Әдебиеттер тізімі
1. «Білім және инновация журналы» 2011 ж. №6, 5-б.
2. «Қазақстан -2050 қалыптасқан мемлекеттің жаңа стратегиясы» 2013 ж. ақпан, ҚР Президентінің
Жолдауы.
3. «Жаңарған Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» 2012 ж., қаңтар.
КӘСІБИ ДАМУДАҒЫ ЖАҢА БАҒЫТ: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘРЕКЕТТІ
ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ ҚҰРУ
Қайнетова Г. Қ.
БАҰО «Өрлеу» АҚ «СҚО бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру
институты» филиалы
Петропавл қаласы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Аңдатпа
Мақалада мұғалімнің кәсіби дамуындағы жаңа бағытты жүзеге асырудың шарттары білім берудің гуманистік
философиясы тұрғысынан қарастырылады.
Аннотация
В статье рассматриваются условия реализации нового направления в профессиональном развитии учителя с
точки зрения гуманистической философии образования.
Abstract
This article considers the conditions of the innovative direction implementation in professional teacher development from
the vision of humanistic philosophy of education.
Баяндама тақырыбының өзектілігі Қазақстанда, жалпы алғанда бүкіл әлемде білім беру
философиясының өзгеруімен, яғни оқыту сапасына бұрынғыдай әдістер мен тәсілдер немесе
192
технологиялық тұрғыдан емес, методологиялық, философиялық тұрғыдан келу тенденциясы ба-
сым болуымен негізделеді. Бүгінде мұғалімнің кәсіби қызметінде оның негізгі миссиясына жат-
пайтын, бірақ шұғыл түрде орындауға тиісті міндеттер басымдық алып, соған сәйкес кәсіби дамуға
қатысты уақыт тұрғысынан қиындықтар тууда. Бұл жағдай да қазіргі кезде ұстаздың кәсіби дамуында
педагогикалық әрекетті құндылықтар негізінде құру мәселесінің маңыздылығын танытады.
Алдымен баяндама мазмұнына тірек болған негізгі ұғымдарға тоқтала кетеміз. Олар: миссия,
құндылықтар, философия.
Миссия — ұйымның негізгі мақсаты – оның өмір сүруінің басты себебі және мәні. Миссия ұғымына
қатысты көзқарас, құндылықтар, білім философиясы, мақсаттар деген ұғымдар қарастырылады.
Табысты өмір сүру мәселелеріне қатысты әлемдік бестселлерлердің авторы Стивен Ковидің
тұжырымдауынша, адамның құндылықтары дегеніміз – ол адамның басты мақсаттары, өзінің мис-
сиясы туралы түсінігі, басты ұстанатын қағидаттары, басқалардың бәрінен артық деп құндайтыны [1,
48-б].
Үлкен энциклопедиялық сөздікте философия – әлемге және адамның әлемдегі орнына қатысты
көзқарастар мен идеялардың жүйесі; адамның әлемге деген танымдық, әлеуметтік-саяси, құндылықты,
этикалық және эстетикалық қатынасын зерттейді деген анықтама берілген [2, 1279-б]. Ал осыған
сәйкес білім берудің философиясы дегеніміз білім беру әрекетіне қатысты әртүрлі көзқарастар мен
түсінік-танымдардың жүйесі. Білім берудің философия туралы ұғымды әлемге алғаш ұсынған
англо-американдық философ Дж. Дьюи. Дьюи философиясының заманауи білім беру қызметі үшін
маңызды қағидасы: мұғалім өз әрекетінің зерттеушісі болуы керек [3,81-б]. Яғни педагогикалық
әрекеттің нәтижелі болуы, кәсіби даму жолында ілгері басуы тек мұғалімнің өз әрекетіне, соның
ішінде оқушы әрекетіне зерттеу, рефлексия жүргізе алуына байланысты. Ұлы ойшыл Абай атамыз
өзінің «Он бесінші қара сөзінде»: «Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәртебе,
болмаса жұмасына бір, ең болмаса айында бір өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі
өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күніңді өзің өкінбестей
қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?» [4, 116-117-
б] Не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды деп отырғаны айдан анық осы өмірдегі адамның мис-
сиясы деген сөз. Бұлардан шығатын қорытынды: өз қызметіңді өзің зерттеу дегеніміз – өзіңе өзің есеп
беріп отыру деген сөз. Ал өзіне өзі есеп беру адамның миссиясы тұрғысынан, біздің жағдайымызда,
яғни педагогикалық қызметте білім берудің, оның басты субъектілерінің бірі мұғалімнің миссиясы
тұрғысынан болуы керек. Миссия құндылықтарды анықтайды. Ал құндылықтар педагогтың одан
ары қарай барлық әрекеттерін анықтайды. Мұғалім өз миссиясын төмендегі сұрақтар төңірегінде
анықтай алады.
«Мен неге мұғалім мамандығын таңдадым? Мұғалім ретінде мен істеймін және ол қандай да
бір өзгерістер әкеле ме? Менің іс-әрекеттерім оқушыларыма қалай әсер етеді, олардың болашақ
өмірлеріне қандай ықпалын тигізеді? Жалпы басқа адамды оқытудың мәні неде?» Ал білім фило-
софиясы «Білім берудің мәні мен мақсаты неде? Мұғалімдер неге және қалай оқытады? Білім жеке
адамға және қоғамға не береді?» деген сұрақтарды зерттейді [5, 8-б]. Осы сұрақтарға қандай жау-
аптар тапқанына байланысты мұғалімнің өзінің миссисиясы мен құндылықтары туралы көзқарасы
қалыптасады.
Педагогикалық әрекеттің мазмұнын «тиімділік пирамидасында» [5, 50-б] қарастыратын болсақ,
ол төмендегідей болып көрінеді. Пирамиданың негізін мұғалімнің миссиясы арқылы анықталған
құндылықтар құрайды. Ары қарай ол өзінің педагогикалық әрекетте маңызды деп белгілеген
құндылықтары негізінде мақсатын анықтайды, мақсатқа сай жоспар жасалады.
1. Әр оқушының қалай ойлайтынын зерттеу
2. Ол үшін зерттеудің әдістерін жоспар үйрену
3. Метатаным туралы ғылыми әдебиеттерді оқу
Оқытудың нәтижелі болуы неге байланысты болатынын түсіну мақсат
Әр оқушының дамуына, қажетті білімді басқалармен бірдей меңгере алуына
қолдау жасау құн дылық
1. ҰБТ дайындау жопарын жасау
2. Қосымша сабақтар өткізу
3. ҰБТ, олимпиада тапсырмаларын дайындау т. б. жоспар
Конкурс, байқаулардан орын алу, ҰБТ, олимпиада нәтижесін көтеру мақсат
193
Сапалы білім беру, білім жетістіктерінің көрсеткіштерін көтеру құндылық
Екі пирамиданы салыстыра қарастырғанда мынадай қорытындыға келеміз: егер мұғалім кәсіби
даму жолындағы өз әрекеттерін жалпы білім берудің гуманистік философиясына негіздесе, ондай
әрекет тиімді және шынайы нәтижеге жеткізеді. Ал мұғалім өз әрекетін нақты бір құндылықтарға
негіздемей, яғни өзінің мұғалім ретіндегі білім беру процесіндегі миссиясы туралы ойланбай, өз
әрекетіне өзі осы тұрғыдан баға бермей, тек шұғыл түрде орындалуға тиісті немесе өз қажеттілігінен
емес, өзгелердің ырқымен орындалуға тиісті шаруалардың соңында жүре берсе, шынайы нәтижеге
қол жеткізе алмасы анық. Педагог кадрлардың біліктілін арттыру жүйесінде мұғалімді өз әрекетін
құндылықтар негізінде құруға бағыттау үшін қандай мүмкіндіктер бар екеніне
тоқталайық. Біріншіден, білім философиясы, мұғалімнің миссиясы мәселелеріне қатысты
сұрақтарды ұстаздармен интерактивті түрде жан-жақты талқылау. Ол біліктілік арттыру курстарының
аясында да, әртүрлі конференция, семинарлар, дөңгелек үстел, педагогикалық оқулар аясында да
жүзеге аса алады. Екіншіден, соңғы жылдары өз әрекетін білім берудің миссиясы негізінде құруға ты-
рысатын, гуманистік философия қағидаттарын ұстанатын, яғни әрбір оқушының дамуына, ашылуы-
на, білімді жақсы меңгеруіне қолдау жасауды ең басты құндылық деп есептейтін, кәсіби өсудің мәні
осыларда деп білетін ұстаздар көбейіп келеді. Бұл туралы бірінші республикалық педагогикалық
оқулардың облыстық кезеңін өткізген кезде көзіміз жетті. Гуманитарлық пәндер секциясының мо-
дераторы ретінде секция жұмысын дөңгелек үстел түрінде ұйымдастырдық. Ой қозғау кезеңінде
педагогикалық оқулардың тақырыбындағы негізгі – кәсіби өсу және білім берудің сапасы ұғымдарына
қатысушылар модераторлардың көмегімен денотаттық граф құрастырды. Бұл жұмыс осы екі
ұғымның басты мәнін анықтауға мүмкіндік берді. Кейін дөңгелек үстел аясындағы пікір алмасулар
мен талқылаулар 3 кезеңде өтті. Және әр кезеңде қатысушыларға төмендегідей бағыттаушы сұрақтар
беріліп отырды.
1. Жаңа технологияларды меңгеру барысында:
–Не жақсы болды
–-Не қиын болды
–Қандай жаңа идеялар туды
–Қандай қайшылықтар кездесті
–Қандай сұрақтарға жауап таба алмай жүрмін
2. Өз пәнімді оқыту барысында қандай аспектіні ең маңызды деп есептеймін. Неге? Мысалдар
келтіріңіз. Пікіріңізді негіздеңіз.
3. Білім беру философиясының мәнін қалай түсінемін? Заманауи мектептің мұғаліміне білім беру
философия туралы білу қаншалықты қажет?
Осы сұрақтар төңірегінде талқылаулар өте қызу жүрді және ұстаздар көптеген құнды иде-
ялар айтты. Мысалы: оқыту үдерісінде талқыланатын мәселеге оқушының қызығушылығының
тууы маңызды; мұғалімнің білім берудің негізгі мәні неде екенін түсінуі оның барлық жұмысының
нәтижесіне әсер етеді; оқытуда шығармашылыққа жол берілуі керек; егер этномәдени құндылықтар
негізінде құрылса, оқыту тиімді болады; ең маңыздысы – оқушының өзін тануы; әдебиет сабақтарында
оқушыны өмірді философиялық тұрғыдан түсінуге ынталандырып отыру керек; үнемі оқушыларды
өзінше ойлануға бағыттап отыру керек; мұғалім оқушы жанын түсінуге апаратын ең қысқа жолды
таба білуі керек.
Мұғалім оқушы жанын түсінуге апаратын ең қысқа жолды таба білуді маңызды десе, әңгіме
баланың «жақыннан даму зонасы» (Л. Выготский) туралы болып отыр. Ең бастысы – оқушының өзін
тануы деген идея оқу әрекетіндегі метатанымдық аспектіге қатысты. «Неғұрлым бала ойлау туралы
жақсы білсе, солғұрлым ойлау тиімді болады» [5,36-б]. Оқушыларды өзінше ойлануға бағыттап оты-
руды маңызды деп есептесе, мұғалім үшін баланы сыни ойлауға үйрету маңызды болғаны.
Мұғалімдеріміздің жаңаша ойлауға икемділік нышандары кері байланыс парақтарында
байқалды. Осы дөңгелек үстелдің өту барысында не маңызды болды деген сұраққа:
–өз идеяларыңды ортаға салуға мүмкіндік берілді;
–педагогикалық қызметтегі қиындықтар мен жаңа мүмкіндіктер туралы пікір алмасу;
–білікті адамдармен қарым-қатынас жасау;
–модераторлардың пікір алмасуды креативті түрде ұйымдастыра алуы, талқылау барысында
әрқайсымыздың үнемі ойланып, ізденіп отыруымызға тура келуі;
–барлық қатысушылардың бастамашыл және белсенді болуы;
–әріптестерімнен естіген идеялар арқылы рухани байыдым;
–білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарттарын түсінуім маңызды болды деген
пікірлердің айтылуы осыған дәлел бола алады.
Біліктілік арттыру курстарының бағдарламасында соңғы жылы енгізілген өзгерістер де мұғалімнің
жаңаша ойлауға машықтануына мүмкіндік береді. Әсіресе курс аясында мұғалімдердің шағын зерттеу
194
жобалар жазуына жетекшілік ету барысында байқағанымыз – зерттеу жобасын жазу мұғалімнің өз
әрекетіне өзіндік талдау жасап, есеп беруіне алып келеді.
Қорытынды: Елімізде білім берудің жаңару жағдайында білім берудің басты субъектілерінің бірі
мұғалімнің кәсіби дамуын нақты құндылықтарға негіздеу жаңа сапаны қамтамасыз етудің маңызды
факторы болып табылады. Сонымен қатар, кәсіби дамудың бұл жаңа бағытын қалыптастыру үшін
қажетті алғышарттар бар.
Әдебиеттер тізімі
1. Стивен Р. Кови. 7 навыков высокоэффективных людей. М.: 2012.
2. Большой энциклопедический словарь. 2001.
3. Философия и методы RWCT в действии / Под редакцией С. Мирсеитовой. А.: 2006.
4. Абай. Қара сөз. Книга слов. Семей.2007.
5. Мирсеитова. С. С. Становление и развитие философии учителя: гуманистическая парадигма. А.:
2008.
6. Стивен Кови. Фокус. М.: 2012.
ДИАЛОГ ТҮРІНДЕ ОҚЫТУ ӘДІСІНІҢ ОҚУШЫНЫҢ БІЛІМ
ДЕҢГЕЙІНІҢ ӨСУІНЕ ЫҚПАЛЫ
Кәкімбаева А. А.
Қ. Байсейітов атындағы орта мектебі
Алматы облысы Қаратал ауданы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Аңдатпа
Мақалада диалог түрінде оқыту әдісінің оқушының білім деңгейінің өсуіне ықпалы баяндалады.
Аннотация
В статье рассматривается методика диалогового обучения, способствующая эффективному развитию образо-
вательного уровня учащихся.
Abstract
This article is an overview of teaching dialogue for effective development of educational level of students is opened up.
Кембридж университеті білім беру факультеті мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес
білім беру ұйымының Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру кур-
стары Бағдарламасының негізгі бағыттары мұғалімнің жұмысын түбегейлі өзгертеді десем артық
айтқандық болмайтын шығар деп ойлаймын. Егер бұл Бағдарлама идеяларын негізге алып, курс ба-
рысында меңгерген әдіс-тәсілдерді қолданып жұмыс істейтін болсақ, оқушылар өздерінің қалай оқу
керектігіне назар аударады, ынтымақтаса отырып оқып-үйренеді. Сондай-ақ мұғалімдер бұрынғыдай
түсіндіруші, дайын ақпаратты жеткізуші ретінде қызмет атқармай, бағыт беруші, ұйымдастырушы
қызметіне көшеді. Оқушы ізденеді, сабақ үстінде бір-бірімен ақпарат алмасады, түсіндіреді.
Мен өзім ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болғандықтан жеті модуль ішінен оқыту мен оқудағы
жаңа әдіс-тәсілдер модуліне, оның ішінде диалог түрінде оқытуға басты назар аудардым. Тіпті іштей
қатты ден қойдым десем де болады. Себебі тіл үйренуде диалогтың маңызы өте зор екені белгілі.
Тілдік қарым-қатынас коммуниканттардың өзара әрекеті болғандықтан онда продукция мен рецеп-
ция өзара тығыз байланыста болады. Ауызша тілдік қарым-қатынас кезінде бұл байланыс бір мезетте
ғана емес, бір бағытта жүзеге асырылады. Мен топтық жұмыстар кезінде диалогтың тек тіл үйренуде
ғана емес, жалпы оқу процесінде өте маңызды екендігіне, ол біздің оқыту үдерісіміздің ажырамас бір
бөлігі болуы керектігіне көз жеткіздім.
Мерсердің зерттеуіне сәйкес, диалог үшке бөлінеді:
1. Әңгіме-дебат
2. Топтық әңгіме
3. Зерттеушілік әңгіме
195
«Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен
Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар,
олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетті» [1, 39-б].
Жаңа технология бойынша өткізген сабақтарымның бірі – 7-сыныпта ағылшын тілі пәні бойынша
өткізілген «Music. Words connecting with music» такқырыбы. Сабақтың негізгі мақсаты: Оқушылардың
музыкаға қатысты білімін кеңейту. Сөздік қорын молайту, тіл ұстарту. Сабақты ұйымдастыру
кезеңінен бастадым. Оқушылармен амандасып, көңіл-күйлерін сұрап, ынтымақтастық атмосфера-
сын қалыптастыру тренингін жүргіздім.
Оқушыларды топқа бөлмес бұрын интербелсенді тақтадан В. А. Моцарттың 40- сонатасын қойып,
үш минут тыңдаттым. Балалар өздерін еркін ұстап, қалаған жерлеріне отырып әуенді тыңдады.
Әуенді тыңдап болған соң оқушылар өздерінің позитивті эмоцияларын қолдарын шапалақтау
арқылы білдірді. Қошемет аяқталғаннан кейін оқушыларды сыни тұрғыда ойландыру үшін «Бұл
әуенді не үшін қойдым?» – деп сұрақ қойдым. «Бұл бүгінгі тақырыпқа байланысты шығар», – деп
жауап берді Екатерина. «Осы әуенді жазған кім?» – деген сұраққа оқушыларым бірден «Моцарт»
деп жауап берді. Біріншіден, бейнебаянда көрсетілген Моцарт бейнесі оқушыларға көмек болды,
екіншіден оқушылардың көпшілігі музыка үйірмесіне қатысады.
Оқушыларды музыкалық аспаптардың суреттері бойынша топтастырдым. Олар: домбыра, пиа-
нино, гитара, сыбызғы. Осы төрт сурет топтамасы бойынша оқушылар төрт топқа бөлініп отырды.
«Бүгін біз топқа қалай бөліндік?» – деп сұрай отырып, сабағымның тақырыбын ашып алдым.
«Миға шабуыл» әдісін қолдана отырып үй тапсырмасын сұрадым. Оқушылар әңгіме-дебат арқылы
үй тапсырмасын қорғап шықты.
Александер (2004) «оқытудағы әңгімелесу – қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес,
керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға
жылжиды» деп тұжырымдайды [1, 40-б].
«Music. Words connecting with music» тақырыбына байланысты Миға шабуыл әдісі бойынша
жұмыс жүргізілді. Интербелсенді тақтадан музыкалық аспаптардың суреті көрсетілді.
«What is it?» деген қарапайым сұрақтан тапсырманы бастадым. 7-сынып оқушылары үшін бұл сұрақ
әрине өте қарапайым. Одан ары қарай сұрақтарды күрделендіре отырып жалғастырдым. Оқушыларға:
«What kind of musical instrument can you play?» (Сіз қандай музыкалық аспапта ойнай аласыз?);
«What can you say about dombyra?» (Домбыра туралы не айта аласыз?);
«If I give you the dombyra, can you play for me?» (Егер де мен сізге домбыра берсем, сіз маған дом-
быра тартып бере аласыз ба?) деген сұрақтар қойылды.
Хаджу:
«This is a dombyra» (Бұл домбыра);
«I can play dombyra and guitar. But I am not good at playing the guitar» (Мен домбыра мен гитарада
ойнай аламын. Бірақ мен гитарада нашар ойнаймын);
«The dombyra is Kazakh national instrument. Kazakh people are using this instrument from ancient
times. I am not a Kazakh girl, but I live in Kazakhstan, that’s why I have learnt how to play the dombyra.
I am attending the dombyra session» (Домбыра – қазақтың ұлттық аспабы. Қазақ халқы домбыраны
ерте заманнан бері қолданып келе жатыр. Мен өзім қазақ болмасам да Қазақстанда тұрған себептен,
домбыра тартып үйрендім. Мен домбыра үйірмесіне қатысамын);
«Yes, I can play the «Saryarka» kui» (Иә, мен «Сарыарқа» күйін тартып бере аламын) деп жауап берді.
Одан кейін тақырыпқа байланысты «мusic» сөзінің мағынасын ашу мақсатында постермен жұмыс
берілді.
Постерді жасаған кезде оқушылар өздері топтасқан музыкалық аспаптарын қолданды. Оқушылар
топтық жұмыста бір-бірінің пікірлерін тыңдай отырып, ойға ой қоса, жұмыла жұмыс істеді. Мерсер
(2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратындығын атап көрсетеді
[1, 29-б]. Алғашқы сабақтарға қарағанда оқушылар топтық жұмысқа үйреніп қалды. Алғашқы
сабақтарда озат оқушылар көшбасшылық танытып, көп жұмысты өз қолдарына алатын, ал қазір
бірлесе, жұмыла жұмыс жүргізуде. Топтық жұмысты қалыптастыру алғашында қиындық туғызды.
Бұрынғы дәстүрлі сабақтағыдай жарысқа түскілері келіп тұратын, қазір біршама түсінгендей. Жұмыс
барысында бір-біріне көмектесіп отыратын дағды қалыптасып келе жатқаны байқалып тұр.
Постермен жұмыс, кері байланыс («Екі жұлдыз, бір тілек») кезеңдерінде оқушылар арасындағы
диалог қатты байқалды. Постер қорғау кезінде оқушылар көптеген қызықты идеялар айтты.
Постер қорғалып біткен соң «Музыкалық аспаптарда кім ойнай алады?» – деп сұрағанымда дом-
быра тартатын, пианинода, гитарада ойнайтын оқушылар бар екенін білдім. Домбыра тартатын
оқушылар Гүлжан, Жанель, Ақерке, Әлібек, Әділет, Айгерім, Армангүл, Түркізат. Ал пианинада
Әшір, гитарада Әлішер ойнайды екен. Бұл оқушылар музыка үйірмесіне қатысады.
«Entertainment» сөзінің музыка, кино, телебағдарламаларда қалай қолданылатындығы туралы
тапсырма берілді.
196
Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар арасында қызу пікірталас болды. Оқушылар
термин сөздерді мағыналарына қарай топтастыра алмай ұзақ дауласты. Басқа топтағы оқушылар
бұл тапсырманы қалай орындағанын білу үшін орталарынан өкіл жіберіп, басқа топтардың жауап-
тарын қарады, салыстырды.
Тапсырма орындалып біткен соң, әр топтан бір-бір оқушы шығып, интербелсенді тақтадағы
слайдта «whiteboard» бағдарламасын қолданып үш жанр бойынша термин сөздерді орналастырды.
Сергіту жаттығуларын жасата отырып, оқушыларды демалтып алдым. Олар біраз күлісіп алды.
Бұл ынтымақтастық атмосферасы үшін де тиімді болды. Одан ары мәтінмен жұмыс жүргізілді.
Топта оқушылар өздері шешім қабылдай отырып жұптасады, бір оқушы мәтінді оқиды, ал екінші
оқушы мазмұнын айтады. Үш мәтінде атақты үш композитордың шағын өмірбаяны мен өнер
жолы жазылған. Олар: Ахмет Жұбанов, Вольфганг Моцарт, Джон Леннон. Әр мәтіннің мазмұны
айтылған кезде интербелсенді тақтадан композиторлардың суреттері көрсетіліп тұрды. Оқушылар
мәтінді оқыған кезде дауысын сәл ғана шығарып жағымды әуен қойып қойдым. «Тақтадағы сурет-
терден кімдерді көріп отырсыңдар?» деген сұраққа байланысты оқушылар өз ойларын айта баста-
ды. Суреттердің барлығы композиторларға байланысты екендігі, бүгінгі тақырыбымызға, музыкаға
қатысты екендігін терең түсінетіндіктерін көрсетті. Ой қозғау сұрақтары қойылғанда да оқушылар
сыни тұрғыда ойлай отырып жауап берді.
Мәтінмен жұмыс үш топ оқушыларына берілген, ал үш адамнан тұратын төртінші шағын топ
эксперт болды. Эксперт мүшелері Ақерке, Диана, Әдемі бір-бірімен сұхбаттаса отырып, мәтіндегі
әңгімеге сұрақтар дайындады. Ол сұрақтарға қалған үш топ мүшелері жауап берді. Кейбір оқушылар
бір сөзбен болса да, жауап беріп жатты. Жауап бермей қалған оқушы болған жоқ. Үлгерімі нашар
оқушыларды сөйлету үшін, үнемі дұрыс сұрақ қоя отырып, жетелеу керек екендігін түсіндім.
Келесі тапсырма осы үш композитор туралы мәліметті қолдана отырып «Венн диаграммасын» жа-
сау. Әр топқа «Музыка» тақырыбына байланысты ағылшын тілінде диалог құру тапсырылды. Алдымен
бұл жұмысты топта талқылап, ортақ диалог жасап шығу керек. Диалог құрастыру барлық оқушыларға
берілген жоқ. Үш топта отырған оқушылардын арасынан екі оқушыға берілді. Диалог барысында бір-
екі оқушының сөздік қорының аздығы, өзіне сенімсіздігі байқалды. Мағынасы бір-біріне үйлеспейтін
диалог та болды. Қызықты диалогтың бірі Екатерина мен Гүлжанның арасында болды.
- What are you listening to?
- I am listening to the radio.
- I know that. Who are they playing?
- Guess.
- I think that’s the Beatles, right?
- That’s right. How did you know that?
- In my country everyone knows who they are. They’re famous.
- Really?
- Of course. My parents saw them at a concert a long time ago.
- Did you know that they’re from England?
- Yes, of course.
- What kind of music do you usually listen to?
- I listen to everything, but my favorite is Pop.
- I see. Who’s your favorite singer?
- Celine Dion.
- I like her too. She’s got a great voice.
Карточкамен жұмыс берілді: 1) музыкаға қатысты берілген сөйлемдерді толықтырып жазу; 2)
тапсырмаларға қатысты эксперттердің қойған сұрақтарына оқулыққа қарамай жауап беру. Эксперт
тобы жауаптарды, оқылған диалогтарды тыңдап, өз қорытындыларын жасап, бағалап отырды.
Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту үшін интербелсенді тақта арқылы дыбыстық жазбаны
шығарып, «Yesterday» өлеңін оқушылармен бірге қайталадық. Оқушылар біраз серігіп алды. Қатты
ұнағаны соншалықты «Қайтадан қойыңызшы» деген өтініш айтты.
Сабақтың аяғында оқушыларға «INSERT» кестесін толтыруды ұсындым. «Insert» кестесін толтыру
барысында, музыка үйірмесіне баратын оқушылар үшін Ахмет Жұбанов, Вольфганг Амадей Моцарт
және Джон Леннон туралы мәліметтер бұрыннан таныс екендігін байқадым. Сынып оқушыларының
музыкадан хабардар болуы менің сабағым үшін өте тиімді болды.
«Insert» кестесін толтырып болған соң оқушыларға үй тапсырмасы берілді.
Әр оқушы өзін әр тапсырмаға байланысты дайындалған критерийлер бойынша бағалады.
Одан кейін топқа берілген бағалау парағы бойынша бірін-бірі бағалады. Оқушылар критерийлер
жазылған бағалау парақтарына балл жүйесінде жазып шығып, оның жиынтығы арқылы ортақ бір
баға шығарды. Оқушылардың бағаларын тыңдап, соңында өзім қорытындыладым. Наразылық
көрсеткен оқушы болған жоқ. Алғашқы сабақтарда бағалау кезінде дау-дамай болатын, ал қазір
197
біршама үйреніп қалғандықтары байқалады. Оқушылардың өздерін-өздері бағалау дегеннің не
екеніне көздері жеткені осы шығар.
Бағалау критерийлерімен жұмыс аяқталған соң оқушылар өз рефлексияларын стикерлерге жа-
зып, «smiley face» атты плакатқа апарып жабыстырды. Стикер арқылы оқушылар өз эмоцияларын
немесе сабақ үстінде айтылмай қалған ойларын, келіспеушіліктерін жазып қойды. Өйткені барлық
оқушы өз ойын ашық айта алмайды. Кейбір жағдайда оқушылар өз ойларын қағаз бетіне жақсы әрі
түсінікті түсіре алады.
Оқушылар өздерін осылай жан-жақты талқылай отырып бағаласа, өздері ізденіп, білімдерін
толықтырып отырса, мұғалім тек бағыт-бағдар беретін көшбасшы болса білім саласы қарқынды да-
митын еді. Сабақта жеті модульді кіріктіру арқылы алға қойған мақсатымызға жететініме сенімдімін.
Бұл жеті модульді ықпалдастыруым сабаққа өзгеріс енгізуді көздейді. Ең алдымен, сабаққа
кіргеннен бастап, топтастыру тәсілдерін қолдану, релаксация көрсету арқылы оқушылардың көңіл-
күйін көтеріп, ынтымақтастық атмосферасын орнаттым. Ал егер бұрынғы дәстүрлі сабақтарыммен
салыстырсам, осы әдіс-тәсілдердің көбісін пайдалансақ та, дәл осы Бағдарлама бойынша қолданған
жоқ екенбіз. Ынтымақтастық атмосферасын сыныпта қалыптастыру өз сабақтарымда енгізілген
өзгерістердің бірі. Оқушыларды топтастыру ең алғашқы сабағымда сәтті болмағанымен, келесі
сабақтарымда оқушылар өз өздерін реттей отырып толық болмаса да, топтастыру сәттері жүйелене
өтті. Топтық жұмыс түрлерін де өзгерістерге енгізуге болады.
Болашақтағы сабақтарымда да жеті модульді қолданамын, саналы оқушыларды тәрбиелеймін
деп ойлаймын. Әр ұстаз өзінің бәрін жеңе алатын, білімін дәлелдей білетін көшбасшы екендігін
есте сақтағаны жөн. Дарынды, талантты, білімді ұрпақ тәрбиелеу үшін күш-жігерімді аямай еңбек
етемін. Білікті ұстаз болу үшін көп еңбек етіп өз білімімізді шыңдай беруіміз қажет. Біз заманауи
тәсілдер мен технологияларды жетік меңгерген жағдайда ғана біліктіміз.
Достарыңызбен бөлісу: |