Флегматик. Любит покой и устойчивость. Обладает уравновешенным
стабильным характером, часто пассивен. Цвет родственный ему – зеленый.
Действует успокаивающе, придает некоторую уравновешенность. А) зелено-
ватый в желтоватых тонах – приветливый, веселящий. Б) зеленый в голубо-
ватых тонах – способствует сосредоточенности.
Сангвиник. Это веселый и открытый человек. Способный испытывать
одновременно небесный восторг и смертельную печаль, но настроен все же
оптимистично. Цвет родственный ему – желтый. Действует на сангвиника
солнечно, воздушно, весело, легко, приветливо. Время года – весна. Компен-
сирующие цвета – фиолетовые – дают равновесие. Неяркие темные тона
могут несколько приглушить фонтанирующий темперамент.
Холерик. Общительный, темпераментный человек, отлично уживается
с красным цветом, даже в самых интенсивных тонах и его формах. Цвет
родственный ему - красный. Действует динамично, активно, броско. Время
года, родственное ему по сути – зима. Компенсирующие цвета – голубовато-
красный – приглушает слишком активный темперамент, и а в то же время не
доводит его до пассивности. Уравновешивающе действует зеленый цвет.
Итак, рассмотрев некоторые психологические аспекты воздействия
цвета на психологический тип темперамента, можно сделать вывод, что
можно регулировать цвет вокруг себя, тем самым повышая или понижая мно-
жество факторов воздействующих на нас. В данной области сейчас многие
ученые проводят определенного рода эксперименты, делая все новые и
новые открытия воздействия цвета на жизнь человека.
Түйін
Осы мақалада түстер жайлы үстіртін кӛнеден қазіргі кезде дейін
қарастырылған. Гомас Янго, Гельмтольца және Исаак Ньютонның жарық
жайлы теориясында жарық деген түс деген ұғымды білдіреді. Түстер және
оның қоршаған ортаға тиетін ықпалы – түстерге психологиялық,
физиологиялық
мінездеме,
сонымен
қатар
түстердің
түрлеріне
психологиялық кӛзқараста қараған.
Summary
Colour was superficially regarded in this article from antiquity to nowadays
by George Tomas Yang, Gelmots, Isaak Newton. The teory of the light was
regarded here. The light was regarded as the colour and its psychological and
physiological influence on its invironment. The characteristics of the colour and
some phychological types of the colour were represented here.
79
ҚАЗАҚТЫҢ ҦЛТТЫҚ ОЮ-ӚРНЕКТЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Б.Бекенова –
«Живопись» кафедрасының аға оқытушысы,
Абай атындағы ҚазҰПУ
Әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениеті бар. Қазақ
халқының да ғасырлар бойы қалыптасқан ӛзінің тәжірибесі, білімі, кӛркемдік
пен сұлулыққа кӛзқарасы, рухани ӛмір байлығы боп табылатын бай тарихи
археологиялық, этнографиялық, әдебиет және кӛркемӛнер мұралары бар.
Бұлар халықтың тарихи ӛмірімен, әдет-ғұрыптарымен тығыз байланыста
ӛмір сүрген. Қазақ халқының кӛшпелі тұрмыс-ӛмір салтында ұрпаққа
кӛркемдік саласынан тәлім-тәрбие беру оның күнделікті ӛмірдің тыныс-
тіршілігімен байланысты болған. Соның ішінде қолданбалы ӛнердің маңызы
ерекше болған. Қазақ халқы жаратылысынан ӛнерге ӛте бай, әрі оған бейім
болған. Ӛзінің кӛшпелі ӛміріне ыңғайлы етіп тұрмыстық заттарын
әшекейлеуде, оларды кӛркемдік тұрғыдан ыңғайлы етіп жасауда ісмер
болған. Эстетикалық талғам деңгейі жоғары болған. Күнделікті еңбек
қызметінде қолданбалы, қолӛнерін дамытып отырған. Сонымен қатар киім
киісінде, жүріс-тұрысында, қонақ күтісінде, сый-сияпатында толып жатқан
эстетика элементтері ӛз ұрпағын педагогика ғылымынсыз-ақ әдемілік пен
әсемдікке баулуда тәрбие берудің тиісті құралына айналған. Сондықтан да
қазақ халқында «Ӛнер кӛзі – халықта», «Шебердің қолы ортақ» деген ақыл
сӛзі жоғарыда айтқандарымызға дәлел болмақ.
Балаларын ерте бастан еңбекке, алуан түрлі ӛнер бұйымдарын жасауға
баулыған қазақ жұрты кӛркемдікке, талғамдыққа, ӛнер мәдениетін игеруге,
ұлттық асыл мұраларды кӛз қарашығындай сақтауға дағдыландырған.
«Ӛнерді үйрен де жирен» - деп халық айтқандай ӛнер атаулының кӛркемдік-
танымдық маңызы зор, ол тұлғаны жан-жақты тәрбиелеуде аса маңызды
құрал болып табылады. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демекші,
ұлтымыздың болашағы бүгінгі ұрпақты ұлттық мәдениет, адамгершілік
тұрғысынан тәрбиелеу мәселелерінде кӛзден үнемі таса етпеуіміз қажет.
Адам сезімін тәрбиелеу мәселесі кӛпжақты факторлармен шешімін табады,
соның ішінде ӛнер басты роль атқарады. Ӛнер арқылы адам ӛзінің шынайы
кӛңіл-күйін білдіреді, ӛнердің ӛзінен үрене отырып, оның қиын күрделі тілін
түсіне білуге ұмтылады, рухани жан дүниесін эстетикалық талап тұрғысынан
тәрбиелейді. Ӛнердің құндылығы сонда, ол адамның адамгершілік дамуына
бағытталған. Нағыз әсем ӛнер ғана адам жанына рухани азық болады,
адамның адамгершілік сезімін молайтады.
Бүгінгі таңда ӛскелең ұрпаққа
қазақ қолӛнер кәсіпшілігі де эстетикалық тәрбие беруде тиісті құралы болып
отыр. Тұрмыстық заттар мен құралдарын әшекейлеуде қолӛнер кәсібі,
зергерлік ӛнер дамып, эстетикалық мәні бар ӛнер шығармаларына айналып
отыр. Қазақтың қолданбалы ӛнері негізінен тұрмысты әшекейлеу үшін
пайдаланғаны белгілі. Оның ішінде ең кӛп тарағаны – ою-ӛрнек ӛнері. Ою-
80
ӛрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолӛнердің барлық түріне ортақ
әсемдеп, әшекейлеудің негізі болып келеді. /1/
Қазақ ағартушылары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтар
ою-ӛрнек
тақырыбына
арнайы
еңбек
жазбағанымен,
ӛздерінің
шығармаларында қазақ қолӛнерін сӛз еткен. Шоқан қазақтың киіз үйінің
құрылысы мен сәулетіне, ондағы қолданылатын кейбір жиһаздар түріне
толық анықтама береді. Сонымен қатар ол ою-ӛрнек ӛнері қазақ халқының
ӛмірінде айрықша ӛнер екендігін, оның ерекшеліктері мен қыр-сырының
молдығы қаншама білімдарлықты талап ететіндігін айтқан.
«Әр елдің тілін, ӛнерін білген кісі онымен бірдейлік пікірлесе алады,
аса арсыздана жалынбайды» деп тіл мен ӛнерді Абай жоғары бағалаған. /2/
Ы.Алтынсарин қазақ халқының қолӛнерін балалардың тәлім-тәрбиесімен
тікелей ұштастырып, тұңғыш рет қолӛнер мектептерін ашқан. Оның
мектептерінде ер балалар үшін ағаш ұсталығы, былғары илеу, қыш, құмыра
жасау ӛнерлері, ал қыздарға «қарапайым халықтың тұрмысына керекті киім
тігу, киім пішу, шәлі тоқу, жіп шалу және қазақтардың қолында кӛп болатын
жүн, қыл секілді материалдардан ӛрмек тоқу, киіз басу, бау және тақыр кілем
тоқу сияқты жұмыстар» үйретілді./3/
Ӛнердің бастау бұлағы – сурет салу ӛнері. Тамыры тереңге кеткен ӛнер
атаулы ӛзінің нәрін сурет ӛнерінен алады. Сондықтан сурет салуды үйрену –
жас ұрпақтың танымдық ой-ӛрісінің кеңеюіне, ӛнер әлемін тануына апарар
жол боп табылады. Мектептегі эстетикалық тәрбие беру жұмыстары оқу-
тәрбие үрдістерімен ӛте тығыз байланыста жүзеге асады. Оқушылардың оқу
әрекетінде эстетикалық тәрбиеге қатысты теориялық білімдер беріліп, түрлі
шығармашылық жұмыстар атқарылады. Ол мақсатты және жоспарлы түрде
іске асады. Әрбір пәннің эстетикалық бағыты, оқу материалдарының
мазмұны, сабақтың жүйесіндегі қолданылатын эстетикалық құралдар,
мұғалімдер мен оқушылар арасындағы ізгі қарым-қатынастар – бәрі
оқушылардың эстетикалық сезімі мен талғамын, қабілетін шыңдауда жүйелі
түрде қызмет етеді. Баланың эстетикалық сезімі ерте оянады. Мектеп жасына
дейінгі кезеңде ол сурет салуға, тақпақ оқуға, ӛлең айтуға, билеуге құштар
болады. Ендігі жерде мектептің алдында тұрған міндет, сол құштарлықты
дамытып, эстетикалық тәрбие міндеттеріне сай әрбір оқушының жеке
тұлғасын қалыптастыру, дамыту, ӛнерге қатысты талғамын қалыптастыру,
оларға мүмкіншілік туғызу. Бұл бағыттағы оқу жүйесінде эстетикалық
пәндер жоғары қызмет атқарады. Олардың бірінің қатарына бейнелеу ӛнері
жатады. Әсемдік әлемінің таңғажайып сырын терең түсініп, кӛркемдік
атаулыны шынайы сезініп, одан рухани ләззат алуға бағытталған бейнелеу
ӛнері «Сурет», «Кескіндеме», «Композиция», «Мүсіндеу», «Ӛнертану»,
«Кӛркем еңбек» салалары бойынша жүргізіледі. Бейнелеу ӛнерінің
ерекшелігі оқушылардың кӛркемдік тұрғыда ойлауын, шығармашылық
елесін, қиялын есте сақтау қабілетін жетілдіруде ықпалы зор. /4/ Бейнелеу
ӛнері сабақтарының бірінде оқушылар ұлттық ою-ӛрнек түрлерімен
танысады. Қазақ ұлттық ою-ӛрнек ӛнерінің бай тарихы, терең мазмұны, сан
81
қилы ерекшеліктерімен балаларға эстетикалық, интеллектуалдық тұрғыда
әсер етіп, олардың тұлғалық және сапалық қасиеттерін дамыта түседі. «Ою-
ӛрнек» - (латынның ornament - әсемдеу, сәндеу деген сӛзінен шыққан)
үйлесімділікпен бір қалыпқа түскен элементтерден тұратын нақыштар; әр
түрлі заттарды (құрал-сайман, қару-жарақ, киім т.б.) архитектуралық
құрылыстарды, пластикалық ӛнер шығармаларын (негізінен қолданбалы), т.б.
сәндеу үшін қолданылады. Қазақ ұлттық ою-ӛрнек ӛнері – бейнелеу
ӛнерінің, оның ішінде сәндік-қолданбалы ӛнерінің үлкен бір арнасы.
Дейтұрғанмен бейнелеу ӛнерінің түпкі бастауы халықтың қолӛнерінен
ӛрбігендіктен, оған қоса қазақ халқының ою-ӛрнектері ежелден-ақ
қолӛнерінің ӛркендеуімен сәйкес дамығандықтан, ою-ӛрнек ӛнері –
қолӛнерінің негізгі саласы болып табылады.
Ғұлама ғалым Ә.Х.Марғұланның «Қазақтар ою-ӛрнектер әлемінде ӛмір
сүреді» дегеніндей, қазақ халқының рухани және әлеуметтік ӛмірінде
маңызды роль атқаратын бұл ӛнер түрін жас ұрпақтың игермеуі де мүмкін
емес. Академик Ә.Марғұлан қазақ халқының қолӛнерінің бірнеше түрлерін
археология, этнография тұрғысынан зерделеп, ӛте құнды мағлұматтар береді.
Ою-ӛрнек ӛнеріне де аса мән беріп Пазырық қорғанынан табылған қолӛнер
бұйымдарында бейнеленген ежелгі ою-ӛрнек нұсқаларын ғылыми тұрғыда
саралайды. Сӛз арасында әрбір ою-ӛрнекте жасырын жатқан образдың
кезінде анық та белгілі болғанын айта келе, соңғы кезде ою-ӛрнек
мотивтерінің бастапқы мағынасын ұмытып бара жатқанымызды еске сала,
оның мән-мағынасын аша түсу, болашақ зерттеушілердің міндеті екенін де
ескертеді. /5/
Қазақ ою-ӛрнегі - кӛркем бұйымдарды әшекейлеудің ең басты
кӛркемдік элементі. Қазақтың ұлттық ӛрнегі – қазақ халқының мәдени
жетістіктерінің негізгі бӛлігі және заңды жалғасы. «Ою» деген сӛз бен
«ӛрнек» деген сӛздің мағынасы бір. Бұл сӛздің ұғымында бір нәрсені ойып,
кесіп алып жасау, немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің
бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Қазақ кӛбінесе бір ӛрнекке
салып қиып алған үлгіні, үлгіге салып кескен сырмақтың қиығын, сондай-ақ
барлық қошқар мүйіз ӛрнектерін де «ою» дейді. Ал «ӛрнек» - дегеніміз әр
түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап
істеген кӛркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы іспеттес. Сондықтан
«ою-ӛрнек» деп қосарланып айтыла береді. Ою-ӛрнектердің кейбір
элементтеріне негізделген қысқа анықтамалар қатарында оның бірнеше
ерекшеліктерін қамтуға тырысатын күрделі ұғымдар да бар. Сондай-ақ
олардың арасында дәлелдемені қажет ететін түсіндірулер де кездеседі.
Мәселен, ою-ӛрнектердің бейнелеу мотивтеріне, жасалу тәсілдеріне қарай
анықталған 6 анықтаманы алатын болсақ, анықтамада кӛрсетілген ӛнер
тәсілдері (кескіндемелік, мүсіндік, графикалық) ою-ӛрнек ӛнерінің басты
тәсілі еместігі ӛнертану ғылымынан аян. Бұлай анықтау қажет болғанда
бірінші кезекте тоқымалық, зергерлік, бедерлік т.б. әсемдеулердің айтылғаны
жӛн болар еді. Ою-ӛрнектің құрылысы, қолдану мақсаты, бейнелеу
82
тақырыптары, символдық мағыналары, ӛзіне тән т.с.с. ерекшеліктері
нақтыланады. Осыларды танып-білу жеке тұлғаны қалыптастыруда маңызы
зор. Атап айтқанда:
-
білім береді – қазақ ұлттық ою-ӛрнек ӛнерінің тарихи даму жолы,
мазмұндық ерекшеліктер (мағыналық бояу түстеріне байланысты, басқа
халықтардың ӛрнектерімен байланысты, ӛрнектеу әдістеріне байланысты
т.б.) саласын меңгертіп, ақыл-ойды жетілдіреді;
-
тәрбиелейді – адамгершілік қасиеттерді қалыптастырып,
эстетикалық талғамды дамытады, еңбекке баулиды, дене бітімінің дұрыс
жетілуіне ықпал етеді;
-
дамытады
-
жеке
тұлғаның
рухани-интеллектуалдық
эмоционалдық, тұлғалық сапасын дамытады, қазақ ұлттық ою-ӛрнек ӛнері
бойынша теориялық білімдерін жетілдіреді, практикада оларды еркін
қолдануға дағдыландырады, шығармашылық ізденіске талпындырады.
Олай болса біздің ойымызша «қазақ ұлттық ою-ӛрнегі дегеніміз адам
ӛміріне қажетті заттарды, бұйымдарды, архитектуралық құрылыстарды
сәндеуде, халықтың тыныс-тіршілігін, қоршаған ортаға кӛзқарасын, одан
алған эмоционалдық-эстетикалық әсерін және ой-арманын, тілек-мүддесін
әсем талғамын ӛзара үйлесімділікте бейнелі жеткізуге ықпал ететін
нақыштар». Қазақ ұлттық ою-ӛрнектері қазақ халқының сәндік-қолданбалы
ӛнерінің барлық түріне қатысады және әр түрінде әр түрлі ӛрнектеу
әдістерімен ерекшеленеді. Біздің түсінігіміз бойынша «қазақ ұлттық ою-
ӛрнек ӛнері – қазақ халқының сәндік-қолданбалы ӛнері салаларының барлық
туындыларында кездесетін ою-ӛрнек түрлері мен ӛрнектеу әдістерінің
жиынтығы». /6/
Қорыта айтқанда қазақ ұлттық ою-ӛрнек ӛнерінің тарихи даму
жолдарын зерттей отырып, ӛзіндік ерекшеліктеріне мазмұнды сипаттама
беріп, оның ӛн бойына шоғырланған халықтың дүниетанымын, эстетикалық
кӛзқарасын анықтап кӛрсетуге ықпал етеді. Осыған сәйкес бейнелеу ӛнері
сабақтарында оқушыларды ою-ӛрнектің түрлерімен таныстырып, ӛз
беттерімен ою-ӛрнек түрлерін салуға үйрету арқылы эстетикалық
кӛзқарасын, эстетикалық талғамын қалыптастыруға болады.
1.
Ҽбенбаев С.Ш. Тҽрбие теориясы мен ҽдістемесі.- Алматы,
2004.- 62-бет.
2.
Ҿміралиев Қ. Абай афоризмі.- Алматы, 1993. - 3-бет.
3.
Алтынсарин Ы. Таза бұлақ. - Алматы, 1988. - 145-бет.
4.
Ҽбенбаев С.Ш. Тҽрбие теориясы мен ҽдістемесі.- Алматы,
2004.- 65-бет.
5.
Маргулан А.Х. Казахское народное прикладное искусство. Т.1.
Алма- Ата, 1988. – С.83.
6.
Ҽбдіғапбарова
Ұ.М.
Қазақтың
ұлтық
ою-ҿрнектері.-
Алматы:Ҿнер, 1999. - 7-бет.
83
Резюме
Автор
статьи
подчеркивает
важность
значения
казахского
национального прикладного изобразительного искусства в воспитательном
процессе.
Уроки изобразительного искусства в начальных классах помогают
формированию эстетического вкуса школьников.
Summary
Article is devoted to educational value of the Kazakh national applied art.
Use then for art lessons in primary school helps create the aesthetic taste of pupils.
КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКАНЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МҤМКІНДІКТЕРІ
Н.Е.Ажитаев –
«Графика жҽне дизайн» кафедрасының оқытушысы,
Абай атындағы ҚазҰПУ
Қазіргі заман жаппай ақпараттандыру талаптарына байланысты
компьютерлік графика бейнелеу ӛнерінің заңдылықтарын зерттеу
барысында, кӛркем шығармашылықта кӛрініс тапқан бейнелеу, сәндік-
қолданбалы және дизайнерлік ӛнер түрлерін жасау үрдісінде де негізгі
құралдың бірі болып саналады. Компьютерлердің технологиялық
мүмкіндіктері олардың құнды графикалық мүмкіндіктерімен, бейнелі
реңктерімен, кеңістік формаларын екі немесе үш ӛлшемдегі кӛрнекілікпен
бейнелеудегі қабілетімен белгіленеді. Жасалған ӛнімдердің кәсіби тұрғыда
да, жалпы білім беру тұрғысында да маңызы зор, ӛйткені ол студенттердің
шығармашылық қабілетін дамыту міндеттерімен ӛзара тығыз байланыста
жүзеге асады.
Қазіргі ғаламдану процесіне сәйкес бәсекеге қабілетті, жаңа қоғамға
бейімделген жеке тұлғаға деген сұраныс болашақ маманның жан-жақты
дамыған, біліктілігі жоғары деңгейде қалыптасуын кӛздейді. Болашақ
маманның кәсіби біліктілігін қалыптастыру туралы мазмұндалған отандық,
ресейлік ғалымдардың еңбектері мен әлеуметтік, философиялық,
психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге талдау жасаудың нәтижесі
қазіргі бұл проблемалардың ӛзектілігі бұрынғыдан да арта түскенін кӛрсетті.
Қазіргі кезде компьютерлік графика мүмкіндіктерін үйрету арқылы
студенттердің кәсіби біліктілігін қалыптастыру қоғамды дамытудың бірден-
бір құралына айналып отыр. Сондықтан да оны іске асыру қоғам үшін
маңызды алғы шарттардың бірі болып есептеледі.
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін ақпараттандыру
стратегиясының негізгі бағыттарының бірі – ХХІ ғасыр білім беру жүйесін
ақпараттандыру ғасыры болғандықтан бұл апроблема зерттеу жұмысының
84
кӛкейкестілігін анықтайды. Кӛркем ӛнерден білім алатын оқу орындарында
бүгінгі таңда компьютерлік дизайннан студенттердің сауаттылығы кез-
келген іс-әрекетін тиімді тәсілдермен шешуге кӛмектесетіндігі айқындалды.
Кәсіби мобильдікке кең ғылыми технологияны пайдалана алу - білімнің
маңызды міндеті болып табылады. Бұл технологиялар дербес компьютермен
жұмыс істеуді жеңілдетті, оған арнайы техникалық білімі жоқ адамдарда қол
жеткізе алатын болды. Сонымен қатар, қазіргі кезде кең ғылыми техниканы
пайдалану, әртүрлі кәсіби және жартылай кәсіби дербес компьютерде жұмыс
істеуге арналған бағдарлама ӛнімдерінің пайда болуына да қатысты.
Ақпараттану заманында компьютердің тиімділіктері сұрыпталды:
-
ақпараттық технология адамның іс-әрекетін неғұрлым мобилді
және тездетеді;
-
бүгінгі
күнде
компьютерлік
ақпаратты-бағдарламалық
құралдардың кӛмегімен оқу бағдарламаларын және әртүрлі оқу пәндері
бойынша мектепке дейін және жоғары білім беруге дейінгі кез-келген
деңгейдегі арақашықтықтан оқыту курстарын құруға болады.
-
қазіргі заманғы білім беру саласында текстік ақпарат базасын
компьютерлік құралдарды меңгеру арқылы жүзеге асырылады;
-
компьютерлік моделдеу және дизайн (полиграфия, үш ӛлшемді
графика және анимация, сәулет ӛнері, бейнеӛндіріс, мультимедиа,
презентация және т.б.) суретшілерге, графиктерге, дизайнерлерге осы
уақытта дербес компьютер композиция табуда;
-
дербес компьютермен жұмыс істей отырып студентте кӛптеген
ӛзіндік қасиеттері: әсіресе кеңістіктікті меңгеру, образдық және логикалық
ойлау, елестету, есте сақтау, кӛзбен ӛлшеу, тиянақтылық қалыптасады;
-
бейнелеу ӛнеріне тікелей қатысы бар компьютерлік графиканы
жетік меңгеру толыққанды шығармашылық тұлғаны тәрбиелейді.
Осы ой-тұжырымының дұрыстығын бүгінгі таңда студенттердің кәсіби
даярлығы саласында жарық кӛрген ғалымдардың еңбектері де дәлелдейді.
Кӛптеген ғылыми еңбектер мен оқулықтар, диссертациялық жұмыстар
тақырыптың мазмұнын ашуға кӛмегін тигізді: Н.В.Кузьмина, ВАСластенин
және ғылыми-педагогикалық ой-ӛрісін қалыптастырудан, мұғалімнің кәсіби
маңызды қасиеттерін қалыптастырудан С.ИАрхангельский, З.И.Васильева
жӛне кәсіби-құндылық бағдарын қалыптастырудан Г.Қ.Нұрғалиева,
Е.Н.Шиянов жӛне т.б., мұғалімдердің даярлығын іс-әрекетке бағыттай
отырып, теориялық тұрғыда негіздеуден Н.Д.Хмель, Л.А.Ивахнова,
Л.Х.Мажитова, Н.Н.Хан және т.б. еңбектері қарастырылды
Информатика мұғаліміне жоғары білім беру әдістемесін жасаған
Е.Ы.Бидайбеков, К.С.Абдиев, Ж.А.Қараев, А.П.Сейтешев, А.А.Жолдасбеков,
А.Е.Абылқасымова, Қ.Беркімбаев, және т.б. еңбектері ерекше.
Пән бойынша оқыту бағдарламасын жинақгап құрастыратын кезде,
компьютерлік графиканың негізгі бағдарламаларының бірі ретінде тӛрт
бағдарлама іріктеп, таңдалды:
1. "МS Word"- текстік бағдарлама;
85
2. "Соrel DRAW"-векторлық бағдарлама;
3. "Аdobе Рһоtosһор"-растрлық бағдарлама;
4. "3 ds МАХ"-үш деңгейлік ӛлшеу бағдарламасы. Аталған
бағдарламалардың "МS Word"- текстік багадарламасынан басқа да таза
компьютерлік графикаға қатысты таңдалған бағдарламалар реті. Таңдалып
алынған бағдарламаларға қысқаша түсінік бере кететін болсақ:
"МS Word"- текстік бағдарламасы жоғарыда атап кӛрсеткеніміздей
алғаш келген студенттерге таныстық үшін, әрі мектепте алған информатика
негіздері жӛнінде алған білімдерін ұштап, қайталап, толықтыру мақсатында
алынған бағдарлама.
"Соrel DRAW"-векторлық, бағдарламасы арқылы компьютерлік
графиканың негізгі-негізгі деген ақпараттарын осы бағдарламадан алуға
болады. Айталық, компьютерлік графиканың кӛп салаларында (кӛркем
компьютерлік графика; инженерлік компьютерлік графика; иллюстративті
компьютерлік графика; іс-құжаттық компьютерлік графика; когнитивті
компьютерлік графика) осы бағдарламаны кӛптеп қолданысқа ендіреді.
Себебі, бағдарламаның кӛптеген опциялары аталған салалардың барлығына
лайықталып жасалынған. Біздің тақырыбымызға арқау болып отырған
болашақ кӛркемсурет ӛнері саласындағы мамандарды даярлайтын бағытта да
осы бағдарламаның үлесі ӛте жоғары. Кӛркемсурет саласындағы арнайы
пәндер: шрифт, жобалау, плакат, құрастыру, композиция, дизайн т.б. етене
байланысқан десек, артық айтпаған болар едік. Бұл бағдарламамен кӛбінесе
"Графикалық дизайн" мамандығының студенттері айналысады.
"Аdobе Рһоtosһор"-растрлық бағдарламасы арқылы да компьютерлік
графиканың кӛркемсурет саласындағы алатын орны ерекше деуге болады.
Кӛркемсуретке байланысты бағдарламада растрлы фото, түрлі эффектілер,
шрифтер, арнайы фильтрлер, интернетпен байланысы және т.б.
мүмкіндіктерімен ӛзінің ӛте қажет екендігін кӛрсетеді. Бағдарлама арнайы
пәндер ішінде жоғарыда аталған пәндермен, сонымен қатар кескіндеме
(живопись) пәнімен де байланысты. Кескіндемедегі қылқалам қызметтерін де
осы бағдарламада орындап, кереметтей туындылар жасауға болады.
"3 ds МАХ"-үш деңгейлік ҿлшеу бағдарламасы- компьютерлік
графиканың бағдарламаларының ішіндегі ӛзіне тән айырмашылығы бар
тартымды бағдарлама. Бұл бағдарламамен арнайы пәндер ішіндегі жобалау,
құрастыру, интерьер, экстерьер, дизайндық жобалық кестелер, жиһаз
құрастыру және т.б. қызықты тапсырмаларды атқаратын бағдарлама.
Жоғарыда түсінік берген компьютерлік бағдарламалардың барлығы
студенттің кӛркем қиялының дамуына кӛп септігін тигізеді. Кӛркем
формаларды ізденіс барысында студенттердің форма мен түстерді сезіну мен
стилизациялау машығы дамып, шығармашылық кӛркем қиялы ӛрістей түседі.
Бүгінде әрбір шығармашылық тұлға компьютерлік графика және
жоғары техонологияны біліп қана қоймай, оны ӛзінің кӛркем туындысының
шынайылығы мен анықтылығына қол жеткізуі үшін қолдана алады. Бірақ
бірде-бір «компьютер» дизайнері – дизайнер емес, егер ол суретші секілді
86
ойлап, сурет сала білмесе. Осы жердегі мақсат (оқытушылардың) дизайн
ӛнерін үйреніп жатқан студенттерді ӛзінің нағыз шынайы кәсіби маманы етіп
шығару. Шығармашылық қиялды, ӛнердің түрлерінің ішндегі соңғы
кездегі қарқынды дамып келе жатқан осы компьютерлік гафика арқылы да
дамытуға болады.
1.
Исабек Н. Е. Студенттерді компьютерлік графиканы кҽсіби іс-
ҽрекеттерде пайдалануға даярлау: Дис...пед. ғыл. канд. – Алматы, 2006.
Резюме
В статье рассматриваются возможности компьютерной графики при
формировании у студентов художественной фантазии, исследуются методы
обучения, а также значение компьютерной грамотности в изобразительной
деятельности в условиях глобализации.
Summary
The article discusses possible computer graphics in the formation of the
students ' artistic visions and values of computer literacy representational activities
in the context of globalization, as well as methods of learning.
Достарыңызбен бөлісу: |