Физиологиясы


К өр у  талдағы ш ы ны ң  құрылысы



Pdf көрінісі
бет10/17
Дата20.01.2017
өлшемі5,31 Mb.
#2300
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

  К өр у  талдағы ш ы ны ң  құрылысы 
м е н   қы зм еті
Ж алпы  сипаты. 
Оптикалық  жэне 
кабылдагыш 
жүйелері.  Фотохимиялык  әсерленіс.  Көздің  электрлік 
касиеті.  Көз  өткірлігі.  Бейімделуі.  Түрлі  түсті  заттарды 
көру механизмі.  Қашыктьщты  аньщтау.  К ос  көзбен  көру. 
Аккомодация.  Көз рефракциясының келістілігі.  Астигма­
тизм.  Карашык  рефлекстері.  Диспарация.  Кылилык. 
Глаукома  т.  б.  көз аурулары.
Коз  адамнын  дүниеге  ашылған  есігі  сиякты,  ол 
аркылы  жерді,  аспанды,  жүлдызды,  бүкіл  әлемді  көріп, 
білеміз.  Көрудің  тууына  бірінші  себеп  күн  мен  айдың 
жарық  сәулелерінің  әсері.  Олардан  электромагниттік 
фотон  не  квант  түрінде  келіп  жеткен  куат  көзге  эсер 
етеді.  Сәуле  толқынынын  шапшандығы  300  000  ш /с. 
Толкындағы  сәулелер  қуаты,  шапшандык  және  кванттық 
мөлшері  әр  түрлі.  Қыска  толқындар  300  нм төмен,  куаты 
400  кДж/моль,  олар  көзге  зиянды.  Бүларға  гамма- 
сәулесі,  рентген  және  ультрафиолетті  сәулелер  жатады, 
бірак  бір  жаксысы  —  олар  жерге  тура  жетпей,  атмос- 
фераның  озонды  жогарғы  кабатынан  отпей  жиналып, 
қалып  қояды.  Ал  900  ям-ден  артық  үзын  сәуле 
толқындарының  куаты  өте  аз,  сондықтан  олар  агзаға  эсер 
етпейді.  Көздің  көру  сезімін  тудыратын  сәуле  толкын- 
дары  300-800  нм  аралығында  болады,  бірак  адам  мен 
жануарларда  бірдей  емес.  Мысалы,  араларда  300-650  нм,
122

ал  адамда  400-750  нм.  Негізгі  сәуле  толқындарынын 
мөлшерін  айтсақ,  қызыл  620-760,  жасыл  510-550,  көк 
450-480  нм.  Көздің  өткірлігін  осы  сәуле  толкындары 
дамытады.  Баска  толқындар  —  сары  575-585,  сарғыш 
585-620,  көкшіл  480-510,  күлгін  400-450  нм  косымша 
түсті  бояу  сезімін  тудырады,  әсіресе,  олардың  бір  сәтте 
түйісіп  қосылуының  әсерінен  толып  жатқан  аралық  түсті 
сезімдер  туады.
Көру  қабылдағышы  —  адам  мен  жоғары  сатылы 
жануарлар  үшін  аса  маңызды  сезім  мүшесі.  Миға  барлык 
қабылдағыштардан  келетін  мәліметтің  90  пайызы  осы 
көздің  үлесінде.
Көздін  сәуле  өткізу  жүйесі.  Заттарды  дүрыс  көру 
үшін  соған  көзді  қадап,  тура  бағыттау  керек.  Табиғатта 
жануарлардың  көптеген  түрлерінде  көз  алмасы  шар 
тәрізді  болып  келеді.
Көз  бас  сүйегінің  көз  үясында  орналасқан  шар 
тәрізді  домалақ  мүше,  сондықган  оны  көз  алмасы  деп 
атайды.  Көз  алмасыньщ  үш  кабыкшасы  бар:  сыртынан 
тығыз  келген  дәнекер  тканінен  қүрылған  ак  кабыкша 
немесе  склврамен  капталган.  Склераның  артқы  жағында 
тесік  болады,  ол  арқылы  көру  нерві  енеді.  Ақ  қабыкша- 
нын  алдыңғы  бөлігі  мөлдір  касаң  қабықка  айналған.  Ак 
кабыкшадан 
кейін 
тамырлы 
кабыкша 
орналаскан. 
Тамырлы  кабықшаның  алдыңғы  болігі  нүрлы  қабық  деп 
аталады.  Көздің  ішкі  үшінші  кабықшасы  —  торлы қабык- 
Нүрлы  кабықтан  кейін  екі  жағы  да  дөңес  мөлдір  линза 
тәрізді  қүрылым  —  көз  бүршағы  орналаскан.  Коз 
алмасының  ішкі  куысын  қоймалжың  шыны  тәрізді денв 
толтырып  түрады.
Жарық  сәулесін  сындыратын  жүйе  мен  торлы  кабық 
көздің  негізін  күрайды.
Әрбір  оптикалық  жүйенің  жарық  сәулесін  сындыру 
күшін  диоптрий  мөлшерімен  белгілейді.  Бір  диоптрий 
(Д)  —  сынып  өтетін  жарык  сәулесінің  түйісетін  нүкте 
аралығы  100  см-ге  тен  линзанын  сындыру  күші.  Алыс- 
тағы  заттарға  карағанда  адам  көзінін  жарык  сындыру 
күші  70,5  Д   болады.  Фокус  кашыктығы  неғүрлым  аз 
болса,  сындыру  күші  соғүрлым  күштірек  келеді.  Заттарды
123

жақындатып  қараған  сайын  сәулелердін  тұйісу  нүктесі 
кейін  шегініп,  торлы  кабыкшадағы  бейне  көмескіленеді.
Көздің 
кабылдағыш 
жүйесі. 
Көздің 
күрделі 
күрылымды  ішкі  қабатына  торлы  кабат  жатады.  Мүнда 
екі  түрлі  қабылдағыштар  —  таякша  және  сауыт  пішінді 
қабылдағыштары  мен  көптеген  өсінді  бүтақтары  бар 
жүйке  торшаларының  бірнеше  түрлері  орналаскан.
Жарык  сәулесінің  әсерінен  козу  кабылдағышында 
фотохимиялык  реакция  жүреді.  Одан  пайда  болған 
химиялык  заттар  кору  кабылдағыштарын  коздырады 
жэне  одан  әрі  таяқшалар  мен  сауытшалар  байланыскан 
нейрондарда  козу  тудырады.  Осы  торшалар  көздін  негізгі 
жүйке  жүйесіне  жатады,  ол  арқылы  көру  хабарларын 
мида 
орналаскан 
орталыққа  жеткізеді 
және 
оның 
талдануы 
мен 
өнделуіне 
қатысады. 
Көздің 
торлы 
кабығын мидың шеткі  бөлімі деп  есептеуге  болады.
Торлы 
кабыктың  сыртқы 
қабаты 
фусцин  деп 
аталатын  пигменті  бар  эпителимен  жабылған.  Фусцин 
жарықты  сініріп,  оның  шағылысуына  және  шашырауына 
кедергі  болады.  Бүл  пигмент  кору  түйсігін  анық  етеді. 
Таяқшалар  мен  сауытшалардың  жарық  сезгіш  мүшелерін 
қоршаған  пигменттік  өсінділері  коп  торшалар  фотоқа- 
былдағыштардағы  заттың  алмасуына  және  пигменттің 
түзілуіне  катысады.  Пигменттік  эпителидің  ішкі  жағынан 
фотокабылдағыш  қабаты  жалғасады,  олардың  жарық 
сезгіш  мүшелері  жарыкка  қарама-қарсы  бетке  орнала- 
сады.  Әрбір  фотоқабылдағыш  жарық  әсеріне  сезімтал 
болады,  ол  екі  бөліктен  түрады:  кору  пигменті  бар 
сырткы  жэне  ядросы  мен  митохондриялары  бар  ішкі 
бөліктер.  Сыртқы  бөлігі  диаметрі  6  млгм-дей  жүқа  табақ- 
шалардан  (дискілерден)  қүрылған.  Олардын  саны  400-800 
шамасында.  Әр  табакшанын  екі  мембранасы,  белок 
молекулаларының  арасында  липидтерден  күралған  жеке 
қабаттары  болады.  Затты  көру  пигменті  родопсиннің 
күрамында  опсин  белогі  мен  ретинолдан  (А  витамині) 
түрады.
Фотоқабылдағыштын  сырткы  және  ішкі  бөліктері 
мембранамен  бөлінген.  Мембрана  аркылы  тек  қана 
күрамында  17-18  жіңішке  талшыктары  бар  буда  ғана
124

өтеді. 
Мембрананьщ 
ішіндегі 
ішкі 
бөлік 
өсіндіге 
айналады.  Бұл  бөліктің  көмегімен  фотокаб ылдағыштар 
тіркес  арқылы  қозуды  оған  жалғасқан  биполярлық 
нейрондарға  өткізеді.
Адамньщ  көзіндегі  торлы  қабықта  6-7  миллиондай 
сауытша  торшалар  бар.  Ал  таяқша  тәрізді  торшалардын 
саны  110-125  миллион.  Торлы  қабықгағы  таяқшалар  мен 
сауытшалар  біркелкі  орналаспаған.  Торлы  кабықтың 
орталық  шүнкырында  тек  сауытшалар  бар,  бүл  жерін 
орталык  дак  теп  атайды.  Сауытша  торшалардын  саны 
торлы  қабықтың  шетіне  карай  азая  түседі  де,  таяқша 
торшалардын  саны  көбейе  береді.  Орталык  дакта  тек 
кана  сауытша  торшалар  болғандықтан  көріп  түрған  түсті 
заттан  шағылысып  бүл  жерге  түскен  сәулелер  арқылы 
заттың 
түсі 
жаксы 
анықталады. 
Торлы 
қабықтың 
ортасынан  шетіне  карай  алыстаған  сайын  заттьщ  түсі 
анықталмайды.  Сауытша  торшалардын  жарық  сезімтал- 
дығы  таяқша  торшалардан  20-30  есе  нашар,  сондықтан 
жарық  азайған  кешкі  ымырт  кезінде  затты  кору  тек  қана 
таяқша  торшаларға  байланысты.  Сәуле  көру  қабылда- 
ғышының  көз  алмасына  кірген  жердегі  торлы  қабатта 
жарық қабылдайтын  торшалар  жок,  ол  жерді  сокыр нүкте 
деп  атайды.  Соқыр  нүктеге  түскен  жарық  сәулелері 
кабылданбайды.
Көздің  торлы  қабығының  жарық  қабылдағыштар 
орналаскан 
қабатының 
ішкі 
жағында 
биполярлык 
нейрондар  бар.  Бүл  нейрондарға  ішкі  жағынан  ганглиоз- 
ды к  нейрондар  жалғасады.  Ганглиоздық  нейрондардың 
аксондары  кору  жүйкесінің  талшықтарын  қүрастырады. 
Сондықтан  жарықтын  әсерінен  фоторецепторларда  козу 
туады  да,  ол  биполярлык  жэне  ганглиоздық  нейрондар 
аркылы  жүйке  талшыктарына  өтеді.  Ж арык  кабылдайтын 
сауытша  торшалардын  саны  6-7  млн,  таяқшалардың 
саны  110-125  млн  деп  алдында  айтып  кеткеміз,  яғни  жал­
пы  саны  120-130  млн  шамасында.  Ал  осыншама  жарык 
кабылдайтын  торшаларға  келетін  жүйке  талшықтарының 
саны  небәрі  1  миллионнан  сәл  артық  ганглиоздық 
торшалардын  өсінділері.  Олай  болса,  көптеген  жарық 
кабылдағыштарынан  келген  қозу  толқындары  бір  ғана
125

ганглиоздық  торшаға  жиналады.  Ал  әрбір  ганглиоздык 
торша  коптеген  биполярлык  нейрондармен  байланысады. 
Ендеше,  әрбір  ганглиоздык  нейрон  бірнеше  жарык 
кабылдағыштарында  пайда  болған  козуды  жинактайтын 
болганы. 
Тек  қана  орталык  дақтағы 
эр 
сауытша 
торшалар  бір  гана  биполярлык  нейронмен  байланысады, 
онымен  бір  гана  ганглиоздык нейрон  жалғасады.
Қабылдағыштың 
қозу 
өрісін 
бір 
ганглиоздык 
торшамен  байланыстагы  фотоқабылдағыштар  күрады. 
Және  де  түрлі  ганлиоздық  нейрондардың  кабылдагыш- 
тарынын  өрістері  үстемеленіп,  бірін-бірі  жартылай  жауып 
түрады.  Көлденең  және  амакринді  торшалар  торлы 
кабыктағы  көршілес  орналаскан  нейрондарды  өзара 
байланыстрады.  Олардын  өсінділері  бинокулярлық  және 
ганглиоздык торшаларды  көлденен түрде  жалгастырады.
Торлы  кабыкта,  афференттік  талшықтарға  коса, 
орталык жүйке  жүйесінен  серпіністер  әкелетін  эфферент- 
тік  жүйке  талшыктары  да  болады.  Бүл  серпіністер  торлы 
қабыктагы  ганглиоздык  жэне  бинокулярлык  торшалар­
дын  аралык  синапстарына  эсер  етеді  жэне  козудың  өтуін 
реттейді.  Мүнда  торлы  кабықтың  кан  тамырларының 
кызметін 
реттейтін 
эфференттік  козгалтқыш 
жүйке 
талшыктар  да  болады.
Көздін  торлы  кабыгындағы  фотохимиялык  реак­
циялар.  Адамдар  мен  көптеген  жануарлардың  торлы 
кабыгындагы  таяқша  торшаларда  родопсин,  ягни  қып- 
кызыл  кору  пигменті  түзіледі.  Мүны  1877ж.  Франц  Боль 
ашкан  болатын,  содан  кейінгі  100  жылдың  ішінде 
родопсиннін  касиеттері  мен  күрамы  толык  зерттелген. 
Тіпті 
ондагы 
химиялық  өзгерістер 
де 
тәптіштеліп 
зерттеліп,  аныкталган.
Сауытша  торшаларда  йодопсин  деген  пигмент  бар. 
Сонгы 
кезде 
кейбір  сауытшалардын  хлоролаб 
пен 
эритролаб  пигменттерін  де  түзетіні  аныкталып  отыр. 
Ж эне  булардан  баска  да  пигменттер  болуы  мүмкін деген 
болжамдар  бар.  Зерттеулердін  нәтижесінде  хлОролаб 
жасыл  түске,  ал  эритролаб  кызыл  түстін  спектріне  сәйкес 
сәулелерді  сіңіреді.
Кэру  торлы  кабыктагы  таякша  жэне  сауытша
126

торшалардын  жарык  сәулесін  сіңіруден  басталады.  Мүн- 
дай  жағдайда  біртіндеп  өңсіздендіру  мен  родопсиннің 
регенераниясы  байқалады.  Родопсин  11-цисретинальден 
түрады.  Жарык  11-яясретинальдің  изомерленуін  тудыра- 
ды  да 
толықгранорети
ііаль  пайда  болады,  ретинальоп- 
син 
күрамасы 
диссоциацияланып 
нерв 
импульсін 
тудырады.  Бүл  химиялык  реакция  кезінде  Са++  родоп­
син!  бар  мембрананын  дискілерінен  шығып,  таякша 
торшалардын  плазмалық  мембранасына  барып  жетуі 
кажет.  Жарык  родопсиннің  фосфорлануына  дем  береді. 
Бүл  процесс  торлы  кабыктың  жарықтануының  өзгеруіне 
бейімделуге  байланысты  болуы  ыктимал  деген  болжам 
айтылып  жүр.
Родопсиннін  кайтадан  күрастырылуы  көздің  кара- 
шығында  өтеді.  A  витаминінің  денеде  жетіспеуі  көздің 
өткірлігінін,  онын  кору  кабілетінін  нашарлауына  себеп 
болады.  Сондыктан  авитаминоз  A  кезінде  гемералопия 
немесе  акшам  сокырлыгы байқалады.  Мүндайда  адам  кеш- 
ке,  ымырт  кезінде  түсті  затгардың  бояуын  аныктай  алмай- 
ды,  ауру аскынғанда мүлдем  көрмей  калуы да мүмкін.
Көздін  торлы  кабығындағы  серпіністер  өте  үнемді: 
жарык  оте  күшті  болғанның  өзінде  барлык  родопсин 
реакцияға түспейді,  аз  ғана  бөлігі  ыдырайды.
1931  ж.  Хехт  бір  ғана  фотон  жарык  нерв  импульс- 
терін  тудыратынын,  ал  оның  шәкірті  Г.  Вальд  (1933) 
мүның  молекулярлық  негізін  анықтаған.
Таякдпалар  жүйесінің  сезімталдығы  сауытша  торша­
лар  жүйесінен  бір  шама  жогары.  Каранғы  жерден  жарык 
мол  жерге  шыкканда  адам  маңайындагы  заттарды  коре 
алмай  калады.  Бірак  шамалы  уақыттан  кейін  бірте-бірте 
күшті  жарыкка  икемделіп, 
манайындағыларды  коре 
бастайды.  Сол  сиякты  жарыктан  қараңғыга  шыкканда  да 
коз  кормей  калады.  Біртіндеп  қабылдағыштар  мен  кору 
нейрондарынын  сезімталдығы  артады.
Сол  сэттен  бастап  адам  коре  бастайды.  Біраздан  сон 
тек  заттын  жалпы  бейнесін  гана  коріп  коймай,  онын 
бөлшектерін,  касиеттерін  де  ангара  бастайды.  Көздін 
күшті  немесе  оте  әлсіз  жарыкка  икемделуін  онын 
жарыктың  күшіне  бейімделуі  (адаптациясы)  деп  атайды.
127

Өте  күшті  және  өте  әлсіз  жарықта  торлы  қабықтын 
сезімталдығы 
төмен 
болады. 
Ж арык 
сезімталдыгы 
біркелкі  емес,  айталық,  алғашқы  8-10  минөттей  уақытта 
көздің  сезімталдығы  50-80  есе  артса,  бір  сағатта  бірнеше 
ондаған  мын  есе  кұшейе  алады.  Жарыкгы  сезуде 
пигменттердін  атқаратын  рөлі  зор.  Пигменттердің  калпы­
на  келуі  бірдей  емес.  Родопсинге  карағанда  йодопсин 
жылдамырақ түзіледі,  яғни  қайта  күралады.
Торлы  қабықтың  жарыктын  күшіне  бейімделуіне 
симпатикалык жүйке  жүйесі  эсер  етеді.
Түсті жарыкгы свзу.  Бүған дейін  көру  талдагышының 
қүрылысы  мен  негізгі  қызметтерін  айтқан  едік.  Енді  біз 
коз  туралы  мәліметтерді  әрі  қарай  жалгастырамыз. 
Қүрылысы  да,  қызметі  де  күрделі  болғандыктан  гылыми 
мәліметтер 
толық 
емес, 
бірак 
жыл 
сайын 
жана 
деректермен  толыктырылуда.  Соңғы  ғылыми  жүмыстар 
кору  сезімінің  физиологиялык  механизмін  іздестіру  сала- 
сында жүріп  жатыр.
Көзге  түсетін  сәулелердің  спектрінің  үзын  толқынды 
шетінде  толқын  үзындығы  723-647  нм  деңгейіндегі 
кызыл  түсті,  ал  қысқа  толкынды  шетінде  үзындығы 
424-387нм күлгін  түсті  сәулелері  орналаскан.  Ал  кызгылт 
сары,  сарғыш  жасыл,  көгілдір  жасыл,  көк  түсті  сәулелер 
осы  кызыл  түс  пен  күлгін  түсті  сәулелердін  спектрлерінің 
арасындағы  толқындарға  жатады.  Заттың  түсін  сезуді 
түсіндіретін  бірнеше  кағидалар  бар.  Бірак  солардын 
ішіндегі  қазіргі  кезде  мига  конымдырагы  сауытшалардың 
үш  түрлі  болуына  байланысты  үш компонентті қағида.
Таякшалар  мен  сауытша  торшалардағы  хромофорлар 
бірдей. 
Ал  олардын  сәуле 
сындыру  қабілеттерінің 
айырмашылығы  опсин  белогінің  күрамына  байланысты. 
Таяқша  жэне  сауытша  торшалардағы  белоктың  қүрамы- 
ның  негіздері  осы  кезге  дейін  нақтылы  анықгалған  жоқ. 
Тек  қана  олардын  кұрамының  озара  айырмашылыгы  ген 
денгейінде  болар  деген  болжамдар  гана  бар.  Бүган  дәлел 
агылшын  физигі  Д.  Дальтон  озінін  ауруын  тәптіштеп 
сипаттап  жазган  дальтонизм:  ер  адамдардың  1  %  қызыл 
түсті,  2  %  жасыл  түсті  ажырата  алмайды.  Ал  әйелдерде 
дальтонизм  өте  аз  кездеседі  —  0,5  %  кана.  Көздің  бүл
128

аномалиясының  үш  түрі  бар.  Протаноп  —  кызыл  түсті 
айыра 
алмаушылык, 
Дейтераноп 
 
жасыл 
түсті, 
тританоп  —  көк  түсті  ажырата  алмау,  ахромазия  —  ешбір 
түсті  ажырата  алмау.  Ахромазия  өте  сирек кездеседі.
Бүндай  кемшіліктерді  неміс  ғалымы  Геринг  зерттеп, 
өзінін  кағидасын  үсынган.  Ол  қагида  бойынша  көздің 
торлы  күрылымында  үш  түрлі  сәуле  толқындарын 
ажырататын  заттар  бар:  олар  ак-кара,  кызыл-жасыл, 
сары-көк  болып  топтасады.  Олар  сәуле  әсерінен  ыдырай- 
ды  да  нерв  үштарын  тітіркендіреді.  Соның  нәтижесінде 
ақ,  кызыл,  сары  т.  б.  түсті  сезім  туады.  Соңғысы  сәуленің 
қүрама  касиетіне  байланысты.  Оның  кванттық  мөлше- 
ріне  қарай  кара,  жасыл,  кок т.б.  түсті  сезім  пайда  болады.
Ғылымдағы  жаңалықтар  бойынша  көздін  торлы 
күрылымында  үстемді  (доминантты)  ганглий  нейрондары 
түсті  сезімдердің  жобасын  қүрастырады.  Ал  ондагы 
түрлендіргіш 
торшалар 
(модуляторлар) 
әрбір 
сәуле 
толқынына  әсерленісіп,  заттың  түсін  дәлірек  анықтауга 
катысады.  Түрлендіргіш  торшалар  7  түрлі  болғандықтан 
адамнын  көзі де  7  түрлі  түсті  анық ажырата  алады.
Сауытша  торшалардын  үш  түрі  бар.  Олардын  үшеуі 
де 
морфологиялык 
күрылымы 
жагынан 
таякша 
торшалардан  ерекше  және  олардың  дискілі  мембрана- 
ларында  да  айырмашылык  бар.  Сол  үш  түрлі  сауытша 
тәрізді  торшалардын  таякша  торшалардан  морфология­
лык  айырмашылыгы  да  бар.  Сауытшалардьщ  сырт  пішіні 
конус  тәрізді  жэне  мембраналык  дискілерінің  күрылысы 
да  озгешелеу.  Сауытшалардьщ  мембраналык  дискілері 
жеке  органелла  түрінде  емес,  онын  плазмалык  жэне 
дискілік  мембраналары  плазмалык  мембрананын  ішіне 
кірген  иірім  ретінде  күрылган.  Қазіргі  ТМД  мемл- 
екеттерінде  орыс  ғалымы 
М.В.  Ломоносовтың  (1751) 
баяғыдан  келе  жатқан  үш  компонентті  қагидасын  уста- 
нуда.  Ол  кагиданы  түпкілікті  зерттеген  Т.  Юнг  (1861),  ал 
одан 
әрі 
қарай 
дамытқан 
Г,  Гельмгольц 
болды. 
Сондыктан  казір  ол  кагиданы  Ломоносов-Гельмгольц 
кагидасы  деп  атайды.  Бүл  кагида  бойынша  сауытша 
торшалардагы  жарық  сезгіштер  әркелкі  болады.  Соган 
байланысты  сауытша торшаларды  үш  түрлі  деп  есептейді.
129

Олар  эр  үзындықтағы  толқынды  сәулелерді  қабылдайды. 
Түсті  затқа  көзді  қадап  караған  кезде  оның  түсіне  сай 
осы  үш  түрлі  сауытшалардьщ  әркайсысының  кызметке 
қосылатын  мөлшеріне  байланысты.
Коз  шалымы.  Көзді  бір  нүктеге  кадағанда  көрінетін 
кеңістікті  көздің  шалымы  деп  атайды.  Онын  шегін 
периметр  аспабы  арқылы  өлшеуге  болады. 
Көздін 
шалымы  заттың  түсіне  байланысты  әртүрлі.  Ең  үлкені  — 
түссіз  затты  қарағанда,  ал  көк,  сары  түстерге  көз 
шалымы  —  кішірек,  кызыл  түсте  одан  да  аз,  жасыл  түске 
—  не  бары  40°  шамасында  ғана.
Көздің көру өткірлігі  (жітілігі) деп  анықтап  қарайтын 
заттын  өте  үсақ  бөлшектерін  жете  айыру  қабілетін 
айтады.  Көздің  өткірлігі  сәуле  толқындары  торлы  кабық- 
тың  сары  дағына  түскенде  аса  жоғары,  ал  онын  шетіне 
қарай  төмендей  түседі.  Көздің  өткірлігін  арнайы  үлкен- 
дігі  әртүрлі  әріптер  немесе  бір  шеті  аш ық  дөңгелектер 
кестесі  арқылы  анықтайды.  Бүл  кестедегі  таңбалар  бірін- 
ші  жолдан  соңғы  жолға  дейін  үсақтала  береді.  Бірінші 
жолдың  әріптері  өте  ірі,  ең  соңғы  жолдың  әріптері  өте 
үсак  таңбаланған.  Егер  ең  соңғы  жолдағы  әріптерді 
қиналмай  оқи  алса,  көздің  өткірлігі  ең  жақсы  болғаны. 
Хат  танымайтын  адамдар  (айталық,  кішкентай  мектепке 
бармаған  бала)  бүл  кестедегі  әріптер  сияқты  орналас- 
тырылған 
кішкентай 
дөнгелектердің 
ашық 
шетін 
анықтайды.
Қашьщтыкты  аньщтау.  Көзді  тігіп  караған  заттың 
көзден 
қашықтығын 
анықтау 
қабілеті 
екі 
көздің 
қатысуымен  болады.  Қараған  заттың  бейнесінен  шагы- 
лысып  көзге  енген  сәулелер  оның  бейнесін  торлы 
қабықтың  бетіне  төңкерілген  түрде  түсіреді.  Затты  көзге 
жақындатқан  сайын  торлы  кабыкка  түсетін  бейне  үлкен 
болады.
Әртүрлі 
кашықтықтағы 
заттарды 
анык 
коруге 
мүмкіндік  беретін  сәулелерді  сындыру  күшінің  озгеруін 
көз  аккомодациясы,  яғни  икемділігі  деп  атайды.  Бүл 
сәтте  көз  бүршағының  дөңестілігі  өзгереді,  сол  себептен 
сәуле  сындыру  қабілеті  де  өзгереді.  Жакындағы  затты 
Караганда  коз  бүршағы  дөңестенеді,  сәуле  коз  ішінде
130

көбірек  сынады  жэне  торлы  қабықтьщ  бетіне  түседі.  Бүл 
кірпік  еттерінің  жиырылуына  байланысты.  Осы  сәтте 
серпімді  талшықтарды  тарту  үшін  көз  еттері  босансиды, 
сонын  нәтижесінде  көз  бүршағына  кысым  азаяды,  ол 
өзінін  созылгыштық  касиетінің  салдарынан  көбірек 
дөңестенеді.  Атропин  көздің  бүлшық  етін  босаңсытады, 
ал  пилокарпин  қатайтады.  Жас  адамдар  алыстағы  заттар- 
ды  аккомодацияға  күш  кетірмей  көре  береді,  кірпік  еті 
жиырылмайды.  Адамнын  жасы  үлғайған  сайын  көз 
бүршағынын  икемділігі  біртіндеп  азаяды,  серпімді  сіңір- 
дің  созылуы  тозады,  бірақ  көз  бүршағының  дөңестену 
кабілеті  аса  өзгере  қоймайды.
Ж акыннан  және  алыстан  көру  қабілвттері.  Көз 
алмасынын  көлденең  диаметрі  үзарғанда  немесе  жарық 
сәулелерін  сындыру  кабілеті  күшейгенде  жакыннан  көру 
кабілеті 
пайда 
болады. 
Ондай 
адам 
тек 
жакын 
орналаскан  заттың  бейнесін  анык  коріп,  козден  алыстау 
орналаскан  затты  бүлдыр  көреді.  Себебі,  козге  кірген 
сәулелер  торлы  кабыкка  жетпей  түйіседі  (фокусталады) 
да,  торлы  кабыктын  бетіне  кайта  шашыраған  сәулелер 
түседі.  Мүндай  жағдайда  торлы  кабыкка  түскен  бейне 
дүрыс  болмайды.
Коз  алмасынын  көлденең  диаметрі  кішірейгенде 
немесе  коздін  жарык  сәулелерін  сындыру  жүйесінің  кабі- 
леті  нашарлағанда  алыстан  көру  кабілеті  калыптасады. 
Ондай  адам  жакындағы  затты  бүлдыр  көріп,  көзден 
алыстау  орналаскан  затты  ғана  дүрыс  анык  көреді. 
Мүндай  жағдайда  жарық  сәулелері  торлы  қабықтан  асып 
түйіседі  де,  оның  бетіне  әлі  жиналмаған  сәулелер  түседі. 
Алыстан  көретін  адамнын  айқьтн  коретін  ен  жакын 
нүктесі 
козден 
кашыктау 
орналаскан, 
сондыктан 
жақындағы  затты  кору  үшін  көз  бүршағын  озгерту  киын. 
Ондай  адамнын  көзілдірікті  пайдаланғаны  жөн.
Жакыннан  кору  кабілетін  екі  жағы  ойынқы,  алыстан 
кору  кабілетін 
екі  жағы  дөнестеу 
әйнек 
аркылы 
жөндейді.
Астигматизм.  Әр  бағыттағы  сәуленің  коздін  іргесінде 
бір  нүктеде  түйіспеуін  (фокусталмауын)  астигматизм дей- 
ді,  яғни  бүл  коз  алмасынын  жазықтарына  сәулелер
131

бірдей  таралмағандықтан  пайда  болатын  кору  кемшілігі. 
Ол  қасаң  қабықтың  беті  біртегіс  донес  болмаған 
жағдайда  байқалады.  Астигматизм  асқынғанда  торлы 
қабықтын  бетіне  заттардың  бұзылған  бейнелері түседі.
Мүны  жондеу  үшін  тік  немесе  колденең  меридианы 
бойынша  (кемшіліктің  түріне  байланысты)  жөнделген 
цилиндр  әйнекті  пайдаланады.  Себебі  бүл  кемшілікте 
аталған  меридианный  бірі  жарык  сәулелерін  күштірек 
сындырады.  Астигматизм  өте  аз  кездесетін  кемшілік, 
сондықтан  емдеу  шараларын  үсынудың  онша  қажеті  бола 
қоймайды.  Аздаган  кемшілік  түрі  барлык  адамдарда 
кездеседі.
Көздің  карашык рефлекстері.  Көздің  қарашығы  деп 
коз  алмасынын  алдында  дәл  ортасындағы  нүрлы  қабығы 
жоқ  кішкентай  дөңгелек  тесікшені  айтады. 
Көздің 
карашығы  аркылы  жарык  сәулелері  көздің  касаң  қабыгы, 
бүршағы,  шыны  тәрізді денесі  арқылы  сындырылып  өтіп, 
фокустық  нүктеде  жинақталып  заттың  нактылы,  бірақ 
кішірейген  бейнесін  торлы  кабыққа  түсіреді.  Ол  жарық- 
тың  мөлшеріне  қарай  кішірейіп,  тек  қана  сәулелердің 
негізгі  маңызды  топтарын  откізу  аркылы  коз  алмасынын 
ішіндегі  күрылымдарды  шектен  тыс  жарықтың  әсерінен 
қорғайды  және  аз  мөлшердегі  жарық  сәулелерін  толық 
өткізіп,  жарық  аз  кезде  затты  анық  көруге  мүмкіндік 
тудырады.  Заттың  бейнесін  жақсы  кору  үшін  көздін 
карашығыныц  диаметрі  2,4  мм  болуы  керек,  бірақ 
жарықтың  молшеріне  орай  1,8  ден  7,5  мм-ге  дейін 
озгеріп  түрады.  Бүл  көз  қарашыгын  озгертетін  еттін 
рефлекторлы 
жиырылып, 
босансуына 
байланысты. 
Қарашық  рефлексі  ерікті  және  еріксіз  түрде  де  жүреді. 
Егер  жарықта  козді  жүмып,  содан  сон  кайтадан  ашса, 
карадғыда  үлкейген 
карашык  тез  тарылады, 
ягни 
карашық  рефлексінің  тарылту  түрін  осылай  байқауга 
болады.  Алысқа  көз  тіккенде  карашық  тарылады,  ал 
жақын  затты  Караганда  кеңейеді.  Тарылту  рефлексі 
парасимпатикалык  нервтің  қатысуымен, 
ал  кеңейту 
рефлексі 
симпатикалык 
нерв 
аркылы 
орындалады. 
Осыған 
сәйкес 
ацетилхолин 
тарылтып, 
адреналин 
қарашықты  үлкейтеді.  Кейбір  өнер  адамдарының  сахнаға
132

шығарда  көзіне  адреналин  не  эфедрин  тамызу  себебі 
сондықтан.  Қорыққанда  не  катты  ашуланғанда  және 
гипоксия  кезінде  қарашық үлғаяды.
Көзді  белгілі  бір  затка  кадаганда  коз  алмасынын 
кимылын  бір  үшымен  оган  бекітілген  алты  бүлшық  ет 
қамтамасыз  етеді.  Олардың  екеуі  қиғаш  орналасқан, 
төртеуі  тік  орналаскан  еттер.  Бүл  еттердің  екінші  үшы 
бас  сүйегінін  көз  үясына  бекітілген.
Торлы  қабықтың  ганглиоздық  нейрондары  козғанда 
олардын  аксон  талшықтарынан  түратын  көру  жүйке 
талшықтарымен  серпініс  мига  карай  өткізіледі.  Торлы 
кабыкка  эсер  еткен  жарық  туралы  мәлімет  серпініссіз 
салалық  потенциалдардың  тіркестік  жалгасы  аркылы 
өтіп,  таралады.
Кору  талшығының  бірінші  проекциялык  аймагы 
заттың  карапайым  белгілерін,  екіншісі  олардан  анагүр- 
лым  күрделіректерін  іріктеп  ажыратуға  және  сезінуге, 
тануға  мүмкіндік  тудырады.  Кору  талдағышының  үшінші 
үласқан  аймағы  ми  қыртысының  шүйде,  самай  және 
арткы  тобе  болімдерінде  жатыр.  Ол  бөлімдер  тітірке- 
ністерді  бір-бірінен  ажыратып,  жинақгайды  және  сөздің 
магынасын  түсініп,  ойластырады,  жинақталған  сипатын 
анықтайды  да  сезімді тудырады.
Кору  импульстерін 
откізу  жолдарының  бірінші 
орталығы  таламустың  сырткы  иінді  денесі,  торт  төбешік- 
тің  алдыңгы  бүдырлары  мен  ми  бағанының  шатырға 
дейінгі  нейрондарынан  түрады.  Таламустың  сыртқы  иінді 
денесінің  нейрондарының  аксондары  ми  қыртысының 
шүйде  аймағына  дейін  жетеді.  Ол  жерде  алғашкы  проек­
циялык  кору  аймагы  бар.  Ондагы  орталык  бастьщ  жэне 
көздің  кимылдарын  да  реттейді.  Бүган  коса  самай 
аймагында  бет  әлпетін  танитын  нерв  түйіндері  табылды. 
Осындагы  нейрондар  закымдалса,  ауру  адам  бүрын 
таныс  болтан  кісілерді  танымайды.  Егер  төбе-шүйдеде 
үласкан  аймактары  закымдалса,  адам  заттардың  пішін- 
дерін  білмейді.  Мидың  сол  ж ақ  сыңарының  кору 
орталыгы  істен  шықса,  бүрын  хат  танитын  адам  оқи 
алмайды.
К өздің  қылилығы  көбінесе  жас  оспірім  балаларда
133

кездеседі.  Ол  көз  етінің  кимылдамай  калуынан  туады. 
Көз  етін  жаттықгыру  аркылы  қылилықты  жөндеуге 
болады.  Егер  оған  жазылмаса,  алыстан  көруді  жөндейтін 
дөңесті  көз  әйнекпен  немесе  оталау  (операция)  әдісімен 
емдеу керек.
Глаукома  көздің  ішкі  қысымының  сынап  бағана- 
сымен  (с.б.)  22  мм-ден  артық  өсуінен  туатын  көздін  көру 
кемшілігі.  Оның  ауыр  түрінде,  яғни  асқынып  кеткенде, 
кысымы  с.б.  60  мм~те  дейін  көтеріліп  кетеді.  Көз 
қысымы  өскен  сайың  көздің  торлы  кабығынын  кан 
айналысы  нашарлайды. 
Көздің  торлы  қабыгындағы 
таякша  жэне  сауытша  торшалар  азайып  кетеді.  Кору 
нерві  істен  шығып,  көз  мүлдем  кормей  калуы  мүмкін. 
Сондықтан 
коздін 
кандай 
да 
болмасын 
ауруын 
аскындырмай.  уакытыңда  коз  дәрігеріне  коріну керек.
Конъюнктивит  —  көздін  сыртқы  ақ  кабықшасынын 
қабынуынан  туатын  науқас.  Дәлірек  айтсак,  көздін 
дәнекер  тканінен  түратын  қабықшасынын  суыкка  шал- 
дығуының  кесірі.  Кейде  шан-тозаң  эсер  еткенде,  улы 
түтін  үзақ  тітіркендіргенде  де  байқалады,  бірак  көпке 
созылмай, 
егер 
дезинфекция 
жасап, 
көзді 
күтсе, 
жазылып  кетеді.
Катаракта  —  коз  бүршағының  комескіленуі.  Коздің 
негізгі  торшаларында 
зат  алмасуы  бүзылып, 
оның 
тіршілігіне  қажетті  оттегі,  амин  кышқылы  т.  б.  қоректік 
заттар 
көздін 
кан 
айналысының 
істен 
шығуының 
нәтижесінде  томендеп  кеткен  жағдайда  кору  талдағышы 
істен  шығады.  Кобінесе  В-витаминдер  тобының  жетіс- 
гіеуінен  болады.  Катаракта  қауыпты  емес,  егер  аскын­
дырмай  уакытында  коз  дәрігеріне  барып  корініп,  тиісті 
дәрімен  емделсе,  адам  тез  калпына  келеді.  Қазіргі  кезде 
Франция,  Германия  ж эн е  баска  мемлекеттерде  ондіріл- 
ген  катарактаға  қарсы  дәрілер  бар.  Олармен  дер  кезінде 
емделсе,  науқас  адам  жаксы  коре  бастайды.
134

16-лекция.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет