Тҥйіндеме
Баймахан Т. – ХҚТУ профессоры,
Мҧстафаева М. – 6М021000 Шетел филологиясы мамандығының 2-курс магистранты. Marzhan_093@mail.ru
Қарым-қатынас ҥрдісінде табу мен эвфемизмдердің қолданылуы
Бұл мақалада эвфемизм және табу терминдерінің маңыздылығы, ұқсастықтары, айырмашылықтары және
қолданылуы қарастырылған. Эвфемизмдердің қолданылуы мысалмен кӛрсетілген. Эвфемизм сӛзінің шығу тарихы
мен оның анықтамасы берілген. Эвфемизмдерді қолданудағы қателіктер мен дұрыс қолданбауы мысалдармен
кӛрсетілді. Эвфемизмнің социолингвистикалық бӛлімдері қарастырылды. Эвфемизм тілдің бір саласы екендігін
соның ішінде семантикалық, әлеуметтік және тарихи жағы қарастырылды. Эвфемизм терминінің грек тілінен шығуы
және оның басқа тілдерде ұштасуы мысалдармен кӛрсетілді. Табудың дінмен байланысты екені түсіндірілді. Табу
яғни тыйым салынған сӛздерге анықтама берілді. Батыс елдерінде, Ресейде сондай-ақ Англияда табу термині қалай
қолданады және бұл олардың салт-дәстүріне байланысты екені қарастырылды. Славян, герман және үнді еуропа
тілдерінде эвфемизм қалай пайда болды әрі оның этимологиясы түсіндірілді. Қытай еліндегі наным сенімге
байланысты эвфемизмнің дұрыс қолданбауы мысалдармен берілді. Белгілі бір жағдайда эвфемизмнің маңызы
айтушы мен тыңдаушының арасындағы әлеуметтік контекстке байланысты екендігі қарастырылды. Табу мен
эвфемизм салт-дәстүрдің ажырамас бір бӛлігі ретінде қарастырылды. Табу мен эвфемизмнің қарым-қатынас
үрдісінде ӛте маңызды орын алатындығы және осы жақсы сӛздер арқылы қарым-қатынасты жақсарту үшін
қолданатыны қарастырылды.
Тҥйін сӛздер: эвфемизм, табу, наным-сенімдер, эвфемизм мен табудың айырмашылықтары, эвфемизм
терминінің анықтамасы, эвфемизм этимологиясы, қарым-қатынас, салт-дәстүр, эвфемизмнің социолингвистикалық
бӛлімдері, эвфемизмнің қолданылу аясы, эвфемизмнің дұрыс қолданбауы, коммуникация, мәдениет, эвфемия,
тыйым салынған сӛздер, дін, әлеуметтік контекст.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж.
76
Резюме
Баймахан Т. – профессор МКТУ,
Мустафаева М. – магистрант 2-курса 6М021000 иностранной филологии.
Marzhan_093@mail.ru
Применение табу и эвфемизмов в процессе коммуникации
В данной статье приводятся определение, а также примеры использования эвфемизмом в языке. Вместе с тем,
рассматривается социолингвистический аспект данного стилистического приема и поясняется основное различие
между определениями эвфемизм и табу. Также присматривается неправильное использование табу и эвфемизмов и
поясняется этимология эвфемизма. В этой статье просмотрены особенности и сходства терминов табу и эвфемизм.
Использование эвфемизмов показаны с образцами, а также мы можем увидеть историю происхождения и описания
эвфемизмов. Следующее что мы можем заметить в этой статье, то что, здесь показаны образцы ошибок в
неправильном использовании термина эвфемизм. В этой статье говорится, что эвфемизм является частью языка и
показаны семантические, социолингвистические и исторические стороны. Происхождение эвфемизма с греческого
языка и сходства с другими языками мы можем увидеть на примерах. Статья обьясняет, что термин табу связан с
религией. Мы еще столкнемся с описанием термина табу, по яснее запрет словам. В статье говорится об
использовании термина табу в Западных странах, в России, в Англии и о связки термина с ихними традициями. В
этой статье обьясняется появление термина эвфемизм в славянских, германских, индo-европейских языках.
Показаны примеры неправильного использования термина эвфемизма связанные с культурой Китайских стран.
Показаны важности эвфемизма связанные с социолингвистического контекста между истцом и слушателем по
определенным ситуациям. Табу и эвфемизм неотдаляемая часть традиции. В конце говорится, что в процессе
отношении табу и эвфемизм важно какое занимает место и о том, что с помощью этих терминов будут улучшены
отношения между ними.
Ключевые слова: эвфемизм, табу, суеверие, термины эвфемизма, различие табу и эвфемизма, социолингви-
стические аспекты эвфемизма, этимология эвфемизма, примеры использования эвфемизмом в языке, неправильное
использование табу, неправильное использование табу и эвфемизмов, идиоматические выражения, язык тела,
произношение, семантическая эрозия.
ӘОЖ 387.016:811.111
ИНТЕРНЕТ - ШЕТЕЛ ТІЛІН ҤЙРЕТУ ҤДЕРІСІНДЕ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ
ҚҦЗІРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН АУТЕНТТІК
МАТЕРИАЛДАР РЕСУРСЫ
Ракымбаев А.Ж. – 2 курс магистранты Абай атындағы ҚазҰПУ, Шетел тілі: екі шетел тілі
Шетел тілін оқыту жан-жақты қамтылған күрделі үдеріс, сондықтан да ондағы негізгі мақсат – тұлғаның дамуы,
яғни оқытылып отырған тілде мәдениетаралық қарым-қатынас орнатуға, ӛзін кейінгі шеттілдік сӛздік әрекеттерін
дамыта түсуге қызығушылығы бар және соған қабілетті тұлғаны даярлау болып табылады. Интернет технологиясын
шетел тілін оқыту үдерісіне енгізудің артықшылығы осы күндері ешқандай да күмән келтірмесі анық. Соңғы онжыл-
дықта жергілікті әдіскерлер мәдениетаралық құзіреттілік қалыптастыруға бағытталған интернет-коммуникациясы
формалары – электрондық пошта, чаттар, форумдар, веб-конференциялар мен веб-семинарлар – жайлы тек жақсы
кӛзқарастарын жазуда. Қазақстанның заманауи әлеуметтік-мәдени даму сатысында шетел тілін оқу қызығушылығы
арта түсті, және осы мақсатта шетел тілін оқыту әдістемелік мамандары шетел әдебиеттері мен оқыту құралдарын
мәдениетаралық құзіреттілікті қалыптастыруға аутенттік сипатта құрастыру мақсатталып отыр.
Тҥйін сӛздер: интернет, шеттілдік білім беру, мәдениетаралық құзіреттілік, оқыту принципі, аутенттік
материалдар
Қазіргі таңда жаңа дәуірде әлемдегі барлық елдер тығыз интеграциялық байланысқа түсуде. Осыған
орай Елбасы ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында Азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім – біздің басты
құндылығымыз. Кӛпұлтты еліміздегі татулық пен келісім, мәдениеттер мен діндердің үндесуі әлемдік
эталон ретінде танылған делінген. Осы тұрғыда тұлғаның мәдениетаралық құзіреттілігін қалыптастыру
шетел тілі пәнін оқыту үдерісіндегі негізгі мақсаттардың бірі болып отыр [1].
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж.
77
Шеттілдік білім беру әдістеесінде мәдениетаралық құзіреттілік ұғымын ғалымдар жан-жақты зерттеп,
түрлі анықтамалар беруде (С.С. Кунанбаева, Г.В. Елизарова, И.С. Соловьева, Н.Е. Яковлева,
Ю.Л. Вторушина, Н.М. Губина, Л.И. Гришева, Л.В. Цурикова, А.П. Садохин, Т.В. Ларина,
М.В. Плеханова, Н.С. Тырхеева, М.Г. Корочкина, Т.Baumer), сонымен қатар құрылымдық
ерекшеліктеріне назар аударылуда (Г.В. Елизарова, К.М. Ирисханова, А.П. Садохин, И.С. Соловьева,
Н.М. Губина, М.В. Плеханова, Н.С. Тырхеева).
Мәдениетаралық құзіреттілік дегеніміз тұлғаның ӛзін мәдениеттер диалогінде, яғни мәдениетаралық
қатысым шеңберінде еркін жоғары сапалы коммуникативтік қабілетін кӛрсете алуы деп анықталады [2].
Жоғарыдағы ғалымдардың анықтамаларын толыққанды түсіне келе бәріне ортақ келесі анықтамамен
келісеіз: мәдениетаралық құзіреттілік – бұл қарым-қатынастың нәтижелерінің екі жақ коммуниканттары
үшін жинап келгенде позитивті болатын, ортақ мағынаға ие мәдениетаралық қатысым жайлы білім мен
білікке негізделген құзіреттілік. [3]
Мәдениетаралық құзіреттілік – бұл белгілі бір әлеуметтің ӛмірлік дағдыларын, әдеттерін, салт-
дәстүрлерін, нормаларын қалыптастыратын жеке тұлғаға және топқа қатысты мотивация, мінез-құлық
формалары, вербальды емес компоненттер, құндылықтар жүйесі жайлы білім.
Осы құзіреттілікті қалыптастырудың негізгі принциптері жайлы П.В. Сысоев еңбектеріне тоқталсақ [4]:
Мәдениеттер диалогы принципі. Мұндағы принциптің маңызды құрылымы «мәдениеттер
диалогына» алдымен тоқталып кетсек, ол соңғы кездері ғылыми әдебиеттерде жиі кездесетін ұғым.
Алайда оның осыншалықты кеңінен қолданыс табуы әдістемелік мағынасына ӛзгертулер қосуда.
Мәдениеттер арасында қарым-қатынас орнату мәселелеріне арналған философиялық анализ жерге
сүйенсек, кӛптеген зерттеушілер «мәдениеттер диалогын» заманауи полимәдени ортада мәдениеттердің
қарым-қатынасқа түсу философиясы деп түсіндіреді. Ал, шетел тілін оқыту әдістемесінде аталмыш
принципіне негізделе оқыту дегеніміз аутенттік және жартылай аутенттік мәдени материалдарды
анализдеу, оқушылардың эмпатия, толеранттыққа баулап, оқыту үдерісін оқушылардың ӛзге мәдени
ортада қатысымға дайындығын бағыттау, тіл меңгерушілерінің билингвалды әлеуметтік-мәдени
құзіреттілігін қалыптастыруға әдістемелік үлгі құрастыру деп сипаттайды.
Мәдени проблемалық тапсырмаларының доминанттығы принципі. Шетел тілін оқыту үдерісінде
мәдениетаралық құзіреттілікті қалыптастыру тек мәдениетаралық маңызды информациямен ғана
шектелместен, қайта соның негізінде ӛз құзіреттіліктерін үздіксіз дамытса ӛте зор әсерін тигізер еді.
Аталмыш принципті В.В.Сафонова ұсынып, оның негізінде жүргізілген тәжірибелік жұмыстар келесі
жетістіктерін кӛрсетті: мәдени информацияны жинақтап, жүйелеп, интерпретация жасайды; мәдени
іс-әрекеттерді интерпретациялай алады; полимәдени коммуникативтік құзіреттілігін дамытады; белгілі
бір мәдениеттердің ерекшеліктері жайлы ғана біліп қоймай оның жалпыәлемдік аяда маңыздылығын
түсінеді; мәдени ӛзін-ӛзі дамыту стратегияларын меңгереді және мәдени және коммуникативті шығарма-
шылық жұмыстарға қызы,ушылықтары артады.
Билингвалды оқыту принципі. Кӛптеген ғалымдар тілді оқытарда тек шетел тілі қолданысының
пайдасы мен жетістіктерін айтып, тілді тез меңгеруге әсерін тигізетінін айтса, келесі тарап екі тілді
салыстыра оқыту жемісті болады дейді. Осы мақаламызда, мәдениетаралық құзіреттілік қалыптастыруда
ана тілін міндетті түрде бірге алып жүру керек дейміз. Себебі аталмыш құзіреттілікті қалыптастыруда
оқыту мақсатының барлық аспектісі де қатар дамиды (оқыту, тәрбиелеу, білімбілік, дамытушылық). Ал
ана тілін қолдану мүмкіндігінсіз мәдени реалийлер мен жалпы фактілерді түсінуде қиындық тудырып,
тіпті жалған интерпретациялануына әкеледі.
Мәдени вариативтік принципі. Бұл принцип шетел тіліндегі ӛзара мәдени әртүрлілік жайлы
мағлұматтың болуын меңзейді. Және де оның негізгі бағыты – оқушылардың мәдениет түрлерінің арнайы
бір нұсқаларымен таныстыру. Нақтырақ айтар болсақ, этникалық ерекшелік мәдениет түріне жатқызсақ,
онда осы мәдениет түріне ақтар, афро-американдықтар, мексикандықтар, азиаттар және тынық мұхиты
кӛшпенділері бола алады.
Мәдени оппозиция принципі. Шетел тілін меңгерушілердің мәдени жағдайларды толыққанды
ұғынулары үшін зерттеушілер шетел тілін оқыту үдерісінде мәдени конфликттерге негізделе оқытудың
маңыздылығын айта кетеді. Мұндағы мәдени конфликттің контекстінде мәдени топтардың білім,
құндылық, норма жүйелерінің ерекшеліктері болып түсіндіріледі. Аталмыш принцип оқушылардың
жинаған білімдері, кӛзқарасы, ойларының оқытылып отырған мәдениеттің білім, қарым-қатынас пен
түсініктерінен ӛзгеше болып мәселелерді шеше алу жағдаяттарын бастан кешіруді мақсаттайды.
Сонымен, мәдениетаралық құзіреттілікті қалыптастыруда негізгі принциптерге тоқталдық. Ондағы
ерекшеліктеріне тоқтала кетсек, аталмыш құзіреттілікті қалыпастыруда ӛзге мідениеттің тілдік ерекше-
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж.
78
ліктері мен ондағы білім. Құндылықтарды сақтаушы әрі жеткізуші болып түпнұсқалық материалдар
жатады. Осындай аутенттік материалдардың ӛзге мәдениетті танып меңгеруде басты рӛл атқаратын
аутенттік материалдардың маңыздылығына тоқтала кетсек, алдымен аутенттік мәтіндердің ерекше-
ліктерін сипаттап корсетейік.
Ғалым М.Брин түпнұсқалықтың негізгі тӛрт түрін атап ӛтеді:
1.
Мәтіннің түпнұсқалығы
2.
Оқушылардың осы материалды қабылдау түпнұсқалығы;
3.
Осы тапсырмалардың түпнұсқалығы;
4.
Сабақтағы әлеуметтік жағдаяттың түпнұсқалығы.
Шетел тіліндегі оқулықтарда аутенттік мәтіндердің тақырыптары әртүрлі болып келеді. Мысалы,
номинативтік функция атқаратын тақырыптар кеңінен таралған, сонымен қатар, оқушылардың
қызығушылығын оятатын, сұрақ түрінде берілетін тақырыптар кӛптеп кездеседі. Айтылым түпнұсқалы
болуы үшін лексика мен фразеологияны іріктеудің маңызы зор [5]. Шетел авторлары құрастырған
мәтінде лексикалық жағынан толықтығымен ерекшеленіп, оқушыларды қызықтыра түседі. Идиомалық
сӛздер, сӛз тіркестері және фразеологизмдер мәтінді фразеологиялық жағынан байыта түседі. Тілдік
ерекшеліктер ұлттық ӛзгешелікті байқауға септігін тигізіп, оқушылардың мұндай ерекшеліктерді ана тілі
және бірінші шетел тілімен салыстыра отырып анықтауына мүмкіндік береді.
Аутенттік мәтіндер сол тілдің лексикасымен, фразеологиясымен таныстыруға және онымен жұмыс
жасауға жақсы мүмкіндіктердің бірі екені белгілі. Әсіресе нақты мысалдармен тіларалық айырмашы-
лықтарды кӛрсеткен жӛн. Лексика мен фразеологияны іріктеудің негізгі критерийлері болып кез-келген
бірліктің түпнұсқалығы және оның жиі қолданылуы болып табылады. Оқушыларды әртүрлі тематика мен
түрлі стильге жататын аутенттік лексикамен таныстыруға болады. Тілдік ерекшеліктері болып анықта-
латын фразеологиялық тіркестердің ұлттық ӛзгешелігі бар, сондықтан оны түсіну қиынға түседі, дегенмен
оқу мәнерлілігін, ӛзіндік бір сипатын кӛрсету үшін ол аса қажет.
Аутенттік материалдарды кеңінен қолдануға болатын, мағлұматтар ресурсы деп интернетті айта
аламыз. Кӛптеген сайттар шетел тілінде оқытуға арналған түпнұсқалық түрлі тақырыптарға материалдар
толы. Компьютерлік технологияны пайдалана отырып, шетел тілі сабағында интернет жүйесін қолдану
қазіргі таңда аутенттік оқыту амалына бір табан жақын болмақ. Жаһанданған интернет жүйесін қолдану
негізінде, тіл үйренушілердің сӛз әрекетінің тӛрт түрінде де біліктілігін қалыптастыруға болады, жүйе
материалдарын қолдану арқылы олардың оқу, жазу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға, сӛздік
қорын байытуға мүмкіндік туады. Интернет жүйесін пайдалана отырып, тілін үйренуші елдің ӛкілдерімен
байланысқа түсе алады [6].
«Интернет» деген термин ағылшынның «international net» деген сӛзінен, аудармасында «халықаралық
байланыс» деген ұғымды береді. Интернет жүйесі арқылы тіл үйренуші тіл ӛкілімен тура, тікелей
байланысқа түсе алады, шетел тілі сабағында Интернетке қосылу арқылы шынайы қарым-қатынас үлгісін
жасауға болады. Табиғи тілдік ортада тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдана отырып, тіл үйрену-
шілер айтылымдарға спонтанды түрде, түрлі тілдік формулаларды қолдана отырып, жылдам жауап
беруге дағдыланады [6].
Интернет жүйесінің келесі ақпараттық қоры мен ресурстарын шетел тілі сабағында пайдалану бірден-
бір тиімді болмақ:
электрондық пошта(e-mail), телеконфереция, видеоконференция;
жеке ақпараттарды жарыққа шығару мүмкіндігі, немесе басқаша айтқанда Web
серверге жеке шығару;
ақпараттық каталогтар ( Yahoo, InfoSeek/ UltraSmart, Galaxy) іздеу жүйесі (Altta, Vista, HotBob, Open
Text), жүйе ішіндегі әңгіме( Chat).
Шетел тілі сабағында компьютермен жұмыс жасай отырып, студенттер психологиялық тұрғыдан да
жеңілдіктерге ие болады. Атап айтқанда, студенттердің жасаған әрбір жұмысына берілетін бағаның,
олардың жасаған қатесін қайталаулар негізінде кӛрсете отырып, яғни жұмыс нәтижесін мақұлдап немесе
белгілі бір дәрежеде қоштамай, ӛз пікірін білдіріп отыратын оқытушының тікелей қатыспауы, студент-
терге ӛз бетінше жұмыс жасап, ӛзіне сенімділік болуын қамтамасыз етеді. Бұдан оқытушының шетел тілі
сабағындағы орнын жоққа шығару деген түсінік туындамауы керек.
Керісінше, оқытушы тіл үйренушілердің жеке тұлға ретінде ӛз тапсырмаларын орындап, жұмыс
қорытындысын белгілейтін әлеуметтік-психологиялық жағдай туындата алатын, олардың жұмысына
бағыт-бағдар беретін бірден-бір субъект.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж.
79
Қазіргі уақытта шетел тілін оқытудың коммуникативтігі, интерактивтілігі, аутенттігі тілді үйрену
үрдісінің мәдени контексте болуы үстемдікке ие болуда.
Аталған ұстанымдар коммуникативтілік қабілетінің компоненті ретінде мәдениетаралық біліктілікті
дамытудың алғышартын жасайды. Шетел тілін дәстүрлі оқытуда тіл үйренушілер тілдік жаттығуларды
жасап, қажетті материалды жаттаумен ғана шектеледі. Яғни,ол тӛмендегідей кӛрініске ие болады: «сӛздік
қор + қажетті құрылым = тіл» [7]. Алайда, тілдік құрылымды жаттаумен шектелу, тілді қарым-қатынас
құралы ретінде меңгеруге толық мүмкіндік бермейді. Шетел тілінде тілдік қарым-қатынасқа үйрету үшін
шынайы, ӛмірлік жағдаяттар туындату қажет. Ол студенттердің қажетті материалды меңгеруіне және
соған сәйкес мінез-құлықын қалыптастыруға жағдай жасайды. Аталған мәселені шешуде Интернет
жүйесі айтарлықтай маңызға ие. Біз дәстүрлі шетел тілі сабағына тағы да сипаттама жасайық. Кӛп
жағдайда шетел тілін оқыту үрдісінде оқытушы студент ойын басқарады, яғни, бағыт беру немесе
жетекшілік етуден гӛрі, ол басшылық қызметіне ауысады. Бұл әрекет, психологтар кӛрсеткендей,
студенттердің ойлау процесін тежейді. Мысалы, дӛңгелек үстел, пікірталас мәселесін оқытушы ӛзі
дайындап, жоспарды беріп, студенттен сӛйлеу барысында тек соған сүйенуін талап етеді. Яғни, ӛз ойын
айтуда тұлғаға еркіндік берілмейді.
Студент мәселені түсінбей, ӛзіне қажетті ақпаратты ала-алмай, мәселені шешуге шығармашылық
тұрғыдан келу мүмкіншілігінен айрылып, ӛзінше ой қорытып, оны тұжырымдау және қызықты пікірлер
айта алу қабілетіне ие бола алмайды. Ал мәселені шешуде жаңа ой, құнды пікір айту ӛте маңызды. Және
ол міндетті түрде қорытындыланып, кӛрініске ие болар болса, оның нәтижесі жоғары болмақ.
Студенттің әртүрлі ақпарат кӛздерін, ресурстарын пайдалану арқылы компьютерлік технологияның
кӛмегімен ӛздерінің дербес ізденуі арқылы тілді игеруге кәсіби шеберлігін шыңдайды. Жаңа ақпарат-
тық технологияға әртүрлі ақпараттарды электрондық әдіспен енгізу, сақтау және беру болып табылады.
Оларды оқу процесінде пайдалану ерекшелігіне сай мына тӛмендегідей топтастыруға болады [8]:
Компьютерлік оқу бағдарламалары (электрондық оқулықтар, тренажерлар, тьюторлар, лаборатория-
лық жаттығулар, тест жүйесі). Мультимедиялық технологияға сай оқу жүйесі компьютер, видео-
техника, оптикалық дискінің жиындысын пайдалану арқылы жүргізіледі. Интеллектуалдық және
эксперттік жүйе.
Қазіргі кезде аудиоақпарат алмасу, видеоақпарат алмасу, виртуалды аудиторлық тақта,тақырыптық
ақпарат енгізілген клавиатуралар, файлды алмасу, кӛпжақты конференциялар ӛткізу кеңнен таралған
кӛпке белгілі компьютерлік видеоконференц байланыстың әдістемесіне жатқызылады.
Бұл технологиялар ағылшын тілін біршама меңгерген студенттің еншісі болып табылады. Ӛйткені
бұл материалдар тек түпнұсқалық түрде ғана беріледі. Компьютер жүйесі оқу процесін жетілдіру
құралы болып табылады.
Студенттердің техникалық білімінің кәсіби бағдарламаға сәйкес шет тілін меңгере отырып игеруі,
олардың осы мақсатта жүйелі түрде технологиялық ақпараттарды және педагогикалық технологияны
пайдалана отырып үнемі дайындығын арттыруына, ізденуіне байланысты. Жаңа педагогикалық
технология студенттерді шет тілін меңгеруге жеке бағыттап, даярлық кезінде олардың қарым-
қабілетін ескеруге мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда, интернет шетел тілі сабақта оқушылардың мәдениетаралық құзіреттілігін
қалыптастыруда қолдану — бұл оның нәтижелігіне қолайлы жағдайды жасаудың бірден – бір жолы,
ал ол ӛз кезегінде бірлесе жұмыс жасауға, адами қарым-қатынастарға себепкер болады және аутенттік
мәтіндердің негізгі ресурсы болып табылады. Оқытуға жаңашыл кӛзқарасты қолдану, тәжірибеге
бағытталған оқытудың үлкен жетістігі болып табылады, сондай-ақ оның сапасы алынған білімнің
нақты жағдайда мақсатқа жетумен қатар ӛмірдің сапасын кӛтеруде үлкен сұранысты қанағаттандыруды
қамтамасы етеді.
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ // Қазақстан Республикасының
Президенті –Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. – Астана,2014.
2. Byram M. Cultural studies in foreign language education. Clevedon, Avon, 1989.
3. Сысоев П.В. Социокультурный компонент содержания обучения американскому вариан- ту английского языка
(для школ с углублен- ным изучением английского языка): дис. … канд. пед. наук. – Тамбов, 1999.
4. Воронина Г.И. Организация работы с аутентичными текстами молодежной прессы в старших классах школ
с углубленным изучением ино- странного языка // ИЯШ. 1999. № 2. Б. 23–25.
5. Мильруд Р.П., Носонович Е.В. Критерии содержательной аутентичности учебного текста // ИЯШ. 1999. –
№ 2. – Б. 8-12.
6. А.А., Введение в Интернет-образование. – М.: Логос, 2003. – 76 б.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж.
80
7. Никитенко С.Г. Интернет для учителей иностранного // Иностранные языки в школе. – 2002. №5. – С.51-54.
Резюме
Ракымбаев А.Ж. – магистрант 2 курса
КазНПУ им.Абая по специальности Иностранный язык: два иностранных языка
Достарыңызбен бөлісу: |