БЕЙНЕЛЕУ ӚНЕРІ САБАҒЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Ә.Е.Омаров -
Шығыс Қазақстан облысы Д. Бабатайұлы атындағы
қазақ орта мектебінің мұғалімі
Жалпы білім беретін орта мектептердің бейнелеу ӛнері пәні бойынша
бағдарламаларда оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру
жайлы мәселелер әлі де болса ӛзінің толық деңгейін тапқан жоқ.
Шығармашылық іс-әрекетті біз ертегі, әңгіме, ойын, сурет және т.б.
жасау үрдісі кезінде әр түрлі тәсілдерді іздеу және алдағы міндеттерді шешу
жолдарын қарастыру деп түсінеміз. Ал белгілі бір тарихи тақырыптағы
әдебиет жанрындағы поэмалар арқылы оқушылардың шығармашылық іс-
әрекеттін қалыптастыру қазіргі заманға сай, жаңа үлгідегі бағдарламар
құруды талап етіп отыр.
Бейнелеу ӛнерінің әр кезде де эмоционалдық ӛңделуі жоғары болады.
Оның осындай болуына тек қана болмыс туралы әсерлер емес, сонымен бірге
эмоционалдық ойлау да әсер етеді. Эмоционалдық бастауды дамытпай,
адамға нағыз қажет талғампаздықты, қиялдауды, кӛз алдына елестетуді,
армандай білуді дамыту мүмкін емес. Ал осылар болмаса, онда
шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыру да мүмкін емес.
87
Бұл сабақ жоспарында оқушыларды бейнелеу ӛнеріне үйретуде негізгі
мақсат олардың бойындағы тума дарындық, шығармашылық іс-әрекетін
қалыптастыру болғандықтан оқушылардың әр түрлі кӛркем-шығармашылық
іс-әрекеттерінің қалыптасу жағдайын анықтауға бағытталған, кӛркем
шығармашылықтың әртүрлі түрлері арқылы жүзеге асыру негізінде
тәжірибелік- эксперименталдық жұмыстар жүргізу.
Адамзат кішкентайынан бастап, нақты ойлармен және сезімдермен
ассоцацияланатын, кӛзге кӛрінетін әсерлер мен елестерді жинақтайды. Әр
түрлі жанрлар мен алуан түрлі ӛнердің бірігіп қызмет етуі – табиғи құбылыс,
бірақ әр қайсысының ӛзіндік ерекшелігі сақталып қалады. Мұндай
әсемдеушілік оқушы-жастардың қабылдау қабілетін бір қарағанда-ақ
ұйымдастыруға мүмкіндік береді де, ойлау қабілеті жұмыс істейді. Ойлау
үрдісінде сурет салушы тақырыпқа байланысты заттар мен құбылыстардың
байланыстарын байқайды, ой абстрактілі үрдіс болғандықтан, тікелей сезім
мен қабылдауда аталған байланыстар кӛрінбейді. Ойлаған затты кӛз алдына
елестете отырып, ойындағы жадысы арқылы сурет салуды жалғастырады.
Осыған байланысты оқушыларға поэма тақырыбы арқылы оқушылардың
біріншіден ойын жетілдіріп, ойын дамыту арқылы шығармашылық іс-
әрекеттін қалыптастыра отырып, тақырыптық композиция құру мақсатында
мынандай сабақ жоспарын ұсынып отырмыз:
Бейнелеу ӛнері пәнінен сабақ жоспары
(Ашық сабақ)
Сыныбы: 6 «ә»
Пән мұғалімі: Омаров Әбдікәрім Есенҧлы
Шығармашылық ашық сабақ жоспары (90 минут).
Сабақтың тақырыбы:
«Шырақ» поэмасына иллюстрация
Бірінші сабақ (45 минут).
Сабақ жобалық сызба суреттер салу.
Бірінші лекциялық сабақтың мақсаты:
Оқушылардың біліктілігін қалыптастыру
Тәрбиелік мақсаты:
Оқушылардың елін, халқын сүюге, Отанын қорғай білуге,
ерлікке,адамгершілік асыл қасиеттерге баулу және патриоттық сезімін ояту.
Дамытушылық мақсаты:
Тақырып аясында сюжеттік таңдауын, композициялық құрылымының
жинақы да, нақты қамтылуын, дұрыс таңдалуын дамыту.
Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Ӛнерді сүюге,
бағалауға дағдыландыру.
Ӛнерге ынтасын арттыру.
Бүгінгі бейнелеудегі негізгі бағыттың моделі:
88
ПОЭМА
танысу
ЭПИЗОД
таңдау
КОМПОЗИЦИЯЛЫҚ
ҚҰРЫЛЫМ
үйлесімділік
Бейнелеудегі
қарамақайшылықтар
Бірінші сабақтың міндеті: оқушыларға «Шырақ» поэмасын оқып
беру, материалдармен таныстыру; иллюстрациялар жасауды үйрету;
археологиялық жәдігерлер топтамасының фотосуреттерімен, жобалық
долбарлар үлгілері. (П.Федотов, В.Серов, И.Репин) жұмыстарынан
репродукцияларымен таныстыру.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин;
- сәлемдесу, оқушыларды түгендеу – 2 мин;
- «Шырақ» поэмасын оқып беру – 3 мин;
- Интерактивті тақтада археологиялық жәдігерлер топтамасының
фотосуреттерімен, жобалық долбарлар үлгілері. (П.Федотов, В.Серов,
И.Репин) жұмыстарынан репродукцияларымен таныстыру– 5 мин.
- жобалық сызба суреттер салу– 25 мин.
Сабақтың тҥрі: Тарих және әдебиет пәндерімен байланыстырылған
дәстүрлі сабақ.
Сабақтың кӛрнекілігі: « Шырақ» поэмасы, ежелгі сақ тайпалары
жайында деректер, археологиялық жәдігерлер топтамасының фотосуреттері.
Жобалық долбарлар үлгілері. (П.Федотов, В.Серов, И.Репин) жұмыстарынан
репродук-циялар.
Техникалық қҧрал: Интерактивті тақта.
Тақырып мазмҧны: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Балалар! Ӛткен заман, бұрынғы дәуір туралы деректерді, мәліметтерді
тарих сабағынан жақсы білесіңдер. Адамзат пайда болғаннан бастап, ӛткен
ӛмірлері, дәуірлер кезеңдерімен, ата-бабаларымыздың тіршілік еткен қазіргі
Қазақстанның кең байтақ ӛлкеміз жайында, сол кездегі адамдардың тұрмыста
қолданылған бұйымдары, аң аулауға, жаудан қорғауға арналған қару-
жарақтары, киген киімдері жайында да мағлұматтарды тарихшылардың,
зерттеуші археологтардың орасан еңбектері арқылы танып, білудеміз. Ал,
осы тарих жайында сендер не білесіңдер, сонымен қатар қандай мысал
келтіре аласыңдар?
ырғақтық
89
Оқушылар мысал келтіреді: Есік қорғанынан табылған алтын адам.
Берел қорымынан, Жетісу ӛңіріндегі т.с.с. қорымдардан табылған
жәдігерлердің бірнешеуі айтылады.
Жәдігерлер фотосуреттері интерактивті тақтадан кӛрсетілді.
Балалар, бүгін осы тарихи деректерді пайдалана отырып ежелгі сақтар
жайында білетінімізді еске түсірейік.
Ежелгі сақ тайпалары б.э.б. VI – III ғ.ғ. ӛмір сүрген. Ӛзіндік мәдениеті
дамыған, ӛте жауынгер, батыр халық болған және кӛбінесе мал
шаруашылығымен айналысып, бейбіт ӛмір кешкен.
Мұндай ерекшеліктерін пайдаланған бұйымдарының әшекейлерінен
(аң стиліндегі кӛбінесе алтынмен апталған) кӛреміз. Әрине ол кезде де
сыртқы жаулар аз болған жоқ. Мал, жер тартып алу мақсатында жи-жиі
қалың қолға қарсы, жаулардан қорғануға тура келді. Тіпті әйелдер де, қыздар,
балаларға дейін соғысқа кірісіп, ерлік кӛрсете отырып жерді, елді қорғаған.
Мысалы: Зарина, Томирис (Тұмар) патшайымдар.
Балалар, ӛзіміздің Аякӛздегі тарихшы ұстаз Ешмағамбетов Бауыржан
ағайларыңның осы сақтар жайында «Шырақ» атты поэма жазған екен. Қазір
осы поэманы тыңдап, мазмұны мен мағынасына сәйкес иллюстрациялар
суретін салып кӛрейік.
Поэма оқылады.
Екінші сабақ (45 минут).
Сабақ бояумен жұмысты жалғастыру және аяқтау.
Екінші сабақтың мақсаты: Оқушылардың « Шырақ» поэмасына
иллюстрация жасау ісіндегі біліктілігі мен іскерлігін қалыптастыру.
Екінші сабақтың міндеті: алдыңғы сабақтағы қарындашпен сызған
жобалық жұмыстарының ішінен мұғалімнің ұсынысы бойынша таңдау;
таңдап алынған жобаны түрлі-түсті бояумен бояп шығару, аяқтау.
Сабақтың барысы: керекті құралдары мен бояларын дайындау және
тапсырма беру – 5 мин;
- тәжірибелік сабақ – 35 мин;
- қорытындылау - 3 мин., (түсінбеген сұрақтарға жауап беру т.б.);
- тәжірибелік сабаққа тапсырма беру - 2 мин;
Сабақтың мазмұны: Мұғалім сабақтың екінші жартысында
оқушыларға кӛптеген ӛткен сабақтағы жобалардың біреуін таңдауды және
сол бойынша жұмыс жасауды тапсырады. Оқушылар қағаз-қарындаштарын
алып, ӛзіндік жұмыстарына кіріседі. Мұнда балалар бейнелеудің еркін
тәсілдерін рұқсат етіледі. Жұмыс барысында оқушылардың бірнеше
жұмыстары қысқаша талданып, кемшіліктері мен артықшылықтары
айтылады. Бұл сабақ барысында оқушылар Мұғалім сабақ кезінде әрбір
оқшының іс-қимылын бақылай отырып, оқушылар орындап жатқан
иллюстрациялық жұмыстарына аса кӛңіл аудара отырып, бояды пайдалану
жұмысын қадағалап тұрады.
Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сұрақтар қойылады .
Сҧрақтар: Поэма дегеніміз не? Иллюстрация дегеніміз не?
90
Композицияның негізгі ерекшеліктері неде? Эпизод таңдауды қалай
түсінесің? Оқушылардың жауаптары тыңдалынып болған соң, тақта алдына
шағын кӛрме ұйымдастырылып, оқушылар жұмыстары бағаланады. Сонымен
қатар, қосымша сұрақтар қойылып, мұғалім оқушылардың түсінбеген
сұрақтарына жауап береді.
Резюме
В данной статье рассматривается методика преподавания по рисованию
для 6-го класса на историческую тему. Здесь по ходу занятия усваиваются
цели по познанию и развития художественно-композиционного мышления
учащихся, воспитание через осмысления исторических событий «Сакских
времен».
Summary
This article discusses the methodology of teaching of drawing to the 6th
class on a historical theme. here in the course of studies aims to assimilate the
knowledge and the development of artistic and compositional thinking of students
through the education of comprehension of historical events "Saksky times"
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БЕЙНЕЛЕУ ӚНЕРІНДЕ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗІ
А.Е.Ажитаева -
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Магистратура жҽне РҺБ доктарантура
институтының 6N0102 – БОПҼ мамандығының 1 курс магистранты
Қазіргі таңдағы мектепті дамытудың негізгі бағыты – шығармашыл,
сындарлы ойлай білетін, ӛз мүмкіндігіне сене білетін, әртүрлі әлеуметтік
және ӛндірістік проблемаларды ӛз бетінен шешуге қабілетті азамат дайындау
екендігі мәлім. Осының негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру, оған білім
беру үстінде оның бойына жаңа тұлғалық қасиеттерді сіңіру ӛте қажет.
Жас буындарды ұлттық рухта тәрбиелеуде еліміздің мектептері
шешуші рӛл атқарады. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев: Қазақстан халқына
Жолдауында (2007ж) «Білім берудің басты ӛлшемі – білім мен білік алған кез
келген азамат әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман
болатындай деңгейге кӛтерілу болып табылады» - деп атап кӛрсеткен.
Ғылымның әр саласында білім мазмұны мен кӛлемі қауырт ӛсіп отырған
бүгінгі таңда жаңа Қазақстанның жаңа адамы республиканың тарихи, ұлттық,
демографиялық, географиялық, экономикалық және мәдени ерекшеліктерінің
негізінде тәрбиеленіп, қалыптасуы тиіс. Әсіресе, мектеп оқушыларының
шығармашылық жұмыстарын орындау біліктілігін дамыту ӛзекті мәселеге
айналып отыр. Ӛйткені, тұлғалық - бағдарлық білім берудің мақсаты –
тұлғаны жан-жақты мәдени дамыту болып табылады. Ондай тұлғаны
қалыптастырудың әсерлі факторларының бірі - ӛнер, оның кӛркемдік
91
кемелденуі. Бұлар тұлғаның рухани-эстетикалық дүниесіне, кӛркемдік
талғамына, талабына ықпалын тигізеді.
Сондықтан, оқушыларының шығармашылық жұмыстарын орындау
біліктілігін қалыптастыру үшін, жас буынның бойында кӛркем-эстетикалық,
ізгілік сана-сезімді, кызығушылықты, идеалды, кӛзқарасты, талапты,
талғамды, қабылдауды, дүниетанымды қалыптастырып тәрбиелеуді керек
етеді. Оған ӛнердің кӛркемдік-эстетикалық мүмкіндіктерін пайдалану ӛте
тиімді.
Жалпы адам баласында рухани және материалды байлық деген бар.
Соның ішінде адамды адам етіп, ұлтты ұлт ететін – рухани байлық. Рухани
байлықтың қайнар кӛзі - ӛнерде. Соның ішінде тоқталып ӛтетініміз бұл –
бейнелеу ӛнері. Бейнелеу ӛнерінің адамға сыйлар рухани байлығы ұлан-
ғайыр. Ерте кезден бастап ата-аналарымыз осы бейнелеу ӛнеріне ӛте жақын,
сонымен бірге біте қайнасып келе жатыр десек артық айтпаспыз. Әжелеріміз
кезінде киім-кешек, үйдің іші-сыртын безендіруге керемет-керемет оюлар
ойлап тауып, аталарымыз сонау ерте заманды айтпағанда киіз үй мен ер-
тұрман, зергерлік бұйымдардың неше түрін ойлап тауып, соларды
әшекейлеуі тіптен керемет. Осы ата-бабаларымыздың ер-тұрманына,
сырмағы мен текеметіне, сандығы мен кебежесіне қарап ӛнердің нағыз ӛресі
болғанын білеміз. Алғашқы дизайнерлік шешімдердің үй тұрмысында
қолдануы біздің ұлы шеберлерімізден бастау алғанын мақтанышпен
айтуымызға болады. Қазақтың кез келген оюын алып қарасаңыз қайталанбас
керемет туынды. Бір оюы біріне ұқсамайтын қазақ халқының тӛл
туындылары. Кезінде қазақтың тума талант суретшісі Әбілхан Қастеев
атамыздан сурет салуды қайдан үйрендің дегенде – «ешкінің мүйізінен,
әжемнің киізінен, таудың жотасынан үйрендім» /1 / деген екен.
Бейнелеу ӛнері сонымен қатар ӛсіп келе жатқан жастардың ұлттық
рухының биік болуына, салт-дәстүрі мен Отанға, елге, жерге деген
махаббатын оятуына үлкен үлесі бар. Бейнелеу ӛнері арқылы жеріміздің
қандай кӛркем, қарасаң кӛз тоймастай сұлу, бай екендігін кӛреміз. Ұлтты ұлт
етіп тұрған, ең алдымен, оның менталитеті. Сол менталитет жоғалса ұлт
бейнесі, ұлт болудан қалады. Біздің жастар қазір тым еліктегіш болып
барады. Қай салада болмасын батысқа қарап бас шұлғып, табынып
жүргендер аз емес. Бұған себеп, ұлттық рухымыз бен болмысымыздың
соншалықты жалаңаштануы. Қазір Елбасымыз болашақ жастардың еліне
деген отансүйгіштік сезімін оятуды басты кезек күттірмейтін мәселе ретінде
қарауды талап етіп отыр.
Бейнелеу ӛнерi пәнiнiң негiзгi мақсаты – оқушылардың жеке
қабiлеттерiн, дүниенi және ӛнер шығармаларын бейнелi қабылдау
қабiлеттерiн дамыту; сезiмдерiнiң эмоционалдық сферасын тереңдету және
байыту; кӛркем-шығармашылық қабiлеттерiн қалыптастыру.
Мектептiң бастауыш сатысында композиция құрастыру, живопись,
графика, жапсыру және декоративтi-қолданбалы ӛнер бойынша қарапайым
бiлiктер мен дағдылардың негiзi қаланады.
92
Бүгінгі күні мемлекетіміздің ӛркениетке жету жолындағы ӛр талабына
тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық ӛзгерістер
деңгейіне кӛтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан
ӛзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық
сипаттарының бекітілуі, кӛпнұсқалық оқытуға кӛшу сияқты мәселелер
орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын
және кәсібилікті талап етеді.
Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында,
біліктілікті қалыптастыру тұрғысында шығармашылық қабілеттер басты
нысана болып, керісінше, оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы
үлкен проблема саналып, ойландыруы тиісті деп ойлаймыз. Себебі ӛмірдегі
сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдар ғана қолынан
келеді. Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасын
адамға ӛмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді. Мұндай
күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатылары болып
саналатын бастауыш мектептің орны ерекше. Баланың шығармашылық
қабілетін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен
педагогика ғылымдарында ӛте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық
әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында
болғандығын «шығармашылық теориясын» жасауға деген кӛптеген
ізденістердің болғандығынан байқауға болады. Бұл әрекеттер ӛзінің
логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан шығармашылық
педагогикасының негізгі мақсаты — бүгінгі күн талаптарынан туындаған,
озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда
тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру болып табылады.[2]
Шығармашылық — бұл адамның ӛмір шындығында ӛзін-ӛзі тануға
ұмтылуы, ізденуі. Ӛмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп,
ӛздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам
бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың ӛшуіне жол бермеу, оның рухани
күшін нығайтып, ӛмірден ӛз орнын табуға кӛмектеседі. Ӛйткені адам туынды
ғана емес, еңбек ете алатын, қолынан іс келетін жеке тұлға.
Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең
алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы ӛмірге келуі, олар
әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып,
шығармашылығын,
біліктілігін,
талантын
ұштайтындай
болып
ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден ӛз ӛміріне ӛзгеріс енгізе
алатын, ӛз бетінше ӛмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп
шығады.
Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға,
қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын
болуға әкелудің жолдарын кӛрсету керек. Шығармашылық — бүкіл
тірішіліктің кӛзі. Адам баласының сӛйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі
күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған
бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік.
93
Әр жаңа ұрпақ ӛзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп
қана қоймай, ӛз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей,
жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді /2/.
Баланың шығармашылық біліктілігін дамыту мәселесін талдау ең
алдымен «біліктілік» ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді.
«Біліктілік» ұғымы философияда, педагогикада, психологияда, әлеумет-
тануда, кәсіби білім берудің теориясы мен әдістемесінде, акмеологияда,
андрогогикада, еңбек психологиясында, т.б. гуманитарлық ғылымдарда әр
қырынан қарастырылған. «Біліктілік» ұғымы эволюциялық парадигмалық
деңгейдегі түсінік бойынша қарастырылады. Біліктілік - қызметкердің іс-
әрекетінің нақты бір түрінде күрделі еңбекті атқаруға мүмкіндік беретін
қабілетінің даму деңгейі. Біліктілік қызметкер меңгерген теориялық
біліммен, практикалық машық кӛлемімен айқындалады және қызметкердің
маңызды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдағы сипаты болып табылады.
Қазіргі кезде психологиялық-педагогикалық ғылымдарда біліктіліктің
қалыптасу мен даму процесіндегі мазмұны мен құрылымын зерттеудің
бірнеше әдістері қалыптасты: профессиографиялық; деңгейлік; міндеттік. Біз
кәсіби біліктіліктің түрлерін ажыраттық: арнайы біліктілік – ӛзінің кәсіби іс-
әрекетін жеткілікті дәрежеде меңгеру және жобалай білу; ҽлеуметтік білік-
тілік – бірлесе (топпен, кооперативпен) кәсіби іс-әрекетті атқаруды, ынты-
мақтасуды, сондай-ақ осы кәсіпке қарасты қатысымды меңгеру; жеке тұлға
біліктілігі – ӛзін кӛрсете білу мен қалыптастырудың амалдарын, жеке тұлға-
ның кәсіби деформацияларына қарсы тұру құралдарын игеру; дара біліктілік
– ӛзінің қабілетін жүзеге асыру және кәсіп аясында даралығын қалып-
тастыруға, қабілеттілігінің ӛсуге деген дайындығы, ӛзінің даралығын қалып-
тастыруға қабілеттілік, кәсіби тұрғыдан ӛз еңбегін артық уақыт пен күш
жұмсамай-ақ ұтымды ұйымдастыруға икемділігі, еңбекті қиындықсыз,
шаруасыз, тіпті, сергіту арқылы нәтижеге жеткізу. Біліктіліктің аталған түр-
лері, шын мәнінде, адамның кәсіби іс-әрекетте, кәсіби тұлға мен оның білік-
тілігінің қалыптасуындағы кемелденуін белгілейді және бір адамның бойы-
нан табыла бермеуі мүмкін. Адам ӛз мамандығы аясында ғана жетік болуы,
бірақ қарым-қатынас жасау жӛнін білмеуі, ӛзін дамыту жолындағы міндет-
терді жүзеге асыра алмауы мүмкін. «Біліктілік» сӛзі нормативтік мәнде, айта-
лық, «жұмыс жоғары біліктілікті» (педагогикалық, пилотажды т.б.) талап
етеді дейтін мәнде, сондай-ақ «бұл адам – жоғары біліктілік иесі» дегендей,
нақты адам сипаттамасы мәнінде де қолданылады. Алғашқы жайтқа байла-
нысты біліктілік қызметкерге қойылатын кәсіби іс-әрекетінің сандық және
сапалық талаптарын (мысалы, бірінші, екінші, үшінші санаттағы қызметкер
нені білу қажет) белгілейді. Біліктілік бәрінен бұрын жаңа технологиялар
мен құралдарды, алуан түрлі жаңалықтарды игеру ретінде қарастырылған
жағдайда және адам мінез-құлқының түрткілер кӛмескеленгенде, адам
ӛмірінің кәсіптік жақтарын талдауда технологиялық және технократиялық
мифтерді анықтаудың қажеттігі күшейе түседі .
Демек, бастауыш сынып оқушыларының тұлғалылығын тәрбиелеу
94
үшін, ең алдымен олардың біліктілігін дамытудың мәні зор. «Шығар-
машылық» сӛзінің тӛркіні этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге
келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол
жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сӛздікте «шығармашылық қайта-
ланбайтын тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-
әрекет», — деп түсіндіріледі. Ал кӛрнекті психолог Л.С. Выготский «шығар-
машылық деп жаңалық ашатын әрекетті атаған». Шығармашылық - ӛте
күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан тек адам-
ға ғана тән.
Қазіргі замандағы ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат:
ӛмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті,
еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Ӛмірдегі сан алуан
қиындықты шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Шығар-
машыл адамның бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқ-
ты қасиеттер мен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, заң-
дылықтарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық болу керек.
Келешек ұрпағымыздың ойдағыдай болуы қоғам мүшелерінің сайдың
тасындай сай ӛмір сүріп, еңбек етуіне байланысты. Сондықтан бұл мәселеге
білім саласында мән беріліп отырғаны бекерден бекер емес.
Демек, «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келе-
міз» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сӛзі жай айтыла салған жоқ. Еліміздің
болашағы кӛркейіп, ӛркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ
бейнесінен кӛрінеді. Осыдан барып жас ұрпақтың бойындағы іскерлік пен
біліктілігін ашу және оларды шығармашылыққа баулу туындайды. Дүние-
жүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни адамды адам
етіп, ұлтты ұлт ететін – рухани байлығының қайнар кӛзі - бейнелеу ӛнері
арқылы әр баланың табиғи қабілетін, эстетикалық талғамын, шығармашылық
біліктілігін дамыту үшін қолайлы жағдай жасай отырып, оны жан-жақты
дамыту керек. Онсыз қандай мектеп болсын, инновациялық үрдіс сатысынан
ӛтпей дамуы мүмкін емес.
1.
Амандық Т. Бейнелеу ҿнері арқылы жастардың патриоттық
сезімдерін
қалыптастыру.
http://refa.kz/load/tegin_azasha_referattar/muzyka/bejneleu_neri_ar_yly_zhastard
y_patriotty_sezimderin_alyptastyru/14-1-0-743
2.
Долдина С.А. , Ақышова Б.Т. , Мусина Н.Н. , Исахметова Э.Т. ,
Жолдыҽарина Б.Т. Петропавл қаласы, қазақ мектеп-гимназиясы. -
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру
жолдары. www.nif.ru
Резюме
В статье рассматриваются основы формирования творческих способ-
ностей у учеников начальных классов на уроках изобразительного искусства.
Summary
The article discusses the fundamentals of creative knowledge in elementary
classes in fine art.
|