Фунциональдық фитоценология ғылымы дамуының негізгі кезеңдері, фитоценоздардың қалыптасуы, құрылымы. Фитоценология пәнінің мақсаты және ғылымдар жүйесіндегі орны


ФИТОЦЕНОЗДАРДЫҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ



бет41/43
Дата14.09.2023
өлшемі10,03 Mb.
#107233
түріҚұрамы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
ФИТОЦЕНОЗДАРДЫҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
/ФИЛОГЕНЕТИКАЛЫҚ/
Фитоценоздардың генетикалық классификациялау туралы алғашқы пікірді Россияда А.Н. Крастновтың /1888/, И.К. Почоскийдің /1891/, С.И. Коржинскидің /1899/, В.Н. Сукачевтің /1915/ еңбектерінде кездестіруге болады. В.Н. Сукачевтің пікірі бойынша “Ассоциациның шығуына және тарихына негізделген, яғни генетикалық классификация ғана” ғылыми болып саналады. Белгілі фитоценоз типтерінің қалыптасу процесін В.Н. Сукачев алғашқыда ассоциация филогениясы, кейінірек – филогенез деп атады. Филоценогенез флорогенезбен өте тығыз байланысты. Флорогенез дербес /автономдық/ процесс емес филогенездің құрамдық бөлігі. Филогенез процесі кезеңінде өсімдіктер түрлерінің экологиялық, биологиялық және ценотикалық қасиеттері қалыптасып, олардың бір фитоценоздар және биоценоздар құрамына кіретін қабілеттілігі жетілуі, нәтижесінде тиісті экологиялық таушаларға /ниша/ орналасуы мүмкін болады.
Фитоценоздардың генетикалық классификациясында синтоксаномиялық иерархияны жоғарғы бірліктерінің бірі болып формация фратрия саналады. Мысалы, В.Б. Сочова /1944/ жер шарын 98 фратрияға бөледі, олардың әр қайсысы біздің планетамяздың белгілі бір ландшафтық бөлігін сипаттайды. Формация фратриясмы құрамына бір кейде бірнеше доминанттармен бөлінетін формациялар кіреді. Біздер әлі фитоценоздардың генетикалық классификациясын жасаудан алыспыз, бұл бағытта тек алғашқы қадамдар жасалды / Coraba , 1944, 1964, Быков, 1978/.
3.5. ФИТОЦЕНОЗДАРДЫҢ ФИЗИОНОМИЯЛЫҚ
КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
Бұл классификацияда фитоценоздардың физиономиялық белгілері классификация критериясы ретінде алынады. Майда масштабты геоботаникалық карталарды құрастырғанда физиономиялық белгілерді пайдалану өте ыңғайлы. Мысалы, ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен жасалып жатқан жер шарының геоботаникалық картасын легендасын физиономиялық белгілері негізінде жасалған. Қазіргі кезде аэрофотосьемканың және космостан түсірудің мәліметтерін кең пайдалануға байланысты фитоценоздардың физиономиялық классификациясының мүмкіншіліктері бұрынғыдан да артып отыр. өйткені ол мәліметтерді дешифровка /шифрдан жай жазуға айналдыру/ жасау үшін өсімдіктердің физиономиялық белгілері пайдаланылды.
Фитоценоздардың физиономиялық классификациясының құндылығы олардың тиімділігінде, өйткені олар көп еңбек сіңіруді қажет етпейді. Сонымен қатар ірі масштабты картаны жасауға фитоценоздардың физиономиялық классификациясын пайдалану нәтижесінде алынған мәліметтер өзін-өзі ақтамайды. Өйткені доминаттар негізге алып бөлінген фитоценоздардың физиономиялық классификацияларының төменгі бірліктері өте көп болады, экологиялық көлемі жағынан анықталмаған және уақытқа байланысты тұрақсыз болып келеді. Ассоциацияны физиономиялық тұрғыдан түсіну геоботаникаға В.Н. Сукачевтің /1928, 1930, 1934/ ормантану туралы жұмыстарынан келіп өсімдіктер жабындарының басқа типтеріне тарады. Бірақ физиономиялық түсінік орман өсімдіктеріне пайдаланғанда жақсы нәтиже бергенімен шалғындық өсімдіктерін доминанттарын негізге алып классификациялау, олардың доминанттары ауысып отыруға және полидоминанттығына байланысты, жақсы нәтиже бермеді. Сондықтан ассоциацияны физиономиялық тұрғыдан түсінуді шөптесін өсімдіктер жабындарына қолдануды Л.Г Раменский /1952/ және Х.Х Трасс /1965, 1966/ қатты сынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет