Физиологиясы



Pdf көрінісі
бет13/17
Дата20.01.2017
өлшемі5,31 Mb.
#2300
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

I

V.  ТАРАУ 
Ж ОҒАРЫ   Ж Ү Й К Е   Ж Ү Й Е С І  Ә Р Е К Е Т ІН ІҢ  
П С И Х О Ф И ЗИ О Л О Г И Я С Ы
18
-лекция.
  Ж оғары   ж үйке  ж ү й е с і  ә р е к е т ін ің  
жалпы  м ә с е л е л ер і
Әртүрлі  психикалык  күбылыстардың  мидағы  орны. 
М и 
күрылымының 
күрделенуі, 
функцияларының 
мамандануы.  М идың  мандай  алды  және  оның  дамуы. 
Т.  Виллис,  М.М.  Майер,  Ф.  Галль,  т.  б.  ми  туралы 
ілімдері.  В.І\І.  Бехтерев,  И.П.  Павлов,  А.А.  Ухтомский, 
П. К.  Анохин, 
А.Р.  Лурия 
жэне 
басқалардың 
пікір 
таластары туралы.  Методология жэне зерттеу әдістері.
Мидың 
эр 
бөлімдерінің 
әртұрлі 
психикалық 
күбылыстарға  қатысы  туралы  сонау  көне  заманнан 
сақталған  болжамдар  бар  (Гиппократ,  Гален  т.б.).  Психи­
калык  ондай  бөлімге  мидын  карыншаларын  жаткызган. 
Т.  Виллис  өзінше  айқындап,  жолак  денешікте  сезім- 
талдык,  ал  үлкен  жарты  шарлар  кыртысында  есте  сактау 
орталыктары  бар  деген.
Неміс  ғалымы  М.  Майердің  пікірі  бойынша  мидын 
сур  затында  есте  сақтау,  ақ  затыңда  талдау,  қиялдау,  ал 
іргелік  түйіншелерінде  адам  еркінің  орталыктары  болуы 
тиіс  жэне  бүлардың  бәрі  кыртыс  астындағы  денешік- 
термен және  мйшықпен  үйлесімділенеді.
Австриялық  Ф.  Галль  френологиялык  ілімді  негіз- 
деуге  тырыскан.  Бүл  ілімнің  негізгі  қағидасы  бойынша 
акыл,  моральдық  касиеттер  мидың  жоғарғы  бетінде 
орналаскан.  Олардын  жатқан  жерлерін  басты  сипап 
білуге  болады  деген.  XIX  г.  басында  френология  кен  канат 
жайды.  Бірак  гылыми  нақгылы  деректер  болмагандықтан 
бүл  ілім тарихи жалган  багыт кана  болып  қалды.
Френологияның  кателігі  дәлелденген  сон,  тәжіри- 
белік  нақгы 
гылыми  жүмыстар  жүргізіле 
бастады.
С.  Монаков  өзінін  тәжірибесінін  нәтижесінде  мидын
156

кейбір  істен  шыққан  бөліктері  өзінің  функциясын  ғана 
жоғалтып  қоймай,  баска  бөліктерге  эсер  етеді,  —  деген.
Ағылшын  оқымыстысы  X.  Джексон  (1932)  жаңа 
кағида  үсынды.  Мидың  психикалық  қызметі  3  деңгейде 
жүреді:  1-і  түрақты  функция,  2-і  сезім-козғалтқыш, 
3-  ойлау.  Соңғысы  адамға  тән.
Мидың  сөйлеу  орталығына  медицина  ғалымдары 
көп  көңіл  бөлген.  П.  Брок  сөйлеу  орталығының  ми  қыр- 
тысының  карақүс  аймағында  екенін  тапты.  С.  Вернике 
сөзді  қабылдау  орталығын  ашты.
XIX 
ғасырдың 
екінші 
жартысында 
екі 
үлкен 
жаңалык  ашылды.  Г.  Фритч  пен  Е.  Гитциг  1863  ж.  ми 
қыртысын  кейбір  жерін  электр  тоғымен  тітіркендіргенде 
бүлшық  еттін  жиырылуын  бақылады,  ал  ол  жерлерді 
зақымдаған  сон  еттін  жиырылу  тәртібі  бүзылған.  1874  ж.
В.А.  Бец  бүл  тәжірибені  әрі  карай  жалғастырып,  ми 
қыртысының  алдыңғы  орталык  иіріміндегі  үлкен  пира­
мидалы  нейронды  тітіркендіргенде  ондағы  қозу  толкыны 
жүлынға  тікелей  жетіп,  бүлшық  еттердің  қозғалысын 
реттейтінін  дәлелдеген.
П.  Флексиг  (1883)  ми  кыртысында  мандай,  арткы 
және  ортаңғы  аймақтары  болатынын  айқындады.  Олар 
байланыс  кызметін  атқарады.  Ал  мандай  аймағындағы 
нейрондар  әр  адамның  психикалық  ерекшелігін  калып- 
тастырады  деген  жаңа  пікір  айтты.
Италия  ғалымы  JI.  Бианки  (1921)  дәлірек  айқындап, 
маңдай  аймағы  сезу  мен  кимылды  бір-бірімен  үйлестіріп, 
реттеп  отырады.  Онын  психикалық  гүжырымдауға  маңы- 
зы  зор деген  ой  салған.
Орыстың  атақты  нейроанатомы  В.М.  Бехтерев  иттер- 
ге  тәжірибе  жасап,  олардын  миының  мандай  бөлігін 
кесіп  алып  тастағаннан  сон  дене  кимылының  кандай 
озгерістерге  үшырайтынын  бакылаған.  Жаңа  мәліметтер 
алып,  иттің  жан-жақты  аңғару  кабілеті  осы  маңдай 
бөлігімен  байланысты  екенін  дәлелдеді.  Ғылыми  тәжіри- 
бе  мәліметтеріне  негіздей  отырып,  В.М.  Бехтерев  адам­
нын  психикасының  жеке-дара  ерекшелігі  мидың  мандай 
бөлігінін 
қызметімен 
калыптасады 
деген 
маңызды 
түжырым  жасаған.
157

И.П.  Павлов  ми  қыртысын  20  жыл  бойы  зерттеп 
жэне  баска  ғалымдардың  тәжірибе  нәтижелерін  коры- 
тып,  мынадай  жана  қағида  ұсынды.  Ми  қыртысындағы 
барлық  52  аймак  жеке-жеке  тәуелсіз  орталықтар  емес, 
бір-бірімен  үштаскан  мозаика  тәрізді  яғни  өрнекті 
функциялық күрылым  жүйесі деп  түжырымдады.
И.П.  Павловтың  ілімін  кейінгі  сабақтарда  толық 
баяндаймыз.
А.А.  Ухтомский 
нерв 
орталықтарыньщ 
ілімін 
дамытып,  жылжымалы  функциялык  орталык  жүйесі 
туралы  кагидасын  үсынды. 
Морфологиялық  негізде 
орналаскан  нейрон  топтары  функциялык  өзара  және 
іргелес  нерв  топтарымен  бірлесіп  кызмет  атқарады  да 
жаңа  функциялык  орталыктар  жасайды.  Бүл  ғылыми 
түжырым  жанадан  туатын  функциялык  орталықтардын 
физиологиялык  механизмін  ашты.  Ол  козу  толкында- 
рының  ми  қыртысында  өту  шапшаңдыгына,  ыргактык 
тәртібіне  жэне  жіктеліп  жүйеленуіне  негізделді.  Кейіннен 
бүл  қагиданы  әрі  карай  дамытып  П.К.  Анохин  (1968) 
функциялык  жүйе 
механизмін 
үсынды. 
Бүл 
жүйе 
алгашкы  (афферентгік синтез)  бөліктен  түрады.  Ал  оның 
өзі  төртке  бөлінеді:  1-тітіркендіргіштің  дәл  осы  сәттегі 
әсері,  2-есте  сақталған  мәлімет,  3-кабылдағыштардағы 
электропотенциалдар,  4-дәлелді  себептендіру.  Одан  кейін 
бағдарлама  жасалып,  іс-әрекеттің  максаты  жүзеге  асады. 
Кері  байланыс  механизм і  аркылы  максаттың  орындалу 
дәрежесі  аныкталады.  Бүл  іліммен  кейінгі  лекцияларда 
толығырак танысамыз.
А.Р.  Лурия  (1973)  нейропсихологиялык  зерттеулер 
нәтижесінде  мидын  3  негізгі  морфофункциялық  бірлес- 
тігі  болатынын  анғарды.  Біріншісі  —  ортаңгы  мидың 
торлы 
күрылымы, 
таламустың  арнамалы 
түйіндері, 
гиппокамп  пен  күйрықты  түйін,  оларды  біріктіріп, 
үйлестіретін  ми  кыртысы.  Екінші  функциялык  бірлес- 
тікке  кыртыстын  артқы  бөлімдерінде  орналаскан  кору, 
есту  жэне  дене  сезім  аймактары  жатады.  Бүл  бірлестік 
кабылдау,  талдау  жэне  мэліметті  есте  сактау  кызметтерін 
аткарады.  Бүған  нейрондардьщ  3  кабаты  катысады. 
Үшінші  бірлестік  кыртыстын  мандай  болігіндегі  нейрон
158

топтары  күрделі  психикалык  жағын  бакылап,  реттейді 
жэне 
бағдарламалар 
жасайды. 
Сондықтан 
үшінші 
бірлестікке  өте  көп  мән  береді.
Мандай  қыртыстың  психофизиологиялық  маңызы 
зор  екенінде  дау  жоқ.  Бірақ  психика  бір  ғана  мандай 
қыртысының  қызметі  десек,  кателескен  болар  едік, 
өйткені  ол  түтас  мидың,  оның  барлық  бөліктерінін 
кызметінің  жиынтығы,  олардың  үйлесімді  функцияла- 
рының нәтижесі.
Жоғарыда  келтірілген  мәліметтерді  талдай  келе, 
мидың  екі  улкен  негізгі  касиетін  айкындауға  болады. 
Біріншісіне  оның  тұрақты  морфологиялық  негіздегі 
аумағы  шектелген  функциялык  жүйесін  жаткызамыз. 
Екіншісіне  есте  жақсы  сақталған  мәліметтердің  негізінде 
калыптасқан  қызметтерді жаткызамыз.
Екеуін 
салыстырсақ, 
қоршаған 
ортанын 
жана 
жағдайына  бейімделу  тұрғысынан  жэне  функциялык 
іскерлігі  жағынан  мидың  екінші  касиеті,  механизмі 
артығырақ.  Бірак  бұл  касиет  мидың  бірінші  қасиетіне 
негізделген.  Оған  қоса  айтарымыз,  бүл  екеуі  бірбіріне 
жәрдемдеседі,  өзара  қатынас  арқьшы  бірінбірі  толық- 
тырады,  екеуінің  арасында  қайшылык жок.
Жоғарыда  айтқан  мидың  екі  касиетінен  басқа 
қосымша  касиеттер  де  бар.  Ол  полифункциялык  және 
полибиохимиялык  өте  жылжымалы,  әрі  көп  райлы 
болғандыктан 
адамнын 
миына 
шексіз 
мүмкіндік 
тудырады.  Адамнын  миының  қызметі  белгілі  не  санаулы 
бағдарламалар  деңгейінде  ғана  шектелсе,  оның  бол- 
жалдық,  тапқырлық,  тығырыктан  дер  кезінде  шығып 
кету  қасиеттері  болмаған  болар  еді.
Ғылымның  қазіргі  жетістіктеріне  сүйене  отырып,  ми 
кыртысындағы  функциялык  аймактар  түрақты  деп  айта 
алмаймыз.  Ортаңғы  мида,  мишықта,  аралық  мида, 
жүлында, 
мүмкін 
кыртысасты 
түйіндерде, 
лимбия 
жүйесінде  функциялык  түрақты  орталыктар  бар  деп 
айтуга  болады.  Ал  ми  қыртысында  мүндай  түракты 
функциялык  орталыктар,  тіпті  аймактар  да  болуы  тиіс 
емес.  Өйткені  ми  қыртысынын  адамда  жаксы  дамуынын 
негізгі  себебі  қоршаған  ортаның  жыл  сайын,  күн  сайын,
159

минет 
сайын, 
секунд 
сайын 
өзгеруіне 
адекватты 
бейімделу  еді.  Ми  кыртысының  ауыспалы,  жылжымалы, 
шапшаң  әсерлілік  механизмдері  өте  тез,  әрі  дәлме-дәл 
сәйкестік  бейімделулікті  камтамасыз  етеді.  Онсыз  сәтті 
және  бакытты  өмір  сұруге  болмайды.
Методология 
мен 
зерттеу 
әдістері. 
Мидағы 
күбылыстардың  зандылықтарын  білу  арқылы  дүниені 
дүрыс  тануға  жол  ашу  әдістерінің  жиынтығын  методо­
логия  дейміз.  Әрине,  бүл  миды  зерттеу  методологиясы. 
Әр  пәннін,  әр  ғылымның  озінің  методологиясы  бар. 
Жоғарғы 
жүйке 
жүйесінің 
методологиясы 
гылыми 
зерттеу  жүмысының  бағдарламасына  сілтеме  жасап, 
алдагы  койылған  міндеттерді  калай,  кай  жолмен  шешуге 
болатынын  көрсетеді. 
Алынған  мәліметтерді  талдап 
жіктеу тәртібін  көрсетеді.
Тәжірибе  жүмысынын  техникалық  орындалу  әдісін 
жасайды.  Әрбір  жаңа  табылған  зерттеу  әдісі  ғылымның 
дамуына  жаңа  белес  ашады  деген  И.П.  Павлов.  Әрбір 
жеке  әдіс  әр  мәселенің  шешу  жолы,  ғылыми  жүмыстың 
техникалық орындалу  мүмкіншілігі  болып  есептеледі.
Методология  дүрыс  болса,  максатка  сай  қажетті  әдіс 
тандап  алынады.  Сүрыпталып  алынган  әдістер  жүйесі 
методологияның  дүрыстығын  дәлелдейді.  Демек,  екеуінін 
арасында  диалектикалык  карым-катынас  бар.
Нақгылы  әдіс  ғылымның  талабына,  қойылған  максатқа 
орай 
озгеріп 
түрады. 
Бір 
әдіс 
ескіріп, 
жана 
әдіс 
қолданылады.  Физикалык  жана  аспаптарды,  не  химиялык 
заттарды  пайдаланып,  әдістін  жоғары  деңгейіне  кошуте 
болады.  Осыған  байланысты  методология деңгейі Де  оседі.
Жоғары 
жүйке 
әрекетінің 
зерттеу 
әдісі 
— 
И.П.  Павлов  ашқан  шартты  рефлекстер  әдісі.  Туғаннан 
кейін  жаңадан  пайда  болатын  рефлекстерді  И.П.  Павлов 
шартты  рефлекстер  деп  атаган,  өйткені  олар  белгілі  бір 
шартты  жагдайда туады.
Енді  қандай  шарттар  болуы  тиіс  екеніне  токталайык.
1.  Шартты  (жана)  рефлекс  шартсыз 
(ескі,  туа 
болған)  рефлекстін  негізінде  туады.
2
.  Шартты  тітіркену  3-4  секунд  эсер  еткеннен  сон 
шартсыз  тітіркендіру  басталады  да  30-40  секунд  екеуі
160

бірге  эсер  етеді.
3. 
Екі  тітіркендіргіштің  біріккен  әсері  бірнеше  рет 
кайталануы  шарт. 
Кайталану  саны  рефлекстін  туу 
мөлшерін  көрсетеді.
4.  Бөгде  тітіркендіргіштер  эсер  етпеуі  шарт.
Шартты  рефлекстің  пайда  болғанын  тексеру  үшін 
шартсыз  тітіркендіргішті  күндегі  уақытынан  кешіктіріп  бас­
тайды,  сонда жалаңқай  шартты тітіркендіргішке жауап  берсе, 
онда жаңа рефлекстің пайда болғаны деп есептеу керек.
Шартты  рефлекс  әдісімен  И.П.  Павлов  мидың  қыз- 
метінің  көптеген  заңдылыктарын  ашты.  Бүл  әдістің 
үтымдылығы  —  ол  миды  зақымдамай,  тікелей  электр 
тоғымен  тітіркендірмей,  наркоз  қолданбай,  калыпты 
тіршілік  жағдайында  зерттеу жүмысы  жүргізіледі.
Бүл  әдіс  қаншалықты  жаңа,  қолайлы  болғанымен, 
барлык  мәселелерді  шешуге  жеткіліксіз. 
Сондықтан 
қосымша  әдістерді  колданады.  Оның  бірі  экстирпация — 
кесіп  сылып  алып  тастау,  немесе  оталау  әдісі.  Бүл  әдіс 
бойынша  мидың  кейбір  бөлігі  закымдалғанда  оның 
кандай  залалы  барын  тексереді.  Бірақ  бүл  өте  сирек 
қолданылады  және  оте  түрпайы  әдістеме.
Тітіркендіру  әдісі.  Электродты,  соңғы  жылдары 
микроэлектродты,  мидын  әр  жеріне  хирургиялык  оталау 
жолымен  орналастырып  алып,  операциядан  айыққаннан 
кейін  электр  тоғымен  тітіркендіреді  және  биотоғын 
электроэнцефалограф  аркылы  жазып  алады.  Мидың  эр 
нүктесіне  микроэлектродты  дәл  қадау  үшін  стереотаксис 
аспабын  пайдаланады.  Оның  үшы  орналаскан  нүктесін 
ми  атласы  бойынша  айқындайды.  Электрофизиоло- 
гияның  бүл  әдісі  жеке  нейроннан  биотоқты  жазып  алуға 
мүмкіншілік  береді.  Эрине,  зерттеу  жүмыстары  егеу- 
күйрықтарға,  иттерге,  мысықтарға,  кояндарға,  маймыл- 
дарға,  яғни  лабораториялык  жануарларға  жүргізіледі. 
Кейбір  өте  кажетті  жағдайда  науқас  адамдарды  (мысалы, 
эпилепсияның  үстамасы  өте  жиі  болып  тіршілігіне  қауіп 
төнгенде,  немесе  басқа  ауыр  жағдайда)  емдеу  үшін 
алтыннан  жасаған  микроэлектродтарды  пайдаланады. 
Бүл  әдіс  коп  каражатты  кажет  етеді.
Биохимиялык  әдіс.  Ми  сүйыктыгы  —  ликворды
161

зерттеу  үшін  биохимиялык  әдістерді  колданады.  Оның 
қүрамындағы  амин,  май  кышқылдары,  глюкоза,  фер- 
менттердің  және  т.б.  затгардың  мөлшерлерін,  өзгеріс- 
терін  биохимиялык  анализ  арқылы  біледі.  Қажет  болса, 
фармакологиялық 
препараттарды 
түтікше 
шыны 
хемотродтар  (электрод  сияқты,  бірақ  шыныдан  жасалған 
өте  жіңішке  түтікше)  арқылы  мига  жібереді.
Кейбір  мәселелерді  шешу  үшін  кибернетика  әдіс- 
терін  де  пайдаланады.  Мысалы,  мәліметтерді  қабылдау 
жүйесін  оларды  өткізу  тәртібі  және  бағыттау  жолын 
білуге  мүмкіндік  береді.  Бүл  әдістердің  үтымдылығы  — 
әсіресе,  қері  байланыс  механизмінде.  Ол  рефлекстік 
қағиданың  ілгері  дамуына, 
мидағы 
күбылыстардың 
зандылықтарын  ашуға  көп  мүмкіншілік  берді.  Жоғарғы 
жүйке  жүйесінің  механизмін  тексеретін  кибернетикалық 
әдістің  бір  түрі  модельдеу  әдісі  деп  аталады.  Ағзаның 
кейбір  функциясына  үксас  үлгісін  жасайды  да  әртүрлі 
жағдайда  өзгеріс  зандылығын  бақылайды.  Жасанды 
қүрылымның  мүмкіншілігі,  әрине,  мидан  жүз  есе  томен, 
бірак  ғылыми  зерттеу  жүмысына  қосымша,  келешегі  мол 
болуы  мүмкін.
Нейрохимия 
әдісі. 
Нейронның 
биохимиясын 
зерттейді,  оның  молекулярлык  қүрылымын  анықтайды, 
метаболизмін  ашады.  Нейрология,  нейрофармакология, 
нейрофизиология  ғылымдарының  молекулярлык  деңг- 
ейінде 
болып 
жататын 
қүбылыстарды 
зерттеуге 
колданылады.
Биофизика,  кибернетика,  математика,  цитология 
әдістерінің  элементтері  нейрохимиялық  әдістемелерде 
пайдаланылады.  Олардын  мүмкіншіліктерін  ескеріп  және 
үйлестіріп  нейрохимия  оз  міндеттерін  орындайды.  Бірак 
нейрохимияның  зерттеу  мүмкіншілігі  нейрон  деңгейімен 
шектеулі.  Онын  озінде  де  нейронның  ішіндегі  мәліметті 
бір  молекуладан  екіншісіне  гана  откізе  алады,  электрлік 
жэне  химиялык жолдар  бойынша  нерв  импульстері  өтеді. 
Бүл  импульстер  коз  жанарынан,  күлақтан  не  баска 
мүшеден  келеді,  биофизикалық  айырмашылыгы  жоқ, 
бәрі  бірдей  жэне  олардын  бойында  психофизиологиялык 
мәлімет  болмайды.
162

Мазмұнды  мәлімет  тек  ми  қыртысында  туады. 
Мысалы, 
біз 
біреудің 
сөзіне 
қүлақ 
салғанда 
есту 
жүйкесінде  козу  толқындары  пайда  болады,  электрлік 
нерв  импульстерінің  кодында  дыбыстың  мағынасы  әлі 
болмайды,  ол  тек  кана  күлак  ми  қыртысының  41-42 
самай 
аймағымен 
жалғасқан 
сәтте 
туады. 
Демек, 
нейрохимиялық  әдіс  нейронның  ішіндегі  молекула- 
лардың  кызметін  зерттеуге  мүмкіндік  бере  алады.  Бірак 
жогары  жүйке  әрекетін,  айталык  сезу,  түсіну,  ойлау, 
болжау 
сиякты 
күрделі 
психикалык 
күбылыстарды 
зерттеуге  мүмкіндік  бере  алмайды.
Психологиялык  әдістер.
  Адамнын  жеке  ерекшелігін, 
мінез-қүлқын 
білу 
үшін 
психологиялық 
әдістерді 
қолданады.  Бүларды 
бакылау
  және 
тәжірибелік
  әдістер 
деп  екі  топқа  белуге  болады.
Бақылау  әдістері  бойынша  қалыпты  үйреншікті 
жагдайда  адамның  іс-кимылын,  мінез-күлқын,  жеке-дара 
ерекшелігін  сырттай  бакылап,  біледі.  Фотоаппаратты, 
видеокамераны,  магнитофон  т.  б.  заманга  сай  аспап- 
тарды  пайдаланып,  деректі  мәліметтерді  пайдалануга 
болады.  Анкета  тәртібімен  күжатты  мәліметтер  жинап 
алып,  талдау  аркылы  зерттеуге  болады.
Соңгы  уақытта 
мәтін  әдістемесін
  жиі 
қолдана 
бастады.  Алдын  ала  сүрақтар  дайындап,  берген  жауаптың 
маңызына 
карай 
адамнын 
коз 
карасын, 
ой-өрісін, 
білімін,  мамандық  шеберлігінің  дәрежесін  анықтауга 
мүмкіндік  береді.
Бақылау  әдісінің  тагы  бір  түрі  —  ол 
коррелятивтік 
талдау.
  Мінез-күлыктын  немесе  тагы  баска  жогаргы 
жүйке  әрекетінін  бірнеше  белгілері  туралы  мәліметтердін 
озара 
байланысын 
математикалык 
жолмен 
есептеп 
шыгарып,  білуге  болады.  Мысалы,  акылдылық,  білім- 
ділік,  сергектік,  солгындық  арасында  қандай  корре- 
лятивтік  байланыс  бар,  тура  байланыс  па,  жоқ  кері 
байланыс  па,  соны  вариациялык  статистика  әдісімен 
аныктайды.
Тәжірибелік  әдіс.
 
Бакылау  әдістері 
іс-әрекеттің 
белгілерін  көрсетіп  кана  кояды.  Олардын  себептері  мен 
касиеттерін  ашып  бере  алмайды.  Сондыктан  баска  әдісті
163

қолдануға  тура  келеді.  Тәжірибелік  зерттеу әдісі  бойынша 
зерттеуші  бақылайтын  уакиғаға  белсенді  түрде  араласып, 
ішінде 
жүреді. 
Тәжірибені 
күрал 
жабдыктардың, 
косымша  факторлардың  көмегімен  де  жүргізуге  болады. 
Мысалы,  балалардың  іс-кимылын,  шапшандыгын  анық- 
тауға  электрондық  ойындар  аспабын  пайдаланады.  Аспап 
қате  жасаған  кимыл  реакция  санын  жазып,  көрсетіп, 
нәтижесін  шығарып  береді.
Тәжірибені 
жеке 
адамға, 
не 
2-3 
топтағы 
көп 
адамдарға  жүргізіп,  салыстырмалы  нәтиже  алуға  болады. 
Себептік  нәтиже  керек  кезінде  бірнеше  корсеткіштерді 
тәжірибе  жағдайына  кіргізіп,  олардың  нәтижесін  салыс- 
тыра  отырып  әрқайсысының  мәнін  ажыратады.  Егер 
тәжірибе  мәліметтері  коп  болса,  вариациялык  статистика 
әдісімен  дүрыс-терісін  есептеп  шығарады.
Психологиялык  әдістердің 
кандай 
түрі 
болсын, 
сүрақ-жауап  ретінде  әңгімелесумен  алынған  мәлімет- 
термен  толыктырылады.  Оған  қосымша,  адамның  мінез- 
күлқының 
сипаты, 
козкарасының 
өзгерістері 
еске 
алынады.
19-лекция.
  Шартты  рефлекс  және  оның 
мидағы  механизм i
Шартты  рефлекстің  негізгі  сипаттамасы.  Шартты 
рефлекстердің  жіктелуі. 
Мидағы  уакытша  байланыс 
механизмі.  Оның  нейрондык  катынас  негізі.  Шартты 
рефлекстің тежелуі және  оның механизмі туралы.
Алдыңгы  лекцияларда  айтылғанындай,  рефлекстер 
шартсыз  жэне  шартты,  яғни  туа  жэне  жүре  пайда  болған 
рефлекстер  деп 
үлкен 
екі 
топка 
бөлінеді. 
Бүгінгі 
әңгімелейтініміз  шартты  рефлекстер  туралы.  И.П.  Пав- 
ловтын  кагидасы  бойынша,  жагдайга  байланысты  эр 
адамда  жана  рефлекстер  туады.  Онын  пайда  болуына 
бейімделу  кезінде  бір  себеп  болады.  Ал  себеп  болмаса, 
жана  рефлекс  тумайды.  Бүл  шарт,  сондықтан  оны 
шартты рефлекс
 деген.  Шартты  рефлекстердің  тіршілікте 
манызы  зор.
164

1.Қоршаған  ортанын  жаңа  бір  жеріне  барғанда,  оның 
табиғатынын  өзгеше  болуына  сай  бейімделген  іс-қимыл, 
мінез-кұлық рефлекс  тұрінде  қалыптасады.
2.  Шартты  рефлекс  жоғары  жүйке  әрекетінің  қызме- 
тінің  негізгі  көрсеткіштерінің  бірі  болып  саналады.
3.  Ол жаңадан  пайда  болатын  іс-қимылдың  физиоло­
гиялык  механизмі,  әрі  ерікті  іс-әрекеттің  бастамасы,  әрі 
нәтижесі деп  қарау  керек.
Шартты  рефлекстер  шартсыз  рефлекстердің  негізінде 
туатын  болғандықтан, 
И.П.  Павлов 
оларды 
жүйелік 
тәртіп  бойынша  ас  корыту,  тыныс  алу,  кан  айналыс, 
жыныстык  катынас,  өсіп-ону,  т.  б.  шартты  рефлекстері 
деп  жіктеген.
И.П.  Павловтын  шәкірті  А.Д.  Слоним  барлық  шарт­
ты  рефлекстерді  үшке  болген:  А-сырткы  коршаган  ортага 
бейіадделу  рефлекстері;  Б-ағзанын  ішкі  дүниесін  қалыпты 
жағдайда  сактау  рефлекстері;  В-осіп-ону  рефлекстері.
Тіршіліктің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет