Фунциональдық фитоценология ғылымы дамуының негізгі кезеңдері, фитоценоздардың қалыптасуы, құрылымы. Фитоценология пәнінің мақсаты және ғылымдар жүйесіндегі орны


ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ ТОПТАЛУЫ



бет25/43
Дата14.09.2023
өлшемі10,03 Mb.
#107233
түріҚұрамы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   43
2. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ ТОПТАЛУЫ.
Барлық экологиялық факторларды әсер етуі әдісіне байланысты организмге тікелей әсер ететіндер /жарық, жылу, ауа, су, минералды қоректену, режимдері/, және жанама / басқа факторларға әсер ететіндерге / жоғарыда аталған режимдерге әсер етіп солар арқылы өсімдіктерге әсер ететін факторлар жатады/ бөлуге болады. Бірақ бір факторлардың өзі бір жағдайда организмге тікелей әсер етіп, ал екінші бір жағдайда жанама әсер етуі мүмкін.
Тікелей әсер ететін факторларды, эколого-физиологиялық немесе негізгі факторлар деп те атайды, бұл факторлардың біреуі екіншісін алмастыра алмайды. Мысалы су жеткіліксіз болса оны қоректік заттың мөлшерін көбейтумен орнын толтыруға болмайды. Жылылық жеткіліксіз болса, оның орны да басқа факторлармен толтыруға болмайды. Сондықтан жылук аз солтүстікке, тек қана сол жылудың жеткіліксіздігіне байланысты өсімдіктер ол жердегі артық ылғалды, қоректік заттарды пайдалана алмайды. Ал құрғақшылықты оңтүстік аудандарда судың жеткіліксіздігінен өсімдіктер бар жылылықты, жарықты толық пайдалана алмайды.
Экологиялық факторларды абиотикалық немесе физико-географиялық /климат, топырақ жағдайы, химиялық қасиеті тағы с. ./ және биотикалыө / фитогенді, зоогенді, антропогенді/ топтарға бөлу әдісі кең тараған. Факторларды бұлай бөлу әрине олардың зерттеуге өте ығайлы. Егерде бұл факторлардың өсімдік өміріне тигізетін ықпалы жағынан келетін болсақ, онда ол факторларды бірінші әсер етушілер және комплексті әсер етушілер деп бөлуге болады /сурет №12/. Егер бұл екі топтың өзара қатынасына көңіл аударсақ мынаны аңғаруғаболады.

Жылылық факторы /температура жағдай/ климатқа, фитоценоздың микроклиматына, орографияға және жер бетінің ерекшелігіне тәуелді, ылғалдылық /су/ факторы да бірінші кезекте климатқа және фитоценоздың микроклиматына байланысты, бірақ та орография мен биотикалық факторлардың да әсері кем емес.
Негізгі, басты экологиялық факторлар бір-бірімен тығыз байланысты. Әдетте олардың біреуінің өзгерісі басқаларының өзгерісіне әкеледі.
Әрбір экологиялық фактор немесе факторлар комплексі өсімдік онтогенезінің әр фазасында әр қалай әсер етеді. Особьтардың экологиялық қасиеті олардың жасына және тіршіліктегі күйіне байланысты өзгереді. Егер особьтардың бір жастағы топтарын зерттесе олардың бір-бірінен айырмашылықтары олардың өскен ортасына қатысты тіршіліктегі күйіне байланысты болады.
Әрбір экологиялық фактор белгілі сандық көрсеткіштерімен сипатталады– қарқындылығымен және әсердің мөлшерімен /диапазон/. Сонымен экологиялық фактордың әсері оның “дозасына” тәуелді. Фактордың әсері ең алдымен оның амплитудасымен, теңселу шегімен сипатталады. Осыған байланысты фактордың қарқындылығының маңызын көрсету үшін өте маңызды, екі басты нүктені бөледі /сурет №13/.
Екі нүкте –минимум /аз шама/ және максимум /ең көп шама/- фактордың амплитудасының тербелуінің өсімдік үшін екі шамасы минимумнан төмен немесе максимумнан жоғары болып кетсе, онда өсімдіктің жағдайы нашарлайды. Бұл екі нүктені қысым көрсету зонасы “пессимум” деп атайды. Барлық сызықтан тастаған зона өсімдіктің тіршілік әрекеті зонасы. Өсімдіктің ең тамаша дамуы фактордың қарқындылық зонасы болады /ортаңғы бөлігі/. Фактордың әсер ететін зонасы–минимумнан максимумға дейін – түрдің экологиялық валенттілігі болып табылады /Сурет 14/.

Сонымен биологиялық прогресс фактордың кез-келген өзгерісінде емес, оның екі – ең аз /минимум/ және ең көп /максимум/ мөлшерлерінің араларында ғана іске асатын құбылыс.
Белгілі фактордың екі мөлшері /максимум және минимум/ биологиялық процестің осы факторға қатысты толеранттылығының /tolerantia – шыдамдылық/ шекарасы болып табылады. Егер факторлар жиынтығының әсерін және конкуренттік қарым-қатынасын ескермесек, сосын жасанды түрде бір ғана факторды “бөліп” алсақ тек сонда ғана жоғарыда айтылған ойлар күшінде болады. Осы жағдайда ғана біздер түрлерді стенобионттарға және эврибионттарға жатқыза аламыз. Стенобионттар /гректің Stenos- тар және bios- өмір/ әртүрлі орта жағдайында өмір сүруге қабілеті бар, экологиялық кең бейімделген /немесе толерантты/ организмдер. Егер біз эвретермді түр десек – ол температураға қатысты, бұл температураның кең амплитудалық жағдайында өмір сүре алады деген мағана. Стенотермді түр десек – оны демек температураның өзгермейтін қысыңқы жағжайына ғана өмір сүретін өсімдік деп түсіну қажет.
Түрдің бөлшектеудің екі тәсілі бар. Морфологиялық-географиялық тәсіл, түр тармақтарын /подвид/, түршелерді /разновидность/, формаларды бөлуге мүмкіншілік береді, ол систематика үшін қажет. Экологиялық тұрғыдан түрлерді биотиптерге түршілік структураларымен сипатталады. Ал экологиялық жағдайлардың үлкен тербеліс амплитудаларына бейімделген түрлердің күрделі тіршілік структурасы болады. Эдификаторлар және доминанттар есебінде мұндай түрлердің фитоценеология үшін үлкен маңызы бар. Әдетте тіршілік мынадай экологиялық топтарды бөледі: биотоп, ценопопуляция, экотип.
Биотип - төменгі түрішілік бөлшек, белгілі бір түрдің барлық генетикалық туыс особьтарының жиынтығы. Түр көптеген биотиптерден тұрады. Кейбір түрлердің биотиптері бір-бірінен анық ажыратылады. /жапырақтарының ерекшеліктерімен, жемістерінің түсімен, гүл шоғырларының құрылысымен және т.б./; бірақ кейде биотиптер өте майда, анық емес белгілермен ажыратылады. Сондықтан биотиптерді анықтау өте қиынға соғады. Ол үшін көп жағдайда эксперименттік әдіспен генетикалық анализ жасап генетикалық таза тармағын бөлу қажет. Кейде популяциядан бөлінген фенотипі жағынан біркелкі кез-келген өсімдіктер тобын биотип деп атайды.
Ценопопуляция ортаның белгілі бір нақтылы жағдайында өмір сүруге қабілеттілігі бар биотиптер топтарын популяция деп атайды. Бұл бір түр особьтарының белгілі топтары, олар генетикалық біркелкі емес, өйткені ол биотиптер жиынтығынан тұрады. Бір фитоценозда өсетін, жасы және тіршілік күйі жағынан айырмашылықтары бар түр особьттарының тобын ценопопуляция деп атайытндығы туралы және олардың толығырақ сипаттамасы жоғарыда айтылған /3-ші тарауда/.
Экотип. Экотип /грек oikos-үй және typas-тип/. Экотиптерді /ксерофиттер, мезофиттер, галофиттер, гигрофиттер және т.б./ түрлердің бір ғана экологиялық факторға қатынасына байланысты бөледі.
Ал экотиптер өсімдіктердің мекен жайының экологиялық факторының комплексті әсер етуі нәтижесінде қалыптасады. Экологиялық факторлардың ішіндегі негізгілері климаттық, эдификалық және биотикалық факторлар. Соған байланысты экотиптерді климаттық, эдафикалық және ценотикалық топтарға бөледі. Өсімдіктері ұқсас тіршілік орындары жанама әсер ететін факторлардың әр түрлілігіне қарамастан биологиялық бірдей /тең бағалы/ немесе ұқсас орындар деп аталады. Жанама факторлары әртүрлі тіршілік орындарының биорлогиялық ұқсастығы әртүрлі бейорганикалық және биотикалық факторлардың сай келіп үйлесулері қамтамасыз етіледі. Орман зонасының оңтүстік баурайында дала фитоценоздарының пайда болуын қалай түсіндіруге болады? Баурайдың оңтүстік экспозициясы /жанама әсер ететін фактор/ орман үшін қолайсыз, бірақ дала өсімдіктері үшін қолайлы, негізгі факторлардыңғ сай келіп үйлесуін қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде баурайдың оңтүстік экспозициясы экологиялық және биологиялық жағынан қарағанда оңтүстікке таман тегістікке орналасқан дала учаскелеріне ұқсас болғандықтан ол учаскелерде дала фитоценоздары пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет