448 жылы Аттила сарайында елшілік құрамында болған.
Аттиланың сырт келбетін сипаттайды. «бір көрген адам оның нағыз азиялық екенін бірден айтады. Басы үлкен, орта бойлы, мығым денелі. Қараған жерін тесіп өтетіндей, көзқарасы сұсты. Қозғалысы шапшаң, сенімді. Дауысы күмістей сыңғырлайды әрі құлаққа жағымды».
«Ол халықтарды сілкіндіру үшін жаратылды.Бәрін қалтыратып жіберді, ол туралы хабардың өзі қорқынышты еді.Көзқарасы мен қимыл-қозғалысы аса тектілікті көрсетеді. Соғысты жақсы көргенімен тонаушылығы аз, ойлау қабілеті жоғары, сұраушыға қайырымды, сенген адамына мейірімді болды».
«Біз бірнеше өзендерден өтіп, Аттиланың сарайы тұрған үлкен ауылға келдік. Бізге басқа жерлердегіге қарағанда оның тамаша сарай екенін айтты.Сарай шеберлікпен өңделген бөренелер мен тақтайшалардан салынып, әсем безендірілген. Барлық мұнаралар патша сарайының сәнін келтіріп тұр. Барлық үйлер де түгелдей бөренелерден қиып салынған».
Еділдің тойлауы оң жағында Шығыс Рим елшісі Приск.
Мор Тан, 1870ж.