Аннотация. Мақалада орыс тілі сабақтарында дидактикалық материалдарды таңдау
және қолдану нұсқалары беріледі.
Annotation. The article describes the selection and use of instructional materials in the
classroom of the Russian language.
Қ.Ш.Ибраймов
ТІЛ ТАБИҒАТЫН ТАНУДАҒЫ ТІЛ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ РӚЛІ
ӘӚЖ 81.1 (574)
Қазақ тілі энциклопедиясында: «Тіл - ӛте күрделі, сан сапалы құбылыс. Ең алдымен ол
белгілі адамдар қауымында қарым-қатынас жасауды жүзеге асыру үшін табиғи жолмен
пайда болған ӛзіндік ерекше кӛне таңбалар жүйесі» - деп [1,413] кӛрсетеді.
Тіл – құбылыс. Кез-келген құбылысты дұрыс түсіну үшін оны басқа құбылыспен
байланыста қарап, оның пайда болуын, одан әрі дамуын білу керек. Байланыс тікелей не
жанама арқылы болады, бірақ ӛзара тәуелділік, ӛзара әрекеттестік түрінде кӛрінеді.
Оқшауланған құбылыс жоқ, шартты байланыста болады.
Құбылыс және тұтас дүние – күрделі қатынастар жүйесі, себеп пен салдардың
байланысы. Байланыс арқасында мәңгі дамып, қозғалыста болады. Қозғалыс – бір формадан
басқа формаға ӛту. Дүние – адам санасынан (еркінен) тыс, объективтік заңдар үстемдік
ететін бір тұтас заңды нәрсе. Адам дүние бірлігі мен қозғалысын танып біле алады. Адамдар
ұғымдары – құбылыстар мен процестердің жаппай универсалды байланысы, ӛзара
әрекеттесуі, ұғымдардың ӛзара байланысында бейнеленеді.
Адам таным процесінде қалыптастыратын ғылыми ұғымы не ұғымдар жүйесі –
құбылыстардың ішкі байланыстарының, олардың арасындағы процестердің бейнесі. Қазіргі
ғылымға тән ерекшеліктер - әрдайым құбылыстардың байланыстарын ашуға тырысады, жеке
құбылыстарды байланысқан бір тұтас нәрсе ретінде зерттеу. Ғылымның міндеті мен мақсаты
– табиғатты және қоғамды ең алдымен қозғалыс пен дамудың заңды процесі, объективтік
заңдар бағыттап отыратын процес ретінде түсіну. Заң – құбылыстардың ішкі байланысы
және ӛзара шарттастығы. Кез-келген байланыс заң, заңдылық бола бермейді, мәнді, тұрақты
қайталанып отыратын, құбылыстарға іштей тән байланыстар және ӛзара шарттастықтар. Заң
құбылыстардың ӛз арасындағы не олардың қасиеттерінің арасындағы белгілі бір тұрақты
байланыс болып табылады.
23
Тіл құбылысы XIX ғасыр лингвистикасында түрлі ағымдардың тууына түрткі болды.
Оның себептерінің бірі – тілдің ӛзіндік табиғаты мен мәнін ашу. Жалпы тіл білімінде:
«Кейбір ғалымдар тілдің қоғамдық мәнін дұрыс түсініп, оны қоғамдық құбылыстар қатарына
жатқызса, енді бір топ зерттеушілер тілді табиғат құбылысы деп түсіндіріп оны зерттейтін
ғылымды табиғаттану ғылым тобына қосты, тілді таза психикалық құбылыс деп санап, тіл
білімін психология ғылымына тәуелді етпекші болғандар да болды» - деп [2,47], жазды.
Бұдан да басқа тілді биологиялық құбылыс, әлеуметтік құбылыс, табиғат құбылысы, тарихи
құбылыс, эстетикалық құбылыс тағы басқа деп түрлі құбылысқа жатқызушылар бар. Тілдің
түрлі құбылысқа жатуының себебі, тілдің әр түрлі құбылыспен жанама байланысы барын
кӛрсетеді.
Лингвистика дүниеге келген күннен бастап философиямен тығыз байланыста келеді.
Тіл теориясы мен алғаш айналысушылар философтар болды. Олар тіл философиясының
негізін салушылар еді. Ӛйткені, тіл білімі мен философияның ортақ мәселесі – тілдің
табиғаты мен мәні жӛніндегі мәселе болды. Жалпы тіл білімінде: « Бұл дәуірдегі тіл
философиясының алға қойған мақсаты – тілдің табиғаты мен мәнін, оның қоғам ӛмірінде
алатын орны мен функциясын, ойлаумен, адамдардың рухани ӛмірімен байланысын
айқындау болды» - деп [2,41], тіл табиғатының ерте кезден-ақ мәселе ретінде кӛрсетілгенін
айтады.
Қазір тіл табиғаты түрлі құбылыстағы ғылымдар мен байланысқа түсіп, тіл білімінің
жаңа бағыттарын тудырып отыр. Бағзы заманнан бастау алып, халық санасына сініп,
жадында жатталған тілдің (сӛздің) тарихына үңілу, табиғи сырын ашып, мағыналық даму
мен тілдің қолданыс аясын анықтау, ұлт мәдениетімен сабақтастыру тілі тарихының ұлт
тарихынан да ұзақ екендігін негіздейді. Бүгін де бұлар (бағзы заман, халық санасы мен жады,
сӛздер тарихы мен табиғи сыры, ұлт мәдениеті) тіл ғылымының бағыт-бағдарын тудырып,
ерекше назар аударатын мәселелердің біріне айналды.
Бірнеше дәуірдің тарихы адамзат баласының болашақ үшін қоғамдық, әлеуметтік,
экономикалық т.б. күресі, рухани жаңғырулары сан ғасыр ӛтсе де, сол халықтың ұрпағынан
ұрпағына сол этностың тілінде сақталуы арқылы жетеді. Соның арқасында ұрпақ ана тілдің
ӛміршендік (кумулятивтік) қызметінің қуаты мен құдыреті негізінде ұлтымыздың кӛне
тарихы мен мәдениетін дұрыс танып білуге бастау алады.
Осы бастаулар кӛзі кешенді тіл ғылымының кӛкжиегінде ұлттық мәдениетінің кӛзі
ретінде тағылымдық мәні зор ұлттық тілдің ӛн бойынан табылады. Осымен байланысты тіл
табиғатының құпиясы ғылымның басқа салалары мен (психология, антропология,
мәдениеттану, мифология т.б.) тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде танылып, ашылып
отыр. Ӛйткені, кез келген ұлттық тілдің сырын шынайы тану үшін тілдің ӛзіндік
заңдылықтарын білу жеткіліксіз, оның түпкі тамыры сол тілді сойлеуші этностың сан
дәуірдегі жүріп ӛткен тарихымен, күнделікті ӛмірдегі тұрмысынан орныққан мәдениетімен,
күн кӛрісіне арқау болған жан рухымен, ой санасымен тікелей байланысты. Сондықтанда
ұлттық тілді халықтың мәдениетімен, жан ілімімен, ойтанымымен, тарихымен,
методологиялық, негізімен т.б біріктіре қарау мәселесі тіл ғылымында ӛріс алып жаңа
тілтанымдық
бағыттар
қалыптасып:
Этнолингвистика,
когнитивті,
лингвистика,
психолингвистика, психоэтнолингвистика, лингвомәдениеттану, гендерлік лингвистика,
лингвомифология елтану, тіл білімінің методологиялық негіздері, адам капиталының
лингвистикасы т.б. ғылымдардың тууына себепші болды.
Тіл білімінің жаңа бағыттыры дегеніміз - лингвистикалық идеялардың эволюциясы,
яғни жаңа идея, тың ізденісі, ӛзгеріс пен дамудың тіл біліміндегі негіздерін айтамыз.
Жаңа бағыт бағдардың мәні мен маңызы ерекше. Философиялық жақтан қарасақ:
объектінің мәнін құратын жақтары, танымның даму логикасы мен қоғамдық практиканың
қажеттері.
Белгілі бір объектінің мәніне жету үшін:
- пайда болу себебін;
- ӛмір сүру заңдарын;
24
- оған тән ішкі қайшылықтарын;
- даму бағытын;
- оны айқындаушы қасиеттерін таны білу.
Мән дегеніміз - объктінің негізгі қасиеттері жақтарының, ішкі байланыстарының
түйіскен пункті, табиғаты
-
Мән және жалпылық категориялары тығыз байланысты, ӛйткені заттардың белгілі бір
тобының мәні болып табылатын нәрсе, сонымен бірге олардың жалпылығыда болады.
Тіл табиғатын мәнін танып білу үшін ең басты қасиетін айқындап алу қажет. Тілдің
табиғатын айқындайтын ең басты қасиеті - тіл қызметі.
Қазақ тілі энцеклопедиясында Тілдің қызметі;
1.Адамзат қоғамындағы тілдің қызметі рӛлі, қолданысы.
2.Бір бірліктің екінші тілдің бірлікпен себепті, бағыныштылығы, байланыстылығы - деп
[1,424], тілдің рӛлін, қолданысын, бағынышты байланыстылығын кӛрсететін маңыздылығын
ашып береді.
Тіл қызметі бірнеше болып келеді:
- қатынас құралы (қоғамдық мәніне байланысты)
- сӛйлеу, пікір алу құралы (әлеуметтік мәніне байланысты)
- ойды жарыққа шығару құралы, (психологиялық негізіне байланысты)
- сезім мен эмоцияны білдіру құралы (эксперссивті рӛліне қарай)
- нағыз кӛркем шығарма жазу құралы (әдебиеттік қызметіне қарай)
- әлеуметтік іс пен әрекет құралы (саясат, мәдениет,ӛндіріс, тұрмыс)
- ойлау мен таным құралы (когнитивтік қызметіне қарай)
- таңбалау қызметі (семотикалық ерекшелігіне қарай)
- адам санасының кӛрсеткіші (философиялық қызметіне байланысты)т.б
Тіл табиғатын (тіл қызметін) айқындау идеясынан (бастамасынан) тіл білімінің жаңа
бағыт-бағдарлары туындап, тіл қызметтеріне айшықтай-анықтай түсті. Бағыттардың ӛмір
сүру заңдылығы, оның айқындаушы қасиеттерін тауып, даму бағытын нақтылау, ішкі
қайшылықтарын реттеу негіздерін құрайды.
Тіл білімінде бұрын тек тілдің жалпылама қызметтерін (коммуникативтік-
экспрессивтік-эстетикалық-шығармашылық т.б) айқындаумен шектеліп келді. Тіл білімінің
жаңа бағыттары бұл шекті бұзып, тіл қызметін жан-жақты қарауды, тіл қызметінің мәнін
терең ашып берді.
Тіл қызметінің ең негізгісі – коммуникативтік қызмет, яғни тілдің қоғамдағы қатынас
құралы ретіндегі қызмет болып табылады.
Ф.Оразбаеваның «Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі» еңбегінде Коммуникация-
қарым-қатынас құралы. Сӛйлесуге байланысты. Сӛйлесу:
а) ойын жеткізу;
ә) бір нәрсені хабарлау;
б) ӛзара түсінісу;
в) пікір алмасу;
г) ұғыну.
Терминнің әлеуметтік сипаты келіп шығады. Тілдің әлеуметтік мәні мен қоғамдық
қызметі, адамдар арасындағы қарым-қатынасты, түсінушілікті кӛрсетеді.
Адамзаттың тіл арқылы қатынасқа түсуі тілдік қатынас дегенді білдіреді [3;7] дей
отырып, тіл арқылы қатынасқа түсу - сӛйлеу тілі. Сӛйлесім процесі адамзатқа тән екендігін
білдіреді.
Тіл білімі жаңа бағыттары негізінде коммуникативтік, когнитивтік және эксперсивтік
т.б қызметтердің құрамдас қызметтері айқындалып отыр. Тіл қызметінің жан-жақтылығын,
оның негізгі қызметімен қоса, негізгі қызметін айқын, толық, дәл айқындауда қосымша
қызметті болатындығын, тіл табиғатының сырын терең ашудан қалыптасып, тіл мәні
қалыптасатын кӛрсетіп отыр.
Коммуникативтік қызмет бірнеше құрамдас қызметтен тұратыны белгілі болды. Олар:
25
1) фатикалық қызмет (мағынасыз бос сӛзге құралған тілдесім)
2) коннотативтік қызмет (қосымша, тіл бірлігінің эмоциялық, бағамды стилистикалық
рең беру қызметі)
3) волюнитативтік қызмет(еркіндік,уәж,символдық қызмет)
4)ұлттық
дүниетанымдық
қызмет
(ұлттың
ӛзіне
тән
мінез-құлық,
жан
дүниесін,психологиялық сипатын танытуы)
5)мәдениетті сақтау немесе мәдениетті жалғастыру қызметі (материалдық-рухани
мәдениетті меңгеру, дамыту орны).
Когнитивтік қызмет – тіл білімінің қоғамдық-әлеуметтік орны мен рӛлін, адамзаттың
ойы мен тілін, сана мен сӛйлеу әрекетін, таным мен тілдік қарым-қатынас процестерінің
бірлескен әрекетінің нәтижесінде және жалпы және жеке тіл мәселелерін ашудан пайда
болған қызмет. Бұл қызмет тіл арқылы қоршаған ортаны, адамзат қасиеттерін, қоғамдық
құбылыстар мен жаратылысты танып білудің ғылыми-теориялық негіздерін қарастыратын
тіл білімінің жаңа саласы когнитивті лингвистиканы қалыптастырды.
Когнитивті лингвистика мәні латынның" білім, түсінік, кӛзқарас" деген ұғымнан
алынған - тіл біліміндегі бағыт. Тілді игер, табиғи тіл механизмін түсіндіру үшін білім
жинау, қолдану және оны түсіну моделін құру,бүгінгі тілдерді дискурсты (әлеуметтік-
мәдени, психология, прагматикалық, экстралингвистикалық факторлар жиынтығы арқылы)
басқару.
Когнитивті лингвистика тіл білімінің танымдық бағыттары мен аспектілерін әр түрлі
қырынан ғылыми негіздейді және адамның таным процесіне қатысты білімін тереңдетіп,
тәжірибесін молайтады. Когнитивті лингвистиканың негізгі мақсаты:
1.Тіл біліміндегі танымдық теорияның ғылыми негіздерін меңгеру;
2.Танымның басты тұжырымдары мен қағидаларының мәнін ашу.
Когнитивті лингвистиканы меңгеру когнитивтік қызметті толық айқындаудан тұрады.
Когнитивті қызметтің құрамдас қызметтері тілтанымдық және танымдық қызметтерді
құрайды.
Когнитивті қызметтің қосымша тілтанымдық қызметтері мынадан тұрады:
1.Тілтанымдық қызмет (тіл арқылы халық даналығын, дүние танымын, ӛмір тынысын,
тіршілік мәнін ашу мен айқындау)
2.Денотациялық қызмет ( сӛз мағынасы арқылы білдіретін зат пен құбылысты меңгеру)
3.Референциялық қызмет ( ұғым негізінде танылатын объективті дүниедегі зат пен
құбылысты анықтау)
4. Предикациялық қызмет ( сӛз бен сӛйлем мәселесін ажырату)
Когнитивті қызметтің қосымша танымдық қызметтері:
1.Аталымдық қызмет ( атаулардың дұрыс-бұрыс қою атаулардың қайдан шыққанын
кӛрсететін қызмет)
2.Дисскурсивтік қызмет (сӛйлеу арқылы ойдың әлеуметтік астарын білдіру қызметі)
монологты-диалогты сӛйлесу.
3.Кумулятивтік қызмет (құжаттың, ана тілдің ӛмір шеңдігін кӛрсету қызметі). Тілдердің
ғасырлар бойында дүниеге келіп, қалыптасуын, барлық байлығын жинап, сақтапн, оны
келешек ұрпаққа асыл мұра ретінде жеткізіп отыратын қалып.
Эмоциялық қызмет эмоциялық қызмет арқылы модальдық және поэтикалық қызметі
байланыстырылады. Осы ерекшелікке байланысты эмоциялық қызмет түрленіп, екі қызмет
негізін құрайды:
1.Тілдің модальдық қызметі (сӛз мазмұны не сӛйлеушінің шындыққа қатысы, сӛз
мазмұнына кӛз қарасын білдіру қызметі)
2.Поэтикалық қызмет ( поэтикалық, кӛркемдік, эстетикалык қызметтегі тіл).
Бұлармен тіл табиғаты толық ашылып мәні анықталды дей алмаймыз және тіл
қызметтерінің рӛлі толық ашылды деуге келмейді. Ӛйткені тіл біліміндегі жаңа бағыттар:
таңдамалық және функционалдық, постструктурализм әлі де болса, толық сипатталып, мәні
әлі ашылған жоқ. Тіл білімінің жақсы бағыт-бағдарларынан пайда болған компьютерлік
26
лингвистика, этнолингвистика, антропоцентристік лингвистика, тілдік семантика,
функционалды грамматика, психолингвистика, нейролингвистика, гендерлік лингвистика,
лингомифология, елтану т.б лингвистикадағы басым бағыттар мәселелері толық зерттеліп,
тілдің ӛзекті мәселелері әлі толығымен жүйеленген жоқ.
_________________
1.Қазақ тілі энциклопедиясы: Алматы, 1998ж.
2.Жалпы тіл білімі. Алматы мектеп, 1983ж.
3.Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2000ж.
Роль язык работы в узнавание природу языка
Аннотация. В статье рассматриваются роль деятельности языка в узнавании природы
языка.
Annotation. The paper investigates the problem of computational linguistics.
Қ.Ш.Ибраймов
ТІЛ ТУРАЛЫ ҚҦҚЫҚТЫҚ - НОРМАТИВТІК АКТІЛЕРДІҢ (ҚҦЖАТТАРДЫҢ)
ТІЛ БІЛІМІНДЕ АЛАТЫН ОРНЫ
ӘӚЖ 81.1 (574)
Құқықтың пайда болуы мемлекеттің пайда болуымен тікелей байланысты.
Мемлекет тарапынан бақылауға алынған, нормативтік актілерде нақтыланған, орындау
тетігі қалыптастырылған нормалар болғандықтан, құқық ережелерін сақтау мемлекеттің
барлық азаматтары үшін міндетті болып табылады. Жалпы білім беретін мектептің 9-
сыныбына арналған оқулықта «Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған
және қорғалатын, жалпыға бірдей нормалар жүйесі» делінген (1,127).
Құқық негіздеріне мемлекеттің басты негізгі заңы – Конституциясы, салалық
заңдары және басқа құқық нормалары тұжырымдалған мемлекеттік нормативті актілері
жатады. Құқықтың мазмұны құқықтық нормалардың жиынтығынан тұрады.
Тіл мен тілтанымның да құқықтық нормативті жүйесі бар. Біз білім процесінде
күнделікті пайдаланып жүргенімізбен нақты танымдық мәселесінде кӛңіл аударып
жүргеніміз жоқ. Осыған дейін Елбасымыздың ана тілімізді ардақтау мақсатында 5
жарлық, 3 ӛкімге қол қойса, Үкімет мемлекеттік тілді ӛркендету тұрғысында 22 қаулы
қабылдапты және білім берудегі құжаттар мемлекеттік стандарт, типтік оқу жоспары,
жеке оқу жоспары мен мектептерге арналған бағдарламалар барын білеміз. Осы тіл
туралы құқықтық–нормативтік құжаттардың ӛзін білгенмен, мәні мен маңызын,
танымдық негіздерін тұщынып, оқытып үйретуде кӛптеген кемшіліктерге бой алдырып
жүрміз. Әсіресе тіл мәселесінде құқықтық нормативтік құжаттар түсіндіріліп те,
талданып та жүрген жоқ.
Тіл мәселесі тек ғылыми ғана емес, қоғамдық және адамдық мәселелерімен де
күрделі мәселе болып табылады. Біртұтас білім жүйесін құру, ӛмір бойы білім алу –
бүгінгі замандағы әр адамның парызы. Бұрын біз тілтанымның тек
интралингвистикалық және экстралингвистикалық, тарихи даму негіздерінен білім беріп
келдік, ал құқықтық–нормативтік негіздеріне кӛңіл бӛлмей, жалпылық мән беріп келдік.
Шындығында мемлекет пен қоғамның Негізгі заңы ретінде Конституция бүкіл заң
шығару ісінің қайнар кӛзі болып табылады, онда мемелекеттің жоғарғы органдарының
құрылымы, азаматтардың негізгі құқықтары, бостандықтары мен міндеттері кӛрсетіледі.
Сондықтан бүкіл қоғамның тағдырын анықтайды. Соның бірі ретінде – тіл тағдырын да
шешіп береді.
27
Қазақстан Республикасының Конституциясының 7-бабында «мемлекеттік тіл»
«ресми тіл» және «Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту» деген ұғымдар
берілген. Бұл ұғымдардың тағдырына бей-жай қарауға болмайды(2,7). Мұнда Қазақстан
халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттік құра отырып, ӛзімізді еркіндік, теңдік және
татулық мұраттарына берілген бейбітшілік азаттық қоғам мәселесі кӛтеріліп отыр.
Конституция кӛтерілген тіл мәселесі ұғымдары мен атауларды ажырата білу керек.
1.
Мемлекеттік тіл:
a)
мемлекет қамқорлығында болады.
б) оны меңгеру міндетті деп саналады және білу сол елде тұратын әр азаматтың
борышы болып табылады.
в) сол елдің мемлекет, қоғамдық-саяси, әлеуметтік т.б. салаларында кеңінен
қолданылатын басты тіл болып есептеледі.
2.
Ресми тілдің мемлекеттік тілден айырмашылығы
a)
оны қолдану аясы тар болады.
б) Атазаңда аталғаны болмаса, функциялық рай ерекше кӛрсетілмейді.
в) кейбір ұлт-ұлыстардың (диаспоралардың) бір аймақта шоғырланып ӛмір сүруіне
байланысты ресми тіл белгіленуі мүмкін.
3.
Тілдерді үйрену мен дамыту – ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығы мен
этностардың жарасымды ӛмір сүруіне, жекелеген этнос тілінің, мәдениетінің сақталуы
мен дамуына ықпал ету, тіл саясаты тұжырымдамасын толық сақтау мақсатында
болады.
Тіл туралы құқықтың негізі – Қазақстан Республикасының тіл туралы Заңы. Заңда
«Осы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолдануының құқықтық негіздерін,
мемлекеттің оларды оқып үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жӛніндегі
міндеттерін белгілейді, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей
құрметпен қарауды қамтамасыз етеді»- делінген (3,484). Сонда, тіл заңы дегеніміз –
Қазақстан Республикасы тілдері қолданылуын, оның құқықтық негіздерін сақталуын,
оқып-үйренуін, тіл дамуы мен тіл жағдайын реттейтін, міндеттейтін Заң.
Тіл Заңы 6 тараудан, 27 баптан тұрады. Жеке-жеке талдасақ:
І тарау жалпы ережелерден тұрып, 7 бапты қамтиды. Онда мына мәселелер
қарастырылады:
негізгі ұғымдар түсінігі беріледі;
Заңның реттейтін мәселесі қарастылады;
ҚР тіл туралы заңдарының нормативтік актілері айтылады;
орыс тілін қолдану мәселесі кӛрсетіледі;
мемлекеттің тіл жӛніндегі қамқорлығы айқындалады;
тілдердің қолданылуына кедергі келтіруге жол бермеу сипатталады;
ІІ тарау: «Тіл – мемлекеттік және мемлекеттік емес, ұйымдар мен жергілікті ӛзін-ӛзі
басқару органдарында» деп аталып, 8 баптан тұрады, онда:
тілдердің қолданылуы;
мемлекеттік органдар актілерінің тілі;
құжаттама жүргізу тілі:
ӛтініштерге жауап тілі;
Қарулы күштер мен құқық қорғау тілі;
сот ісін жүргізу тілі;
әкімшілік істерді жүргізу тілі;
мәмілелер тілі қарастырылып, құқық тілі айқындалады.
ІІІ тарау: «Тіл – білім беру, ғылым, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары
саласында» делініп, 3 баптан тұрып, тілдің салалық мәселесі айтылады:
тіл – білім беру саласында.
тіл – ғылым мен мәдениет саласында;
баспасӛз бен бұқаралық ақпарат тілі деп, осындағы тіл жайы талданады.
28
ІҮ тарау: «Тіл елді-мекен атауларында, жалқы есімдерінде, кӛркем ақпаратта» деп,
тілдерді пайдалану жолы сипатталады. Мына мәселелер талданады:
топонимикалық атауларды, ұйымдар атауларын пайдалану тәртібі;
кісі, әкесінің есімі, тегін жазу;
деректемелер мен кӛркем ақпарат тілі;
почта – телеграф тілі.
Ү тарауда тілдің құқықтық қорғау жауапкершіліктері сипатталып, мына жайға
тоқталады:
тілді мемлекеттік қорғау;
тіл заңындағы жауаптылық;
уәкілетті мемлекеттік орган;
Заңның орындалуы.
ҮІ тарауда тілді шетелдермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда
пайдалану ӛкілеттігі рәсімделеді, бір мәселе кӛтеріледі:
тіл – халықаралық қызметте.
Тіл Заңының оқытуға құжаттар тілі мен оның құқықтары айқындалған, құқықтық
тіл туралы толық түсініктеме берілуі керек.
Тіл туралы құқықтық-нормативтік актілердің бірі – Қазақстан Республикасы тіл
саясатының тұжырымдамасы (4).
Қазіргі әлемдегі қоғамдық процестердің ұтымды жүруі – тұрақты даму. Тұрақты
дамудың шарттарының бірі – ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығы. Тұрақтылықтың
кепілі – тіл саясаты.
Тіл саясаты – кӛп тілді мемлекетте этностардың жарасты ӛмір сүруіне, ұлтаралық
бейбітшілік пен келісімнің сақталуына ықпал ету, жекеленген этнос тілінің,
мәдениетінің сақталуына және дамуына , баюына жағдай жасау.
Тіл саясатында кӛптеген ұғымдар мен атаулар нақты ғылыми шешімін таппай,
араласып, жүйесін таппай келеді. Солардың кейбіреулеріне сипаттама берсек:
1.
Қазақстан кӛп ұлтты мемлекет пе, кӛп тілді мемлекет пе?!
Біздің еліміз кӛп ұлтты емес, кӛп тілді мемлекет, себебі, Қазақстанда ӛз шекарасы
бар, аймақтық (территориялық) бӛлінген, ӛзіндік басқару әкімшілігі бар ұлт жоқ. Бірақ
кӛптеген ұлттар бар. Олардың тілдері мен мәдениетінің, әдет-ғұрыптарының, салт-
дәстүрлерінің дамып жетілуіне бізде барлық жағдай жасалған.
2.
Мәселе – аса ыждағаттылықпен шешілетін жұмыс.
3.
Білім – тәжірибе, қалыптасқан түсінік, хабар, дерек және мәліметтер топтамасы.
4.
Тіл – ойлау мен таным құралы, адам санасының кӛрсеткіші.
5.
Тіл саясаты – түрлі тілдердің қарым-қатынасын анықтап, белгілі деңгейде ықпал
ету.
6.
Саясат – мемлекеттік – қоғамдық іс, мәселелерді шешудегі ерекше түрі.
Тіл Заңының мәні мен табиғатын толық ашу үшін тіл саясаты
тұжырымдамасының мақсаты мен міндеттерінің ӛзекті мәселелерін айқындап алып,
жан-жақты оқыту керек.
Тіл саясаты тұжырымдамасындағы басты мәселелер:
тілдерді тұрақты дамыту;
ұлтаралық бейбітшілік пен келісім;
этнос тілінің сақталуы;
жаңа әлеуметтік-саяси болмыс;
тіл мәселерін шешудегі факторлар;
мемлекеттік тіл міндеттерін айқындау;
Атазаңымызға лайық тілдік даму мен тілдік қызмет.
Осы басты мәселелерді шешу мақсатында тіл саясаты тұжырымдамасында күрделі
үш мәселеге талдау жасап, сипаттама беріледі. Олар:
1)
тілдік ахуал
29
2)
тілдік функция
3)
тіл құбылысының міндеттері.
Тұжырымдамада: «Тілдік ахуал – бұл тілдің қоғамда нақты қолданылуының
кӛрінісі» - делінген (4,492). Яғни тілді қолдануда, мына мәселелерді шешуді кӛтереді:
тілдік және тілдік емес факторларды ӛзара байланыстыру
тіл ӛміріне саналы ықпал жасау
тілдік мүдделерді ескеру
қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін толық іске асыру
қазіргі қазақ тілінің ахуалына ерекше кӛңіл бӛлу
тіл тазалығын қамтамасыз ету
ӛзге ұлттық топтар тілдерін қолдану
балаларға ана тілінде білім беру
оқулықтар, үй-жай, білікті мамандар дайындау
тиісті құқықтық базаны қалыптастыру
тілдік орта жасау
Тұжырымдамада: «Мемлекеттің қолайлы тілдік кеңістігін жасау тілдердің
функционалдық ара-қатынасын дәл анықтауды талап етеді» - делінген (4,492) және үш
мәселені кӛтереді.
1)
мемлекеттік тіл мәртебесі
2)
қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін іске асырудағы жауапкершілік
3)
этникалық топтардың тілдері аясын кеңейту.
Мұнда мемлекеттік тілдің маңызды функцияларын кӛрсетіп, оның қандай тіл
екендігін анықтап береді. Мысалы тұжырымдамада: «Бұл, ең алдымен, осы мемлекеттің
барлық заң актілерін қабылдайтын тіл» - деп (4,493), жоғарыда, Тіл заңында кӛрсеткен
құқық негіздерінің әрқайсысына сипаттама беріп, «Барлық деңгейдегі мемлекеттік
органдар мен оның басшылары қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін іске асыруда
негізгі жауапкершілікті ӛз мойнына алады» - деп (4,493), басшылардың негізгі ісі
екендігін анықтайды. Ал, түрлі этнос тілдерін отбасылық-тұрмыстық саладан ажыратып,
қолдану аясын кеңейтуді міндеттейді.
Тұжырымдаманың «Тіл құрылысының міндеттері» деген бӛлімінде (4,494) мына
мәселелерді нақтылайды:
тілдерді дамытуға жағдай жасау
мемлекеттік тіл мәртебесін іске асыру үшін барлық жағдай туғызу
мемлекеттік тілді барлық азаматтардың белгіленген кӛлемде меңгеруі
мемлекеттік тілді үйрену жӛнінде
мемлекеттік тілді оқытатын тиісті деңгейді қамтамасыз ету.
тілді тиімді үйрету әдістемесін ендіру
аудармашы мамандар даярлауды кеңейту
Қазақ тілін меңгеру Қазақстандық патриотизмнің құрамдас бӛлігі, оны білу әрбір
азаматтың ӛмірлік қажетіне айналдыру.
ресми тілді мемлекеттік тілмен қатар қолданылуы
орыс тілі қызметінің аясын сақтау
этностардың ұлттық-мәдени орталықтарының белсенділігін арттыру және олардың
Отандарымен ӛзара іс-қимылды жолға қою
қазақ тілінің бірізділігі мен тиісті стандартқа сай қамтамасыз ету
мемлекеттік тілді оқып-үйренушілер үшін бейне және дыбысты-кӛріністі
материал дайындау
«Тіл туралы заңның» жаңа жобасын дайындау т.б.
Тіл туралы құқықтық-нормативтік құжаттардың бір негізі – мемлекеттік стандарт,
типтік оқу жоспары, жұмыс оқу жоспары, жеке оқу жоспары.
Білім берудің кӛзі – мемлекеттік стандарт Оқу пәнінің стандарты нақты оқу
пәнінің мақсатын, міндеттерін, құрылымын, базалық білім мазмұнын және оны оқытуға
30
бӛлінетін оқу уақытының жоғарғы шекті кӛлемін, сондай-ақ жалпы білім беретін оқу
орнының әрбір сатысындағы оқушылардың міндетті (минимум) дайындық деңгейіне
қойылатын талаптар жүйесін анықтайтын құжат. Оқу стандартының маңызы:
1.
ҚР жалпы білім беруді жүзеге асырады.
2.
Оқу бағдарламаларын дайындауда негізгі алынады.
3.
Тестілеудің ұлттық орталықтарындағы қабылдау емтихандары материалдарын
дайындауда басшылыққа алады.
4.
Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер түзуді қолданылады.
5.
Кадрлардың біліктілігін жетілдіру жән қайта даярлау бағдарламаларын жасауда
ескеріледі.
6.
Оқыту саясатын мемлекеттік бақылау жүргізуде осы құжатқа сүйенеді.
7.
Республикалық жалпы және ЖОО білім беретін ұйымдарды аттестациялауда
негізгі құжат болып табылады.
8.
Оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын ӛңдеуде басшылыққа алынады.
Мемлекеттік стандарт негізінде типтік оқу жоспары түзіледі. Типтік оқу жоспары
дегеніміз білім беру саласының оқу принциптерінің тӛменгі кӛлемін белгілейтін негізгі
құжат. Ал оқыту кезеңдерінің ерекшеліктеріне қарай толықтырылып, нақтыланып
жасалған және бекітетін құжат – жұмыс оқу жоспары. Оқу жұмыс жоспары негізінде
бір жылға жасалған құжат – жеке оқу жоспары.
Біз бұл құжаттарды тек атап ӛтіп отырмыз. Шындығында құжаттардың талап-
міндеттерін жете оқып білген дұрыс. Әсіресе болашақ ұстаздарды дайындайтын оқу
орны әр құжатты отырыстарда әр жыл сайын талдап, талқылап отырғаны дұрыс
болады.
Филолог мамандарды дайындайтын және сол мамандықтарды оқып жүрген
болашақ мамандар және біліктілігін жетілдіріп қайта даярлау тыңдаушыларына тӛменгі
құжаттардың мәні мен табиғатын жете түсініп, терең меңгерген абзал. Олар:
1.
«Қазақ тілі» пәні бойынша білім беру стандарты – ҚР-ындағы жалпы орта білім
беретін мектептердің барлық типтеріне ортақ қазақ тілінен оқушылардың алатын
міндетті (минимум) білім деңгейін тағайындайтын құжат.
2.
«Қазақ тілінен» білім берудің негізгі бағдарламасы – ана тілінің қоғамдық-
әлеуметтік мәнін түсіндіруге, оқушының лингвистикалық дүниетанымын
қалыптастыруға, коммуникативтік біліктерін дамытуға қажетті «Қазақ тілі» пәнінің
мазмұн-жүйесін анықтайтын құжат.
3.
«Қазақ тілінен» бағдарлы білім беру бағдарламасы – оқушылардың тілдік білімін,
біліктілігін сӛз мәдениеті талаптарына сәйкес қарым-қатынас түрлері мен шешендікке
қатысты дамытудың мазмұн жүйесін анықтайтын құжат.
4.
«Қазақ тілінен» қосымша білім беру бағдарламасы – оқушылардың қазақ тілі
біліміне деген мемлекеттік стандарттан тыс сұраныстарын қанағаттандыратындай қазақ
тілі білім мазмұнын анықтайтын құжат.
Тіл туралы құқықтық-нормативтік құжаттар жоғарыдағы біз талдаған құжаттар
негізімен бітпейді. Олар:
1.
ҚР Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы №4106 жарлығымен бекітілген
«Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы».
2.
ҚР Пезидентінің 2001 жылғы 7 ақпанындағы №550 жарлығымен бекітілген
«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы».
Бұл құжаттар білім беруге негізделген болса, оқыту мен тәрбиеге байланысты
қосымша мынадай құжаттар бар:
1.
Білім туралы заң.
2.
Отбасы саясаты.
3.
Жастар саясаты.
4.
Несие саясаты.
31
5.
Еңбек заңдылығы т.б.
6.
Бұл барлық құжаттар мемлекет атынан айтылып жазылған соң міндетті
оқытылып, нақты білім берілуі керек
_______________
1.Адам.Қоғам.Құқық: жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық//
Қ.Жүкешев, Ғ.Сапарғалиев, Г.Асанбекова. – Алматы: Мектеп, 2005ж.
2.Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, Елорда, 2008ж.
3.Қазақ тілі энциклопедиясы.-Алматы,1998ж.
4.Қазақстан республикасы Президентінің 1996 жылғы 4 қарашадағы №3186 үкімімен
мақұлданған «Тіл саясаты тұжырымдамасы//Қазақ тілі энциклопедиясы.-Алматы,1998ж.
Достарыңызбен бөлісу: |