Тҥйіндеме
Мустафина Г.К. – п.ғ.к
.,
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
шетел тілін оқыту әдістемесі
кафедрасы
ның аға оқытушысы,
gulzhan_5657@mail.ru
Шетел тілін оқытудағы студенттердің әлеуметтік мәдени қҧзыреттілігін дамыту
Үйретілетін тілдің мәдениетін және тілді кешенді оқытудың базалық шетел тілін оқыту туралы заманауи бағыты
қолға алынған. Сонымен қатар, ағылшын тілін оқыту кезінде әлеуметтік бағытын нақталап, материалдың
қиындылығына бағытталған білім беру жүйесіне негізделуіміз керек.
Бұл мақала шетел тілін оқытудағы студенттердің әлеуметтік мәдени құзыреттілігін дамыту мәселесіне арналған
және жоғары оқу орнындағы ғылыми-педагогикалық тәжірибесінен алынған мысалдар негізделген.
Тҥйін сӛздер: қарым-қатынас, білім, әлеуметтік мәдени құзыреттілік, ғаламдық құзыреттілік, әлеуметтік - мәдени
қызмет.
Резюме
Мустафина Г.К. – к.п.н
.,
старший преподаватель
кафедры методики преподавания иностранного языка
Казахского Государственного Женского Педагогического Университета,
gulzhan_5657@mail.ru
Развитие социально-культурной компетентности студентов посредством английского языка
Современное представление о преподавании иностранных языков базируется на комплексном обучении языку и
культуре изучаемого языка. Таким образом, в преподавании английского языка необходимо сделать упор на
социально-культурную составляющую и перейти с фактологического введения материала к ценностно-
ориентированному.
Данная статья посвящена проблеме развития социально-культурной компетентности в преподавании
иностранного языка на примере педагогического опыта в высшем учебном заведении.
Ключевые слова: коммуникация, образоание, социально-культурная компетентность, глобальная
компетентность, социокультурная деятельность.
УДК:378:811.111:316.722
ШЕТЕЛ ТІЛІН МӘДЕНИЕТТЕР ПОЛИЛОГЫНДА ҤЙРЕТУ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ
КОММУНИКАЦИЯ СУБЪЕКТІСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚҦРАЛЫ РЕТІНДЕ
Әліпбекова Б.Ӛ. – Абай атындағы ҚазҰПУ
6М011900 Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығының 2 курс магистранты
Ғылыми жетекші: Кемелбекова З.А.
–
ф.ғ.к. доцент м.а Абай атындағы ҚазҰПУ
Кәсіби шетел тілі коммуникациясы және аударма ісікафедрасының меңгерушісі
Мақалада тілді оқыту мен ӛзге мәдениетпен қатысымға түсу байланысы мәдениетаралық коммуникация
құзіреттілігін қалыптастыру негізі ретінде қарастырылған. Шетел тілін оқыту барысына этномәдени мәліметтерін де
практика жүзінде қолдану түсіндірілген. Ондағы мазмұндық және әдістемелік базаның негізгі мақсаты тек
студенттердің мәдениетаралық коммуникациясын қалыптастырумен шектелмей, олардың білім мен түсініктен
белсенді оқуға, яғни олардың экстремизмдік әрекетін жойып, мәдени агрессиялық түсініспеушілікті азайтуына да аса
мән берілген. Шетел тілін оқыту мәдениет полилогында толерантты тұлға қалыптастыру және жеке тұлғаның
әлеуметтуән тек мемлекеттің нақты мақсатында емес, тұлғаның ӛзіндік таңдауын қамтамасыз ету құралы болып
түсінідіріледі.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж.
59
Тҥйін сӛздер: шетел тілін оқытудың әлеуметтік-мәдени компоненті, шетел мәдениетіне оқыту, шеттілдік білім
беру, мәдениетаралық коммуникация мен шетел тілінің байланысы, мәдениеттер полилогы.
Адамдар бір тілде сӛйлесіп тұрса да, бірін-бірі дұрыс, толық түсінбеуі мүмкін, мұның себебі олар екі
мәдениеттің ӛкілі. Мәдениетаралық полилог түрлі мәдениеттердің екі не бірнеше ӛкілдерінің коммуника-
циясының ерекше формасын кӛрсетеді, оның барысында ӛзара әрекет етуші мәдениеттердің ақпаратпен
және мәдени құндылықтарымен алмасуы жүреді. Мәдениетаралық құтысым үрдісі – іс-әрекеттің
спецификалық формасы, онда шетел тілідерін білумен ғана шектелмей, сонымен бірге басқа халықтың
материалды және рухани мәдениетін, дінін, құндылықтарын, адамгершілік құрылымдарын, дүниетаным-
дық кӛріністерінің білуін талап етеді [1]. Халықаралық қатынас құралы ретінде шетел тілдерін біле
отырып, сол тілде сӛйлейтін халықтардың мәдениетін, дәстүрін білмеу, меңгермеу мүмкін емес.
Білімнің осы екі түрін сәйкестендіру ғана тіл мен мәдениеттің әсерлі және жемісті байланысын
қамтамасыз етеді. Мәдениетаралық қатысымның негізгі мақсаты – адамзаттың мінез-құлқын түсіну, сол
арқылы адамдардың ӛмірін ӛзгерту.
Тілді мағына мен мазмұн – адамның ӛмірлік іс-әрекетінің түрлі саласынан жинақталған бай ақпарат
екендігі мәлім. Осы мәселеге қазіргі кезде аса ден қойылып, тілді зерттеудің лингвомәдени танымдық
аспектісі дамып келе жатыр. Лингвомәдениеттанудың даму барысы енді тілді оқытуға да ӛзінің ықпалын
тигізуде [2].
Әдіскер ғалымдар ӛзге ұлт ӛкілдеріне тілді сапалы оқытудың неғұрлым тиімді, рационалды әдістерін
тануды, үйренілуі керек тілді сол тілді тасушы халықтың мәдениетімен байланыстыру жолдарын
анықтауды, ауызша сӛйлеу тілі мен жазба тілдің ерекшеліктерін тану жолдарымен үйретудің сапалы
әдістерін жүйелеуді зерттеу мақсаттары етіп қарастырып келді.
Профессор Қ.Қадашева «соңғы жылдарға дейін тілді үйретуде қазақ халқының тарихы мен мәдениеті-
нен, тілдік байлығынан хабардар ету негізгі ұстанымдардың бірі болып келеді. Тілді лингвоелтану
аспектісінде оқыту, сӛз жоқ, маңызды әрі қажетті фактор» дейді.
Тілдің әлеуметтік ерекшеліктерін танытатын лингвистикалық зерттеулердің бір саласы –
лингвоелтанымдық бағыт екені белгілі. Шетел тілін аудиторияда лингвоелтану бағытында оқытудың
әлеуметтану ерекшеліктерін қарастыруда маңызды орын алатын мәселе – тілді оқыту үрдісі, оны
ұйымдастыру мен басқару болып саналады. Тілдік елтаным ұғымы мәдениеттанумен тығыз байланысты
екенін белгілі [3]. Ал білім берудің әлеуметтану саласы – әлеуметтік-мәдени саламен тығыз байланыста
болып келеді. Тілді ӛзге тілді аудиторияда, мемлекеттік қызметкерлерге, ересектерге лингвоелтанымдық
бағытында оқытудың қандай әлеуметтік ерекшеліктері негізге алынады?
Қандай тілді меңгеру болмасын, ол – ӛз тӛл мәдениетінен басқа келесі мәдениетке қадам басу екені
анық. Бірнеше мәдениеттердің ӛзара ерекше диалогын құра отырып, тілді оқыту барысында
лингвомәдениеттану, мәдениетаралық қатысым элементтерін тиімді қолдану үлкен маңызға ие болады.
Тілді меңгеру барысында адам тек қана тілдік дағдыны меңгеріп қоймай, сондай-ақ тәрбиеленеді.
Сондықтан, О.Ф. Больновтың қорытындылауымен, тілді оқыту бүкіл тәрбиелеу процесінің негізін құрап,
лингвистика адамның тіл құралына бағытталуы тиіс. Тілді меңгеру – бұл сол халықтың мәдениетін де
меңгеру деген сӛз. Полилог (грекше
≪кӛптің сӛзі≫) – кӛп қатысушылардың әңгімесі. Сонымен қатар, сӛз
сӛйлеушінің рӛлі атқарып, бір тұлғадан екіншісіне ӛтуі мүмкін, бұлай болмаған жағдайда
әңгіме монологқа айналады. Диалог сӛзінің синонимі болып табылады, себебі
≪диалог≫ термині тек екі
қатысушылардың барын болжайды деген қате болып саналады (диалог сӛзіндегі гректің диа –
≪аралық≫
префиксі және гректің диа –
≪екі≫ сӛздері тек сырттай ғана ұқсас). Сол себепті диалогта да полилог-
тағыдай қатысушылардың кез-келген саны қатыса алады. Полилог сонымен қатар тілді меңгеруге
арналған әр түрлі құралдарды пайдалануды, мысалы, вербалдық және вербалдық емес, әуен синтезі мен
суретті немесе ымдау мен ишараттың үйлесуін білдіреді.
Қазақстан Республикасындағы полимәдениетті білім беру теория мен тәжірибе дамуының магистрал-
ды бағыттары ретінде соңғысының алдын орауда ӛзінің іргелі негіздерін іздеуде. Жаңа мемлекеттіктің
қалыптасу жағдайында білім беру негізінде – қазақ тілі және сонымен бірге білім берудің жалпы адамдық
құндылықтарына алып келетін ұлттық педагогикалық мәдениет дәстүрінің базасындағы әлеуметтік —
мәдени институтқа реформаланады.
Президент Н.Назарбаевтың пікірі бойынша
≪Қазақстан ӛзінің кӛпұлттылығымен бірегей әрі күшті.
Оның жерінде жүргізуші болып табылатын екі ағымы бірегей, полимәдениетті кеңістікті қалыптастырды.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж.
60
Біреуі қазақ мәдениетінің ӛркендеуі және оған құрамдас элементтерінің, тілінің ӛркендеуін бейнелейді.
Жоғалтылғанның қалпына келуінің объективті процесі жүріп жатыр. Екінші ағым – бұл орыс халқының
байырғы мәдениетінің негізі және ғасырлық даму барысындағы олардың бойына сіңіргендерінің барлық
жиынтығы болып табылатын орыс тілді мәдениет.
Қазақстанның полимәдениеттігі – бұл қоғам дамуының прогрессивтік факторы. Қазақстан халқының
еуразиялық түп-тамырлары шығыс, азиялық, батыстық, еуразиялық ағымдары біріктіріп, қазақстандық
полимәдениеттіктің бірегей даму нұсқасын жасауға мүмкіндік береді.
Қазақстандағы полимәдениетті білім берудің қалыптасуы диалектикалық даму түріне ие. Мәдениеттер
диалогы, ӛркениеттер диалогы негізінде жатқан мәдениаралық коммуникация идеяларын халықаралық
ұйымдар (мысалы, ЮНЕСКО), саяси кӛшбасшылар, мемлекет басшылары, үкіметтік емес ұйымдар кӛп
қолданады [4]. Қазіргі кезде коммуникативті тәсілмен тығыз ӛзара байланыста арнайы мақсаттар үшін
шетел тілін оқытуға мәдениаралық тәсіл дамуда, немесе солай аталатын лингвистика сала сындағы
білімнің мәдениаралық парадигмасы. Оның компетенттік тәсілмен үйлесуі лингводидактикада оның
басқа лингвомәдени қауымына тиістілігін саналық және есепке алу негізінде коммуникация бойынша
басқа тілді серіктеспен сӛйлеу қатысымын құру қабілеттілігі ретінде түсіндірілетін мәдениаралық
құзыреттілік ұғымының пайда болуына алып келді. Осыған байланысты тек тілдік емес, сондай-ақ түрлі
профильді тілдік емес жоо-дар студенттерінің мәдениаралық құзыреттілігінің белгілі деңгейін
қалыптастыру ең ӛзекті міндеті тұрады [5]. Тілдік емес жоо-дың түлектері басқа мәдениетке тиісті
әріптестерімен тікелей қатысымға дайын болу керек. Осындай қатысымның мақсаты – жаңа білімді ӛзінді
құру, жалпы мағынасын ӛндіру. Осылайша түсінуге болатын мәдениет диалогының мақсаты бір
(коммуниканттардың біріне шетел тілі, кейде екеуіне де) тілде олардың тікелей немесе жанама қатысым
үрдісіндегі басқа мәдени коммуниканттар (қандай да бір салалардағы кәсіби қызметтегі мамандары)
арасында ӛзара түсінушілікке жетуді қамтамасыз ету керек.
1. Кунанбаева С.С.Теория и практика современного иноязычного образования. – Алматы, 2010.
2. Концепция развития иноязычного образования в Республике Казахстан. – Алматы, 2004.
3. Елизарова Г.В. Формирование межкультурной компетенции студентов в процессе обучения иноязычному
общению: Автореф. дис. ... д-ра пед наук. – СПб., 2001. – 38 б.
4. Қараев Қ.А. Қазіргі білім берудегі техникалар мен технологиялар. «Арман» баспасы, 2009.
5. Верещагин Е.М. Костомаров В.Г. Язык и культура. – Москва: МГУ, 1973.
Резюме
Алипбекова Б.У. – магистранка 2 курса
специальности 6М011900 Иностранный язык: два иностранных языка Каз НПУ имени Абая
Кемелбекова З.А. –
зав.кафедрой профессииональной иноязычной коммуникации и переводческого дела, к.ф.н.доцент
Обучение иностранному языку в полилоге культур в формировании субъекта межкультурных комуникации
Рассматривается взаимосвязь обучения языку и приобщения к чужой культуре как основа формирования
способности к межкультурной коммуникации. Описывается процесс введения этнокультурной линии в практику
преподавания иностранного языка, в содержательную и методическую базу обучения, где стратегической целью
признано не только формирование межкультурной и коммуникативной компетенции учащихся, но и потенциальная
подготовка обучающихся перейти от знаний и понимания к активной деятельности, включающей инициирование и
принятие участия в действиях по элиминации экстремизма, минимизации культурной агрессии. Обучение
иностранному языку рассматривается как средство формирования толерантной личности, а также средство
обеспечения социализации личности не в интересах конкретного государства, но в интересах самой личности.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж.
61
Ключевые слова: социокультурный компонент в обучении иностранному языку, обучение иностранной
культуре, преподавание иностранного языка, взаимосвязь межкультурной коммуникации и иностранного языка,
полилог культур
Summary
Alipbekova B.U. – 2
nd
course master of Foreign Language: two foreign languages,
Scientific supervisor: Kemelbekova Z.A. –
The chair of Professional foreign language communication and translation, candidate of Philological Sciences
Teachıng a foreign language in polylog culture in formation the subject of intercultural communication.
The relation of language teaching and initiation to a foreign culture as a basis of the ability to cross-cultural
communication. It describes the process of introducing ethnic and cultural lines in the practice of teaching a foreign language
in a meaningful and methodical basis of training, where a strategic objective is recognized not only the formation of
intercultural and communicative competence of the students, but also the potential training of students to pass on the
knowledge and understanding to be active, including initiating and taking part in actions to eliminate extremism, to minimize
cultural aggression. Learning a foreign language is seen as means of formation of tolerant personality, as well as a means of
ensuring the socialization of the individual is not in the interests of a particular State, but in the interests of the individual.
Keywords: socio-cultural components of learning a foreign language, learning foreign culture, foreign language teaching,
the relationship of intercultural communication and foreign language, polilog of cultures
УДК 378.016:811.111
ШЕТЕЛ ТІЛІН ҤЙРЕТУ ҤДЕРІСІНДЕ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ
КОММУНИКАТИВТІК ҚҦЗІРЕТТІҢ МАЗМҦНЫ
Бақытжан Э.Қ. – Абай атындағы ҚазҰПУ
6М011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығының 2 курс магистранты,
bak.elmira@mail.ru
Берілген мақалада шетел тілін оқыту үдерісінде үйренуші бойында мәдениетаралық коммуникативтік құзіреттікті
қалыптастырудың заманауи қоғамдағы маңыздылығы қарастырылған. Белгілі ғалым А.Н.Леонтьевтің сӛйлеу әрекеті
теориясы мен С.Г.Тер-Минасова, Е.И.Пассовтың мәдениетаралық коммуникация, С.С.Құнанбаеваның мәдениетара-
лық коммуникативтік құзірет тақырыбындағы және басқа да ғалымдардың еңбектеріне негізделе отырып, аталған
мақалада мәдениетаралық комуникативтік құзіреттің жан-жақты аспектісі қарастырылған. Мәдениетаралық
коммуникативтік құзірет концепциясының пайда болуын анықтау мақаланың негізгі міндеттерінің бірі болып, берілген
мақала шет тілін үйрету үдерісінің негізгі мақсаты «шет тілді тұлға» қалыптастыру екенін дәлелдеуге арналған.
Тҥйін сӛздер: құзірет, коммуникативтік құзірет, қатысым, мәдениетаралық қарым-қатынас, мәдениетаралық
қарым-қатынас құзіреті, сӛйлеу әрекеті теориясы, шет тілді тұлға, мәдени құндылық, қатысымдық әрекет.
Бүгінгі таңда шетел тілін үйрету үдерісінің заманауи әдіснамасы ӛткен ғасырмен салыстырғанда елеулі
ӛзгерістерге ұшырады. ХХ ғасырдың бірінші жартысында қолданылған әдіс-тәсілдер шетел тілін тек
аударма мәселесінде үйретуге бағытталған болса, уақыт ӛте келе, дүниежүзілік саяси және мәдени
ӛзгерістер нәтижесінде жаңаша әдістер сұранысқа ие болды. Дүние жүзі мемлекеттері арасында
экономикалық, сауда, мәдениетаралық және басқа да салалар бойынша қарым-қатынастың дамуы шет
тілін үйрету үдерісіндегі ӛзгерістердің негізгі себебіне айналды.Осы себептен ӛткен ғасырдың екінші
жартысында аудио лингвуальді әдіс, TPR, тікелей әдіс, суггестопедия және тағы да басқа әдістер
қолданыла бастады. Алайда, жоғарыда аталған әдістердің ӛзіндік артықшылықтары болғанымен, шетел
тілін үйрету әдіснамасында елеулі нәтижеге қол жеткізілмеді. Тек ХХ ғасырдың 90-жылдары ғана әрбір
шетел тілін үйренуші бойында «шет тілдік тұлға» қалыптастырып, жалпы коммуникативтік құзіретін
дамыту мақсатымен мәдениетаралық коммуникация концепциясы кеңінен дами бастады [1]. Берілген
мақаланың негізгі мақсаты - шетел тілін үйрету үдерісінде мәдениетаралық коммуникативтік құзіреттің
мазмұнын ашып, маңыздылығын айқындау болып табылады.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж.
62
Шетел тілін үйрету үдерісіндегі мәдениетаралық коммуникативтік құзіретін қалыптастыру мәселесі
қолға алына бастағанына кӛп уақыт ӛтпесе де, оның негізін әйгілі ғалым Л.Л. Льеонтьев еңбектерінде
кездестіруге болады. 800-ден астам еңбектер мен мақалалар жариялаған ғалым шет тілін үйрету үдерісін
психология тұрғысынан қарастырып, кӛптеген нәтижелі еңбектер қалдырды. Аталған еңбектерінің ішінде
шетел тілін үйренуде жаңаша кӛзқарас қалыптастырған «Психологоия және шетел тілін үйрену» еңбегі
1981 жылы жарияланды. Ол ӛзіне дейінгі ғалымдар, атап айтқанда Л.Н.Льеонтьев, Выготский Л.С.,
Эльконин Д.Б. қалыптастырған мәдени-тарихи іс-әрекет теориясын одан әрі дамытты. Аталған теорияның
негізгі мазмұны бойынша, тұлғалық таным қоғам мен қоғамдық қарым-қатынас нәтижесінде
қалыптасады. Яғни, қандай болмасын тұлға белгілі бір қоғамға ӛзінің іс-әрекеті нәтижесінде енеді. Тұлға
ӛз қоғамымен немесе ӛзге қоғаммен қарым-қатынасқа түскен жағдайда (яғни қандай да бір қажеттілік
нәтижесінде туындайтын коммуникация барысында) атқаратын іс-әрекеті – сӛйлеу іс-әрекеті деп атап
кӛрсетеді. Ғалым адам іс-әрекеті әркезде қоғамдық болып табылатынын атап кӛрсетеді [2]. Демек, әрбір
тұлға белгілі бір іс-әрекеті нәтижесінде қоғамға ене алады. Ғалымның еңбегіне сүйене отырып
құрылысшы үй салу барысында қоғаммен тікелей қарым-қатынас барысында салады, тек ӛзіндік пайданы
ғана кӛрмей, соңғы мақсаты салынған ғимарат қоғам пайдасына бағытталғаны туралы айта аламыз. Осы
секілді, шет тілін үйрену үдерісін де қоғамдық іс-әрекет деп толығымен айтуға болады. Үйренуші тек ӛзі
білсем екен деп үйреніп қана қоймай, шет тілінде сӛйлеу әрекеті барысында ӛзге қоғамға түсінікті болу
мақсатымен үйренеді. Ғалымның аталған еңбегін шетел тілін үйрету үдерісіндегі мәдениетаралық
коммуникативті құзіретконцепциясының бастамасы ретінде қарастыруға болады.
Сонымен қоса, Л.Л. Льеонтьев [2] ӛз еңбегінде сӛйлеу іс-әрекеті барысында орын алатын мимика мен
жесттің ерекше орын алатынын атап кӛрсетеді. Кейбір психологтардың пайымдауы бойынша мәліметтің
шамамен 40%-ы мимика мен жест арқылы беріледі екен. Бұл да ӛз кезегінде тіл үйренуші бойында
коммуникативтік құзіреттілігінің маңыздылығын айқындайды, себебі әр елдің ӛзіндік тілдік таңбалары
мен белгілері болады.
Кӛптеген методист ғалымдардың пікірінше шетел тілді меңгеру сол тілдің мәдениетімен танысу, сол
мәдениетпен диалогтық қарым-қатынасқа түсу болып табылады. Ал ол ӛз кезегінде коммуникативті
құзыреттілікті белгілі бір деңгейде меңгеру барысында ғана жүзеге аспақ. Заманауи әдіснамада шет тілін
меңгеруде қатысымдық әрекет мәдениетаралық құзіреттілік деп кӛрсетіледі. И.Халеева бұл кӛріністі
әртүрлі мәдениет ӛкілдерінің интербелсенді қарым-қатынасы ретінде қарастырады [3].
Е.И. Пассовтың пайымдауынша, шетел тілін үйренуші келесі аталғандарды істей алу керек:
- мәдени құндылықтарды кӛрсете білу;
- шетел мәдениетінен тек айырмашылықтарды ғана байқамай, ӛзіндік ұқсастықтарды да таба білу;
- болып жатқан жағдайларға ӛз тұрғысынан емес, сол мәдениет ӛкілі тұрғысынан кӛзқарас таныту;
- стереотиптерді дұрыс түсініп, адекватты шешім жасай алу;
- ӛзге мәдениетті тану барысында ӛзін ӛзі бағалауын ӛзгертіп, ӛзі де ӛзгеруге дайындығын кӛрсету;
- ӛзге мәдениеттің әдеп-дәстүрін тани алу;
- сол мәдениет ӛкулдері үшін қуаныш пен мақтаныш сезімдерін кӛрсете алу;
- мәдениетаралық диалогта ӛзіндік тәжірибені дамыту [4].
Шетел тілін үйрету үдерісінде коммуникативті бағытталған әдіс үйренуші бойында коммуникативті
құзіреттілікті қалыптастыру мен дамытуға мақсатталған, яғни ол ӛз кезегінде тілдік бірлікті қолдану
барысында контексті орындылықты есепке ала отырып қолдану дегенді білдіреді.
Коммуникативті құзірет тӛмендегі қабілеттіліктерді қамтиды:
-
қарым-қатынасқа түсетін коммуникативті жағдаятқа әлеуметтік психологиялық болжам жасай білу;
-
жағдайға сүйене отырып, қарым қатынас үдерісіне әлеуметтік психологиялық болжам жасай білу;
Заманауи бағдарлама бойынша, шет тілін үйрету үдерісінің негізгі мақсаты ретінде үйренушіге шет
тілінде қарым-қатынасқа түсу және шеттілдік тұлғаны қалыптастыру мен дамыту болып есептеледі.
Жоғарыда атап кӛрсеткендей, шет тілін үйрету үдерісінің соңғы мақсаты мәдениетаралық қарым-
қатынас құзіреттілігі болып табылады, ол ӛз кезегінде тӛмендегідей құзіреттерді қамтиды [5]:
–
Лингвистикалық құзірет – шет тілді ойлау және сӛйлеу іс әрекеті құралы ретінде қолдану;
–
лингвомәдени құзірет – тұлғалық әлем сурет үйреніп отырған тіл мәдениеті негізінде құрады;
–
мәдени және мәдени әлеуметтік құзірет– тіл үйренушіні үйреніп отырған тіл мәдениетімен,
дәстүрімен және ӛмір сүру салтымен таныстырады;
–
прагматикалық құзірет – қатысымдық мазмұнды қарым-қатынас ситуациясына тікелей беруге
дайындық;
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж.
63
–
когнитивті құзірет – коммуникативті ойлау іс-әрекетіне дайындық болып табылады.
Сонымен, коммуникативті құзіреттің негізін тӛмендегідей коммуникативті қабілеттіліктер құрайды:
–
Қиындығы орташа деңгейлі аутентикалық текстерді оқып қана білмей, оның мағынасын терең
түсіне алу қабілеті;
Достарыңызбен бөлісу: |