Фунциональдық фитоценология ғылымы дамуының негізгі кезеңдері, фитоценоздардың қалыптасуы, құрылымы. Фитоценология пәнінің мақсаты және ғылымдар жүйесіндегі орны



бет21/43
Дата14.09.2023
өлшемі10,03 Mb.
#107233
түріҚұрамы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43
СИНУЗИЯ.
Синузия /гректің Synusia – бірге мекендеу, қауым/ терминін геоботаникада бірінші рет өзінің лекциясында Швецария геоботанигі Рюбель /1912/ пайдаланды, бірақ ол термин Гамстың /1918/ синузия туралы жұмысы жарияланғаннан кейін ғана геоботаникаға еніп кеңінен пайдалана бастады.
Гамс синузияны экологиялық және биологиялық біркелкі түрлерден тұратын – біркелкі тіршілік орнына орналасқан өсімдіктер мен жануарлардың эколого-биологиялық бірлестігі деп түсінді. Бірақ та Гамс синузияға жалпы дәл анықтама берген жоқ. Гамс синузияны үш қатарға /категорияға/ бөліп оларға сипаттама берді.
1-ші қатарға синузия –дербес бір өсімдіктер қауымы ішінде өмір сүретін особьтарының жиынтығы.
2-ші қатардағы синузия - дербес бір тіршілік формасына жататын бір өсімдіктер қауымы ішіндегі әртүрлі түрлердің особьтарының жиынтығы.
3-ші қатардағы синузия - дербес өмір сүретін әртүрлі тіршілік формаларына жататын түрлер особьтарының жиынтығы. Олар белгілі бір ортаның жағдайында бірга өсетіндігі мен бір-бірімен байланысты.
Е.М. Лавренко /1969/ Гамстың бірінші синузиясы ценотикалық популяцияға, ал үшінші синузиясы микрофитоценозға сәйкес келетіндігін атап көрсетті, VI Халықаралық ботаникалық конгресте /Амстердам, 1935/ және одан кейінгі жылдары көптеген геоботаниктер синузия дегеннің не екенін егежей-тегежейлі қарап ол түсінікке шек қойды. Гамстың ұсынған бірінші синузиясы ценопопуляцияға, ал үшінші синузиясы микрофитоценозға сәйкес болғандықтан олардан /1-ші және 3-ші қатарғы синузиялардан/ бас тарту керектігі айтылды.
Синузияны түсінуде ауыз бірлік жоқ. Көптеген зерттеушілер синузияны Гамстың 2-ші қатардағы мағанасында түсіну керек деп санады.
Сукачев бойынша синузияның міндетті, негізгі белгілері болып оның кеңістікте бөлініп көрінуі және ішкі ортасының болуы. Сукачев кеңістіктегі синузиялар мен қатар уақытша синузиялар барлығын көрсетті.
КОНСОРЦИЯ
Консорция туралы ұғымды В.Н. Беклемишев /1951/ және Л.Г. Раменский /1952/ ендірді. Олар консорцияны “тағдырдың бірлігімен тығыз байланысқан, әртекті организмдердің үйлесімділігі” деп түсіндірді. Консорция туралы ілімді ары қарай дамытуға көп ғалымдар үлес қосты /Лавренко, 1950; В.В. Мазинг, 1966, 1969, Т.А. Рабатнов, 1969 тағы басқалары/.
Консорция /латынның Consortium –араласу, қауым/ дегеніміз биоценоз структурасының бөлігі, Экосистемадағы энергия алмасып, өзгеруінің негізгі ұясы, оның құрамына дербес особь немесе автотрофты өсімдік популяциясы және онымен трофикалық /қоректену/ және торопикалық /орналасу/ байланысты түрлердің популяциясы /консументтер, редуценттер, паразиттер, эпифиттер және т.б./ кіреді.
Консументтерге /латынның Consumo- пайдалану/ органикалық заттармен қоректенетін жануарлармен кейбір өсімдік топтары жатады. Консументтерге жануарлармен қоректенетін фитофагтар, зоофагтар және өсімдіктер жануарлармен қоректенетін фитозоофагтар да жатады. Редуценттер /латынның Reducents- қайтару / дегеніміз органикалық заттарды қарапайым заттарға айналдыратын организмдер.
Консорцияға кіретін түрлер консорттар деп, ал басты автотрофты түр консорция-детерминенті немесе орталық ядро деп аталады. Консорцияның маңызды ерекшелік белгісі ондағы детерминант түрменен консорттардың байланысында емес олардың эволюциялық тағдырының бірлігінде, яғни консорттар мен детерминант түрдің эволюция процесі кезінде бір-біріне бейімделуде.
Сонымен әрбір консорция екі бөліктен тұрады: детерминант немесе орталық өсімдіктен /негізгі, консорция ядросы және онымен тіршілік әрекеттері арқылы байланысқан организмдер тобы консорттардан. Консорттар концентрлер қатарын құрады /сурет 11/.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет