Использованная литература
1. Пиняева С. Е, Андреев И. В. Личностное и профессиональное развитие в период зрелости
// Вопросы психологии. – 1998. – № 2. – С. 31-42.
2. Пряжников Н.С. Активизирующие опросники профессионального и личностного самоо-
пределения: – М.: МОДЭК, 1997. – 80 с.
3. Митина Л.М. Учитель как личность и как профессионал: – М.: МОДЭК, 1994. – 120 с.
411
МҰҒАЛІМ КӨШБАСШЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУЫ
Тлеубай С.Т.
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қарағанды облысы бойынша
ПҚБА институты
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Аңдатпа
Мұғалімнің басқару және көшбасшылық әрекетінің қалай қалыптасатындығы жайлы баяндалған.
Аннотация
В данной статье рассмотрены подходы формирования деятельности учителя по развитию навыков управле-
ния и лидерства.
Abstract
This article is considered approaches of the formation of teacher to develop the skills of management and leadership.
Мұғалім – ол көшбасшы. Жаңа қоғам мұғалімі – рухани бай, әлеуметтік жетілген, шығармашыл
тұлға. Өз ісінің маманы, педагогикалық әдіс-тәсілдердің хас шебері. әрдайым жеке бас дамуына
ұмтылатын, болып жатқан заман талабына тез бейімделе алатын жаңа қоғамның дара тұлғасы болу
керек. Себебі мұғалім жаңаша ойлайтын, жоғары білімді шығармашыл тұлғаның қалыптасуы мен
дамуына жауапты.
Бүгінгі таңдағы білім беру жүйесі ұстаздардан, мамандардан кәсіби біліктілік, икемділік пен
ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру
жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Заман талабы шығармашыл, озық ойлы, жаңа форматтағы
көшбасшы ұстаз болу. Бұл педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының үшінші
(негізгі) деңгей бағдарламасын зерделеу және меңгеруге көмектесетін негізгі материал болып та-
былады. Аталған Бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп,
соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни
пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын көшбасшы
оқушы ретінде қалыптастыруын қамтиды. Бағдарламада көрсетілген тақырыпты ашуда мұғалім
оқушылардың білім деңгейін, қабілетін ескеріп, шәкірттерінің санасына жететіндей әдіс тәсілдерді
пайдалану кезек күттірмейтін мәселе. Ол үшін дарынымен ерекшеленіп тұрған балаларға, неғұрлым
жайлы орта жасайтын және әр баланың даму мүмкіндігінің оқыту жүйесін құруға негіз бола-
тын тиімді әдіс-тәсілдерді басты тірек етіп алу керек. «Баланы білім, ақиқат, ереже мен формула-
лар қоймасына айналдырмайтын, оны ойлауға үйрететін» технологияны таңдап алу мектеп пен
мұғалімнің құзіретінде, кәсіби шеберлігіңде. Жаңа әдістерді, яғни ең тиімді тәсілдерді пайдалану
нәтижесінде оқушының өздігінен оқып, түйінді мәселелерді іріктеп алуы, өзіне деген сенімділігінінің
қалыптасуы, оқуға деген қызығушылығының артуы, сұрақ қойып, сұрақтарға жауап бере алуы,
мәселенің ең негізгі түйінін табуға машықтануы, ақпаратты саралауға, жүйелеуге дағдылануы
қамтамсыз етіледі. Міне, үшініші деңгейлі курстың тыңдаушыларынада қойылатын міндет пен
талап осы. Үшінші деңгейлі курс негізі – жеті модульмен қамтылған. Олар: оқыту мен оқудағы
жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен
оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, талантты және дарынды бала-
ларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытуды басқару және
көшбасшылық [1, 11-б]. Жалпы осы әдістерді қолдануда оқушы мақсат қоюға үйренсе, бұрынғы
алған білімді реттей отырып жаңа ақпаратты игеруге машықтанады, алған білімді салыстырады, са-
ралайды, қорытынды жасайды, топта бірігіп жұмыс жасайды, бір-бірімен тіл табысады, бір келісімге
келеді. Мұғалім үшінде өте тиімді оқушы мен мұғалім арасында кең дәрежеде сыйластық болады,
оқыту процесіне толық оқушыларды қамтуға мүмкіндік болады, жеке оқушының шығармашылық
қабілетін ашуға, алға жетелеуге болады. Оқушы тапсырмаларды біріге отырып шешуіне, біріне –
бірі ұғындыру арқылы игерілсе, енді бір тапсырмада бірлесе отырып шешіп, бір келісімге келіп,
өзіндік ой мен пікір қалыптастыруға мүмкіндік туғызса, ендігі кезекте жеке жұмыс жасап, оны топ
оқушыларын ұғындыру мен жауапкершілік, болжау, шешім қабылдау, жаңа материалды, жаңа
оқуды шығармашылық ізденіспен ұштастыра үйлестіре алатын, өзін-өзі бағалау, өзгені бағалау
сияқты, өзіндік өмірлік нәтижесіне жауапкершілік сезімі мен көшбасшылығы қалыптасады.
Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді
іске асыра білу дағдысы» – деп бекер айтпаған. Білім мен ғылымның еліміздің дамуына әсер етуі үшін
412
оқыту мен оқуды одан әрі жетілдіру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туын-
дауда. Бұл міндеттерді шешу үшін әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтармен
қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа қарым – қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын
сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық
құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде. Қазіргі таңдағы білім беру – өсіп келе
жатқан ұрпақтың ақыл-ойы мен дамуының, мәдениетінің деңгейін анықтаушы фактор. Бұл – ерекше
жаңалық, заманауи талаптарына сай елеулі бетбұрыс. Жаңа ғасырда білім беру жүйесіне де жаңа
тәжірибелер енгізу керек. Сонда ғана болашақта нәтижелі жұмыс атқарамыз. Сондықтан еліміздің
өркендеуі, дамуы болашақ ұрпақтың еншісінде. Мұғалім ең алдымен оқушыға өзін-өзі дамыту мен
көшбасшылық қабілетін қалыптастыруға ат салысу керек. Өйткені бұл тұлғаны ұлттық және әлемдік
мәдениетке үйлесуге апаратын жол. Бүкіл дүниежүзіндегі болып жатқан осындай құндылықтардың
өзгеруі жаңа ғасырға жас ұрпақты дайындау міндетімен байланысты. Қазіргі уақытта мұғалімдердің
біліктілігін арттыру курстары бұрынғы пән бойынша өтетін курстардан өзгеше, себебі Кембридж
университетінің білім берудегі тәсілінің теориялық негіздеріне сүйене отырып, біз қазір орта
білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген, білім беру әдістемелері арасында
теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған жеті модуль аясында оқытып жатырмыз. Аталмыш
модульдерді осы уақытқа дейін қолданып келсек те, оны даралап, саралап көрмеппіз. Ал, Кембридж
университетінің бағдарламасына сай біз бұл модульдерді зерделеудеміз. Курс арқылы сындар-
лы оқыту теориясымен танысып, оқушылардың ойлауын дамыту, оқушының пәнді терең түсіну
қабілетін, алған білімдерін кез-келген жағдайда жағдаяттан шығуда қолдануға мүмкіндік жасау ке-
рек екендігін түсіндік. Жалпы бұл бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін
жақсы түсіне білу жөнінде міндеттеме қойып отыр. Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің
оқушының тақырыпты өз бетімен меңгеріп, түсініп, бағалай алуы болып табылады [4, 1-апта 4-күн].
Осы орайда Шульманның «Мұғалімнің үш көмекшісі» деп аталған қасиеттерін мұғалім өз бойы-
на сіңірсе, нағыз құзіретті мұғалім болатынына кәміл сенемін. Себебі, «бас, қол, жүрек»-құзырлы
мұғалімге тән белгілер болып табылады. [1, 6-б]. Яғни табысты оқыту мен сапалы оқыту тікелей
мұғалімнің қолында. «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-мұғалім»-
демекші біз әрдайым ізденісте, оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, оның ішкі уәжін оятып,
сындарлы білім беріп, еңбегіміз осы шәкірттерімізден көшбасшылық көрініп жатса, үмітіміздің
ақталғаны деп білеміз. Ұстазға рухани қуат керек болса, сол қуатты шәкірттерімізден аламыз. Осы
орайда, білім мен ғылымның еліміздің дамуына әсер етуі үшін оқыту мен оқуды одан әрі жетілдіру,
оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындауда. Бұл міндеттерді шешу үшін
әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтармен қайта құру, өзгерістерге батыл
жол ашарлық жаңа қарым – қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Сондықтан мұғалім жаңалық жар-
шысы, яғни білім берудегі көшбасшы ретінде оқытудың тиімді тәсілдері мен озық тәжірибелерді
сараптап білімін жетілдіріп отыруы керек. Қазақтың кемеңгер ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Елді
түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» деген болатын. Сондықтан да, елімізде қазіргі кезде
білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру деңгейіне жетуге ат салысуда. Жасалынып
жатқан игі істер мектеп оқушыларының ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктерін өмірдің
жаңа жағдайына пайдалана білуге үйрету қажеттілігін туғызады. Ол үшін мұғалім қазіргі білім беру
саласында оқытудың жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, «жаңа форматты» көшбасшы
мұғалім болуы мүмкін емес. «Бүгінгі күннің көшбасшы мұғалімі қандай болу керек?» деген сұраққа
жауап іздеп көретін болсақ, білім берудің ұлттық модуліне көшкен қазіргі мектепке:ойшыл,
зертеуші, практикалық үйлестіруді шебер меңгерген, психология-педагогикалық диагностика қоя
білетін,мұғалім қажет.
Көшбасшы мұғалім – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамытушы. Инновациялық
білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Осы
Кембридждік бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне
білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Сындарлы оқытудың маңызды факторы – мұғалімнің
оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады.
Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің
оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында көшбасшы
мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Бұрынғы оқушы тыңдаушы, орындаушы
болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.
Осындай тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа тәсілдері қажет. Бұл курс барысында мұғалімдер
біліктілікті арттырудың мән-жайына қанығып, соңғы заманауи әдіс-тәсілдерді басшылыққа алады.
Бағдарламаның негізгі міндеті – мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға
көмектесу. Сондықтан білім беру мен оқытудың қазіргі замаңдағы әдістері мұғалімнің күнделікті
тәжірибесі және кәсіби мәнмәтінімен өзара байланыста қарастырылады. Осы тұрғыда сыни тұрғыдан
413
ойлау әдісін қолдану мұғалімге көп көмегін тигізері анық. Сабақ барысында оқушылардың сыни
тұрғыдан ойлау қабілеттерін жетілдіруге, еркін ойлауға, байқалған, баяндалған мазмұнынан тәуелсіз
пайымдамалар жасауға мүмкіндік береді, шығармашылық белсенділігі жоғарлайды, ұжымдық
ойласу мен тұжырымдамалар жасауға белсене атсалысу барысында басқару мен көшбасшылық
икемділігі қалыптасады. Ұжымдық қорытындыда өз үлесі бар екенін сезініп қуаттана марқаяды,
келесі мәселелер түйініне еркін араласады, өз ойын жасқанбай айтуға үйренеді. Бұл әдіс бойынша
оқушы мұғалімнің бағыттауымен өз бетімен білімді игеруге, өзара ынтымақтастық қатынас құра
отырып, бірін-бірі оқытуға тәрбиелейді. Бағдарламаны тиімді қолдану нәтижесінде оқушылардың
өзін-өзі бағалау, сөйлеу, тыңдау қабілеттері артатыны анық. Ал, сыни тұрғыдан ойлау бақылаудың,
тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға
және синтездеуге бағытталған. [3, 29-б]. Ал бұл өз кезегінде оқушының жекелеген мүмкіндіктері мен
қабілеттерін ашуға бағытталатындығын өз тәжірибемде байқалады. Зерттеулер нәтижесі бойынша,
балаларды диалог пен дәйектер, талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуы
тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болады. Қажетті дағдылармен және қасиеттермен
қаруландыру – көшбасшы мұғалім үшін ынталандырушы күш болып табылады. Күнделікті оқыту
процесінде оқушы өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйренетінін байқаймыз. Оқушылар
алған ақпараттарын, ойларын, өз сөздерімен айта алуға үйренеді. Ал, біз меңгертіп жатқан сындар-
лы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан
тыс жерде, кез-келген жағдайда көшбасшы бола отырып, тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Ал, ол үшін алдымен, мұғалімде көшбасшылық сенімділігі болуы керек, сенім – оның көзқарасын,
шешім қабылдауын және іс-әрекетін нығайтады.
Сапалы оқыту – мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс бо-
лып табылады, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзеге асырылады.
Мұғалім тұлғасының дамуына, қабілетінің артып, көшбасшы болуына бағдарлама идеяларының
ерекше ықпал ететіні сөзсіз.
