Ғылымның объекті


Педагогикалық зерттеу жұмыстарды орындауды ұйымдастыру



бет28/32
Дата16.05.2023
өлшемі119,66 Kb.
#93339
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Педагогикалық зерттеу жұмыстарды орындауды ұйымдастыру

Зерттеу жұмыстары, оның ішінде курстық және дипломдық жұмыстарды орындауды уйымдастыру, эксперимент жургізуге студенттерді дайындау, эксперимент жоспарын құра білу, оқушылармен зерттеу жүргізудін әдіс- тәсілдерін менгеру, эксперимент қорытындысын ендеу сиякты зерттеу жұмыстарынын өзіндік критерийлік мәселелерін кептеген ғалымдар өз енбектерінде зерттеді (И.Д.Андреев, Ю.К.Бабанский, В.И.Журавлев, Н.А. Сорокин, Н.Е.Соколова, Ш.Таубаева, Н.Д. Хмель, С.Н. Лактионова, Н.Шаметов, И.Б.Васильев, К.Өстеміров және т.б.).


Аталған ғалымдардын енбектеріне сүйене отырып, эксперименттік жұмыстар, онын жүргізілу шарты, максат- міндеттерін анықтау мәселелеріне тоқтала келе, курстык және дипломдық жұмыстарды орындау процесінін бірнеше мәселелерді шешумен байланысты екені аныкталды.
Олар::

1. Ұйымдастыру мәселесі.


2. Зерттеу мәселесі.
3. Әдістемелік мәселе.
4. Практикалық мәселе.
Жұмысты ұйымдастыру мәселесіне тақырыпты тандау, жоспар құру, кітапхана каталогымен жұмыс істеу, әдебиеттерді оку,жиналған материалдарға талдау жасау әрі жіктеу, жұмыстың тақырыбын белгілеу,оларды редакциялау, иллюстрациялау, безендіру жатады. Дипломдық жұмысты орындау реті бірізділікті қажет етеді:

1. Зерттеу тақырыбын тандау.


2. Оның өзектілігін негіздеу.
3. Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау.
4. Зерттеу нысанасын белгілеу.
5. Нысана туралы білімдерді игерту.
6. Мәселені көтеру.
7. Зерттеу пәнін анықтау.
8. Болжам жасау.
9. Зерттеу жоспарын құру.
10.Зерттеу әдістерін анықтау.
11. Белгіленген жоспарды жүзеге асыру.
12.Болжамды тексеру.
13.Зерттелетін нысананы түсіну үшін мәселенің маңыздылығын анықтау.
14.Табылған шешімнің практикада қолданылуының мүмкіндіктерін анықтау.

Зерттеу тақырыбын тандау- ең жауапты кезең. Қазіргі кезде көптеген гылыми салаларға байланысты тақырып саны, оның ішінде теориялык немесе практикалық қайта өндеуде, ғылыми тұрғыдан қаншалықты жұмыстар жүргізуге болады. осындай кен саладағы жұмысқа кіріспес бұрын кімде-кім болса да нені қалай бастауга болатынын білмейді. Сонда да болса жалпы білімнің көлемі осы такырып таңдауға, ғылыми жұмыспен алгаш айналысатын тәжірибесі аз адамға көмегін тигізеді және тақырып Тандаганда кай такырып өзін кызыктырады, соны ескерген дұрыс және оны баска жактан емес өзінің практикалық қызметінен іздеу қажет. Тақырып тандаганда өзініздін мүмкіндігіңізді, қабілеттіліктгіңізді, бейімділігіңізді, сол тақырып бойынша теориялык білім деңгейіңізді ескеріп отырған жен. Такырыптың өзектілігін анықтау үшін тақырыптың қажеттілігі, бұрын кайда және кашан зерттелгені, ненің әлсіз, ненің терең зерттелгені, таандалган тақырыптын ескелен кажеттілігін ашып көрстеу керек. ұрпақты окытып, тәрбиелеудегі


Зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін анықтау. Зерттеу жұмысының негізгі тақырыбына қарай онын макстаы анықталады. Мақста тақырыптың мазмұнын ашып көрсететіндей болуы керек, ал міндеттер сол мақсатқа жету жолындағы бірнеше кезеңдерден өту жолын көрсетеді. Міндеттер әдетте 3-4 немесе 5-6 пункттен тұрады.
Зерттеу объектісі-педагогикалық құбылыс шеңберіндегі зерттелетін мәселе. Бұл жерде негізгі сұрақ "кім?" және "не?" зерттелетіні туралы болу керек. Зерттеу нысанасының қызметі зерттелетін құбылыс шеңберінде болады. Кұбылыстың немесе әреткеттің неге бағытталғанын анықтау үшін эксперимент мәнін анықтау керек. Эксперимент аспектісі негізінде жана теория, жана білім алынады.
Зерттеу пәні зерттелетін құбылысты немесе әрекетті білдіреді. Зерттеу пәні, оны аныктау мәселелері, эксперимент жүргізу, мәселені анықтаумен тікелей байланысты. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйене келе зерттеу пәнін аныктауда зерттеушіге, яғни студентке немесе мұғалімге жауапты іс жүктеледі. Мәселені көтеру. Дипломдық жұмыстарды орындау барысында бір немесе бірнеше мәселе болуы мүмкін. Негізгі мәселені көтеріп, жан- жақты ашып беру зерттеу жұмысының құндылығы болып табылады Болжам жасау (гипотеза). Зерттеу пәнін алдын-ала белгілеп "мынадай жұмыстарды жүргізгенде осындай нәтижеге қол жеткізуге болады",- деп алдын-ала болжам жасап айту. Педагогикалық әдебиеттерде гипотезаға әр түрлі анықтамалар берілген. Гипотеза грекше hypotesis- негіздеу, болжау деген мағына береді. Ғылым дамуының формасы, құбылыстың себебін зандылыққа сәйкес сипаттау. Болжам (версия)- болған істің ақиқатын аныктау ушін жазылған бір немесе бір бірінен айырмашылығы бар бірнеше мағлұмат. Ягни болжам жасау дегенімізден шығатын қорытынды бір айқындалмаған істі немесе құбылысты, затты мәселені шешу үшін фактілерге сүйене отырып, алдын- ала жорамал жасау.
Зерттеу жоспарын құру барысында мақсат- міндеттер негізінде такырыпка байланысты педагогикалық эксперимент ұйымдастырылып, экспериментті жүзеге асыру жоспары құрылады.
Зерттеу әдістерін анықтау. Зерттеу әдістемесі тақырыпқа байланысты бірнеше әдістерден тұрады. Жұмыс барысында зерттеу әдістерін дұрыс тандап, оны ғылыми тұрғыда ұйымдастыру керек. Зерттеу әдістерінің нәтижелерін өндеуден өткізу, соңынан талдау жасау, содан кейін корытындылау кажет.
Белгіленген жоспарды жүзеге асыру. Зерттеу тақырыбынын,міндеттерінін негізінде зерттеу нысанасына, алдын ала жоспарланған Ғылыми болжамда көрсетілген пункттерді практика нәтижесінде керу.
Болжамды тексеру. Жоспар бойынша эксперимент жұмысының нәтижесінен кейін бақылау эксперименті негізінде алдын ала жасалган ғылыми болжамның дәлдігі, айқындығы анықталады.Болжамның дұрыстығы зерттеу жұмысында мақсатқа жету деп түсіндіріледі.
Зерттелетін нысананы түсіну үшін мәселенің маңыздылыгын анықтау. Жалпы мәселе, онын көкейтестілігі бойынша зерттеу жүргізуде зерттеу нысанасының, егер ол тірі адам болган жагдайда оның психикалык ерекшеліктерін толық меңгеру керек. Алдын ала зерттеу жүргізбес бұрын онын жай-күйін, кандай жагдайларда зерттеу жүргізуге болатынын білу керектігін аныктай алу кажет. Табылған шешімнің практикада колданылуының мүмкіндіктерін анықтау. Зерттеу нәтижесі бойынша белгілі бір шешімге келу және сол шешімнін дұрыстығына, ақиқаттылығына, дәлдігіне көз жеткізе отырып, нәтиженің практикалык маныздылыгын анықтау. Оны басқа да зерттеушілер өз тәжірибесінде колдануына жағдай жасау, әдістеме ұсыну. Педагогикалык зерттеулердін әдіснамалык принциптері
Ғылыми-педагогикалық зерттеулер жүргізуде төмендегідей принциптерді басталыкка алу қажет:

  • Педагогикалық құбылыстардың шынайылығы мен шарттасқандығын ескеру, себебі дүниедегінің бәрі езінін ішкі объектив зандары, карама-қарсылықтары және себеп-салдарды байланыстарына орай жасайды әрі дамиды;

  • кұбылысты екіншілерімен өзара қатынаста байланыстыра зерттеу;

  • бір кұбылысты екіншілерімен өзара қатынаста байланыстыра зерттеу;

  • зерттеу процесінде қалаған ғылыми проблеманың шешімі бірін-бірі толықтырып отырушы көптеген әдістер кешенімен орындалатынын естен шығармау;

  • зерттеу әдістері зерттелетін құбылыстың мән-мағынасына сай келуі;

  • даму процесін сол дамудың қозғаушы күші және даму көзі саналатын оның қарама-қарсылықтарына негізделге өзіндік қозғалыс және даму ретінде карастыру;

  • Сынакталушыға, білім-тәрбие процесіне адамгершілік-инабаттылк талаптарына зиян келтіретін, қайшы болатын эксперименттерді өткізбеу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет