Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011



Pdf көрінісі
бет9/44
Дата08.01.2017
өлшемі3,67 Mb.
#1421
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Қабатай Б.Т. Бастауыш сыныптардың оқу мәтіндеріндегі когнитивтік ой және оны талдау 
 
  
алатын,  семантикалық  фреймдер,  яғни  сөздердің  мағынасын  түсіне  алатын, 
белгілі  бір  іс-қимылды  қабылдай  алатын  (сценарийлі  фрейм),  т.б.  ақпаратпен 
толыққанды  адам  жанында  сақталатын  құрылымдарға,  яғни,  фреймдерге 
негізделеді. Ал белгілі бір ойды түсіну жадында сақталған фреймнің белгілі бір 
жағдайға сәйкес жүйеге түсуімен түсіндіріледі. Ал, фреймдер арасында дәл өзіне 
сәйкес  фрейм  табылмаған  жағдайда,  сол  ситуацияға  мейлінше  жақын  келетін 
фрейм таңдап алынады. М.Минский теориясындағы негізгі кемшілік  – адам тек 
таныс қана жағдайлармен өмір сүрмейді, ол тіптен таныс емес жағдайларда оған 
сәйкес фреймдердің мүлдем әлі түзілмегендігіне қарамастан, түсінуге қабілетті» 
[1.71-73].  
М.Л.Макаровтың  пікірінше:  «фрейм  –  адам  санасындағы  нақты  заттардың 
өзіне  тән  ерекшеліктері  мен  коммуникациясы  туралы  белгілі  ситуациялар 
арқылы берілетін білімнің когнитивтік құрылымы» [1.52].  
Сонымен айтылғандардан шығатын қорытынды: адам белгілі бір жаңа затқа 
атау беруде өз жадындағы сол затқа қатысты нақты бейнелердің ерекшеліктерін, 
қасиеттерін,  ерекше  сипаттарын,  еске  түсіре бастайды.  Затқа немесе  құбылысқа 
берілген  атау  адам  санасындағы  ақпараттар  нәтижесінде  жүзеге  асады.  Ендеше 
тілдегі фрейм – бұл элементтері ұғымдық құрылымның жеке бөлігі (сөз, тіркес, 
сөйлем)  болып  табылатын  лексикалық  қатар.  Қарапайым  фреймдер  бір  ғана 
лексикамен  берілуі  мүмкін,  ал  күрделі  фреймдер  тіркестер  немесе  сөйлем 
арқылы  танылуы  мүмкін.  Әрине,  бұл  тек  шартты  түрдегі  тілдік  көрінісі.  Тіл 
білімінде  фрейм  -  әрбір  сөзі  белгілі  бір  бөлшекті  (мағынаны)  немесе  кейбір 
концептуалды және акционалды бүтіндікті айқындайтын сөздер жинағы ретінде 
танылады.  Біз  көркем  мәтінде  фреймдік  құрылымды  тануда  А.Әмірбекова 
анықтаған мынадай қағидаларды ұстанамыз:  
-  фрейм  белгілі  бір  концепт  төңірегінде  ұйымдасқан  санадағы  ақпараттар 
бірлігі;  
-  ол ассоциациялық қор арқылы танылады;  
-  стереотиптік белгілер арқылы жинақталады;  
-  концепт  төңірегінде  ең  жақын  белгілері  мен  қасиеттер  арқылы 
модельденеді;  
- ұғым туралы нақты мәліметтерді танытады;  
-  когнитивтік  санадағы  белгілі  бір  ұғым  туралы  ақпараттарды  рет-ретімен 
жинақтайды [3.47]. 
Мысалы:  бала  түсінігіндегі  туған жер ұғымы  оның  ауылын,  тұрған жерін, 
ата-анасын, достарын, мектебін көз алдына келтіреді. Бұл концептілер – жоғары 
сатыдағы  ұяшық  ақпараттары.  Оқушы  Ж.Аймауытовтың  «Қарт  Қожаның  туған 
жері»  мәтіні  (2-сыныпта)  бойынша  осы  концептілік  мағынаны  толықтыратын 
қосымша  деректерді  алады:  қоңырсыған  сүт,  қайнатқан  қаймақтың  иісі, 
түтіннің  иісі  –  ортаңғы  және  төменгі  сатыда  сақталатын  ақпараттар.  Аталған 
фреймдік  тармақтар  –  баланың  туған  жер  туралы  түсініктерінің 
ұйымдастырылған  қоры.  Ұйымдастырылған  деп  отырғанымыз  жеке  тұрғанда 
бұл  тізбектер  басқа  да  концептілік  жүйенің  құрамдас  бірліктері  бола  алады. 
Мысалы: қоңырсыған сүт –  

76 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Қабатай Б.Т. Бастауыш сыныптардың оқу мәтіндеріндегі когнитивтік ой және оны талдау 
 
  
сүт  концептісінің  құрамында  оның  сапалық  көрсеткіші.  Біз  жоғарыда  атаған 
концептінің жылжымалылығы  осылайша  түсіндіріледі. Ал  оның  концептуалдық 
құрылымның  қарапайым  формасына  жататындығы  санада  сақталған  әрбір 
ақиқаттың  фрейм  бола  алатындығымен  және  белгілі  бір  ұғым  мазмұнына  сай 
шоғырланса басқа концептуалдық жүйе құрайтындығымен сипатталады.     
   Скрипт  –  концептуалдық  құрылымның  бір  типі.  Скрипт  қалыптастыратын 
басты  элемент  –  фрейм.  Ол  көзбен  көрген,  нақты  тәжірибеден  өткен  оқиғалар 
арқылы,  балалық  шақтан  келе  жатқан  стереотиптік  ақпараттар  арқылы  немесе 
басқа  адамдардың  әрекеттерін  мұқият  есте  сақтау  арқылы  жинақталған 
ақпараттардан тұрады.  
 
Мысалы:  Ш.Мұртазаның  «Бала  Тұрар»  мәтінінен  (2-сынып)  келтірілген 
үзіндіге назар салайық: 
 
...Тұрардың  сабаққа  селсоқ  екенін  аңғарған  Иван  Владимирович  оның 
партасына  таяп  келіп,  алдындағы  дәптеріне  үңілді.  Қара  тақтадағы  а,б  деген 
белгілерді  балалар  көшіріп  жазуға  тиіс  болатын.  Ал  Тұрардың  дәптерінде  жеке 
әріптер емес, сөздер жазулы екен. Мұғалім дәптерді қолына алып, шала сауатты 
адамдай әлгі бейтаныстау сөздерді ежелеп оқып шықты:  
«Аспара, Қызыл Жебе, Көке».  
-
 
 Өзің жаздың ба? 
-
 
 Иә, - деді Тұрар орнынан тұра беріп.  
-
 
 Мұны қалай түсінуге болады? («Аспара» - таудың аты. Ал «Қызыл Жебе», 
«Көке» дегендерің ше?  
-
 
 «Қызыл  Жебе»  деген  ерен  жүйрік  жылқы  еді,  Иван  Владимирович. 
Ауылдың  балаларымен  жалаң  аяқ  жаяу  жарыста  мен  де  жүйрік  болдым.  Содан 
мені  балалар  «Қызыл  Жебе»  деп  атап  кетті.  Ал  «Көке»  дегенім  –  осы  Қызыл 
Жебеге мініп, көкпар шапқан кісі.  
 
Міне, осы үзіндідегі Аспара, Қызыл Жебе, Көке – бұл кішкентай Тұрар үшін 
балалық  шақтан  бері  келе  жатқан  стереотиптік  ақпараттар.  Скриптің  күрделі 
формаға  жататындығы  оның  сценарий  құрылымының  кеңейтілген  түрі  болып 
сипатталуымен түсіндіріледі.  
 
Сценарий фреймнен туындайтын эпизод фрагменттерінен құралады. Оның 
қарапайым  танымдық  элементтері  фрейм  болса,  әрбір  фрейм  тармақтарының 
төңірегінде оқиғалар мен жағдаяттар жүйесін құрайтын бөлшектер жинақталады. 
Бірақ  ол  фреймнен  уақыт  өлшемін  шешетін  факторлар  арқылы  ажыратылады. 
Сценарий  концептінің  идеясын  дамытатын  сюжеттерден  құралады.  Сценарий  – 
іс-әрекеттік фрейм ретіндегі оқиғалар мен жағдаяттар жүйесі. Фрейм белгілі бір 
жағдаятқа  байланысты  құрылым  болса,  сценарий  –  іс-әрекеттің  бірінен  соң 
бірінің  болатындығын  көрсететін  құрылым.  Яғни  сценарийде  оқиға  белгілі  бір 
ретпен, белгілі  бір іс-әрекеттердің  кезектесіп келуімен  сипатталады.  Мысалы 3-
сыныптың «Ана тілі» оқулығында берілген ертегіге зер салайық: 
Егінші мен қасқыр 
 
Егінші  таңсәріден  егін  орып,  шаңқай  түсте  демалды.  Аздап  тыныққан  соң, 
қолына  нан  алып,  жей бастады.  Дәл  сол  кезде  бір үлкен қасқыр  егіншінің
 

77 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Қабатай Б.Т. Бастауыш сыныптардың оқу мәтіндеріндегі когнитивтік ой және оны талдау 
 
  
қасына келіп: 

 
 Адам, не жеп отырсың? – деп сұрады. 

 
 Нан. 

 
 Маған да наныңнан берші! 
Егінші  нанынан  бір  үзіп  алды  да,  қасқырға  берді.  Нан  қасқырға  ұнады. 
Сондықтан да ол егіншіге мынадай тілек білдірді: 

 
 Сенің тамағың дәмді екен. Менің де күн сайын тамақ жегім келеді. 
Сен маған оны табудың жолын үйретші... 
    Егінші қасқырға: 

 
 Алдымен жер жыртасың, одан соң тырмалайсың, – деді.  

 
 Содан соң нан бола ма? 

 
 Жоқ, жерді жыртып, тырмалап боласың да, тұқымды әзірлейсің, себесің... 

 
 Содан соң нан бола ма? 

 
 Жоқ,  жоқ!  Күзде  қара  бидай  егесің.  Ол  көктемде  көгеріп  жер  бетіне 
шығады, ал жаз ортасында піседі. 

 
 Содан соң нанды жеуге бола ма? 

 
 Қайда  әлі!  Қара  бидайды  ору,  оны  баулау  керек.  Ол  бауларды  жақсылап 
жел қағып, күнге кептірген соң, қырманға апарып, маялау керек... 

 
 Сонда нан бола ма?! –деп қасқыр айқайлап жіберді. 

 
 Жоқ қара бидайды жиып алған соң, бастыру керек, бастырып болған соң, 
бидайды диірменге апарып, ұн ғып тарту керек.  

 
 Сонда жеуге бола ма? 

 
 Жоқ, әлі! Қамыр ашытып, оны илеп, пісіру керек... 

 
 Сонда нан бола ма? 

 
 Иә, сонда нан болып, жеуге жарайды, – деді егінші.  

 
 Бұл  өте  ауыр  әрі  көп  уақыт  кететін  жұмыс  екен.  Мұны  кәсіп  етпей-ақ 
қояйын, –деді қасқыр. 
Міне, «нан жасау» сценарийінің реттілік жүйесі осындай.  
Қорыта келгенде, аталған мақалада бастауыш сыныптардағы «Ана тілі» пәні 
мазмұнындағы  көркем  мәтіндердің  когнитивтік  аспектісі  талданды.  Көркем 
мәтінді талдауда қолданылатын кейбір когнитивті әдістерге сипаттама жасалды.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Қалиұлы Б. Қазақ тілдігінің ғылыми бейнесі. – Алматы, 2008. – 92 б.  
2.
 
Саткенова  Ж.  Кейіпкер  тілінің  когнитивтік  аспектісі  (Б.  Соқпақбаев  шығармалары  бойынша, 
Филол. ғыл. канд... дисс. – Алматы, 2005.  
3.
 
Әмірбекова  А.  Концептілік  құрылымдарының  поэтикалық  мәтіндегі  бербалдану  ерекшелігі. 
Филол. ғыл. канд... дисс. – Алматы, 2006.  
4.
 
Шапарь В. Новейший психологический словарь. – Ростов на Дону: Феникс, 2005. – 808 с.  
5.
 
Солсо Р. Когнитивная психология. – Москва: Тривола Либерел, 2002. – 600 с. 
 
 
 
 
 

78 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
 
Т.Ә.ДАНИЯРОВ 
педагогика ғылымдарының кандидаты 
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің аға оқытушысы, доцент м.а. 
 
М.Е.СЫДЫҚОВ 
педагогика ғылымдарының кандидаты
 
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің аға оқытушысы 
 
А.Б.ЕСТАНОВА
 
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің аға оқытушысы 
 
СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТУРИЗМДЕГІ РӨЛІ ЖӘНЕ САЛАУАТТЫ ӨМІР 
СҮРУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
В  статье  рассматриваются  роль  сервиса  в  туризме  и  некоторые  проблемы  в  формировании 
навыков здорового образа жизни. 
 
The article  deals with  the  role of  tourism  service  and with  some  problems  of  skills  formation  in  the 
healthy way of life. 
 
 
  
Туризм  саласы  Қазақстанда  соңғы жылдары  мемлекет  тарапынан  үлкен 
қолдау табуда. Елбасымыз жыл сайынғы дәсүрлі Қазақстан халқына арналған 
Жолдауларында  елдің  әлеуметтік-экономикалық  жағдайын  және  халық 
шаруашылығының бір саласы - туризмді әлемдік деңгейге көтеру мақсатында 
жұмыс  жүргізудің  нақты  бағдарламасын  ұсынып  келеді.  Дүниежүзілік 
Туристік Ұйымы Бас Ассамблеясының ХVIII сессиясында сөйлеген сөзінде: 
«Туризм  саласы  ұлттарды  жақындастырады,  елдерді  табыстырады.  Қазіргі 
жаһандану  дәуірінде  ғаламдық  ынтымақтастық  пен  өзара  түсіністіктің 
орнауында  туризмнің  ықпалы  айрықша.  Демек,  халықаралық  туризм 
саласының  дамуына  бәріміз  мүдделі  болуымыз  керек.  Сонымен  бірге  ол 
баршамызға  үлкен  жауапкершілік  жүктейтінін  де  ұмытпауға  тиіспіз.  Осы 
орайда  мен  халықтар  арасын  жақындата  түсетін,  адамдардың  өзара 
бауырластығын сезіндіре түсетін туризм саласын бірлесіп дамытудың өзекті 
мәселелерін  біздің  бүгінгі  форумда  кәсіби  деңгейде  талқылап,  табысты 
нәтижелерге қол жеткізетіндімізге бек сенімдімін»,- деп атап өтті [1]. 
Туризм  –  мемлекеттің  саясатымен  тікелей  байланысты  индустрия.  Оны 
дамытудағы мемлекеттің алдында тұрған мәселенің бірі – туризм саласының 
мамандарын 
дайындау. 
Қазақстан 
туризмін 
дамытып, 
оның 
инфрақұрылымын жасау, сервис инфрақұрылымын жетілдіру. Осы тұрғыдан 
келгенде атқарылатын жұмыстар жетерлік. Сервис инфрақұрылымы – туризм 
жүйесіндегі  қызмет  көрсетудің  қалыптасуының  заңдылықтары  туралы 
ғылым.  Сервис  инфрақұрылымы  -  мемлекеттік  және  жекеменшік 
шаруашылық  субъектілерінің  жинағы.  Сонымен  қатар  кешенді  жүйе  болып 
табылады. Яғни, олар көп жақты қызмет түрлерінен қызмет атқарады. Олар: 
сауда, банк, сақтандыру, аудиториялық және тағы басқа қызметтер. 

79 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Данияров Т.Ә., Сыдықов М.Е., Естанова А.Б.
 
Сервистік қызметтің туризмдегі рөлі және салауатты... 
 
  
1- кесте. Осы пәннің мақсаты сервис инфрақұрылымының даму 
заңдылықтары мен ерекшеліктерін оқып білу  

Даму 
заңдылықтары 
ерекшеліктері 
1. 
Жүйеленуі 
Сервис  инфрақұрылымы  тұтас  жүйе  болып  табылады,  осының 
негізінде  ұйымдастыру  формалары  мен  әдістері,  қызмет  етуі  мен 
дамуын реттеу қарастырылады. 
2. 
Тұтынушы 
қажеттілігі 
Сервис инфрақұрылымының жеке жүйелері. Мысалы: тұтынушының 
тауарлар нарығының жүйесі. 
3. 
Жеке элемент 
Сервис инфрақұрылымының жеке элементтерінің жүйесі.  
 
Сонымен  қоса,  сервис  инфрақұрылымының  мәнін,  мақсаттарын  атқаратын 
қызметтерін; 
сервис 
инфрақұрылымының 
құрамын 
анықтайтын 
классификациялық жүйелерін қарастыру; нарықтың дамуына инфрақұрылымның 
рөлі мен мәнін анықтау; сервис инфрақұрылымының субъектілерінің қызметінің 
нәтижесін  спецификалық  сипатын  ашу,  іскерлік  қызмет  көрсету;  сервис 
инфрақұрылымының дамуын реттеу әдістерін қарастыру, қазіргі кезеңдегі сервис 
инфрақұрылымының  даму  көздерін  анықтау;  инфрақұрылымдық  қызметінің 
тиімділігін 
жоғарылату 
резервтерін 
анықтау; 
ҚР-дағы 
сервис 
инфрақұрылымының перспективалық дамуының бағыттарын анықтау қажет.  
 
Сервистік қызметтің эмпирикалық зерттеу әдістерінің жүргізілуі (2-кесте) 

эмпирикалық зерттеу әдістері 
1. 
- бақылау, өзін-өзі бақылау, әңгімелесу, сұхбат, сауалнама, эксперимент, т.б. 
2. 
-  іс-әрекеттік  бағыт,  ішкі  (психикалық)  және  сыртқы  (материалды)  іс-әрекет  бірлігі, 
сервистік  қызметтің  даму  заңдылықтарының  әлеуметтік  табиғаты,  әлеуметтік  тәжірибені 
меңгергендегі  сервис  инфрақұрылымын  дамытуды  зерттеу  әдістерінің  тарихи  өзгеруі, 
оқыту,  тәрбие,  даму,  қалыптасу,  меңгеру,  оқу  іс-әрекеті,  біріккен  іс-әрекет,  оқу 
ынтымақтастығы, өзара әрекет формалары, продуктивті және репродуктивті оқу іс-әрекеті, 
білім,  дағды,  іскерлік,  шеберлік,  шығармашылық,  тұлғаның  әлеуметтік  жағдайда  дамуы, 
оқу-тәрбиелік  жағдайы,  оқыту  стратегиясы,  оқыту  тиімділігінің  критерийлері  мен 
категорийлер анықтамасы және арақатынасы. 
 
 Адамзат  денсаулықты  сақтау  мен  нығайту  проблемасын  тануға  әрқашан 
да  ұмтылып  келді,  себебі  денсаулықсыз  толыққанды  өмір  сүру  мүмкін  емес. 
Денсаулық жақсы болған кезде оны сезіне білмейміз, ал денсаулықты жоғалтып 
алған кезде ауру күйі пайда болады да, ауру ағзаның жайсыз күйі туралы үнемі 
белгі  беріп  отырады.  Ертеден  денсаулық  пен  салауатты  өмір  салтын  сақтау 
туралы  ғылымның  пайда  болу  тарихы  адамзат  тарихының  тереңіне  бойлап 
келеді.  Денсаулық  және  оны  сақтау  туралы  ертедегі  Рим  философтары  мен 
дәрігерлері, Византия империясы мен Шығыс елдерінде де өз жалғасын тапқан.  
 Дүниежүзілік  есеп  бойынша,  туризм  саласынан  түсетін  табыс  жыл  сайын 
шамамен  4  триллион  АҚШ долларынан  асып жығылады. Ал  одан  түскен салық 
800  миллиард  доллар  шамасында.  Сарапшылардың  есебі  бойынша,  2020  жылға 
қарай,  дүниежүзі  бойынша  саяхат  жасаушылар,  күніне  5  миллиард  доллар 
жұмсайтын  болады.  Ал  халықаралық  туризм  3  есеге  артады.  Егер  дәл  осындай 
болжам  расталса,  болашақта  туризм  саласы, әлемдік  экономиканы алға
  

80 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Данияров Т.Ә., Сыдықов М.Е., Естанова А.Б.
 
Сервистік қызметтің туризмдегі рөлі және салауатты... 
 
 
жетелейтін  бірден-бір  салаға  айналмақ.  Туризм  –  шет  елдік  инвестицияларды 
тартудың  тағы  бір  көзі.  Соның  арқасында  тарихи,  мәдени  орталықтарды 
дамытып қана қоймай, табиғатымызды сақтауға, мыңдаған жұмыс орнын ашуға, 
жаңа  өнеркәсіпті  ұйымдастыруға  да  болады.  Шығыстан  батысқа  дейін  3000, 
солтүстіктен оңтүстікке дейін 1600 шақырым жерді алып жатқан қазақ жерінде, 
тау  да,  дала  да,  орман  мен  теңіз  де,  сан  алуан  көлдер  мен  құмды  алқаптар  бар. 
Елімізің оңтүстігінде жеміс-жидек пен көкөніс өсіп жатса, солтүстігінде қақаған 
аяз  тұрады.  Табиғаттың  осынша  сан  алуан  құбылысына  ие  болған  жерімізді 
көріп,  тамашалаймын  деушілердің  саны  жыл  санап  артып  келеді.  Отандық 
туристік  ұйымдардың  есебі  бойынша,  таяу  жылдары  Қазақстанға  келем 
деушілердің  саны  14  миллионға  жуықтаған.  Әсіресе,  Алмания,  Ұлыбритания, 
Қытай, Жапония мен АҚШ сынды мемлекеттердің саяхатшылары тарапынан аса 
қызығушылық байқалуда.  
«Салауатты  өмір  сүру  дағдысы»  түсінігінің  мәнін  анықтайтын  әр  түрлі 
келістерді талдай отырып, біз мынадай қорытындыға келдік: салауатты өмір сүру 
дағдысы  -  бұл  күнделікті  өмірдегі  әрекеттің  саналы  түрде  жүзеге  асырылуы, 
қимыл-қозғалыс  белсенділігінде  денсаулықтың  шыңдалуында  күн  ережесін 
сақтауда,  дұрыс  тамақтануда,  денсаулықты  бұзатын  жат  әдеттерден  бас 
тартушылықта, мінез-құлық пен қарым-қатынас мәдениетінде көрінеді [2]. 
 
Туризм – студент жастардың сауықтыру орталығы ретінде оларды салауатты 
өмір салтына тәрбиелеумен қатар, темекіге, ішімдікке, ал тіпті соңғы уақыттарда 
есірткіге араласу кезеңінен өтуге бірден-бір ықпал етуші күшке айналып келеді. 
Ішімдікті,  есірткілік  заттарды,  темекіні  пайдалану  тынығуды  үйлесімді 
ұйымдастыруға,  денелерінің  физикалық  дамуына,  рационалды  тамақтану  мен 
салауатты  өмір  салтының  басқа  да  жақтарына  кері  әсер  етеді.  Мұндай 
жағдайларды тарату жастардың білімін кеңейтуге, денсаулық пен салауаттылық 
сияқты  жалпы  адамзаттық  құндылықтарға  қарым-қатынасын  нақтылауға  әсер 
етеді,  олардың  өмірдегі  тәжірибесін  байытып,  салауатты  өмір  салтына  сәйкес 
келетін  көз-қарастарын,  мінез-құлық  сарындарын  қалыптастырады.  Салауатты 
өмір 
салтын 
қалыптастыруға 
тәрбиелеу 
барысының 
психологиялық-
педагогикалық  жағдайлары  арасында  осы  процесті  ұйымдастырудағы  тұлғалық 
жағдайлар бөле-жара көрінеді,  өйткені  олар  жастардың  салауатты  өмір  салтына 
өзін-өзі  тәрбиелеу  бойынша  жұмыстарға  белсене  араласуын  қамтамасыз  етеді, 
салауатты өмір салты туралы қажеттіліктері, қызығушылықтары, сарындары мен 
көзқарастарының қалыптасуы әдеттегі мінез-құлқымен, эмоциясымен, санасымен 
тығыз байланыста жүзеге асады.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Қазақстан  өз  дамуындағы  жаңа  серпіліс  жасау  қарсаңында.  Қазақстанның  әлемдегі  бәсекеге 
барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. //Қазақстан Республикасының Президенті 
Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Астана: Елорда, 2006. - 48 б. 
2.
 
Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі жұмысты белсенді ету //Валеология, 2006. №2. – 
Б.3-4. 
 
 

81 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
 
А.С.ҚАСЫМБЕКОВ  
 
техника ғылымдарының кандидаты, доцент  
 А.Ясауи атындағы ХҚТУ 
 
ДЕРБЕС АҚПАРАТТЫҚ ІЗДЕНІС ҮДЕРІСТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 
 
В  статье  рассмотрены  методы  организации  самостоятельного  информационно-поискового 
процесса научно-образовательных ресурсов в источниках. 
 
The author of the article presents some methods of organization of independent information retrieval 
process of scientific and educational resources. 
 
Жоғары  білікті  педагог-мамандарды  даярлау  мәселесі  бүгінгі  таңда 
үлкен  маңызға  ие  болып  отыр.  Қазіргі  қоғам  ЖОО  бітірушіге  ерекше 
талаптар  қоюда,  олардың  арасында  әсіресе,  белсенділік  және  дербестік 
ерекше  орын  алады.  Бүгінгі  қалыптасқан  жағдайдағы  педагог-мамандардың 
дайындығын  жетілдіру  үдерісі  көптеген  себептерге  байланысты  жеткілікті 
дәрежеде  күрделі  болып,  білім  беру  саласындағы  ақпараттық  қажеттілікті 
қанағаттандыру  болып  табылады.  ЖОО-ын  бітірушінің  кәсіптік  біліктілігін 
қалыптастыру нақты білімнің көлемі мен ауқымының қаншалықты екендігіне 
емес, қаншалықты өз бетінше білімін толықтырғанына, әр түрлі міндеттерді 
қойғандығына 
және 
шешкендігіне, 
баламалы 
шешімдерді 
ендіру 
қабілеттілігіне бағытталуы  тиіс. Бұл мақсаттардың жетістіктері айтарлықтай 
деңгейде  болашақ  педагог-мамандардың  дербес  ақпараттық  ізденіс 
дағдыларын  меңгеруіне  байланысты  болады.  Бұл  өз  кезегінде,  оның  ЖОО-
дағы  кәсіптік  дайындығы  контексіндегі  қызметтің  аталмыш  түрін 
ұйымдастыру мәселесін бірінші орынға шығарады. 
Сонымен  бірге  студенттің  жаңа  білімдер  мен  ақпараттарды  өз  бетінше 
алу  қабілетін  дамыту,  олардың  кәсіптік  тұрақты  өзін-өзі  жетілдіру 
қажеттілігін  үздіксіз  ақпараттандырумен  және  қазіргі  мамандықты 
интеграциялаумен байланыстыру маңызды рөл атқарады.  
Педагог-мамандардың  кәсіптік  портреті  құрылымдары  компоненттеріне 
біз  жүргізген  талдау  ЖОО-да  кәсіптік  дайындықтың  жетекші  міндеттерінің 
бірі  студенттің  бойында  дербес  ақпараттық  ізденісі  дағдыларын 
қалыптастыру  болып  табылады  деген  қорытынды  жасауға  мүмкіндік  берді. 
Кәсіптік  маңызды  ақпараттарды,  ақпараттық  мәдениет  элементтерін  талдау 
оның кәсіптік құзіреттілігі мен кәсіптік дүниетанымын құрайтындардың бірі 
іспеттес.  Кәсіптік  дайындық  үдерісінде  педагог-мамандардың  ақпараттық 
біліктілік шешімдерді қабылдау үшін және өзінің кәсіптік қызметі үдерісінде 
пайдалануға  үйрету  қажет.  Кәсіптік  дайындық  табысының  негізгі  шарты 
студенттің міндеттерді шешу және нақты ғылыми жұмысты жасау үдерісінде, 
мәселен,  реферат,  курстық  немесе  дипломдық  жұмыс  жазуға  дайындық 
кезінде  студенттің  бірнеше  сатылардан:  жасалынып  жатқан  мәселелер 
бойынша ақпараттарды   іздестіруді,  іріктеуді   жүзеге   асыру  және    бұл
  

82 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет