Фунциональдық фитоценология ғылымы дамуының негізгі кезеңдері, фитоценоздардың қалыптасуы, құрылымы. Фитоценология пәнінің мақсаты және ғылымдар жүйесіндегі орны



бет20/43
Дата14.09.2023
өлшемі10,03 Mb.
#107233
түріҚұрамы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43
Байланысты:
ФУНКЦИОНАЛЬДЫҚ Фитоценология лекция

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СТРУКТУРАСЫ.

  1. Фитоценоздардың эколого- биологиялық структурасы

  2. Фитоценоздардың функциональдық структурасы

-ценоячейка
-синузия
-консорция

  1. Фитоценоздардың конституциядық структурасы

1.ФИТОЦЕНОЗДАРДЫҢ ЭКОЛОГО-БИОЛОГИЯЛЫҚ СТРУКТУРАСЫ.
Фитоценоздардың эколого-биологиялық структурасы дегеніміз – ондағы өсімдіктер түрлерінің жеке сапалық белгілерімен ерекшеленетін биоморфаларының және экоморфаларының сандық құрамы. Маңызды белгілері мыналар: негізгі биоморфа, тамыр жүйесінің және жер үстіндегі өркендерінің структуралық типтері, өркендердің даму циклдары және өсіп ұлғаю әдістері, қыстап шығу әдістері, жеміс салу және тарау түрлері, әртүрлі факторларға /су, температура, жарық, топырақ байлығы, топырақтағы тұздың шамасы және т.б./ қатысты экологиялық типтер. Фитоценоздың санымен көрсетілген эколого-биологиялық структурасы осы фитоценоз компоненттерінің бейімделу белгілерін сипаттап және оның ерекшеліктерін анықтауға мүмкіншілік береді. Сондықтан фитоценозды оның құрамына кіретін өсімдіктер түрлерінің биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін толығырақ біліп, дұрыс сипаттау үшін фитоценоздың эколого-биологиялық структурасын зерттеудің маңызы өте зор.
2. ФИТОЦЕНОЗДЫҢ ФУНКЦИОНАЛЬДЫҚ
СТРУКТУРАСЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Фитоценоздың компоненттерінің қарым-қатынасына негізделген ұйымдасушылық формаларының структурасын оның функциональдық структурасы деп атайды. /Миркин, Розенбург, 1983/. Фитоценоздың функциональдық структурасының элементтеріне ценоячейка, синузия, консорция жатады. Консорциялар негізінен биоценоздың элементтеріне жатады.
ЦЕНОЯЧЕЙКА
Ценоячейка туралы ұғымды фитоценоздың функциональдық структурасының қарапайым өлшемі ретінде В.С. Ипатов /1966/ енгізді. Ценоячейка дегеніміз орта арқылы бір-бірімен тікелей қарым-қатынас жасайтын өсімдіктер тобы. Мысалы, ормандағы ағаш және жер үстіндегі оның ықпал өрісіндегі өсімдіктер. Бір ценоячейкада барлық особьтар бірбіріне тікелей әсер етеді. Ценоячейкалардың шекаралары жоқ, сырт көрінісімен көзге шалынбайды. Олардың бірін-бір жабуы жер бетіндегі өсімдік жабынының үзіліссіз /континуум/ болуына себепші болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет