«Ғұндар жеңімпаз қолбасшыларын жартылай құдай ретінде мойындады.... Оның даңқы таңқалдыруға лайық» В.Иордан Гот тарихшысы
Аттиланы «Құдайдың қамшысы», «Құдайдың жазасы», ғұндарды «Аспан салт аттылары» деп атаған.
атақты италиялық ақын Данте Алигьеридің «Құдіретті комедиясының» және Еуропа халықтарында кеңінен танылған
«Нибелунгтер туралы жыр» эпосының кейіпкері болды.
Еуропа әдебиетінде Джузеппе Верди Италия композиторы
1846 жылы «Аттила» операсын жазды
М.Жұмабаев ақын
«Күннен туған пайғамбар» өлеңінде ғұн түріктердің аталары деп жазады
Шаруашылығы
Ғұндардың негізгі өмір салты көшпелі өмір болды. Көшпелі мал шаруашылығы басты рөл атқарды.Негізгі баспанасы-киіз үй.
Ғұндардың жүннен киім тоқып кигендігін көрсететін негізгі дәлел- ұршық бастарының табылуы.
Жылқының асыл тұқымдарын өсіріп, ат баптауды жетік меңгерді. Ат сайысы ойындарының негізін қалады. Металдан жасалған үзеңгі б.з.-дың ІІІ-VІ ғасырларында пайда болған.
Оңтүстік Сібірдегі Иволга қаласының жұртын қазғанда егістік алқаптары табылды.Егіншілікпен айналысып, дәнді дақылдар ішінде тарыны көп өсірген.Үй-жайлардың ішінен астық сақтайтын ұралар табылған. Қытайдың әскери тұтқындарын астық өсіруді ұйымдастыруға пайдаланған. Ордос жеріндегі аумақты жаулап алғанға дейін ғұндардың егістік алқабы Гоби шөлінің оңтүстігінде орналасқан.
Байкал бойындағы қазба жұмыстары кезінде шикі кірпіштен салынып, балшықпен сыланған кан жүйесі бойынша жылытылатын, яғни қуыс камералар жүйесімен жылытылған үйлер табылды.
Кірпіштен қаланған үйлердің төбесін ағаш шатырмен жабуы-ғұндардың құрылыс, сәулет өнері саласындағы жоғары шеберлігін көрсетеді. Еуропадағы батыс ғұндардың қалалары болған.