Тренер ретінде өз іс-тәжірибеме енгізген өзгерістерді қорытындылай келе оқытуда осындай
жаңа әдіс-тәсілдерді, тиімді өзгерістерді қолданғанда келесі мәселелер шешіледі деген ойдамын:
балалардың дарындылығын, немесе қызығатын бағытын анықтай отырып, қалай оқу керектігін
тиімді тәсілдермен үйрету, кез-келген мазмұнды әр қырынан терең талдау, сыни ойлана отырып
дұрыс болжам жасау, бір-бірінің пікірін тыңдауға және өз ойларын дәлелдей білуге үйрету және
үйрену. Кембридждік бағдарлама еліміздегі мектептердегі оқыту үдерісінің мазмұндық болмысын
жаңа әдіснамалық тұрғыдан өзгертудің жолдарын үйретеді және ол өзгеріс бірінші өзімізден бастал-
ды деп санаймын. Бұл ІІІ деңгейлі курстың осыған дейінгі басқа курстардан өзгешелігі де осында.
Ендеше, оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына бағдарлама идеяларының ерекше ықпал
ететіні сөзсіз және оқыту мен оқудың әрбір жаңа әдіс – тәсілінің ұстаздар үшін маңызы өте зор.
Я.А.Коменскийдің «Сен ешбір жаңа нәрсе меңгермеген және өзіңнің біліміңе ештеңе қоспаған осы-
нау күнді немесе сағатты бақытсыз сана» деген нақылы мен Филлердің «Бойыңда білімің бар екен,
одан басқаларға өз шырақтарын жағып алардай жағдай туғыз» деген қағидаларын бүгінгі күннің
жаңашыл, жаңа форматты мұғалімдеріне арналған қағида екені сөзсіз. Мұғалім – мектептің негізін
қалаушы, ал мұғалімнің рухани ішкі жан – дүниесі өзгерген кезден бастап, мектеп те түгелдей өзгеріске
енетіні сөзсіз. Ал мектепте, сабақта көшбасшы мұғалім жүрген жерінде кез-келген жаңалықты біліп,
бірінші өзі үйреніп алуға тырысады. Мұндай көшбасшы мұғалімдер ұжымдағы өз командаларын
әрқа¬шан өзі жаттықтырып отырады және өзінен де басқа көшбасшыларды даярлап, олармен өз
тәжірибесін бөлісіп отырады. Көшбасшының іс-әрекетіне қарап, ұжым жұмыс жасауға ынталанып,
өз міндеттерін үлкен қызығу¬шылықпен орындайды және бір-бірімен ой бөлісіп отырады.
Мұғалімнің құзыреттілігі оның көшбасшылығынан байқалады. Өзінің әріптестері мен
айналасындағыларға әсер ету үшін белсенділігі, білімділігі, оқушыларын талапқа сай оқытуы оның
кәсіби өсуі болып табылады. «Мен неге өзгеруім керек?» деген сұрақты қоғам талабы ретінде қарап,
бағдарламаның тамаша идеяларын таратуға үнемі өзін-өзі дамытып отыруға тиіс. Осы деңгейлік курс
өткізу барысында мұғалімдер ұстанымының өзгеріп, шешім қабылдауда өзіне деген сенімдерінің
артқаны байқалады. Өздеріне деген сенімі олардың іс-әрекеттерін нығайтады. Курс сабақтарынан
кейінгі рефлексияларда өзгеруге деген ұмтылыстары айқын сезіледі. Сондықтан да үшінші деңгейлі
курстың мұғалім тұлғасының дамуына ықпалы зор болып отыр.
Мұғалім мен оқушы көшбасшылығы – мұғалім жеті модульді тиімді пайдаланып, нәтижеге қол
жеткізе алса – мұғалімнің көшбасшылығы, ал оқушыларда топқа бөлінгеннен кейін-ақ көшбасшы
көрінеді, топта айрықша белсенділік танытқан оқушы-көшбасшы, ол әдетте басқа оқушыға барын-
ша көмектесіп, соған жауап бергізуге тырысады, өйткені ол өзін емес, сыныптастары мен топты алға
сүйрейді. Сөзімді қорытындылай отырып, мұғалімдер қауымына ең алдымен сенім – қабілетіңізді,
күш-жігеріңізді, бағалай біліңіздер дегім келеді.
414
Әдебиеттер тізімі
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей, үшінші басылым.
2. Тренерге арналған нұсқаулық. Үшінші негізгі деңгей.
3. Мерсейтова С. Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде. Қарағанды, 2011.
4. Құндылықтар, ұстаным және тәжірибедегі іс-әрекет, Таратпа материал 1-апта, 4-күн.
МҰҒАЛІМНІҢ ҮЗДІКСІЗ КӘСІБИ ДАМУЫ –
ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ ӨРКЕНДЕУІ
Тоқбаева А.Е.
Физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік
Тараз қаласы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Аңдатпа
Бұл мақалада автор өзінің кәсіби өсу жолдары жайлы жазған. Мұғалімдік қызметіндегі іс-тәжірибесі, одан
түйген ойлары туралы айтады. Мұғалімнің үздіксіз кәсіби өсуінің ел болашағының дамуына қосып жатқан үлесі
екенін қорытындылайды.
Аннотация
В статье автор пишет о практике своего профессионального роста. Учитель размышляет о своей профессио-
нальной деятельности, о результатах своего труда. Делает вывод, что профессиональный рост учителя – это
вклад в развитие будущего страны.
Abstract
In this article, the author writes about the practice of their professional growth. The teacher reflects on his career and the
results of their work. Teacher professional development is an investment in the future development of the country.
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»
Н.Ә. Назарбаев
Қазіргі қоғамда болып жатқан терең әлеуметтік өзгерістер білім беруді дамытуға жаңаша
көзқараспен қарауды, педагогикалық ғылым әдістемелері мен парадигмасын өзгертуді талап
етеді. Осындай өзгерген әдістерді мектеп өміріне енгізетін де, мектепті жақсартатын да негізгі тетік
– қабілетті мұғалім. Бауыржан Момышұлының сөзімен айтсақ, мұғалім «болашақтың баласын
да, данасын да, ғылымын да өсіреді». Сондықтан, қазіргі қоғам болашағының данасын өсіру үшін
мұғалімнің өзі де дәстүрлі сабақ беру әдістерін өзгертіп, жаңа формацияның мұғалімі болуға жан-
жақты бетбұрыс жасауы керек.
Жаңа формацияның мұғалімі деген кім? Жаңа формацияның мұғалімі – жаңа заманға сай өзгерген
мұғалім. Қазақстан Республикасының білім беру Тұжырымдамасында: «Жаңа формацияның
мұғалімі – кәсіптік дағды мен педагогикалық дарыны қалыптасқан, жаңалыққа жаны құмар, рухани
дүниесі бай, шығармашылықпен жұмыс істейтін тұлға», – деп нақтыланып көрсетілген [1]. Ал жаңа
формация мұғалімін қалыптастыруға қойылатын негізігі талап – жаңа технологияларды меңгеру
болғандықтан, жаңа формация мұғалімі кәсіби шеберлік пен бірнеше құзіреттілік түрін игеруге
міндетті.
Ал жаңа формацияның мұғалімдері жұмыс істейтін, Кембридж тәсілінің теориялық негіздері
саналатын сындарлы оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы қандай?
Дәстүрлі оқытудың сипаты:
1. Білімнің дайын күйінде берілуі;
2. Мұғалім түсініктемесінің көп болуы;
3. Оқушыға алған білімін өмірде іске асырушы субъект емес, «тірі энциклопедия» ретіндегі
көзқарастың қалыптасып қалуы.
Ал сындарлы оқытуда мұғалімнің оқушыға деген көзқарасы өзгеріп, білімді оқушылардың бой-
ында өздері қалыптастыруларына көмектеседі.
Жақсы мұғалімнің қасиеттері – өз жұмысын жүйелі жолға қоя білетін, оқушының жан дүниесін
түсіне білетін, өз сабағына жауапкершілікпен қарайтын, жан-жақты білімді, жаңалыққа жаны құмар
жан. Ондай мұғалім – шәкірт жүрегінің алауын жағушы. Сабақты мұғалім қандай психологиялық
415
ахуалмен бастаса, сабақ бастан-аяқ солай өтеді. Сыныпқа кіргендегі психологиялық ахуал міндетті
түрде баланың көңіл-күйін сұраудан басталуы керек. Шаттықпен, белсенділікпен, жылулықпен,
жақсы көңіл-күймен басталған сабақ жүректен-жүрекке тез жетеді. Сол арқылы білімге қарай жол
ашылады.
«Мен мұғалім ретінде қандай әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы баланың бойында білім
қалыптастыра аламын?» деген сұраққа көп жауап іздедім. М.Жұмабаевтың «Педагогика» [2] еңбегін
қайта парақтап, М.Монтессори педагогикасына [3] да үңілдім. С.Мирсеитованың [4] сын тұрғысынан
ойлау туралы еңбектерін де қарап шықтым.
Сабақ барысында оқушылардың іс-әрекеттеріне бақылау, талдау жасау арқылы, жауаптарын
тыңдай отырып, өзімше ой қорыттым. Мен өзімнің мектептегі іс-тәжірибемнің барысында сындарлы
оқытудың табысты оқуға ықпалы мол екендігін байқадым. Өткізген сабақтарымның нәтижесінде:
1. Баламен санасу арқылы сабақтың мақсатын қоя білуді үйрендім.
2. Бәрінен жаманы – өзіндік бағаның төмен болуы. Сондықтан «әркімнің өз даусы бар» деген
қағиданы оқушылардың түсінуіне көмектестім.
3. Сөйлеудегі кедергіні жеңу – ең басты проблема! Сондықтан оқушының өз – өзіне сенімділігін
арттырып, топта өз ойын еркін айта білуіне мүмкіндіктер бере алдым.
4. Баланы ынталандыра отырып, өз бетінше әрекет жасауға бейімдедім.
Мен сабақтағы өз іс-әрекеттерімді саралай келе, мынадай қорытынды ой түйдім:
1. Мұғалімнің құндылығы – топта жұмыс істей білу, тыңдай білу, тәжірибе алмасу.
2. Мұғалімнің ұстанымы – оқушының құндылығын ескере отырып, сабақ беруді жақсарту
тәсілдерін табу.
3. Негізгі қағида – баланың білетінінен басқа, онымен санаса отырып, білім беру!
Мен өзімнің сабақ беру стилімнің өзгергені арқылы оқушылардың бойынан да өзгерістерді
байқадым. Оқушының сұрағына «сұрақпен жауап беру» дағдысы бойымда қалыптасты; мен сабақ
беретін сыныптардағы оқушылардың да бір-бірінің сұрағына сұрақпен жауап қатып жатқанын
байқадым. Бұндай жағдай оқушылардың бойында да сыни көзқарастың, креативті ойлаудың
қалыптаса бастағанын аңғартты. Оқушылар жаңа білім мен идеяны өздері қалыптастырып, табы-
сты оқудың алғашқы қадамдарын жасады. Өзара бағалау және өзін-өзі бағалау арқылы оқушылар
өздерінің іс-әрекеттеріне сын көзбен қараудың «әліппесін» түсінді. Тілдегі, сөйлеудегі проблемалар,
сәтсіздіктен қорқыныш, қарым-қатынас жасаудағы эмоцияларын басқара білмеу сияқты оқудағы
кедергілерді жеңудің жаңаша жолдарын тапты.
Біз, жаңа формацияның мұғалімі, дұрыс бағытқа жетелейтін дұрыс сұрақтарды қою арқылы
оқушының дұрыс жауап іздеуіне бағыт-бағдар берушіміз. Сондықтан оқушыны оқуға ынталандыру,
өзін-өзі сыйлау сезімін дамыту арқылы өздігінен ақпарат іздеп, өздігінен оқуға үйретуіміз керек.
Не себепті өзіндік оқып, үйрену туралы ойлану керек? Өйкені қазіргі білім саласындағы оқыту
үдерісі соны талап етіп отыр. Ал ақпараттар ағыны көп заманда өзіндік оқып, үйрену қалай жүзеге
аспақ? Әрине мұғалімнің бағыт – бағдар беруші ретіндегі тапсырмалар мен ойланту сұрақтарын қоя
білуіне байланысты.
Мен өз сабақтарымда сұрақтар мен тапсырмаларды жеңілден күрделіге қарай қоя отырып, оқыту
процесін жандандыруға талпыныс жасадым.
Бұл орайда Блум таксономиясын пайдалану өте қолайлы. Мұғалім сыныпта оқушыларға білімді
қалыптастыруға көмектеседі. Білімді оқушылардың өздері мұғалім ұсынған тапсырмалар барысын-
да қалыптастырады. Себебі мұғалімнің көп сөйлеген сөздеріне кей оқушылар мән бермеуі мүмкін.
Өздері қолмен жасап, нәтижесін көрген уақытта оқушының оқуға деген ішкі уәжі артады. Конфуций:
«Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын, өзіме жасатсаң – үйренемін»
деген. Конфуций айтпақшы, бала өзі жасағанда ғана жақсы түсінеді, есте сақтайды. Ал мұғалім
толықтырады, ойларды ашады. Бұрынғы дәстүрлі сабақтардың жүйесі оқушыға білімді тек жаттан-
ды түрде ғана беріп, өзіндік ойлауды дамытуға, алған білімді өмірде іске асыра білуіне көп септігі тие
бермейтін. Сондықтан болашақтың баласын оқыту үшін, болашақ қоғамның адамын дамыту үшін
мұғалімнің өзі де өзгеріп, дамуы керек. Өмір бойы білім алу идеясы осы мәселелерге байланысты
айтылса керек.
Сонда мұғалім өз жұмысының тиімділігін қалай көре алады? Әрине, оқушылардан алынған кері
байланыс арқылы деп айтсақ болады. Ал мен үшін сабағымның тиімді болған тұстарын кері байланыс
арқылы болжау жеткіліксіз болды. Сондықтан мен «Мақсаты айқындалған, бірін-бірі толықтырып
отыратын, оқушылардың білімді қаншалықты меңгергені нақты көрінетін, оқушылардың сөздік
қорын, сөз қолданыстарын тексере алатындай тапсырмаларды қалай құрастыруға болады?» деген
сұрақ төңірегінде ойлана бастадым.
Соның бір дәлелі өзім «Шығармашылық жұмыс» атаған бақылау жұмысы болды. Бұл жұмыс «Тіл
дамыту» жұмыстарының негізінде түрлендірілген тапсырма болды. Мақсатым: оқушылардың ойлау
деңгейі мен сөздік қорын, тіл байлығын, сөз қолданысын, сауаттылығын, тыныс белгілерін өздігінше
416
дұрыс қоя білулерін тексеру болды. Бұл жұмысты мен 80 минуттық сабаққа арнадым. Оқушыларға
табиғаттың небір әсем келбетінен 12 слайдты суреттер ұсынылды. Әр сурет бойынша оқушылар
сөйлем құрау керек. Алғашқы 40 минутта оқушылар жазып үлгерді де, мен үзіліс кезінде көзбен
шолып шығып, мазмұнына қолпаштау ретінде «тамаша», «керемет», «өте жақсы», «жақсы» деген
бағалауларды жаздым. Екінші 40 минутта оқушылар өздерінің сөйлемдерін сөйлем мүшелеріне тал-
дады, тыныс белгілерін қойды.
Мен осы шығармашылық жұмысты жасату барысында кей оқушылардың 12 суретті де бір-
бірімен байланыстырып, тұтас мәтін құрған жұмыстарын да көрдім. Оқушы қиялына ерік беріп,
тіл байлығы мен ой-өрісін бағалауға мүмкіндік алдым. Ал кей оқушылардың күнделікті сабақта
белсенді болып отырғанымен, тіл байлықтарының аздығы да осы жұмысты орындауда көрінді.
Осылайша оқушылардың білімін кешенді түрде бағалауға болады деген қорытындыға келдім. Ол
қорытындымның теріс емес екендігін диктант, эссе, ойтолғау жазғызу барысы да дәлелдеп берді.
Ендігі кезекте мен дәстүрлі жазба жұмысынан заманға сай жазба жұмысын қалай орындатсам
екен деген оймен, «Оқушыларды заманға сай қалай оқытуымыз керек?» деген сұраққа жауап іздедім.
Қазіргі заман – ақпараттық технологиялардың дамыған заманы. Ақпараттық – коммуникативтік тех-
нологияларды пайдалану заман талабы болғандықтан, оған басты назар аударуымыз қажет. Жаңа
ақпараттық технологияларды білім беру үрісінде қолдану біршама жетістіктерге апаратыны анық.
Менің осы саладағы басты мақсатым – ақпараттық-коммуникативтік технологияларды жетік меңгеру
және оқушыларға меңгерту болды. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану мұғалімге
де оқушыға да қолайлы екенін білеміз. Сабақта теория мен практиканы ұштастырамыз. Бұл екеуі
бір-бірімен өзара тығыз байланыста болады. Тәжірибелік жұмыс жасау барысында бала теориялық
білімін шыңдайды. Сондықтан да сабақта АКТ пайдалану қажеттілігі туындайды. Мультимедиа
құралдары арқылы бала жанды дауытарды естіп, бейнефильмдерді көреді, есту және көру арқылы
берілетін ақпараттың мол ағынын бойына сіңіреді [5].
Мен ресми стиль жайлы өткен сабағымда компьютерді қолдану арқылы өтініш, түсініктеме, қатынас
қағазы сияқты құжаттарды оқушылардың өзіне жасаттым. Мақсатым: оқушылардың қазақ тілінде
құжаттарды дұрыс рәсімдей білуге үйрету. Оқушылар электрондық пошталары арқылы тіркелген
файлды менің поштама жіберді, сол келген хаттар интерактивті тақтада көрсетілді. Параметрлерін
қою, азат жолдарын автоматты түрде қою, кестенің шеткі сызықтарын көрсетпей қалай қою керек де-
ген сияқты жұмыстарды көрсеттім. Оқушылар өздерінің жұмыстарын интерактивті тақтадан тезірек
көруге асықты. Мен сол сабағымда екі мұғалімнің рөлін атқардым десем, артық айтқандық болмас.
Пәнаралық байланыс информатикамен болды.
Мен әдебиет сабағында да компьютерді тиімді пайдаланамын. Ақпараттық-коммуникативтік
технологияны қолдану дағдыларын арттыру үшін әрі сыни ойлауларын, салыстыруларын
қалыптастыру үшін салыстыру слайдтарын жасау туралы тапсырма бердім. Мақсатым: адамзаттық
проблемалардың жалпы әдебиеттегі көріністерін салыстыру, қазақ әдебиетінің әлем әдебиетімен
байланысын түсіндіру. Оқушыларға берілген тапсырма: интернет арқылы Эзоп, Крылов мысал-
дарын тауып, олардың Ыбырай, Абай, Ахмет шығармаларымен үндес болуының себебін анықтау.
Осы жұмыстың қорытындысын 3 слайд түрінде беру. Оқушылар өздерінің дайын жұмыстарын
интерактивті тақтадан көрсетуге қызықты әрі асықты. Осы жұмыстың барысында оқушылар көптеген
қиындықтарға кездесті, оның көбі АКТ-ны тиісті дәрежеде меңгермегендіктерінде болды. Мен ондай
оқушылардың жандарына барып, көмектестім. Бұл ретте мен информатика пәнінің мұғалімі ретінде
де оқушыларға көмекке келдім. АКТ құралдарын қолданудағы қазақша сауаттылықтарын артты-
ру – заман талабы екенін түсіндім. Мен компьютердің тілін өзім де жетік меңгеруіммен қатар озық
бағдарламаларын да білуім керек деп шештім. Менің алдымда өзімді дамытудың жаңа жоспарла-
ры пайда болды. Егер мен кәсіби құзіреттілігімді үздіксіз арттырып отырсам, заманға сай оқушыны
тәрбиелей аламын, ал заманға сай оқушы – елдің болашағы.
Әр мұғалім білім беру саласында қоғамның дамуының басты айғағы болып саналатын ақпараттық
– коммуникативтік технологияларды ұтқыр қолдана білсе, сабақтың дамытушылық сипаты да тиімді
болатындығы сөзсіз.
Зерттеуші ғалым Джон Хэтти де оқыту өнері және оның басты табыстары «бұдан әрі не бола-
ды» дегенмен байланысты деп атап көрсеткен екен (Көзге көрінетін оқу. Джон Хэтти (2009)). Мен
оқушылардың оқыту мен оқу барысындағы әрекеттерін бақылай отырып, жаңадан жаңаны тапқан
әрбір сабақтарым арқылы оқыту өнерінің қыры мен сырын өзіме жаңалық ретінде аша алатыныма
және оқытуда табыстарға жететініме сенімді болдым.
Мен өз тәжірибемді жинақтап, ғылыми негізделген түрде тиімді әдіске айналдырып, болашақта
көпшілікке әдістемелік құрал ретінде ұсынғым келеді. Осы жолда мен үздіксіз ізденемін. Өйткені біз
қарқынды дамып келе жатқан еліміздің болашағына қызмет ететін адамдарды тәрбиелеушіміз. Сол
үшін мұғалімнің кәсіби жетілу жолында үздіксіз ізденуі – ел болашағын өркендетуге қосып жатқан
үлесі деп есептеймін.
417
Достарыңызбен бөлісу: |