-
Табылған ақыл!-десіп, Жолбарыс пен Естай да бірден
қостады (Қ.Жұмаділов). Тұтас құрылымға тəн құптау модальді
реңкі үш субьекті көзқарасының ұштасуымен бекітілген.
Бірінші субьекті тарапынан құптау реңкі сұраулы сөйлемдер
арқылы (Жөн-ақ емеспе айтып тұрғаны?) суреттелсе, екінші,
үшінші субьекті көзқарасын алдыңғы сөйлемдердің мазмұн-
құрылымымен байланысқан есім баяндауышты, құрама
баяндауышты
сөйлемдер
бекіткен.
Контексте
мұндай
құрылымдардың жігін үзбей, мағыналық тұтастығын сақтай
отырып талдау модальді реңктің айқындалуына, саралануына
жол ашады.
Семантикалық шеңбер аясында салыстыруда кейде екі
субьектінің бір-біріне сенімсіз көзқараспен қарауы да
мономодальді құрылымдар қалыптастырады. Төмендегі үзіндіде
Абайдың
Керімбалаға,
Керімбаланың
Абайға
сенімсіз
көзқараспен қарауы көрініс берген. Мұндай сəйкестіктер таза
құрылымдық салыстырулардан пайда болады.
Керімбала əдемі ақ тістерін ақсита күліп, бөркін шекесіне
салып бар денесімен бұраңдап, ойнай келіп:
-Е, е, мұнда ма едіңдер? Қозымды қасқыр жей ме десем,
қойдың өзінің де жегісі келе ме, қалай?-деп, барынша шаттанып
күліп, Тоғжанның иығына бетін басты. Жазықсыз ерке қыздың
күлкісі сияқты. Бірақ мынадай ойдағысын ірікпейтін
Керімбала қазір айтқанын көпке де айтуы мүмкін.
Абай соны ойлап:
-Жала жаппаңыз, Керімбала! Басымызға күн туып, қолды
болған соң, бізге не жазық бар? Амал не? Мұңымыз бір
болғандықтан кездесіп тұрмыз?-деді.
Керімбала күлкісін тыйған жоқ.
-Əй, білмеймін, кімге салсақ та, құлқым таза дей алар
ма екенсіз, Абай?-деп сезігін айта бастады (М.Əуезов). Бұл
мəтінді де екі субьектіге қатысы жағынан құрылымы
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
232
күрделенген
бір
реңкті
мономодальді
қолданыстарға
жатқызамыз.
Мономодальді келесі үзіндіні субьектіге қатысы жағынан
алдыңғы контекстерден даралауға болады. Мұнда бір
субьектінің көзқарасы арқылы тұтас құрылымға «болжау» реңкі
орныққан. Модальді реңкті активтендірген сұраулы сөйлемдер,
оның құрылымында жарыса қолданылған «болмаса», «əлде»
қыстырма сөздері субьекті ойының əр саққа кетіп, құбылуын
реттеп, «болжау» реңкін тереңдете түскен. Тізбектеле
қолданылған сұраулы сөйлемдер бір-бірінен кідіріспен айтылу
арқылы даралана отырып, модальді реңктер жеткізілген.
Абай екі-үш түрлі сол алғысы мол тілеулестік
айналасындағы сөздерді бастап көріп еді, Салтанат жауап
қатқан жоқ. «Оны қайтеміз Абай, несіне айтасыз... бір іс болды,
бітті деп қоя салсаңызшы»,-дей түсіп, əрине, көркем үніменен
ақырын сыңқ етіп күлді де, арғы сөзді ұзартып тарттырмайды.
Қыз өзі істеген ісі туралы өзіне-өзі есеп беруден имене ме?
Болмаса, Абай алдында «саған жақсылық еткен, құтқарған мен
едім» деуді жігіт басына ойда жоқ бір ноқта кигізу болар деп аяй
ма? Əлде, тіпті, мен сөзімді айтып та атқарып та болдым. Енді
мен сені ғана тыңдаймын. Сенің ғана аңысыңды аңдаймын» дей
ме? (М.Əуезов).
Төмендегі
үзіндіде
сұраулы
сөйлемдер,
хабарлы
сөйлемдердің құрамындағы лексикалық бірліктер байланыста
қолданылып, бір мономодальді реңкті айқындауға жұмсалған.
Яғни, ішкі байланыстағы əр түрлі грамматикалық амалдардың
қызметі бір мақсатқа бағытталған. И.Гальперин модальділік
функционалды сипат алғанда, бірнеше грамматикалық
амалдардың бірлікте қолданылуы көзге түсетіндігін орынды
көрсеткен (2,25).
Мысалы: Құнанбай əзір өз басы алар жерін алғанмен,
Байсалды жайлатқызғанды. Оның бір жағында Байсал Жігітек
жерін келемен, жолмен алатын шығармыз деуші еді.
Құнанбайдан «əперемінді» естігенде, Байсал да үндемейтін.
Екеуі бірге жасасып, қабақпен ұғысатын болғаннан бері, тегінде,
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
233
Байсал үндемесе, ол көнгені. Қарсы болған жерінде ол қолма-қол
бір-ақ томырылатын...
Ал соңғы екі-үш күннің іші шатасып, шиеленісіп барады.
Енді Тоқпамбет зорлықпен тимесе, берекемен тиетін емес.
Зорлықпен жылатып тартып алып, береке таба ма? Жəне, əсіресе,
Жігітек əрі көп, əрі аталы мықты ру, өзінде Құнанбаймен тіресіп
жүрген Бөжей бар. Ол Көтібаққа ата қыстауын ұзақ бауратып,
құтты қоныс қып қоя ма? Зорлықтың да қайта оралар орайы
болмай ма? Сонда Бөжей Байсалға Тоқпанбетті байырғы, тұрақты
қыстау етіп неғып шыдап отырады? Неғылса, зорлықпен алғанның
түбі қайыр болар деп айту қиын. Бір алуын алса да, артынан
аударып тастап жібермесе ... (М.Əуезов). Мұндағы сөйлемдердің
ішкі мағыналық бірлігі модальді реңкті айқындауда ерекше реңк
беріп тұр. Дəлелдей айтсақ, сұраулы сөйлемнің алдында
қолданылған хабарлы сөйлемдер күдіктенуге негіз болар
дəлелдерді көрсетсе, сұраулы сөйлемдер сол себептерді тағы бір
қайталап күдіктену реңкін бекіткен. Ал соңғы сөйлемдерде,
керісінше, сұраулы сөйлемдер күдіктенуге негіз болар себепті
ашқан да, хабарлы сөйлемдер күдікті тереңдетуге жұмсалған.
Сұраулы сөйлемдердің интонация арқылы модальды реңкі
ажыратылса, хабарлы сөйлемдердің бойындағы модальді реңктер
лексикалық қолданыстар арқылы, болымсыз реңкте қолданылуы, -
са, -се тұлғалы етістіктерге екпін түсіре айту арқылы белгілі
болған. Бұл үзінді арқылы модальді реңкті айқындауда
грамматикалық амалдардың бірлікте, үстемелене, бір-біріне демеу
бере жұмсалатындығына көз жеткіземіз. Тілдік бірліктердің
мұндай қызметі А.Салқынбайдың «Функционалды грамматика
очерктері» еңбегінде назарға алынған. Автор тіл бірліктерінің
белгілі бір мақсатта байланыста, бірлікте қозғалуын «қызметтік-
семантикалық категория» деп, оған: «белгілі-бір семантикалық
қызметті орындау үшін, өзара байланыс жасауға қабілетті əр түрлі
тілдік құрылымдардың жүйесі»- деген түсінік берген (3,14).
Субьектіге баға берудің астарынан да мономодальді
құрылымдардың белгісі аңғарылады. Бұл ерекшелік күрделі
синтаксистік тұтастықтың деңгейінен емес, тұтас шығарма
көлемінде салыстыруды қажет етеді. Мұндай жағдайда бір
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
234
субьектінің екінші субьектіні бағалауы тұрақты сипат алуы
негізге алынады. Төмендегі мысалда Панферовтың Мұратты оң
бағалауы, оған артқан сенімі бүкіл шығарма бойында сақталады.
Мысалдарға сүйенсек:
- ... Қалай айрылып қалдыңлар? - Иə, біз айыптымыз,- деді
мұңайып Вениамин Викторович. - Неге екені белгісіз, бірақ мен
сол батальоннан күдерімді үзбей жүрмін... (Т.Ахтанов). Соңғы
сөйлем Панферовтың Мұрат батальонына сеніммен қарап, үміт
артуын сипаттаған. Осы бағалау тарауаралық байланыста
қайталанып, субьекті көзқарасы төмендегі грамматикалық
бірліктермен бекітіледі. Мысалы: Мұраттың кең жауырынды, ірі
сымбатты тұлғасына, ортасы сəл дөңістенген ұш жағы көтеріңкі
əсем ер мұрны, піл сүйегінен жонғандай көрікті де, өткір бет
əлпетіне Панферов сүйсіне, қызыға қарайды. «Мұның əр қимылы
да, ісі де сенімді, дəл тайға таңба басқандай айқын. Бұл
болбырлықты да, дəйексіз екі ұштылықты да білмейді»
(Т.Ахтанов).
Қорыта
айтсақ,
мономодальді
құрылымдар
модальділік категориясының құрылым-дық белгісін кеңітетін,
грамматикалық сипаттамасы контексте қалыптасатын тілдік
ерекшеліктер болып табылады.
Əдебиеттер
1. Тураева З.Я. Лингвистика текста. Москва: Просвещение,
1986. 127с.
2. Гальперин И. Р. Текст как обьект лингвистического
исследования. Москва: УРСС, 2004. 137с.
3. Салқынбай А. Функционалды грамматика очерктері.
Алматы: Қазақ университеті, 2003. 119 б.
Мамекеева Ы.Қ.
Қ.И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ
Алматы, Қазақстан
СТУДЕНТТЕРГЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ОЙЫН-
ЖАТТЫҒУЛАРДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
XXI
ғасырдың жан-жақты зерделі,дарынды,талантты
адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мəселесі
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
235
мемлекетіміздің басты назарында.Білім мен ғылымның
Қазақстан дамуына оқтайлы əсер етуі үшін дүниежүзілік
кеңістігіне ену, білім беруді одан əрі демократияландыру, оқыту
жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап,
білімге, бүкіл оқу-əдістемелік жүйеге жаңа талаптар
қойылуда.Осы тұрғыдан алғанда оқытушыларға білім берудің
тиімді жолдарын қарастыру, іздену, таңдай білу еркіндігі тиіп
отыр.Сонау XX ғасырдың басында Ж.Аймауытов: «Сабақ беру-
үйреншікті жəй шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын
өнер» деген екен. Оқытушы-ұйымдастырушы, бағыт беруші.Орыс
аудиториясында қазақ тілі пəнінің көздейтін мақсаты-
студенттерді қазақша сөйлеуге, өз ойын басқаға түсіндіре
алатын, біреудің сөйлеген сөзін түсіне алатын, біреудің сөйлеген
сөзін түсіне алатын дəрежеге жеткізу.
Осы орайда жүргізілетін жұмыстардың түрлері əр түрлі.
Қазақ тілін үйретуде студенттердің сабаққа қызығушылығын,
танымдық белсенділігін, тіл үйренуге деген ынтасын арттыру
үшін ойын-жаттығуларды пайдалану тиімді тəсілдердің біріне
саналады.
Ойын-жаттығулар студенттердің қазақ тілі материалдарын
толық меңгеруіне, жазу тілін дамытуларына, алған білімдерін
бекітулеріне септігін тигізіп отыр. Сонымен бірге,ойын-
жаттығулар арқылы студент өздігінен жұмыс істеуге үйренеді,
дағдыланады, ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры байып
молаяды.
Ойын-жаттығуларының қызықты əрі нəтижелі болуы
оқытушының
қабілетіне,шеберлігіне
байланысты,
Олай
болса,өтілетін сабаққа байланысты ойынжаттығуының тиімді
жағын таңдап алу-оқытушының міндеті. Əсіресе, техникалық
білім алатын мамандардың мамандығына арналған мəтіндерді,
терминдерін студенттің есіне сақтап қалуына үлкен мəн беруі
тиіс. Мысалы: мұнай жəне газ, металлургия, машинажасау,
ақпараттық
технология
т.б.
техникалық
мамандығына
байланысты мəтіндерді өту барысында «Сөзтізбе», «Есте сақтау
қабілетіңіз қандай?», «Бір əріпке он жауап», «Тауып əкелде,
атын ата», «Суреттер көрсет», «Лото» ойыны. Студенттердің
алдына түрлі мамандыққа байланысты суреттердің, аталған
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
236
заттардың суреттерін таратып беріп, аталған заттарды
жинастыру тапсырылады. «Ғажайып дорба» ойыны, заттардың
жекелей атауларын, түрін-түсін, қасиетін, қимыл-əрекетін
айтқызу үшін бұл ойынды бірнеше түрде қолдануға
болады.Тақырыптар бойынша бұл ойынның мəні зор.
«Сөзтізбе» ойынында оқытушы өтілген мəтін бойынша
студенттерге бір сөз айтады. Студенттер төмендегі берілген
шарт бойынша сөздер ойлап, ойынды жалғастырулары
керек.Ойынның шарты əрбір келесі сөз алдыңғы сөздің соңғы
əрпінен басталып отыруы қажет. Мысалы, маман-наразылық-
құқық-құжат-тұжырым-мұнай.Бұл ойынға кімдекім белгілі бір
уақыт ішінде (мəселен, 1 минутта) 20 сөз жазып шықса,сол
студент ұтқан болып саналады.
«Бір əріпке он жауап» ойыны, оқытушы студенттерді 2-3
топқа бөліп, əр топтың студенттеріне үлестірме қағаздар
таратады.Үлестірме қағазда əр түрлі əріпке байланысты
тапсырмалар берілген. Мысала, «М» əрпіне байланысты
тапсырмалар:
1. Металдың түрі-
2. Химиялық элементтерді бір таблицаға қосқан адамның
аты-жөні қалай?-
3.Висмут-
4.Титан-
Студент берілген тапсырмалардың шешуін «М» əрпінен
басталатын сөздер арқылы табу керек. Мысалы, 1. Мыс.
2. Менделеев. 3. МеталлBi. 4. МеталлTi. Қай топ тез, бұрын,
қатесіз жауап берсе, сол топ жеңіске жетеді.
« Есте сақтау қабілетің қандай?» Ойыны
Оқытушы қағазға жазылған бірнеше сөздерді (өтілген мəтін
бойынша кемінде 10-12 сөз) тақтаға іледі.Студенттер сөздерді
дауыстап бір оқып шыққан соң, қағаз жинап алынады. Ойынның
шарты бойынша студенттер берілген сөздерді естеріне түсіре
отырып,тақтаға қайтып жазып шығулары қажет.Екінші топтың
студенттері айтылған сөздің немесе сөз тіркесінің қазақша
аудармасын табады,ал келесі топтың бір студенті айтылған сөзді
тақтаға жазады.Ойын осылайша жалғасын тауып кете береді.
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
237
Бұл ойынжаттығулардың мақсаты терминдерінің, сөздердің
қазақша баламасын студенттердің естерінде тұрақтандыру,
сөздерді дұрыс жаза білуге үйрету, сөздік қорын байыту.
Бүгінгі таңда қазақ тілін іс жүзінде күнделікті тұрмыс-
тіршілікте, ғылыми, қоғамдық-саяси мақсатта пайдалану
қажеттілігі туып отыр.Біздің ойымызша тілдік жағдайды ескере
отырып,қарым-қатынас-ойындар кез келген оқу процесінде
дəріс алушыларды жаттықтыруда,олардың игеру қабылетін
арттыруда ұтымды роль атқарады. Рольдік ойындар белгілі бір
мақсатта, тілді меңгеруге деген ынтазарлыққа оята отырып,
орындаушылық қабілетке де жетектейді. Рольдік ойынның мəні
ойын барысында дəріс алушының тілдік қатынас жасауға деген
талабын ашуда.Қажетті сөздерді үйренсем, тауып айтсам деген
ойды да туғызады. Осындай ойындық жағдайда ғана қарым-
қатынастың, тілдік қатынастар ерекше маңызға ие болады.
Рольдік ойындар, негізінен, тұрмыстық, қоғамдық-саяси,
ғылыми, кəсіптік қарым-қатынасты ойдағыдай жүзеге асыруды
көздейді.Осындай бағыттағы рольдік ойындар студенттердің
тілін дамытып,қоғамдық өмірдің сан алуан саласында қандай
қарым-қатынас жасау керектігін үйретеді, қазақ тілінде сөйлей
білу қабілетін жетілдіреді.
Бұл ойын-жаттығуларды өткізудегі басты мақсат- орыс
тілді дəрісханадағы студенттерді қазақ тілінде сөйлем құрастыра
білуге дағдыландыру, олардың қазақша сөйлеу жəне ойлау
шеберлігін дамыту.
Қазақ тілін меңгеруде суденттер мынадай жетістіктерге
жетуге тиіс:
1. Өздеріне қаратыла айтылған сөздерді толық түсінуі;
2. Бір немесе бірнеше адамдарға бұйрық, ұсыныс айта
білуі;
3.Өтініш,алғыс айтудың сынайы түрлерін қолдана білуі;
4.Жекелеген заттарға сипаттама беруі;
5.Өз əрекеттерін немесе басқа біреудің жасап отырған
жұмысы,яғни қимыл əрекеті туралы сипаттама беруі;
6.Өз жөні отбасы жайлы əңгімелей білуі;
7. Іс қағаздарын қазақма толтыра білуі;
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
238
Мамекеева Ы.Қ.
Қ.И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ
Алматы, Қазақстан
СТУДЕНТТЕРДІ САЛТ-ДƏСТҮРГЕ, ТІЛІН,
ДІНІН ҚҰРМЕТТЕУГЕ ҮЙРЕТУ
Қазақ білмегенін өартынан сұрайды. Ол -халықтың
кəсібімен, салт -дəстүрімен, дінімен, тарихымен, өнерімен бірге
біте қайнасып, тарихи кезеңдер ерекшелігіне, қоғамдық даму
сатыларына қарай жетіліп, ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын
қастерлі мұра. Сондықтан да халық педагокикасы қағамның
барлық сатысына ауадай қажет. Университетте халық
педагокикасының озық идеяларын пайдаланып, өкше басар
ұрпақты еңбекке, өнер білім машықтарын меңгертуге, ізгі
адамгершілік қасиеттерді бойға сіңіруде оны тəжірибе жүзінде
іске асыру əр оқытушының мерейлі міндеті.
Халық педагогикасының нəрімен суарылып, өзінің
тəрбиелік мəнін күні бүгінге дейін жоғалтпай келе жатқан
бірден-бір қасиетті мұра - халық ауыз əдебиеті.
Осы мұраны қазақ тілі сабағында тəрбие жұмыстарда үнемі
орыды пайдалана отырып, тəрбие ісін жүргізу тиымды.
Енді студенттерге «Халық ауыз əдебиетінен» оқыған ауыз
əдебиетінің түрлерін түбегейлі тұсіндірумен қатар, оның орасан
маңызын ашып жаттату арқылы ізгілікке тəрбиелеу ерекшілігіне
тоқталайын.
Алдымен тілге тиек етпегіміз, халық тарихында
«Шілдехана» аталатын ойын-сауық кешінің маңызына, оның
қашан өтетіні жөнінде түсінік беріліп, сосын «Бесік жырының»
тəрбиелік мəніне тоқталамын. Оның шумақтарын мəнерлеп
оқып берудің де өзіндік орны бар.
Құрығында майырып,
Түнде жылқы қайырып,
Жаудан жылқы қайырып,
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
239
Жігіт болар ма екенсің?
Айыр қалпақ киіліп,
Ақырын жауға тиісіп,
Батыр болар ма екенсің?
Бармақтарын майысып
Түрлі ою ойысып,
Ұста болар ма екенсің?
Бұл үзіндіден халықтың ой-арманы, қазақ халқының бала
тəрбиесіне баланың бесікте жатқан кезінен ақ ерекше мəн беріп,
еңбекке, ерлікке баулу ісіне машықтандыруды құлақ сіңісті ете
бергендей байқалады. Сонмен бірге бесік жырының жұмсақ
əуезді екпінімен айтылатыны да ескеріліу тиіс. Жырды айтудағы
мақсат-баланы ана тілін сіңіру халық музыкасының нəрін
дарыту. Олан болса, өкше басар ұрпақ бесік жырын біліп,
жаттап өссе, артық емес.
Студенттерді Абайдың қара сөздерін оқыта ауыз
əдебиетімен, тəрбие мəселесімен бірге қамтимын. Жетінші сөзін
талдағанда « Адам баласы ер жетіңкірегенде: ит ұрседе, мал
шуласа да, біреу келсе де, біреу жыласа да, тұра жүгіріп, «ол
немене», «бұл немене» деп көзі көрген, құлағы естігенді- бəрін
сұрап тыңыштық көрмейді.
«Мұның бəрі -жан құмары. Білсем екен, көрсем екен,
үйренсем екен деп...» деген тұстарды оқып, осыған орай
халқымыздың тəжірибесінде баланың рухани танымдық
қызығушылығын арта түскен кезінде, олардың ой- өрісіне лайық
өмірмен, айналамен, табиғатпен таныстыру мақсаты болатыны
баса айтылады.
Студенттермен төрт түлік малға байланысты өлең- жырды
өткенде де оның тəрбиелік мəніне көңіл аудару басты нысанада
алыныды.
«Жесе- азық, кисе- киім, мінсе- көлік» дегендей, төрт
түліктің өзіндік орнын ашып көрсетіп, бұрын халқымыздың
күнкөріс тіршілігінің көзі болғанынан да хабардар етеміз.
Халқымыздың керемет ойы мен даналығы, философиялық
тұжырымы мен ақылы мақал- мəтелден де көрнетіні белгілі. Əрі
қысқа, əрі нұсқа. Соған қарамай айтылар ой астары өте көлемді.
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
240
Мақал-мəтелде қаншама салт-дəстүрдің озық тəлімгерлік ойы
жатыр. Мақал-мəтелдерді жаттап,ұғып өскен бала өмірден кем
болмайды. Мақал-мəтелді оқытып, оны түсіндіру жұмысы өз
алдыны үлкен бір дүние.
Мақал-мəтелдер сан алуан болып келеді. Солардың бір
саласы-діни ұғымға байланысты мақалдар. Олардың өздерін əр
түрлі тақырыптарға бөлуге болады.
а) Халықтың ұлы, қозғаушы күш екендігі туралы. Көп
қайда болса-Құдай сонда.
ə) Адамның əр түрлі сыр-сипаты, мінез-құлқы туралы. Сен
Құдайға жеткенше, мен ауылға жетермін.
б) Құдайдың сан алуан қасиет, құдыреті туралы. Құдай
көгін билесін, жеріме менің тимесін. Осы мақалдардың өзінен ақ
тіліміздің байлыгың, ойды айтып жеткізудегі икемділігі, көңілді
баурап алатын тартымды əсер-ырғағын анық байқауға болады.
Қазіргі кезде сый, сипат, ізгілік дегенді жастарға үйрету -
келелі мəселелердің біріне саналады.
Үлкенді қадір тұтып, ерекше сыйлап өткен қазақ ауылының
өмірінде қарттарға деген ықылас, ілтипат, сый-құрмет ерекше
болған. Көпті көрген қариялар отбасында оқытушылық,
тəрбиелік қызмет атқарған, үлкенді сылау, құрметтеу солардан
жақсылықты, ізеттілікті үйренуге баулып отырған. Студенттерге
қазақ тілі сабағында тіл ұстарту сабақтарын өткен кезде осы
жұмыстар жүгізгенімді түсіндіру еді.
Қазақ тілі сабағында қазақтың ұлттық киімін киген қыз
баланың суреті бойынша əңгіме жүргіздім. Мұндағы мақсат-
халықтың ұлттық киімдерінің атын білгізумен қатар, əдемілік,
əсемдік туралы түсінік бере отырып, мақал мəтелдерді ойларына
толықтыру. Мысалы: қамзол, камшат,бөрік, қос етек көйлек,
білезік, сырға т.б. сөздер. Содан кейін «Қамбар батыр»
жырындағы Назымның сипаты, «Қыз жібек» жырындағы
Жібектің сипатын оқимын. Бұлəдіс оқушыға халқымыздығ
ежелден əсемдікті бағалай да, түсіне де білгендігін, ой үдесінен
шыға алатынын байқатса, екіншіден, студенттің өзінің
эстетикалық талғамын өсіреді.
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
241
Студенттердің тілін, ой-өрісін, эстетикалық талғамын
арттыру мақсатында қазақтың ұлттық ойындарын үйретуді
сабақ барысында біріңғай ұштастыра жүргізсек, оның жастарға
берер тəлімі мол болар еді.
Қорыта келгенде айтарымыз, бала тəрбиесі баршаға ортақ
қасиетті іс. Ол үшін халқымыздың жинақтаған педагогикалық
тəжірибесін үлгі-өнеге ете отыра, өкше басар ұрпақты, жастарды
жан-жақты дамыған, білімді, саналы, парасатты азамат етіп
тəрбиелеу-бүгінгі өмір талабы болмақ.
Монтаева А. М., Қазезова А. М.
Қ.И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ
Алматы, Қазақстан
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕНІҢ МАҢЫЗЫ
Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстанның Халқына
жолдауында «Ішкі саяси тұтастықпен қоғамның топтасуы саяси,
идеологиялық діни этникалық немесе таптық мүдделерді
дамытуға бағытталған. Ұлттық салт-дəстүрлер мен ұлттық
мəдениетті насихаттауға байланысты» делінген.
Əр халықтың өзіне тəн ұлттық ерекшеліктері: туған жер,
тіл, тарих, салт-дəстүр ұғымдарымен өрнектеледі.Төрт анадан
нəр алатын рухани мұралар жүйесі жинақталып ұлттық болмыс
ерекшелігін құрайды.
Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өз ұрпағын сегіз қырлы, бір
сырлы өнегелі де өнерлі адамгершілік ар-ожданы жоғары,
намысқой азамат тəрбиелеп келгені тарихи шындық. «Жігітке
жеті өнерде аздық етеді»- деп түсінген халық елімізде ер
азаматтың атқаратын шаруасы да аз болмайтын. Қазақтың «Жеті
атасын білген ұл, жеті жұртқа жөн айтар» деген сөзінде терең
мағына бар. Жеті атасының басып өткен өмір жолын жақсы
білген адам, өз халқының кемінде екі ғасырлық тарихынан
хабардар болады екен. Тарихқа деген құрмет, ұрпақ
сабақтастығы деген осы емес пе?! Сондай-ақ «Қызды жеті
|