А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Жанақова Н.Т. Қазақстандағы аз ұлттар өкілдеріне қамқорлық
жолдар тіл мүмкіндіктеріне үлкен жол ашылғандығын аңғартады. Сонымен
бірге 7-бапта: «Қазақстан Республикасында тілдік белгісі бойынша
азаматтардың құқықтарын кемсітуге жол берілмейді» деп нақты жазу арқылы
тілдер құқығын мемлкеттік деңгейде қорғау қамтамасыз етілген.
Бұл келтірілген мысалдардың барлығы елімізде қазақ, орыс тілдерімен
бірге аз ұлт өкілдері тілдерінің қолданылуының құқықтық негіздері жасалып,
мемлекеттің оларды оқып-үйрену және дамыту үшін барынша жағдай
жасалып отырғандығын айқын айғақтайды.
Қазақстандағы аз ұлт өкілдері мәселелері елбасы мен үкімет
басшыларының мемлекетаралық қарым-қатынастар мен келіссөздерінде
үнемі назарда ұсталынып, оң шешімін тауып келеді. Оған мысал да аз емес.
Мәселен, Қазақстан мен Ресей, Қазақстан мен Орта Азия, Қазақстан мен
Корея және Кавказ республикалары арасындағы жоғары деңгейде өткен
келіссөздерде мемлекеттердің саяси, экономикалық егемендігі, аумақтық
тұтастығы мәселелерімен қатар осы республикалар аттарын иемденген орыс,
өзбек, түркмен, тәжік, әзірбайжан, армян халықтарының біздің елде тұратын
өкілдерінің мәселелері, оларға тарихи отан тарапынан көрсетілген рухани,
материалдық көмек және т.б. көкейкесті мәселелер әркез назардан тыс қалған
жоқ. Республикамызды мекендейтін поляк, украин, белорус халықтары
өкілдерінің жай-күйі, болашақ дамуы тікелей Польша, Украина, Белоруссия
Республикаларының басшыларымен болған келіссөздерде жан-жақты сөз
болып, көптеген игі шаралар жүзеге асты.
Қазақстан Республикасы мен Корей Республикасы арасындағы
мемлекетаралық екі жақты кнліссөздері барысында екі ел арасындағы
экономикалық тұрғыдағы игі шаралармен бірге Қазақстандағы аз ұлт өкілдері
болып табылатын корейлерді рухани тұрғыдан дамыту мәселелері де арнайы
әңгіме болды. Бұл келіссөздер оң нәтижелерін беріп келеді. Қазіргі Алматы
облысына қарасты корейлер жиірек қоныстанған Қаратал ауданында Корей
Республикасының Қазақстандағы елшілігі мен Қазақстан корейлері
ассоциациясының тікелей атсалысуымен корей мәдениетінің күндері мен
апталықтары өткізілді. 2000 жылдың қаңтар айында Корей Республикасының
біздің Республикамыздағы елшісі Че Сынг Хо, корей компаниясының қаржы
директоры Ким Хан Ка, Қазақстан корейлері ассоциациясының президенті
Юрий Цхай және т.б. іскер адамдар бар делегация осы ауданның орталығы –
Үштөбе қаласында болып, №51 мектеп-гимназияға салтанатты жағдайда
компьютер класын тарту етті. Ескелді кентіндегі мектепте корей тілінің
сабағына қатысып, осындағы корей балаларының бірінші сыныптан бастап
өздерінің ана тілін жергілікті және шетелдік оқушылар жасаған арнайы
бағдарлама бойынша оқуларына жағдай жасалғандығына көз жеткізді. Оның
үстіне бұл мектепте Кореядан арнайы шақырылған мұғалімдер сабақ береді
екен.
Осы сапар барысында Қаратал ауданының экономикалық және
264
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Жанақова Н.Т. Қазақстандағы аз ұлттар өкілдеріне қамқорлық
әлеуметтік дамыту салаларындағы ынтымақтастық туралы аудан мен
Қазақстан корейлері ассоциациясы, «Каспий Банкі», «Достар» корпорациясы
және т.б. бірқатар ірі коммерциялық құрылымдар арасында келісімге қол
қойылды. Бұл келісім қорытындылары бойынша ауданның ауыл
шаруашылығы, өнеркәсібі, денсаулық сақтау, білім және мәдениет, сауда,
тұрғын үй құрылысы, көлік және автомобиль жолдарын жөндеу салаларында
нақты шаралар белгіленді. Мұның өзі осы ауданда тұратын корейлердің
жұмыс, тұрмыс жағдайларын жақсартып, рухани мәдениетін көтеруге ықпал
ететіні сөзсіз жайт.
Еліміз егемендік алған уақыттан бері ТМД және алыс шет елдер
республикаларының елшіліктерімен қатар Ресей құрамындағы Татарстан,
Дағыстан, Ингушетия Республикаларының Қазақстандағы өкілдіктері
ашылып, республикалар арасындағы саяси, экономикалық және мәдени өзара
тиімді қарым-қатынастардың кеңейе түсуіне әсер етті. Бұл жағдайдың өзі
Қазақстанда тұратын аталған республикалардағы халықтардың өкілдері –
татарлардың, дағыстандықтар мен ингуштардың тарихи атамекендерімен
тығыз байланыс орнатуына үлкен мүмкіндік жасады.
Қазақстан тәуелсіз мемлекет атанған тұстан бастап, яғни тоқсаныншы
жылдардың бас кезінде елімізде тұратын аз санды ұлттарға көзқарас мүлдем
жақсарып, осы ретте олардың талап-тілектерін, мүдделерін орындап
қорғайтын Қазақстан халықтарының ассамблеясы құрылды. Бұл беделді
қоғамдық ұйымның сан-салалы қызметі арқасында республикамызды
мекендейтін көптеген аз ұлт өкілдері өздерінің тілін, дінін, салт-дәстүрін,
мәдениетін сақтап дамытуға мүмкіндік алды. Еліміздегі аз ұлт өкілдерінің
ұлттық-мәдени орталықтары ашылып, қазір олар қоғамдағы реформаларды
жүзеге асырып дамытуда өздерінің ықпал-әсерлерін тигізіп келеді. Мәселен,
Алматыдағы ұлттық-мәдени орталықтар шағын және орта бизнеске қолдау
көрсетуге мұрындық болып, шет мемлекеттерден инвестиция тартуға көмек
көрсетіп келеді.
Сонымен бірге ұлттық-мәдени орталықтар сан қилы шаруашылық
есептегі құрылымдардың құрылтайшылары ретінде кіріске енгізілген
табыстарды өз мүдде-мақсаттарына бағыттауда. Мәселен, Алматыдағы неміс
ұлттық-мәдени орталығы «Беми» атты ғылыми-техникалық өндірістік
бірлестік пен банк, ал корей ұлттық-мәдени орталығы жиырмаға жуық шағын
кәсіпорын мен дүкен ашса, татар-башқұр, чешен-ингуш ұлттық-мәдени
орталықтары шаруашылық есептегі ғылыми-өндірістік бөлімшелер құрды,
түркмен ұлттық-мәдени орталығы бос тұрған бұрынғы «Экран» кинотеатрын
иеліктеріне алып, ұлттық салт-дәстүрлерін жаңғырту шараларын жүзеге
асыруда. Сол сияқты ұлттық-мәдени орталықтар тарихи атамекендеріндегі
отандас кәсіпкерлермен іскерлік байланыстар орнату арқылы игілікті іскерлік
байланыстар
орнату арқылы игілікті істер тындыруда. Бұл ретте неміс
265
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Жанақова Н.Т. Қазақстандағы аз ұлттар өкілдеріне қамқорлық
ұлттық-мәдени орталығы Германияның Еңбек министрлігімен іскерлік
байланыстар
жөнінде
келісім-шарт
жасаса,
еврей
ұлттық-мәдени
орталығының Израиль білім орындарымен арадағы келісімі бойынша иврит
тілін оқытатын мұғалімдер тартылды.
Ұлттық-мәдени орталықтар республикада өткізіліп жүрген барлық
мәдени шараларға белсене қатысып келеді. Олардың арасында елімізге
кеңінен танымал өнер ұжымдары да баршылық. Мәселен, ұлттық-мәдени
орталықтардың республикалық өнер фестивалінде корей диаспорасы өкілдері
байқауының жүлдегері, «Бидульги» би ансамблі, татардың «Сариан»,
орыстың «Зори Семиречья» ән ансамбльдері жеңімпаз атанды. Алматыдағы
«Ильдаш» татар гуманитарлық даму орталығы жанынан құрылған «Ақ
маржан» атты балалар ансамблі біздің елімізде ғана емес, Түркияда, Үндістан
мен Италияда және басқа да шет мемлекеттерде өнер көрсетіп,
таланттарымен танылды. «Минги-Тау» Қарашай-балқар ұлттық мәдени
орталығы жанынан құрылған «Минги-Тау» балалар би ансамблі Алматыда
өткен І-мәдениет және өнер фестивалінің, республикалық «Айналайын»
байқауының лауреаты. Қазақстан халықтары Ассамблеясы Көкшетау қаласы
жанынан «Оқжетпес» атты балалар лагерін ашты. Бұл «Қазақстандық
Артекте» 1999 жылы жазда елуден аса ұлттың үш жүзден астам баласы дем
алып қайтты. Осы жылы Алматыдағы бұрынғы Достық үйі Қазақстан
халықтары Ассамблеясы қарамағына берілді. Ал осы жылдың соңында
өткізілген Парламент пен жергілікті мәслихаттар сайлауы аз ұлт өкілдері
үшін жемісті болды. Елбасының жарлығымен Белорусь ұлттық-мәдени
орталығының төрағасы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының төрағасының
бірінші орынбасары П.А.Атрушкевич сенат депутаты болып сайланса,
украин, татар, армян, корей, өзбек және т.б. аз ұлттар өкілдері облыстық,
қалалық, аудандық мәслихаттардың депутаттары болып сайланды.
Мұның бәрі, сайып келгенде, еліміздегі аз ұлт өкілдерінің Қазақстандағы
көп ұлтты қоғамның толық құқылы бөлігі болып табылатындығын
айқындайды. Олар республика атын иемденген байырғы халық – қазақтармен
бірге жаңа ХХІ ғасырға үлкен үмітпен еніп отыр.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Қазақстан Республикасы Конституциясының түсіндірме сөздігі. Алматы: Жеті жарғы, 1996. –
282 б.
2.
Қазақстан Республикасының Заңы. Қазақстан Республикасындағы тіл туралы // Қазақ әдебиеті.
22 шілде 1997 ж.
3.
Бизнес ауылға бет бұрды // Егемен Қазақстан. 22қаңтар 2000 ж.
4.
Хочиева Л. Біз – туысқан халықпыз // Алматы ақшамы. 8 желтоқсан 1999 ж.
266
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Е.Ш.АҚЫМБЕК
Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының
ғылыми қызметкері
ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТӨРТКҮЛ (ТӨМЕНГІ БАРЫСХАН) ҚАЛАСЫНЫҢ
СЫРЛЫ ЫДЫСТАРЫ
В статье рассматривается поливная керамика средневекового городища Торткуль (Нижний
Барсхан), которая найдена в результате археологического раскопа цитадели 2007 г.
The article deals with slip ceramics of the medieval ancient Tortkul settlement (the lower Baryshan)
which was found in the result of the archaeological excavation of the citadel in 2007.
Ортағасырлық Төрткүл (Төменгі Барысхан) қаласы Тараз қаласының
шығысында, Талас өзенінің оң жағасында 1,5 км жерде, қазіргі Талас темір
жол бекетіне жақын орналасқан. Географиялық координаттары: 42°55,269N
71°27,865E (UTM 42T 701135E 4755089N). Төртбұрышты келген үлкен төбені
жергілікті халық өткен ғасырдың ортасында «Төрткүл» десе, бүгінде
«Қорған» деп атайды. Көне түркі тілінде «Төрткүл» (ТÖRTKIL) сөзі
төртбұрышты деген ұғымды білдіреді [1.581].
Төрткүл қаласы туралы алғашқы мәліметті В.А.Каллаурдың еңбегінен
кездестіреміз [2]. Оның орналасуы мен алып жатқан көлемін 1899 ж.
В.Лаврентьев сипаттаған [3].
Төрткүл қаласының қыш бұйымдарын алғаш зерттеген Г.И.Пацевич
ескерткіштің үстінен жиналған заттай деректерге қарап, оның дамыған
уақытын қарахандар кезеңімен мерзімдеген [4.131-133].
1965 ж. Т.Н.Сенигова қаланың цитаделі мен шахристанына қазба
жүргізіп, алынған заттар бойынша мәдени қабатын VIII–IX және X–XII ғғ.
жатқызған [5.67-68].
1996 ж. Д.Тәлеев қаланың орталық бөлігіне зерттеу жүргізіп, қазбадан
шыққан қыш бұйымдарды Х–ХІІ ғғ. мерзімдеген [6.106-114].
2005
ж. А.Нұржанов қаланың орталығына жүргізген қазба
жұмыстарының нәтижесінде алынған қыш бұйымдарды Х–ХІІ ғғ. жатқызады
[7].
2007 ж. Төрткүл қаласындағы зерттеу жұмыстары цитадельдегі бұрынғы
қазбалардың орнында, яғни қаланың мәдени қабаты мен құрылыс жобасын
анықтау мақсатында жалғастырылды [8]. Жүргізілген қазбадан төрт құрылыс
кезеңіне жататын құрылыс қалдықтары анықталып, ескерткіштің көп қабатты
екенін көрсетті. Мәдени қабаттарды тазалауда шыққан заттардың басым
көпшілігін қыш ыдыстар құрайды. Оның жоғарғы қабат құрылысын ашуда
бірқатар сырлы ыдыстар жиналды. Қыш бұйымдар ішіндегі пайыздық
мөлшері аз сырлы ыдыстар негізінен ХІ–ХІІІ ғғ. басымен мерзімделеді.
Сырлы ыдыс-аяқтар негізінен асханалық ыдыстар: тостағандар, тостақтар,
кеселер, табақтар және
түбектер. Қарахан дәуірінде боялып, шыңылтырланған
267
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Ақымбек Е.Ш.
Ортағасырлық Төрткүл (Төменгі Барысхан) қаласының сырлы ыдыстары
ыдыстардың көбі асханалық ыдыстарға жататындығы қызықты жайт. Бұлар
асханада қолданылуымен қатар көркемдік ерекшеліктерімен де көзге түседі.
Сондықтан, табылған сырлы ыдыстардың барлығына тоқталуды жөн көрдік.
Тостағандар. Кесіліп, төңкерілген конус тәрізді, ұқыпты жасалған
тостағандар ернеуінің диаметрі 10,2-10,8см, түптерінің диаметрі 4,4-5см,
биіктіктері 3,8-4см. Тостағандар ақ (1-сурет, 1, 3, 5), ашық жасыл (1-сурет, 2,
4) және қоңыр (1-сурет, 6) түсте боялып шыңылтырланған. Тостаған ішінің
түбі қою жасыл түсте боялып, шыңылтырланған тостаған түбінің диаметрі
5,2см. Тостағанның түбіндегі қабырғасы орнының қыры дөңгеленіп өңделіп
ортасы 2,5мм диаметрде тесілген (9-сурет, 2).
1-сурет. Тостағандар.
2-сурет. Кесе мен тостақ.
268
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Ақымбек Е.Ш.
Ортағасырлық Төрткүл (Төменгі Барысхан) қаласының сырлы ыдыстары
3-сурет. Кеселер мен табақ ернеуі.
Тостақтар. Түбінен аузына қарай түзу кеңіген, іші-сырты өте ашық көк
түсте боялған түбі шұңғыл келген тостақтың ернеуінен сәл төмен ішінде «Л»
және «П» әріптеріне ұқсас бес белгі, олардың үстіндегі және арасындағы
сызықтар қара қоңыр түсте сызылған. Шыңылтырлы тостақ ернеуінің
диаметрі 20,8 см, түбінің диаметрі 8 см, биіктігі 9 см (4-сурет). Тостақ ернеуі
кесіліп, төңкерілген конус тәрізді, ұқыпты жасалған тостақ ашық жасыл
қоңыр түсте боялған. Диаметрі 14см болатын ернеуінің ішкі жағына қою
жасыл бояу аққан. Ыдыс шыңылтырланған (2-сурет, 2).
4-сурет. Тостақ.
Кеселер. Шыңылтырланған кеселер ернеуінің бірнеше түрі табылды.
Қабырғасы тік шығып біткен ернеуінің диаметрі 18см, іші мен сырты ашық
жасыл түсте боялған, сыртында түбінен ернеуіне қарай жасыл көк және қара
түсті бояу аққан (2-сурет, 1). Сырты мен іші ақ түсте боялып, ішіне өсімдікті
өрнек сызылып салынған кесе ернеуінің диаметрі 14см (3-сурет, 1). Конус
тәрізді, сырты ақ, іші жасыл түсте боялған, ішінің ернеуінен төмен бірнеше
қатар сызық және олардың арасындағы бұрышты ирек сызықтар қара түсте
сызылған кесе ернеуінің диаметрі 17см (3-сурет, 2). Осы үлгідегі ыдыс
Тараздың XII-XIII ғғ. қабатынан кездескен [5. 190, таб. ХІІ, 28]. Сыртының
269
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Ақымбек Е.Ш.
Ортағасырлық Төрткүл (Төменгі Барысхан) қаласының сырлы ыдыстары
жоғарғы жағы мен іші ақ түсте боялған, ішінде ернеуінен төмен қарай әр
жерінен көкшіл жасыл бояу аққан кесе ернеуінің диаметрі 17 см (3-сурет, 3).
Ақ түсте боялған кесенің ішкі түбінің ортасындағы дөңгелек қара түстен
бірдей қашықтықта сегіз қоңыр қызыл түсті сызық тармақталған, оның сызық
ара төртеуінің ұшындағы өсімдікті өрнек (үш күлте жапырақты гүл) қара
түсте салынған. Шыңылтырлы кесе түбінің диаметрі 4,5 см (5-сурет).
5-сурет. Кесе түбі.
6-сурет. Табақ түбі.
7-сурет. Табақ түбі.
270
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Ақымбек Е.Ш.
Ортағасырлық Төрткүл (Төменгі Барысхан) қаласының сырлы ыдыстары
Табақтар. Шыңылтырланған табақ ернеуінің диаметрі 34см. Іші, сырты
ақ түсте боялған. Ішіндегі ақ түсті реңкке қоңыр, ашық қызыл қоңыр түсте
геометриялық және өсімдікті өрнектер салынған (3-сурет, 4). Табақтардың
түбінің бірнешеуі табылды. Қызғылт ақ түсте боялған табақ түбінің
ортасындағы қоңыр түсті дөңгелек нүктеден бірдей қашықтықта алты,
басында сызықшасы бар «?» белгісіне ұқсас сызықтар таралған, оның біреу
ара үшеуі ашық қоңыр сары, үшеуі қоңыр түсте салынған. Бұл өсімдікті
өрнектегі табақ шыңылтырланған. Түбінің диаметрі 9 см (6-сурет).
Өрнектелуі осыған ұқсас табақ Шалдабар (Чалдывар) қаласының Х-ХІІ ғғ.
қабатынан табылған [9. 191-196, таб. VІІІ]. Табақ ашық жасыл түсте боялған,
түбінің ортасында дөңгелек шыбықтары немесе пәлек секілді гүлді сурет
қоңыр түсте, оны айнала толқындалып қоршалған сызықтар қара түсте
салынып, шыңылтырланған. Табақ түбінің диаметрі 9,4см (7-сурет). Ішкі
түбінде осындай өрнегі бар табақ Ортағасырлық Ақтөбе [4. 152, таб. І],
Қызылөзен [10. 86-87, сур. 12] (Қырғызстан) және Баба-ата [11. 38-39, сур. 6]
қалаларының Х-ХІІ ғғ. қабатынан табылған. Шыңылтырланған қарахандық
үлгідегі өрнегі бар осындай ыдыстар (Х-ХІІ ғғ.) Оңтүстік Қазақстан
қалаларында жиі ұшырасады [12. 194-195, сур. 111]. Ақ түсті ангобпен
көмкерілген қабырғасы жазық табақтың ернеуінен төмен ішіндегі екі-үш
қатар сызық, одан төмен екі-екі қатар сызықтардың арасындағы қошқар
мүйізді (шиыршықталған) өрнек және ернеуінен төмен қарай түскен
шиыршықталған өрнек қатты затпен батырылып орындалған. Ішінің әр
жерінде ернеуінен төмен қарай қоңыр қара түсті бояу аққан. Табақ ернеуінің
диаметрі 32 см, түбінің диаметрі 9,6 см, биіктігі 9,2 см (8-сурет). Ақ түсті
ангобпен көмкерілген, ішкі қабырғасында қошқар мүйізді өрнегі бар табақ
Ортағасырлық Ақтөбе (Шардара) қаласының төртінші мәдени қабатынан (ХІ
ғ. екінші жартысы–ХІІІ ғ. басы) кездескен [13. 170, сур. 22. 1].
8-сурет. Табақ.
271
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Ақымбек Е.Ш.
Ортағасырлық Төрткүл (Төменгі Барысхан) қаласының сырлы ыдыстары
9-сурет. Түбек пен тостаған түбі.
10-сурет. Ыдыстың сынығы.
Түбектің түбі. Шыңылтырланған түбектің іші ашық жасыл көк түсте
боялған, сыртындағы ағып жағылған бояудың түсі де осындай. Қабырғасы
шамасында цилиндр тәрізді болған түбек түбінің диаметрі 8,4 см (9-сурет, 1).
Ыдыс сынығы. Ернеуінен төмен сыртқа қарай 0,8 см шығып жиектелген
ыдыстың диаметрі 10 см, ішкі жазық түбінің ортасы сатылап сәл ғана төмен
түскен, табанында диаметрі 1 см, биіктігі 0,3 см түйінді өкшесі бар. Ыдыс
қою көк түсте боялып, шыңылтырланған. Ыдыстың қандай мақсатта
қолданылғаны белгісіз (10-сурет).
Қорыта келгенде, Ортағасырлық Төрткүл қаласының сырлы ыдыстары
Шу-Талас
өңірлеріне кең таралған жергілікті қыш өндірісінің туындысы
272
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Ақымбек Е.Ш.
Ортағасырлық Төрткүл (Төменгі Барысхан) қаласының сырлы ыдыстары
екендігі мәлім болды. Табылған сырлы ыдыстар арқылы өңірде оның жасалу
технологиясы мен аса көркемдік шеберлікте әрлеуінің жақсы жетілдірілгенін
көреміз.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Древнетюркский словарь. –Л., 1969.
2.
Каллаур В.А. Древние местности Аулиеатинского уезда на старом караванном пути из Тараза
(Таласа) в Восточный Туркестан//ПТКЛА 5 мая 1897. 2-й год. 1896-1897.
3.
Лаврентьев В.П. Краткий перечень бугров (курганов), находящихся в черте города Аулие-
Ата//ПТКЛА 27 марта 1900. 5-й год.
4.
Пацевич Г.И. Некоторые дополнение к изучениию Таласского долины. 1940 г. // ҚР БҒМ ҒК
Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология Институты мұрағаты. 1940 г.
5.
Сенигова Т.Н. Средневековый Тараз.–Алма-Ата: Наука, 1972.
6.
Талеев Д. Ерте ортағасырлық Төменгі Барсхан қаласында 1996 жылы жүргізілген қазба. – Отчет
о полевых исследованиях Южно-Казахстанской комплексной археологической экспедиции в
1996 году.//ҚР БҒМ
Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты мұрағаты. –Алматы, 1997.–
106-114 бб.
7.
Нуржанов А. Отчет о раскопках городища Торткуль (Нижний Барсхан) в Жамбылской области в
2005г.//Архив Институт археологии им. А.Х.Маргулана МОН РК.– Алматы, 2005.
8.
Байпақов К.М., Ақымбек Е.Ш. Ортағасырлық Төрткүл (Төменгі Барысхан) қаласында 2007
жылы жүргізілген археологиялық зерттеулердің есебі//ҚР БҒМ Ә.Х.Марғұлан атындағы
Археология Институты мұрағаты. –Алматы, 2008.
9.
Кожемяко П.Н. Оседлые поселения Таласской долины//Археологические памятники Таласской
долины.–Фрунзе, 1963.
10.
Кожемяко П.Н. Раскопки жилищ горожан Х-ХІІ вв. на Краснореченском городище//Древняя и
раннесредневековая культура Киргизстана.–Фрунзе: Илим, 1967.
11.
Агеева Е.И., Пацевич Г.И. Отчет о работах Южно-Казахстанской археологической экспедиции
1953 года//Труды Института истории, археологии и этнографии. Том , І.–Алма-Ата, 1959.
12.
Агеева Е.И., Пацевич Г.И. Из истории оседлых поселений и городов Южного Казахстана//
Труды Института истории, археологии и этнографии. Том , V.–Алма-Ата, 1958.
13.
Максимова А.Г., Мерщиев М.С., Вайнберг Б.И., Левина Л.М. Городище Актобе 1 (ІV–нач. ХІІІ
в.)–Древности Чардары. –Алма-Ата: Наука, 1968.
Достарыңызбен бөлісу: |