Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



Pdf көрінісі
бет26/44
Дата08.01.2017
өлшемі3,67 Mb.
#1421
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44

 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Жандарбек З., Керімбаева М.
 
Түркілік діни дүниетанымдағы махаббат ұғымы
 
 
 
дейтініміз,  «Диуани  хикметте»  бастан-аяқ  әулиелердің  сұлтанының  хақ 
алдында  өзін  күнәһар  сезіну  қорқынышы,  сонымен  қатар  Алланың 
рахымынан,  кешірімділігінен  күтер  үміті  жарыса  келеді.  Алланың  әділ 
сынағы  тұрғысынан  шексіз  пәктіктің  иесі  сұбхан  Алланың  сынағына  төтеп 
берер,  рахымына  лайықты,  күнәдан  пәк,  онымен  достасуға,  қауышуға 
лайықты  адам  баласы  жоқ.  Фазылы,  яки  кешірімділігі  тұрғысынан,  Құдай 
адамның  таудай  күнәларын  тәубасын  сай,  таудан  үлкен  фазылымен  кешіре 
алады. «Құтты біліктегі»: 
«Қорқып тұрғай кәрінен бір Алланың
Күтіп жүргей содан үміт арманың. 
Үміт-хәуіп - осы екеуін қанат қыл
Арасын да тірілігіңді жәннат қыл 
Құлқыңды оңда, Хақ жолынан жаңылма, 
Сарайға ұшып кір, сүйініп дамылда! 
Үміт, хәуіп - сенер екі қанатың
Екеуі ұшсаң — көкке де жол табатын 
Күнәм көп деп үмітіңді үзбегін 
Ғибадат  қып,  қызметіңді  істегін»  [5]  -деген  жолдардан  хауф-рижа 
ұғымының қыр-сырын аңғарамыз. 
Исламда  Алла  тарапынан  «бүкіл  құлдарым  -  тамұқтық,  тек  біреуі 
жұмақтық»  деген  пәрмен  келе  қалса,  мен  сол  жұмақтық  болармын  ба  деген 
үміт,  сондай  «бүкіл  құлдарым  -  жұмақтық,  тек  біреуі  -  тамұқтық»  деген 
қағида  бар.  Хауіп,  рижа  орта  ғасыр  ғұламаларының  шығармаларында 
шариғатпен  ұштаса  отырып,  ерекше  өрілім  түзетін  екі  өзекті  желісі.  Хауіп 
пен  рижа  ариф  -  ғашықтың  мағшұққа  деген  сезімінің,  ішкі  аптап  халінің, 
әділінен  қорқып,  фазылынан  үміттенген  бақиға  байланысты  өзін  үнемі  қыл 
үстіндегідей сезінген күйінің қозғаушы күші.      
     
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Философиялық сөздік.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1996 .- 142 -143бб. 
2.
 
Кенжетай  Д.Т.  Қ.А.Ясауи  философиясы  және  оның  түркі  дүниетанымы  тарихындағы  орны. 
Алматы: Арыс, 2007. 9б. 
3.
 
Мейірман А. Қазақ даласының ойшылдары(XVIII- XIX). 4 кітап. Алматы: Жалын, 2004. 71б. 
4.
 
Иасауи А. Диуани хикмет. Алматы: Жалын, 2005. 57 б. 
5.
 
Баласағұн Ж. Құтты білік. Аударған А.Егеубаев. Астана: Аударма. 2003. 477-478бб. 
 
 
 
 
 
 
 

205 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
 
М.М.ТАСТАНБЕКОВ  
тарих ғылымдарының кандидаты, доцент 
 
С.Р.ТІЛЕКЕЕВА  
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы 
 
КӨШПЕЛІ ХАЛЫЌТАР ДҮНИЕТАНЫМДАРЫНЫЊ ӨЗЕКТІ АРЌАУЫ 
 
В  статье  рассматриваeтся  кочевой  образ  жизни  в  целом  и  некоторые  особенности  кочевых 
традиций. 
 
The  article  deals  with  the  nomadic  life  on  the  whole  and  with  some  peculiarities  of  nomadic 
traditions.  
 
Орталыќ Еуропада ќазіргі тарих ѓылымыныњ даму кезењініњ өзінде әлі 
де  тек  жер  өњдеумен,  ќолөнермен,  ќұрылыспен  айналысатын  отырыќшы 
халыќтар  ѓана  жоѓары  мәдениет  ќұра  алады  деген  пікір  кездеседі  [1.190]. 
Мұндай  біржаќты  түсініктіњ  ќалыптасуы  ѓылымныњ  дамуындаѓы 
евроцентристік  көзќарасќа  тікелей  байланысты.  Көшпелілерді  зерттеушілер 
зерттеу маќсатын  ќате ќойѓандыќтан, бүтін бір мәдениетті жойылар ќауіпке 
алып  келді.  Арнольд  Д.Тойнби  көшпелі  мен  жер  өњдеуші  арасындаѓы 
материалдыќ  және  рухани  мүдделердіњ  ешќашан  бітіспейтін  ќайшылыѓы 
жөнінде  жазѓан.  Оныњ  пікірі  бойынша,  көшпелілердіњ  бүкіл  әлеуметтік-
экономикалыќ және рухани өмірін мыќты шењбер ішіндегі ќозѓалысќа балап, 
оларда тарих жоќ,  прогрессивті даму үшін ішкі шарттар жоќ, тек отырыќшы 
халыќтарды  физикалыќ  және  рухани  эспанциялау  ѓана  даланыњ  жауынгер 
тұрѓындарын  бұл  шењберден  шыѓара  алады.  Бұл  оларѓа  әлеуметтік-
экономикалыќ және рухани дамуыныњ алѓы шартын ќалыптастырады, дейді. 
Тойнби  ойы  аѓымын  ќадаѓалайтын  болсаќ,  онда  динамикалыќ  экономикасы 
бар әлемдік ќоѓамда тоќырауѓа ұшыраѓан көшпелі одаќтарѓа, өз ќозѓалысын 
жылдыќ  циклдерге  байланысты  өзгеріссіз  мәњгілік  ќайталайтын  дамымаѓан 
өркениетке орын жоќ деген тұжырымын ањѓарамыз.  
Алайда,  Тойнбидіњ  «өзгеріссіз,  мәњгі  көшуші,  тарихы  жоќ  халыќ, 
дамымаѓан  өркениет»  деген  пікірлеріне  тарихи  фактілер  ќайшы  келеді. 
Көшпелі  өркениетті  ерекшелеген  олардыњ  жабыќ  түрде  дамуы  емес,  бүкіл 
өмір сүру барысында сол отырыќшы өркениетпен жүргізген ќарым-ќатынасы 
болатын.  Бұл  ќарым-ќатынастыњ  оњды  нәтижелер  беруі,  екі  жаќтыњ  да 
дамудыњ  ішкі  шарттары  ќалыптасќандыѓын  көрсетеді.  Олай  болмаѓан 
жаѓдайда  өзара  байланыстыњ  болуы  да  мүмкін  болмаѓан  болар  еді. 
Е.Тұрсынов: «Егер де отырыќшы халыќтардыњ көшпелілермен мыњжылдыќ 
ќарым-ќатынасы  болмады  десек  не  болар  еді?»  деген  сұраќ  ќойып  оѓан  өзі, 
«Онда  отырыќшы  халыќтардыњ  әлеуметтік-экономикалыќ  тарихы,  рухани 
мәдениетте  негізгі  рөл  атќарѓан  елеулі  оќиѓалар  сабаќтастыѓы  бұзылып, 
әлемдік  тарихтыњ  көптеген  мањызды  сатылары    бос  ќалѓан  болар  еді. 
Өйткені  көшпелілік  өмір  сүрген  үш  мыњжылдыќта  әлемдік  тарихи 
процестерде 
көшпелілер    мен
 
отырыќшылар    өзара    тыѓыз  байланыста,  
өзара  әсер  ету
 

206 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Тастанбеков М.М., Тілекеева С.Р.
 
Көшпелі халыќтар дүниетанымдарыныњ өзекті арќауы 
 
 
жаѓдайында  болып  келді»,  деп  жауап  береді.  Одан  әрі  ќарай  ѓалым,  «3000 
жыл  екі  өркениет  көшпелілік  пен  отырыќшылыќ  ішкі  автономиясын  саќтай 
отырып  ќатар  дамыды  және  жалпы  адамзаттыќ  өркениет  ќұруѓа  үлесін 
ќосты» [1.101] деп тұжырымдайды. 
Көшпелі  үшін    табиѓат  -  ѓаламат  үйі.  Ол  табиѓатќа  күш  ќана 
жұмсамайды,  одан  күш-ќайрат  алады.  Көшпелі  табиѓаттан  бөлек  емес,  ол 
оныњ бір бөлшегі, ќұрамдас бөлігі. Сондыќтан да көшпелі мен табиѓат тыѓыз 
байланысты,  оныњ  бүкіл  өмірі  -  жол,  ќозѓалыс.  Көшпелілер  өркениеті  кењ 
ұѓымды.  Сондыќтан,  отырыќшы  үшін  беймәлім  жаќтарын,  атап  айтќанда 
ќонаќжайлылыќ,  барымта,  ќанды  кек  мәселелерін  ѓана  ќарастырѓанды  жөн 
көріп отырмыз.  
Көшпелі  өркениетті  сөз  еткенде  ерекше  орын  алатын  ќонаќжайлылыќ. 
Өздерініњ  бұрыннан  таныс  не  білмейтіндігіне,  дос  не  жау  екендігіне 
ќарамастан  барлыќ  жолаушыларѓа  ќонаќжайлылыќ  көрсетіледі.  Кейінгі 
әсерлерден  тәуелсіз  ќонаќжайлылыќ  көшпелілерге  тән  ќұбылыс  болып 
саналады.  Бұл  өзге  ќоѓамдыќ  институттарѓа  ќараѓанда  оныњ  дамыѓан  және 
өзіндік ерекшелігін көрсетеді. Жиі ќонаќтар келетін отбасы халыќтыњ ішінде 
зор  ыќыласќа  ие  әрі  танымал  болѓан.  Егерде  ол  отбасы  ауќатты  тұрса,  оны 
сөзсіз  келген  ќонаќтарыныњ  ырзашылыѓымен  байланыстырѓан.  Ѓасыр 
басындаѓы    куәгердіњ  айтуына  ќараѓанда:  «...ќырѓыздар  жиі  төтенше 
ќонаќжайлылыѓымен  ерекшеленеді,  жолаушыѓа  ќырѓыздыњ  киіз  үйіне  бас 
сұѓуынан  соњ-аќ,  ол  -  ќонаќ,  үй  иелері  үшін  ерекше  ќасиетті  жеке  адамѓа 
айналады.  Ќонаѓы  үшін  ќырѓыз  өзі  үшін  сирек  соятын  малын  ойланбастан 
сояды». Ќазаќтар арасында «ќұдайы ќонаќ» - ќұдай айдап келген ќонаќ деген 
түсінік бар. Жат жерге келген адам үй иесіне «ќұдайы ќонаќпын» деп рұќсат 
сұраѓан.  Ќазаќтар  арасындаѓы  ќонаќжайлылыќтыњ  ќұќыќтық  нормаѓа  дейін 
жеткендігі  белгілі.    Ќонаќжайлылыќ  кейінгі  әсерлерден  емес,  көшпелі 
халыќтарѓа тән ќұбылыс екендігін жоѓарыда атап өттік. Көшпелілер арасында 
ќонаќжайлылыќты  ата-бабаларыныњ  өсиетімен  байланыстырып,  ол  туралы 
ањыздыњ саќталуы сөзімізді растай түседі. Ањызѓа ќараѓанда Алаша хан өз 
мұрасын  балаларыныњ  саны  үшеу  болуына  ќарамастан  төртке  бөледі.  Үш 
бөлікті  балаларыныњ  арасында  Үйсін,  Арѓын,  Алшынѓа  бөліп  береді.  Ал, 
төртінші  бөлікті  және  үшке  бөліп,  оларѓа  ќонаќ  асы  ретінде  береді.  
«Сендердіњ  көшпелі  өмір  жаѓдайында,-  дейді  Алаша  хан  өз  балаларына,- 
әсіресе  сендердіњ  ұрпаќтарыњ  үшін  бір-біріне  өз  азыѓын  көтеріп  ќыдырып 
жүру  ќиын  болады.  Өзара  ќатынас  жасаѓанда  ішіп-жегендеріњ  үшін  аќы 
алмањдар. Бір-бірлеріње арнайы шаќырѓан ќонаќ іспеттес болыњдар», [3.190] 
-деген  дейді  халыќ  танымынан  мәлімет  берер  бұл  ањызда.  Көшпелілердіњ 
ұзаќ  сапарѓа  шыќќаныменен  өзімен  азыќ-түлік  алмайтындыѓы  жөнінде 
Марко Поло көшпелілер «өзгелерге ќараѓанда көп саяхаттайды. .... 
Татарлар 
азыќ-
түліксіз  кейде
 
бір  айѓа  шыѓып
 
кетеді»,-  деп    жазѓан.    Ќонаќжайлылыќ  
таныту 

207 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Тастанбеков М.М., Тілекеева С.Р.
 
Көшпелі халыќтар дүниетанымдарыныњ өзекті арќауы 
 
 
ањызда  көрсетілгендей  ќазаќ  не  болмаса  түркілерге  ѓана  емес,  бүкіл 
көшпелілер үшін тән дәстүр деуге болады. Келген ќонаќты ќажетінше ќарсы 
алмау, үлкен ќиянат саналады. Ертеде жаќсы күтіп шыѓарып салмаѓаны үшін 
ќонаќ шаѓымданып ат-шапан айып алѓан деседі. Сондыќтан әрбір жићангез, 
жолаушыны ќонаќ бол деп ќинау кейінгі өмірде салтќа айналды. 
Әр  адамныњ  ењ  жоѓарѓы  лайыќты  ќасиетініњ  бірі  жомарттыќ  деп 
түсінетін  көшпелілер  үшін,  бұл  ќасиет  ќонаќжайлылыќтан  көрініс  табады. 
Дәстүрлі  түсініктіњ  ќалыптасуы  тек  көшпелі  өмір  сүру  зањдылыѓымен  ѓана 
байланысты.  Бүкіл  шыѓыс  аќындары  жырлаѓан  Атымтай  жомарт  сол  мәрт, 
ќонаќшыл  бейне.  Араб  бәдеуилері  болсын,  пуштундар  болсын  үйіне  келген 
әрбір адамѓа ќонаќжайлылыќ көрсетеді. Ќонаќ ќабылдаѓанда оѓан тамаќ ќана 
емес,  жататын  орын  береді  әрі  ќорѓаныш  (пана)  болады.  Ќорѓаныш  болу 
(пана  кавэл)  әр  пуштунныњ  ќасиетті  міндеті.  Пана  сұраѓан  өтінішті 
ќабылдамау  үй  иесініњ  әлсіздігін  танытады,  сондыќтан  ќонаќтан  бас 
тартпайды.  Үйге  кірген  уаќыттан  бастап  ќонаќ  сол  үй  иесініњ  ќамќорлыѓы 
мен  ќорѓауына  өтеді.  Біреуге  бөтен  үйде  ќиянат  жасамаќ  болѓан  адам,  ењ 
алдымен  үй  иесініњ  намысын жаралайды.  Сол себепті үй  иесі  ќонаѓын  ѓана 
емес,  өз  намысын  ќорѓайды  [4.194].  Бәдеуилерде  де  екі  ќұќыќ  саќталып 
келеді.    Біріншісі  -  Дахил  -  ќорѓан  сұрау  ќұќы  (әлсіздіњ  күштіні  паналап, 
ќауіптен  ќұтќаруын  сұрауы),  екіншісі  -  Радж  -  ќонаќ  ќұќы  (ќұдайы  ќонаќ 
болуы). Неге ќұќыќ сөзі ќолданылады? Бұл шын мәнінде жазылмаѓан, алайда, 
орындалуѓа тиіс зањдар болѓан.  
Пуштундар  дәстүрі  бойынша  ќонаќжайлылыќ  ќас  дұшпанѓа  да 
көрсетілуі керек. Егер жау үйіње келсе, оѓан ќиянат жасамай күтіп алу керек. 
Бұл біреуді өлтіріп не жараќаттаѓанда кешірім сұрай келгендерге ќаќтыѓысты 
бейбіт шешуге мүмкіндік беретін мањызы зор принцип. «Алдыња келгенніњ 
ата  ќұнын  кеш»  дейді  халыќ  даналыѓы.  Осы  дәстүр  көмегімен  ұзаќќа 
созылѓан  ќанды  кектіњ  зиянды  салдарларыныњ  алдын  алуѓа  мүмкіндіктер 
туды. 
Көшпелі  өмірде  өзініњ  дұрыс  баѓасын  ала-алмай,  отырыќшылар 
тарапынан  «ұры»  атанѓан,  әрбір  ру  «өз  ұрысын  ұстайды»  деген  түсінік 
ќалыптастырѓан  іс-шара  -  «барымта»  еді.  Барымта  -  жәбірлік  көрген  елдіњ 
жәбірлеушілерден  мал,  жылќы  айдап  алуы,  деп  аныќтама  беруге  болады. 
«Барымта»  ру  намысына  жататын  ұѓым.  Ал  намысќа  шаппайтын  аѓа-іні, 
аѓайын  ќалмаѓан.  Олар  өздеріне  ќарсы  елдіњ  жылќысын  айдап  сіњіруге 
тырысќан.  Ќазаќта  «Білсе-барымта,  білмесе-сыдырымта»  деген  сөз  содан 
ќалѓан. Сонымен бірге «Барымта ќайтыс болмай, сөз айтыс болмайды» дейді. 
Билер  барымташылардыњ  айып  шарттарын  орындатуѓа  уәде  береді  де 
ќуѓыншылар  малдарын  алып  ќайтарады  [5.59].  Барымта  не  жау  жаќтыњ 
малын  ұрлау  араб  
көшпелілері-бәдеуилер  үшін де  зањды  әрі ќұрметті іс
 
саналѓан.  Сол    дәстүрдіњ    ќалдыѓы    іспеттес    ќазіргі  араб  елдерінде 
полковник  

208 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Тастанбеков М.М., Тілекеева С.Р.
 
Көшпелі халыќтар дүниетанымдарыныњ өзекті арќауы 
 
 
шені,  бұрынѓы  барымта  басшысын  атаѓандай  «Акид»  деп  аталады.  Акид  - 
жорыќты  басќарушы,  іскер  де  батыл,  сонымен  ќатар  бөлісте  әділ,  ќолы 
жењіл, жер жаѓдайын жаќсы білетін адам болды.  
Ф.Хитти «Арабтар тарихында» жорыќты бәдеуилердіњ «ұлттыќ ойыны» 
деп  атапты.  Атеиба  тайпасы  адамдары  түйені  найзасымен  түртіп  «Куә 
болыњдар,  бұл  түйе  -  меніњ  меншігім!»  деп  айќай  салады  екен.  Ал,  Анезе 
тайпасы  әйел  мен  баланы  шулатпас  үшін,  ешќашан  түнде  шабуылдамайды 
деседі  [6.120].  Арабтар  үшін  мал  ұрлау  ойын  -  ептілік  пен  өжеттік  сыналар 
тұс  болса,  ќазаќ  барымташылары  ауыл  намысын  ќорѓаушылар  бейнесінде 
танылѓан.  Екі елде  де басќа  көшпелі  халыќтардаѓыдай жорыќ  басшыларына 
тек  барымта  кезінде  ѓана  ќұрмет  көрсетіліп  жай  жаѓдайда  ќатардаѓы 
руластардыњ  бірі  саналѓан.  Арабтардыњ  жорыќќа  шыѓудыњ  жүйеге 
келтірілген үлгісі болды деуге болады. Акид жорыќ уаќытымен және ќауіпті 
істе  талас  болмас  үшін  бөлісу  ережесімен  таныстырады.  Межелі  жерге 
жаќындаѓанда  із  кесушілер  барлауѓа  жіберіледі.  Әр  тайпа-рудыњ  күш-ќуат 
алу, әрі түнгі ұрыста өз адамын тану үшін және жауын ќорќыту маќсатында 
атойлап  айтатын  нахва-ұраны  болѓан.  Малшыларды  ќолѓа  түсіріп,  киім, 
ќаруын алып, дабыл көтеруге мүмкіндік бермейді. Араб барымташыларында 
«аль-кишр»,  «гара»,  «рок»  атты  барымта  малын  бөлісудіњ  үш  түрі  болѓан. 
Олар бір-бірінен малды тењ бөлісіп, әрбірі акидке бір түйеден береді; әркім 
өз айдаѓан малын алады, акидке біреуден береді; әрќайсы екі түйеден алып, 
ќалѓаны акид үлесі болуымен ерекшеленеді.  
Егер  ќарсы  жаќ  шабуыл  болатынын  біліп  ќойса,  шабуылшылар  аман 
ќалу  шараларын  ќарастырып,  тонамаќ  болѓан  шатырѓа  келіп  өз  ойын  ашыќ 
мойындайды  және  газв-тен  бас  тартатынын  айтады.  Содан  гази  жорыќќа 
шыќќан  адамды  ескі  тәртіп  бойынша  шыѓарып  салады.  Кейде  ќаќтыѓыс, 
ќуѓын  болып,    малдыњ  ќайтарылуымен  бірге  газидіњ  де  ќолѓа  түсетін 
жаѓдайы болады. Ќолѓа түскендердіњ атын, киімін алып, өздерініњ ќолдарын 
байлап  руластары  келгенше  ұстайды.  Ќазаќ,  араб  мал  жорыѓында,  жалпы 
ќоѓамына тән ќұбылыс адам өліміне бармау жолдарын ќарастырѓан. Өйткені 
ќанды кектен ќорќады. 
Көшпелі ѓана емес көптеген халыќтар ќалыптасу кезењінде «ќанды кек» 
жолынан  өтті.  Көшпелі  халыќтардыњ  ќоѓамы  рулы-ќатынастар  негізінде 
ќұрылѓандыќтан  осы  ќоѓамѓа  тән  «ќанды  кек»  саќталып  келді.  Жат 
жұрттыќтар  үшін  жабайы  көрінген  бұл  ќұбылысќа  көшпелі  ќоѓам  ішінде 
ќалай  ќараѓанын  ќарастырып  көрелік.    «Ќанды  күнәніњ  салмаѓы  ауыр»,- 
дейді бәдеуилер. Ежелгі зањ боынша бес атадан бері туыстар өз туысы үшін 
бес  атасына  дейін  кек  алуы  тиіс  болѓан  екен.  Көп  тайпада  басты  зањ  «Кек 
алушы  ќару  ұстай  алу  керек.  Жауды  бұрышта,  сыртынан,  ұйќы  кезінде 
өлтірген  арсыздыќ    саналады. 
Кек    алушы    «мен  түгеншеніњ  кегін  алам»  
десе    үлкен
  ќұрмет  саналѓан»  [6;  123].  Жауын  толыќ  танымаѓан  жаѓдайда, 
ќарсы кезіккен  

209 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Тастанбеков М.М., Тілекеева С.Р.
 
Көшпелі халыќтар дүниетанымдарыныњ өзекті арќауы 
 
 
адамнан  бес  атасын  атап  беруін  талап  еткен.  Егер  беске  жеткізе  алмаса  не 
бесінші саусаќ бүгілмесе, бұл кездесу өліммен аяќталѓан.  
Швейцария  арабисі  Ж.Ж.Гесс  ќанды  кек  жөнінде  шындыќќа  жаќын 
толыќ аныќтама берушілердіњ бірі. «Ќанды кек» деп жазады Гесс «бәдеуилер 
арасындаѓы  жаугершілікті,  ќаќтыѓыс  пен  соѓысты  белгілі  мөлшерде  тежеп 
отырѓан  күш.  Себебі  бұл  ќанды  дәстүр  бірнеше  ұрпаќќа  көп  ќайѓы  әкеліп, 
халыќтыњ  басым  көпшілігін  ќамтыѓандыќтан  әрбір  бәдеуи  өзі  және 
семьясыныњ ќанды кек ќұрбаны болып кетпеуін ойлайды. Шабуыл не жорыќ 
кезінде  жауларыныњ  өмірін  ќимауѓа,  ал  өлім  бола  ќалѓан  жаѓдайда  оны 
бейбіт шешуге тырысады. Мәселені ењ алдымен шейх, онан соњ істі «кінәлі 
ќұн төлесін» деген шешім шыѓаратын сот ќарайды. Егер де ол бас тартатын 
болса,  онда  оныњ  туыстары  оѓан  күшті  ќысым  жасайды.  Өйткені  талап 
етілген  ќұн  өтелмесе,  тек  айыпкердіњ  өзі  емес,  оныњ  отбасындаѓы  әрбір  ер 
ќанды  кек  ќұрбаны  болуы    мүмкін.  Әрбір  жања  өлім  соњынан  жања  ќанды 
кек пен өлім жалѓасады» [6.123]. Жекеленген адамдар мен топтар арасындаѓы 
ќаќтыѓыстыњ шешілу принципін пуштундар - «бадал» деп атаѓан. Ауыстыру, 
ќайтару  маѓынасында  айтылатын  бұл  сөз  көбіне  ќанды  дәстүрінен  көрініс 
табады.  
Бәдеуилерде ќұн көлемі - хакк аль-дамм немесе дийа өлген адамныњ өз 
руласы  болуына  ќарай  түрліше  болады.  Ќаза  болѓан  адам  бір  рудан  болса, 
онда оныњ ќұны кем төленді.  Ќұн негізінен мал түрінде алынды. Арабтарда 
орташа есеппен елу түйе. Сонымен ќатар туыстары да ќосымша мүліктерінен 
айрылды.  Бір  адам  мұнша  ќұн  төлей  алмаѓандыќтан  туыстары  көмектесті. 
Сондыќтан бір ру адамдары ішінде басбұзар бұзыќтыњ шыќпауына мүдделі 
болатын.  Бәдеуилер  ќұн  ішінде  ќару-жараќ,  жылќы  және  кейбір  тайпаларда 
айыпкер  семьясынан  ќыз  беретін.  Ќыз  бала  ќаза  болѓанныњ  бауыры  не 
баласыныњ әйелі болуы тиіс еді және ќалыњдыќ үшін ќалыњ мал алынбады. 
Алѓашќы  көзге  жабайы  болып  көрінетін  бұл  дәстүрдіњ  өзіндік  мәні  бар. 
Тұрмыс ќұрѓан ќыз бала адамы ќайтыс болѓан үйге марќұмныњ орнын басып 
жања  өмір,  ќуаныш  береді.    Отбасындаѓы  өсім,  береке  ескі  ќаќтыѓысты 
ұмыттырады,  деп  білді.  Ќұн  есебінде  берілген  ќыз  осылайша  бейбітшілік 
орнатушыныњ  мањызды  рөлін  атќарады.  Алауыздыќќа  тоќтау  салѓысы 
келген  айыпкер  есігі  алдына  аќ  мата  байлаѓан.  Ќоѓамдыќ  пікір  жауласушы 
жаќтыњ  ымыраласуын  ќанды  кек  сияќты  жоѓары  баѓаламаѓан.  Пуштундар 
ќоѓамдыќ  пікір  алдындаѓы  өз  атын  ќайтарудыњ  бірден-бір  жолы  ќанды  кек 
деп білген.  
«Орнына алсањ егер ќұн мен аќша, кек алмай
Жүріњдер онда, ќұлаѓы кесілген түйеќұстай»,- деп шырќалады ертедегі 
бәдеуи  әнінде.  Мұндаѓы  «ќұлаѓы  кесілген  түйеќұсты  жау  алдында 
жыѓылѓанныњ, таба болып, масќараѓа ќалѓанныњ белгісін білдірген.  
Екі  адам  не  рулар  арасындаѓы  туѓан  ќаќтыѓысты  «бади»  деп  атаѓан 
пуштундар «бадал сол  мөлшерде  және сол ќұралмен ќайтаруды талап етеді»   

210 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Тастанбеков М.М., Тілекеева С.Р.
 
Көшпелі халыќтар дүниетанымдарыныњ өзекті арќауы 
 
 
дейді  [7.193].  Адам  ќаза  болѓан  «ќанды  кек»  жаѓдайында  бұл  «ќанѓа-ќан» 
дегенді  білдіреді.  Сондыќтан  адам  өлімінен  соњ  туыстары  өлтіргенді  не 
оныњ туыстарыныњ бірін өлтіруді талап етеді. Тек осылай «бадал» ќалпына 
келтіріледі. Екі жаќ үшін де енді, келіссөздер, бітім туралы келісуге болады 
деп білген. 
Арабтар өлім туралы хабар естіген алѓашќы үш күнді - фаурат аль-дамм 
деп  атайды.  Хабар  келісімен  ерлер  жиналып  адам  өлтірген  ќылмыскерді 
іздейді.  Тапќан  жаѓдайда  дереу  өтіреді,  ешќандай  сұрау  болмайды. 
Айыпкердіњ  шатырына  барып  бар  мүлкін  өртейді.  Түйелерініњ  артќы  аяќ 
сіњірлерін  ќиып,  ұсаќ  малдары  мен  жылќыларын  өлтіреді.  Ќаруын  әкетеді. 
Әйелдерге ќашуды бұйырады. Бұл күнді «ќанныњ жиналуы» деп атайды. Осы 
үш  күн  ішінде  кек  алушылар  дұшпаныныњ  көзін  жоюы  үшін  барлыѓын 
жасауына болады. Егер бөлінген үш күнге ќанаѓаттанбаса, жауы өлтірілмеген 
жаѓдайда одан әрі жалѓастырады. Бәдеуи ќанды кекті «ќырыќ жылдан соњ» 
жүзеге асырады дейді. Біраќ кейде бұл одан да ұзақ уаќытќа созылып жатќан. 
Ќанды  кектіњ  орындалу  міндеті  пуштундарѓа  да  тән.  Егер  пуштун  пор  - 
ќанды кек міндетін орындамаса, ол әлсіздік танытып, ру атына кір келтірген 
саналады.  Мұндай  жаѓдайда  көњілшек  туысыныњ  орнына  рудыњ  басќа 
мүшелері кек алады.  
«Ќанды  кек»  ќаупініњ  бәдеуи  өміріне  әсер  еткені  соншалыќ,  ол  әрбір 
адамѓа  күдікпен  ќараѓан.  Кездейсоќ  адам  ескі  кек  алушы  болуы  ќаупінен 
туындаѓан шаралардыњ бірі шыќќан тегін жасыру болѓан. Ќазіргі бәдеуилер 
арасында «ќанды кек» басылѓаныменен, толыќ жойылѓан жоќ. Өйткені халыќ 
санасынан  мыќтап  орын  алѓан  ар  және  намыспен  байланысты  бұрынѓы 
дәстүрдіњ жойыла ќойылуыныњ оњай еместігі талас тудырмас. 
Радловтыњ  көшпелі  ќоѓамныњ  жетілмегендігі,  таѓылыѓы  жөніндегі 
жањсаќ  көшірме  түсініктерге  былайша  жауап  берген:  «Біз  бұл  жерде 
отырыќшы  халыќтардыњ  мәдениетіне  пара-пар  ќарсы  тұрѓан  өркениеттіњ 
сатысымен істес болып отырмыз... Ќазаќ ќоѓамында үстемдік ќұрып отырѓан 
анархия  емес,  тек  өзіне  тән,  біздікінен  өзгеше  және  барынша  реттелген 
мәдени  ќатынастар».  Бұл  сипаттаманы  алыстаѓы  бәдеуи,  фульбе,  туарег, 
пуштун,  юрюк,  энци,  ненци,  тува,  т.б.  халыќтарѓа  да  толыќ  ќолдануѓа 
болатындай.  Көшпелі  халыќтардыњ  өмір  салттары,  тұрмысы,  жүргізген 
шаруашылыќтарыныњ 
бір 
болуынан, 
олардыњ 
дүниетанымындаѓы 
ортаќтастыќты және бірізділікті көруге болады.  
Көшпелі  ќоѓамдаѓы  ішкі  ќатынас  жат  жұрттыќ  үшін  мүлдем  бөтен 
болды.  Оны  тани  алмады.  Сондыќтан  да  Рычков  «ќазаќтарда  ешќандай 
жазылѓан  зањ  жоќ.  Ешќандай  зањды  сот  жоќ.  Ќұќылыќ  негіздегі 
келіспеушілікті  шешетін  сот  жоќ  деген  пікірге  келген.  Үлкен  ѓалым  адам 
өлімі,  ұрлыќ  туралы  ата-бабадан  ќалдырылѓан  ќалыптасќан  тәртіп  барын, 
адам  өлтіруші   өз  ќылмысы   үшін  өлім   жазасымен   жазаланбайтындыѓын  

211 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Тастанбеков М.М., Тілекеева С.Р.
 
Көшпелі халыќтар дүниетанымдарыныњ өзекті арќауы 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет