Геометриялық фигураның аудан мен көлемді зерттеу әдісі



бет6/8
Дата20.12.2022
өлшемі1,93 Mb.
#58427
1   2   3   4   5   6   7   8
Практикалық бөлім.
Сабақтың тақырыбы: Көлемнің өлшем бірліктері. Текше және тіктөртбұрышты параллелепипедтің көлемін табу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:денелердің көлемі, көлемді өлшеу бірліктері туралы түсініктерін кеңейту, текше мен тіктөртбұрышты параллелепипедтің көлемі туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, көлемді фигуралардың көлеміне септеп табуға үйрету.
Дамытушылық: танымдық ойындар арқылы шығармашылық, танымдық қабілеттерін, логикалық ойлауын жетілдіру, өздіктерінен қорытынды шығара білуге машықтандыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдықққа, ұқыптылыққа, сауаттылыққа, өз бетінше тапсырмаларды орындап, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың көрнекілігі: слайд, қима қағаздар, текше мен тіктөртбұрышты параллелепипедтің макеттері.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндірмелі, сұрақ - жауап, ой қозғау, салыстыру, талдау, проблемалық әдіс.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылардың құрал - жабдықтарын түгендеу
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару
- Психологиялық тренинг


  • Балалар біз сабақ бастамас бұрын психологиялық тренинг жүргізіп жіберейін.

  • Қане, олай болса өзіміз қалаған бір пішінді таңдап аламыз. Сол пішінге қарап мен сендердің мінездеріңе сипаттама беремін.

Шаршы – ұйымдастырғыш, байқампаз, ұқыпты, ұстамды.
Текше – бұл типтегі адамдар өте еңбекқор және бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді.
Зигзак – арманшыл, ойын сауыққа құмар, қызығушылығы жоғары.
Дөңгелек – қарым-қатынасты жоғары бағалайды, сезгіш,кең пейілді.
Үшбұрыш- көшбасшы, билікке талпынады, тез шешім қабылдағыш, шыдамды.
II. Өткен материалды қорыту кезеңі:

  • Жақсы балалар, бұлар қандай пішіндер?

  • Осы пішіндердің атауын айтыңдаршы. (шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш, ромб, тікбұрыш, текше, параллелипипед)

  • Бұл пішіндердің бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар? (текше, параллелипипед көлемді, қалғандары жазық пішіндер)

  • Көлем дегеніміз не?

  • Көлемнің өлшем бірлігін кім айтады?

  • Ендеше сандардың кубын еске түсірейік.


Ойын: «Кім тапқыр?»
8+10*5+10=100 8*5+10*2=100
5+30+55+10=100 10+30+10*2=100
10+10+30*2=100 5+55+30+10=100
2*2+*10+60=100 10+10*2+60=100



«Ой қозғау»

  • Балалар менің қолымдағы шақпақ қорабы. Ол қандай? (кішкетай) Шақпақ қорабының пішіні тіктөртбұрышты пареллелипипедке ұқсайды ма?

  • Ал енді балалар мына қорапқа қараңдар. Бұл ненің қорабы? (үлкен шақпақ қорабы) Бұл да шақпақ қорабы. Екі қораптың қандай айырмашылығы бар?

  • Дұрыс айтасыңдар балалар. Екі қораптың айырмашылығы көлемінде.

  • Ендеше заттардың көлемін тапқанда үлкен зат үшін дециметр, кіші заттардың көлемін табу үшін сантиметр пайдаланады екенбіз.

  • Біз отырған сынып пішіні неге ұрсайды? Тіктөртбұрышты параллелипипедке ұқсайды. Мен сыныптың көлемін табу үшін сантиметр немесе дециметр өлшемдерін қолданамын ба? Бұл өлшем бірліктерді қолдану қолайлы ма?

  • Арине жоқ. Үлкен заттардың көлемін табу үшін метр өлшемін пайдаланады екенбіз.

IІI.Жаңа материалды меңгерту кезеңі:
Оқулықтағы 1 тапсырма
Текше мен тіктөртбұрышты параллелепипдтің макеттері көрсетіліп, олардың көлемін қалай табу керектігі айтылады.
Көлемнің өлшем бірліктері:
1 см3 = 1 сантиметр кубБұл – қабырғалары 1 см текше
1 дм3 = 1 дециметр кубБұл – қабырғалары 1 дм текше
1 м3 = 1 метр кубБұл – қабырғалары 1 м текше




Сергіту сәті
Сонау - сонау алысқа,
Жүзсін десең кемелер,
Тылсым - сырлы ғарышқа,
Ұшсын десең денелер,
Жасау үшін бәрің де
Математика - ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сондықтан да,
Сол ғылымның тілін біл.
Жаңа тақырып бойынша тәжірибелік жұмыс
Екі оқушыға өзара текше мен тіктөртбұрышты параллелепипдтің макеттері беріледі. Олар сызғыш арқылы текшенің қырын, параллелепипдтің ұзындығын, енін, биіктігін өлшеп, олардың көлемін есептеп табады .
Оқулықпен жұмыс
№2. Берілген текшелердің көлемін тап (ауызша)
1) V = 2 см*2 см*2см = 8 см3
2) V = 5 см * 5 см * 5 см = 125 см3
3) V = 8 см * 8 см * 8 см = 512 см3
4) V=4*4*4=64см3
№3. Есепті шығар
а) Қорап
а= 9см
в= 8см
h= 5см
V= ?
Шешуі: V = 9 см * 8 см * 5 см = 360 см3
Жауабы: қораптың көлемі 360см3
ә) Осы қораптан әрбір жағы 2 см артық болатын қораптың көлемін тап.
Қорап
а= 11см
в= 10см
h= 7см
V= ?
Шешуі: V = 11 см * 10 см * 7 см = 770 см3
Жауабы: қораптың көлемі 770см3

№4. Есепті шығар


а) Егер ұзындығы 50 м, ені 10 м, ал тереңдігі 2 м болса, хауыздың көлемі қандай?
Шешуі: V = 50 м * 10 м * 2 м = 1000 м3
ә) Осы хауыз түбінің ауданын есепте.
Шешуі: S = 50 м * 10 м = 500 м2
Аудан ереже
б) Хауыздың бүйір қабырғаларының аудандарынығң қосындысын есепте.
Шешуі: S1 = (2 м * 50 м) *2=200м2
S2= (2 м* 10 м)*2 = 40 м2
200+40=240 (м2)

№5. Тіктөртбұрыштардың белгісіз жақтары мен периметрін тап.
А=? см
в=7см
S=84см2
в= 84/7=12 см
P= (12+7)*2=38см
Қалған 3 есепті 3 қатардан бір-бір оқушыға шығарту.

№ 6 Сызба бойынша өрнек құрастыр. (ауызша)

№ 8 Шығармашылық тапсырма

  1. Үлкен тіктөртбұрыштың ауданы неге тең?

15*9 =135 (см2)

  1. Кіші тіктөртбұрыштың ауданы неге тең?

3*5 =15 (15см2)

  1. Үлкен тіктөртбұрыштан неше кіші тіктөртбұрыш қиып алуға болады?

135/15= 9

Ойын: «Мен саған, сен маған»
IV. Бекіту кезеңі:

  • Логикалық сұрақтар

V. Үйге: № 7 (а, ә)
Бағалау



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет