Халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Международный научно-популярный журнал



Pdf көрінісі
бет29/38
Дата12.03.2017
өлшемі4,17 Mb.
#8986
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38

Рамазанова Самал Амиргалиевна
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультеті
Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы, s.ramazanova77@mail.ru
Балғай С.С. 
Философия және саясаттану факультеті, Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы
«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІНІҢ БІЛІМ МАЗМҰНЫНДАҒЫ ДӘЙЕКСӨЗДЕР АРҚЫЛЫ 
5-9 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУ
Түйін.  Мақала  өзін-өзі  тану  пәнінің  сабақ 
жоспарына  берілген  дәйексөздер  арқылы  қа-
рым-қатынас  мәдениетінің  дамуына  арналған. 
Балалардың  қарым-қатынас  мәдениетіннің  даму 
үдерісі  қарастырылған.  Пән  барысында  оқушы-
лардың бір-біріне дұрыс қарым-қатынас жасауды 
қалыптастырудың маңыздылығы көрсетілген.
Кілттік  сөздер:  «дәйексөз»,  «қарым-қаты-
нас», «қарым-қатынас мәдениеті»
Резюме. Статья посвящена на развитие куль-
туры общения через цитаты который передаёт-
ся в планах предмета самопознания. Рассмотрена 
процесс развития культуры общения детей. Пока-
зано что, хорошие отношения учеников друг другу 
важно в ходе дисциплины.
Ключевые слова: «цитата», «общения», «куль-
тура общения»
Summary.  The  article  is  dedicated  to  the 
development  of  a  culture  of  communication  through 
the guotes, which is transmitted in the plans of self-
knowledge  of  the  sub  ject.  Considered  the  process 
of  development  of  culture  of  children`s  dialogue.  It 
is shown that a good relationship with each other is 
important to students in the discipline.
Key words: «citation», «communication», «culture 
of communication»
Егеменді  еліміздің  білім  беру  жүйесінің 
әлемдік  деңгейге  жетуі  үшін  жасалынып  жатқан 
талаптар нәтижесінде 12-жылдық білім беру жүй-
есіне  көшуде  терең  білім,  ізденімпаз,  іс-әрекеті 
шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз 
болмысын  таныта  алатын  жеке  тұлғаны  қалып-
тастыру ісіне ерекше мән береді. Ал, 12 жылдық 
жалпыға  міндетті орта білім беру стандартындағы 
бастауыш  сатысының  негізгі  мақсаты-оқушының 
даралығын  ашу  және  оқу  әрекетін  игеру.  Демек, 
жас  ұрпақты  әрекет  негізінде  тәрбиелеу  талабын 
негізге ала отырып, жекебас тұлғасын тәрбиелеуде 
оқу әрекетінің мол мүмкүндіктерін тиімді пайдала-
ну жүйелі мақсатты жұмысты талап етеді.
Сондай-ақ,  Қазақстан  Республикасының  2015 
жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдама-
сында: “Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім 
алып, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, со-
лардың  негізінде  дербес  әлеуметтік  және  кәсіби 
біліктілікке-ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және 
ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі 
дүниеге лайықты өмір сүру және жұмыс істеу бо-
лып табылады”- делінген [1].
Қазақстан Республикасының білім берудегі да-
мытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекет-
тік бағдарламасында жалпы білім берудің мақсаты 
- қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, 
білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде ер-
кін  бағдарлай  білетін,  қойылған  мақсатқа  таным-
дық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше 
дұрыс, тимді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке 
тұлғаны  қалыптастыру  екендігі  көрсетілген  [2]. 
Оны жүзеге асыру – мектептерде оқушылардың қа-
рым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға септігін 
тигізетін оқу әрекетін ұйымдастырудың тәсілдерін, 
әдістері  мен  нысандарын  іздестіруге  өзекті  сипат 
береді.
Баланың  өзін-өзі  анықтауы,  қарым-қатынас 
ерекшеліктерін  меңгеруі,  басқа  балалар  ортасын-
да  абыройлы  болуы  -  үлкендермен  қарым-қаты-
нас  жасау  барысында  қалыптасады.  Басқаларға 
әсерлі  болудың  қыр-сырын  әлі  түсінбеген  бала 
оны  дөрекілікпен  немесе  ерекше  қылжыңдықпен 
көрсеткісі келеді. Дегенмен бала мінез-құлық мә-
дениетін  меңгерудің  қажеттілігін  түсінгенімен  ол 
қандай болу керегін және оны қалай дамыту керек 
екенін әлі түсіне алмағандығынан балалар көпте-
ген қателіктер жібереді. Сондықтан үйлесімді қа-
рым-қатынас мәдениетін орнатуда бірінші көмекші 
болатын пән  - өзін-өзі тану.
Қарым-қатынасты  зерттеген  ғалымдар  еңбек-
теріне сүйене отырып, оқушылардың қарым-қаты-
нас  мәдениетін,  ұғымына  төмендегідей  анықтама 
беруге болады:
Қарым- қатынас мәдениеті дегеніміз - адамдар-
дың өз мінез-құлқын басқару арқылы басқалармен 
тіл табысу және алдына қойған мақсатына жетудің 
тиімді жолын табуды айтамыз.
Қарым-қатынас  мәдениеті  қалыптасу  деңгей-
ін,  оның  сапасын  өлшеп  көрсету  өте  қиын.  Өйт-
кені  тек  қана  іскерлік,  қолданбалы,  тәжірибелік 
мәселелердің  тиімді  шешілгені  қарым-қатына-
стың  барысында  барлық  қатынасқан  субьектілері 
үшін  оң  жағдайда  жүргенін  көрсетуі  мүмкін.  Қа-
рым-қатынас мәдениеті қалыптасқан адам сыртқы 
орта  жағдайына  байланысты  өз  мінез-құлқының 
моделін жасап оны жүзеге асырады. Осы модель-

182
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
ге  көптеген  педагогикалық  көрсеткіштер  әсерін 
тигізді.  Г.  М.  Андреева,  Э.  Берн  зерттеулерінде 
келесі көрсеткіштер анықталған: адамның дүние-
танымы,  қарым-қатынас  обектісіне  көзқарасы,  өз 
құқығы мен міндеттерін түсінуі, өзін-өзі бағалауы
өзін-өзі  басқаруы,  өзін-өзі  реттей  білуі,  әдеттері, 
қарым-қатынас  тәжірибесі,  мінезі,  көңіл-күйі  т.б. 
Осы көрсеткіштерге сүйене отырып оқушылардың 
қарым-қатынас  мәдениетін  жан-жақты  зерттеуге 
болады. 
И. Ә. Әбеуова Мектепте оқу-тәрбие жұмысын 
ұйымдастыру  барысында  іскерлік  қарым-қаты-
насты  (функционалдық-рольдік)  ұйымдастыру 
арқылы  оқушылардың  бір-бірімен  тіл  табысқыш, 
ұйымшыл,  басқалардың  пікірімен  санасу  және 
сыйлау  қабілетін  қалыптастыруды  анықтаған  [3]. 
Педагог осы міндеттерді шешу үшін оқушылардың 
қарым-қатынас  мәдениетін  қалыптастыру  жолда-
рын  өзін-өзі  тану  пәнінде  дәйексөздерді  қолдану 
арқылы, мағынасын түсіне отырып қарым-қатынас 
жасау  барысында  әр  оқушының  басқаларға  және 
өзіне  ыңғайлы,  жайлы  болуына  жағдай  жасауы 
қажет.  Сондықтан  6-сынып  оқушыларының  өзін-
өзі  тану  пәніне  берілген  сабақ  тақырыптарында 
II – тарау «Қарым-қатынас мәдениеті» және 8-сы-
нып  оқулығында  «Қарым-қатынас  жарастығы» 
деген арнайы тарау берілген. Осы тарау бойынша 
арнайы  тақырыптар  ұсынылған.  Соның  ішінде 
«Кешірімділік-көңіл  кеңдігі»  тақырыбындағы  М. 
Лютердің «Сүйегі жоқ балық болмайтыны сияқты, 
кемшілігі жоқ адам да болмайды» деген дәйексөз 
берілген.  Осындай  дәйексөздерді  оқу  арқылы 
мағынасын  талдап,  өз  пікірлерімен  бөлісе  алады 
және  мағынасын  ашу  үшін  бір-бірінің  ұсынысы 
мен ойларын тыңдайды.
Әр  адамның  қарым-қатынас  мәдениеті  оның 
жеке-даралық  қасиеттеріменде  тікелей  байланы-
сты [4].
Н.  Д.  Хмель  концепциясы  құнды  саналады, 
оның ойынша «педагогикалық процесс – педагог – 
тәрбиеленушілер» жүйесінің қызмет етуі, бұл жер-
де оқушылар арасындағы өзара әрекеттесу барлық 
мәдениет  байлығын  меңгеруге,  өскелең  ұрпақты 
қоғам өміріне және еңбекке белсенді қатысуға дай-
ындауға бағытталуы тиіс.
Б.  Ф.  Ломовтың  пікірінше,  қарым-қатынас 
адамдардың субъект ретінде көрінетін  өзара әре-
кеттестігі.
В.  С.  Мухина:  қарым-қатынас  стилін  педа-
гогтың  оқушыларға  «әлеуметтік  психологиялық 
әсер  етуінің  дара  типологиялық  ерекшелігі»    деп 
анықтайды.
В. В. Кан-Калик педагогикалық қарым-қатына-
сты педагог пен оқушылардың «әлеуметтік – пси-
хологиялық өзара әрекетінің жолдары мен дағды-
лары кіретін жүйе» деп түсіндіреді.
қарым-қатынас  ерекшеліктерін  зерттеуге  кеңі-
нен пайдаланылатын әдістемелер Э. Берн жасаған 
трансактілік талдау және Дж.Морено ұсынған со-
циометриялық  талдау  болып  табылады.  Бұл  әді-
стемелерді пайдаланудың өзіне тән көптеген ерек-
шеліктері бар.
Әр  адамның  қарым-қатынас  мәдениеті  оның 
жеке-даралық  қасиеттеріменде  тікелей  байланы-
сты.  Сондықтан  оқушылардың  қарым-қатынас 
мәдениетін  зерттеуге  әлеуметтік  психологияда 
қалыптасқан  әдіс-тәсілдердің  басым  көпшілігін 
қолданумен қатар әр баланың жеке-даралық ерек-
шеліктерін анықтау керек. Осы қарым-қатынас ба-
рысында әр баланың жеке позициясы және мінез 
акцентуациясының  көрініс  беруі  т.б.  қасиеттері 
үлкен роль атқарады. Сондықтан бұл тарауды зерт-
тенушілердің  жеке-даралық  қасиеттерін  бағалау 
үшін төмендегідей әдістемелерді қолдануға бола-
ды:  Дж.  Мореноның  «Социометрия»  әдістемесі; 
Оқушылардың  жеке-даралық  қасиеттерін,  комму-
никациялық  және  ұйымдастырушылық  қабілет-
терін  зерттеуге  арналған  (КОС)  әдістеме;  Леон-
гардтың  «Мінез  акцентуациясын  зерттеу  тесті»; 
Агрессияны анықтауға арналған Басса-Дарки әді-
стемесі.
Қарым-қатынас  мәдениетін  қалыптастыру  ба-
рысында  түзету  жұмыстарын  жүргізудің  маңызы 
зор.  Топта  әр  адамның  өзін  еркін  сезінуіне  қо-
лайлы  жағдайларды  қалыптастырудың  ең  тиімді 
жолы- ойын тренингін жүргізу. Ойын адамның мі-
нез-құлқын, қабілетін, әлеуметтік өзара әрекет дағ-
дысын  дамытуда,  бейтаныс  топтармен  қарым-қа-
тынас  жасау  жолдарын  көрсетуге,  мінез-құлық 
нормаларын  меңгеруіне  т.б.  құндылықтарын 
мен  байқап,  бағамдау  таныстыру  үшін  тиімді 
әдіс-тәсілдер  жинағы  болып  табылады.  Сон-
дықтан  түзету  жұмыстарының  басым  көпшілігі 
ойын  арқылы  жүргізіледі.  Ойын  барысында  қа-
тынасушылар талап ететін тұлғаарлық қатынасты 
құру  арқылы  балалардың  жалпы  қарым-қатынас 
мәдениетін  көтеруге  мүмкіндік  туады.  Топтағы 
балалардың  бір-біріне  сенім  артып,  қарым-қаты-
настағы  кеңістіктің  маңыздылығын  жете  түсінуге 
көмек көрсетіледі және серіктестік қатынас бары-
сында кеңістікте орналасудың өзінің өте маңызды 
екенін,  оның  әсерін  түсінеді.  Мәселен:  «Мәдени-
аралық  өзара  әрекет»  тренингі,  Ситуативті-ком-
муникативті ойындар т.б осыған байланысты тре-
нингтерді жүйелеп, қолдану тиімді [5].
Қарым-қатынастың бұзылу себептерін анықтап 
оны түзету жолдарын ұсынғандар Э. Берн, Дж. Мо-
рено, Д. Карнеги. Олар әлеуметтік ортаға адамның 
икемделуіне негіз болатын себептер және фактор-
ларды анықтап, қарым-қатынас функциялары мен 
түрлерін сыныптастырып жүйеге келтірген. 
Мәселен  өзін-өзі  тану  пәніне  әуестену  –  бала 
табиғатына  тән  қасиет,  ол  баланың  көргендерін 
танып-білуге,  оған  терең  бойлауына  көмектеседі. 
Өз ортасында силасымды қарым-қатынас жасауға 
дағдыланады.  Сабақта  өз  ойын  еркін  жеткізуге, 

183
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
2.  Қазақстан  Республикасының  білім  беруді 
дамытудың  2005-2010  жылдарға  арналған  Мем-
лекеттік  бағдарламасы  //  Қазақстан  Республи-
касының  Президенті  мен  ҚР  Үкіметінің  актілер 
жинағы. 2004, №39.-516-құжат.-179 б.
3.  Әбеуова  И.Ә.  Әлеуметтік  психология  (оқу 
құралы) Алматы 2001. 57 б.
4.  Өзін-өзі  тану:  Жалпы  білім  беретін  мек-
тептің  8-сыныбына  арналған  оқулық.  /  Б.А.Әрі-
нова,  Ж.Б.  Қажығалиева,  Ж.Ж.  Әкімбаева,  Р.О. 
Ізғұттынова.  –  Өңд.,  толықт.  2-бас.  –  Алматы: 
«Бөбек» ҰҒПББСО, 2016. – 152б.
5. Әубәкірова Ж.Қ. Мектеп жасына дейінгі ба-
лалармен қарым-қатынас тренингін ұйымдасты-
рудың  психологиялық  –  педагогикалық  негіздері. 
Пс.ғ.канд.дисс.Алматы. 2001ж. 135-бет
өзгенің пікірімен келісуге және тыңдауға өзін тәр-
биелейді. Соның әсерінен қоғамда қарым-қатынас 
жасаудың мәдениетінің алар орнының ерекшелігін 
түсініп, өзін-өзі сыртқы орта арқылы тәрбиелейді.
Қорыта айтар болсақ, оқушылардың қарым-қа-
тынас мәдениеті өзін-өзі тану пәніндегі тақырып-
тарға  берілген  дәйексөздерге  тоқталар  болсақ,  ол 
баланың  ой-өрісін  дамытады,  өзгенің  жай-күйін 
түсінуге септігін тигізеді. Сондықтан дәйексөз әр 
сабақта талқыланып, тақырыптың толық ашылуы-
на жол ашатындығын ескергеніміз жөн.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.  Қазақстан  Республикасының  2015  жылға 
дейінгі  білім  беруді  дамыту  тұжырымдамасы. 
Жоба // Егемен Қазақыстан, 30 желтоқсан. 2003

184
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
Нұрғалиева Д.А.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультеті
Рамазанова С.А., 
Философия және саясаттану факультеті, Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы
Әліпбаева Д.С. 
Философия және саясаттану факультеті, Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы
ОҚУШЫЛАРДЫҢ “ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ” САБАҚТАРЫНДА ТАНЫМДЫҚ  
ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Түйін. Мақалада оқушылардың танымдық қы-
зығушылықтарын “өзін-өзі тану” тану сабақта-
рында  арттырудың  ерекшеліктері  көрсетілген.
Танымдық  қызығушылық  адамның  белсенділік, 
дербестілік  сияқты  жеке  тұлғалық  қасиеттері 
мен әрекеттестікте болады. Өйткені оның ықпа-
лында адамның өзі де дамиды және осы қасиет-
тердің дамуына да әсерін тигізеді.
Кілттік  сөздер:  таным,  танымдық  қы-
зығушылық, 
Резюме. В статье указаны особенности разви-
тия познавательных интересов учащихся на уро-
ках  “Самопознание”.  Позновательный  интерес 
взаимосвязан  с  позновательными,  личностными 
качествами  человека.  Потому  что  благодария 
этому  развивается  человек,  а  так  же  влияет  на 
развите данных качеств.
Ключевые  слова:  Познаватель,  познаватель-
ный интерес.
Summary.  In  this  article  written  peculiarities  of 
development of cognitive interests of pupils at lessons 
of  self-knowlede.  Educational  interest  interrelated 
with cognitive personal qualities the person. Thanks 
because  it  develops  people,  and  also  affects  the 
development of these qualities.
Keyworlds: Cognitiv, cognitive interest.
Оқушылардың танымдық қызығушылығы сала-
сында жарық көрген педагогикалық  зерттеулерге 
жасалған талдау мектепте жеке тұлғаның меңгер-
ген білімі оқушылардың жалпы дамуының көрсет-
кіші бола алады деп тұжырым жасауға мүмкіндік 
береді. Мұндай пайымдауға негіздер аз емес:
-танымдық қызығушылық негізгі іргелі іс-әре-
кетпен  байланысты,  өйткені  олардың  адамды  да-
мытудағы ықпалы аса зор;
-танымдық  қызығушылық  адамның  белсен-
ділік, дербестілік сияқты жеке тұлғалық қасиеттері 
мен  әрекеттестікте  болады,  өйткені  оның  ықпа-
лында  адамның  өзі  де  дамиды  және  осы  қасиет-
тердің дамуына да әсерін тигізеді
-танымдық  қызығушылық  оқушының  оқып-
білу  мақсатында  таңдаған  пәні  мен  іс-әрекеті 
мазмұнына  деген  көзқарасын  айтарлықтай  айқын 
көрсетеді. Бұл көріністен оқушының даму деңгей-
імен қатар,оның болашағы туралы да пікір айтуға 
болады.
Болашақты  жоспарлау  оқушыға  өзінің  бос 
уақытын,  әртүрлі  іс-әрекетін  өзінің  мүддесін 
(оқып-білу, сыныптан тыс, мектептен тыс іс-шара-
лар)  қанағаттандыруда  мақсаттылықпен  пайдала-
нуға көмектеседі. Сабақ пен сабақтан тыс таңдаған 
іс-әрекетіндегі  белсенділігі  танымдық  мүмкіндік-
терінің  деңгейін  және  олардың  қызығушылықты 
дамытудағы байланысын көрсетеді.
Кезінде  танымдық  қызығушылық  пен  оның 
қалыптасуы оқушылардың жалпы дамуының көр-
сеткіші деп психологтар Б.Г.Ананьев [1] пен педа-
гогтар М.А.Данилов, [2] М.Н.Скаткин,[3] т.б. атап 
көрсеткен.
Адамның  даму  үдерісі  өмір  бойы  жүзе-
ге  асады.  Оның  жасы  есейген  сайын  таным-
дық  қызығушылығы  да  толысып  жетіле  түседі. 
Әрбір  кезеңдегі  адам  жасына  тән  танымдық  қы-
зығушылықтың  өзіндік  мазмұндық  сипаты,  ерек-
шеліктері  болады.  Сол  себепті  оқушылардың  да 
танымдық  қызығушылығын  зерттеп,  зерделемей 
тұрып, толығымен жүзеге асыруға болмайды, өй-
ткені зерттеу міндеттерінің шешімі оқушылардың 
танымдық  қызығушылығының  мазмұндық  сипат-
ты өзіндік ерекшелігін білуге байланысты.
Оқушылардың  танымдық  іс-әрекетті  оқыту 
кезінде жүзеге асады. Осы жаста қарым-қытынас 
шеңбері  кеңеюінің  маңызы  артады.  Оқушылар 
бойындағы  өзгерістер  мұғалімдерден  оқу-тәрбие 
жұмысын нақты мақсатқа бағыттауды талап етеді. 
Іс-әрекеттің  жетекші  түрі-оқу.  Оқу  арқылы  олар-
дың таным үдерісі (қабылдау, зейін, ес, қиял, ой-
лау) дамиды.
Оқушылардың  қабылдауы  тұрақсыздығымен 
және  бытыраңқылығымен,  сонымен  қатар  өткір-
лігімен,  пайымдап,  әуестенумен  ерекшеленеді. 
Олар  күнделікті  жаңалықты,  қоршаған  ортадағы 
құбылыстарды қызығушылықпен қабылдайды.
Оқушылардың  зейіні  де  айтарлықтай  тұрақ-
сыз, көлемі де шектеулі болып келеді. Сондықтан 
мектептегі оқу үдерісі зейін мәдениетін тәрбиеле-
уге бағытталады. Мектеп өмірі оқушыладан ерік-
ті  зейінді,  ерік  күшін  жаттықтыруды  талап  етеді. 
Оқушылардың ерікті зейіні басқа функциялармен, 

185
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
тілімен байланысты әсіресе оқудың себеп-салдары 
мен бірге дамиды.
Оқушылардың  ойлау  қабілеті  эмоционалдық 
бейнеліктен абстрактілі ойға қарай біртіндеп дами-
ды. Олардың ой-өрісі тілмен байланысты шапшаң 
толысып  жетіледі.  Тілді  дамытуда  өзін-өзі  тану 
пәнін  пайдаланған  жөн.  Өзін-өзі  тану  пәні  адам-
ның  ойлау  қабілетін  жетілдіреді,  қиялына  қанат 
бітіріп, ойын еркін жеткізе білуге үйретеді.
Оқушылардың  танымдық  іс-әрекетінде  ес 
маңызды  орынды  алады.  Оқушылардың  есте 
сақтауы жас шамасына сәйкес біртіндеп жақсарта-
ды. Оның есте сақтауының көрнекі-бейнелі сипаты 
бар. Қызықты, түсінікті, нақты, ашық материялдар 
олардың есінде жақсы қалады. Алайда оқушылар-
дың  есте  сақтауын  дамыту  жұмысы  мұғаліммен 
үлкен күш-жігер мен еңбекті, қажет етеді [4].
Оқушының жеке басының қалыптасуы әр-түрлі 
жаңа қатынастардың (мұғалімдер, құрдастар тобы) 
іс-әрекеттің жаңа түрлерінің (оқу, қарым-қатынас) 
әсерімен, ұжымның  тұтас жүйесіне енумен  (жал-
пы мектептік, сыныптық) жүзеге асады. Осы жаста 
адамгершілік қасиеттері мен жеке бастың жағым-
ды  жақтарының  қалыптасуы  үшін  көптеген  мүм-
кіндіктер болады.
Баланың даму үдерісі өмір бойы жүріп жатады. 
Даму  үдерісінде  оқушының  таным  белсенділігі 
артады. Бірінші сынып жасындағы балалар заттар-
дың түр-түсіне, көлеміне қарап ажырата бастайды, 
олардың  құрылысын,  пайдалану  әдісін  білгісі  ке-
леді.Өмір  тіршілігіндегі  шындықты,  болмыстағы 
құбылыстар  мен  заттарды  анықтап  білуге,  адам-
заттың тарихи тәжірибесін меңгеруге талпынады. 
Балалардың  әр  нәрсені  білуге  құмартып  талапта-
нуын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, 
еліктегіш болады, әр нәрсеге зейін қояды, оларды 
олар көп нәрсені ойлайды.
Егер  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  қы-
зығушылығы  ойын  іс-әрекеті  мен  байланысты 
болып  келсе,  бастауыш  сынып  жасында  қы-
зығушылықтың  дамуы  оқу  іс-әрекетінде  жүзеге 
асырылады. 
Психологтардың  пайымдауынша,  7  жастағы 
оқушыны  мектепке  қатысты  жағдайлардың  бар-
лығы  қызықтырады:  жаңа  адамдар  (мұғалім,  сы-
нып  оқушылары,  жаңа  орын,  мектеп,  сынып), 
іс-әрекетінің жаңа түрі (оқу) және т.б.[5].
Әртүрлі жастағы оқушылардың танымдық қы-
зығушылығы  мазмұнының  өзіндік  ерекшеліктері 
-  зерттеушілер  үшін  қиыншылық  туындататын 
жай.  Өйткені,  танымдық  қызығушылықтың  қа-
лыптасуы  мен  дамуы-  жеке  бастың  дамуы  бары-
сында  жүзеге  асатын  өте  күрделі  үдеріс.  Жалпы 
алғанда қызығушылықтың қалыптасуы бала айна-
лысатын іс-әрекетке және жеке өмір тәжірибесіне 
байланысты  болады.  Бұл  жастағы  оқушылардың 
қызығушылығы  тұрақты,  бағыттылығы,  мазмұны 
жағынан әр түрлі болуы мүмкін.
Қызығушылық ерте жастан қалыптасады және 
оның  алғашқы  көрінісі  әуестік,  әуестену  түрінде 
болады. Алғашында баланы ақ, ашық түсті заттар, 
қатты  шыққан  дыбыстар,  заттардың  қозғалысы 
өзіне тартады. Бала осы тітіркендіргіштерді үзіліс-
сіз  қабылдайды  және  оларды  қайтара  қабылдауға 
тілек білдіреді. Алайда объектіге деген бұл бағыт-
тылықты  оның  эмоциялық  тартымдылығына  сәй-
кес уақытша қызығушылықтың алды деп қабылда-
уға болады.
Мәселен  өзін-өзі  тану  пәніне  әуестену  -  бала 
табиғатына  тән  қасиет,  ол  баланың  көргендерін 
танып-білуге,  оған  терең  бойлауына  көмектеседі. 
Баланың  мұндай  әуестігі  өзін-өзі  тану  сабағында 
әңгімеде  болған  оқиғаны  түсінуге,  білуге,  көру-
ге  деген  қызығушылығынан  байқалады.  Баланың 
ертегіні  немесе  аңыз  әңгімені  есту  барысында 
“қайдан?”,  “неге?”,  “бұл  не”,  “неліктен?”  және 
тағы басқа сұрақтар қоюын оларда танымдық қы-
зығушылықтың пайда болуы мен байланыстыруға 
болады. 
Оқушылардың  қойған  мұндай  сұрақтары 
белгілі  дәрежеде  әңгіме  мазмұнына  деген  та-
нымдық  көзқарасты,  білуге  деген  әуестікті  көр-
сетеді.  Дәлірек  айтқанда,  мұны  танымдық  қы-
зығушылықтың бастауы деп есептеуге болады.
Балалардың  қызығушылығы  өздігімен  дербес 
пайда  болмайды,  ол  әлеуметтік  ортаның,  ересек-
тердің ықпалымен қалыптасады.
Оқушылардың  қызығушылығы  олардың  жас 
және дербес ерекшеліктеріне байланысты болған-
дықтан,  мәселен,  оқу-тәрбие  үдерісінде  өзін-өзін 
тану пәнін пайдалануда әртүрлі жастағы балалар-
дың өздеріне тән қызығушылығы болатынын еске-
ру қажет.
Адамға  тән  қасиет:  мінез-құлықты,  қы-
зығушылық  сезімдері  іс-әрекет  барысында  дами-
ды. Іс-әрекет барында балалар әр түрлі заттардың 
қасиеттерін  байланыстыру  арқылы,  бір    шешімге 
келеді.
Балалар  үздіксіз  дамиды,  олардың  танымдық 
белсенділігі  артқан  сайын  үлгілі-өнегені  ата-ана-
сынан, мұғалімінен алады. Баланың танып-білсем 
деген ниетін қалыпты дәрежеде сақтап, танымдық 
белсенділігін  одан  әрі  күшейту  үшін  танымдық 
қызығушылығын  арттыру  маңызды.  Ал,  таным-
дық қызығушылығын оятуда өзін-өзі тану пәнінің 
рөлін жақсы білу керек, оны үйрететін – ересектер.
Балалардың  қоғамда  алатын  орны,  ересектер 
мен қарым-қатынасы, әлеуметтік өмірге араласуы, 
олардың өзіне ғана тән қызығушылығы, қабылда-
уы, ойлауы, қиялы тағыда басқа көптеген мәселе-
лер  -  ғылымның  сан  саласын  тоғыстыратын  күр-
делі әлем.
Балада  5-6  жас  шамасында  үлкендердің  әсері 
мен  мектептегі оқуға деген қызығушылық қалып-
таса  бастайды.  Баланы  мектеп  жасына  жетті  деп 
айтқанымызбен,  олар  не  нәрсені  болсада  білуге 

186
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
құмар, қызыққыш, қолмен ұстап, көзбен көргенді 
ұнатады.
Осыған  байланысты  алғаш  мектепке  келген 
күннен бастап оқушыларды не қызықтыратынын, 
олардың  танымдық  қызығушылығының,  өзіндік 
ерекшеліктері  қандай  болатынын,  сабаққа  қалай 
қызығатынын жан-жақты білудің, оқу тәрбие жұ-
мысын  дұрыс  ұйымдастырып,  жақсартудың,  оқу 
үлгерімін  арттырудың  маңызы  зор.  Бала  оқуға, 
сабақта  үлгеруге,  жалпы  білімге  қызығып  тұрса, 
оқудағы іс-әрекеті сәтті болады, білімді де сапалы 
меңгереді. Баланың оқу пәніне, тәрбие жұмысына 
қызығушылығы  болмаса,  “оқудың  да,  тәрбиенің 
де” нәтиже бермейтіні түсінікті. Сондықтан бала-
лардың жақсы оқуы, оқығанын ұғып алумен қатар, 
оларды  дұрыс  тәрбиелеуде,  адамгершілік  қасиет-
терін  қалыптастыруда  қызығушылықтың  ықпалы 
зор.
Оқушылардың оқу үдерісіндегі танымдық қы-
зығушылығы олардың интелектуалдық белсенділі-
гінен көрінеді. Бұл оқушылардың көптеген әрекет-
терінен  байқалады.  Оқушының  мұғалімге  қойған 
сұрақтары  танымдық  қызығушылықтың  бір  көр-
сеткіші болып саналады.
Интеллектуалдық белсенділіктің келесі бір көр-
сеткішіне оқушылардың өзін–өзі тану пәнін талда-
удағы  іс-әрекетке  өздігімен  еркін  қатысуға  деген 
талпынысы жатады.
Мәселен  өзін-өзі  тану  пәніндегі  оқыған  әң-
гімелерді  талқылауға  қатысты,  сұрақтар  қоюы, 
жолдастарының жауаптарын толықтырып, түзетуі, 
әңгімеден алған әсерімен бөлісуі, өзінің ой-пікірін 
білдіруі және т.б.
Оқушылардың  қызығушылығын  танытатын 
интеллектуалдық белсенділіктің көрсеткішіне жи-
нақталған  білім  мен  іскерліктер  қорын  олардың 
белсенді пайдалана білуі жатады.
Оқушының  танымдық  іс-әрекетті  эмоцио-
налдық  тұрғыда  қабылдауы  оның  танымдық  қы-
зығушылығының  бір  көрінісі  болып  табылады. 
Эмоциялық  қызығушылықтың  маңызды  саласын 
құрайды.
Оқушының  іс-әрекетін  эмоциялық  тұрғыда 
бағыттау оның танымдық қызығушылығының көр-
сеткіші болып саналады. Мұғалім өзінің бақылауы 
бойынша  танымдық  қызығушылықтың  мынадай 
эмоциялық  көріністерін  айқындай  алады:  таңы-
рқау,  ашулану,  бірге  әсерленуі,  меңгерген  білім 
мазмұнына көзқарасы. 
Оқушылардың  танымдық  қызығушылығының 
келесі  бір  көрсеткіші    болып  реттеушілік  үдерісі 
саналады, ол оқушылардың эмоциялық көңіл күй-
імен бірге, танымдық іс-әрекеті барысындағы ерек-
шеліктерден  көрінеді.  Бұл  ең  алдымен  зейіннің 
жинақталып,  тиянақты  бола  бастауынан  байқала-
ды. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін реттеуші 
механизімі білімге деген қызығушылықтың аса қа-
жеттілігін сезінуге итермелейді. Қызығушылық әр 
дәйім іс-әрекетпен айналысумен, іс-әрекетке беріл-
меуінен байланысты.
Оқушылардың танымдық қызығушылығы мы-
надай шаттарды ескергенде жетіле түседі:
 1.Оқушыларды мүмкіндігінше белсенді ойлау 
әрекетіне баулу.
  2.Оқу  үдерісінде  танымдық  қызығушылықты 
қалыптастыру  мақсатында  оқушыларды    тимді 
жолдар арқылы дамытуды ескеру.
  3.  Оқытудағы  эмоционалдық  жағдай,  оқу 
үдерісіндегі жағымды эмоциялық көзқарас.
Балалардың  танымдық  қызығушылығын  қа-
лыптастырудағы  тимді  құралдардың  бірі  өзін-
өзі  тану  пәні.  Оларда  халықтың  тыныс-тіршілігі, 
әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері, бақыт жолындағы 
күресі,  адамдардаың  өзара  қарым-қатынастары 
мен мінез-құлықтары, өз халқына ең жақсы қаси-
еттері еңбек сүйгіштігі, өз халқына, Отанға, туып-
өскен табиғатқа және т.б. деген сүйспеншілігі бей-
неленген.
  Қорыта  айтқанда,  әр  бір  жастағы  даму  саты-
сында  жеке  тұлғаның  әсерлерді  эмоционалдық 
тұрғыда  қабылдайтын  белгілі  бір  кезеңдері  бола-
ды және жеке тұлғаны  нақты бір   бағытта дамы-
туға  байланысты  қажетті  шарттар  пайда  бола-
ды.  Осы  айтылғандарды  негізге  ала  отырып,  біз 
оқушыларға  өзін-өзі  тану  сабақтары  арқылы  қы-
зығушылықты қалыптастыруда аса ыңғайлы кезең 
деп пайымдаймыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1. Ананьев Б.Г. Психология чувственного позна-
ния.-Москва., 1960.-486 с.
2. Данилов М.А. Процесс обучения в советской 
школе.-М., 1960.-299 с.
3. Скаткин М.Н. Проблемы современной педа-
гогики.-М., 1984.-352с.
4.  Мұханбетжанова  Ә.М.  Бастауыш  білімнің 
интеграциясы арқылы оқушыларда дүниенің ғылы-
ми бейнесін қалыптастырудың теориялық әдісна-
малық  негіздері:  пед.  ғыл.  Докт.автореф.:-Алма-
ты: 2000.
5.  Омарова  Р.С.  Шығармашылық  қы-
зығушылықты  қалыптастыру  технологиясы.  - 
Ақтөбе, 2007.-183 б.

187
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет