КЛАССИФИКАЦИЯЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕРІ Фитоценоздардың классификациясы дегеніміз - өсімдіктер қауымдарын сипаттап жазғанда оларды ұқсастығына байланысты класстарға бөлу немесе біріктіру процедурасы. Өсімдіктер жабындарын классификациялау проблемасына арналған бірнеше ірі шолу жұмыстары /Дохман, 1937, Whitteker, 1962, Александрова, 1969/ бар. Өсімдіктер қауымдарының классификациясы әртүрлі принциптерге негізделіп жасалады. Өсімдіктер қауымдарын жүйеге келтіру принциптеріне байланысты оларды классификациялауды мынадай негізгі топтарға біріктіреді: экологиялық, биоэкологиялық, динамикалық, генетикалық, физиономиялық, флоралық.
3.1. ФИТОЦЕНОЗДАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ Экологиялық классификация өңдеуді Е.Вармин /1901/ бастап Л.Дильс /1910/ оны ары жалғастырды. Классификацияға негіз етіп ассоциациялардың сырқы жағдайға әсіресе су режиміне қатысы алынады. Негіз етіп өсімдіктердің экоморфаларын алынған. Таксондар жүйесі әдеттегідей: ассоциация, формация, формациялар класы, тип тармағы және өсімдіктер жабыны типтері. Е. Вармингтің классификациясы төрт типтен тұрады: 1/ Гидрофиттер; 2/ Ксерофиттер; 3/ Галофиттер; 4/ Мезофиттер. Б.А. Быков /1978/ Л.Дылистың классификациясын өңдеп; қосып өзінің классификациясын ұсінді: 1/ Гидрофиттер; 2/ Гигрофиттер; 3/ Мезофиттер; 4/ Ксерофиттер.
3.2. ФИТОЦЕНОЗДАРДЫҢ БИОЭКОЛОГИЯЛЫҚ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ Бұған Б.А Быковтың /1968/ жер бетіндегі өсімдіктер классификациясы мысал бола алады. Ол классификация 7 бөлімнен құрылған.
Бактерия өсімдіктері қауымы.