Сурет 11. Консорция үлгісі (Мазинг, 1966); А- консорция детерминанты, Ι, ΙΙ, ΙΙΙ- концентрлер; қара дөңгелектер –фитофагтар, фитопаразиттер, симбионттар, эпифиттер; ақшыл дөңгелектер – көбінесі зоофагтар және зоопаразиттер. Консорцияның орталық өсімдігі, эдификатор /Беклемишев, 1951/, консорция детерминантты /Работнов, 1970/ немесе консорция ядросы /Быков, 1973/ фотосинтез процесі жүретін күрделі өсімдіктер.
Күрделі автотрофты өсімдіктер консорциялардың продуценттері болып табылады, өйткені олар биоценозда органикалық заттардың көбісін өндіреді.
Консорцияның орталық организмі болып тек автотрофты өсімдіктер ғана емес, гетеротрофты организмдер- жануарларда болуы мүмкін /Беклемишев, 1951; Емелянов, 1965/, тіпті кейбір зерттеушілердің ойынша консорция ядросы ролінде өлі организмдер де болуы мүмкін /Дылис, 1973; Селиванов, 1974/.
Біз тек консорцияның орталық организмі өсімдіктер болған жайларға ғана тоқталып өтеміз. Бірақ бұл мәселенің өзінде де әртүрлі ойлар бар. Мысалы, В.В. Мазингтің /1969/ ойынша консорцияның орталық өсімдігі ролінде тек қана мөлшері үлкен және күрделі доминанттар және эдификаторлар бола алады, ал Т.А. Работинов /1969/ консорцияның орталық өсімдігі болып кез келген автотрофты өсімдік бола алады деп санайды.
Консорцияның орталық бөлігі болып тек өсімдіктердің жеке данасы, түрдің популяциясы ғана емес сонымен қатар өсімдіктің түрі, синузия жақын түрлер, ал кейде тіпті түгел туыста бола алады. Соған байланысты консорция қарапайым /жеке/, ценопопуляциялық түрлік, синузиялық және туыстық сияқты әртүрлі топтарға бөлуге болады. Олардың ішіндегі биоценоздың және соған сәйкес өсімдік қауымының компоненті есебінде ең маңыздылары қарапайым /жеке/ және ценопопуляциялық топтар болып саналады.
Консорцияның орталық өсімдігі /не өсімдіктері/ органикалық заттарды синтез жасайтын продуценттер.
Продуценттердің синтездеген /түзген/ органикалық заттарын негізгі пайдаланатындары консументтер және редуценттер. Продуценттердің өнімі арқасында әртүрлі өсімдіктер мен жануарлар әлеміне жатанын консорттардың көпшілігі тіршілік етеді.
Консорцияның орталық эдификаторлық өсімдігін кейбір консорттар бекінетін орын есебінде пайдаланады, мысалы консорттар-эпифиттер/ басқа бір өсімдік денесіне бекініп тіршілік ететін өсімдіктер, бұл өсімдіктер паразитке жатпайды/.
Өсімдік консорттарының ішінде органикалық заттарды пайдалануға және олардың өзгеруімен айналуында ең маңызды роль атқаратындар әсіресе ризосферадағы бактериялар және саңырауқұлақтар. Консорттарға бактериялар мен саңырауқұлақтардан басқа мүктер, қыналар, балдырлар және кейбір күрделі өсімдіктер /паразиттер және дартылай паразиттер/ жатады. Ал жануарлардан консорттар ретінде үлкен роль атқаратындар омыртқасыз жәндіктер әсіресе бунақденелілер, оның ішінде фитофагтар және фитопаразиттер. Кейбір өсімдік түрлері топтарының консорция структурасындағы орнын анықтауға қиынға соғады. Өйткені мүктер және қыналар көп жағдайда консорттарға жатады, бірақ кейде мүктер фитоценозда өте күшті дамып эдификаторлық мәнге ие болады: бұл жағдайда оларға консорцияның орталық түрі- прдуцент есебінде қарау керек.
Консорттарды консорцияның орталығына, ядросына байланысты орналасуына қарай екіге бөлуге болады, эпиконсорттар /немесе эпибионттар және эндоконсорттар/. Эпиконсорттар консорцияның орталық особінің /эдификатордың/ үстінде сыртында/, ал эндоконсорттар эдификаторлардың ішінде мекендейді.
Консорция детерминантымен қоректену және орналасуы жағынан байланысқан организмдер –консорттар концентрлер қатарын құрайтындығы жөнінде жоғарыда айтылды. Енді осы концентрлерге қысқаша сипаттама беріп өтейік /сурет/.
Бірінші концентрге детерминантты –автотрофты өсімдікпен тікелей тек қоректенумен /көптеген жануарлар –фитофагтар/, немесе қоректенумен және орналасумен /паразитті организмдер, эндоконсортты жануарлар/ немесе тек орналасумен /эпифиттер, лианалар, автотрофты өсімдіктер ұя салатын жануарлар/ байланысқандары жатады.