Ж ағ-
Алдыңғы
Аралық
Артқы бөлім
дайы
бөлім
бөлім
Калып
Үйқы-сергек-
Энергия мен
Сананы сақ-
ты
тік, темпера-
су тепе-тең-
тау, темпера-
тураны,
дігін, эндо-
тураны рет
эндокриндік
криндік қыз-
теу, эндо-
қызметті
меттің рет-
криндік кыз-
реттеу
телуін
қабылдау
меттің ин-
теграциясын,
сигналды
қабылдау
Закым:
Үйқының бү-
Гипертермия,
Үйқышылдық,
а) жедел
зылуы, гипер
қантсыз диа
эмоциялық,
термия, кант-
бет, эндо-
вегетативтік
сыз диабет
криндік
кемшілік
кемшіліктер,
пойкило-
термия.
б) созыл- Үйкының
Еске
Амнезия,
малы
бүзылуы,
сақтаудың
эмоцияның
күрделі
бүзылуы,
бүзылуы,
эндокриндік
эмоциянын
вегетативтік
бүзылулар
бүзылуы,
кемшіліктер,
(мыс., ерте
эндокриндік
күрделі
жыныстық
семіру
эндокриндік
жетілу)
бүзылу (ерте
жыныстық
жетілу)
92
9-лекция. Вегетативтік жүйке жүйесі
Вегетативтік жүйке жүйесінің жалпы сипаттамасы.
Симпатикалық
және
ларасимпатикалык
бөлімдері.
Шажыркай, жүлдызша және бүйрек түйіндері. Кос
нервтік жабдьщтау (Екі жакты нервтендіру). Аксон,
жалған және висцеральдік рефлекстер.
XIX г. басында француз физиологі Бишо адамның
барлык жүйкесін сома және вегетативті бөлімдері деп екі
үлкен топқа бөлген болатын. XX ғ. басында ағылшын
дәрігері Ленгли бүлшық еттерді қамтамасыз ететін
жүйкелерді сомалык, ал ішкі мүшелерді қамтамасыз
ететін жүйкелерді вегетативтік деп анықтады. Фармако-
логиялық зерттеу нәтижесіне сүйене отырып, Ленгли
вегетативтік жүйке жүйесін симпатикалық жүйке жүйесі
және парасимпатикалық жүйке жүйесі деп екі бөлімге
бөлді. Бүған косымша сонғы жылдардағы ғылыми
жаңалықтарға негіздеп А.Д. Ноздрачев үшінші — мета
жүйке жүйесі болатынын дәлелдеді.
Вегетативтік жүйке жүйесінің жалпы ерекшеліктері.
Вегетативтік жүйке жүйесінің нейрондары орталық жүйке
жүйесінің кейбір бөлімдерінде ғана орналасқан. Ол
симпатикалық және парасимпатикалық нейрондардан
түрады, яғни қызметтері бір-біріне карама-қарсы қос
нейронды қүрылым. Ол нейрондардың біреуі жүлында,
ал екіншісі шеткі ганглияда. Парасимпатикалық жүйенің
ганглилері ішкі мүшелердің кабырғасындағы интраму-
ральдік түйіндер қүрады. Симпатикалық жүйке жүйесінің
түйіндері жотаны бойлай әрбір омыртқаның екі жағында
тізбектелген
және
омыртқалар
алдында
алысырақ
орналасқан нерв түйін тізбектерінің ганглилерін күрайды.
Бүған дейінгі нерв талшықтары
преганлилік
талшықтар
делінеді. Олар серпіністерді орталык жүйке жүйесінен
ганглиге дейін жеткізеді.
Ганглиден шығатын нерв талшықтары
постганглилік
деп аталады. Олар ганглиден ш ыққан серпіністі белгілі
бір агзага апарады.
Вегетативтік жүйке сомалық жүйкеден жіңішкелеу.
93
Прегангилік жүйке талшығы миелинді, ал постганглилік
— миелинсіз.
Вегетативтік жүйке жуйесінің кызмет ерекшеліктері:
1. Вегетативтік жүйке жүйесі аралас жүйкелерден түра-
ды, яғни әрі афференттік, әрі эфферентгік жүйкелер бар.
2. Қозу қабілеті төмен, лабильділігі нашар. Осыған
орай рефрактерлік кезеңі де өте үзақ.
3. Талшықтары аркылы қозу өте баяу өтеді.
4. Постсинапстык козу потенциалы үзакка созылады.
5. Синапстарында медиатор жай бөлініп шыккан-
дыктан және холинэстераза ферментінің белсенділігі
томен болғандықтан келесі қозу кешігіп туады.
6
. Вегетативтік жүйке жүйесі талшыктарынын үшы-
нан не ацетилхолин, не адреналин медиаторлары бөліне-
ді. Сондыктан жүйкелер холинергілік және адренергілік
жүйкелер
болып
екі
топқа
бөлінеді.
Біріншісіне
преганглилік жүйкелер, парасимпатикалық преганглилік
жүйкелер және бездердін симпатикалык постганглилік
жүйкелері жатады. Екіншісіне бездердін симпатикалык
постганглилік жүйкелер мен катар барлык постганглилік
симпатикалык жүйкелер енеді.
Симпатикалык
және
парасимпатикалык
жүйке
жүйелерінің іш кі мүшелердің кызметтерін карама-карсы
реттеуі.
Симпатикалык жүйке жүйесі жүректің согуын
жиілетеді, күшейтеді, ал парасимпатикалык жүйке жүйе-
сі, керісінше, оны сиретіп, әлсіретеді.
Ішектін қызметі күшейген жағдайда симпатикалык
жүйке жүйесі оны әлсіретеді, ал әлсіреген кезде оның
қимылын жиілетіп, күшейте бастайды.
Симпатикалык жүйке
жүйесі коздің
карашығын
кенейтеді, ал парасимпатикалык жүйке жүйесі оны тарыл-
тады. Бірақ бүлар көздін әртүрлі еттеріне эсер етеді.
Мысалға сілекейдін бөлінуін алайык. Симпатикалык жүйке
жүйесі де, парасимпатикалык жүйке жүйесі де сілекейдін
шығуын жеделдетеді, бірак біріншісі сүйык сілекей, ал
екіншісі қою сілекей шығартады. Демек, олар бір-біріне
көмектеседі.
Ағзанын зат алмасуында симпатикалык жүйке жүйесі
коректік заттардын ыдырауына ыкпал жасайды, ал
94
парасимпатикалык жүйке жүйесі, керісінше, олардың
түзілуіне эсер етеді.
Л.А. Орбели
мен А.Д. Сперанскийдің
зерттеулері
бойынша симпатикалык жүйке жүйесі ағзадағы трофика-
лык жағдайды реттейді. Егер оның бүл кызметі әлсіресе,
адам денесінде жаралар пайда болады.
Жүлынның сегізкөз түстас тармақшаларында тірші-
лікке өте қажетті зәр шығару және жыныстық рефлекс -
тердің орталықтары бар. Симпатикалык жүйке жүйесі
козса, канның кұрамында жағымды эмоцияга қатысты
гормондардьщ
концентрациясы
көбейеді.
Адамның
көңіл-күйі котеріліп өзін бақытты сезінеді.
Вегетативтік жүйке жүйесін бүрын автономиялық
жүйке деп есептеген, себебі ішкі мүшелердің қызметін
адам өз еркімен өзгерте алмайды. Адамнын еркі ми
қыртысының
қатысуымен
ғана
болады.
Бірақ
К.М. Быковтың зерттеулері бойынша, ішкі мүшелер ми
мен
ми кыртысынын қарым-катынасы вегетативтік
жүйке жүйесі аркылы іске асатыны анықталды.
Догель ішкі мүшелерде 3 түрлі нерв торшаларының
бар екенін аңғарған: кабылдағыштар, қозғалткыштар
және дәнекер торшалары. Олар өзара тіркестік жалғаста
болады. Олардың бір ғажабы — орнынан ауыстырып
ағзаның баска жеріне көшіргенде өзгермей, бүрынғы
қалпын сақтайды. Бүлар жергілікті шеткі рефлекстерді
жүргізеді. Рефлекстің бүл түрі жабайы болғанымен
орталық жүйке жүйесіне жеңілдік жасайды. Догельдің
ашкан шеткі нерв торшалары жинақталып интраму-
ральдік вегетативтік ганглилер қүрады. Бүл күрылым әр
уақытта белссенді күйінде болғандықтан ішкі мүшелердің
функциясын бір қалыпта үстайды. Бүгінгі сабактың
соңында
симпатикалык
жүйке
жүйесінің
келесі
ерекшеліктерін және мәнін қорытып айта кетейік:
— симпатикалык жүйке жүйесінің трофикалық әсері
бар, ягни Орбели-Гинецинский феномені:
қажыған
бүлшық еттің симпатикалык жүйесін электр тоғымен
тітіркендірсе, бүлшык ет жиырылуын әрі карай жалғас-
тырған, әрі қуат-күші артқан;
— жүректің симпатикалык жүйесінің бір талшығын
95
тітіркендіргенде
жүректің
жиырылу
күші
өскен.
И.П. Павловтың бүл зерттеуінің нәтижесінде жүректің
күш-куатын күшейтетін жүйке талшығынын бар екені
табылған;
— симпатикалык жүйке жүйесінің трофикалық
ыкпалы мида да болатынын Э.А. Асратян ашкан;
— симпатикалық жүйке жүйесі парасимпатикалык
жүйке жүйесімен өзара карым-катынаста болады.
III ТАРАУ
АЛДЫҢҒЫ МИДЫҢ
ПСИХОФИЗИОЛОГИЯСЫ
10-лекция. Алдыңғы ми, лимбиялық жұйе,
базальдік түйіндер
Үлкен мидың эволюциясы. Алдыңғы мидың негізгі
бөлімдері. М и сыңарлары. Лимбияльщ жүйе, оның куры-
лысы мен қызметі. Базальдік түйіндердің кызметі және
олардың аралык мимен жэне
баска
бөлімдермен
байланыстык карым-катынасы.
Алдыңғы
ми
мидың
ең
үлкен
бөлімі болып
саналады. Ол екі ми сыңарларынан түрады. Жоғары
жағы — ми қыртысы эволюциялық даму нәтижесінде
өсіп, үлғайып, өте жақсы жетілген. М и сыңарларының
астын ала лимбиялық жүйе мен базальді (іргелік)
түйіндер күрылымы жатыр.
Ми қыртысы ежелгі қыртыс (палеокортекс), ескі
қыртыс (архикортекс) және жаңа қыртыс (неокортекс)
болып үшке бөлінеді.
Жүздеген
миллион
жылдар
бойы
жануарлар
дүниесінің үздіксіз даму кезендерінде мидың алдыңғы,
ортаңғы және артқы бөлімдері жіктеледі. Эволюция
барысында алдыңғы мен артқы бөлімдері тағы екіге
бөлінеді, нәтижесінде мидың бес бөлімі болып шығады.
Жануарлардың
үнемі
алға
қарай
жүріп
тамақ
іздеуіне, тіршілігіне ыңғайлы орын табуына байланысты
алдьщғы ми кобірек дамыған. Ондағы нейрондар саны
орасан көбейген және олардың өзара байланысы жақсы
жетілген. Бүған қоса, мидың төменгі бөлімдерімен де
қарым-қатынас күрделенген, қабылдағыш және қозғалт-
қыш механизмдері пайда болған.
Осындай даму нәтижесінде алдыңғы мига аралык
ми, ортанғы ми, мишық, арткы ми, торлы күрылым —
бәрі алдыңғы миға бағынышты болып субординалды
үлкен күрделі мүше қүрады. Сойтіп, біріншіден, барлық
97
жүйке
жүйесінің
бірлестік
үйлесімділігі
шығады.
Екіншіден, ағзанын барлық мүшелерінің тіршілік қызме-
тін реттейтін орталық пайда болады.
Ең жедел және жақсы дамыған мидың сезгіш
нейрондары. Мидың эпителиалдық жүқа қабығы архи-
паллиумға, яғни ми сыңарларыньщ қалыптасқан күрделі
қыртыстық бөлігіне айналды. Егер бауырымен жорға-
лаушылар мен қүстарда ми кыртысы пыш ақ сыртындай
жүп-жүка нерв торшаларынан түрған болса, сүтқо-
ректілерде ол калыңдай түсіп, миллиардтаған нерв
торшаларын камтиды.
Сүткоректілерге дейінгілерде есту, көру мүшелерінің
орталыктары аралық мида болса, енді олардын жоғары
дәрежелі орталықтары алдыңғы миға ауысады. Олардын
жедел дамуынын нетижесінде басқа күрылымдарга кара-
ганда басымырақ болып шығады.
Расында өзгеріс
нәтижесінде ми қыртысы жүқа қабықтан күрделі көп
кабатты калың кыртыска айналды. Бірак көне сезім
орталыктары да, (айталык, иіс сезу орталығы да) коп
өзгермесе де, сақталып калды.
Функциялык озгеріс
нәтижесінде
нейрондардың
қозғыштығы артты, оту, таралу шапшандығы ості, тір-
кестік байланыстар жақсарды, нейрондардың маман-
далуы мен бейімділігі өрледі.
Адамнын ми сыңарларының кыртысы жануарлардан
коп айырмашлығы бар касиеттер пайда болып, дамыды.
Оның қүрылысы күрделенді, қызметі терендеді. Өзіне
тән пішіндік жэне кызмет ерекшеліктері пайда болды.
Ми қыртысындағы нейрондардың саны 18 миллиардқа
дейін көбейді, қыртыс сайлары, иірімдері тереңірек
болып көбейе түсті. Бүл кыртыс бетін үлғайтты, әрі
байланыс күрылымдарын жетілдірді. Қыртыстың барлык
бетінің колемі 2,2
м2
болды. Мүның 95,6 пайызы жана
қыртыстың үлесіне тиеді, калған 2,2 % — ескі, ал 0,6%
ғана ежелгі қыртыстын үлесінде.
Адамнын жаңа қыртысында озіне тән нейрондардын
қосымша 4 қабаты бар.
Бүл мәлімет клиникалык
деректермен де айкындалды. Осы тек қана адамға тән
кыртыс нейрондар кабаты зақымдалса, жоғары психика-
лык өзгерістер туады, ал баска төменгі нейрондар қабаты
да закымдалса,
адамнын психикалық көрсеткіштері
өзгермеген.
Мәселені қорытындыласак, эволюция барысында
әуелі мидын салмағы көбейген. Ірі жыртқыш жануар-
лардын өзінде мидың салмағы денесінің 0,9% ғана
қүрады. Ал адамнын миының бүл көрсеткіші ер адамда
2,17 %:, ал әйелде 2,2 %. Бірак интеллект дәрежесі
мидың салмағына тікелей байланысты емес екенін
ескерткен жөн. Данышпандардын миының салмағы жай
орташа кабілетті адамдардан айтарлықтай айырмашы-
лықта болмайды. Адамның естиярлығы нейрондардың
ерекшелігімен жэне жарты шарлардың онтогенездік даму
ерекшеліктерімен байланыстылығын да жоққа шығарып
тастауға болмайды. Әсіресе ми қыртысының адамға тән
нейрон кабаттарының дүрыс дамып, дүрыс калыптасуы-
нын мәні бар. Адам тек кана биологиялык эволюциялык
дамудың нәтижесі емес, онымен коса әлеуметтік және
мәдениеттік дамудың нәтижесі. Сондықтан жеке адам
нын сана-сезімінің деңгейі оз өмірінін тәжірибесінің
нәтижесі және оған қоса бүкіл адамзаттың ғасырлар
бойы атадан балаға берілу арқылы түкым куалау меха
низм! аркылы беріліп нәсілдік мәліметтердің алға басып,
дамуының нәтижесі деп қараганымыз дүрысырақ болады.
Лимбиялық жүйе.
Өткен лекцияда гипоталамус пен
вегетативтік жүйке жүйесінің қызметін айтканда олардың
ішкі мүшелердің қызметін реттеудегі мәнін қадағалаған
едік. Бүгінгі айтайын деп отырған лимбиялық жүйе
солармен оте тығыз байланыста. Бүл жүйке алдыңғы
мидың коне құрылымдарын және ми кыртысыньщ
кейбір элементтерін камтиды. Ежелгі кыртыстың иіс
сезгіш буданы, ескі кыртыстың шоғыры, ми пердесі
кіреді. Көпшілік ғалымдардың пікірі бойынша таламус-
тын жоғарғы түйіндері, маммилярлық денешік пен
гипоталамус та лимбиялык жүйенің күрамына енеді.
Айтылып отырған лимбия жүйесінін күрылымдары
алдыңғы мидың іргесін сақинадай айналып жатыр, сөй-
тіп жаңа қыртыс пен ми бағанының шекарасын жасайды.
Лимбиялык жүйе гипоталамус пен мидын күрылы-
99
мымен бірлесіп кызмет атқарады.
1937 ж. Америка невропатологі Д.В. Папес лимбия
жүйесі ерсі мінез-қүлық пен эмоция тудыратын орталығы
деген қағидасын үсынды. 1952 ж. америкалык басқа
ғалым П Д . Мак-Лин Папес қағидасын ілгері дамытып,
бүл жүйе ағзаның ішкі ортасының түрақтылығын сақтай-
тынын дәлелдеді. Жүйенің әрбір нүктесін тітіркен-
діргенде әртүрлі жауап сезімі байқалады.
Миндаль тәрізді күрылымды тітіркендіргенде тыныс
алу, жүрек соғу ырғагы жиіленген, кан тамырларының
кернеуі өсіп, ішектің перистальтикасы өзгерген, сілекей
шүбырып, шайнау және жүтыну қимылдары туган.
Осындай мәліметтер лимбиялык жүйенің баска да
бөлімдерін тітіркендіргенде пайда болады, сондыктан
миндаль тәрізді қүрылым гиппокамппен және т. б.
нейрон шоғырларымен бірлесіп жүмыс істейді. Ғылым-
дағы қазіргі жаңалықтар бойынша лимбия жүйесінін
қозғалту ықпалы гипоталамус арқылы іске асады, онын
нерв орталығының қозғыштығын арттырып не төмендету
аркылы ішкі мүшелерге эсер етеді.
Мінез-күлықтын эмоциялык бояуы гормондардың
және психотроптык пептидтердің катысуымен әсерлене-
ді. Мысалы, маймылдардың миндаль тәрізді күрылымын
электр тоғымен тітіркендіргенде кандағы кортикосте-
рондардың мөлшері көбейіп кеткен. Ал гиппокампты
тітіркендіргенде,
керісінше,
азайып
кеткен.
Демек,
лимбиялық
жүйе
гипоталамус
аркылы
гипофиздің
адренокортикотроптық гормонын шыгарады да, ал ол
бүйрек үсті безіне эсер етіп, кортикостерондарды қанга
шығарады.
Эмоциянын калыптасуы туралы бірнеше пікір барын
да ескертіп қояйық. Миндальдін комплекс түйіндерін
электр тогымен тітіркендіргенде қоркыныш, ыза, қол
жүмсап, тап беру сияқгы мінездер туган. Алдыңғы
мидың миндальді жэне гиппокамп бөлігі закымдаганнан
соң маймылдын бүл қылықтары жогалган. Маймылдар-
дың алдынгы миының самай бөлігін сылып алып
тастағаннан кейін жыныс рефлекстері орасан үдеген,
үрғашы маймылдардың ыктиярына коймай өрескел
100
жыныстык қатынасқа зорлаган. Мысалы, макакалардың
мінез-күлқы теріс бағытта өзгеріп, жаман-жаксыны
айыра алмай, тіпті қауыпты нәрселерге мән бермей,
жаракаттанып калыпты.
Д.В. Папестің қағидасы бойынша таламустан өтетін
сезгіш жолдар екіге бөлінеді, бірі ми қыртысына,
екіншісі
лимбиялық
жүйеге
кетеді.
Соңғы
жол
тармағымен барган мәліметке сай гипоталамусқа қозғалт-
қыш серпінділер жіберіледі. Әрине, бүл рефлекстер меха-
низмдері ми қыртысының эмоциялык орталықгарының
үйлесімділік баскаруымен жүретініне күмән жоқ.
Жогарыда атап айтқан мінез-күлықтың калыптасуы
не өзгеруі өмірдегі тәжірибе негізінде жүреді, есте
сақталған мәліметтер негіз болады. Мысалы, гиппокам
пы закымдалған адамнын есте сактау кабілеті төмендеп,
жойылады. Сондықтан гиппокампты есте сактау орталы-
гы деп айтуга болады.
Электр
тоғымен
үзақ
тітіркендіргеннен
кейін
гиппокампты электрондық микроскоппен қарап зертте-
генде оның дендриттерінің бүршіктері көбейгені байқал-
ган, аксонның үштарында медиаторлар жиналып қалған.
Есте сақтаудың калыптасуы мидын бір ғана бөлігінің
қызметі десек қателескен болар едік, өйткені гиппокам-
птың жаңа ми кыртысымен бірлесіп қызмет атқаратыны
ғылыми деректермен дәлелденген. Олардын биотоктарын
электроэнцефалограммада
талдағанда
екеуінің
ара
қатынасы
реципроктык катынас
екені анықталған.
Гиппокампты ойып алып тастаған жануарлардың
тежелуі төмендеп, бейімделу қабілеті әлсіреген. Демек,
гиппокамп жаңа қыртыстың рефлекторлық қызметіне
өзінің ықпалын тигізеді.
Сөзді түйіндесек, лимбиялық жүйе жаңа ми кырты
сымен және ми баганымен бірлесіп висцеральдік және
сомалык функцияларын үйлестірудегі манызы бар мидың
бір бөлігі.
Базальді түйіндердің кызметі.
Базальді түйіндер
алдыңгы мидың ак затының тереңінде және ірге түсында
орналаскан. Оларға
куйрыкты түйін
мен
бүршак тәрізді
түйін
жатады. Сонгысы
кауыз
және
бозғылт түйірден
101
түрады. Бүлардың бәрінің бірлесуі стриопаллидарлык
жүйені күрады. Бүл жүйе таламустың бір бөлімімен және
ортанғы мидын кара затымен үштасып жатыр.
Рефлекторлық
іс-кимылдарды
орындауда
үлкен
жарты шарлар кыртысынан нерв импульстері 3 жол
аркылы шығады: пирамидалык, мишыққа баратын және
стриатумға шығатын жол. Қыртысасты түйіндер кимыл-
дың дүрыс-кисығын бақылап жөнге келтіріп отырады,
сөйтіп олардын орындалуын жеңілдетеді. Адамдарда
қыртысасты түйіндердің кызметі бүзылған кезде, қосым-
ша керексіз кимылдар не шамадан тыс артык кимылдар
орындалады.
Мысалы,
бет-ауыздың еттерінін ретсіз
қимылдауы.
Бозғылт түйірдің қозуы шамадан тыс
күшейіп
кетсе,
қолдың
саусақгарының
дамылсыз
қимылы тоқтамайтын болады, не бүкіл дененің еріксіз
қозғалысы байқалады, яғни хорея деген наукас пайда
болады.
Қыртысасты түйіндер мен таламус түйіндерінін бір-
бірімен екі жақты байланыста болуы бүкіл ағзаның
негізгі функцияларын қамтиды. Дене қимылы мен ішкі
мүшелердін козғалысын реттеп үйлестіру күрделі меха-
низмдердің катысуын талап етеді. Сондыктан мүндай
күрделі үйлесімділік мидың барлык бөлімдерінін қаты-
суымен жүретініне ешкімнін күмәні болмауға тиіс.
Базальді түйіндер лимбиялык жүйемен оте тығыз
байланысты. Оларды біріктіріп, кызметтерін реттеп үйле-
сімді түрде және бір калыпта бүздыртпай үстап отыратын
үлкен ми қыртысындағы жоғары функциялық орта-
лықтар деп түжырымдағанымыз жөн.
11-лекция.
Ү лкен м и сы ңарлары ны ң қыртысы
Үлкен ми сыңарлары. Эволюциялык дамуы. Ежелгі,
ескі және жана кыртыс. Олардың аткаратын кызметі. Ми
кыртысының нейрондык курамы.
М и кыртысының
архитектоникасы. М и кыртысының биотоғы және оның
ыргағы.
102
Алдыңғы мидың ең негізгі бөлігі жарты шар тәрізді екі
үлкен ми сыңары. Шардың сырткы беті мен қыртысы сүр
загган түрады, қалындығы 1,5-3 мм. Шардың ішін миелин-
ді нейрон талшыктарынан қүрылған ақ зат алып жатыр.
Ми
сынарларының
кыртысы
тарихи
дамуына
байланысты ежелгі (палеокортекс), ескі (архикортекс)
жэне жаңа (неокортекс) қыртыс болып ұшке бөлінеді деп
алдьщғы лекцияда айтып кеткен едік. Ежелгі қыртысқа
иіс төмпешігі, миндаль тәрізді денешік және бүйір иіс
қатпары
кіреді.
Ескі
кыртыска
белдеуше
қатпар,
гиппокамп, тісті катпар, иілме қатпар жатады. Жаңа
кыртыс ең үлкен бөлігі, ол алты қабат нейрондардан
түрады және ми сыңарларының 96 % қамтиды.
Эволюциялык дамуы. Ми кыртысының ен үлкен
және негізгі бөлігі кыртыс болғандықтан эволюциялык
деректер осы бөлікті зерттеумен жиналған.
Ми кыртысы эволюциялык даму нәтижесінде ен
алғаш амфибияда пайда болыпты. Рептилияда одан әрі
дамыған. Бүларда түссіз шар сияқгы нерв түйіндері дами
бастайды.
Сүтқоректілерде
кыртыстын
аумағы
да,
салмағы да үлкейіп, күрылымы жетіле түседі. Егер
төменгі сатыдағы сүтқоректілерде иіс сезу буданы, есту,
көру аймактары ғана жақсы дамыса, жоғары сатыдағы
сүтқоректілерде
кимыл
аймағы және
ассоциативтік
аймақтар жетілген.
Томенгі сатыда дамыған сүтқоректілерде, мысалы,
калталыларда ежелгі кыртыс көбірек орын алады. Итте
жаңа қыртыстың үлесіне ми сыңарлары салмағының 84
%, ал ежелгі кыртыс үлесіне не бәрі 7 % ғана тиеді.
Маймылдар мен адамдарда ежелгі қыртыс иіс
төмпешігі аумағында ғана болса, жаңа кыртысы жақсы
дамып, ми қыртысының барлық аумағын алып жатыр
деуге болады.
А.А. Заварзиннін пікірі бойынша, жоғары дәрежеде
дамыған сүткоректілердін сырткы ортаға тез бейімде-
луіне, караңғыда жауын алыстан көруге мүқтаж болған-
дықтан, кыртыстын көру аймағы жылдам және өте
жаксы дамиды. Сондықтан таламустың кору томпешігіне
косымша жоғары дәрежелі кору орталығы жана кыртыста
103
тез дамыған. Сол сиякты жауынан тез кашып күтылу
үшін, аңшылық қимылды жаксарту үшін козғалыс реттеу
аймақтары да жақсы жетілген. Осыған байланысты
приматтар мен адамдарда қыртыстын мандай бөлігі
жедел жетіліп, үлғайып, дамыған, өйткені бүған ағзаның
сырткы
және
ішкі
мүшелерінен
көптеген
сезім
мәліметтері келеді және козғалтқыш нейрон күрылым-
дары аркылы ағзанын бейімділік іс-кимылын орын-
дайтын мүшелерге өзінің әмірін жүргізеді.
М и кыртысының аймактары. Ми кыртысының 52
аймағы бар. Солардың ең негізгілеріне тоқталайық.
Сезгіш аймагы кыртыстың әжептәуір бөлігін кам-
тиды. Ол көбінесе шеттегі қабылдағыштардың ми кырты-
сындагы кескіндеу (проекциялау) орны. Қыртыстың
арткы орталык қатпарында тері, ет, буын кабылда-
ғыштарының және вегетативтік сезім кескіндеуінің орны
бар. Бүларға таламустын артқы және бауыр арнамалы
түйіндерінен мәліметтер келіп түседі.
К өру аймағы мидың шүйде бөлігінің ішкі бетінде
тепкі сайы түсында 17,18,19 аландарында көздін торлы
қабығының кескіндеу орталығы орналасқан.
Дәм, иіс және іш кі мүшелердің жоғары дәрежелі
сезім реттеу орталықтары 6,7,8 аландарда орналаскан.
Есту аймагы 41 және 42 аландарында самайдын
жоғарғы жағындағы бөлігінің бүйір сайында орналаскан.
Сөйлеу орталыгы (Вернике) көлденең катпардың 20-
21 аландарында орналаскан.
Сөйлеуге байланысты кимыл орталыгы сол жак
жарты шардьщ мандай бөлігінің төменгі қатпарында 4-6
аландарында жатыр. Бүған коса, ми кыртысының ішкі
бетін ала жэне мандай түсында да қозғалтқыш орта-
лыктары болатыны белгілі.
Жаңа кыртыстың нейрондык күрылымы. Цитоло-
гиялық әдіспен жэне сонғы жылдары электрондық
микроскоппен зерттеп, ми қыртысынын нейрондары 7
кабат болып орналасканы байкалды.
Біріншісінде нерв
талшыктары
мен
нейроглия
торшалары бар. Торшалар саны өте аз, сондықтан эте
жука, шамамен 0,25 мм.
104
Екінші қиыршықты кабатында ұсақ торшалар жатыр.
Бүл қабат та өте жүка, не бары 0,2 мм.
Үшінші кабат пирамидалы нейрондардан тұрады.
Қалындығы 1 мм жэне одан да көбірек болуы мүмкін.
Төртінші киыршықты ішкі кабатта пирамидалы
нейрондар, үзын аксондары мен дендриттері көрші
қабаттағы нерв талшықтарымен жалғасып жатыр. Мүнда
әр түрлі нейрондар бар, бір жерінде бір текті торшалар
болса, екінші жерінде әр текті торшалар орналаскан.
Бесінші — ірі пирамидалы нейрондар кабаты, бірақ үсақ
торшалары да бар. Дендритгері 1-і кабатқа дейін жетеді.
Алтыншы қабагга үш қырлы және ірі қиыршықты
нейрондар бір-бірімен қоян-қолтық түтасып жатыр.
Мүнда полиморфты нейрондар жиі кездеседі.
Жетінші кабаты жіп тәрізді өте үзын нерв торшала-
рынан түрады, кейбіреулерінің дендриттері 1-кабаттағы
нейрондарға өтіп кетеді.
Ми қыртысындағы нейрондар барлық жерінде бір-
келкі емес: саны, көлемі, сырткы пішіні, дендриттерінін
үзындығы мен тармақталу түрі әр қилы. Мысалы, үлкен
пирамидалы нейрондар моторлық аймакта көбірек, ал
кіші пирамидалы торшалар үшінші кабатта көбірек
кездеседі. Нейрондардың эр кабатта әр түрлі орналасуы
ми
қыртысының
цитоархитектоникалык
картасын
жасауға негіз болды.
Микроэлектрод аркылы ми кыртысының әр терең-
діктегі нүктелерін тітіркендіру әдісімен Америка ғалымы
В. Маунткасл
жаңа
ғылыми
мәлімет
алды.
Микро-
элекгродтарды кыртыска перпендикуляр сызықпен терендет-
кенде нейрондардың модальдігі өзгермей, олардын арасында
ешқандай айырмашылык байкдлмаған. Ал егер микроэлек-
тродтардың бағытын бүрыштатып өзгертсе, онда нейрон-
дардьщ модальдігі озгере бастаған. Осы мәліметтердің
негізінде ғалым мынадай корытындыға келген: қыртыстың
сомато-сенсорлық (дене сезімі) күрылымы нейрондардын тік
тізбегін күрайды. Бүл тізбек қыртыс бетіне перпендикуляр
орналасады. Оның диаметрі 500 мкм шамасында. Тізбектегі
нейрондардан міндеті — бірыңғай модальді торшалардан
келген мәліметгерді сол сәтте талдау.
105
Достарыңызбен бөлісу: |