбегін  (аумағы  60000  шаршы км),  Газа  аумағын (1200 шаршы км),  Иордан 
өзенінің Батыс жағалауын (6000 шаршы км) Суэц каналының шығыс жағалауын, 
Сирияның Голан қыраттары мен Шығыс Иерусалимді жаулап алды. Нәтижесінде  
 
 
 
 

252 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Зұлпыхарова Э.Ө., Сабирова Ж.И.
 
1967 жылғы «алты күндік соғыс»
 
 
 
Израиль көршілес араб мемлекеттерінің есебінен жалпы аумағы 68,7 мың шаршы 
шақырым жерді басып алды.
 
 Егер  1948-1949  жылдардағы  Палестина  соғысының  нәтижесінде  Израиль 
күшпен  Палестина  араб  мемлекетіне  бөлінген  жерді  бөліске  салған  болса,  1967 
ж.  соғыста  Израиль  барлық  ежелгі  Палестинаға  тиесілі  жерлерді  басып  алды. 
1967  ж.  28  маусымда  Иерусалим  Израильдің  біртұтас  астанасы  болып 
жарияланды [7.11]. 
Маусым  соғысынан  кейінгі  БҰҰ-ның  242-ші  қарарының  мазмұны  Таяу 
Шығыс  шиеленісін  реттестірудегі  ресми  қадамы  үш  заңды  талаптан  құралып, 
неғұрлым  теңдестіруге  негізделді.  Біріншіден,  1967  ж.  маусым  соғысы 
барысында  Израиль  әскерлерінің  жаулап  алған  жерлерінен  кетуін  талап  етті. 
Екіншіден,  Палестина  араб  халқының  өзін-өзі  анықтау  т.б.  ұлттық  құқықтарын 
орнату  туралы  талаптарын  қоюы  болды.  Үшіншіден,  болашақ  Палестина 
мемлекеті  мен  Израиль  мемлекетін  қоса  барлық  Таяу  Шығыс  мемлекеттерінің 
тәуелсіз өмір сүруі мен дамуын қолдауы болды.  
Ол  үшін  Израиль  мен  араб  мемлекеттері  арасындағы  соғыс  жағдайын 
тоқтату,  олардың  арасында  өзара  құрмет,  теңдік,  қауіпсіздік,  тату  көршілестік 
принципінде бейбіт қарым-қатынастар орнату мақсатында батыл қадамдар жасау 
талап  етілді.  Алты  күндік  соғыстың  басты  салдары  болып  Таяу  Шығыста 
геосаяси  баланстың  түбегейлі  өзгеруі  болды.  Соғыс  салдарының  Таяу 
Шығыстағы кейінгі бейбіт үдерістер ағымына тигізген әсері үлкен болды.  
Таяу  Шығыс  шиеленісінің  жиынтығына  жаңадан  жаулап  алынған  жерлер 
мен Иерусалимнің статусы секілді күрделі мәселелер қосылды. Маусым соғысы 
палестиналық  босқындардың  ахуалын  Палестина  халқының  ұлттық  құқықтары 
деңгейіне дейін жеткізіп, оны әлемдік саясаттың өзекті мәселелерінің бірегейіне 
айналдырды. 
Алты  күндік  соғыстың  тағы  бір  қорытындысы  палестиндік  ұлтшылдықтың 
өсуі, ПАЕҰ беделінің артуы болды, соғыстан кейін Палестина халқының бірден-
бір  заңды  өкілі  болып  танылған  ПАЕҰ  Таяу  шығыстық  аренада  дербес 
ойыншыға айналды.  
Сонымен  бір  мезгілде  Израильде  діни  және  саяси  пайымдаулармен  алға 
шыққан  1967  ж.  жаулап  алынған  жерлерден  кетуге  қарсы  күштер  өздерінің 
ықпалын  күшейтті.  Израильдің  әскери  жеңісі  оған  аймақта  жедел  түрдегі  саяси 
басымдылықты әкелмеді. Израильдіктер әскери жеңісті саяси жеңіске айналдыру 
мүмкіндігіне және жаулап алған жерлер орнына бейбітшілік алуға жете алмады. 
Алты  күндік  соғыс  араб-израиль  қатынастарының  жаңа  кезеңінің  басталуымен 
ғана  айқындалмайды,  бұл  соғыс  Таяу  Шығыстық  реттестіру  күресінің  ұзақ  та 
қиын кезеңінің басталғанын көрсетті. Бұл кезеңде араб-израиль қақтығысына әр 
деңгейде тартылған елдер жеңіске жетті немесе жеңіліске ұшырады.  
Бұл  соғыс  Таяу  Шығыста  бақталас  саясат  жүргізіп  отырған  державаның 
ұстанымдары  мен  басты  мүдделерін  айшықтап,  басымдылыққа  қол  жеткізген 
тарапты  да  айқындап  өтті.  Маусым  соғысы  араб  қоғамдық  пікірінде 
Мәскеу  
берген ресми пікірлерге  сәйкес «империалистік басқыншылық»
 мағынасында 

253 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Зұлпыхарова Э.Ө., Сабирова Ж.И.
 
1967 жылғы «алты күндік соғыс»
 
 
 
қабылданды.  
Күйрей  жеңілген  «алты  күндік»  соғыстан  кейін  де  араб  елдерінің 
жетекшілері мен Кеңес басшылары өздерінің қателіктерін мойындауға асықпады. 
Соғыс  алдындағы  араб  елдері  мен  олардың  басты  одақтасы  өздерінің  сыртқы 
саяси  бағыттарындағы  дұрыс,  бұрыс  жолдарын  қарастырудың  орнына  араб 
әскерінің  әлсіздігін  Израильдің  тұтқиылдан  шабуыл  жасауынан,  Израильге 
АҚШ-тың көрсеткен көмегінен, «әлемдік империализмнен» іздеді [6.511]. 
Соғыстан  кейінгі  кезеңде  Израиль  басшыларының  басты  талабы  араб 
елдерінің  Израильді  тануын  қамтамасыз  ететін  және  басқа  да  екі  жақты 
келісімдерге қол жеткізетін арабтармен тікелей келіссөздер жүргізу болды. Кеңес 
басшыларының  пайымдауынша  мұндай  келіссөздер  болған  жағдайда  Израиль 
АҚШ-ты  Таяу  Шығыста  жеңіске  жеткізер  күш  деп  есептегендіктен,  бұл 
келіссөздерден АҚШ пайда көретін болды.  
Ал, бұған Кеңес басшылығы жол бере алмады, сондықтан да ол Израиль мен 
араб  елдері  арасындағы  тікелей,  оңаша  келіссөздерге  қарсы  болды.  Мұндай 
қадамды  аймақта  Израиль  ықпалының  күшеюінен  қауіптенген  кейбір  араб 
басшылары да қолдады [3.137]. 
Ал Таяу Шығыс шиеленісін реттестіруде жетекші орынға ие болып отырған 
бәсекелес  екі  тарап  КСРО  мен  АҚШ  бейбіт  үдерісті  ұйымдастыруда  келісімді 
саясат  жүргізуге  дайын  болмады.  Қалыптасқан  жағдайда  Израиль  басшылығы 
уақыт  өте  қаталдық  пен  ырыққа  көнбестік  көрсетіп,  жаулап  алған  жерлерін 
сақтап қалуға тырысты. 
1967  ж.  соғыстан  кейінгі  айлар  қақтығысушы  тараптардың  ешқайсысының 
да реттестіруге дайын емес екендігін көрсетті. Араб елдері Израильді танудан бас 
тартса, Израиль өз кезегінде осы талапқа қол жеткізуге тырысты. 1967 ж. маусым 
соғысына  дейінгі  жерлердің  статусын  анықтаудағы  жекелеген  араб  елдері  мен 
Израиль  арасындағы  өзара  келіспеушіліктер  Таяу  Шығыстағы  шиеленістің 
реттестірілуіне қазіргі күнге дейін кедергі келтіріп отыр. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Черчилль Р.У. Шестидневная война. М., 1989. 
2.
 
Еbаn А. Аn Аutоbіоgrарһу. New Үоrк: Rаndom Ноuzе, 1978. 
3.
 
Советская внешняя политика в ретроспективе. 1917-1991. М.,1993. 
4.
 
Млечин Л. Красная Палестина // Азия и Африка сегодня //. 2007 №10 с.46-48. 
5.
 
Примаков Е.М. Конфиденциально: Ближний Восток на сцене и за кулисами. М.: ИИК // Российская 
газета // 2006. 
6.
 
Али Т. Столкновение цивилизации. М., 2003. 
7.
 
Эпштейн А., Урицкий М. Шестидневная война и современная политическая динамика на Ближнем 
Востоке. Восток, 2003. -№2. 
 
 
 
 
 
 

254 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
 
Д.МҰСТАПАЕВА 
тарих ғылымдарының кандидаты 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің доцент қызметін атқарушы 
  
МУЗЕЙДЕГІ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ 
МАТЕРИАЛДАР, ОЛАРДЫ ҒЫЛЫМИ САРАЛАУ 
 
В статье дано научное описание находящимся в музее посуде из шкур животных и средствам 
средневековой ирригационной системы. 
 
The  article  presents  a  scientific  description  of  dish  ware  made  of  leather  and  means  of  medieval 
irrigation system. 
 
Елдің  материалдық  мәдениетін  көрсететін,  тұрмысында  қолданған 
заттарын  саралау  арқылы  көптеген  мәнді  ақпараттар  алуға  болады.  Музей 
экспозициясы  мен  қорындағы  теріден  және  ағаштан  жасалған  ыдыстар 
жиынтығы  халық  шеберлігін  ғана  көрсетіп  қоймай,  дәстүр  жалғастығын  да 
бейнелейді.   
Қазақтардың  мал  сүт  өнімдерін  өңдеп,  сақтауға  арналған  теріден 
жасалған  ыдыстарының қоршаған  ортаға, күнделікті  тұрмыстағы  талаптарға 
сай  өзіндік  технологиямен  жасау  дәстүрі,  шеберлігі  бары  белгілі. 
Халқымыздың  ежелден  келе  жатқан  тері  өңдеу  дәстүрін  өз  қажеттігіне 
жаратып,  тіршіліктің  әр  жағдайына  бейімдеп  ыдыстарды  жасап,  қолдана 
білген. Қазіргі кезде жаңа өмір салты, өндірістің жаңа өнімдері сол бір ерте 
заманнан  күнделікті  өмірлерінде,  жауынгершілік  заманда  кең  қолданған 
заттарының  қазіргі  кезеңде  ұмытылып,  тек  музейлерден  көру  мүмкіндігін 
қалдырып  отырғандай.  Халық  шеберлері  қазіргі  кезде  атадан  мұра  болып 
қалған  тері  ыдыстарды  жасау  дәстүрлерін  насихаттап,  жариялауда.  Ал, 
музейдегі  көненің  көзі  XVIII-XIXғғ.  қолданыста  болған  теріден  жасалған 
ыдыстар  жинағына  шолу  жасап,  жасалу  технологиясы  мен  ел  арасындағы 
аталуына тоқтап өткен жөн болар.  
Жылқы,  түйе,  қой,  ешкі,  сиыр,  т.б.  мал  түрлерін  өсіріп,  олардың 
өнімдерін  тіршілігінде  өңдеп,  жарата  білген  халқымыздың  сол  өнімдердің 
бірі  – сүтті өңдеп, сақтап, қолдануда тері ыдыстардың неше түрлерін жасай 
білген.  Аталған  терден  жасалған  ыдыстардың  бірін  кк  2778  нөмірлісінің 
атауын  –  шүмегі  бар  тері  ыдыс  бие  шелек  деуге  болады  [1].  Бұл  теріден 
тігілген,  биіктігі-23  см,  диамерті-30  см,  шүмегі  бар  ыдыс.  Бие  сауу  үшін 
сыртқы  сипаты  шәйнек  секілді,  түйенің  мойын  терісінен  тігілген  ыдысты 
қолданған.  Мұндай  ыдыс  асау  жылқыны  сауған  кезде  өте  ыңғайлы  болған, 
себебі сауылған сүт дыбыссыз ыдысқа құйылған [1].  
Музейдің  теріден  жасалған  ыдыстар  коллекциясындағы  бұл  ыдыс  үш 
бөлікке бөлінген теріден түбі, сыртқы бөлігі және шүмегі жеке-жеке пішіліп, 
сонан  соң  біріктіріліп  тігілген.  Бие  шелектің  ернеуі  сыртына  қарай 
қайрылып тігілген, ескі, жамаулары бар.  
   
 
 
 
 

255 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Мұстапаева Д. Музейдегі этнографиялық және археологиялық материалдар, оларды ғылыми ... 
 
 
Аталмыш  жинақтағы  кк  2779  нөмірлі  ыдыстың  биіктігі–35  см,  түбінің 
диаметрі–26 см, ернеуінің диамерті–25 см. Мал терісі екі бөлікке бөлініп, түбі 
және  сыртқы  бөлігі  жеке  пішіліп,  сонан  соң  біріктіріліп  тігілген,  ернеуі 
сыртқа  қайрылған.  Мұндай  формадағы  су  құятын,  тозбайтын  үлкен 
ыдыстарды, көбіне түйенің мойын терісінен жасағандықтан түйемойнақ деп 
атаған  екен  [2].  Сонымен  қатар,  бұрын  алғаш  құда  түсіп,  құйрық-бауыр 
жегенде көнек шелекті алып, тоқылдатып құдалардан кәделер алатын болған 
[3].  Сыртқы  формасы  бойынша  бұл  ыдыс  түйемойнақ,  көнек  деп  аталған 
ыдыстарға  сай  келеді.  Бұрынғы  кезде  халқымыз  түйе  ұстайтын  аудандарда 
түйе терісін кең қолданған жағдайда суға, сұйықтық құюға арналған мұндай 
ыдысты  түйемойнақ  десе,  түйе  малынан  басқа  мал  түрлерін  ұстаған 
аудандардағы ел арасында көнек деп кең аталған.  
Осы  жинақтағы  кк  2780  нөмірлі  теріден  жасалған  ыдыстың  биіктігі–
50см,  ернеуінің  диаметрі–19,5  см,  түбінің  диаметрі–23  см.  Ыдыстың  түбі, 
сыртқы бөлігі бөлек пішіліп, тігілген. Төменгі бөлігінің ені жоғарғы бөлігіне 
қарағанда  кең.  Ыдыс  жоғарғы  бөлігіне  қарай  тарыла  түскен.  Ернеуінің 
жиегінде жіп өткізуге арналған екі тесік бар. Май алуға арналған ағаш күбіге 
ұқсас  деуге  болады.  Бұрынғы  кезде  қымызды  тасу  үшін  екі  шелекке  дейін 
сусын сыятын сүйретпелер болған.  
Этнографиялық  деректерге  сүйенсек,  оны  ірі  қараның,  жылқы,  түйенің 
мойын  терісінен  жасаған  сүйретпелер,  серкенің  толық  өңделген  терісінен 
істелген  местерді  қымыз,  май,  айран,  шұбат  сақтауда,  алып  жүруде 
қолданылған  [2].  XIII  ғасырдағы  Рубруктың  шығармасында  бие  саууға, 
қымыз,  май,  т.б.  заттарды  дайындау,  сақтауға,  қолдануға  байланысты 
деректер кездеседі. Қымыз, құрт, май сақтауда теріден жасалған ыдыстарды 
қолдану,  бие  сауу  туралы  айтылады  [4].  Мұндай  теріден  жасалған  ыдыстар 
көптеген  ғасырлар  бойы  тұрмыста  кең  қолданылып,  қоршаған  ортаның, 
тіршіліктің  жағдайына  бейімделе,  өмірдің  талабына  сай  тамақ  өнімдерін 
сақтау  мен  өңдеуде  ең  тиімді  әдістерді  игере  білген  елдің  материалдық 
мәдениетінің дамыған бір көрінісін береді.  
Теріден  жасалған  келесі  кк  2753  нөмірлі  ыдыстың  биіктігі  -  17  см, 
ернеуінің  диаметрі-  9  см,  түбінің  диаметрі  -  10см.  Тері  ескірген,  ыдыстың 
ернеуі  қайрылып,  оған  жылқының  қылынан  өріліп,  тұтқа  бекітілген. 
Ыдыстың  түбі  бөлек,  сыртқы  бөлігі  бөлек  пішіліп,  жіппен  тігілген.  Мұндай 
кішкентай,  су,  сұйықтық  құюға  арналған  ыдысты  «топтай»,  «құты»  деп 
атаған  [1].  Аталған  ыдысты  күнделікті  тұрмыста  сүт,  қымыз,  шұбат  құюға 
пайдаланған.  
Теріден  тігілген  келесі  кк-2752  нөмірлі  ыдыстың  биіктігі  -42  см.  ‡ш 
бөлек  пішілген  теріден  тігілген,  аузында  ағаштан  жасалған  тығыны  бар  бұл 
ыдысты  –  торсық  деп  атаған.  Торсық  -  ежелден  келе  жатқан  қазақ 
халқының,  жалпы  түркі  халқының  қымыз  құятын  ыдысы.  ¤здеріне  тән  өмір 
салтына сай  

256 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет